Биология кафедрасы



бет10/43
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15053
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
Бақылау сұрақтары:

1. Ұлпа дегеніміз не?

2. Кез келген клеткалардың жиынтығын ұлпа деуге бола ма? Мысал келтіріңдер. Ұлпа қалай жіктеледі?

3. Түзуші ұлпа немесе меристема дегеніміз не?

4. Меристема клеткаларына тән гистологиялық ерекшеліктерді атаңдар.

5. Меристема пайда болуына қарай және өсімдік мүшелерінде орналасуына қарай қалай жіктеледі? Алғашқы түзуші ұлпа мен олардың атқаратын қызметін айтып беріңдер?




Лабороториялық сабақ №5

Лабороториялық жұмыстың тақырыбы: Механикалық (арқаулық) ұлпалар

Мақсаты: Өсімдіктердің механикалық ұлпаларының құрылысымен және құрамдас бөлімдерінің ерекшеліктерімен танысу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: асқабақ немесе қиярдың сабағы, бегония жапырағының сағағы,алмұрттың жемісі, қалақайдың, зығырдың сабағы, микроскоп, дайын препараттар.

Жұмысты орындау барысы: Механикалық ұлпалар өсімдіктің басқа ұлпалардың арасындағы арматура іспетті. Сондықтан механикалық ұлпаларды арматуралық ұлпалар деп те атайды.

Колленхима - өсімдік мүшелерінің сыртында эпидермасы астарлай орналасатын тірі арматуралық ұлпа. Мұнда клетка қабықшасының қалыңдауы целлюлоза, пектин және гемицеллюлозаның біртіндеп жұқа қабаттар түзуінің есебінен жүреді, лигнин сіңген клетка қабықшасы қатаймайды, жұмсақтық, серпімділік қалпын сақтайды. Осындай ерекшеліктеріне байланысты колленхима өсімдіктердің жас өркендерінің ұзарып өсуі кезінде оған мықтылық қасиет береді, ол өзін түзген ұлпалармен бірге созылуға қабілетті. Коленхиманың созылу қабілетінің төмендеуі оның белгілі учаскедегі (сабақ, сағақ) жасының артуына баланысты. Сабақта соңғы жабындық ұлпа пайда болған кезде колленхима алғашқы қабықпен бірге сылынып түсіп қалады. Алайда колленхима клеткаларының протопластысының белсенділігі, меристемалық қасиеті сақталады. Колленхима өсімдіктерің өстік мүшелерінде тоз камбийнің (феллоген) түзілуіне және жарақаттанған жерде жарақат феллогенінің түзілуіне қатысады. Клетка құрамында хлорофилл дәндерінің болуына байланысты, колленхимада ассимиляция процесі де жүреді.

Склеренхима - өсімдіктер мүшесіне ерекше мықтылық беретін ұлпа. Склеринхима клетка қабықшалары бір қалыпты қалыңдайтын, бір-бірімен тығыз орналасқан ұзын парехималық клеткалардан тұрады. Клеткаларының ұзындығы енінен бірнеше есе ұзын болуы мүмкін. Клеткалар поралары қарапайым, саны аз, мөлшері кіші, қиғаш саңылау тәрізді болады. Склеренхиманың жеке клеткасын қалың қабықшалы немесе қарапайым талшық деп атайды. Қарапайым талшықтар паренхимада жеке талшықты шумақтардан тұратын шоқтар түзіп орналасады. Склеренхима талшықтарының жеке шумақтары техникалық талшық деп аталады. Склеренхима талшықтарының қабықшалары сүректенеді, сирек жағдайда мысалы, зығырда целлюлозалық қалпында қалады. Склеренхима талшықтары мықты әрі серпімді. Жуандығы 1 мм*2 талшық 15-20 кг жүк көтереді, бұл тұрғыдан болат талшығынан екі есе төмен, ал серпімділігі жағынан одан жоғары. Склеренхима пайда болуына қарай алғашқы және соңғы болып бөлінеді. Алғашқы склеренхима алғашқы түзуші ұлпа прокамбий мен перициклден жәнеалғашқы қабық пен түтікше-талшық жиынтығының негізгі ұлпаларынан пайда болады. Соңғы склеренхима соңғы қабық пен соңғы сүректің құрамындағы соңғы түзуші ұлпа камбийден пайда болады. Өсімдіктердің өстік мүшелерінің қабық бөлігінде (флоэмада) орналасқан склеренхима талшықтары тін талшықтары деп аталады. Тін талшықтары сабақтың, тамырдың қабығында, жапырақ тақтасы мен сабағында, гүл табанында, жеміс табанында, кейде жемістерде кездеседі. Тін талшықтарының ұзындығы әр түрлі: зығырда 40-60 мм, кейде 120 мм-ге жетеді), кендірде 2-55 мм, рамиде орташа есеппен 80 мм, кейде 350-420 мм-ге жетеді. Қоректік заттарды өсімдіктердің денесіне тарататын клеткалардың тобын өткізгіш ұлпа деп атайды. Атқаратын қызметіне сәйкес өткізгіш ұлпа клеткалары іші қуыс түтікшелерден тұрады. Бұлар бір-бірімен өзара қосылып, түтікшелер жүйесін түзеді.

Тапсырмалар: 1. Бегония несесе қызылша жапырақтарынан бұрышты колленхиманы зерттеу.

2.Зығыр, кендір өсімдіктерінің сағағының көлденең немесе ұзынабой кесіндісінен жасалған дайын препараттардан склеренхима талшықтарын көру.

3.Алмұрттың жемісінен препарат дайындап, тасты склереидаларды табу.

4.Механикалық ұлпалардың 2-3 клеткасының суреттерін салып, белгілеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет