Бірініш тар ау қазақстанда кенрС Өкіметш орнату баспасөзде жәНЕ


Азамат соғысы мен шетел интервенциясы кезіндегі Қазақстан тарихының баспасөзде зерттелуі



бет5/8
Дата26.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37314
1   2   3   4   5   6   7   8
1.2. Азамат соғысы мен шетел интервенциясы кезіндегі Қазақстан тарихының баспасөзде зерттелуі
Қазақстан тарихнамасындағы өзекті проблемалардың қатарына азамат соғысы кезіндегі оқиғалар да жатады. Жолайрық, алмағайып кезендегі қазақ халқының тағдыры осы оқиғалармен тығыз байланысты болғаны белгілі.
Азамат соғысы және шетел интервенциясы жылдарында Қазақстан адам құрбандықтарына және шаруашылық шығындарына ұшырады. Екі жылдың ішінде соғыстан және 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтан 800 мыңға жуық жергілікті халық қаза болды. Бұл жөнінде кезінде кеңес үкіметі ауызға алмады.
Сөйтіп, 1918 жылдың жазында шетелдік интервенттер мен ішкі контрреволюциялык күштер Қазақстанның Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының көптеген жерлерін басып алды. Халықаралық империалистердің қолшоқпары болған ақгвардияшылар өздері басып алған аймақтарда контрреволюциялық диктатура орнатты. Жергілікті халықты асып-атып, түрмелерге тоғытты. Құлақ естіп, көз көрмеген озбырлықгар жасалып, қазақ жері қан сасыған мүрделерге толды.
Бұл туралы: «Ақтар козғалысының саяси жеңілістерінің ішінде, олардың әсіресе, большекивтерге қарсы үкіметтер және ұйымдармен бірлесе қимылдай алмауының зардабы күшті болды. Ақтар қозғалысы негізінен орыстан басқа халықтар тұратын ұлт аймақтары жерінде ерекше өрбіді. Олардың көбі өз тәуелсіздігі үшін большевиктерге карсы соғысуға ынталы еді. Большевиктерге қарсы басшылары алдында араларындағы қайшылықтарға қарамастан біртұтас майдан құру мақсаты тұрды, бірақактар қозғалысьшың жетекшілері терең ойлауға, алысты болжауға қабілетсіз орыс ұлтшылдарынан тұрды. Өзінің қиястығымен орыс империясының ұлтшылдық «жікшілдерімен» қандай да болсын келісімге баруды жоққа шығарумен Деникин ерекше көзге түсті. Оның саяси түғыры - «Ұлы Ресей, біртүтас Ресей еді» - деп жазды американдық тарихшы П. Кенез /22/.
Шетел империалистері өздерінің арам ойларын жүзеге асыру үшін Орынбор, Орал, Сібір және Жетісу казак әскерлеріне көп үміт артты. Солардың бірі - азамат соғысы жылдары қазақ жерін қанға бояған атаман Анненков болатын. Осыған орай «Қазақ тілі» газетінде жарияланған «Айуандық пен жауыздықтың туы» деген редакциялық мақалада: «Анненковшылар кісі өлтіріп, қанаудың екі түрлі тәсілін ойлап шығарған, Оның бірі — кеңес өкіметіне тілектес деп күдіктенген адамдарды бірден шауып өлтірмей, әуелі қолын кескен, сонан соң ішек-қарнын ақгарып, көзін ойған. Ал, екінші тәсіл бұдан да қорқынышты. Бесіктегі нәрестені мылтықтың найзасына түйреп, пештегі отқа тастаған», — деп баскесерлердің зұлымдықгарын көрсетеді /23/.
Анненков уақытша үкіметтің көмегімен жасап алған әскерлерімен 1918 жылдың қазан айында Семейге келіп, бейбіт халықты қырумен айналысады. Бұл туралы газетте: «Күн сайын қас қарайысымен отыз шаклы тұтқынды іш киімдерімен Ертіс өзеніне айдап апарып, атып, өлтіріп, тәндерін суға лақтырып жіберетін» - деп жазылыпты /24/. Мұнысы аз болғандай ақтар Семей облысына қарайтын қазақ ауылдарына да шабуылдап, еркек, әйел, бала, кәрі демей бәрін мылтық пен қылыштың астына алады.
Осындай айуандық, адам баласына тән емес зұлымдық хақында С. Әділмажынұлы деген автор өзінің газет бетінде жарияланған «Анненковтан көрген жазамыз» деген мақаласында: «Атаман Анненковтың жазықсыз казақ халкына көрсеткен қиянаты көп. Мұның ішінде Семей уезіндегі істеген бассыздығы адам төзгісіз. Мәселен, мен өзімнің ойымда қалғанын, оның өзіме көрсеткен сойқанын айтсам, онда бұрын Николай заманында тілмаш болған Дмитрий Чкалов деген орыс қазақтарша мал бағып, бай болған кісі. Кезінде сол орыс байлығы арқасында маған зорлық жасап, өзіме тиесілі жерімді тартып алу үшін соттасқан болатын. Ақыры жамандап, оны маған қарсы айдап салды. Сөйтіп, атаман он төрт солдат жіберіп, інім екеумізді Арқат бекетіне қуып әкелгізді. Ол бірден «сендер большевиксіңдер, бізге қарсы сөз айтып, қарсылық білдірмексіндер. Сендерге жаза қолданамын, алты сағаттан соң атыласыңдар» деп үкім шығарды. Бірақ, біз ебін тауып, сол түні қашып шықтық. Мен бетім ауған жакқа, інім болса ауылға кетті. Кейіннен білдім, олар інімді ауыл маңынан ұстап алып, әуелі қолын шауып, содан соң көзін ойып алыпты. Ең сорақысы кеудесін қылышпен тіліп, басын екіге бөліп, азаптап өлтіріпті», — деп ашына жазған /25/.
Оның үстіне, Анненковшылдар еркектерді ғана жазалап тынбай, қыз-келіншектерді де мазақка айналдырған. Мәселен, бұл жөнінде Тайжан Мұқамедиұлы деген автор «Анненковтың бізге көрсеткен жауыздығы» деп аталатын мақаласында: «1918 жылы күзді күні Анненковтың отряды біздің Қорғанбай ауылына келіп, Қосан Байке баласының әйелі Мүкілшін Тоғызбайқызын күшпен тартып алып, Аюкөл бекетіне алып кетеді. Онан кейін біздің ауылдан ылау мінеміз дегеннен соң екі ат беріп, оған ылаушы кылып, өзімнің жақын інім Иманбазар Атақанұлын қосып берген едім. Былай шыкқаннан соң інімнің басын қылышпен шауып тастап, атты алып кетіпті. Бұдан басқа да көрсеткен жәбірліктері көп. Барлық азық-түліктерімізді тартып алып, малымызды айдап, ауылымды шауып кетті. Анненков отрядының бастықсымақтары Налученко, Селеванов, Темеков дегендер қит етсе дүре соғып, көңілі сүйген қыз-келіншектерді алып кетіп жүрді» — деп өткенге лағнет айтады /26/.
1918 жылы 17 маусымда Жетісу облысы соғыс жағдайында деп жариялаңды. Себебі, Семей жағынан ақ гвардияшылар шабуыл жасап келе жатты. Сөйтіп, Солтүстік Жетісу майданы құрылды. Міне, осындай соғыс қаупі төніп тұрған жағдайда «Мүхбір» (Жетісу еңбекші халкының хабаршысы)» газеті алғашқы нөмірлерінен-ақ майдан тақырыбына үлкен мән берді.
Біздерге тарихтан азамат соғысында атакты «Черкасск қорғанысына» қатысушылардың ерлік істері аян. Солтүстік майданның бөлімдері Лепсі уезінен онтүстік жаққа қарай аттанып кеткен кезде бірқатар селолар мен ауылдардың еңбекшілері қорғаныс шептерін қүрды. Сөйтіп, жауынгерлердің саны 5 мыңға жеткен, Черкасск қорғанысына қатысушылар бір жылдан аса - 1918 жылдың тамыз айынан 1919 жылдың 14 қазанына дейінгі уақыттың ішінде күші сан жағынан көп басым атаман Анненковтың ақ гвардияшыларының шабуылына төтеп береді. «Мүхбір» газетінде черкасшылардың Осындай ерлік істері жайында хабарлар жиі басылып тұрды. Сөйтіп, Анненков 1919 жылдың қаңтар айында әскерімен Семейден шығып, Жетісу өңіріне қарай беттейді. Себебі, оған кайткенде де атакгы Черкасск қорғанысын қиратып, одан әрі Алматы мен Ташкентке шабуыл жасау бұйырылған-тын. Актардың алғаш табан тіреген жері Үшарал елді мекені болатын. «Мүхбір» газетінің жазуынша, бұл селоның мұжықтары Анненковты нан мен тұзбен құрақ ұшып қарсы алады. Бірақ жау мұжықтарды шауып өлтіріп, ал мал-мүліктерін әкетеді.
Ақтардың Жетісу жеріндегі іс-әрекеттері жайында «Жетісу еңбекші халқының хабаршысы» газетінде В, Ф. Сиденко дегеннің «Черкасск қорғанысыныңтарихы» атгы мақаласы жарияланып, онда: «1919 жылдың 17 қаңтарында атаман Анненков әскерлері Үшаралдан Андреевка селосына шабуыл жасады. Соғыс барысында олар көп шығындалып, ақыры бетімен кері шегінуге мәжбүр болды» - деп партизандардың ерлік істері туралы мақтанышпен жазылған.
Ақыры 1920 жылы Анненков бар майданда жеңліс тауып, Қытайға қарай жылыстай бастайды. Олар қашып бара жатып та, жолай ауылдарды өртеп, адамдарды қырып, мал-мүліктерін талап кетіп отырған. Бұл жөнінде де «Қазақ тілі» газетінде көптеген материалдар жарияланыпты. Соның бірі мынау: «Мен ол кезде шаруа жауынгері болатынмын—дейді сол қанды оқиғалардың куәгері Б. Есжанов - Анненковшылардың ізіне түстік. Біз Үржар деген ауылға барғанда елді мекенге келдік деп ойлағанымыз жоқ. Мал соятын қырғын сарайына келген екенбіз деп қалдық. Жосыған қанның тасуы сонша, су сияқты еді. Өлген адамның тәні тезек тәрізді үйіліп жатты» /28/.
Анненков Қытай жерінде де қарап жатпай ел шабу, кісі өлтірумен шұғылданады. Сондықтан ол елдің өкіметі оны алдап қолға түсіріп, кеңестерге қайтарып береді. Осылай «Көп асқаға бір тосқан демекші» 1927 жылдың маусым-шілде айларының аралығында Семей қаласында сот болып, Анненков ату жазасына кесіледі.
1920-жылғы 19—20 қантарда большевиктер Алашордамен әрі қарай келіссөз жүргізеді. Осы кездесулердің қортындысы жөнінде «Кирревков» былай деп мәлімдейді: «Алашорда» қырғыз революциялық үкіметімен бірікті, сондықтан Алашорданың барлық зандары күшін жойды және олардың бүкіл мүлкі «Кирревкомның» иелігіне көшеді» /29/. Алашордадан ұрыстарда қолдарына түсірген қаруларын өткізу талап етіледі, сонымен бірге Орал майданындағы жанжал аяқталғанға дейін Алашорда жауынгерлеріне Үшінші татар полкінің бір бөлігі ретінде кару ұстап жүруіне рұқсат етіледі.
Большевиктер қазақтардың өзін-өзі басқаруын негізінен жоққа шығарған жоқ және мұнысын іс жүзінде дәлелдеу мақсатында 1919 ж. жазда Ахмет Байтұрсыновты «Кирревкомға» мүше болуға шақырады. Большевиктер үкіметінің бұл шешімі жалпы ұлттық мүлдені көздеген Алаш қозғалысын жікке бөліп, оның басшыларын өз жағына тарту саясатынан туындаған еді.
Большевиктер каңтардан бастап Қазақстан бойынша партия және Кеңес конференцияларын ұйымдастыруды қолға алғандарымен, сонымен бірге шет жақтарда партизандарға қарсы күрес жүргізіп отырды. Қаңтардың 20-сында Оралда губерниялық партия конференциясы, қаңтардың 23-де Ақмолада ревкомның (революциялық комитеттің) жиналысы өтеді. Ақпанның басында Мәскеу қазақстандағы барлық мемлекеттік және партия органдарына қазақтар ісін жүргізу жөніндегі дербес бюро құруға бұйырады.
Наурыздың 13-інде Ақтөбеде, 11-16-сында Семейде қосымша ұйымдастыру конференциялары өткізіледі. Сонымен қатар Отарлық басқару жүйесі кезінде бөлшектенген қазақ жерлерін біртұтас территорияға біріктіруге де қадамдар жасалды. Бұдан Закаспий облысьшың қарамағында болған Адай уезінің және Астрахан облысына қарайтын Гурьев уезінің жерлері Қазақстан құрамына қайтарылады.
Азамат соғысында жеңіске жеткен большевиктер өкіметі өз билігін орнатқан жерлер көлемін кеңейте берді. Ең бастысы Семейдің шығысы мен Жетісудың солтүстігінде қол жеткізілген большевиктер билігін танудың үлкен маңызы болды. Наурыздың 21-інде Фрунзе өзінің Қазақстандағы соңғы соғыс науқанын бастайды. Ол Қапал-Абакумов -Лепсі желісі арқылы ұрыс жүргізе отырып, өзіне жол ашады да наурыздың 22-інде Үржарды, 28-інде Арасавды, 29-ында Қапалды бағындырып, Дутовтың Қытайға қашып кетуін бақылауға алады. Бұдан кейін Фрунзе өзінің Үшінші Түркістан армиясымен бірге қырғыз бен өзбек жерінде бекініп жатқан басымашыларға қарсы ұрыс жүргізу мақсатында оңгүстік жаққа карай ауысады. Сәуірдің басында Дутов пен Анненковтың қол астында соғыстарға қатысқан 6000-ға жуық солдаттың өз еріктерімен берілуіне байланысты большевиктер Жетісу майданы өзінің өмір сүруін біржолата тоқгапы деп жариялады.
Сәуірдің 30-ында Ресей коммунистік (большевиктер) партиясы - РК(б)П-ның -Оргбюросы» (ұйымдастыру комитеті) «Қырғыз облыстық бюросының» (Кироблбюро) құрылғанын хабарлайды. Ол өз кезеңінде азамагтық жолмен билік жүргізу міндетін алға қояды, бұған 1920 жылы Қазанның 4-інде Қырғыз (қазақ) автономиялы социалистік кеңес республикасын құру арқылы қол жеткізіледі.
Енді коммунистік партия органдары әркімді өз орыңдарына отырғыза бастайды. Төрт жылға таяу аштық пен соғыстың алаңы болған Қазақстан территориясында болыневиктер бұдан былай саяси тұрактылық проблемаларына назар аударуға мүмкіндік алды. Халық жеңілдікгі аңсады, алайда азамат соғысы кезінде қазақгар соғыс коммунизмі саясатының қиыншылықтарын бастан өткерген еді. Соғыс барысында ақ гвардияшылар әскерлері де, оларды қуған Қызыл Армия бөлімдері де өздеріне қажет азық-түлік пен қаражатты бейбіт елдің қолынан тартып алған болатын. Ал Қызыл Армия бөлімдері өз билігін орнатқан жерлерде бүкіл Ресей жеріндегі сиякты бірыңғай соғыс зандары бойынша әрекет етгі. Бұл ең алдымен экономика саласын қамтыды. Мысалы, 1920 жылдың көктемінде бүкіл дала өңірінде астықты, малды, киім-кешекті күшпен тартып алу басталды. Сейтіп, Жеңіске қолы жеткеннен соң большевиктер қазақтарға кеңестік үстемдіктің сабақгарын үйрете бастады /30/.
Сол кездегі Кеңес өкіметі өкілдерінің қазақ жерінде жүргізілген саясатының асыра сілтеушілік сипаты жергілікті кооперативтерді кеңестендіруден көрінді. Оған айқын мысал ретінде 1920 жылы Ақгөбе уезі кооперативтер одағыныңменшігіндегі кәсіпорындарды кеңес өкіметі органдарының национализациялау іс-әрекеттерін келтіруге болады. Кооперативті кеңестендіру мәселесін желеу етіп, кооператив одағының төрағасын тұтқындаған және одақтың меншігі болып есептелетін үн диірмені мен сабын қайнату заводын мемлекет меншігіне еткізу қаулысын қабылдаған кеңес өкіметінің жергілікті өкілдерінің әрекетін, тек Казревкомның араласуы ғана тоқгата алды /31/.
Соғыстан соң, халық шаруашылығын калпына келтіру жылдарында, жер мен малды жаппай национализациялау, көшпелі халықты отырықшылыққа ауыстыру саясаты да мал басын азайтып қана қоймай, адамдарды да жаңа қырғынға ұшыратты. Бұл туралы американ тарихшысы Э. Гудмэн: «Кеңес Одағындағы мұсылман халықтарының жаңа өкіметке бағынуы оларды қуғын-сүргінге салудың нәтижесінде іске асты, - деп жазды /32/. 1921 жылы 12 сәуірдегі Орта Азияның саяси жетекшілерінің бірі Г. Сафаров Түркістан даласында 21 миллионнан астам қазақгар большевиктік гугеноттардың қүрбандығы болды, дей келіп, ол кезде өлкеге орыстардың ағылып келуін ескерсек, жергілікті халық саны мұнан да көбірек қысқарған сияқгы...» — деп жазды /33/.
Қазақ жеріндегі аштық, оның себептері туралы сол кезеңнің ірі қоғам қайраткерлерімен қатар жергілікті халық, тіпті шетелдіктер де өз баспасөздеріне жазып жатты. Мәселен, аштық туралы ВЦИК-тің Түркістан істері жөніндегі арнаулы комиссиясының мүшесі, жоғарыңа айтылған Г. Сафаров: «Бұл жерде социалистік декреттер» кабылданғанымен» (бұл хұқ барлық атқару комитеттеріне берілгендігі) олар сөз жүзінде қалған, ал іс жүзінде «национализациялау», «конфискелеу» деген сылтауымен жер-жерде малды халықтан зорлықпен тартып алу орын алған. «Перовскіде» (Сырдария облысы) патша жевдеті Гержот деген билік етті. Ол тұтас бір халықты — қазақтарды қырғынға ұшыратты. Соның кесірінен 1 миллиондай қазақ аштан өлді» — деп жазса, қазақ жерінде кеңес қызметінде агроном болып істеген біреу: «Сусамыр тауында (Сырдария облысы) малшы қазақтар малды тартып алу қайталанбас үшін қолдарындағы құжаттарға және большевиктік қағаздарға құдайдай сенеді. Бұл қағаздар оларға алынған мал-мүлік үшін берілген екен /34/. Ал, қағаз мал бола ма? Мұндай құжаттар мен большевиктік листовкалар қазақ даласында толып жатыр, олар большевиктік аткамінерлерге әсер ете қоймайды, олар қайтсем малды елден тартып алам деген айла-шарғысын ойластырумен әуре. Бұл құжаттарды малын қайтарып беретін керемет нәрседей көрген жүрт кәрі-жасы бірдей, тіпті әйелдер мен балаларға дейін мойындарына «тұмар қылып тағып алған», - деп шындықтың бетін ашып көрсеткен /35/.
Осындай қанау мен тонауға наразылық білдірген қазақтар 1920 жылдың тамыз айында Ленинге: «Қазақгарды індет кезінде және өте жаман санитарлық жағдайда медициналық көмектен айыру қисынсыз нәрсе. Тіпті, киер киіміміз де жоқ, сондыкган әйелдеріміз сыртқа шығудан қалды. Аштыктың жайлағаны сондай, адамдар иттің етін жеуге, балаларын сатуға дейін барды. Әйтеуір аштан өлмеудің амалын қарастырып далбасалауда.
Кеңестік азық-түлік органдары қазақтардан тек алғанды ғана біледі, ал оған ештеңе қайтармайды. Тірі қойдың бір пұтына 80 сом төлейді, қазақтарды осыған зорлап көндіреді. Ал, қазақтар болса, бір қорап шьфпыны 150 сомға сатып алуда», — деген мазмұнда хат жазды /36/.
Бірақ бұдан ешқандай қорытынды жасалмады. Дүниежүзілік пролетариаттың көсемі оларғажауап бермей үнсіз кзлды. Қайта 1921 жылы Поволжье аймағында аштық басталғанда өздері қырғынға ұшырап жатқан қазақгардан көмек сұрап, астығы болмаса да, балығының дәмін татты. «Қазақтардың Ленинге жазған хаты» туралы М. Шокай сонау 1921 жылдың 26 карашасында Парижден шыққан «Последние новости» газетінде: «Сол 1920 жылғы тамызда қазақтар Ленинге хат жазғанда, біздер үшін қазақ халқының тұрмыс жағдайын білетін және оның мүң-мүлдесін түсінетін қызметкерлерді орталықка әкетудің неге қажет болғанын түсінбейміз, олар осында жүргенде пайдалы болар еді. Ал біздегі сырттан жіберілген басшылар-билеп төстеуші ұлттық шовинизміне шалдыққандар, отарлау саясатының рухымен уланғандар. Губерниялық және уездік ревкомдарда кебіне орыстар басшылық етеді, ал осы жерлерде қазақтың саны басым екені ескерілмейді. Семей облысының Қарқаралы уезінде қазақтың саны 98-99 процент болса да қазақтардың проценті басым басқа жерлерде де орыстардан қүрылған басқарушы бөлімдер ұйымдасқан» /37/.
Бұдан байқалатындай, қазақ жеріндегі жүт өз бетімен келмепті, ол -революция әкелген апат. Қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік таптарды бір-біріне қарсы қою және болыневиктік саясатгың кесірі.
М. Шоқай айтқандай: «Бұл арада бірнеше жыл қатарынан шөп шықпай калды деу - айтар сылтаудың түрі. Бұл — алты атарды кезеніп тұрып, халықтың малын тартып алудың салдары, «Қызылтұмар» деп халық атап кеткен жалған құжатпен халықты алдап-арбау арқылы малын әкетіп, «қайтарып береміз, жақсылық жасаймыз» деп беті Бұлк етпестен істелген арсыздықтың жолдары» /38/.
Сөйтіп, бұл тарауды қорытындылай айтсақ, онда Ресейде болған 1917 жылғы Қазан төңкерісінің әсерімен Қазақстанда орнатылған Кеңес өкіметі шын мәнінде жергілікті халыққа бостандық әкелудің орнына бодандықгың бұғауын одан әрі жалғастырды. Сол кезде Ташкентге шығып тұрған «Экономическая жизнь» газетінің жазуынша, Түркістанда 1914 жылы жылқы мен сиыры саны 15 миллион 399200 болса, 1919 жылы сол малдың небәрі 567 531-і ғана қалған, ал соғыс пен аштықтың салдарынан 1921 мен 1925 жылдар аралығында 1.114.000 адам өлген /39/.
Біз жоғарыда кеңес өкіметінің орнауына наразы болған күштердің баспасөз органдарындажарияланған материалдардың жалпы бағыты мен мазмұнына токталдық. Ал енді осы мәселелер кеңес Өкіметінің баспасөз органдарында қалай қарастырылды деген мәселеге назар аударайық.
Кеңес өкіметі орнығып, азамат соғысы жылдары күйзелген халық шаруашылығын қалпына келтіру және 20 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру барысында идеологиялық мәселеге де ерекше назар аударылды. Ең алдымен кеңес өкіметін орнату, оған халықтың көпшілік қауымының белсене араласуы туралы тұжырым сол кезде енді қалыптаса бастаған кеңестік қоғамтану ғылымының алдына қойылған күн тәртібіндегі басты мәселеге айналды. Өйткені сол кездің өзінде әлі ұмытыла қоймаған әрі жұртшылықтың зердесінде шырқы бүзылмаған Кеңес өкіметінің қазақ өжесінде қалай орналған жөніндегі шындық ақиқатқа қайшы келетін еді.
Қазан төңкерісінің нәтижесінде орнаған кеңес өкіметі, шындығында, жұмысшы табы шоғырланған қалалар мен елді пункттерде орыс және славян халқының өкілдері көбірек тұратын жерлерде қысқа мерзімде орнағаны мәлім. Қазақстан жағдайында бұл Орынбор—Ташкент теміржолының бойына орналасқан қалалар мен станциялар еді. Ал қалған жерлердің өздерінде де (Акмола, Қостанай, Қарқаралы, Ырғыз т.б.) кеңес әкіметі әлдебір қақтығыссыз бейбіт жолмен орнады. Яғни Ресейдің орталығында ауысқан өкімет билігі жергілікті жерлерге бейбіт жолмен жетті. Сондыктан бұл мәселе бойынша баспасөз бетінде жарияланған алғашқы мақалалар өзінің мазмұны жағынан қызу талас тудырды. Оның негізгі себебі вдеологиялық мәселеге байланысты еді.
Мысалы Г. Сафаровтың Орта Азия республикаларында, совдай-ақ Қазақстанға «Кеңес өкіметі телеграф арқылы әкелінді» деген ак^қатқа сай пікірі большевизм идеологтарының тұжырымына қарама-қайшы еді /40/. Совдай-ақ Қазақстан үкіметінде жауапты қызметте болған 3. Мивдлиннің қазақ өлкесінде кеңес өкіметін орнатуға халық бұқарасы қатынасқан жок, ол мұнда өкімет билігі ауысқаны туралы орталықтың хабары жеткен кезде «жоғары жақтан орнатылды» деген түжырымы баспасөз бетінде де, кейіннен шыққан ғылыми зерттеулерде де қызу айтыс тудырды /41/. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресін ұмыттыру, «Алашорда» отарлық бұғаудан босанып, тәуелсіздік жолын тандаған ұлттық идеяны аластау, жаңа орнаған кеңес өкіметін орнатуға таптық күрес негізінде кедей шаруалар мен көпшілік бүқара белсене қатынасты деген тұжырымды халық санасында барынша қалыптастыру максаттары алға шықты. Сөйтіп қазақ халқының тарихында тек орыс пролетариятының жетегімен социализм орнату жолындағы күрес кана басты оқиға болып саналады деген идеяны дәріптеу сол 20-жылдардан бастап Кеңес Одағы ыдырағанға дейін қоғамтану ғылымы саласында идеологиялық басты міндетке айналды. Бұл қағидадан ауытқушыларға қарсы күрес ресми кеңестік тарихнамада да жеткілікті айтылған /42/. 20-жылдардағы баспасөз бетінде Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауының мән жайына байланысты өріс алған идеялық тартыс, Алашорданың өлкедегі ұлт-азаттық күресінде атқарған қызметі мен орыны жөнінде жарияланған материалдардан туындаған пікірлер партия органдары мен вдеологиялық аппарат тарапынан Қазақстандағы большевиктік ұйымдар қызметін дәріптеу мақсатында ресми мекемелер құруға жол ашты.
Осының нәтижесінде болашақ Партия тарихы институтының негізі каланып, оның алғашқы ресми ұымдары өлкелік және губерниялық партия комитеттерінің жанынан күрылды да, баспасөз бетінде үгіт-насихат сипатындағы материалдар жариялау дәстүрге айналды /43/.
Сол кездері республикада шығып тұрған «Еңбекші қазақ», «Ауыл тілі», «Совесткая степь», «Степная правда», «Джетысуйская искра» басылымдарында кеңес өкіметінің орнауына, азамат соғысы жылдарындағы революция жауларына қарсы күрес тарихына арналған мақалалар, деректі материалдар бір жақгы большевиктер қааметін ғана көрсетіп, ұлт-азаттық қозғалысы мен күресінің тарихын барынша бұрмалады. Олардың бәрінде де Алаш қайраткерлері тек буржуазиялық ұлтшылдар, кеңес өкіметінің қас жаулары деп насихатталды. Баспасөз беттерінде Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай және басқалары жау ретінде ұдайы «әшкерленумен» болды.
Қазақстандағы кеңестік баспасөзде идеологиялық мәселелер бойынша бірыңғай қатаң тәртіп орнауы «Ақжол» газетімен байланысты еді. Азамат соғысы аяқталған соң әртүрлі кеңестік мекемелерде қызмет атқарған «Алашорда» қайраткерлері біртіндеп ондай қызметтерден ығыстырылды. Ақыры олардың көпшілігі оку-ағарту саласында, әртүрлі мекемелерде елеусіз қааметтерге баруға мәжбүр болды. Ташкентте шығып тұрған «Ақжол» газетінің маңына топтасқан зиялы кауым өкілдеріне мұнда әз Іпығармаларын жариялап, баспасөз бетінде ұлттық мүлде мәселелерін тұспалдап болса да көтеруіне мүмкіндік жасалған еді. Овда М. Дулатов, М. Жүмабаев, X. Балғынбаев, Ғ. Бірімжанов және басқалары белсенді қызмет етті. Ол ең алдымен сол кезде Түркістан автономиялық республикасында жауапты қызметте болған С. Қожановтың қолдауымен жасалған жағдай еді. Бірақ бұл үзаққа барған жоқ. Кеңестік жүйенің қыспағы күшейе бастаған шакта ұлтгық баспасөзге де қатаң бақылау орнатыла бастады. Мысалы, 1925 жылы 29 мамырда Қазақ өлкелік партия комитетінің бюро мүшелеріне жолдаған хатында И. Сталин «Ақжол» газетінің бағытын қатаң сынға алып, онда жарияланған мақалалар М. Шоқайдың шетелде жазған материалдарымен рухани байланыста екенін ескертеді және «мынадай сынга советтер елінде орын берілуге тиіс емес» - деп қорытады. Осыдан кейін көп ұзамай «Ақжол» газеті жабылды да, жалпы баспасөз қатаң бақылауға алынды.
Осының нәтижесінде ұлттық интеллигенция мен оларды қолдаушыларға қарсы ұйымдастьірылған науқан 30-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргінге ұласып, тарихи ақиқатты айтуға тыйым салынды. Сөйтіп Қазақстан тарихының 1917 жылдан бергі көптеген оқиғалары, оның ішінде ең бастысы Алашорда тарихы мен өлкеде кеңес өкіметінің орнауы жөніндегі шындық тарихтың «ақтандағына» айналды. Бұл жағдайдың шырқы тек 80-жылдардың аяғында бұзылып, баспасөз беттерінде тарихи ақиқатты қалпына келтіру мәселесі қайтадан қолға алынды /44/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет