Биотехнология



Pdf көрінісі
бет11/24
Дата27.03.2017
өлшемі17,33 Mb.
#10529
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

120

Биофильтрлер  « 

Биофильтрлерде  ластанған  суды  жасанды  фильтрлейтін  ма- 
териалда  биологиялык  тазарту  жасайды.  Биофильтрлерге  суды 
жіберу  алдында  септиктерде,  торларда,  құмұстағы штарда  жэне 
екі  қабатты тұндырғыштарда механикалық тазарту жүргізу керек. 
Судағы  оттегінің  пайдаланылуы  биологиялық  тазартудан  кейін 
250 мг/л аспау керек.
Кішкене тазарту станциял арында жалпақ немесе тереңдетілген 
биофильтрлерді  пайдаланады.  Жалпақ  биофильтрлердің  поли­
винилхлорид,  полиэтилен,  полистирол  жэне  басқа  қатты  пласт- 
массаларды  саптамалы  блоктары  пайдаланылады.  Олар  6-30°С 
температураға  дейін  төзімді  болады.  Биофильтрлер  домалак, 
тіктөртбұрышты, тағы басқа пішінді болады.
Тамш ылы 
биофильтрлер 
қозғалмайтын 
биопленкалы 
аппараттардың кең қолданылатын түрі. Микроорганизм биомасса- 
сы  саптаманың  беткі  жағында  пленка түрінде  өседі.  Саптаманың 
негізгі  ерекшеліктері  -   микроорганизм  өсуіне  қажет  ауданның 
жэне  ауа  мен  сұйықтың  өтетін  саңылаулардың  үлкендігі.  Үрдіс 
екі  түрлі  жолмен,  яғни  ұсақталған  тасты  саптама  қолданғанда  аз 
күшпен жэне пластмассалы саптаманы зор күшпен жүргізіледі.
¥сақталған тасты биофильтрлер  1,5-2,5 м тереңдікте домалақ 
немесе  тікбұрышты  болады.  Домалақ  биофильтрлердің  диаметрі 
40  м,  ал  тікбұрышты  биофильтрлер  ұзындығы  75  м  х  ені  45  м. 
¥сақталған  тасты  биофильтрлердің  негізгі  жұмыс  істеу  режимі- 
бір рет кана судың фильтрлері арқылы өтіп, тұндырғышқа түседі. 
Биофильтрлер  рециркуляциямен  немесе  ауыспалы  қос  фильтрлеу 
режимінде жұмыс  істейді.  Мұндай типтің үрдістері ластанған су­
да киын шығарылатын ластаушылардың мөлшері көп болғанда (ет 
жэне сүт өндіріс қалдыктары) толық тазалау үшін қолдануға бола­
ды.
Ауыспалы кос фильтрлеу жүйесінде фильтрлеудің екі бағыты 
және  екі  екіншілік тұндырғыш  қолданылады.  Ағындардың тізбе- 
гі  1-2  апта  сайын  өзгереді,  сондыктан  фильтрлердің  жағдайлары 
коректік заттардың мөлшеріне байланысты болады.
Тамшылы биофильтрлердегі түзілетін биопленка экологиялық 
жагынан  белсенді  лайға  қарағанда  күрделірек.  Бактериялар 
төменгі трофикалык деңгейді кұрайды. Ластануды бұзатын түрлері 
көміртегін тотықтыратын микроорганизмдермен бірге реактордың
121

үстіңгі  жағыңда,  ал  нитрифицирлеуші  микроорганизмдер  оттегі 
мен коректік заттарға бэсекелестік аз реактордың төменгі жағында 
орналасады. Қарапайымдылар, коловраткалар және нематодтар бак- 
териялармен  қоректеніп  жэне жоғарғы түрлеріне (насекомдардың 
дернэсілдері) қорек ретінде болады.  Түрлік құрамының дисбалан­
сы аппараттын жұмысында қиындықтар туғызуы мүмкін.
Тез  фильтрлеуге  қолданылатын  пластмассалы  саптаманың 
толык  беті  ұсақталган  тасты  саптамаларға  қарағанда  үлкен.  Био- 
фильтрлерде ластанган  суды  жасанды  фильтрлейтін  материалмен 
биологиялык  тазарту  жасайды.  Биофильтрлерге  суды  жіберу  ал- 
дында септиктерде, торларда,  құмұстагыштарда жэне екі  қабатгы 
тұндыргыштарда  механикалык  тазарту  жүргізу  керек.  Судагы
оттегінің  пайдаланылуы  биологиялык  тазартудан  кейін  250  мг/л 
аспау кажет.
Биологиялы к  фильтр.  Биологиялык  фильтр  -   агын  сулар­
ды  биологиялык  тазалауга  арналган  қоңдыргы.  Бірқатар  био- 
фильтрлер  тазаланатын  массаның  ақырындап  оту  принципінде 
жасалган  немесе  осы  заттарды  минерализациялаушы  белсенді 
микробиологиялық  қабықшамен  қапталган  фильтрлеуші  матери­
ал  аркылы  өткізіледі;  немесе  жасанды  тазалау  организмдерімен 
толтырылған аймақ арқылы өткізіледі.
Биологиялык фильтр — бетінде  биологиялык қабық түзілетін 
жэне сол аркылы агын су фильтрленетін материалмен жабдықталган 
агын  суларды  тазалау  кондыргысы.  Агын  су  мен  ауа  арасындагы 
температура  айырмашылықтары  атмосфералық  ауаның  жүктеме 
фильтр  арқылы  микроорганизмдердің  тіршілігіне  қажетті  от- 
тегі  концентрациясының  үздіксіз  вентиляциясын  қамтамасыз 
етеді.  Биофильтрдің  маңызды  негізгі  бөлімі  — жүктеу  материалы. 
Жүктеу  материалының  түріне  байланысты  барлық  биофильтрлер 
екі  категорияға  бөлінеді:  көлемді  жүктемелі  және  тегіс.  Көлемді 
жүктемелі биологиялық фильтрлерде таулы жерден алынған берік 
шағыл,  ұсақ  жұмыр  тас,  күйінді,  керамзит  қолданылады,  ал  те- 
гіс  жүктемелі  фильтрлерде  -   6-30°С  температурада  беріктігін 
жоғалтпайтын пластмассалар қолданылады.
Биофильтрлердің  өткізгіштік  қасиеті  биоқабықшаның  бетті 
көлемімен  және  биоқабықшаға  оттегінің еркін  өту  мүмкіндігімен 
ерекшеленеді.  Биоқабыкшаның  бетгік  көлемі  неғұрлым  кең  бол-
122

са  жэне  оған  оттепнің  өту  мүмкіндігі  оңай  болса,  соғұрлым 
бйофильтрдің өткізу қабілеттілігі жоғары болады.
Биофильтрлер 
тұрмыстық-техникалык 
жэне 
өндірістік
ағыН  суларды  мен  тазалауда  қолданылады.  Көбінде  биофильтр­
лер  тұрмыстық-шаруашылық  қалдық  сулар  мен  өндірістік  ағын 
суларды  тазалау  үшін  қолданылады.  Мысалы,  канифольды- 
экстракциялық  заводында  1,5  м  биіктіктегі  тамшылы  биофильтр- 
лерде аэрация  процесі  аркылы  ағын сулар тазартылған.  Осы ағын 
сулардың ластану концентрациясы  320-580 мг/дм,  ал тазартылған 
ағын  суларында  25  мг/дм  аспады.  Тамшылы  биофильтрлерде 
тотығу ықпалдығы тэулігіне  1  м3-қа 400-580 г аралығында болды. 
Биофильтрдің  4м  биіктігінде  ағын  сулардың  тазалану  дәрежесі 
250-25  мг/дм  аралығында  ауытқыды,  ал  тогығу  ықпалдығы  1м3
7-9 г аралығында ауытқыды.
Суды  биологиялық  тазалау  негізі  -   белсенді  лай  (БЛ)  не­
месе  эрбір  өндіріс  орнында  ағын  су  құрамына  жэне  тазалау  ре- 
жиміне  байланысты  қалыпты  биоценозда  түзілетін  биоқабықша. 
Белсенді лай көлемі  бірнеше жүз микрометрге жететін қоңырқай- 
қара  түйіршіктерден  тұрады.  Оның  70%  тірі  организмдер  бол­
са,  30%  бейорганикалык  катты  заттар.  Tipi  организмдер  қатты 
тасымалдагышпен  бірге  зооглей  -   ортақ  шырышты  қабықшамен 
қапталган микроорганизм популяциясының симбиозын түзеді.
Белсенді  лайдан  бөлініп  алынган  микроорганизмдер  түрлі 
тұкы мдастарга 
жатады: 
Actynomyces, 
Azotobacter, 
Bacillus, 
Bacterium,  Corynebacterium,  Desulfomonas,  Pseudomonas,  Sarcina 
жэне  т.б.  Көп  таралганы 
Pseudomonas
  туысының  бактерияла­
ры.  Сьфтқы  орта  жагдайына  байланысты,  ягни  агын  су,  агын  су, 
осы  немесе  өзге  бактериялар  тобын  иеленуші  болуы  мүмкін,  ал 
калгандары негізгі топтың серігі болып табылады.
Белсенді лайдың қызметі мен оның құрылуында негізгі рөлді 
карапайымдылар  атқарады.  Қарапайымдылардың  функциялары 
көп  қьфлы,  олар  органикалық  заттарды  қолданбайды,  бірақ  бел- 
сенді лайдагы микроорганизмдердің жастық жэне түрлік құрамын 
белгілі  деңгейде  реттеп  отырады.  Бактериялардың  көп  мөлшерін 
сіңіре отырып, карапайымдылар  шырышты кабықшада концентр- 
ленетін жэне ластаушылардың деструкциясына  қатысатын  бакте- 
риальды экзоферменттердің жиналуына эсер етеді.
123

Белсенді лайда қарапайымдылардың төрт класының өкілдері 
кездеседі: 
саркодиналар  (
Sarcodina
), 
иірімді 
инфузориялар 
(:
Mastigophora
), кірпікшелі инфузория (
Ciliata
), сорғыш инфузория 
(
Suctoria
). 
:
Белсенді лай сапасының көрсеткіші ретінде -  карапайымдылар 
санына  бактериялар  клетка  санының  сәйкестігінің  тұнбалық  ко­
эффициент!  алынады.  Жоғары  сапалы  лайда  1  миллион  бактерия 
клеткасына қарапайымдылардың 10-15 клеткасы сәйкес келу керек. 
Ағын  су құрамының озгеруінде  микроорганизмдердің бір  түрінің 
саны өсуі мүмкін, бірақ басқа дакылдар биоценоз кұрамында кала 
береді. 


'<•.
Белсенді 
лай 
ценозының 
кұрылуына 
мезгілдік 
температураның  өзгеруі,  оттегімен  байытылуы,  минералды 
компоненттердің болуы эсер ете алады.  Осының барлығы лайдың
құрамын  күрделендіреді  жэне  ол  қаита  қалпына  келе  алмаиды. 
Тазарту қондырғыларының жұмыс эффективтілігі, сонымен қатар 
ағын  судағы  микроорганизмдердің  концентрациясына  жэне  бел- 
сенді  лайдың  сақталу  уақытына  байланысты  болады.  Қарапайым 
аэротенктерде белсенді лайдың концентрациясы 2-4 г/л аспайды.
4.3.5. Ағынды суларды тазартудыц аэробты жүйелері.
Аэротенктерде  оттегі  бар  болғанда  спонтанды  микрофлора 
ағындардың органикалық заттарын утилизациялайды да  белсенді 
лай биомассасы жинақталады. СВ-ның кұрамы 50% кемиді.
Қалдықтарды  биологиялық қайта  өңдеу биохимия,  генетика, 
химия, микробиология, есептеу техникасы сияқты пэндер негізін- 
д е жүргізілуі. 
Нв  ■  
.• 

*
Агын суларды тазартудьщ 4 негізгі жолдары:
1.  Біріншілік  қайта  өңдеу  барысында  агын  суларды 
механикалық заттардан (торшалар,  тұндыргыштар,  сүзгіштер) та­
зарту.
2.  Екіншілік 
сатыда 
аэробты 
микроорганизмдердің 
қатысуымен еріген органикалык заттардың ыдырауы жүреді.  Ми- 
кробты  клеткалардан  түзілген  лай  не  жойылып  кетеді,  немесе 
реакторга  қайта  қүйылып  кетеді.  Белсенді  лайды  қолдану  техно- 
логиясында  белсенді  лайдың  бір  бөлігі  аэрациялық  тенкке  кайта 
оралады. 
.  I  ■
 
-
ці
124

3.  Үшініш  сатыда  химиялық  тұндыру  жэне  фосфор  мен 
азоттың бөлінуі басталады.
4.  Белсенді  лайды  қайта  өндеу  үшін  1  жэне  2-ші  сатылар- 
да анаэробтық ыдырау процесі жүреді.  Сонымен қатар, тұнбаның
Дмдк -Т а  
, *'■ v 

' ё
 
■'  1 
ғ 

  ’
көлемі  мен  патогендердің  саны  азаяды  жэне  иістері  жоғалып 
бағалы органикалык жанармай -  метан түзіледі.
Көбіне, практикада тазартудың біріншілік жэне екіншілік та­
зарту  жүйелері  қолданылады.  Агын  суларды  біріншілік  тазарту 
17-суретте көрсетілген.
м х ш о Б ы м к  
й 
..  . 
^
 
т ш л іт п  к й іи г і 
___ ___  
онологнялык  тазалау
17-сурет. 
Ағынды суларды тазалау қондырғыларының
сызба нүскасы

-  сүзгіш; 2 -  біріншілік тұндырғыш; 3 -  аэротенк; 4 -  екіншілік 
тұндыргыштар; 5 -  биологиялык тоғандар; 6 -  жарық; 7 -  реагенттік
өңдеу; 8 —
 метантенк; БЛ —
 белсенді лай;
Тамшылы  биофильтрлерде 
агын  сулар  биофильтрдің 
үстіңгі  жагынан  кұйылады.  Сүзгіш  қабат  кеңістікті  пластмасса- 
дан жасалынған.  Мұндай  сүзгіштер көп аэрацияны  қажет етпейді 
жэне ауаның келіп түсуі еш киындық түсірмейді. Биофильтрлердің 
жүмыс  істеу  процесі  кезінде  биопленканы  жуу  басталады.  Био- 
фильтрден  шығатын  биопленканың  ылғалдылығы  96%  кұрайды. 
Эксплуатация  кезінде  тамшылы  биофильрлердің  жетіспеушілігі 
температураның ауыткуларына алып келеді.
Жоғарғы 
жүктемелі 
биофильтрлер 
(аэрофильтрлер) 
тамшылы  биофильтрлерге  Караганда  0,75-2,25  кг/м3  тең  тотығу 
куаттылығымен  ерекшеленеді.  Жоғары  жүктемелі  биофильтрлер­
де  табиғи  немесе  жасанды  аэрациялар  болады.  Жасанды  аэраци-
25

яны соңғы кездері аэрофильтр деп атайды.  Жоғары жүктемелі би- 
офильтрден алынатын биопленканың 28 г қолдануға болады.  Био- 
пленка ылғалдылығы  96% болу керек.  Жүктеме  материалы  ретін- 
де  антрацит,  қүм,  пемза,  такта  тас  қолданылады  жэне  олардың 
бір  бөлігінің диаметрі  4-8  мм  болып  табылады.  Ағынды  суларды 
өңдеу жоғарғы немесе төменгі бағытта болуы мүмкін.
Жалпақ жүктемелі фильтрлер
Көбіне  биофильтрлердің  өткізгіштік  қабілеттілігіне  қарай 
жалпақ  биофильтрлерді  қолданады.  Биопленка  түзілу  үшін 
материалдың қажетті үстіңгі жұмыс қабаты 60-250 м2/м3 құрайды. 
Жалпақ  биофильтрлерді  көбіне  жабық  лабораторияларда  пайда- 
ланады.  Жоғарғы  жүктемелі  биофильтрлер  үшін  олардьщ  рецир- 
куляциясы  ағынды  суларды  тазалауда  50-70%  жетістікке  жетуі 
маңызды  болып  табылады.  Ңазіргі  кезде  Санкт-Петербургтегі 
архитектура  қүрылыс  университетінің  канализация  кафедрасы 
үсынған  түрақтандьфғыш  биофильтр  —  жалпак  биофильтрлер 
болып  табылады.  Мүндай  ағын  суларды  тазалау  қүрылғыларын 
жасап  шығарудың  негізі  -  сүзгіштегі  оттегі  концентрациясы.  Со­
нымен қатар, биопленка екіншілік түндырғыштағы еріген оттегіні 
қолдана алады.  Биофильтр түрақтандырғыштарының жұмыс істеу 
маңызы  сүйықтық  айналымымен  қатар  сүзгіштегі  биофильтрдің 
агын суларды тазалау мүмкіншілігінде болып отыр.
Тұрақтандырғыш-биофильтр  биологиялық  фильтрден  жэне 
оның астындағы түрақтандырғыштан түрады. Түрақтандырғышта 
түндырғыш  кеңістігі  болады.  Биофильтрдің  жүктемелік  мате­
риалы  перфорирленген  винипластты  пленка  болып  табылады. 
Жүктеменің жалпы үстіңгі қабаты 66 м2/м3 ауданын құрайды.
Өндірістік  жэне  басқа  да  ағын  суларды  тереңірек  тазалау 
үшін  «КРЕАЛ»  заттарын  қолдану арқылы арнайы технологиялық 
сызбанүсқалар  қүрастырылған  (18-сурет).  Бүл  технология  ағын 
суларын  жоғарғы  дәрежеде  биологиялық  тазарту  үшін  төмендегі 
режимдерге сүйенеді: 
\
 

u j  , ' .
4
іШгу
•  аэротенктегі  гидродинамикалық  режимді  өзгерту  арқылы 
ерекше микробтық ценоздарды қүру;
•  «КРЕАЛ»  аэрациялық  қүрылғысы  арқылы  аэротенктің  от­
теки шығару қабілеттілігін жоғарылату;
•  органикалық  заттардың  биототығу  режимінде  «КРЕАЛ» 
фильтрлерін алдын ала тазарту;
126

«т
f  щп
■О ♦
г-*
XUQM Jttft
18-сурет. 
«Соликамскбумпром» ААҚ-на ендірілген
технологиялық сызбанұсқа
1000 мг/л жоғары агын суларын толык тазалау ушін  мынадай 
бірнеше сызбанұсқалар құрылган:
-  «КРЕАЛ» 
фирмасының 
эффективті 
жабдыгымен 
жабдықталган жалпақ жүктемелі биофильтрлер;
-  «КРЕАЛ» фирмасының биотенк-тұндыргышы;
-  Жабық аэрофильтрлер мен сүзгіш тұндыргышы;
Нәтижесінде,  целлюлоза-кағазды  өндірісінде өндірістік  ағын
суларын  биологиялык  тазалау  технологиясын  енгізу  барысын- 
да  органикалық  заттардың  қалдықтары  2  есе,  ал  ауыр  заттардың 
қалдықтары 5 есе азайғаны анықталынды.
4.4 
Су  экожүйелеріл  тазалауда  фототрофты  микроорга­
низмдер пайдалану
Табиғаттағы 
микроорганизмдер 
биоценозының 
құрамы 
экожүйелер  тіршілігі  мен  эволюциясы  үшін  маңызды  болып  та­
былады.  Солардың  бірі  фототрофты  микроорганизмдер,  олар 
биосфераның барлық бөлігінде дерлік таралган.  Фототрофты  ми­
кроорганизмдер  жер  беті,  тұщы  немесе  теңіз  су  организмдерінің 
құрамында дами отырып, олардың өнімділік деңгейін арттырады.
Фототрофты микроорганизмдер жарық энергиясын пайдалана 
отырып, көмір кышқылы мен басқа да қарапайым қосылыстардан 
эртүрлі  органикалык  қосылыстарды  түзеді,  ягни  біздің  жаһанда 
жүретін биологиялык процестерде ерекше орын  алатын  фотосйн-
тезді іске асыра алады.
Фототрофты микроорганизмдер екі үлкен топка бөлінеді.
•  Фототрофты эукариоттар
127

•  Фототрофты прокариоттар
f t ’
  Р
Фототрофты  эукариоттарға  микроскопиялық  жасыл,  қызыл 
диатомды  жэне  эвгленалы  микробалдырлар  жатады  (
Chlorella

Scenedesmus,  Chlamydomonas,  Euglena,  Porphyridum,  Cyanidium 
және басқалар). 
4
Фототрофты  прокариоттарға  жататындар  фотосинтез  си- 
патына,  пигмент  құрамы  мен  басқа  да  қасиеттері  бойынша  ке- 
лесі  топтарға  бөлінеді:  қоңыр  — қошқыл  жэне  жасыл  бактерия­
лар,  цианобактериялар,  галобактериялар,  гелиобактериялар  жэне 
прохлорофиттер  (
Chlorobiaceae,  Spirulina,  Anabaena,  Nostoc, 
Cyanobacterium,  Oscillatoria, Heliobacterium
 жэне т.б.).
Әртүрлі  фототрофты  микроорганизмдер  топтары  тіршілік 
етуіне  карай  биосфера  көлемінде,  әсіресе  суды  ортада  маңызды 
биологиялық үрдістерді атқарады.  Олар фотосинтез процесін бел- 
сенді  ету  мақсатында түпкілікті  зерттеуге  қолайлы  жэне  оны  жа­
санды жүйелерде іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге су 
экожүйелерінің  биомониторинг,  биоремедиация  мэселелерін  ше-
шуде,  биологиялық  белсенді  заттарды  алуда  жэне  т.б.  қолдануда 
кызығушылық тудырады.
Цианобактерияларды  бұрын  көк-жасыл  балдырлар  деп  атап
келді.  Көк-жасыл  балдырлар  клеткалық  құрылымы  бойынша
«Грам  теріс»  бактериялар  тэріздес  келеді  жэне  эволюциялық  да-
муы бойынша жеке тармакты қүрайды, ал цианобактериялар үшін
күрделі  морфологиялык  кұрылым  және  молекулярлы  оттегіні
бөлумен жүретін фотосинтезді іске асыру қабілеттіліктерімен ере-
кшеленеді.  Көк-жасыл  балдырлардың  1500-дей  түрі  сипатталған,
олардың  ішінде  бір  клеткалы  пішінді,  бөлінумен,  бүршіктенумен
көбейетін  клеткалар,  клониалды  және  жіпшелі  түрлері  кездеседі.
Клеткалар пішіндері эртүрлі пішінге ауытқиды. Олардың диаметрі
біреулерінде микрометр бірлігіне, екіншілері ондаған микрометр- 
ге тең болады.
Цианобактериялар  оксигенді  фотосинтезге  қабілетті  бірден 
бір  прокариоттар.  Олар  өсімдікті  табиғатта  «а»  хлорофилінен 
жэне фикобилинді суда ерігіш  пигменттерінен тұрады.  Цианобак­
териялар ішінде азотофиксацияға ягни атмосферада көп мөлшерде 
кездесетін  молекулалы  азотты  сіңіруге  қабілетгі  түрлері  кезде- 
седі.  Эукариоттар  мүндай  кабілеттке  ие  емес.  Азотофиксацияның 
нитрогенезді  ферменттер  кешенінің  белсенділігіне  байланы-
128

сты  болатыны  аныкгалынған.  Цианобактериялардың  эртүрлі 
түрлері  бейімдеушілік  механизмдеріне  ие,  ол  қоршаған  ортаның 
белгілі-бір  жағдайларында  белсенді  дамуымен  анықталады.
клетка бетінде жинақталатын
Бұл
цианобактериян
мүмкіндігін
Эукариотты 
фототрофты 
микроорганизмдер 
альголог 
ғалымдардың  іерттеу  обьектілері  болып  табылатын,  табиғатта 
кең таралған микробалдырлар. Микроскопиялық микробалдырлар 
бактериялармен салыстырғанда ірі пішінді болып келеді.
Біздің  елімізде  қоршаған  ортаиы  қорғау  жэне  экология 
мәселелері  өзекті  болып  отыр.  Мысалы,  көптеген  өндірістік, 
тұрмыстык  жэне  ауылшаруашылық  ағынды  суларды  алдын-ала 
тазартусыз  ашық  су  қоймаларына  ағызылып  жіберіледі.  Кей- 
бір  су  қоймалар  адам  денсаулығы  мен  табиғатқа  қауіп  төндіру
тсені қүрамы органикалық заттардың, токсикалық 
элементгер  мен  ауыр  металдар  иондарының  жоғары  концентра- 
цияларынан  тұрады.  Осыған  байланысты  ластану  деңгейлерін 
анықтау мен эдістерді өндеу мэселелері өзекті.
Микробалдырлардың 
фотосинтетикалық 
аппараттары 
әртүрлі  ластағыш  заттарға  сезімтал  келеді  жэне  олардың  әсеріне 
басқалардан  бұрын  жауап  береді.  Люминесцентті  әдіс  арқылы 
анықталагын  фототрофты  микроорганизмдер  клеткаларының 
пигментті  аппараттарынын  белседілігінің  өзгеруі  фототрофты 
микроорганизмдердің  жалпы  физиологиялық  жагдайы  мен  олар 
тіршілік  ететін  орта  жагдайының  көрсеткіш  кызметін  атқаруы
мүмкін.
физикалық
агынды  сулар  элі  де  болса  су  қоймаларының
тазалау
альгобактериалды
жэне  бактериологиялық  көрсеткіштері  бойынша  «Ішетін  су» 
МемСТ-ка сэйкес келеді.
Балдырларды
тазалану процестерін белсенді ету 
(і.  Бұл  зерттеулерді  орындау  ушін
29

негізінен  хлорококкты  балдырлар  туысы 
Chlorella,  Scenedesmus 
жэне 
Ankistrodesmus
 қолданылды.
Хлорококты балдырларды өндірістікағындысулардадақылдау
тәжірибиелері олардың белсенді тіршілік етуі мен қоршаған ортаға 
бейімделгіштіктерін көрсетті.  Кейбір зерттеушілердің мэліметтері 
бойынша 
Chlorella vulgaris
 жэне 
Scenedesmus obliquus
 дақылдары
мұнай  өнімдерінің  жоғары  концентрацияларында  (40  г/л  дейін)
төзімділік  көрсеткен.  Құрамында  мұнай  өнімдері  бар  ағынды 
суларға аталған  балдырлар  түрлерін  қосу  кезінде  мұнай  өнімдері
14-19%-ға төмендеген. 

'
Әртүрлі  поллютанттармен  ластанган  экожүйелерді  тазалау- 
да  биологиялық  кешендерді  қолданады:  бактериялар-балдырлар. 
Біріншілері  ағынды  сулардағы  органикалық  қосылыстарды  ыды­
ратады,  балдырлар  ағынды  судағы  молекуларлы  оттегі  құрамын 
жоғарлатады,  басқа  да  гидрохимиялық  қасиеттерін  жақсартып, 
ішек бактериялар тобының санын төмендетеді.
Қазіргі  кезде  тазарту  қондырғыларында  микробалдыр- 
ларды  сұйылту  тэжірибиелері  жүргізілуде.  Ол  судың  аэраци- 
ясына  жұмсалатын  энергия  шығынын  төмендетуге  мүмкіндік 
береді.  Қазірдің  өзінде 
Chlorella
  көмегімен  жьш  сайын  тамақ 
өнеркэсіптерінің  500  млн  тонна  ағынды  сулары  тазартылып, 
өндірістік қажеттіліктерге қайта қолданылады.
Балдырлар негізінен фототрофты организмдер, бірақ олардың 
кейбір түрлерін қараңгыда дақылдау кезінде органикалык заттарды
көміртегі  мен  азот көзі  ретінде  қолдануга қабілетті  болып  келеді. 
Балдырлардың гетеротрофты өсуге қабілеттіліктері көптеген автор- 
лармен  көрсетілген.  Солардың ішінде 
Scenedesmus
 және 
Chlorella 
туыстарының  түрлері  кеңінен  зерттелген.  Бұл  балдырлардың  ге­
теротрофты  коректену  қабілеттіліктері  агынды  суларды  тазалау 
кезінде заттардың трансформациясы процестерінде маңызы зор.
Сонымен 
фототрофты 
микроорганизмдерді 
халық 
шаруашылыгында  қолданылуы  кең  өріс  алуда.  Эртүрлі  фотот­
рофты  микроорганизмдерді  зерттеу  жагымсыз  кұбылыстарды  ал- 
дын-ала ескертуге мүмкіндік береді.
Ластанган  суларды  микробалдыр  көмегімен  (альготенк) 
тазалау
Ластанган  сулар
  дегеніміз  антропогендік  факторлардың 
әсерінен  ластану  нэтижесінде  өзінің  физика-химиялық  қасиетін
130
t

өзгерткен тұщы су.  Пайда болу жағдайына байланысты ластанған 
сулар -  шаруашылық, өндірістік жэне атмосфералық-деп бөлінеді.
Шаруашылық  ластанган  сулар
 
тұрғын,  экімшілік  жэне 
коммунальды  үйлерден  шығады.  Бұл сулар су шығаратын жүйеге 
санитарлық құралдардан (раковина, жуғыш т.б.) келеді.
Өндірістік 
ластанган 
сулар
 
эртүрлі 
заттарды, 
өнімдерді,  материалдарды  шығару  нэтижесінде  пайда  бола­
ды.  Бұл  суларға  техникалық  ерітінділердің  калдықтары,  кубтық 
қалдықтар,  техникалық  жэне  шаюға  арналған  сулар,  барометр- 
лік  конденсаторлардың  сулары,  вакуумдық-насос,  мұздатқыш 
жүйелер; шахталық жэне карьерлік сулар жэне т.б. өндірістік сулар 
жатады.
Атмосфералық ластанган сулар
 
жауын-шашын, қар еруінің
нәтижесінде пайда болады.
Ластанган сулардың негізгі қасиетгері:
ластанған сулардың көлемі (л/с, м3/с, м3/сағ, м3/тэул);
ластану  деңгейі  жэне  ластағыш  компоненттердің  түрлері 
(мг/л, г/м3);
ластанған сулардың біркелкі немесе эртүрлі пайда болуы.
Шаруашылық 
ластанган 
суларда 
минералды 
жэне 
органикалық  ластағыштар  болады.  Олар  ерімеген,  еріген  жэне 
коллоидты күйде болады. Ерімеген ластағыштардың анализ кезін- 
де  фильтр  қағазымен  сүзілгендерін 
ілінген  заттар
  деп  атайды. 
Ең  үлкен  санитарлық  мэселелерді  органикалық  заттар  туғызады. 
Шаруашылық  ластанған  суларда  органикалық  ластағыштар 
100-300мг/л  көлемінде  болады.  Органикалық  ластағыштардың 
судағы құрамы 
оттегіне биохимиялъщ қажеттілік
 (ОБҚ) жэне 
от- 
тегіне химиялық цажеттілікпен
 (ОХҚ) есептеледі.  Шаруашылық
ластанған  сулардың  ОБҚ  100-400  мг/л,  ОХҚ  150-600мг/л  болса, 
бұл сулар өте ластанған болып есептеледі. Сақтау жағдайында бұл 
сулар  12-24 сағ ішінде (t=20°C) шіріп кетуі мүмкін.
Өндірістік  ластанған  сулар  концентрациясы  жэне  құрамы 
бойынша 
ерекшеленеді. 
Мысалы, 
қара 
металлургияда: 
бейорганикалық  заттар  -  0,2-5  г/л,  фенол -   0,7-1  г/л,  шайыр  мен 
майлар  -  0,2-1,8  г/л;  целлюлозды-қағаз  зауытгар:  ілмелі  заттар  -
400-2000  мг/л,  ОБҚ  -   100-200  мг/л;  маталар  өндірісінде:  ілмелі 
заттар -  250-400 мг/л, жуғыш заттар-50-120 мг/л, ОБҚ 300-350 мг/л.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет