Биология кафедрасы



бет6/43
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15053
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Лабороториялық сабақ № 2
Лабороториялық жұмыстың тақырыбы: Өсімдік клеткасының пішіні мен құрылысы. Клеткада жүретін плазмолиз, деплазмолиз құбылыстары.



Жұмыстың мақсаты: Пияздың етті қабыршағынан уақытша препарат дайындап, клетка қабықшасы және клетканың жалпы құрылысымен танысу. Сонымен қатар, цитоплазма қозғалысымен қоса плазмолиздің, деплазмолиздің жүруін бақылау, паренхималық және прозенхималық клеткалардың түрлерін танып білу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: пияз, бөлме өсімдіктері, қант, тұздың қанық ерітінділері, су, пипетка, сапты ине, қыскыш, иодты калий ерітіндісі.

Жұмысты орындау барысы:

1. Өсімдік клеткасына қысқаша сипаттама. Өсімдік клеткасы негізгі үш бөлімнен тұрады. Олар: клетка қабықшасы, протопласт (грекше протос – алғашқы, пластос – белгілі пішінге ие) – клетканың тірі бөлігі; вакуоль (латынша ваккус – бос деген сөзден алынған), ол әдетте клетка шырыны деп аталатын сұйық қосылыстармен толып тұратын кеңістік.

Клетка қабықшасы және вакуоль протопластың тіршілік әрекет нәтижесінде, клетка дамуының белгілі кезеңінде түзіледі. Протопласта және клетка шырынында (сирек клетка қабықшасында) белгілі бір пішінге ие болатын басқа заттар кездеседі. Оларды туынды заттар (кристалдар, крахмал дәндері, белок, май тамшылары және басқалар) деп атайды. Протопласт күрделі бөлік, органелла деп аталатын әр түрлі компоненттердің жиынтығынан тұрады. Олардың әрқайсысының бір-бірінен ажыратуға болатын өзіне тән құрылымы, атқаратын қызметі бар. Клетка органеллаларына: ядро, пластидтер, митохондриялар, рибосомалар, эндоплазмалық ретикулум, диктиосомалар, пароксисомалар, лизосомалар жатады. Әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар клеткаларының органеллалары молекулалық құрылымы бойынша бір-біріне ұқсас, ал химиялық құрамы жағынан жақын, сондықтан да олардың атқаратын қызметі де ұқсас болып келеді. Осы тұрғыдан алғанда өсімдіктер мен жануарлардың негізгі тіршілік процестерінің көп ортақ жақтарының бар екендігі байқалады. Сонымен қатар олардың арасында елеулі айырмашылықтар да бар. Өсімдіктер клеткасының өзіне тән ерекшеліктері – оларда плазмодесмалармен жабдықталған клетка қабықшасының пластидтер және орталықта ірі вакуольдерінің болуы.

Жануарлар клеткасының тағы бір айырмашылығы – жоғары сатыдағы өсімдіктер клеткасында клетканың бөлінуіне қатысатын центриольдің болмауы. Өсімдік клеткаларының пішіні мен мөлшері әр түрлі, ол клетканың өсімдік денесінде орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты.

Жалпы пішініне қарай өсімдік клеткалары екі типке бөлінеді:



  1. Паренхималық клетка; 2. Прозенхималық клетка.

Паренхималық (латынша – тең және грекше «энхима» - құйылған) клеткалар қабырғаларының диаметрлері барлық бағыттарда бір-бірінен айырмашылықта болмайтын изодиаметрлі клеткалар. Бұған жапырақ клеткалары, жемістердің клеткалары мысал бола алады. Прозенхималық клетканың ұзындығы енінен бірнеше есе ұзын болады.

Цитоплазма – клетканың күрделі құрылымды кешені. Цитоплазманы клетка қабықшасынан мембрана бөліп жатады, оны плазмолемма деп атайды.

Цитоплазма органеллалары. Рибосомалар диаметрі 20 нм-дей болатын пішіні шар тәрізді денелер. Олар гиалоплазмада немесе эндоплазмалақ ретикулумда бекініп орналасады. Қызметі белокты синтездеу. Эндоплазмалық ретикулум (тор)- сыртынан мембранамен қоршалған, бір-бірімен байланысқан субмикроскопиялық каналдар мен цистерналардан тұратын жүйе. Ол екі түрде кездеседі: гранулярлы және агранулярлы. Гранулярлы ретикулумда түйіршікті рибосомалар орналасады. Клеткада ферменттерді синтездейді, зат алмасуға қатысады, жаңа мембрана және кейбір органеллалардың пайда болуына қатысады. Ал агранулярлы ретикулум эфир майларын, смола, каучукты синтездеуге қатысады.

Гольджи аппараты диктиосомалар мен Гольджи көпіршіктерінен тұрады. Диктиосома 5-7 жалпақ цистернадардың жиынтығы. Оларда полисахаридтер синтезделеді. Митохондриялардың формасы алуан түрлі-дөңгелек, сопақша гантель немесе цилиндр тәрізді, т.б. Сыртынан екі қабат мембранамен жабылған.

Митохондриялар клеткадағы энергетикалық орталық. Онда көмірсулар, майлар, т.б. органикалық заттар ыдырайды және АТФ синтезделеді. Хлоропластарда – фотосинтез процесі жүреді.

Ядроның пішіні мамандандырылған түрлі жасушаларда әртүрлі болады, шар тәрізді, сопақша, бұршақ, таяқша пішінді, сигменттелген, т.б. Әдетте, ядроның пішіні жасуша пішініне сәйкес. Бірақ, ядроның пішіні мен өлшемі метаболизм белсенділігіне байланысты өзгеріліп тұруы мүмкін. Қарастырылған және басқа да ерекшеліктеріне (өлшемі, жасуша көлемінде орналасуы) қарамастан, әртүрлі жасушалар ядроларының ішкі құрылысы ұқсас- олар ядролық қабық, ядрошық, нуклеоплазма және хроматиннен тұрады.

Тапсырмалар:

1. Пияз жуашығының шырынды қабыршақ эпидермасынан уақытша препарат дайындап құрылысын анықтау. Өсімдіктер клеткасының құрылысын зерттеу үшін қолайлы объектінің бірі күнделікті тамаққа пайдаланып жүрген пияз (қатпарлы жуа). Пиязды сыртқы құрғақ қабыршақтарынан тазалаймыз. Шырынды қабыршағының кішірек бөлігін сол қолымыздың саусақтарымен қысып тұрып, оның дөңес жағынан пинцет немесе сапты иненің көмегімен эпидермасын жарақаттамай сыдырып аламыз, сырт жағымен жоғары қаратып, зат әйнегіндегі бір тамшы суға салып, жабық әйнегімен жауып, препарат дайындаймыз. Үлкен обективке ауыстырып қарағанда клетка құрылысы анық көрінеді.

Клетканың бірден көзге түсетін бөлігі – оның сыртын жауып тұрған қабықшасы. Қабықшаның әр жерінде ойыс болып келген жұқа бөлімдер көрінеді, олар поралар. Жеке клеткалардың құрамында пішіні дөңгелек, бір немесе екі ядрошығы бар ірі ядроны, майда түйіршікті цитоплазманы байқауға болады.

2. Клеткалардың суретін салып, жасуша қабықшасын, цитоплазмасын, ядросын және вакуолін көрсетіп белгілеу. Қабықшасының ішкі қабырғасын астарлап және қоршап жатқан цитоплазманың бөлімдері мен вакуоль айкын көрінеді.



3. Бөлме өсімдігінің сабағынан немесе жапырағынан ұзынынан кесіп алып, препарат дайындап жасуша пішіндерін бақылау.

4. Көрген препараттарынан паренхималық және прозенхималық клеткаларды анықтап, суреттерін салу.

5. Бөлме өсімдіктерінің жапырақтарының жұмсақ бөлігінен препарат дайындап, судың
орнына тұздың қанық ерітіндісін тамызып, жасушалардан плазмолиз құбылыстарын бақылау.

6. Жапырақтың жұмсақ бөлігін тұздың қанық ерітіндісінен алып, сумен шайып, суға
салып деплазмолиз құбылысын бақылау. клеткадағы плазмолиз және деплозмолиздің суреттерін салып, талдау жасау.

7.Алынған өсімдіктердің әрқайсысының 1-2 (3-4) клеткасының суретін үлкен етіп салып, клетка қабықшасы, цитоплазма, вакуоль, ядро және ядрошықты белгілеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет