Бірініш тар ау қазақстанда кенрС Өкіметш орнату баспасөзде жәНЕ


Тақырьппың зерттелу деңгей



бет2/8
Дата26.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37314
1   2   3   4   5   6   7   8
Тақырьппың зерттелу деңгей. Диплом жұмысында қарастырылып отырған мәселелердің кейбірі бүрынғы кеңестік тарихнамада әртүрлі деңгейде зерттелген болатын. Бірақ олардың негізгі концептуалдық мақсаты мен методологиялық принциптері коммунистік партияның саясатын дәріптеу, бүгінгі күн талабына жауап бере алмайды. Бұл жөнінде Алаш ұлт-азаттық қозғалысы мен Алашорда тарихы тек бір жақты буржуазиялық ұлтшылдық қозғалыс ретінде, атап айтқанда кеңес өкіметінің жауы ретінде көрсетілгенін айтсақ та жеткілікті. Дегенмен, кеңестік тарихнама ауқымында жарық көрген бірқатар зерттеулердегі нақты пайымдау мен қорытындылар, олардағы құжаттық материалдар өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Олардың ішінде жалпынама еңбектер мен құжаттық жинақтарды, іргелі зерттеулерді айтуға болады.
Әрине, тарихтағы «ақтаңақтардың» себептерін, қасіреті оқиғаларды ашып айтпағаны үшін олардың авторларын кінәләуға болмайды. Олар өз кезеңіндегі талаптар мен міндеттер шеңберінен шыға алмаса да, кейбір мәселелерде, әсіресе 30-жылдардағы ашаршылық жөнінде, жанамалап болса да шындықты көрсетуге ұмтылыс жасады.
Кеңес өкіметі жылдарындағы Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерін ашып, олар жөнінде зерттеу мәселесін көтеру 80-жылдардың аяғында басталды. Ең алдымен сол кезде көтерілген басты мәселенің бірі 30-жылдардың бас кезіндегі қазақ ауылында болған жаппай ашаршылық қырғыны болатын. Халықтың санасында берік сақталып, нәубет қиыншылығын басынан өткерген адамдардың ортамызда жүргендігінен бұл мөселенің қоғамдық-саяси және әлеуметтік маңызы зор еді. Сондықтан баспасөз бетінде алғаш рет 1988 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Нәубет» мақаласынан кейін зор қоғамдык маңызға ие болған бұл мәселе тарихшылар, ғалымдар тарапынан қолдау тапты /1/.
1989 ж. Қазақстан Ғылым академиясы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бұл мәселеге арнап Бүкілодақтық ғылыми конференция ұйымдастырды. Онда тұңғыш рет Қазақстандағы күштеп коллективтендіру мәселесі мен оның зардаптарына назар аударылып, мұнан кейінгі бағыттарына жол ашты. Сондай-ақ «ақтаңдақтар» қатарында көтерілген тарихымыздың басты проблемаларының бірі кеңес өкіметі тұсында жау ретінде аттары аталмай, еңбектері жабық жатқан зиялы қауым, оның ішінде әдебиетіміздің аса көрнекті өкілдерінің творчествосы мен қызметі еді. Олардың еліміздің ұлт-азатгық күресі мен мәдениетінің тарихына сіңірген еңбегін халқымызға қайтару күн тәртібіндегі маңызды мәселе болды /2/.
Қоғамдық пікір мен әлеуметтік сұраныстың қысымы нәтижесінде сол кездегі Қазақстан компартиясының Орталық Комитеті арнайы комиссия құрып, А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың және басқалардың творчествосын саяси тұрғыда актап, халқына қайтарып берді /3/.
1991 ж. қараша айында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі арнайы комиссия құрып, оған күшпен ұжымдастыру жылдарындағы зорлық-зомбылық пен ашаршылық нәубәтінің зардаптарын тексеруді тапсырды. Бір топ ғалымдардың күшімен арнайы зерттеу жүргізіліп, бұрыннан жабық жатқан, оның ішінде Мемлекеттік кауіпсіздік комитетінің архивінде сақталған құжаттар көтерілді. Осының нәтижесінде 30 жылдардағы ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы саяси репрессиясының кесепаты мен себептері айқындалып, зерттеулерге жол ашылды. Комиссия жұмысының қорытындысы баспасөз бетінде жарияланды.
Сөйтіп 90-жылдардан бері жаңа негізде жазылған бірқатар зерттеулер жарық көріп, қоғамдық ғылымдар саласында тарихымыздың «ақтандақ» беттерін ашуға негіз салды. Бұл кезде ғалымдардың басты назарын аударған проблемалар қатарында 30-жылдардағы ашаршылық трагедиясы, саяси қуғын-сүргін тарихы, республикадағы әлеуметтік демографиялық ахуал, жер аударылған халықтардың тағдыры және басқада тарихтың өзекті мәселелері бар еді /4/. Осы тұрғыдағы зерттеулер әлі де жалғасуда.
Кеңес өкіметі жылдары саяси репрессияға ұшыраған қазақ зиялыларының өмір жолы мен қызметін, олардың әдеби және ғылыми мұрасын халыққа жеткізуге көп жұмыс атқарылды. Ш. Қүдайбердиев, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Шоқай, Қ. Кемеңгеров, Т. Шонанов және басқалардың шығармалары жарық көріп, олардың өмірі мен қызметі жшінде баспасөзде көптеген материалдар жарияланды. Олардың қайта басылып шығуына, зерттелуіне еңбек сіңірген белгілі тарихшылар К. Нұрпейісов, М. Қозыбаев, М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков, филологтар С. Қирабаев, Ә, Қайдаров, Р. Сыздықова, Р. Нүрғалиев, Ж. Елеукенов, Т. Қожакеев, М. Әбсеметов, Б. Дәрімбетов, М. Мырзахметов және басқалардың баспасөз бетінде жарияланған мақалалары қоғамдық-саяси қозғалыс, мәдениет тарихындағы ақгавдактардың ашылуына жол салды.
Сонымен зерттеліп отырған тақырып бойынша бұрынғы Кеңестер Одағының ыдырауы қарсаңынан бастап тәуелсіздік жылдары ішінде жарияланған еңбектер тарихнамалық тұрғыдан жеке зерттеуді қажет ететін өз алдына бір үлкен проблемаға айналды. Әрине, ол жарияланымдардың ішінде ғылыми зерттеулермен қатар публицстикалық мәні мен мазмұны басым материалдар да, бұрынғы қатаң жүйені сынау барысында ұшқары, ғылыми негізге жатпайтын пікір айтылғандары да бар. Ал осылардың бәрін ғылыми сараптаудан өткізіп, тарихнамалық тұрғыда талдайтын зерттеулердің әлі күнге дейін жоқ екенін ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет