Бірініш тар ау қазақстанда кенрС Өкіметш орнату баспасөзде жәНЕ


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ АШАРПІЫЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫНЫҢ БАСПАСӨЗДЕП КӨРІНІСІ



бет6/8
Дата26.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37314
1   2   3   4   5   6   7   8
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ АШАРПІЫЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫНЫҢ БАСПАСӨЗДЕП КӨРІНІСІ
2.1. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру тарихының шындығын жазудағы алғашқы қадамдар
Кеңестік ресми тарихнамада Қазақстандағы ауыл шаруашылығын социалистік жолмен кайта қүрып, ұжымдастыру (коллективтендіру) тарихы социализм орнату жолындағы аса үздік жетістік деп дәріптеліп келгені мәлім, Кеңес мемлекетінің негізін қалаушы В. И. Лениннің өмірден өткеніне 5-6 жыл өтсе де, лениндік кооперативтік жоспар арқылы іске асырылды деп жазылды. Бұл науқан шын мәнінде Ленинге де, оның социализм орнату жоспарына да ешқандай қатысы жоқ болатын. Әрине, пролетариат көсемі социализм орнату, яғни мешеу қалған Ресей сияқты аграрлық елде мыңдаған жеке меншік шаруа кожалықгары ивдустриялық негізде кооперативтерге біріктіру мәселесін қойған болатын. Бірақ ол шаруашылықтарды «кооператорлардың өркениетті қатары» ретінде қалыптастьіруды ұсынған еді. Шынында да жаңа экономикалық саясат (НЭП) жағдайында бұл барынша тиімді әрі нарықтық қатынастарға бейімделген жоспар еді. Бірақ жоспарлы экономика мен мемлекеттік меншікке көшу барысында, сонымен қатар КСРО-ның сол кездегі халықаралық және ішкі жағдайын ескерген И. Сталин қысқа мерзім ішінде секіріс жасал, артга қалған мешеу елді алдыңғы қатарлы индустриалдық державаға айналдыру мақсатын көздеді. Ал мұның өзі елдің сол кездегі орайында шетелден тәуелсіз болуы үшін тиімді жоспар болғанымен, оны іске асыруға қаржы мен ресурстар жоқ еді.
Бұған қарамастан ВКП(б) Орталық Комитеті мен КСРО Халық комиссарлары кеңесі елде ауыл шаруашылығын жаппай ұжындастыруға шешім қабылдады. Қазақстан сиякты көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықта өмір сүріп отырған халықты жаппай отырықшылыққа көшіру осы науқанмен бір мезгілде жүргізілетін болды. Ал елдегі кең көлемде іске асырылып жатқан өнеркәсіп құрылысына қажет қаражатты шаруаларды жаппай тонап, малы мен азық-түлік өнімдерін мемлекетке алу арқылы табу көздеді. Сөйтіп ұсақ шаруа қожалыктарын колхоз-совхоздарға күштеп бірһсгіріп, олардың еңбегін мемлекет тарапынан қанау саясаты басталды. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан дәстүрлі шаруашылығын эволюииялық жолмен емес, күштеп басқа жүйеге енгізу, оны күн көріп отырған малынан айыру барып тұрған сорақылықтарға апарып сокты. Әуел баста 1928 ж. жазда 28 тамыздағы үкімет декреті бойынша байлар мен жартылай феодалдардың мал-мүлкін конфискация арқылы тартып алып, өздерін жер аударудан басталған бұл науқан 1930 ж. бастап орта шаруаға, онан соң кедей шаруаға қолданылды. Ақыры осының арты ашаршылық нәубетіне алып келді.
Ал осы науқан кезінде қырылып жатқан халықтың, республикадан басқа жерге босқаа болып ауа көшкендердің жағдайын ол кезде баспасөз органдары жазған жоқ, жазуға олардың еркі де жоқ еді. Халық аштан қырылып жатқан кезде газет-журнал беттерінде республиканың әр түкпірінен колхоздастыру науқанының жетістіктері жөнінде жіберілген рапорттар үздіксіз жарияланып жатты /45/.
Сөйтіп, 30-жылдардағы ашаршылықтрагедиясы кеңестіктарихнамада 1988 ж. дейін айтылған жоқ. Ол кездегі ресми тарихнамада ол тек ауыл шаруашылығын социалистік жолмен кайта құру кезіндегі асыра сілтеушіліктердің зардаптары, немесе Сталиннің түсіндіруі бойынша «табыстан бас айналу» деп қана түсіндіріліп келді.
Аға ұрпақ, оның ішінде ғалымдар мен зерттеушілер Бұл нәубеттің сырына қанык болса да, ол туралы ауыз ашуға дәрменсіз еді. Үнемі қуғын-сүргін, репрессияға үшыраған интеллигенция өкілдері алмас қылыштан тот басқан бақырға айналды. Енді олар күнделікті күйбең тіршіліктің маңынан шыға алмайтын, ресми идеология шеңберінен ауытқымайтын болды.
Қазір осы тарих «акгаңдақтары» күн өткен сайын анықталып, сол бір ауыр кесапатты жылдардағы халқымыздың аяулы ұлдары мен қыздарының қилы тағдырлары жан-жақты зерттелу үстінде. Елім деп еңіреп өктен абзал азаматтардың өнегелі емір жолдарын халқымызға және кейінгі ұрпаққа паш етуді бүгінгі зиялы қауым өз міндетгеріне алды.
Тек, 80-жылдардың аяғында ғана қоғамтану ғылымы жазықсыз жапа шеккен күрескерлеріміздің мүраларын өмірге қайта келтіре бастады және бұларды шолақ белсенділер не үшін, ненің жоктауы үшін құрбандыққа шалып еді деген сұраққа жауап іздей бастады. Олар ең алдымен ұжымдастыру Қазақстанда қалай өтгі деген мәселеге назар аударды.
Осыған байланысты ашаршылық нәубетінің себептері мен зардаптарын анықгау мәселесіне көңіл бөлді. Бұл жолда мерзімді баспасөз материалдары пікір қалыптастыруда, сол кездегі тарихтың көлеңке жақтарын ашуға, актандақ беттерін жоюға күш салды. Бұл жолда олар шетелдік тарихшылардың жазғандарына да сүйенді.
Шолақ саясатшы Ф. Голощекиннің «Кіші Октябрь» тек малмен күн көріп отырған қазақгың алдымен байларына, онан соң орташаларына, ең соңынан астық екпейтін малшыға астық салығын салып, астық тауып бере алмағавдарының малын тартып алып, өздерін қаңғып кетуге мәжбүр етті. Малынан айырылған қазақгың мұнан кейінгі көрген күнін дүшпанына да бермесін дейтіндей болған. Ағылшын-американдық тарихшы әрі жазушы Р. Конквестің осы кезең туралы жазған «Қасірет орағы. Кеңестік ұжымдандыру және аштық терроры» /46/ атты тарихи-публицистикалық еңбегінде бүрынғы Кеңес өкіметінің әр аймағындағы аштық жайлы айтылып, «Алайда бұл фактілер қаншама қайғылы болғанымен, қазақтардың басына түскен үлан-асыр қасіреттің жанында түкте емес болып қалады» - деп ерекше атаған. Бүгінгі күннің биігінен өткен тарихи кезеңдерге ой жіберсек, қазақ халқының ақыны Ж. Молдағалиев айтқандай шынында да «мың өліп, мың тірілгенін» байқаймыз. Ал 30-жылдардағы аштықтың себебіне келсек, «аңқау елге арамза молда» дегендей, халық жауын қолдан жасап, ақгы да, қараны да бір жіпке байлап, қазақтың кең даласын азалылар еліне айналдырғандар болды. Олар тағы да адамдар арасында мансапқорлық пен шенқұмарлыққа, бір-бірінен өш алуға жол ашты. Сөйтіп, қазақ жерінде «Кіші Октябрь» орнап, адам мен мал қоса қырылып, «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» заманы басталды. Оның басты орындаушыларының бірі 1925 жылдың басында Қырғыз (қазақ) облыстық комитегінен Қазақстан өлкелік партия комитеті ретінде кайта құрылған республика партия ұйымының хатшысы болып келген Ф. Голощекин еді.
Содан ол 1933 жылдың қаңтар айының 21 жұлдызына дейін Қазақстанды сегіз жыл бойы сергелдеңге түсіріп, ақыры қызметтен босатылды. Ол жетекшілік жасаған кезең қазақ халқының өмірінде «ақтабан шұбырындыдан» кейінгі ең қайғылы, ең қасіретті кезең болып тарихқа енді. Өкінішке орай, күні кешеге дейін қай қазақтың болмасын жан-жүрегін сыздатар осы бір шындықтың ақиқатын көрсетуге мүмкіндік болмады.
Голощекин туралы, алғашқы көлемді зерттеу мақаласы «Қазақ әдебиеті» газетінің 1988 жылғы желтоқсан айының 9-шы жүлдызында жарияланды /47/. Авторы — Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі М. Қозыбаев. Голощекиннің саяси портретін ашуға арналған бұл материалда оның ленинизмді бұрмалап, сталинизм жолына түсу бағыты көрсетіледі. Автордың айтуынша: «Біріншіден, Ф. Голощекин «Октябрь қазақ ауылының түсынан кұйындай өтіп кетті. Сондықтан, қазақ даласында «Кіші Октябрь» жасау керек» деген қайшылықты пікірден, сегіз жыл бойы танбады. Екіншіден, қазақ шаруаларының көшпенділігінің - оның бойына сіңген, әдеттегі түрмыстық құбылыс деп, сергелдеңге түскен елдің болмысын теоризілық тұрғыдан дәлелдемек болды. Үшіншіден, көшпелі елді социалистік жолға түсіру кұрбандықсыз болмайды деген теорияны тұжырымдады. Төртіншіден, экстенсивті мал шаруашылыган коғам дамуының жоғары сатысына көтеруде мал басының кемуі объективтік зандылық дегенді шығарды. Бесіншіден, Қазақстанның негізгі ерекшеліктері 1925-30 жылдарда, басқаша айтқанда Ф. Голощекиннің кезінде жойылды. Ол Қазақстанның осы қазіргі жағдайда бүкіл Одақпен терезесі тең деген пікірді қалыптастырды. Ал, бұл «теориялық» база ұжымдандыруды дамуы жағынан жоғарғы аудавдармен қатар деңгейде өткізу үшін керек болды. Алтыншыдан, Ф. Голощекин «өте жоғарғы дәрежеде» әсіресе, ауылды тап тартысының шиеленісуі жартылай феодалдық қисынсыз қорытынды жасады. Сөйтіп, болып жатқан репрессиялық шараларға «теориялық» негіз жасады. Жетіншіден, Голощекин казақ коммунистерінің бір тобын ешбір тәрбиеге көнбейтін, пайдалануға мүмкін емес ұлтшыл уклонистер қатарына жатқызды. Екінші категориясын жағдайға қарай терісін өзгертіп отыратын хамелеонға теңеді, - олардың үшінші тобы, - деді ол — орын алған қатерліктер үшін барлық жауапкершіліктерді бір ғана Голощекинге аударғысы келетіндер. Бұл пікірді Ф. Голощекин Қазақстан өлкелік партия ұйымының басында 8 жыл еңбек етіп, қоштасар сөзінде айтқан еді. Басқаша айтқанда, ол басшылықка бүкіл республикада бірде-бір лайықгы адам - қазақ коммунисі жоқ деген пікірде болып келді»...
«Қызыл империя» түрғысында коллективтендіру жылдары деп аталған бұл тарихи кезеңге деген көз қарас оң болған. Сондықтан бұл тақырып төңірегінде тек бір Қазақстанның өзінде ғана 1982 жылға дейін сегіз докторлық, қырық кандидатгық диссертациялар қорғалып, елуден артық монографиялық және ғылыми-көпшілік бағыттағы еңбектер жарияланған /48/. Республиканың ауыл шаруашылығын ұжымдастыру проблемаларымен, негізінен тарихшылар, философтар, экономистер шұғылданған. Бұл тұрғыда мәселен, Б. А. Амантаевтың, С. Б. Бәйішінтің, Г. Ф. Дахшлейгердің, С. 3. Нарматовтың, С. Л. Ковальскийдің, Б. А. Төлепбаевтың, А. Б. Тұрсынбаевтың және тағы да басқалардың еңбектерін атап өтуге болады /49/.
Бірақ, бұл авторлар өмірлік және ғылыми мәні бар көптеген сауалдарға жауап бере алмады. Олар өз ойларын, қазақхалқының орасан зор шығынын тек тұспалдап айтуға ғана мәжбүр болды. «Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру Лениндік кооперативтік жоспарды жүзеге асырудың жалғасы болып табылды ма? Шаруаларға сор болып тиген жаппай жазалаудың шығыны, көлемі қандай? Бұл сұрактарға ол кезде басқаша жауап іздеуге мүмкін емес еді. Жоғарыда келтірілген зерттеулермен басқада көптеген деректер халықгың ұжымдастыруға, тарихи шындыққа деген көзқарас, сұранымдарын қанағаттандырмай келді. Сондықтан тарихтың осындай ақтавдақ кезевдерінің шындығын көрсетуде 80 жылдардың соңында бүқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе баспасөз қызметі ерекше артты.
Республикалық баспасөз осы кезден бастап Орталық басылымдардың үлгісімен ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды шындық тұрғыда жазудың алғашқы қацамдарын жасады. Ұжымдастырудың теңірегіндегі проблемалар ауқымы өте кең.
Мәселен, лениндік кооперативтік жоспардың бұрмалануы, экономикадағы күйзелістің, ашаршылық, мал басының шығын болуы, ел басқарудағы асыра сілтеушіліктер осының бәрі өзекті такырыпқа айналды. Сөйтіп публицистер, тарихшылар, жазушылар, деомграфтар шындықтың бетін ашуға ден қойды.
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі М. Қозыбаевтың ұжымдастыру барысында жіберілген асыра сілтеушілік туралы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған алғашқы ғылыми-зерттеу еңбегі осы істің басы болды. Авторға методологиялық, ғылыми және факгологиялықжағьшан оқиғаныңмән-мазмүнын ашуға мүмкіндік туған. Мақалада Лениннің кооперативті шаруашылық мәселесі жөніндегі ғылыми мүраларына жан-жақты талдау жасалған. Мұнда Қазақстанда жүргізілген ұжымдастырудың әкімшілік-әміршілік, бюрократтық тәсілмен жүргізілгендігі архивтік деректер негізінде дәлелденген. Мақалада Ә. Жанкелдин, Т. Рысқұлов, А. Розыбақиев, 3. Төреғожин сынды адал қоғам қайраткерлері және Ғ. Мүсірепов ұйымдастырған «Бесеудің хаты» туралы деректер бар. Осындай халық басына түскен ауыртпашылықпен қайғы-қасіреттің ақ-қарасы Ф. Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия комитетін басқарған кезінде қабылданған құжаттар негізінде ажыратылған /50/.
Осыған орай «Социалистік Қазақстан» газеті Ш. Мұртазаның «Сталинге хат» трагедиясына рецензия ретінде К. Бодров, М. Қозыбаев, Қ. Ергөбековтердің «Кезең қасіреті және оның көркемдік толғауы» атты материалын жариялады /51/. Авторлар бұл пьесаны талдау барысында ұжымдастырудағы асыра сілтеушілікке өз көзқарастарын білдіріп, Ф. Голощекин басқарған Қазақстан өлкелік комитетінің қызметіне баға береді.
Бұл материал рецензия түрінде жазылғандықган, мұнда ұжымдастыру проблемасынан көрі пьесаны қойған режиссердің шеберлігі, актердің ойыны, драматургтың стиліне катысты жайлар көбірек қамтылған.
Ал, тарих ғылымының кандидаттары Қ. Атабаев пен Т. Омарбековтер «Лениншіл жас газетінде басылған «Кооперативтендіру сабактары» деген мақаласында кооперативтендіру ісіндегі мұраларға ой жіберіп, ұжымдастыру барысындағы асыра сілтеушіліктің түптамырын ашып көрсетуге тырысқан /52/.
Авторлар ұжымдастыру идеясының ұжымдық шаруашылықтар қүруға ынталы болған адамдардыңмақсат-мүлдесінен бөлініп қалғандығы жайлы корытынды жасайды. Шын мағынасындағы халықтық кооперативтік жоспардың басты принципі - еріктілік ұмытылып, күш көрсету, мәжбүр ету тәсілі қолданылған.
Жергілікті баспасөз орындары қазақ даласында кооперацияның төменгі қарапайым түрлерінің дамуына бекерге көңіл бөлген жоқ. Жергіліюі баспасөз өкілдері ол кооперативтердің ауылдар мен селолар тұрғындарына мәдени және шаруашылық тұрғыдан көмек көрсете алатындарына кәміл көздері жетті. Егер архив материалдарына жүгінсек, аталмыш кооперативтердіңреспубликадағы кино және радио қондырғыш, кітап тарату, мектептерді жабдықгау ісінде үлкен рөл атқдрғандыкгарынан хабардар боламыз. Тек, 1927 жылы ғана өлкедегі ұсақ кооперативтер мәдениет кұрылысына мындаған ақаіа-қаражатын бөліп, республикадағы кино және радио қондырғыштарының 90%-ті сол ұйымдардікі екендігі белгілі болды /53/.
Жалпы алғанда, қазақ өлкесінде 1923 жылы 755 кооператив болса, 1926 жылы олардың саны 1329-ға жеткен /54/. Қазақ зиялыларының кооперацияға қатысына байланысты еңбектер жазыла бастады /55/.
Сол сияқты қарапайым кооперацияның бір түрі - несие беру (кредиттік) кооперативі туралы, Қостанай облысындағы Обаған болысының № 5 ауылында қүрылған «Сарықопа» бірлестігі іс-қызметі «Ауыл» газеті беттерінде насихатталады. Сол газеттің бір нөмірінде «Сарықопа» бірлестігініңшаруалар шаруашылығына заттай және ақшалай көмек көрсеткендігі айтылады /56/.
Жетісу өлкесінде де жаңа экономикалық саясат жүргізу барысында Талдықорған уезінде кооперативтердің жақсы дами бастағандығы туралы жергілікті баспасөз органдары хабарлап түрды. Мәселен, Қоғалы селосында қүрылған несие беру кооперативінің 1925 жылғы 1 қарашада пайдамен шыққандығы, ол осы пайданы 40 балаға арналған ауыл шаруашылық мектебін ашуға жүмсағандықгары жөнінде айтады /57/.
Шаруашылық мәселелеріндегі ақтандақтар жөнінде баспасөз беттерінде алғашқы мақалалар 1988-1990 жылдары жарық көре бастады /58/. Оларда 20-30 жылдардағы шаруашылықтың бұрын айтылмай келген «ақтандақтары» көтеріліп, бүрынғы коммунистік идеология қалыптастырған біржакты баяндаудан бас тартып, шындықты көрсету әрекеті байқалады. Әсіресе байлар мен кулақтарды жою, күштеп ұжымдастыру мөселелері 90 жылдардың басындағы баспасөз беттерінде ерекше орын алады» /59/.
Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі шаруашылық мәселелеріндегі бір акгаңдақмәселе - кооперативтердіңқарапайымтүрлерініңдамуы. Әдетте, кооперация мәселесі сөз болғанда жаппай ұжымдастыру мен тек кооперацияның ең жоғары түрі колхоздастыру айтылады да кооперацияның төменгі формалары жөнінде ештеңе айтылмайды. Шынына келгенде осы кооперацияның қарапайым, төменгі формаларының жеткілікті дәрежеде дамымағандығынан 20-шы жылдардың аяғында жаппай ұжымдастыруға бет алып, кооперацияның жоғарғы түрі - колхозға өтудің дүрыс еместігі дәлелденді емес пе?!
Кезінде, Қазақстанда жана экономикалық саясатка бет алған кезде, жергілікті баспасөзде нарықтық бағытқа байланысты дами бастаған алғашқы кооперативтер туралы көптеген мәліметтер беріліп тұрды. Мысалы, 1924 жылы Әулие-Атада құрылған «Үміт» атты кооперативтің дамуы жөнінде «Ақ жол» газеті бірсыпыра мағлұматгар берді /60/. Бұл кооперацияның халық арасында үгіттелінуіне және қазақтардың оған тартылуына көмегін тигізді.
Қазақстандағы ұжымдастырудың тағы да бір күрделі мәселесіне тарихшылар Б. Төлепбаев пен В. Осиповтың «Казахстанская правда» газетінің үш нөміріне жарияланған «Шындық түрғысынан» атты очеркін қосуға болады /61/. Очеркте Лениннің жаңа экономикалық саясатын бүрмалап ұжымдастыру ісінде көптеген қателіктер жіберген Сталин мен оны жақтаушылардың бір жақты, сыңар езу саясаттарын көрсетеді. Алайда, Бұл материал оқырмандардың республиканың қазіргі аграрлық саясатын толық түсінуге жол ашпайды. Очеркте ұжымдастырудың қателіктері мен асыра сілтеушілік қасиетін қайталамаудың жолын көрсететін аграрлық саясаттың бір-ақ жағы қамтылған. Онда қайта құрумен, демократияландыру, радикальды нарықтық экономикамен байланысты көп нәрсе жоқ.
Өкінішке орай, әлі де болса ұжымдастыру проблемасына тарихшылар тарапынан аз көңіл бөлініп отырғандыш байқалды. Оған мысалды алыстан іздемей-ақ «Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының қоғамдық ғылымдар сериясының жаршысы» басылымының беттерін парақтау арқааы да көз жеткізуге болады. Оның бетінде тек 1989 ж. осы мәселеге арналған А. Құсайыновтың «Қазақстанның көшпелі жөне жартылай көшпелі шаруашылыктарын отырықшылык өмірге көшірудің кейбір мөселелері» деген алғашқы мақаласы жарияланды /62/. Автор қазақ халқының көшпелі өмірден отырықшылыққа ауысуының тарихнамасының өте маңызды екенін жазады. Совда бұл тақырыптың толық зерттелуі жайында сөз етуге әлі ертерек сиякгы. Себебі, осы проблема төщрегінде көптеген ақтаңдақтар, даулы жайлар, қате пікірлер жеткілікті. Зерттеуші бұл еңбегін кезіңде отырықаіылдандыру процесінен гөрі ұжымдастыру ісіне көңіл белінгендіктен Қазақстанда ашаршылык пен мал шыгынына жол берілді деп тұжырымдайды. Шындыгавда да бұл ұжымдастыру проблемаларына Қазақстан өлкелік комитетінің 1929,1930, 1931, 1932, 1933 жылдары қатарынан бірнеше арнайы шешімдер қабылдағаны белгілі. Ал, отырықшыландыру мәселесі болса, алғаш рет өз алдында жеке сұрақ ретінде қазақ өлкелік комитетінің 1934 жылғы Маусым пленумында қаралды.
Енді, шаруаларға жасалған әкімшілік-әміршілік қысым туралы айтқанда, ең алдымен ауыл шаруашылығын жаппай ұйымдастырудың күштеп енгізу тәсілі мен ендіріс процесіне валюнтаристік араласуымен, қол сұғушылықгың зардаптарын ұмытпауымыз керек.
Соның нәтижесінде «1932 жылдың ақпанына қарай Қазақстанда колхозшылар шаруашылықтарының 87 проценті және жекешелердің 51,8 проценті өз малынан мүлде айырылды. 1930-32 жылдарда аштык етек алды. 1930 жылы аштықтан 313 мыңнан астам адам өлді, 1931 жылы мұндай өлім 755 мыңға жетті. 1932 жылы 769 мыңнан астам адам өлді немесе көшіп кетті. Аштық, індет және басқа жоқшылықтар салдарынан толық емес деректер бойынша 1750 мың қазақ немесе ауыл халкының 40 проценті тікелей шығынға ұшырады.
Жаппай жазалау мен аштық халықтың орныққан жерін тастап, жаппай көшіп кетуін туғызды. Тек 1930 жылғы қаңтарда 1931 жылғы маусым аралығындағы уақыт ішінде ғана 280 мыңнан астам қожалық - 1 миллион 70 мындай адам көшіп кетті» /63/.
Осы жағдайға байланысты айтарымыз бұрынғы кеңес үкіметінің көптеген халықтарының күні бүгінге дейін жауабын тосып, зерттелмей жатқан ақтандақтар баршылық. Әсіресе бұл 30-40 жылдары тұрғын халықтарының құрамында күрт өзгерістер болған Қазақстанға қатысты. Жаппай ұжымдастыру кезеңінде, яғни 30 жылдардың басында мал шаруашылығын дұрыс ұйымдастырудың және күштеп отырықшылдандыру негізінде ашаршылықгың соңы казақтардың жаппай қырылуына апарып соққандығы белгілі. Бұл туралы белгілі тарихшы М. Қозыбаев: «Бір миллионнан астам көшпенді республикадан тыс жерге көшіп кетті, оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, ал 414 мыңы кейіннен Қазақстанға оралды.
Республиканың 6,2 миллион тұрғынының 1931-33 жылдары аштыкган 2,1 миллион қырылды, оның ішінде келімсек халықгың шығыны 0,4 млн. адам. Қазақтардың бұрынғы саны 40 жылдай уақыт өткеннен кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді. Геноцид саясатының салдарымен халық осындай қасіретке ұшырады», - деп жазды /64/.
Кезінде Қазақстанда болған осындай індет, зауал жайында әдебиетгер мен оқулыктар, ғылыми зерттеулерде күні кешеге дейін, яғни еліміз егемендік алғанша не жазылды екен? Енді соған назар аударып көрелік.
«...Қателіктерді пайдаланған тап жаулары жергілікті тұрғындар арасында мал басын азайту, яғни сою туралы үгіт жүргізді. Байлар мен оларды қолдаушылар жүргізген малдарды есепсіз сою, айдап әкету, көшіп кету сияқты жайлар республикада мал басының азайып, көптеген малды аудандарда азық-түліктің жетіспеушілік себептерін туғызды. Міне, Қазақстандағы ұжымдастыру жылдарында пайда болған проблемалар төңірегінде «Қазақ ССР тарихында» осылай деп көрсетілген. Ал, миллиондаған адам өмірін алып кеткен, бүкіл қазақ елін жайлап алған ашаршылық болса, тек қана азық-түліктің жетіспеушілік салдарынан болған оқиғалар», — деп тізбеленеді /65/. Бұл кеңестің жүйе кезінде шыңдықты айта алмай тайсактаудың көрінісі екені белгілі.
Осы проблемаға арналған арнайы басылымдардың да қал-күйі онша дараланып түрған жоқ. Олай дейтініміз мәселен, бұрынғы Кеңес үкіметі Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Б. Төлепбаевтың «Орта Азия мен Қазақстандағы соииалистік аграрлық қайта құрулар» атты кітабы Москвадан бертінде 1984 жылы шыққан. Алайда, Бұл еңбекте жаппай ұжымдастырудың қиыншылықгарын көрсететін бірде-бір сан, деректер көрсетілмеген. Автор Қазақстанның көптеген аудандарында қазақгардың көшпелі және жартылай шаруашылықгарын отырықшылыққа көшіру женінде алдьш-ала дайындықжұмыстарыныңжүргізілмегендігін айтады. Сондай-ақ, баспана жетіспеді. Елді қонысқа арналған жерлер көбіне дүрыс тандалмады. Малдардыжайлауғашығаруғарүқсатберілмеді. Өз алдында, оларға арнап жем-шөп те дайындамады. Осының бәрі аздай-ақ мал басы иелерінің еркінсіз қоғамдастырылып отырды. Бірқатар көшпелі аудандардағы шаруалардың арасында түсіндіру жұмыстары сәтсіз жүргізілді деп мойындады. Бірақ одан әрі зертгеуші: «Бұл қателіктер мен асыра сілтеушілікті пайдаланған жау элементтер халықты, малды, аудандардың түрғындарын малды союға үгіттеді. Байлар ұйымдастырған осындай шаралардан соң, республикадағы мал басының саны күрт азайып, азық-түлік жетіспеушілігі байқалды. Көптеген жерлерде байлар мен олардың жақтаушылары мадпарынан айырылған қазақ шаруаларының бір бөлігін Қазақстанның басқа аудандарына тіптен көрші республикалар мен облыстарға да қоныс аударуьша түрткі болды» — деп жазды /66/.
Бұл танымал тарихшының 30-жылдары халқымыздың басына түскен зұлматгы кезінде ресми архив деректерінен, үкімет пен ВКП(б) қаулы-қарарларынан біле түра және өзінің де жеке басы кезеңінің ауыртпалықгарын басынан өткере тұрса да айта алмаған ойы деп білген жөн. Өйткені қалыптасқан ресми тарихнамадан ауытқу ол кезде қауіпті қылмыс екені белгілі. Сондықтан XX ғасыр тарихында актандақтарға байланысты осы проблемалармен бұрыннан айналысып жүрген ғалымдардың алғашк^Ілардың қатарында қалам тартуын жанд жағдайда ғылыми және қоғамдық ой-пікірдің дамуы және эволюциясы деп қарастырған жөн.
Мұның дәлелі ретінде Б. А. Төлепбаев пен В. П. Осиповтың «Казахстанская правда» және «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бірнеше санында жарияланған жоғарыда айтылған көлемді мақаласын атауға болады /67/. Бұл мақалада авторлар тұңғыш рет бұрын жабық жатқан ВКП(б) архивтеріңдегі деректерді пайдалана отырып, 20-30 жж. Қазақстанда жүргізілген шаруаларды отырықшылыққа көшіру, колхоздастыру науқанының қалай іске асырылғанын, зорлық-зомбылықтан және аштық қаупінен халықтың басқа жаққа ауа көшкенін, ашаршылық құрбандарының жалпы мөлшерін жариялады. Сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Партия тарихы институтының қызметкерлері ретінде (Б. А. Төлепбаев ол кезде сол институтгың директоры болатын) олар Москва мен республика орталық партия архивтеріндегі көптеген деректерді жариялауға мүмкіндік алды. Ашаршылық нәубеті жөнінде негізінен нақты деректері жоқ публицистикалық мақалалар ғана жарияланып жатқан бұл кезенде аталған авторлардың мақаласы құжаттық мазмұнмен, шындыққа бет бұруымен оқшау көрінеді. Әйтсе де авторлардың ресми архив құжаттарынан келтірген деректері жұртшылықта, ең алдымен ғылыми қауымды, қанағаттандыра алған жоқ. Себебі олардың ашаршылық құрбандарының жалпы саны жөнінде жариялаған деректері, республикадан тыс жерлерге босқын болып кеткендер туралы құжаттары Қазақставда орын алған әлеуметтік-демографиялық ойсыраудың көлемін толық айқындай алмайтыны байқалды.
Ғалымдардың мұнан кейінгі зертгеулері бойынша сол кездегі ресми мемлекет органдарының есептерінде, жоғары басшы органдарға жолдаған мәліметгеріңде ашаршылық көлемі, ауылды мекендеген зорлық-зомбылық мөлшері жұмсартылып айтылғаны, көп жағдайда жасырылып калғаны белгілі болды. Оның себебі лауазымды адамдардың жауапкершіліктен қорқуы және мансапқорлықгары екені күмән келтірмейді /68/.
Сөйтіп, бұл тарихи кезеңнің зардаптары мен миллиондаған мал басының шығыны мен азық-түлік қорының жетіспеушілігінен және байлардың малды әдейі сойып, айдап әкетулерінен болды деп баяндалады, Бірак, мүнда шаруалардың көрші елдерге бас сауғалап, тамақ іздеп көшіп кеткендері туралы ештеңе айтылмайды. Ал, шын мәнінде қалай болып еді? Анық-қанығына жету үшін мына деректерге назар аударалық: «1926-1939 жылғы санақгар аралығындағы кезевде көшіп барушылар есебінен қазақгар саны; РКФСР-де 2,3 есе, Өзбекстанда - 1,7 есе, Түркіменстанда - 6 есе, Тәжікстанда - 7 есе, Қырғызстанда 10 есе көбейді /69/.
Нақтылап айтсақ мұны сол тарихи кезеңде РКФСР халық комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұловтың Сталинге жазған мына бір хатынан айкын байқауға болады: «Қазақстанмен көршілес өлкелерге көшіп барғандардың жерлерінен шамамен алынған соңғы деректер бойынша қазір: Елдің Орта бойында - 40 мың, Қырғызстанда — 100 мың, Батыс Сібірде - 50 мың, Қаракалпақстаңда - 20 мың, Орта Азияда - 30 мың қазақтар бар, Көшіп кетушілер тіпті Калмыкия, Тәжікстан, Солтүстік және басқалар сиякты алыс жерлерге де барған. Байлар бастаған халықтың бір бөлігі Батыс Қытайға көшіп кеткен... Бұл әдетте жаздыкүні жақын жерлерге және мал бар кезде болатын жай көшу емес, едәуір дәрежеде аш адамдардың тамақ іздеп босуы» /70/.
Қазақстандағы ұжымдастыру мәселесіне орай тағы да бір ғалым зерттеушінің еңбегіне тоқтала кеткен жөн сиякты. Ол Ә. Тұрсынбаевтың осыдан 40 жыл бұрын жарық көрген «Қазақстандағы колхоз күоылысының жеңісі» деген кітабы. Мұны айтып отырған себебіміз автор онда ұжымдастыру саясатында кеткен кемшіліктер хақында 70—80 жылдары жарық көрген зерттеулерге қарағавда бар қацам алға кеткен. Мәселен, тарихшы: «Мал шаруашылығының жаппай құлдырауымен шаруалардың көшіп кету себептерін өлкелік партия комитетінің қайбір басшылары бай-феодал элементтерінің қаскөй әрекеттерінен деп ғана білді. Мұның үстіне олар жартылай феодалдық қатынастан соіщалистік қатынаска өтер шақга мал басының азаюы занды құбылыс деп саналды. Олардың ойынша, Қазақстан секілді артта қалған республиканы «Кіші Октябрь» дауылынсыз социализмге қосу мүмкіндігі жоқ сияқгы болып көрінді. Сол кездегі өлкелік партия комитетінің секретары Ф. И. Голощекин бұл туралы көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындардың отьфықшылыкқа ауысуы шығынсыз іске асуы мүмкін емес деп дәлелдеді», - деп зұлмат жылдарындағы өлкелік партая комитеті басшыларынын теріс іс-әрекеттері сыналды /71/. Сондай-ақ бұл монографияда авторлары көрсетілмесе де атақгы «Бесеудің хаты» туралы мәліметтер де бар.
Бұл былай болған еді. 1932 жылғы шілде айында республика кайраткерлерініңбір тобы: Ғ. Мүсірепов, М. Гатеуллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, К. Қуанышев аштық туралы, апатгың себептері туралы ВКП(б) өлкелік комитетіне Ф. И. Голощекинге ашық хат жазды. Онда «біз 1929 жылдан бастап колхоз козғалысында орын алған бұрмалаушылықпен Лениндік еріктілік принципінің бұзылуына, ауыл ерекшеліктерін ескермеуден, тіітті байлармен қосып, орташаларды жоюдан қалыттгаскан «солақайлық» асыра түскен толық түзете алмадық...
Осының салдарынан «солшыл» уклон Қазақстан партия ұйымында ез ісін одан әрі жалғастырып, оңшыл зардаптарға ұрындырды:
а) орташаларға байлармен бірдей соққы берілді;
ә) сондықтан орташа-кедей топтардың бір бөлігі көптеген реттерде байлар жағына шығып кетгі;
б) байлар малды қырып тастауғатырысты;
в) жалған колхоздарды ұйымдастыру осы кезге дейін жалғастырылды;
г) осының бәрі бірқатар аудандарда аштыққа әкеп соқты» деп зұлматтың себептері көрсетілген.
Міне, осының төңірегінде кезінде ауылда жіберілген қателіктер мен кемшіліктер, асыра сілтеушіліктерді көрсететін әділ хаттың төңірегінде үлкен дау-дамай көтерілген болатын. Бұл хат өлкелік партия комитеті мен оның басшылары тарапынан өздерінің халық алдындағы абыройларын төгу үшін әдейі істелген жымысқы әрекет ретінде қабылданып, арнайы шешімде хат авторларына буржуазиялық ұлтшылдар деген айып тағылды.
Кеңес үкіметі тұсында, әсіресе партияның XIX съезінен соң тарих пен әдебиетке байланысты біраз оң өзгерістер болғандығы байқалады. Мәселен, тарихтың актаңдақ мәселелерінің бәрі туралы да болмаса, қайсыбірі жайында айтып, жазып өткен қателіктерді мойындауға жол ашылды. Міне, жоғарыңа айтқан А. Тұрсынбаевтың 1957 ж. орыс тілінде шыққан «Қазақстандағы колхоз құрылысының жеңісі» деп аталатын шындыққа бір табан жақын еңбегі осындай оң өзгерістердің жемісі еді. Алайда, осы монографияда да саясат салқынының белгілері баршылық. Атап айтсак онда, «аштық» деген сөз «азық-түлік қиыншылығы» деген терминмен алмастырылып, геноцид құрбаны болған адамдардың нақты саны туралы айғақ боларлық мәлімет берілмеген. Жалпы, біздер енді ғана өзіміздіңтарихымыздың көптеген қырлары ұзақжылдары бойы бір жакты деректерге немесе жартылай ғана шындыкқа құрылып келгендігінің куәсі болып отырмыз.
Сондықтан да болар республикамыздың бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде баспасөз соңғы жылдары ұжымдастыру проблемаларына, әсіресе 1932 жылы өзінің ең биік шыңына жеткен, қоғамның да, адамның да ешқандай жазықтары жоқ, миллиондаған ашаршылық құрбандары туралы мәселелерге ден қойып, көңіл аудара бастады. Бүгін арада көптеген онжылдықтар өткен соң, ол кезендердің накты шығындарын есептеп шығу мүмкін емес. Оның үстіне бірде-бір аохивте, түрлі фондтарда бір жүйеге түсірілген деректер де жоктың қасы.
Алайда, біздің публицистеріміз, тарихшыларымыз, демографтарымыз қандай да болсын қажетті деректерді там-тұмдап болса да жинауда қажырлы еңбек етіп жүр. Бұл жердегі басты міндет біреулерді қаралау, кінәлау емес, керісінше тарихи шындықгың бетін ашу. Сөйтіп, болашақ ұрпаққа сабақ ашу ретінде көлденең тарту болып табылады.
Сондықтан Қазақстандағы баспасөз бетіңде еліміздің тарихында құпия болып келген осы бір зұлмат кезеңі жөнінде әртүрлі естеліктер, зерттеу мақалалары, публицистикалық толғаулар кеңінен жариялана бастады.
Қазір де біздердің арамызда сол сүрапыл жылдардың тірі куәлары болған адамдар көптеп кездеседі. Олардың естеліктері өткенді танып-білудің құнды айғағы екендігі рас. Әрине, мемуарларды деректері жаганан сенімсіз, айғакталмаған субъективтілікке көп бой ұратын шығарма деп айыптауға, сынауға болады. Бірақ, «көрген көзде жазық жоқ» демекші, болған окиғаны болмады деу де орынсыз болар еді.
Мәселен, осыған орай «Қазақәдебиеті» газеті жазушы Ө. Қанахиннің «Көрген көзде жазық жоқ» атты естелігін жариялады /72/. Овда жазушы: «Қазір мен 65-мін. Ашаршылық жылдары 9 жаста болатынмыьГ. Мен 1931, 1932,1933 жылдары өзім куәсі болған оқиғаларды айтпай тұра алмаймын»,
— деп жазады. 9 жасар жетім баланың көз алдында адамдар, көп адамдар
өліп жатады. Балалар үйінде, ол тәрбиеленген жерде 57 баланың екеуі-ақ
тірі қалған. Ал жазушының от басындағы 12 адамнан ашаршылық
қүрығынан жалғыз оның бір өзі-ақ аман қалған.
Қазақстанның қарт жазушысы 3. Ақышев аштық туралы өзінің «Білсін мүны ұрпақтар» деген естелігін жазды. Онда автор; «Бұл зауалға тек қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф. И. Голощекин ғана кінәлі емес. Ол кезде онымен қатар 1925-1929 жылдары екінші хатшы болып 0. Исаев, 1930—1933 жылдары И. Құрамысовтар қызмет істеген»,
— дей келіп, 1935 жылдың мамыр айында Қазақстан мәдени-ағарту
мекемелеоі кызметкешерінің съезінде сөз сөйлеген О. Исаев: «Өткен жылдардың қиыншылықгарын әркім әртүрлі түсінеді (1930-1932 жылдар). Оған кім кінәлі? Қазақ халқалның өздері кінәлі. Қазақтар еңбек ете алмайды. Сондыктан да қиындықгарға кезігіп, социалистік құрылыстың қарқынына ере алмай калды» деп соқты. Сонда шынымен, мындаған жылдар бойы көзі еңбекпен ашылған қазақтар айналдырған екі жылдың ішінде жатып ішер, арамтамаққа айналғаны ма? деп ашына еске алады өткен күндерді қарт жазушы.
1932 жылдың аштығыныңқұрбавдары туралы жазушы Б. Нұржекеев «Көшпенді шаруалар кайдан шықты?» деген материал жазды /73/. «Отырықшыландыру жөніндегі республикалық комитеттің деректері бойынша 1933 жылы Қазақстандағы мал басы 1929 жылмен салыстырғанда 16 есе кеміп кеткен. Егер, 1929 жылы мал басыныңсаны 39 294 мың болса, ал 1933 жылы небәрі 2.428.2 болған. Бір сөзбен айтқанда 3—4 жылдың ішінде Қазақстан 27 млн. бас малдан айырылған. Мәселен, 1929 жылы бір отбасына 39 бас малдан келсе, 1933 жылы бұл сан 3,9-ға кеміген» /74/. Бұл деректерді автор архивтен алып нақгылаған. Өкінішке орай, адам шығыны жайындағы автордың жазғавдарында жоғарыдағылдй дәлелдік жоқ. Б. Нұржекеев 1932-1934 жылдары қазақ тұрғындарының саны 3,5 тіпті 4 миллион адамға дейін кеміп кетті дегенді айтады. Бүйтіп саңдарды көбейте беруге де болмайтын сияқгы. Алайда, қандай да бір жағдайда болмасын аштыктан өлген адамдардың саны аз болмаған ғой.
Әрине, 1931—1932 жылдардың ашаршылығын зерттеп жазуда жазушы, журналист, публицистердің үлкен іс тындырып отырғандығы ақиқат. Оның үстіне бұл проблема бойынша арнайы ғылыми әдебиетгер де, архив деректері де ол кезде жоқтың қасы еді. Сондықтан да өкінішке орай олардың таңдаулары да әрқашан объективті болып келе бермейді. Бұл тұрғыда публицистердің қызметі қоғамдық пікірлер қалыптастыруда айтарлықтай жемісті болды. Олай болатыны занды да. Себебі, ұзақ уақыт бойы ол мәселелерді жазуға толық тыйым салынып келді емес пе? Осы орайда тағы да бір еске сала кететін жай жоғарыда айтқанымыздай нәубет жылдарындағы адам шығыны туралы деректердің әрқилылығы. Әсіресе, Бұл оқиғадан хабары шамалы, маман емес өз беттерінше зерттеушілердің материалдарында шын мәніндегі адам шығындары 2-3 есе көбейтіліп немесе керісінше тым азайтылып беріледі. Мұндай субъективті баға берушілікте, әрине накты адам шығыны туралы тура есептер мен ғылыми тұжырымдардың болмайтындығы бесенеден белгілі.
Міне, республикалық баспасөз осындай материалдармен қатар демограф, тарихшы сияқты нақгы мамандық иелері зертгеушілерінің де еңбектерін оқырман назарына ұсынған. Енді сол материалдардың кейбіреуіне қысқаша болса да көңіл аударып көрелік.
Алдымен республика халқына танымал демограф М. Тәтімовтың «Демографиялық деректерге сүйенсек» атты мақаласы төңірігінде бір-екі сөз /75/. Онда автор демографиялык ғылымның тәсілдері мен методологиясын пайдалана отырып нақты цифрлар келтіреді. 1932 жылдың кұрбандарының накты санын анықтау үшін, демограф 1926 жылғы Бүкілодактық бірінші халық санағының деректерін талдап, оған салыстырмалы талдау ретінде 1939 жылғы Бүкілодақтық екінші халық санағының деректерін алған. 1926 жылдың санағының қорытындылары бойынша (Қарақалпақ Автономиялық облысын қоспағанда) қазақтардың саны 3 млн. 628 мың болған. Ал екінші халық санағының қорытындысы бойынша, 12 жыл өткен соң, Қазақ ССР-інің территориясындағы олардың саны 2 млн 307 мың болған. Ресми деректерден байқалып отырғандай екі санақтың арасындағы айырмашылық 1 млн 321 мың адам, немесе соңғы санақтың көрсеткіштері бойынша қазақтардың саны 36,7 процентке кеміген. Алайда, осы айырмашылықтың өзін толық қанды деп есептеуге болмавды. Себебі, мүнда алғашк^І халық санағы кезіндегі түрлі себептермен есепке алынбай қалған тұрғындарының санына байланысты жасалған ғылыми талдау мен статистикалық есеп жоқ. Сондай-ақ екі санақ аралығындағы халықтың табиғи өсіміне де демографиялық баға берілмеген.
1931—1933 жылдар аралығындағы аштық пен эпидемияның құрбаны болған қазақтардың санын азайтып көрсету фактісі кеңінен белгілі болғанымен, күні бүгінге дейін осыған карама-қарсы асыра сілтеу мен ұжымдастыру кезіндегі басқа ұлттардың азаю мәселесі зерттелмей қалып қойып отырғандығы да ақиқат. Міне, демограф өз еңбегінде қазақгар санының кемуімен қатар Қазақсганда тұрған украиндықтардың (859,4 мынңан 658,1 мыңға дейін), өзбектердің (228,2 мыңнан 103,6 мыңға дейін), ұйғырлардың (62,3 мыңнан 36,6 мыңға дейін) да азайғандышн сөз етеді. Сондай-ақ автор аштыктан қырылған адамдардың көпшілігі 9 жасқа дейінгі балалар болғандығын (60 проценті) хабарлайды. Ең көп шығынға ұшыраған емшектегі сәбилер болды (72 процент).
М. Тәтімовтың 1932 жылы қазақтардың саны 2 млн 22 мың адамға кеміді деген деректері кейіннен кейбір өзгертулерге ұшырады. Мәселен, осы демограф өзінің «Демографиялық процестердегі әлеуметтік шарттылықтар» атты кітабында: «Аштық пен эпидемияға ұшыраған жергілікті қазақ тұрғындарының саны шамамен 2 млн. адам немесе республика халқының жалпы санының 49 процентін құрады» деп жазды /76/.
1919 жылы тарихшы этнограф М. Тынышбаев қазақтардың саны 5 миллион 360 мың адам болды деп жазса, демограф ғалым М. Тәтімов 1992 жылдың басында әлем бойынша қазақтардың саны 10 миллион 395 мыңға жетті дейді. Бұдан шығатын қорытынды «Қызыл империя» тұсында біздің халық бар жоғы 5-ак миллионға көбейіпті. Ал, белгілі жазушы С. Елубаев, егер 1932 жылғы аштық болмаса, қазақ халқы табиғи өсіммен бүгінде он емес 30 миллионнан асып жығылар еді деп жүр /77/.
М. Тәтімов мұнан кейінгі жарияланған еңбектері мен мақалаларында қазақ халқының ұжымдастыру жылдарындағы шығынын 2,5-5 миллионға дейін апарды. Әрине, бұл нәубет құрбанының саны неғұрлым көп болса оны айтуға, әлемге жар салуғатиімді деген ойдан шыққаны белгілі. Бірақ бейбіт үакытта 10—100 адам аштан өлсе де трагедия екені ақиқат. Белгілі ғалым өз еңбектерінде өкінішке орай, архив құжаттарына сүйенбейді. Егер архив деректеріне өзінің демографиялық коэффициенті бойынша түзету енгізіп басқаша есептесе, нәубет құрбаңдарының шығынын дәлірек айтуға болар еді. Дегенмен автор кейінгі еңбектерінде қазіргі белгіленген мөлшерді ұстанатыны байқалады.
Қазақстанда болған 1925-1933 жылдар аралығындағы канды геноцидтің төркіні тым әріде жатыр. Мысалы, патшалық Ресейдің кезінде Марков деген бір депутаты екінші Думада: - «Қырғыз-қайсактар Шыңғысханның тікелей ұрпақтары. Сондыктан Шыңғыс хан бізге XIII ғасырда не жасаса, біз қазір бұл қырғыз-қайсақтарға дәл соны жасап, өш алуымыз керек», — деп сөйлеген. Жалпы, әлем тарихында тек идеядан туған қоғам жоқ. Дүние жүзінде түңғыш рет қару арқылы, қантөгіс аркылы енгізілген қоғам, бір сөзбен айтқанда адамдардың сүйегінің үстіне орнатылған қоғам — кешегі талқаны шыққан социалистік қоғам болды. Кезінде осыған байланысты ұлты орыс ойшылдарының бірі Ф. Достоевский: «Егер біз социалистік революцияға баратын болсақ жүз миллион адамды күрбандыққа шалуымыз керек», - деп көрегендік білдірген екен. Шынында «Қызыл империя» тұсында қырып-жоюдан, аштықтан, репрессиядан сексен миллиондай адам өмірлерімен қоштасыпты.
Расында, кезінде осынау алапат процесс кіші халықтарға қалай әсер етті? Бұл арада мына мәселені ескеру керек: ең алдымен октябрьдің ұрандары, уәделері екі жүзділіктің айқын көрінісін тапты. Советтік Конституцияда сөз жүзінде бәрі де әдеттегідей дұрыс болды. Қазақаың үлкен трагедиясы сол, қазақ зиялыларының бір бөлігі осынау жалған, екіжүзді ұрандардың соңынан ерді. Бұл ұрандарға зиялы қауым өкілдерінің бірі сенді, екіншісі сенбеді. Сөйтіп олар өзара жауласуға көшті. Жиырмасыншы жылдары таразының екі басында осындай екі бөлек сенімдегі, көзқарастары қарама қайшы екі топ түрды. Бірі коммунизм идеясына алданғандар, екіншісі алдын болжай білетін, терең білімді бұрынғы Алашорда партиясының лидерлері еді. Екі топ та өз халқына жақсылық ойлады. Сорларына карай, олар қалаған екі жолдың екеуі де қасіретке апарып соқты. Большевиктік ұрандар көтеріп шыққан революционерлердіңде, бұл үрандарға қарсылардың да бастары алынды, атылып шабылды. Осы мәселе де тарихи зерттеу мәселесіне айналып, трагедия себептерін ашуға талпыныстың күшейгенін көрсетті.
80-жылдардың соңы 90-жылдардың бас кезіндегі тарихнамада 30-жылдардағы қазақ халқының трагедиясын бейнелеудің алғашқы қадамдары әртүрлі қиындықтарға кездесті. Тоталитарлық жүйе кезінде қалыптасқан қағидалардан, қиын да күрделі әлеуметтік кұбылыстарды түсіндірудегі белгіленген тәртіптен ауыткудан үрейлену, қасаң жүйе тұсыңдағы архив кұжаттарын қарауға рүхсат етілмеу ережелері оның басты себебі болды. Екіншіден, саяси аренадан елі кетпеген коммунистік партияның билігі де қалыптасқан қағидаларды бүзуға тежеулік етті. Әйтсе де қоғамдық ойдың қысымы нәтижесінде халық басына түскен нәубеттің қүпия сырын ашуға бетбұрыс жасалғаны ақиқат еді. Осы жолда баспасөз қызметінің рөлі ерекше болғанын атап өткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет