Бірініш тар ау қазақстанда кенрС Өкіметш орнату баспасөзде жәНЕ


Зерттеу жұмысының хронологиялық мерзімі



бет3/8
Дата26.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37314
1   2   3   4   5   6   7   8
Зерттеу жұмысының хронологиялық мерзімі — 1917-1937 жылдар арасындағы Қазақстан тарихының ақтаңдақ мәселелерін, бұрын ресми тарихта объективті түрде айтылмай келген, немесе бұрмаланған проблемаларын қамтиды. Бұл үшін 1917-1928 жылдардағы кейбір баспасөз беттерінде, әртүрлі еңбектерде айтылған, жазылған, бірақ ғылыми айналымға толық түсе қоймаған материалдар сараланып, зерттелді.
Қайта құру кезеңінен соң, әсіресе Қазақстан егемендік алғаннан бергі дәуірдегі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалар, зерттеулер, соны ғылыми еңбектер диплом жұмысында кеңінен пайдаланылды.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты мен міндеттері — баспасөз материалдары және соңғы жылдары жарияланған ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектер мен архив құжаттары негізінде 20-40 жылдар арасындағы Қазақстан тарихының өзекті проблемаларын, «ақтаңдақтар» мәселесін зерттеу. Кеңес өкіметінің, жалпы большевиктер партиясы орнатқан тоталитарлық мемлекеттің Қазақстанда жүргізген әлеуметтік-экономикалық саясатының, оны іске асырушы өкімет органдары мен идеологиялық аппарат қызметінің негізгі бағыттары мен нәтижелерін зерттеуге, мұның қазақ халқының өмірі мен әлеуметтік жағдайына, мәдени дамуына қалай әсер еткенін талдауға басты назар аударылды.
Зерттеудің міндеттері — әртүрлі құжаттарға, баспасөз материалдарына, түпнұсқаларға талдау жасау негізінде мына мәселелерді айқындау болып табылады:

  • Қазақстаңда кеңес өкіметінің қандай жолмен орнатылғанын, оның баспасөз көздерінде, тарихи зерттеулерде қалай көрсетілгенін анықгау;

  • Қазақстанда жүргізілген күшпен ұжымдастыру саясатының зардаптары мен асыра сілтеушіліктердің себептерін және оның қазіргі тарих ғылымында зерттелу барысын ашып көрсету;

  • Голощекиннің «Кіші Қазан» негізінде қазақ даласын ашаршылық жайлап, мал басының орасан зор шығынға ұшырап, адамдардың жаппай қырылуы және босқын болуы себептерінің деректемелік негізін талдау;

- 1925-1933 жылдардағы қазақхалқыныңдемографиялыққұлдырау негіздерін нақгы деректерге сүйене отырып, салыстырмалы түрде ашып көрсету;
- Қазақстанда жүргізілген мәдени революцияның барысын, оның идеологиялық негізін, жағымды жөне келеңсіз жақгарын, олардың себеп- салдарын, залал-зардаптарын анықтау;
- Қазақстандағы 1928-30/1937-38 жылдардағы саяси репрессияға нақты зерттеулер негізінде объективті баға беру;
- репрессия жылдарындағы 118 мыңнан астам адамның, оның ішінде қазақ зиялыларының атылып, асылып қудалануының тікелей себептерін көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет