Биология кафедрасы



бет12/43
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15053
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
Эндосперм. ¥рық қалтасьшың ұрықтанған орталық яд ро­сы тыныштық кезенді өтпей, бөлініп, бірден триплоидты эңдоспермнің бастамасьш береді. Эвдоспермнің дамуы ұрақ калтасында жүреді.

Қор заттарының жиналатын орнына байланысты тұқымның эндоспермді, эндоспермсіз, периспермді, эндоспермді-периспермді деген төрт типі ажыратылады.



Эндоспермді тұқымда қор заттары эндоспермде жиналады. Эндосперм қор жинаушы үлпаньщ ірі клеткаларьнан түрады. Эндоспермде басым жиналатын қоректік зат — қор крахмалы. Өсімдіктердің түріне байланысты қор затта­ры да өр түрлі болып келеді. Мысалы, үпілмәлік, жьианкияк тұқымдарыньщ эндосперміңде корға май және алейрон дәвдері түріңдегі белок, астықтарда корға крахмал және эндоспермнің сыртқы кабатындағы майда клеткалы алейрон кабатынан түратын белок жиналады. Эндоспермді тұқым дара жарнақтылардьщ басым көпшілігінде бар. Мысалы, астық тұкымдастарда, лалагүлділерде, кос жарнақтылардан алқалар, шатыршагүлділер тұкымдасы және т.б. пайда болады.

Эндоспермсіз тұкымда қор заттары ұрыктың тұқым жарнақтарында жиналады. Тұқымның мұндай типі бұршақтарда, күрделігүлділерде, крестгүлділерде және т.б. кездеседі .

Эндоспермді және периспермді тұқымда коректік заттар тұқымның эндоспермі мен периспермінде жиналады. Қоректік заттардьң басым көпшілігі периспермде жиналады да, эндос­перм көлемі жағынан периспермнен едәуір кіші болып келеді. Мысалы, қара бұрыштың тұкымы. Эндоспермсіз қос жарнақты тұқымдармен танысу үшін бөрткен және жаңадан ғана дәні өніп келе жатқан үрмебұршақ тұқымын алуға болады. Эндоспермді қос жарнақты тұқымдарға мысал ретінде үпілмәліктің тұқымын алуға болады.

1 – жұмыс. Дара жарнақтылардың эндоспермді тұқымы. Дара жарнақтылардың басым көпшілігінің тұқымы өзінде қоректік заттардың жиналуына қарай эндоспермді тұқымға жатады.

Сабақта зерттеу үшін бидай дәнін сыртқы қабыршақтарынан тазартып, шынының үстіне қойып, лупа арқылы арқылы қараймыз. Сонда тұқымның сыртын жауып, тұқым қабығымен тығыз кіріккен едәуір жұқа, үлпек, жылтыр қабатты көреміз. Ол – бидайдың жеміс серігі. Өйткені бидайдың дәні бір тұқымды жеміс. Тұқымның анатомиялық құрылысын анықтау үшін бидайдың жібітілген дәнін өткір ұстарамен тіліп, жұқа кесіндіден уақытша препарат дайындап, микроскоптан кіші үлкейтуінде (7х8, 15х8) қараймыз. Бұл үлкейтулерде дән бөлімдері бірден толық қамтылмайды, сондықтан препараттты сырт жағынан (жеміс серігінен) бастап, біртіндеп ішке қарай жылжыту арқылы қараймыз. Лабороториялық сабақтарда уақыттан ұту үшін және қолайлылығын ескеріп, бидай дәнінің ұзынынан кесіндісінің препаратын айдаланған жөн. Жеміс серігі дәнінің ұзына бойы кесіндісінің дайын препараты микроскоп арқылы анық көрінеді. Препаратты микроскоп арқылы қарағанда дәннің тағы екі бөлімі, ұрық және эндосперм жақсы байқалады. Ұрық эндосперммен бір бүйірі арқылы жанасып, онымен салыстырғанда шамалы көлемді ғана алып жатыр. Бұдан қоректік заттардың қоры ұрықта емес, эндоспермде жиналатындығын айқындаймыз.

Ұрық алғашқы меристемадан тұрады, онда: ұрық тамыршасы, оның тамыр оймақшасы, тамыр қынабы – колеориза, ұрық сабақшасы (гипокотиль) және бүршік бөлімдері бар. Бүршік – ұрық жапырақшаларымен жабылған сабақтың бой конусы. Сыртқы ұрық жапырақшасы калеоптиль деп аталады. Ол бүршікті өсу барысында топырақ қабаттарының механикалық әсерінен сақтайды. Түрі өзгерген тұқым жарнағы – қалқанша эндоспермге жанасып орналасады. Редукцияланған екінші тұқым жарнағы – эпибласт қалқаншаға қарама-қарсы, ұрық сабақшасы жағында жатады. Кейбір астық тұқымында эпибласт болмайды.

Препаратты жылжытып, эндоспермді қарайтын болсақ, оның шет жағында бірқатар клеткалардан тұратын алейрон қабаты жатыр. Ол белоктың майда түйіршіктерінен, алейрон дәндерінен тұрады. Бұл қабаттан ішке қарай тұқымның орталық бөлімдерін күрделі крахмал дәндері алып жатыр.

2 – жұмыс. Қос жарнақтылардың эндоспермсіз тұқымы. Қос жарнақтылардың эндоспермсіз тұқымының құрылысын зерттеу үшін тұқамды ұзақ жібітуге болмайды, өйткені бөртіп кеткен тұқымның тұқым қабықшасы сыдырылып, тұқым жарнақтары бөлініп қалуы мүмкін (үрме бұршақ тұқымының алып, зат әйнегіне қоямыз. Қол лупасының көмегімен тұқымның сыртқы құрылысын қарастырамыз. Тұқымның сырты едәуір қалың тұқым қабықшасымен (спермодерма) жабылған. Тұқымның ойыстау келген бауыр жағында ақшыл сопақша тұқымдақты (рубчик) табамыз. Тұқымдақпен бір сызық бойында көлемі инені жасуы тәрізді микропиле (тұқым саңылауы) көрінеді. Микропиле арқылы тұқымға су және ауа енеді. Микропилеге таяу, оның үстіңгі жағында ұрық тамыршасынан пайда болған төмпешік көрінеді. Тұқымнан төменірек тұқым тірсегімен кірігуінен пайда болған сызат өтеді, ол тұқым тігісі деп аталады.

Енді бөрткен тұқымды зат әйнегіне қойып, сапты екі иненің көмегімен тұқым қабығын сындырамыз. Оның ішкі жағында ұрық тамыршасы, ұрық сабақшасы және бүршіктен тұратын пішіні бүйрек тәрізді ірі екі тұқым жарнағы жатады. Тұқымда эндоспермнің жоқ екенін көреміз. Қоректік заттар ұрықтың тұқым жарнақтарында жиналған, оның клеткалары крахмал және алейрон дәндеріне толып тұрады. Қоректік заттардың құрамын тұқым жарнақтарының жұқа кесінділерінен жасалған препаратқа йод ерітіндісімен әсер ету арқылы анықтаймыз, йод әсерінен белок дәндері сары, крахмал дәндері көк түске боялады.

Периспермді тұқымның құрылысын кәдімгі қарамықша, ал эндоспермді – периспермді тұқымның құрылысын бұрыш тұқымы мысалынан қарастыруға болады. Жұмыстың барысы жоғарыда көрсетілгендей.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет