Биология кафедрасы



бет9/43
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15053
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
Бақылау сұрақтары

  1. Пластидтер өсімдіктің қандай мүшелерінде кездеседі?

  2. Пластидтердің қандай түрлері бар?

  3. Хлоропласт, кездесетін орны, қызметі.

  4. Хромопласт, кездесетін орны, хлоропластан айырмашылығы.

  5. Лейкопласт, ол қалай ажыратылады?

6.Пластидтердің маңызы неде?
Лабороториялық сабақ №4

Лабороториялық сабақтың тақырыбы: Түзуші ұлпалар
Мақсаты: Студенттерді түзуші ұлпалардың құрылысымен таныстыру.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:

1. Сужапырақ өсімдігі. 2. Бидай, пияз, бұршақ өсімдіктері және олардың даяр препараттары. 3. Реактивтер: глицерин, хлоралгидридрат. Жавель сұйығы, метилен көгі, Феллинг сұйығы, анилин көгі. 4. Препааттар жасау үшін қажетті лабороториялық құрал-жабдықтар.



Жұмысты орындау барысы: Түзуші ұлпалар өсімдіктердің денесінде өте ұзақ уақыт (кейбір ағаштарда мың жылға дейін) сақталады. Өйткені тамыр мен өркеннің ұшындағы төбе меристемасының ең жоғарғы клеткалары (кейбіреулерінде бір ғана клетка) шексіз рет бөлініп жас клеткалар жасап, қайтадан өзінің бастапқы қалпына келіп меристемалық қасиетін үнемі сақтап отырады. Мұндай клетканың саны біреу болса, оны иницалды (латынның inicialis – бастапқы) клетка, ал бірнешеу болса, апикалды инициалдар деп атайды. Қырықбуындардың өркені мен тамырының ұшында орналасқан инициалдың клетканың саны біреу, пішіні үш бұрышты, оның төбе меристемасының басқа клеткаларынан айқын айырмашылығы бар. Жабық тұқымдылардың өстік мүшелерінің төбе меристемасындағы инициалды клеткалардың саны көп, олар басқаларынан гөрі топтасып орналасумен, клетка цитоплазмасының қоюлығымен ажыратылады. Инициалды клетка немесе апекалды инициалдар шексіз рет бөлініп, меристема клеткаларын жасайды, ал меристема клеткалары шексіз бөлінуге қабелетті емес, олар шамалы рет бөлініп, жас клеткалар түзеді де, біртіндеп түпкілікі ұлпаларға айналып, тамыр мен сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысын қалыптастырады.

Пайда болуына қарай түзуші ұлпалар алғашқы және соңғы меристемалар деп бөлінеді. Алғашқы меристемалар өскіннің және өсімдік мүшелерінің алғашқы өсуін қамтамасыз етеді.

Өсімдіктердің өстік мүшелерінің төбе меристемасы орналасқан ұшы бой конусы немесе өсу нүктесі деп аталады. Өйткені төбе меристемасының қызметі нәтижесінде өстік мүшелер ұзарыңқырайды.

Бүйір (латеральды) меристемалары өстік мүшелердің көлденең кесіндісінде сақина түзіп, бойлық кесіндісінде клеткалардың цилиндр тәрізді қабаттарын түзіп орналасады.

Қыстырмалы (интеркалярлы) меристема өркеннің буынаралықтары мен жапырақтардың базальды бөліктерінде орналасады. Бұл меристема – сабақтың басқа бөліктеріндегі учаскесімен салыстырғанда төбе меристемасының түпкілікті ұлпаларға баяу айналатын қалдығы.

Жарақат меристемасы өсімдік денесінің жарақаттанған жеріндегі түпкілікті ұлпалардың тірі клеткаларынан пайда болады. Мұндай клеткалардың барлық бағытта бөлінуінен шор немесе сүйел деп аталатын дене (латынша – callus – сүйел) пайда болады. Шор клеткаларының меристемалық қасиетінен феллоген түзіліп, одан пайда болған тоз қабаты жарақаттанған жерді жабады.

1 – жұмыс. Өркеннің бой конусы.

Лабороторияда өсімдік сабағының бой конусын зерттеу үшін сужапырақ (элодея) өсімдігін аламыз. Сужапырақ – су өсімдігі. Жыл бойы бөлме жағдайында аквариумдарда өсіріледі. Өсіп тұрған сужапырақ өсімдігі өркенінің бой конусынан уақытша препарат жасалады. Сужапырақ өркенінің ұшынан 5-6 мм-ден асырмай кесіп алып, оны таза зат әйнегінің үстіндегі бір тамшы суға салып, әйнекті микроскоптың үстелшесіне ыңғайлап орнатып, клеммамен қысып қояды. Одан соң сол қолға ине, оң қолға үшкір пинцет алады. Инемен сужапырақтың бір шетінен басып тұрып, екінші жағынан пинцетпен жапырақтарды біртіндеп жұлады. Жапырақтары жұлынған сужапырақтың бой конусын сумен шайып, үстін жабық әйнекте ұстап, микроскоптың әуелі кіші объективімен, сонан кейін үлкен объективімен қарайды. Егер сужапырақ жөнді көрінбесе, оны хлоралгидрат ерітіндісіне немесе щавель суының тамшысына салу керек. Сол кезде күңгірттеніп тұрған бөліктері еріп кетеді. Бұдан соң әлгі реактивті жабық шынының бір шетінен сорғызып алып, оның орнына су жіберіп, қайта қараған кезде жақсы көрінеді.

Жеке клеткалар құрылысымен анығырақ танысу үшін, осы әдіс бойынша метилен көгін пайдалануға болады. Метилен көгінің әсерінен клетканың ішінде қалған бөлімдері аздап боялады да, қабықшалары жарқырп анық көрінеді.

Жасалған препараттан төбе меристемасының бір-біріне тығыз орналасқан ірі ядролары, көлемі изодиаметрлі ұсақ клеткалары көрінеді. Бой конусынан аздап төмендеген жерінде бірнеше төмпешік байқалады. Олар бой конусында жаңадан пайда болған алғашқы жапырақтар.

2 – жұмыс. Тамырдың бой конусы.

Өсімдік тамырларының бой конусын бидай немесе жүгері тамырларынан көруге болады. Ол үшін сабаққа дейін бір жұма бұрын бидайды өндіріп қою керек. Оның әдісі төмендегідей: Бірінің ішіне бірі сиярлықтай екі Петри ыдысын алып, кішкенесінің ішіне дөңгелектеп кесілген 2-3 қабат сорғыш қағаз төсейді де, оған аздап су бүркеді. Дымқыл сорғыш қағаздың үстіне бір-біріне тиістірмей, сыйғанынша бидайдың дәндерін орналастыру керек. Петри ыдысының бірінің үстінен екіншісімен жауып, жылы жерге қояды (термостатқа: батареяның, пештің жанына күн түсетін терезенің алдына) сонда бидай дәндері өніп, тамырлана бастайды. Бидайдың жас тамырынан 1см-ден асырмай, 2-3 дана кесіп алып, одан препарат жасалады.

Көрсетілген реактивтер болмай қалған жағдайда препарат жасалған жас тамырды жабын әйнек үстінен екі саусақ арасына ұстап тұрып азырақ қысса, ол қабысады. Осыдан кейін препаратты микроскоптың кіші объективімен қараған кезде тамырдың бой конусын оймақ сияқты қаптап тұрады (саусақтың ұшына кигізген оймақ тәрізді). Сондықтан оны тамыр оймақшасы деп атайды. Тамыр оймақшасының ескі клеткалары сырт жағынан біртіндеп түлейді де, жас клеткалары оның ішкі жағына орналасқан промеристемалық клеткалардың бірінші ярусынан (калиптрогеннен) өсіп шығып, үздіксіз толысады.

Калиптроген клеткаларынан өсімдік сабағындағы дерматоген клеткалары бөлініп шығады да, бұлардан эпиблема деп аталатын алғашқы жабындық ұлпа пайда болады. Мұның құрылысы сабақтың бой конусындағы эпидерма сияқты.

Эпиблема клеткаларының сыртқы бетінде ұзынды-қысқалы тамыр түктері болады. Бұл пішіндері цилиндр тәрізді, бір клеткадан тұратын эпиблеманың – өскіншесі болып табылады. Тамырлардың осы түк өсіп шыққан жерін сору аймағы дейді.

Промеристамалық клеткалардың екінші ярусы әрі қарай өсе келе периблемаға айналады. Олардан өсімік тамырларының келешектегі алғашқы қабығы шығады. Бой конусының үшінші ярусының клеткалары плеромаға айналады.



Тапсырмалар: 1.Сужапырақ өркенінің бой конусын жас жапырақтардан тазартып (жұлып тастап), одан уақытша препарат дайындау.

2.Осы препараттан бой конусындағы төбе меристемасы қабаттарының (дерматоген, периблема, плерома) орналасу ерекшеліктерін зерттеу.

3. Зерттеу барысында қабаттардағы клеткалардың көлеміне, орналасу ерекшеліктеріне көңіл аудару.

4.Тамыр промеристемасын бидай немесе пияз тамырларының бой конусынан жасалған дайын препараттардан қарау.

5. Сабақ және тамыр бой конустарының суреттерін салып, тиісті белгілерін жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет