Бақылау сұрақтары:
1. Пішініне қарай клеткалар қандай түрлерге бөлінеді?
2.Жасушаның құрылымды бөліктерінің жануарлар жасушасынан айырмашылығы қандай?
3. Цитоплазма қандай қабаттардан тұрады? Қабаттардың атқаратын қызметі қандай және химиялық құрамында қандай заттар болады?
4. Жасушадағы ядроның қызметі және құрылымдық элеметтері.
5. Вакуоль, оның маңызы. Плазмолиз жэне деплазмолиз құбылыстарының кездесу жағдайлары.
Осмос және тургор қысымдары қандай жағдайларда пайда болады?
Лабороториялық сабақ №3
Лабороториялық жұмыстың тақырыбы: Пластидтер
Жұмыстың мақсаты: Пластидтердің түрлері - хлоропласт, хромопласт, лейкопласттардың құрылысымен, ерекшеліктері және маңызымен танысу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Традесканция жапырағы, спирогираның тұрақты препараты (хромотофорлар, хлоропласт, лейкопласт), жас немесе 2-35%-тік формалин ерітіндісінде нықтандырылған итмұрын, қызыл бұрыш, алқызыл долананың піскен жемістері, картоп түйнегі.
Достарыңызбен бөлісу: |