Бірініш тар ау қазақстанда кенрС Өкіметш орнату баспасөзде жәНЕ


Күштеп ұжымдастыру мен 30-жылдардағы ашаршылық трагедиясын зерттеудегі жетістіктер



бет7/8
Дата26.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37314
1   2   3   4   5   6   7   8
2.2. Күштеп ұжымдастыру мен 30-жылдардағы ашаршылық трагедиясын зерттеудегі жетістіктер
90-жылдардың бас кезінен бері қарай күштеп ұжымдастару мен ашар-шылык қүрбавдарының тағдырына арналған зертгеулер күн тәртібінің өзекті мәселесіне айналды. Авторлар бүрынғы публицистикалық және эмоциялық сарыннан бірте-бірте арылып, мәселенің нақты деректер негізінде дәлелді және терең зертгелуіне назар аударды.
1988-1990 жж. аралығында мерзімді баспасөз бетінде жарияланған материалдар жеке жинақ ретінде басылып шықгы /78/. Бұл кезенде бас-пасөз бетінде жариялана бастаған материалдар бұл тақырьшқа негізінен маман тарихшылардың бет бүрғанын көрсетті. Сол кездегі КСРО көлемінде ең алғаш байыпты зерттеу мақаласын Қазақстандық ғалымдар академик М. Қозыбаев, тарих ғылымының докторы Ж. Әбілқожин және демограф М. Тәтімов «Вопросы истории» журналында жариялады /79/. Шетелге де таралатын бұл көлемді ғылыми журналда Осындай мақала-ның жариялануы және авторлардың келтірген тың деректері қазақ халқ-ының басынан өткерген трагедиясын әлемдік ғылыми қауымға тұңғыш рет жеткізді деп айтуға болады. Өйткені бұған дейін шетелдік авторлар Марта Олкотт, Роберт Конквест және басқаларының жариялаған еңбектері негізінен өзіміздің ғалымдардың (Ә. Тұрсынбаев, Б. Төлепбаев және басқаларының) зертгеулері негізінде жазылған болатын.
Осы кезден бастап бүгінгі көрнекті тарихшы ғалымдар Т. Омарбеков пен М. Қойгелдиевтің 20-30 жж. трагедиясына, қоғамдық-саяси тарихы-на арналған зерттеу мақалалары жариялана бастады. Бұл авторлардың жұмыстары бұрын жарияланбай құпия сакталған партия органдарының құжатгары негізінде жазылып, қоғамдық сұранысты қанағатгандыруға, тарихтағы осы мәселеге байланысты ақтаңдақгарды жоюға септігін тигізді. Авторлардың баспасөз бетінде үзінді түрінде жариялаған материалдары 1992 ж. жеке монография түрінде жарияланып, күштеп ұжындастыру-дың алғы шартгары, Қазақстандандықтрагедияның әуелгі себептері қай-дан бастау алатынын ашып көрсетгі /80/.
Осы кезенде тарихшы Т. Омарбековтың мерзімді баспасөзде ашар-шылық трагедиясы мен оның құрбандары жөнінде, әсіресе қазақ шаруа-ларының осыған байланысты бас көтерулері, кей жағдайда тікелей көтерілістерге шығуы жөнінде жазған мақалалары жұртшылықтың ерек-ше назарын аударды. Оның 1991-1992 жж. «Жұлдыз» журналында «Ха-лық қаһары» деген тақырыппен Созақ, Ырғыз, Қарақүм, Абыралы, Шұбартау, Шоқпар және тағы басқа көтерілістер туралы жазған мақала-лары тың деректерге, тіптен бұрынғы ОГПУ органдарының оперативтік мәліметтеріне негізделгені ерекше назар аударды. Осы оқиғалармен оқьф-мандаоды түңғыш рет таныстыршн автор Бұл материалдарды кейіннен докторлық диссертациясына, сол негізде жариялаған монографиясына енгізді /81/. 1991 ж. қараша айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің шешімімен құрылған арнайы комиссиясының жұмысы халық басына түскен осы ауырпалықтың егжей-тегжейін байыптауға, ғылыми тұрғыдан және бүгінгі тәуелсіздік ахуалы тұрғысынан баға беруге себеп болды. Комиссияныңжұмысы нәтижесінде ашаршылыққұрбавдарының саны, басқа ұлт өкілдерінің шығыны айқындалып, сол кездегі ВКП(б) мен үкімет органдарыныңхалыққа қарсы қабылдаған қаулы-қарарларына са-яси баға берілді. Сонымен қатар бұл жұмыстың нәтижесі 30-жылдардағы жазықсыз қуғынға ұшыраған мындаған адамдарды ақгауға, есімін халыққа қайтаруға негіз болды. 1993 ж. 13 көкекте «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау шаралары» жөнінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. НазарбаевтыңЖарлығы шықгы/82/. Осы негізде қабыл-данған Заң бойынша 1928 ж. конфискацияға ұшыраған байлар, 1930 ж. бай-кулактар деген желеумен тап ретінде жойылып, қуғын-сүргінге ұшы-рағандар, 1929-1931 жж. зорлық-зомбылық кезінде қарсылық көрсетгі дегевдер актала бастады.
Жұртшылық пен қоғамдық ұйымдардың тілегі бойынша әр жылы 30 мамыр күні кұрбандарды еске алатын азалы күн деп жарияланды.
1992 ж. баспасөз бетінде жарияланған материалдардың ішінде ғылыми тұрғыдан дәлелді және проблеманың онан әрі зерттеліп, түбегейлі бетбұрыс жасауға себеп болғандары да аз емес. Олардың ішінде жоғарыда аталған ғалындар М. Қойгелдиевтің Алаш зиялыла-ры, Т. Омарбековтың «Қазақ неге шыбындай қырылды?», М. Тәтімовтің және басқаларының баспасөз бетінде жарияланған мақалаларын ай-туға болады. Олардың көпшілігі кейіннен «Өнер» баспасынан шыкқан жеке жинаққа енгізілді /83/.
Жоғарыда аталған комиссия қүрамында жұмыс істеген ғалымдар М. Қ. Қозыбаев, Қ. С. Алдажұманов, Ж. Әбілқожинның орыс және қазақ тілдерінде шықкан кітапшалары бұрын шығарылған тың материалдар, олардың ішінде бұрынғы Мемлекеттік кауіпсіздік комитетінің архивінен алынған деректер негізінде жазыдған /84/. Авторлар мұнда отандық тарихнамада алғаш рет ұжымдастыру, көшпелі және жартылай көшпелі халықты отырықшылықтандыру, аяғы осы науқандардың ашаршылық трагедиясына әкелуінің басты себептерін теориялык-методология-лық деңгейде ашып көрсетуге тырысқан. Қазақ даласындағы дәстүрлі шаруашылық жүйесінің жедел қаірқаамен күштеп қаратылуы, сонымен қатар мемлекеттік азық-түлік, ет, астық және басқа да ауылшаруаылығы өнімдері мен шикізатын дайындаудағы ашықтан-ашық террор, күштеп қолхоздастыру қалай жүргізілгені, оның идеологаялық астары, халықіың жаппай көтеріліске шығуы осының бәрі аталған жұмыстарда жанд көзқараспен баяндалған. Авторлар үкіметтің зорлық-зомбылығы, күштеп ұжымдастырумен азық-түлік дайындау саясатындағы өрескелдік, халық-тың жаппай қарсылық көрсетуі «елді азамат соғысы жағдайына алып келді» деген, бүрын бұл мәселеге арналған тарихи әдебиетте айтылмаған түжы-рым жасады /85/.
Аталған жұмыстарда Қазақстанның ауыл шаруашылығын «Социалистік жолмен қайта қүру» науқаны кезінде жүргізілген идеоло-гиялық саясатқа, кеңес өкіметі мен ВКП(б)-ның атеистік саясатына да назар аударылған. Онда дәстүрлі тұрмыс-тіршілігінің күйреуі, ауылдық жерлерде мешіттердің жаппай қиратылуы, халықты дінінен бездіру саясатының көптеген жерлерде кетерілістер мен толқуларға үласқаны нақты фактілермен баяндалған.
М. Қозыбаев, Қ. Алдажұманов, Ж. Әбілқожинның 1992 ж. баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларында басқа да жаңа теориялық пай-ымдаулар айтылды. Мысалы «Қазақ даласына қырғын қалай келді?» атты мақалада М. Қозыбаев пен Қ. Алдажұманов 20-30 жылдардағы нәубеттің себептерін талдай келіп, көшпенді қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшіру шараларының, оларды қүнарлы да шүрайлы жерлерінен айыру науқаны XIX ғ. аяғы - XX ғ. бас кезінде патша өкіметінің отарлық саясатын іске асыру барысында басталғанын айтады. Авторлар, соңдай-ақ, қазақтың дәстүрлі шаруашылығын эволюциялық жолмен реформалау жобаларын Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, С. Садуақасов сияқты қоғам қайраткерлерінің 20-жылдары ұсынғанын баяндайды. Сөйтіп олар про-блеманы жалпы XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қоғамдық-саяси оқиғалармен біртүгас органикалықбайланыс негізінде қарастырады, қазақ даласына осы қырғынның келу себептерін ашып көрсетеді /86/. Ашаршылық пен колхоздастыру тұрғысында жазылған орыс тіліндегі мақалада да авторлар осы ойын өрбітеді /87/.
Қазақхалқының жаппай қырғынға ұшырауы, оның дінінен, дәстүрлі күнкөріс аясынан күштеп аластатылу мәселесіне байланысты бұрын айтылмаған жаңа тұжырымды Қ. Алдажұманов пен Ж. Әбілқожинның «Этноцид» атты мақаласынан да көруге болады. Авторлар «Этноцид» қазақ халқына жасалған қастандық хақында атгы мақалада /88/ кеңес өкіметі мен болыиевиктер партиясы жүргізген аграрлықреформалардың, жалпы «социализм орнату» барысының жәй-жапсары сарапқа салынады. Онда казақ шаруаларын күшпен отырықшыландыру, мал-мүлкін тәркілеп, өздерін колхоздастыру науқанына, халықгың жаппай қырылуына саяси тұрғыдан баға беріліп, әлевде аз халықтарға жасалған осындай зорлық-зомбылықтың зардаптарымен салыстырылған.
Авторлардың айтқан негізгі жаңалығы дәстүрлі қазақ қоғамының табиғи даму жолын өрескел бүзып, оған басқа даму үлгісін күштеп тану, оның трагедиялық сипаты этноцид саясаты деп бағалауында. Мысалы фашистік Германияның екінші д үние жүзілік соғыс жылдары еврей ұлтының өкілдеріне қарсы жасалған осындай қылмыстар хадықаралық Гаага конвенциясының ұйғаруы бойынша геноцид деп бағаланатыны белгілі. Ал бүтіндей бір этносқа өзінің табиғи даму жолын, тілі мен ділін (менталитет) түгелдей өзгертіп, оған басқа даму үлгісін күштеп тану сол халыққа, этносқа қарсы жасалған қастандық деп бағаланады. Оған дәлел қазақ ха-лкынын кеңестік отарлық жүйе түсындағы жаппай қырылуы, тіліне қауіп төнуі, жерінің атом полигондарына айналуы куә. Міне, авторлық негізгі ой түйіні осындай. Олардың пайымдауынша, кезінде өркендеу жағынан кешеу қалған казақ қоғамының дәстүрлі шаруашылығын эволюциялық жолмен қайта құрса әлемдік өркениетке соншама трагедиялык шығын-сыз-ақ табиғи жолмен онсызда көтерілер еді.
Ашаршылық пен күштеп ұжындастыру тарихына байланысты жаңа қалыптасқан тағы бір тұжырым 1929-1931 жж. болған шаруа көтерілістеріне байланысты айтылды.
Танымал зерттеуші Т. Омарбековтың халық наразылығына байла-нысты газеттерде, «Жұлдыз және «Ақиқат» журналдарында жарияла-нған мақалалары кейін оның докторлық диссертациясына, сол негізде 1998 ж. жарық көрген кәлемді монографиясына енді /89/. Овда автор халық көтерілісі мен толқуларының қай жерлерде болғанын нақты де-ректермен баяндайды. Бұл жарияланым көпшілік оқырман қауымға кеңінен белгілі болды.
Сонымен қатар 20-жылдардың аяғы - 30-жылдардың бас кезіндегі шаруа көтерілістері мен толқулары туралы елдің жалпы наразылығы жөнінде тарихшы Қ. Алдажұманов оларға 80 мындай адам қатынасқа-нын ауылдарда жалпы қарсылык әрекеттері кеңінен орын алғанын дәлелдей келіп, бұл оқиғаларды «шаруалардың қарсыласу қозғалысы» деп атады /90/.
Бірақ кеңестік тоталитарлық жүйе тұсында бұлай болуы мүмкін емес еді. Әйткені ыдырамай, өзінің бұрынғы жаулап алған территориясы көлемінде тек қоғамдық-экономикалық формациясы мен саяси құрылы-сын өзгерткен отаршыл империя аз ұлтгарға деген бұрынғы саясатының сипатын езгерткен жоқ болатын. Бұлай болмауы мүмкін емес еді. Өйткені 1917 жылы кетерілген ұрандардың ар жағында ұлы державалық импери-ялық саясаттың мұрты сынбай, жасырын күйінде қалған болатын. Яғни, Қазан төнқерісінің кіші халықтарға мейлінше бостандық береміз, мәде-ниет орнатамыз, тевдікке қолдарын жеткіземіз деген үәдесі тек ұран күйінде қалып қойды. Өз ұлтының қамын ойлаған қазақтың зиялы қауымының қос бірдей қанатының да қырылуының себебі осыдан.
Ал, шын мәнінде кеңес өкіметінің пиғылы көп ұзамай, бүкіл әлем алдында әшкере болды. Ұлт саясатындағы зорлық-зомбылық, кіші ха-лықтардың тілін жою, орыстандыру, тарихи тамырын кескілеу, бір ғасыр көлемінде халық ретінде жоқ қылу, жері, тілі, ділі, діні, әліпбиі (алфавит) жоқ орыстанған мәңгурт тобыр жасау - міне, өкіметтің жа-сырын саясаты осы еді.
1990 жылдардан бері ғалымдардың зерттеуіне қоса ашаршылық тра-гедиясын, колхоздастыру, шаруалардың мал мүлкін тәркілеу, баска лд зор-лық-зомбылықтың, сталиндік лагерьде халық жаулары деген айыппен жазасын өтеп келгендер мен құрбан болған адамдардың соңында қалған жақын-жуыкгарының, замандастырының естеліктері жариялана бастады. Тарихтың осы бір ақтаңдақ мәселесіне байланысты ауыртпалықты көзімен көріп, басынан өткергендердің куәлігі зерттеушілер үшін, жалпы оқырман қауымға танымдық маңызы 9ар деректеме ретінде қабылданды. Ондай естеліктердің көпшілігі өзінің накты оқиғаларды баяңдаумен құвды. Мысалы Шымкент қаласының тұрғыны 3. Рысбекова былай деп еске алады: «Пірімбет деген қария Үмбет деген баласы, Сәкен деген келіні үшеуі бірдей үйлерінде аштан өліп, сасып кеткен екен. Тірі қалғандар тамдарын үстеріне құлатып, жан-жағындағы топырағын үйіп, мола жасай салды. Ауылда көп өліктерді жер қазбай-ақ осылай көме салатын. Себебі, жер қазуға арық тұрық адамдардың шамасы да келмейтін» /91/.
Ал, республикалық дәрежедегі зейнеткер, кезінде аштарға көмектесетін комиссияның төрағасы болған Бәдіғұл Жолмүхамедқызы-ның мына әңгімесінен соң тіпті ойға қаласың: «Ол кезде аштарға тамақ, жатақхана ұйымдастыратынбыз. Бірдей комиссия мүшелері Талас жаққа бардық. Адамдар құмырсқа қалай тізіліп жүрсе, солай ілбіп келеді. Өлгендері шетінен жолда қалып жатыр. Тірілерінің қолында жаландаған пышақ. Кеудесінде бар тірі хайуан көрсе сойып жіберіп, шикідей жұлып жей береді. Бесікте аштан қатып қалған нәрестелерді көргенде, сай-сүйегің сырқырап кетеді. Жылай-жылай көзімізден жас та шықпайтын болды. Аш адам ісіп-кеуіп өледі екен. Күмпиіп ісіп кеткен адамдарды талай көрдік. Олардың қайтадан адам қатарына қосылуы екіталай...» /92/.
Тарихтан 1929-1930 жылдары Қазақстанның солтүстігіңдегі астық аудандарында егін шықпай калып, сол жылы қыста даланы жұт жайлаға-ны белгілі. Бірақ нақгы жағдайға карамай мемлекетке астық тапсыру жоспары арта түскен. Соның нәтижесінде жер-жердегі ауылдарға өлкелік, окруттік оргавдардан әсіресе қатал билік пен құқ берілген уәкілдер қаптап кеткен. Олардың қаһарынан қаймықпайтын жан болмаған. Жылап жатқан балаға: «Әне, уәкіл келе жатыр» десе сап тыйылған.
Енді бір мезет Қазақстандағы ұжымдастыру және аштық туралы сол кездегі басылымдар не жазып, не қойды деген мәселеге ден қойсақ, онда төмендегідей жайларға қанығамыз.
Өзінің «Кеңестер билеген Түркістан» /93/ деген еңбегінде М. Шоқай кеңес өкіметінің Қазақстанда жүргізіп отырған саясатын былай деп көрсетті: «Өкімет өкілдері өздерінің орыстарын қорғауды, оларды жақ-сылап тамактавдыруды, жақсылап киіндіруді, өз үйлерін бөтен біреудің жібек матасымен және басқа да қымбат бұйымдарымен безендіруді ғана білді. Ал, біздерге, мұсылмандарға не істеді? Тамақтандырды ма? Жоқ! Киіндірді ме? Жоқ! Егер киіндірсе кедейлер жалаң аяқ жүрер ме еді. Егер тамақгандырса, мындап, он мыңлдп аштан өлмес те еді. Біздің үйлерімізде не қалған жоқ?» /94/.
Ал, РКСФР халық комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов болса, Кеңес өкіметінің Қазақстанның жергілікті халқына жасаған, бұрын-соңды құлақ естіп көрмеген аштық саясаты туралы өзінің И. В. Сталинге жазған хаттарында былай деп көрсетіп берді: «Қазақтардың бір ауданнан Қазақстаннан тыс жатқан екінші бір аудандарға 1931 жылдың аяғында басталып, жазғытұры ұлғая түскен қоныс аударулары (қолданылған шараларының нәтижесінде олардың бір бөлігі 1932 жылдың жазында кері оралғанды) кәзір қайта үдей түсті. Аштық пен індеттің салдарынан бірқатар қазақ аудандары мен қоныс аударушылардың арасында өлім-жітім етек алып отыргандыктан, бұған орталық органдардың шұғыл араласуы қажет. Мұндай жағдай - қазақ халқының белгілі бір бөлігіне қатысты Қазақставда пайда болған қазіргі жағдай өзге өлкенің, не республиканың ешқайсысында орын алып отырған жоқ. Қоныс ауда-рушылар өздерімен бірге көрші өлкелер мен Ташкент, Сібір, Златоуст темір жолдары бойына індет ауруларын таратты. Совет тарапынан (атап айтқанда, РСФСР Халық Комиссарлары Советі тарапынан) белгіленген ішінара шаралар мәселені шеше алмайды. Орталық Комитетінің қаулысымен дер кезінде жәрдемге босатылған азық-түліктің едәуір бөлігі көзделген жерге жетпеді (оның себептері төмевде айтылады). Бұл мәселенің маңызы зор болғандықган, сізден осы хатпен танысуыңызды және аштан өлу каупіне душар болған көптеген адамдардың өмірін сақгап қалу үшін осы іске ара түсуіңізді өтінемін» /95/.
Бұл хатында Рысқұлов Қазақстанда, әсіресе мал баққан халықтың халі адам төзгісіз екенін, аштықтан көбі ажал құшып, көп адам Қазақ-станнан басқа жаққа тамақ іздеп, жұмыс іздеп куып кеткенін Голоще-кин: «Лучше пересолить, чем не досолить», яғни асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп тұтас халықтың басына алапат қауіп төнгендігін бұлтартпас фактілермен, кұжаттармен жанқиярлық батылдықпен ашына айқайлай айтып, мынадай ұсыңыстар жасаған:
1. ВКП(б) Орталық Комитеті тарапынан қазақтар қоныс аударған комитеттерге және өлкелердің, республикалардыңоблыстық комитеттеріне қазақгарды әзірге Қазақстанға кері қайтарып жібермей, оларды өндірістік кәсіпорындарға және ауыл шаруашылығына жұмысқа орналастыру (сонымен қатар бірінші кезекте балаларды орналастыру) жөнінде шүғыл нұсқау берілсін. Осымен бір мезгілде Еңбек Халық комиссариатына қазақтардың бір бөлігін өзге өлкелерге де жұмысқа орналастырып, жайғастыруды ұйым-дастыруға үсыныс жасалған және СССР Халық Комиссарлары Советіне қазақгар толық орналасып біткенге дейін оларға жәрдем ретінде қажетті азық-түлік қорын босату тұжырымдалсын (РСФСР Халық Комиссарлары Советі тарапынан тиісті ұсыныстар жасалынды).
2. Қазақ өлкелік комитетіне тұрғындардың Қазақстаннан тыс аймақ-тарға қоныс аударуын тоқгату шараларын жүргізу тапсырылсын: бұл дай-ындық комитеііне қалған 400 мың пұт астық (рүқсат етілген I млн пұт астықтың есебінен) март айында таратылып беру міндеттелініп, босатыл-ған азық-түлік жәрдемініңтұрғындарғатез жеткізілуі қамтамасыз ете отырып, қоныс аударғандар мен ашаршылыққа ұшырағандарға көмек көрсе-ту шараларын ұйымдастыруды шүғыл өрістету; өнеркәсіп және шаруашылыктарын кулак, байшыл элементтерден тазарта отырып, сонымен бір мезгілде, қоныс аударған қазақтарды Қазақстандағы өндірістік кәсіпорындарға, совхоздарға, МТС-терге, құрылыс және өзге де маусым-дық жұмыстарға (ағаш дайындау, далалық жұмыстарға және т. б.) осы-мен қатар балық аулау кәсіпшіліктеріне де кещнен тарту шараларын ұйым-дастыру тапсырылсын.
3. Үстіміздегі жылы бөлінген қаржыны бірыңғай қоныс аударушы-лардың орналасуына және олардың өнеркәсіп және өзге де кәсіпорындарға жақын орнығуына жүмсауға, қаржының қалғанын жа-ңадан түрлі поселкелерді сала беруді тоқгатып (берілген егіс жоспары-ның көптігіне сәйкес адам күші мен күш-көлік малыныңжетіспеуіне бай-ланысты, поселкелер қүрылысына бөлінген 30 млн сомның жұмысын иге-руге халықтың шамасы келмейді), қалған қоныс аударушыларды бұры-нғы мекен-жайларына орналастыра отырып, олардың мал және өзге де өндірістік күрал-жабдыктар сатып алуына жүмсауға бағыттау үшін, қазақ-тарды отырықшылдандыру жоспары қайта қаралсын.
4. Қазақстан өлкелік комитетіне бір айдың ішінде Орталық Коми-тетте қоныс аударған қазақтардың одан әрі орналастырылуын қарастыр-ған шаралардың жоспарын және осы мерзімде Қазақставдағы мал шару-ашылығын дамыту туралы жете зерттелген жоспарды (өлкедегі мал өсіретін совхоздарға қырсыздықтың орын алып, малдың шығынға ұшы-рап отыруына байланысты) тапсыру міндеттелсін.
5. СССР Халық шаруашылық есебінің Орталық басқармасына үегіміздегі жылы негізгі қазақ аудандарындағы халықаың санағын алуға, шаруашылық жағдайларының есебін жүргізуге және сонымен қатар егін шығымдылығын тексеру комиссиясымен бірге отырып, көктемгі егіс на-уқанынан кейінгі осы аудавдарға егістік алқабының есебін алуға ұсыныс жасалсын» /96/.
Т. Рысқұловтың осы кезенде РКСФР үкіметі төрағасының орынба-сары ретінде атқарған қызметіне байланысты 90-жылдардың бас кезінде көптеген макалалар, кітаптар шықаы. Олардың ішінде 1994 ж. шыққан В. Устиновтың, 0. Қоңыратбаевтың «Т. Рысқұлов» атгы кітаптарын ерекше атауға болады. Бұл істе әдебиетшілер де көп іс тындырды. 1933 жылы наурыз Пленумында Қазақстан жағдайы талқыланып, Го-лощекин Қазкрайкомның бірінші секретарлығынан алынып, республика ауыр бұлттан арылып, әділдік орнай бастағанын Шерхан Муртаза өзінің «Халық үшін жан пида» атгы макаласында: «Міне, басқа сіңірген еңбегінін бәрін былай қойғанда, Тұрар Рыскұловтың дәл осы ерлігі үшін ғана халқын жан-тәнімен сүйе білген үлкен жүрегінің көпті жылытқан ыстық оты үшін ғана оны қүрметтеуге, оны сүюге, оны үлгі етуге әбден болады!..» деп жазды /97/.
Ашаршылық әсіресе 1931-1932 жылдары мендей түсіп, елді мүлдем есеңгіретті. Осындай ел басына күн туған сәтте халқы үшін Т. Рысқұлов сияқты шыбын жанын шүберекке түйіп, қызмет атқарған абзал жандар аз болған жоқ. Ондай мысалды баспасөз бетінен ондап келтіруге болады. Солардың бірі - Әбжаппар Үсенов туралы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі С. Дошырзаев «Ақиқатты аңсаған ағалар» / 98/, - деген мақаласында былай деп жазыпты: Әбжаппар Үсенов - халық жауы емес, халықтың нағыз баласы еді. Үлкен ұйымдастырушы, суыоып салма ақын болатын. Біз ол кісіден мол өнеге алып өскен, атбайлар інілерінің бірі едік. Міне заман түзеліп, сондай аяулы жандардың атын атап, түсін түстеп, өнегелі жақтарын жастарға айтатын халге жеттік, әйтеуір. Бұған да шүкіршілік.
1931-1932 жылдардағы ашаршылыққа Әбжаппар өзі басқаратын «Игілік» колхозының 100-ден астам отбасын ашаршылықтан аман-есен алып шықты. Әрине, Әбекеңнің жалғыз өзі елге қорған болды деуден аулақпыз. Аяулы азамат жүз шаңырақты аштықтан кұтқару жолында Керімбек Маңғытаев, Бекшора Бекқожаев, Алтынбек Қошқарбаев, Ша-лабай Дүйсенбаев, Қожахмет Наров секілді үзеңгілес серіктеріне арқа сүйеді. Әбжаппар ағаны мен соңғы рет 1937 жылы қыс айында «Шорнақ» шеберханасының жанында машина үстінде көрдім.
Жұмысқа жанүшыра жүгіріп келе жатқан бетім еді. Ол кезде «полу-торка» машинасының өзі таңсық болатын. Ойламаған жерден назарым сол машинаға ауды. Қарасам үстінде Әбжаппар ағай отыр. Шырағым, маған жақындамай-ақ қой. Мен халық жауы деген жаламен айдалып барамын, - деді ол сәлемдескен маған.

  • Не үшін?

  • Өзім де білмеймін. Ауылға сәлем айт. Отекең (ағасы Отабекті ай-
    тады) жесір мен жетімдеріме көз болсын. Ал енді жұмыстан қалма, заман
    белгілі ғой, - деп қош айтысты...»

Міне, көріп отырсыздар қиын-қыстау замавда халқым деп басын көтерген ер азаматтар осылайша «халық жауы» атанып, жазықсыз жаза-ланып отырған. Бұл аз болғандай, шолақ ойлы, белсенді уәкілдер «халық жауларын» қолдан жасап, Голощекиннің «Кіші Октябрін» тездетіп жүзе-ге асыруға жасайды.
Кезінде сондай жазықсыз жазаланып, «халықжауы» атанған, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың тағы бірі — Көбей Қанаев болатын. Ол туралы газет бетінде Журналистер Одағының мүшесі Ж. Тлеуовтың «Жа-зықсыз жапа шектім амалым не?» атты жан тебірентерлік мақаласы жа-рияланды /99/.
Онда автор: «Жасы сексенді алқымдаса да Көбей қария әлі тың, қай-ратты. Үзақта, ғибратты ғұмырында көрген қиындық, азапты күндер оны жасыта алмапты.
— Шырағым менің өткеніме фзің зер сал, ой жібер. Бірақ, жазар бол-саң, жаныңнан сөз қоспа, мені аКтама да, мақгама. Оқырманның өзі та-разыласын. Оның айтқандарын жазып алдым, өз жанымнан сөз коска-ным жоқ деп төмендегідей жайды жазады.
1926—1927 жылдардың бірінДе Славян селосында кедейлердің I съезі болады. Оған Көбей де шақырыЛады. Сөйтіп, осы кезден бастап, оның қоғамдық қызметі басталады. Ашаршылық жылдары 300-ге жуық отба-сыдан тұратын Ленин атындағы үлкен колхоздан тоз-тоз болып 19-ак қала-ды. Өзінің еріксіз қалай «халық жауы» атанып, 10 жыл камауда отырып келгені жайында Көбей қария былай әндмелевді: «1938 жылы 19 май күні аудандық партия комитетіне шафірылдым. Бюро мәжілісі жүріп жатыр екен. Әңгіме көпке созылған жоқ. «Қанаев партия мүшелігіне лайықсыз екен» деп табылдым.

  • Не кінәм бар? - дедім.

  • Оны орган біледі, - деді бдоро мүшелері біріне-бірі қарап. Сөйтіп,
    «халық жауы» атандым.

Бір лагерь пунктінде 460 адам болды. Бір бөлімшеде осыңдай 15 пункт, яғни 6750 адам болды. Бір бас лагерде 16 бөлімше болады екен. Онда жа-тқанлдрдың көпшілігі тепсе темір үзетін атпал азаматтар, саналы азамат-тар еді. Оны ойласақ төбе шашың тік тұрады».
Ал, осы газетгің арнаулы тілщісі Б. Дінәсілов болса, Бұл тақырыпқа «Арманда кеткен көкешім-ай!» деген мақала арнапты /100/. Онда автор Қазан төңкерісіне дейін Черняев (Шымкент) еузіне қарасты Марат бо-лысының № 6 МайБұлақ ауылыңда старшын болған, кезінде медреседе оқып, кейін өзі де Әулиеата уезіндегі Мерке болысында бала оқытқан, орысша хат таныған, молда атанып, науқастарды емдеген, жеке кітапханасында Ахмет Байтуосыновтың «Казак» газетін; «Маса», «Кьгоык мысал» кітаптарын, Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», «Оян қазақ» еңбектерін, «Түркістан уал&ттының газегі» тігіндісі мен «Өгіз баян» деген ежелгі шежіренің жазба н^сқасын үстаған Ниязбек Балпықовтың қиын тағдыры туралы жазады.
Асыра сілтеу заманының жазықсыз құрбаны болып, араға жарты ғасыр уақыт салып, күні кеше тарқаған КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1989 жылғы 16 қантардағы Указына сәйкес ақталған адамдар тізіміне енген азаматган қалған тұлға Д. Ниязбекова әкесін былайша есіне алды: «Әкем Ниязбек Балпықов қайтыс болғавда мен 5 жаста едім. Оның тағдырын кейін інілерінен естіп, білдім. Ол кісі 1927 жылы қамалған екен. 1934 жылы қайтыс болды. Мерзімін өтеп келген соң ауыра беріпті. Айда-уда жүргевде ауру тапқан ғой шамасы. Ішқұсалық па, кім білсін, евді міне, ақталып отыр...» /101/.
Кезінде Осындай жауапқа тартылған сан мындаған адамдарға ешқ-андай жеке істер жүргізілмеген, олардың ақ-қарасын ажыратуды ешкім ойламаған. ¥сталса, жауапқа тартылса, не НКВД-ның қармағына ілінсе болды «халық жауы» деп жазаланып кете берген.
Ашаршылық кезінде қасіретке ұшырап, Қазақстаннан тыс жерлерге босқын болып кеткен қандастарымыз жөнінде де архив құжаттары негізінде арнайы зерттеулер мен Жинактар шығарылды /102/.
Қ. Алдажұманов пен Б. Елкеевтың «Босқындар» атты көлемді мақа-ласында Қырғызстан жерін паналаған қазақтар, оларды сол жакта орна-ластыру, кейін елге қайтару, боскындардың аяулы тағдыры Қырғызстан Республикасының архив кұжаттары негізінде баяндалған. Сол сияқты та-рихшы Е. Сыздықовтың құрастырған документтер жинағы мен моногра-фиясында Ресей Федерациясында Сібір өлкесіне босқын болып барған қазақтар жөнінде тың архив дереКтері тұңғыш рет жарияланып ғылыми айналымға енгізілді.
Шаруалардың қарсыласу қовғалысы мен көтерілістеріне арналған жана арнайы зеоттеулео де бул мюселені айқындай түсуге, актаңдақтардың жойылуына өз үлесін қосты. Қ. Алдажұмановтың шаруа котерілістері мәселесіне, сондай-ақ оның орыс тілінде жарияланған Адай округіндегі шаруалар көтерілісі туралы зерттеулері осындай сипатта болды /103/.
20—30 жылдардағы ауыл шаруашылығындағы күштеу саясаты, халық-тың аштан қырылуы мен қарсылығы жөнінде бұрынғы заң жүйесінін қызметкерлері де қалам тартып, мәселенің күңгірт жақтарын ашуға септігін тигізді /104/. Мысалы отставкалдғы полковниктер Мұқаш Ома-ров пен Ізтұрған Сариевтің «Ойравдалған дала» атты деректі кітабы 1930-1931 жж. бұрыңғы Адай округіңще болған шаруалар көтерілісін ОГПУ-НКВД органдарының құжаттары негізінде баяндап, көтерілістің себептерін, оған қатынасқан адамдардың тағдырын көрсетеді. М. Ома-ровтың тақырыпқа арналған орыс тілінде шыққан шағын кітабы да осы түрғыда жазылған. ҮҚК-нің бұрынғы қызметкері полковник Қ. Мұқамбетқалиевтің жарияланған мақаласы саяси репрессия құрбандарын ақтау барысын баяндайды.
Сонымен 90-жылдары шыққан тарихи және тарихи-публицистика-лық әдебиетте 20—30 жыллдрдағы ақгандактар мәселесі басты тақырыпқа айналып, ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мен ашаршылық қырғыны егжей-тегжейлі зерттеле бастады. Бұл жұмыста мерзімді бас-пасөз зор рөл атқарды. Республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстан-ская правда», аз уақыт шығып тұрған «Халық кеңесі», «Советы Казахста-на», «Қазақ әдебиеті», «Жас алащ» газеттері мен облыстық баспа орган-дары, «Жүлдыз», бұрынғы «Қазақстан коммунисі» (қазіргі «Ақиқат»), жаңадан шыға бастаған «Қазақ тарихы», «Парасат» журналлдры және ба-сқалары Бұл мәселеде асқан белсенділік көрсетіп, қоғамдық ой қалыпта-стьфу, ғылыми тұжырымдар логикасы мен зерттеу методологиясын өрбіту бағытында орасан зор белсенділік көрсетті.
Осының нәтижесінде жоғарыңа аталған жұмыстан басқа бірнеше ғылыми жинакгар, көлемді монографиялар жарияланды /105/, докумен-ттер жинағы жарық көрді /106/. Айтылып отырған проблеманың зерттелуіне ерікті тарихи-ағарту «Әділет» қоғамының атқарған щ>Ізметі де көп септігін тигізді. Бұл қоғам 1991 ж.э онан соң 1995-1997 жж. бірнеше ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізіп, олардың материалда-рын шығарды /107/.
1997 ж. жалпы халықгық келісім және жаппай қуғын-сүргін құрбан-дарын еске алу жылына байланысты баспасөз бетінде және әртүрлі бас-паларда бір қатар зерттеу жұмыстары жарияланды.
Әрине, бұл жарияланған жұмыстармен ақтавдақтар мәселесін зерт-теу аяқталды деуге болмайды. Негізгі байыпты да терең талдау жұмыста-ры әлі алда. Дегенмен 90-жылдардың басынан бері қарай жарияланған жұмыстар 30-жылдардағы Қазақстан трагедиясына байланысты ақгандак мәселесін жоюды осылай жолға қойды. Бұл ең алдымен баспасөздің қол-дауымен іске асырылды.

Ш-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘдаНИ ҚҰРЫЛЫС ПЕН


ЖАППАЙ САЯСИ ҚУШН-СҮРГШ ТАРИХЫҢДАҒЫ
«АҚТАҢДАҚТАРДЫҢ* ЖОЙЫЛА БАСТАУЫ
§ 1. Қазақстандагы мәдени құрылыс тарихының ақтандақтарын ащудағы баспасөздің қызметі
Бүкіл кеңестік тарихнамада бұрынғы Ресей империясының құрамын-да отарлық езгіде болып келген аз ұлттар өзінің әлеуметтік-экономика-лық жағынан ғана емес, мәдени даму деңгейі жөнінен де артта қалған ха-лыңгар ретінде сипатталатын еді. Бұл әсіресе қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік, түркімен, совдай-ақ Кавказ бен Сібір, Қиыр солтүстік және Шығыс ха-лықтарына байланысты айтылып келді. Сөйтіп ол халықтар төл мәдениетініңтарихы болмаған, тек кеңес өкіметі мен большевиктер парти-ясының арқасында ғана орыс халқының көмегімен өркениетке аяқ басқ-ан аборигендер ретінде қарастырылып келді.
Мұндай саясат Ресейдегі патщалық билік күйрегенімен біртұтас им-перияның сақталып қалуынан әрі оның жаңа қоғамдық құрылыс жағдай-ында халықтарды бұрынғыша бір орталыкқа бағындырып ұстау идеоло-гиясына ол кезде ешкім мән бермеді. Ондай тұрғыңа жазудың өзі де аса қауіпті болатын.
Пролетариат диктатурасының мемлекетін орнататын социализм құру мақсатын алға қойған кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы үшін бұрынғы Ресей империясынмекендеген барлықхалықтарды қыска мерзімде ортақ бір идеологияға, біртұтас саяси жүйеге топтастыру күн тәртібіндегі аса маңызды міндет еді. Сондықтан бұл мақсатгы іске асыру үшін елдің бәрін ортақ бір тілге, мәдениетке, білімге үйрету қажет бол-ды. Бірақ әр халықты өзінің ұлттық мәдениетінен бірден айыру мүмкін емес еді және ол кезде мұның өзі жаппай қарсылық тудыратын да бол-ды. Сол себепті Бұл саясатты іске асыруда әртүрлі идеологиялық айлашарғылар алға тартылды. Егер большевиктер партиясы идеолог топта-рының өз анықтамасы бойынша айтсақ, КСРО-дағы әрбір халық түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениетін дамытуы қажет болды. Оның үстіне идеологиялық аппарат елдегі бүкіл халықтың советтік патрио-тизм мен пролетарлық интернационализм рухында тәрбиеленуіне баса назар аударып, қатаң бақылау крйды. Мұның өзі іс жүзінде біртіндеп орыстандыру саясатын жүргізу еді*
Өкімет билігі жеңіп алған большевиктер партиясы елдің экономика-сы мен мәдениетін жаңғыртып, қайта өркендету үшін бірімен-бірі тығыз байланысты үш жоспарды жүзегеасыруға күш салды. Олар - өнеркәсіпті ивдустриялавдыру, ауыл шаруащылығын коллективтендіру және мәде-ни революция болатын.
Индустрияландыру нәтижесінде Қазақстан КСРО-ның өнеркәсіптік-экономикалықжүйесіне тығыз байланыстырылып, мұнда ірі-ірі өнеркәсіп ошактары, жаңа қалаларда темір жолдар салынды. Бірак өнеркәсіп құрылысы Қазақстан экономикасының аграрлық-шикізат шылауы ретінде бүрынғыдан бетер қалыптасуын қамтамасыз етті. Өйткені мүвда негізінен бүрынғы және кейінен ашылған тау-кен өнеркәсібі дамытылып табиғи байланыстарды өндіріп, оны Ресейдің орталық облыстарына қорытуға өндеуге жіберу саясаты басты орын алды. Керісінше өндеу, өнім жасап шығару кәсіпорындары салынған жоқ. Ал экономиканы гармониялық дамыту жөнінде қазақ зиялыла-рының үсыныстары ескерілмеді. Оны теориялық және практикалық жағынан түжырымдаған халық ағарту комиссары С. Сәдуақасовтың ұсыныстары аяққа басылды, керісінше ол «ұлтшыл-уклонист» деп ай-ыпталып, қызметінен қуылды. Ал ауылшаруашылығындағы реформа-лардың қандай нәтиже бергені өткен тарауда айтылды.
Мәдени революіщяға келетін болсақ ол таптық-партиялық негізде жүргізіліп, Бұл қалыпқа сыймаған мәдениет үлгілері, бүрынғы мәдени мүра, халықтың рухани байлығы. кеңес өкіметінің саясатьша қарсы деген жеке творчестволықтұлғалардың қызметі мен шығармалары керексіз деп жарияланды. Сөйтіп оларды жағымды тұрғыдан жазу да, айту да қауіпті қылмыстар қатарына енді.
Әрине, кеңес өкіметінің мәщениет құрылысы саласында атқарған қызметін жоққа шығаруға болмайды. Қазақ халқының мәдени және эко-номикалық даму деңгейінің төмөн болғаны да, көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс-тіршілігіне байланысты қалыптасқан ахуал қазақ халк-ының көп жағдайда көш соңында қалғанына дәлел екенін де мойындау қажет. Кеңес өкіметінің жаппай оауатсыздыкты жою, халыққа білім беру қызметі, мәдениет ошақгарын саліуы, еуропалық (әлемдік) үлгідегі кәсіби (профессионалдық) мәдениет салаларын дамытуы өз жемісін берді /108/. Мындаған қазақ жастары классикалық үлгіде білім алып, ғылым мен мәдениеттің дамуына зор үлес қосты. Бірақ осының бәрі таптық идеоло-гия тұрғысынан іске асырылып, қазақ халқының революцияға дейін де өз зиялы қауымы, сауатты адамдары болғаны ескерілмеді. Есепке тек орыс тілін меңгергеңдер, орысша сауаты барлар ғана алынды. Сондыктан бүкіл халықтың көпшілігі жаппай сауаісыз деп жарияланды.
Патшалық Ресей тұсындағыдай кеңес үкіметінің алғашқы күндерінен бастап-ақ шет аймақтарында орыс ұлтшылдығының күшеюі жергілікті халықтардың ұлттык сана-сезімін ұзақ уақыттар бойы тұмшалап тұншык-тырып тастады. Патша үкіметі тұсында онсыз да қанау мен кемсітудің соңғы сатысына жеткізілген қазақтардың кеңестерден қорғалап, қарсы-лық көрсетерлік дәрмені қалмаған еді. Осыны жақсы сезініп, пайдалана білген большевиктер қазақтарды басқалардың алдында мәдениеттен жұрдай айырылған, жартылай жабайы, жартылай көшпелілер ретінде көрсетіп, өздерін олардың қамқоршылары, жарылқаушылары ретінде та-ныстыруға тырысып-ақ бақгы.
Себебі, кеңес өкімегінің ұлт саясаты халықгарға бостандық пен тендік берілді дегенімен, іс жүргізуде баскаша еді, яғни оларды бұрынғыша отар-лықта үстау мұның өзі геноцид саясатына ұқсайтын еді. Қалай болғанда да бұл термин ұлттарды, этникалық, нәсілдік және діни топтарды түгел-дей, не жартылай қүртуға бағытталған қандай да болсын әрекеттерді көрсетеді. Бұрынғы Кеңес Одағымда бұған сол кезенде ұлтгық топтардың кейбір өкілдерін өлтіру, жер аулдру, олардың денсаулығына, ақыл-есіне зиян келтіруі, демократиялық ұлттық қозғалыс жетекшілерін түрмеге қамау; орыс емес халықтардың мешіттері мен шіркеулерін храмдары мен синагогаларын, қиратып, дінбасшарын үнемі қуғынға салу; мектепте, баспада, әкімшілік басқару салаларында, қоғамдық өмірде, театрда т. б. пайдалануға жол бермеу аркылы ұлт тілдерін жокқа шығару, орыс емес халықтардың жастарын мектеп, баспа, міндетті әскери қа>Ізмет арқылы орыстандыру; орыстардың басқа халықтардың этникалық территорияла-рын отарлауы және елді орыстандыру «қажеттілігіне» байланысты орыс-тарға түрлі жеңілдіктердің берілуі; «темір тордың» құрылуы, яғни елдің азаматтары мен халықтарын шетел, әсіресе мұсылман Батыс әлемінен бөліп тастау жатады.
Бұл туралы кезінде шетел тарихшысы Р. Смальстоцкий өзінің «Ке-ңес Одағындағы ұлт мәселесі және коммунистік орыс империализмі» де-ген кітабында: «Ресейде ұлт» мәселесін орысша шешудің» қүрбаны бол-маған бірде бір орыс емес ұлт жоқ. Лениннің орыс емес халықтардыңтағ-дырына тигізген теріс ықпалын айтып жеткізуге болмайды... Ол орыстар-дың ұлттық мүлдесін буржуазиядан артық қорғайтынына шын сеніп, өкіметті өз қолына алуға тырысқан барып түрған орыс ұлтшылы еді» — деп жазыпты.
Қазан революциясынан басші екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы-на дейін кеңес өкіметінің мәдениет қүрылысы саласында жүргізген сая-саты әсіре таптық түрғыдан іске асырылып, бүрынғы қалыптасқан мәде-ниет жүйесін қиратуға бағытталды. Сөйтіп іс жүзінде Бұл науқан да ұжым-дастыру саясатынан кем түскен жоқ.
Мұнан кейін жүргізілген саясат мәдениет саласында Кеңес Ода-ғындағы барлық өмір жүйесі сиякты большевиктік идеологияның заңды жалғасы болып табылады. Ал шын мәніне келетін болсақ, кеңес дәуірінде жазылып келген мәдениет тарихы толық мәлімет берді ме? Әрине, жоқ. Себебі қазақ халқының ондаған жылдар бойы шындалып, қалыптасқан интеллигенция өкілдерінің творчествосы, олардың 1917 жылдан кейінгі кезевде мәдениет тарихындағы алар орны, таптық-иде-ологиялық екшеуден өтпей қалған мәдениет үлгілері - осының бәрінің кеңестік тарихнамаға енбей қалуы, енген күнде де сыңаржақ қара боя-умен көрсетілуі тек мәдениет тарихын ғана емес, жалпы қазақ халқы-ның тарихын ойсыратты.
Кеңес өкіметі орналғаннан кейінгі алғашқы жылдарда өткен мәде-ниет мұрасына таптық-идеологиялық «талғампаздықпен» қараудың шегіне жеткені сондай, Ііптен Шоқан төре тұқааы, ягаи тап жауының өкілі, Абай керітартпа феодалдық заманның ақыны деген желеумен олардыңтворче-ствосына да шабуыл жасады. Ресейлік «Пролеткульт» ұйымдарының осы бір әсіре таптық ұрандары ұлт аймақтарындағы жас большевик жеткіншектері тарихынан қолдау тапқаны рас /109/. Бірақ сайып келген-де Абай мен Шоқан сол кездің өзінде көп үзамай тарихтағы лайыкты оры-нын алды. Ал Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмаба-ев, Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, X. Досмұхамедов, Ж. Ақбаев, М. Ты-нышбаев, Ғ. Қараш және баскаларыныңқазақмәдениетінің дамуына қос-кан үлесі, олардың творчествосы тарихтан сызылып тасталды. Сөйтіп мәдениеттарихы, Қазақстандағы мәдениет құрылысы саласындағы мөсе-леде қолдан, идеологиялық қысымнан жасалған актандактар пайда бол-ды. Сонымен кеңестік тарихнамада қағажу қалып, тәуелсіздік нәтижесіңде ғана Қазақстан тарихында қайта көтерілген мәдениет саласының ақтаң-дақтары қандай мәселелерді қамтитын еді: 1. Қазақстандағы сауатсыз-дықты жою, халық-ағарту ісінің дамуы, әйел тендігі; 2. Қазақтың аса көрнекті ғылым, өнер, әлеумет зиялыларының тағдыры, осыған байла-нысты әдебиет пен өнер тарихындағы актавдақгар, шығармашылық одақ-тарының қүрылуы мен қызметі; 3. Қазақстан ғылымынын, интеллигенцияның қалыптасу тарихына байланысты мәселелер; 4. Қазақ алфавитін ауыстыру мәселесі және оның зардаптары.
Бұларға қоса соңғы кезде айтылып жүрген проблеманың бірі бұры-нғы Түркістан, 20-жылдардағы Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының таратылып, қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік, түркімен халықтарына межелену нәтижесінде өз жерлеріңде біртұтас кеңестік республикалар қүруға ерік беру мәселесі. Бұған қатысты адам-дардың көпшілігі мәдениет және қоғам қайраткерлері әрі олардың көпшілігі Сталивдік зұлматгың қурбавдары болатын. Сондықтан олар да кеңестік тарихнамада «ұмыт» қалган еді.
Міне, осы аталған мәселелер өз кезінде мерзімді баспасөз бетінде жа-зылғанымен, ол біржақгы большевиктік тұрғыдан баяндалды. 80-жылдар-дың соңында ғана қоғамдық-саяси өмірдің өзгеруі нәтижесінде осы мәселелерді ақиқат тұрғысынан қайта қарастырып, тарихтағы ақтаңдақ-тар ретінде зерттеу жүргізуге мүмкіңдік туды.
Қазақставда сауатсыздықгы жою жолындағы күрес 1920 жылдардан бастап жүйелі сипат алды. Өйткені В. И. Ленин қол қойған «РСФСР ха-лықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Кеңес өкіметінің декретінде елдегі 8 жастан 50 жасқа дейінгілерді міндетті түрде оқыту ту-ралы бағдарламалық нұсқау берілді. 1920 жылғы 19 шілдеде «Сауатсыз-дық жойылсын» атты одақгық қоғам құрылды. Қазақстан төтенше ко-миссиясы 1921 жылы құрылып, көп ұзамай республикалық «Сауатсыз-дық жойылсын» қоғамы жұмыс істей бастады.
Осыған орай оқу-ағарту саласындағы мәселелер: мектептердегі оқытудың барысы, мүғалімдер даярлау жайлы, жоғарғы оқу орындары мен кәсіптік оқу орындарының зшылуы үнемі назарда ұсталды деп ай-туға болады. Мәселен, 1926—1929 жылдар аралығында халық ағарту ісі, мәдени-ағарту жұмысы, қазақ әдебиеті мен өнерін дамыту жөніндегі мәсе-лелер ВКП(б) қазақ өлкелік комитетінің бюросы мен пленумдарыңда бірнеше рет каралып талкыланған.
Алайда, Қазақставда сауатсыздықгы жою жолындағы күрес жоға-рыда айтканымыздай шырғалаңы көп жолдан өтгі. 20-жылдары респуб-ликада кең қанат жайып, бұқаральіқ сипат ала бастаған бұл процесс көпте-ген қиындықты бастан кешірді /110/. Бұған сол кезде республика партия ұйымын басқарған Ф. И. Голощекин зиянды зардаптарын тигізді. Ұлтгық интеллигенцияның А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Әуезов, Ә. Ермеков сияқты аса көрнекті өкілдері қуғын-сүргінге ұшырады. А. Байтұрсыновтың араб әрпінің негізінде жасаған қазақ графикасы «ұлтшылдық» ретінде бағаланып, ол 1929 жылы ешқан-дай дайындықсыз латын графикасымен ауыстырылды. Бұл енді ғана сау-ат ашып келе жатқан халықгы кіөп қиыншылықгарға ұшыратып, елдің сауаташу қатарынан төмендетті. Республикадағы 1931-1932 жылғықазақ халқының жартысының жойылуына себеп болған ашаршылық сауат ашу ісіне орны толмас зиянын тигізді. «Байтал түгіл бас қайғы» болған бұл кезенде сауат ашу ісі жайында қалып, халық тұс-тұсына жан сауғалап кетті. Латын графикасы да қазақтар үщін тиімді болмады. Соның салдарынан араға он жыл өтпей жатып, 1939 жылы асығыс орыс алфавитіне көшірілді.
20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында жаппай «тазалау» жүргізілгевде Орталыктағыларға бүрын «ұлттық ауытқушылықтар» қата-рында «лингвистикалық ахуал» адам төзгісіз болып көрінді. Сөйтіп, 1936 жылы басты максат-мүлделері ұлттілдерін орыстандыру болып табылған саясаткерлер мемлекеттің тұтастығына бөгет болады деп латын жазуын кириллицамен ауыстырды. Мүның өзі қазақгарды да> басқа мұсылман халықтарын да сол кезде араб жазуын қолданған Түркияның ықпалынан бөліп тастау саясатынан туындаған жағымсыз істер еді. Сондықтан біздер бүгінгі танда сол түстағы «Кеңес ұлттық саясаты орыс ұлт ядросы төңірегіне шоғырланған, орыс мәдениеті мен орыс тілі үстемдік жүргізетін КСРО-дағы барлық халықтар больт саналатын «бірыңғай кеңес ұлтын» қалыптастыруға негізделген» саясат болып енді дегенді ештеңеден кысы-лып-қамтырылмай ашық айтуымызға болатын сиякты /111/.
Қазақстан орыстар тарапынан 18-19 ғасырларда толықтай жаулап алынды, бірақ 1917 жылғы төңкеріс кезінде «Алаш» партиясының бас-шылығымен өзінің ұлттық өкіметін құрды, оны Қызыл Армия талқан-дады. Өлкеде коммунистік қозғалысқа еш негіз болмағанымен, кейбір Алашорда басшылары жаңа әкішпіліктің құрамына енгізілді, Бұдан соң кеңес өкіметі сан ғасырлар бойы орнығып жатқан көшпелі өмір сал-тын отырықшы ауыл шаруашылығы қоғамына ауыстыруға және оны азғана жылдар ішінде халықтың талап-тілегіне қарсы жүзеге асыруға кірісті. Экономикалық көзқарас тұрғысынан қазақ даласы (патшалық Ресей кезіндегідей) бүкіл кеңестік Сібір мен Қиыр Шығысты асырай-тын азық-түлік қамбасы мен шикізат қорына айналуға тиісті болды. Кейін осылай болды да.
Бұл туралы белгілі ағылшын зерттеушісі Роберт Конвест: «Апат, тар мағынада алғавда, экономикалық және саяси қателіктердің салда-ры екені белгілі, ол кең көлемде қарастырылғанда көбінесе халықтың өмір салтын, мәдениетін, мінез-қүлқаа түсінбеуден туындады. Қазақ-станда өзінің бетпердесін ашқан партияның үстіртін де механикалық ой-пікір мен іс-қимылы көп нөрселерге меңзейді. 30-жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық сияқты, қолдан жасалған, идеологияға негізделген саясатгы көзсіз жүзеге асыруға ұмтылушылыктың нәтижесі еді. Коммунистік теорияны қазақтарға, одан кейін, белгілі бір дәреже-де басқа да көшпелі халықтарға әкеліп жапсыру оларға сан апат пен қайғы-қасыретке душар еткен әлеуметтік тәртіпті күшпен таңуға эко-номикалық негіз жасады. Бірақтағы да айтарымыз - ол қазақтардың ұлттық трагедиясына айналды» - деп жазды /112/.
Жалпы, 20-30 жылдары Қазақстанда мәдени революция болды ма? Кеңес үкіметі тұсында айтылып, санамызға кұйылғандай XX ғасырдың басындағы 2-ақ процент сауатты қазақ айналысы 20—30 жылдың ішінде кезінде демократ ақын С. Торайғыров армандап жазған «Социализм» мақаласындағыдай білім, ғылымды игеріп кете алды ма? Айналасы он жылдың ішінде (1929-1939) арабтан латынға, латыннан кириллицаға көшкен қазақ жазуы жергілікті халықаы мәдениетке алып келе алды ма? Жоқ, әлде өзінің ғасырлар бойы жинактаған бұрынғы салт-дәстүр, әде-биет, мәдениетінен жұрдай айырылуға себепші болды ма? Тіпті, әпер-бақан Голощекиннінқазақжерінде орнатқан «Кіші Октябрімен» кұрды-мға кетті ме?
Міне, бүгінгі жас ұрпақты осы сауалдар ойландыруға тиіс. Не себепті қазақтар бүгінгі танда өзінің бұрынғы көптеген қадір-қасиетінен айры-лып қалған. Өз тіліне жанашырлық танытудан қашқақгайтыны несі? Бір сөзбен айтқаңда, мұның барлығы да кешегі кеңес үкіметінің өзінің кіші інілеріне («младший брат») жасаган «қамқорлығының» арқасында туын-даған мәселелер. Енді осы жайларға көңіл аударсақ онда, біріншіден, да-ңғазалық пен дақпыртқа, әсіре қызыл ұраншылдыққа негізделген жыл-дары Қазан төңкерісіне дейін күллі қазақ даласын қараңғылыктың қара түнегі тұмшылап келді, соның негізінде қазақ халқының 2-ақ процентғ ғана сауатты болып, революцияға дейін не бары 22 қазақ жоғары білім алды деген пікірдің сыңаржакгышна көзіміз жетгі /113/.
Сөйтіп, революцияға дейін қазақ даласына патша үкіметінің отар-шылдық саясаты девдеп енбей тұрған кезде кең сахараның білім іздеген жастары, көбінесе Стамбул, Бұхара, Самарқант, кейіннен Қазан сиякты аса ірі мұсылман орталықтарында діни білім алды. Бұл олардың көбінесе араб, парсы тілдерін терең меңгеріп, осы тілдерде көне әдеби, тарихи әдебиеттерді емін-еркін оқуына мол мүмкіндіктер туғызды.
Қазақстан Ресейге бодан болғаннан кейін патша үкіметінің алдын ала жоспарлаған миссионерлік саясаты негізінде казақ даласында орыс-қазақ мектептері ашыла бастады. Өкінішке орай, ғалымдар қазақ дала-сындағы, орыс-қазақмектептерінің ашылуына бір жақгы баға беріп келді. 1921 ж. РСДРП-ның X съезінде: «Бұл халықгар жөнінде патша үкіметінің саясаты олардың арасында қандай да болса мемлекет рухын жою, олар-дың мәдениетін Бұлдіру, тіліне қысым келтіру, оларды надандыкта ұстау және ақырында оларды мүмкіндігінше орыстандыру саясаты болды» -деп большевиктердің өздері мойындаған еді /114/. Алайда, кезінде қазақ даласына ізгі оймен келіп, сауапылыққа жол ашқан орыс демократтары да болған ғой. Мәселен, сондай адамдардың көмегімен Омбыңа қазақ оқушыларына арналған Азия учщіищесі ашылып, 1841 жылы алғашқы орыс-қазақ мектеп-пансионаты жұмыс істей бастағандығы белгілі.
Әсіресе, қазақдаласында орыс-қазақмектептері «Ресейді мекевдейтін бұратана халықтарға білім беру жөніндегі шаралар» туралы заң жарияла-нған 1870 жылдан кейін көптеп ашылған. Соның нәтижесінде, Семей мен Ақаоола облыстарында, кейінірек Орал, Торғай, Жетісу мен Сырдария облыстарында түрлі казақ-орыс мектептері, училищелер мен ауылдық мектептер істей бастады. Кейбір деректер бойынша 1911 жылы Қазақ-ставдағы 350 орыс-қазақ училищелерінде 6756 қазақ балалары оқыған көрінеді/115/.
Оның үстіне қазақ даласында орыс-казақ мектептерінің жаппай, барлык жерлерде ашылуы XX ғасырдың басында бұкаралық сипат алды. Бұған алғашқы апталық газет «Қазақ» пен тұңғыш журнал «Айқап», сондай-ақ халқымыздың абзал перзенттері А. Байтұрсынов, М. Дула-тов алғашқы педагогтар ағайынды Ахмет пен Әбуғали Балғынбаевтар, С Көбеев және т. б. көп еңбек сіңірді. Осындай игілікті шаралар арк-асында 1914—15 оқу жылында Қазақставдағы 2006 мектепте 105 мың-нан астам шәкірт білім алды. Ал 1917 жылы 1 қаңтарында Қазақстанда 164.858 оқушысы бар 2389 мектеп пен 19 мыңнан астам шәкірт оқитын 600 орыс-қазақучилищесі болды. Бұл деректер төңкеріске дейін қазақ халқының небары 2-ақ проценті сауатты болған деген пікірдің қайшы-лықты, дұрыс еместігін дәлелдейді.
Ал, тіпті Москвадан 1985 жылы шыққан «Демографиялық энцикло-педиялық сөздікте: «1897 жылы Ресейде өткен алғашқы халықсанағы бой-ынша 9 бен 49 жас арасындағы Қазақстан халқының 8,1 проценті (ерлер арасындағы бұл көрсеткіш — 12 процент, ал әйелдер арасында — 3,6 процент) сауатгы болған» - деп көрсетілген /116/. Осыған орай енді кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында, мәселен «Әйел тендігі» журналында «Мәдениет майданындағы міндеттер» деген мақала жарияланып, онда қол жеткен табыстар, денсаулық сак^ау, мектеп, оқу құралдарын қайтадан бастырып шығару сияқгы басты мфселелер жазылды. Басылым «Егер 1926— 27 оқу жылында сауатын ашқан қазақтардың саны 5 процент төңірегінде болса, 1930-32 жылдар ішінде 40 процентке жетті» - деп көрсетгі /117/.
Ал 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақставда сауаттылық көрсеткіші 83,6 процентке көтерілген. Сауаттылық мәселесіне жан-жақты көңіл аударған «Еңбекщі қазақ» газеті өзінің «Саяси-ағарту жұмысы» атты бас мақаласында; «1926—27 жылдар үшін ағарту орын-дарының анық тізімі жасалып, жіұмыстары жоспарланбақ. Әр уезде екі қызыл отау, бір диқан үйі, әр губернияда екі көшпелі кино болмақ. Отырықаіылыққа бейімделген орындарда кітап үйлерін ұйымдастырып, сол жұмысты маңыздандыру щаралары қарастырылмақ. Қазақты мәдениеттендіру көп уақытқа дейін ең негізгі, ең маңызды ұранымыз болмақ» - деп жазды /118/.
Одан әрі бұл газет: «Кеңес екіметінің міндеті, жауапты жұмыста-рының ішінде маңызы жағынан үшінші орын алған халық-ағарту жүмы-сы Қазақстан сияқты жүз адамына 10 сауатты адам табылмайтын елде оқу-ағарту бірінші орын алатын жұмыс деу де жөн сияқты» — деп көрсетті/119/.
Енді шын мәніндегі 1925-35 жылдар аралығындағы Қазақстандағы әлеуметтік, экономикалық оның ішінде саяси, мәдени хал-ахуалға зер салып қарар болсақ, овда біріншіден, 1927 жылы 6490038 халықтың, оның ішінде қазақгардың өзі шамамен 60 процентін құрайды, солардың ішіндегі партияның сандық құрамы: 19420 мүше және 11644 кандидат. Демек партия қатарында барлығы 31064 адам болған. Бұл қазаютрдың ұлттық құрамы бойынша алғанда бар болғаны 34,8 процент қана.
Егер мұны сол кездегі Голощекиннің аузымен айтар болсақ: «Ауыл коммунистері партиялықбағытгы әлі де бекем меңгерген жоқ. Олар парти-ялықтапсырманы орындауға әлі дәрменсіз - болып шығадьь Себебі, қазақ коммунистерінің 58,9 проценті, яғни 6465-і ауылдық жерлерде тұрған. Ал Бұлар туралы Голощекин тағы да бір сөзінде: «Біздің коммунистеріміздің көпшілігі сауатсыз. Егер, айталық, олар жай ғана сауатты және аздап са-яси сауатты болса, онда партияның жоғарыдан берген нұсқаулары орын-далар еді, олардың өзі рушылдық қалдыктардың ықпалынан азат болар еді. Бірақ біздегі жағдай мұндай емеа..» - деп ақгалғандай сыңай таныт-қан болатын /120/.
Сондықтан казақ жерінде большевиктер орнатқан, М. Шоқай айтқ-андай «қазақ коммунистерінің қаһарман партиясы» сан, сапа жағынан осындай болғавда, Қазақстанда кеңес өкіметі бірден орнап, социализм идеяларының жергілікті тұрғындар тарабынан наразылықсыз, ризашы-лықпен қабылдануы мүмкін еместігін пайымдаймыз.
Қазақставдағы сауатсыздыкты жою, халыққа білім беру тарихына байланысты бұрын калыптасқан коммунистік идеология тұжырымдары-нан арылып, жанд тұрғыда пікір айтушылар ретінде тарихшылар I. Қозы-баев, X. Әбжанов, Қ. Дәркенов, Ә. Пірманов, А. Қапаева, Л. Гуревич 3. және басқаларын айтуға болады. Бұл авторлардың зерттеулерінде бұры-нғы деректермен қатар жаңа материалдар ғылыми айналымға енгізілді және дербес тыңтұжырымдар ұсынылған. Онда қазақ мәдениетінің, оқу-ағарту ісінің тарихында бұрын айтылмай келген проблемалар көтеріліп, жоғарыда аталған мәселелерге жанд көзқарас қалыптастыруға талпыныс жасалады /113/. Оған кезінде реирессияға ұшырап, еңбектеріне тыйым салынған Ә. Бөкейханов, А. Байтурсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев және басқаларының шығармалары жарық көруі де себеп болды /121/.
Мәселені жаңаша қарастыруда М. Шоқай, С. Сәдуақасов жөне бас-қапарының кеңестік саясатқа қарсы сын және оппозициялық шығарма-ларының Қазақстанда жариялануы да салыстырмалы түрде пайымдауға мүмкіндік берді.
Тарихшы ғалымдар М. Қозыбаев, К. Нұрпейісов, М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков, Ә. Тәкенов, әдебиет танушылар Ш. Сатпаева, Р. Нұрғалиев, Ш. Елеукенов, тілшілер Ә. Қайдаров, Р. Сыздықова, М. Базарбаев және басқаларының Ә. Бөкейхан, А. Еайтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, М. Ду-латов, М. Жұмабаев, Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, С. Сәдуақасов, М. Шоқай шығармаларын халқына қайтару, олардың мәдениет тарихында алар орны жөніндегі жұмыстары көпшілік оқырманның, ғылыми қауым-ның қолдауына ие болды.
Халқына есімдері ғана емес, шығармашылық мұрасы қайтарылған интеллигенция өкілдерінің еңбектерінен көп нәрсені саралауға болады. Мысалы М. Шоқай «Кеңестер билеген Түркістан» атты әйгілі кітапшасында сауатын ашып, қоғамдық өмірге, өңдіріске тартылған қазақ-тар жөнінде былай деп жазған: «Қазақстандағы 148 мың кәсіподақ мүшесінің бар-жоғы 43 мыңы, яғии 23 проценті қазақ («За партию» жур-налының 3-нөмерін қараңыз). Осы 34 мыңның ішіндегі өнеркәсіп проле-тариатының үлесі мүлде мардымоыз (өнеркәсіптегі жұмысшы-қазақгар-дың саны жөнінде). «Еңбекші қазақ» (7.НЛ928 ж.) мынадай деректер келтіреді: алтын өнеркәсібінде - 140 адам; тоқымада — 121; тері өндеуде - 124; спирт шығаруда — 33; тұз өндіруде - 129; жеңіл өнеркәсібінде — 1 (біреу); т. с. с. Қазақстандағы жұмысшылардың (өнеркәсіттгік) жалпы санына шаққанда жұмысшы-қазақтар 2,2 процентті құрайды. Сонымен, мүңда көрсетілген 34 мың жұмысшы-қазақтың дені негізінен бақташы-лар және маусымдық ауылшаруашылық жұмысшылары, яғни кәсіподақ қозғалысында ешқандай да рөл атгқара алмайтындар /122/,
Әйел тендігі, оларға білім беру мәселесіне келетін болсақ индустри-яландыру қарсаңында Қазақстанда әйелдер барлық жұмысшылардың 15 процентін құрады. Басқа республикалармен салыстырғанда үйінен тыс жерде жұмыс істейтін әйелдер саны тез өсе түсті, бірақ олардың үлес сал-мағы өндірісте істейтін республика халқының 25 процентін ғана қүрады.
Бұл жылдары интеллигенциЯ қүрамында әйелдер көп болмады. Еркектер көбіне инженер-техниктер болса, әйелдер бұл салада кәсіп пен ауыл шаруашылығындағы техникалық интеллигенцияның 5 процентке жуығы ғана әйелдер болды.
Сол кездегі деректерге қарағанда кеңес аппаратында 500-ге тарта әйел (8 процент) әкімшілік жұмыста және 66 әйел ғана директорлар болып жұмыс істеген. 4 әйел Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінде және оның комиссарларында әкімшілік қааметте, 4 әйел Ғылым Акаде-миясында, 34 әйел түрлі зерттеу институттарында істеген. Әйелдер жұмыс-шы факультеттерінде маңызды рөл атқарды. Алайда кеңес өкіметінің ал-ғашқы жылдарында революцияға дейін-ақ жоғары білім алған Г. Ж. Ас-фендиярова, М. С Асфендиярова, Ғ. Қ. Сабатаева, М. И. Танашева сияқ-ты қазақ қаодары түрлі желеулермен белсенді қоғамдық қызметке тар-тылмады, қағажу көрді. А. Досжанова, Н. Құлжанова сияқгы мәдениетіне еңбегі сіңген адамдар елеусіз қалды /123/.
Тіптен Кеңес өкіметі мен Коммунистік партия ісіне шын берілген қазақгың алғашқы коммунист, қайраткер қыздары кейін сталиндік зор-лық-зомбылық пен нәубетгіңқұрбаны болды. 1925 жылдан КОКП мүшесі болған, кейін халықкомиссары дәрежесіне дейін көтерілген Нағима Ары-қова 1938 жылы тұтқындалып, НКВД түрмелерінде жазықсыз жапа шекті. Қазақгың алғашқы публицист қызы, 1938 ж. «халық жауы» ретінде атыл-ған республиканың көрнекті партия және мемлекет қайраткері Ораз Иса-евтың зайыбы Сара Есова лд осындай тағдыр тәлкегіне ұшырады. Қазақ-станда әйел тевдігі, халыққа білім беру мәселесіне көп еңбек сіщрген Алма Оразбаева 1920 жыллдрдың соңынан кейін түрлі сылтаулармен Қазақстан-да шақырылмай, шеттетілумен болды. Өзінің жан-жақты білімі, қаламгерлік, аудармашылық, педагогтік, баспагерлік еңбегімен ерекше көзге түскен Нәзипа Қүлжанова лд 1929 жылдан кейін шығармашылық жұмыспен айналысуға тыйым салынып, қуғын-сүргінге ұшыратылды. Әкесі Ә. Бөкейхан, «Алашорданың» премьер-министрі болғаны үшін қазақ қыздары арасынан шыққан алғашқы дәрігер профессорлардың бірі Елизавета Садуақасоваға да өмірінің соңына дейін Қазақстанға келіп жұмыс істеуге мүмкіндік берілмеді.
Ақиқатын мойындау керек, кезінде әйел тевдігі туралы мәселе көпте-ген съездер мен конференцияларда көтерілді және ол түбірлі мәдени өзгерістер мен әйелдердің білім алуына кең мүмкіндіктер туғызуды заң жүзінде қамтамасыз еткенде гана шешілетін еді. 1930 жылдары әйелдердің барлығы бірдей тендікке жетті деп айтуға болмайды, себебі біразы бұры-нғы ескі дәстүр бұғауының шырмауында қалды. Сонымен қатар жалпыға бірдей білім берудің енгізілуі кыз балалардың ұлдармен тең білім алуына жағдай жасады. 1925/26 оқу жылында 5 процентке жуық орыс қыздары, 1,5-2 процент жергілікіі этникалық топтардың қаацары мектепке тар-тылды. 1926/27 оқу жылында бұл көрсеткіштер тиісінше 35,12 және 9 про-центке көтерілді. Ал, 1931 жылы қазақ, өзбек, дүнген қыздарының үштен біріне жуығы мектепте оқыды /124/.
Жалпыға бірдей білім беру жүйесі әйелдер мен қыздарға деген, әсіресе ауылдық жерлерде кең өріс алған кертартпа, ескі көзқарастарды түгел өзгерте алмады. Қазақстанның болашақ интеллигенциясын қалыптасты-руға бағытталған білім саласындағы саясат қала халқының балалары мен ата-аналарының материалдық және басқа да көмектеріне сүйенген жас-тарға қолайлы жағдай туғызды, ол бірақ, қазақ қыздарына толық жағдай жасалмады.
Қазақстандағы мәдени құрылыс мемлекет деңгейіндегі үлкен саясат қатарынан саналады. Сондықган социалистік қоғам орнату барысында еуропалық, шынын айтсақ, орыстық үлгідегі мәдениет негізін қалау өз жемісін берді. Сөз жоқ қазақ мәдениетін әлемдік классикалық мәдениет үлгілері негізінде дамыту мүнда тұңғыш рет театр, кино өнерінің дамыту-ына, архитектура (сәулет өнері), көркемсурет, бейнелеу өнерінің, клас-сикалық музыкасалаларының (опера, балет т. б.) негізін салуға мүмкіндік берді. Бірақ осы жолда ұлттық мәдениет үлгілерінің көп жағдайда күйзеліске ұшырауы, үмыт қалуы да байқалды.
90-жылдардан бері қарай жарияланған материалдар осы мәселеге басты назар аударды. Оның бір ерекшелігі баспасөзде шыққан матери-алдар көбінесе саяси тұрғыдан жазылғандығында. Сондықтан Қазақ-стандағы мәдениет құрылысының тарихындағы ерекшеліктер женінде байсалды да терең зерттеулер әлі де болса келешектің ісі деу қажет си-яқты/125/.
Әзірге ең басты жетістік-репрессияға ұшыраған мәдениет қайраткерлерінің шығармалары мен еңбегі тарихқа қайтарылуында. Мерзімді баспасөзде жарияланған материалдар негізінен осы бағытты сипатгайды. Ал ғылымдар тарапынан жекелеген салалар бойынша елеулі зертгеулер бар екенін де айтуымыз керек.
Мысалы соңғы кезде Қазақстанның шығармашылық одақтарының тарихына, ұлттық-тіл құрылысына арналған кандидатгык диссертация-лар қорғалды. 3. Наурызбаеваның кандвдаттық диссертащясы мен мақа-лаларында Қазақстанда керкем шығармашылық одақгарының құрылуы, 20-40 жылдардағы мәдениет саласындағы идеологиялық айтыс-тартыс, мәдениет қайраткерлерінің тағдыры егжей-тегжейлі зертгелген. Автор шығармашылық одактардың жұмысына партиялық басшылыктың қалай жүргізілгенін, идеологиялық агаіараттың қысымын, творчестволық ин-теллигеніщя өкілдерінің ьдызметіне қойылған партиялық бақылаудың жәй-жапсарын накты деректермен баявдайды. Жұмыстың ерекшелігі шығар-машылық одактардың тоталитарлық жүйе жағдайында партия органда-рының қолшоқпарына айналғанын көрсетумен қатар, олардың қазақ мәдениетін дамытудағы рөлін де айқын бейнелеуінде екенін атаған жөн.
А. Жанақованың кандидаттық диссертациясында қазақ халқының ана тіліне төнген қауіп, оның себептері сарапқа салынған. Автор калып-тасқан тығырықтан шығу жолдарын айқындаудағы мемлекеттік шара-ларға, оларды іске асырудың алғышарттарына да тоқталады. Бұл осы бір өзекті тақырыпқа тарихи тұрғыдан жазылған тұңғыш зертгеу екенін атап кеткен жөн.
Соңғы кезде бұрынғы Түркістан өлкесіне патша өкіметінің орталық саясаты негізінде қазақ жерлерінің қайтарылуы жөнінде мәселе жиі көтеріліп жүр. Бұл, негізінен, бүрынғы Орта Азия республикаларының ұлттық-территориялық жағынан межеленуіне байланысты қозғалуда. Әсіресе М. Шоқай және басқа да ұлт көшбасшыларының кезінде Ресейдің, онан соң кеңестік империяның қүрсауьшан босану мақсатында Түркістан халықтарының конференциясын құру туралы пікірлері бүгінде қайта жаңғыртылуда /126/. Бұл тұрғыда зерттеуші М. Қойгелдиевтің тұжырым-дары көпшілік көңілінен шықгы.
Кеңестік империяға қарсы ұсынылған Бұл вдея өз кезінде дүрыс бо-лғаны айқын. Бірақ ұлттық межеленуге, әр халықгың (қазақ, өзбек, қыр-ғыз т. б.) өз мемлекеттігі шеңберінде, қуыршак түрінде болса да, жеке республика қүруы тәуелсіздік жолындағы елеулі белес екенін мойындау қажет. Сол кезде (1924 ж.) межеленген шекара арқылы осы халықтар ешқандай қақгығыссыз 1991 ж. тәуелсіздік алды. Егер кезінде олай бол-мағанда бүгінгі Орталық Азиядағы осы жас мемлекетгерге шекараларын айқындауы қиынға түсер еді.
Евді күні кешеге дейін Кеңес өкіметінің кезінде өзіне тәуелді бол-ған 90 миллионнан астам мұсылман халқаа қалай басқарып келгендігіне тоқталар болсақ, овда біріншіден, Қазан төңкерісіне дейін жергілікті халықтар арасында білімді адамдардың аздығын пайдаланып, Орта Азия мен Қазақстандағы бүкіл әкімшілік және басқару органдарына басқа ұлттар, негізінен орыстар отырды; екіншіден, қазақтар ғасырлар бойы армандаған жерді бөлу ісі де қарашекпендердің (орыс шаруаларының) пайдасына шешіліп, большевиктер саясатының да отаршылдық саяса-тының жалғасы екендігі көрініп қалды; үшіншіден, қазақ, қырғыз, өзбек, түркімендерді жеке «ұлттарға» бөлу, олардың ұлттық бірлігі мен мәдениетіне алдын ала балта Іпабу болып табылды; төртіншіден, Орта Азия, оның ішінде қазақ халқының да кеңес үкіметі тұсында біраз жетістіктерге қолдары жетті. Бірақ, түптеп келгенде осы білімніңтаралуы да орыс емес ұлттардың жеке мәдениетіне емес, іс жүзінде орыс-тавдыру сипат алып отырған жасанды кеңес коммунистік мәдениетіне қызмет етті; бесіншіден, олардың мәдениетіндегі ислам элементтері жойылып, түркі халықтарының тілдеріне араб және парсы терминдері мен сөздерінің орнына мүмкіншілігінше орыс терминдері мен сөздері енгізілді. Араб әліпбиін латынмен алмастыру жас үрпақты өзінің дәстүрлі мәдениетінен бөліп тастады. Ал, 30-жылдардың соңында ла-тын әліпбиінің орнына жаңартылған кирилицаны таңу жастарды еуро-па мен түрік мәдениетінен кесіп тастады.
Кеңес жөне шетел зерттеушілері Кеңес Одағының ішкі саясатын көп реттерде әйелдердің қоғамдық жағдайына тигізген ықпалымен бай-ланыстыра қарастырады. Әсіресе, Бұл мәселеге Қазақстанда баса на-зар аударылды. Себебі, мүнда әйелдерге тендік беру саясаты оларды башнышты жағдайда үстап келген дәстүрлі мәдениеттің қарсылығына тап болды.
Бірақ Қазақстандағы даму стратегиясы әйелдерді түгелдей жұмыс-пен қамтамасыз етуге және толық азат етуге мүмкіншіліктер жасай ал-мады. Кеңес саясаты әйелдердің қоғавдағы рөлі мен орны жөнінде пат-риархалдық өмір салтына, әйелдерді мүлік ретінде көретін ескі таным мен дәстүрлерге қарсы болғанымен жүзеге аса қоймады, бұл жөнінде табанды әрекеттер жасалмады. Этникалық топ ретінде қазақтарға жа-салған түрлі шектеулер өздерінің ұлтгық ерекшеліктері мен дәстүрлерін сақтап қалуға ұмтылған күресіне дем берді. Бұл 30 жылдардың аяғына дейін казақ әйелдерінің жағдайының көп өзгермеуіне себеп болды.
Қазақстанда орталық еуропалық кеңес республикаларында ор-наласқан өнеркәсіпті жабдықтайтын минералдық және ауыл шаруа-шылық салаларын дамытуға ден қойылды. Индустрияландыру қоғам-ның алға дамуына көмектесті және бүған келген қазақгарға біршама саяси әлеуметтік жеңілдіктер өкелді. Солай бола түрса да, индустри-яландыру саясатын жүзеге асырудағы бар биліктің орталықтың қолында болуы біраз қиындықтар туғфды. Қазақстардың үйреншікті өмір салтын өзгертті, мәдениеті мен Діні қуғынға түсті, тендікке де толық қолдары жетпеді. Оған қоса ұ^сымдастыру қазақ халқы үшін зор қасіретке айналды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет