Бірініш тар ау қазақстанда кенрС Өкіметш орнату баспасөзде жәНЕ


Диплом жұмысының құрылымы



бет4/8
Дата26.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37314
1   2   3   4   5   6   7   8
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, үш тарау (алты параграф), қорытынды және пайдаланылған әдебиетгер тізімінен тұрады.


ТАРАУ- 1 ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІН ОРНАТУ БАСПАСӨЗДЕ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕ
1.1.1917 ж. құрылған қазақтың ұлттық автономиясы тарихы баспасөзде
1917 жылғы ақпан революциясын Ресей империясының басқа халықтарымен қатар қазақтар да қуанышпен қарсы алады. Өйткені олар патша өкіметі тұсындағы бодандықтың бұғауынан біржолата құтыламыз деп үміттенді. Патшалық билік жойылғаннан кейін қоғамдық ұйымдар ретінде әр жерде қүрылған халық комитеттері әр ұлттың атынан басқару ісіне араласып, өз ұлтының мүлдесін қорғауға кірісті. Ұлттық негізде құрылған қазақ (қырғыз) комитеттері, қазақ-орыс комитеттері, мұсылман комитеттері (олардың құрамына сол жерді мекендейтін татар, ұйғыр және басқа да ұлттардың өкілдері енген болатын) жергілікті басқару органдарының функциясын өз қолына алып, уақытша үкімет аппаратының жұмысына тікелей ықпал етті.
1917 жылдың жазына қарай халық мүддесін қорғаушы ретінде қазақ комитеттері қоғамдық-саяси өмірде елеулі орын алды. Сөйтіп, жалпы ұлттық деңгейде саяси ұйым кұруға, ұлттық басқару жүйесін жасауға негіз болды. Жалпықазақ съездерін шақыруға, олардың болашақ автономиялық органдарын — Алашорда үкіметі мен Алаш партиясын құруға негіз болған қазақ комитеттерін ұлттық интеллигенция өкілдері басқарған еді. Мысалы, Омбыдағы облыстық қазақ комитетін Асылбек Сейітов, Семей облыстық комитетін Халел Ғаббасов, Ақмола уездік қазақ комитетін Сәкен Сейфуллин басқарған еді. Өзге жерлерде де қазақ комитетгерін елге белгілі оқыған казақ азаматтары басқарада /6/.
Олар сол кездегі коммуникациялық жүйенің әлсіздігіне қарамай баспасөз беттерінде ағымдық саясатқа, болып жатқан оқиғаларға баға беріп, халыққа түсіндіру жұмыстарын кеңінен қолға алды. Сол кездегі баспасөз беттерінде Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, X. Досмұхамедов, М. Тынышбаев, С. Сейфуллин және басқалардың жазған мақалалары, үндеулері бүгінде тарихи оқиғалардың куәсі ретінде қабылданады.
Әрине, 1917 ж. Ақпан және Қазан революцияларының барысы, өлкедегі қоғамдық-саяси өмір, кеңес өкіметінің орнауының шынайы тарихы ұзақ жылдар бойы кеңестік коммунистік идеологияның қысымы нәтижесінде теріс түсіндіріліп келді. Ғылыми әдебиетте, әсіресе ұлттық мүлде тұрғысынан кызмет еткен Алаш қайраткерлерінің еңбектері теріс түсіндіріліп келді. Олардың сол кездегі баспасөзде жарияланған еңбектері өзінің ағымдық мақсаты мен мазмүны жағынан тарихнамалық тұрғыда құнды материал екенін зерттеушілер тек бүгінде ғана ескеруде.
Кезінде 1917 ж. оқиғаларына қалам тартқан қазақ зиялыларының бірі тамаша акын, талантты жазушы, ойлы публицист Ж. Аймауытов болды. Себебі, 1917 ж. Ақпан революциясы нәтижесінде патша тактан түскенде ол алғашқылардың бірі болып «Сарыарқа» газетінің бетінде «Тұр, бұқара, жиыл кедей, ұмтыл жастар!» деген мақала жазып, «жасыратын қылық жоқ, - бостандық, тендік күштіге, жемқорға» келген тендік емес, бұл өзі қара бұқараға, кедейге келген тендік, қолы жете алмай жүргендерге берілген бостандық» - деп жар салған болатын /7/. Бұл жерде Жүсіпбек Аймауытовтың да өз тұстастары сияқты Ақпан төңкерісін нағыз азаттық төңкерісі деп түсінгені айқын көрініп тұр. Әрине, алдында төңкерістер мектебі жоқ, ұлт азаттық қозғалысынан тәжірибе жинақтай қоймаған қазақ жастары, қазақ зиялылары үшін оның солай көрінуі заңды да еді.
Бірак арада он жыл өтпей-ақ Ж. Аймауытов Москвадағы ұлттар кеңесінің баспаханасынан басылып шыққан «Кәсіп таңдау психологиясы» деген кітабында 1917 жылғы қос револювдя туралы: «Соғыс және төнқеріс, тонаушылық, аштық, ұлттық бостандық автономия... мұның бәрі деқазақ- қырғыз халықтарының тіптен түсіне кірмеген нәрселері, мұның бәрі де (қазақ-қырғыз халықтарын) қайыршылық пен таусылмас жоқшылыктың тұңғиығына тастады» деп ашына жазды.
Кезінде кез келген төңкерістің бостандық пен зорлық сиякты екі тамыры болатындығын терең түсініп, тар замандағы қысқа өмірін туған халқының жарқын болашағы үшін күрес жолына арнаған кайратты азаматтардың бірі Мұстафа Шоқаев еді. Ол сол кездегі Ресейдегі революциялық ахуал: монархияның құлатылуы, 1917 жылғы Ақпан төңкерісі, Уақытша үкіметтің құрылуына байланысты оқиғаларды сараптай келіп, маңына өзінің топтасқан әріптестерімен ақылдасу барысында біртұтас Түркістан конфедерациясының құрамында Түркістан ұлттық автономияларын құруды қолға алған болатын.
Бірақ Кеңес үкіметі Мұстафа ойлағандай төңкерісшіл болып шыкпады. Олар бір сөзбен айтқаңда, бұрыннан өздеріне бағынышты шет аймақтардың сол бодан күйінде қалуын қалады. Бұл М. Шоқай, М. Тынышбаев және басқаларының күшімен құрылған Қоқан автономиялық үкіметі 1918 ж. күшпен таратылып, сондағы барша мұсылман қауымына қарсы қырғын ұйымдастырылды. Бұл туралы Алаштың белсенді қайраткерлерінің бірі, талантты журналист, публицист Болғанбайұлы Қайретдин өзінің «Тұла бойы қан сасиды» атты мақаласында: «13 ғинуарлдн 10 февралға дейінгі күндер Түркістан халқының есінен өмірінде шықпас, Ол күндері адам-хайуан өзінің бет-аузын Түркістан халқына ашық көрсетті. Ол күндер - Түркістан тарихында сиямен емес, қанмен жазылатын күндер» - деп атап көрсетті /8/,
Бұдан шығатын қорытынды деп сол кезде Уақытша үкімет те, большевиктер де Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда да автономия құруға, әсіресе конфедерация құруға деген ешбір құлықтары болмады және ол туралы өздерінің империялық саясатын одан әрі жүргізу үшін ойлағылары да келмеді. Бұған Петербургтегі солдат және жұмысшы депутаттары кеңесінің төрағасы, IV Мемлекетгік Думадағы социал-демократтар партиясының жол сілтеушісі Н. С. Чхеизденің Мұстафаға: «Құдай үшін, Шоқаев жолдас, отандастарыңызға автономия жайында айта көрмеңіз, себебі, біріншіден, бұл мәдениеті мен заты мүлде басқа, тілі, діні басқа сіздің Түркістан сияқты елдегі автономия — тұп-тура оқшаулыкқа бастайтын жол, ал төңкерісшіл демократияшыл Ресейден тысқары оқшаулықган сіздің халыққа пайда жоқ» - деп берген жауабы куә /9/.
Осы оқиғаның одан әрі қалай өрбігендігін, Автономия мәселесінің большевиктердің аяктарының астында тапталғандарын ұлтжанды азамат Сұлтанбек Қожановтың кезінде «Бірлік туы» газетінде жарияланған «Түркістандағы орыс сиездері» атты мақаласынан айкын аңғаруға болды. Онда автор: «Большевиктер өткен жылғы ноябрь басынан бері қарай Түркістан аймағының билігін қолдарына алып, өз үкіметін жүргізіп, өз айтқанын қылдырып тұр. Кезінде ірілі-уақты мұсылман ұйымдары: «Біз мұндай қорлықпен қүл қылып, бостандыққа қарсы іс қылғандарды танымаймыз. Айтқанын тыңдап, айдағанына жүрмейміз» - деп карап еді. Бұны елең қылған большевиктер жоқ. «Тоқпағы мықты болса, киіз қазық, жерге енеді» деген осыдағы, - деп бір қиналса, «Сөйтіп, 18 ғинуардағы шақырылған жалпы сиез аяғында солдат пен жұмыскерлер сиезі болып, өздері жасаған істерін бүгін бұқара атынан шешіп отыр. Крестиандарды мүйіздеп айдап шығып, солдат жұмыскер уәкілдері (он шақтысынан басқасының бәрі — большевик) 74 адам сиез ашты, халық комиссарларының докладтары тындалып болған соң, бірінші қаралатын мәселе автономия болды. Бұл туралы 23 ғинуарда сөз болып: «Автономияны жоғалту тиіс. Мұсылмандар өздерін басқарып жүретін шекке жеткен жоқ. Әуелі өзіміз мұсылмандар басын қосып, сауат ашып, солар керек десе ғана (автономия) береміз» деп қаулы жасады. Он миллионнан астам мұсылмандарды, оларға қоса көп крестиандарды елеусіз етіп, 5—6 большевик бүтін Түркістанды билеуге бел байлап отыр. Түркістан аймағының мұсылманы бар, басқа халықтары бар, бұларды қаңтардағы бурадай ауыздарынан көбіктерін ағызып, сақылдатып қоя ма, жоқ болмаса бірнәрсе дей ме, оны келешек көрсетер.
Мынау жүре бара түзеліп кетер деп ардақтаған автономиямыз еді. Халық, бұған қол көтерейін деп тұр, қарсы іс етілейін деп тұр. Мұсылмандар, басқа Түркістан қамын жеген балалары, қайдасың?! Айтарыңыз бар ма, болмаса жүмған ауыздарыңызды ашпай кзла бересіз бе? — деп екі қиналды /10/.
Екіншіден, С. Қожановтың бұл ойын кезінде «Сарыарқа» газетінің редакторы болған, Семей «Алашордасының» сыртқы және қаржы істеріне жауап берген ағылшын, неміс, француз тілдерін еркін меңгерген, 1937 жылы нақақтан атылған Халел Ғаббасов өзінің «Мемлекет күйі» деп аталатын тарихи, ғылыми, публицистикалық еңбегінде: «300 жылдан аса Романов тұқымының бүғауында жүрген Россия жұртының көксегенде көрген бостандығын большевиктер бүгін «қара күшке» сеніп, басқа теуіп отыр. Кеше жұрт бостандығы үшін түрмеде, кірпіште тәні шіріген, каторғыда айдалып, баска мемлекет ішінде қашып жүріп табаны тесілген атышулы сабаздар Плеханов, Кропоткин, Брешко-Брешковскаялар бүгін сыртқа тебіліп, «бостандыққа қао дұшпан аталып отыр. Кеше Николай заманында саясат майданында өзі түгіл ізі жоқ, бостандық таңымен «мартта туған арамзалар» — большевиктер шоқпар, найза, мылтыкқа сүйеніп, мемлекет көшінің алдында хәкімшілікті қолына алып отыр.
«Сократ хәкімге у ішкізген, Иван Густы отқа өртеген, Ғайса Ғалаис - Саламды дарға асқан, Пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген ол кім?» Ол — көп, ендеше көпте ақыл жоқ; ебін тап та жөнге сал» — деген Абай. Сол қара надан көпшілік найза, шоқпарын қолына алып, жүрт құрылтайына үш-ақ жұма қалғанда жұрт бостандығын кескілей бастады» - деп шешуі қиын мәселені көлденең тартады /11/.
1917 жылдың Ақпан төңкерісінен соң Ресейде қос өкімет орнап, өмір мен өлім үшін шайқас жүріп жаткан кезде болльшевиктер Ресей мен Шығыстың мұсылман еңбекшілеріне: «Уақытты өткізіп алмаңдар, ғасырлар бойы жерлерімізді жаулап алып келгендерді серпіп тастаңздар! Ендігі жерде күлге айналған жерлеріңізді олардың тонауына жол бермеңіздер! Өз елдеріңіздің қожайыны өздеріңіз болуға тиістісіздер! Тұрмыс-тіршіліктеріңізді сіздер өздеріңіздің салт-дәстүрлеріңізге сай, өз қалау-ыктиярларыңызға орай құруға тиістісіздер» - деп ұран тастады.
Осындай большевиктер ұранымен көңіл демеген мұсылман орталығы енді шыға бастаған газеттері «Ұлы Түркістан» мен «Бірлік туында» автономия құруға әзірлік жасай бастағаны тарихтан мәлім. «Ұлы Түркістан» газеті орталықтың Мұстафа Шоқай бастаған мүшелерінің қанатының астында шығып түрса, «Бірлік туы», «Алаш» қазақ ұлттық партиясының үніне айналып, оған осы партия басшыларының бірі Міржақып Дулатов редакторлык етті. Орыс, бұрынғы патша әкімшілігіне және жер-жердегі оның сойылын соғысушыларға қарсылықтың күшеюіне байланысты Түркістан ұлттық саяси партиялары тегіс біріге бастады» /14/.
Өкінішке орай, 1917 жылдың 16 қарашасында Ташкентте кұрылған халықтық комитет қатарында бірде-бір жергілікті тұрғын болмай шықты. Ал оның алғашқы мәжілісі ашылар алдында большевик Колесов: «... Жоғарғы органға мұсылмандарды енгізу олардың бірде-бір пролетарлык ұйымы болмағаңдықтан ғана емес, сонымен қатар жергілікті халықтың оларға деген көзқарасы әрқилы болып отырғандықтан да мүмкін емес» -деп жариялап, ең соңында араға үш күн салып өткізілген Түркістан Кеңестерінің 3 съезі: «Қазіргі кезде мұсылмандарды Жоғарғы өлкелік, төңкерісшіл өкімет органдарына енгізуге мүлде болманды» - деген жарлық шығарды /15/. Оның үстіне осы кезде Орталыктан Сталиннің «Төңкерістің қазіргі кезеңінде шет аймақтардың бөлінуін талап ету түбірімен төңкеріске қарсы!» — деп тапқан үкімі жарияланды /16/.
Алайда Мұстафа Шоқай мен оның үзеңгілес серіктері бағыттарынан бас тарта қойған жоқ. Қоқанда 1917 жылғы 22 желтоқсанда барлық саяси қозғалыстар мен партиялардың бүкілтүркістандық конгресі өткізіліп, онда «Қоқан» Түркістан (ресми кеңестік әдебиетте «Қоқан») автономиясының құрылғаны жайлы жарияланды. Оның түңғыш президенті болып Мұхамеджан Тынышбаев сайланды, ал ол кетісімен бірауыздан Мұстафа Шоқай президентікке сайланды. Қабылданған құжаттарда саяси, ұлттық, мәдени, һәм хұқылық дербестік жайында айтылады. Ресеймен экономикалық байланыстар тендік пен өзара мүдделерді ескеру негізінде құрылуға тиіс делінді. Орынборда 1917 жылгы 5-12 желтоқсанда «Алашорда» басшысы Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ үкіметі құрылды. Сөйтіп, Түркістан жұрты өз тағдырына өздері қожалық ету қамымен өз мемлекеттігін жаңғырту жолында тұңғыш қадам жасауға талпынды. Алайда... Ташкент халыққомкеңесі 1918 жылдың қаңтарында «қосарлас мұсылман үкіметін» құртуға шешім қабылдайды /17/.
Осындай басты себептерге байланысты 1917 жылғы Қазан төңкерісін қазақтардың көпшілігі теріс қабылдады. Өйткені, большевиктер жоғарыда айтқанымыздай, демократиялық жолмен сайланған конституциялық құрылтай жиналысын жоққа шығарды. Сондықтан қазақ зиялылары Алашорда автономиялық үкіметін құруды қолға алды. Алайда ақтардың жеңіліп, большевиктердің жеңуіне байланысты олар жаңа үкімет басшыларымен ортақ тіл табуға тиісті болды.
Сөйтіп, алғашқы қазақ съезі 1917 жылдың желтоқсан айында Орынбор қаласында өтті. Оған 300-ге жуық адам қатысып, мыңадай мәселелерді талқылады: 1) Сібір, Түркістан автономиясы һәм Юговосточный Союз. 2) Қазақ-қырғыз автономиясы. 3) Милиция. 4) Ұлт кеңесі. 5) Оқу мәселесі. 6) Ұлт қазынасы. 7) Муфтилік мәселесі. 8) Народный суд. 9) Аульное управление. 10) Азық-түлік.
Егер осылардың арасынан бір ғана автономия жөніндегі мәселеге назар аударатын болсақ, онда былай делінген: «Октябрь айында уақытша үкіметтің түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді һәм беделді хүкімәттің жоқтығын, халық бұқарасы бұзылып, пышактасып кеткенін, бассыздық күшейіп, бүкіл мемлекет Бұліншілікке ұшырап, күннен-күнге халықтың күні нашарлауын һәм сол Бұліншілік біздің кырғыз-қазақгың басына да келуі ыктимал екенін ойлап, бүкіл қырғыз-қазақты билейтін хүкүмәт керектігін ескеріп съезд: 1. Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқанд облыстарындағы һәм Әмудария бөліміндегі қазақ уездері, Каспий облысындағы, Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі халық қазақ-қырғыз, қаны, түрмысы, тілі бір болғандықган, өз алдына ұлттық-жерлі автономия құруға. 2. Қазақ-қырғыз автономиясы «Алаш» деп аталатын. 3. Алаш автономиясының жері, түгі, суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын. 4. Алаш автономиясының низамын Бүкілроссиялық учредительное собрание бекітеді. 5. Ұсак ұлттардың хұқықтары теңгеріледі, санына қарай мәхкамаларда орын алады, оларға мәдени автономия беріледі. 6. Алаш облыстарын казіргі Бұліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша ұлт кеңесін құруға, оның аты «Алашорда» болсын Алаш ордасының ағзасы 25 адам болып, 10 орны қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алаш ордасының уақытша тұратын жері Семей қаласы... 7. Алаш ордасы милиция құруға аждахатпен кірісуге міндеті. 8. Алашорда тез уақытта Алаш автономиясының учредительное собрание - құрылтай мәжілісін шақырсын. 9. Съезд Алашордаға тапсырылды; а) ұлт қазынасына карыз ақша алуға, б) автономиялы көрші халықтарымен одақтасу жайын сөйлеуге, бірақ оның шарттарын құрылтай бекітеді. 10. Ұлт құрылтайына Алашорда автономия низамының жобасын даярлап кіргізеді» — деген шешім қабылданған /18/.
Ал Алаш сөйтіп, бір кезде отарлық бұғауына түсу салдарынан жоғалтып алған мемлекеттікті қалпына келтіруге талпынысты осылай жасады. Ал, алаш сөзі арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан көне сөз екендігі белгілі. Бұл халықтың түрмыс-тіршілігі, тілі, салт-санасы, әдет-ғұрыптарының қайнар көзінен жеткен ұғым. Бірақ автономия жариялауда жүрт екі жақ болып, бір жағы оны дереу жариялауды, екінші жағы милиция кұрып, Түркістан қазақтарын қосып алғаннан кейін жариялауды қолдайды.
Алайда Орта Азия мен Қазақстанды қолдарынан шығарып алмауды көздеген кеңес үкіметі бұл халықтарға қарсы түрлі айла-шарғы қолданудан бір сәт те болса бас тартқан емес. Бұл саясатқа қарсы Алаш қайраткерлері дер кезінде шара қолданып, халықтың басын біріктіруге тырысты. Алмағайып кезендегі ахуалды Алаш көсемдерінің мына мақаласы да айқаа көрсетеді; «Мемлекет ішінде бассыздық, тәртіпсіздік ұлғайды, жұрт жүгенсіз кетті. Біреудің біреуге сенімі жоғалып, араздық-алалық күшейді. Мұның аяғы үлкен насырға шауып, күші жеткендер әлсіздерді қырып-жойып, тонауға айналатын түрі бар. Енді һәркім, һәр халық өз қара басын қорғаудың қамын іздеу керек. Заман сондайға айналды. Уақиғалардың сүрені жаман. Егер біз қолымызды қусырып, қам қылмай отыра берсек, осы топырақ астында жаншылып қалатын түріміз бар. Біздің қазақ халқына қатер калың. Соның үшін біздің жұрт осы қатерден мал-жанын қорғап қалудың қамына кірісу керек. Өз ошақ-басымыздың түгелдігіне амал етуіміз міндет.
Қазақ жұрты өз арасында халық ғаскері — милитсиа жасауы тиіс. Бұл мәселе — өте шұғыл һәм өте керекті мәселе. Сондыктан біз, төменде қол қоюшылар, елдің айна-бағыты — қадірлі ақсақалдарын, зиялы оқығандарын жиып, жалпы қазақ съезін жасауға қаулы қылдық. Съездің мақсаты қазақ жастарынан халық пұлына халық ғаскерін жасау мәселесін келіспек.
Осындай қиян-кескі қатерлі уақытта біз өзімізді-өзіміз қорғай алмасақ, біздің халық құр далаға құрбан кетуге мүмкін. Соның үшін жалпы съезде милитсиа жасаудан бөтен қазақ халқының негізгі тіршілік мәселесі де қаралуға тиіс!» делініліп, Бұл үндеудің астына Бөкейханұлы, Байтұрсынұлы, Дулатұлы, Бірімжанұлы, Ғұмарұлы, Досжанұлы сиякты біртуар арыстардың аты-жөңдері жазылған.
Мұстафа, Әлихан, Ахмет Міржақып, Сұлтанбек сияқты ер азаматтардың дәл сол кезде Бұлайша тұйыққа тіреліп, бастарын тауға да тасқа да соғып, халық арасынан тірек іздеулері бекер емес-ті. Өйткені, съезд өткізу кезінде автономия құру мәселесі бірден шешілмей, кейінге қалдырғандықтан және «Алашорданың» бүкілқазақстандық халық кеңесінің төрағасын сайлау мәселесі де шиеленісіп кеткендіктен бірталай қиындықтар туындады. Мәселен, «Алаш» автономиясын жариялау жөніндегі кикілжің 1918 жылдың қыркүйек айында Жымпиты қаласында «Ойыл уәлаятының» жеке бөлініп шығуына себеп болды. Бұл - Батыс Алашорда деп аталады. Басшылары Жанша Досмұхаметов пен Халел Досмұхамедов еді.
Алашорда үкіметі осылай ырың-жырың болып жатқанда Бүкілресейлік уақытша үкімет (Директория) 1918 жылдың қыркүйек айының 22 жұлдызында «Правительство Алаш — Алаш-Орду считать прекратившим свое существование» - деп жариялады. Тіпті Комуч пен (Комитет учредительного собрания) Сібірдің уакытша үкіметі де Алашорданы танып, мойындамады. ПІындығына келсек, «Алашорда» іс жүзінде бас-аяғы бір жарым жылдай ғана, 1918 жылдың ортасынан 1919 жылдың желтоқсанына дейін өмір сүрді. Алашорданың бағдарламасы мен қызметінде, жоғарыда айтқанымыздай, Ресейден бөлініп шығу жайында сөз болған жоқ, олар бар болғаны тек қана Ресей демократиялық федеративті республика болсын деп, өздері территориялық автономияны мақсат түтты.
Қысқаша айтсақ, Алашорда үкіметінің тарихы осындай болды /19/. Азамат соғысы жөне шетел интервенциясы жылдары «Алаш» партиясы басынан түрлі шытырман оқиға, қиын-қыстау кезенді өткізді, 1920 жылы Қызыл Армия жаппай шабуылға шығып, Есіл мен Ертіс жағасына жетеді. Міне, осы уақытта Бұл партия толық күйреп, оның басшылары нақты бір шешім қабылдауға тиіс болады. Ол шешім шетелге эмиграцияға кету немесе халық арасында өзінің әлсіз болғанын мойындау еді. Әйтсе де, кеңес үкіметі оларға кешірім жасағанмен, соңы жақсылыққа апарып соқпағаны белгілі. Бұл туралы «Ана тілі» газеті: «Бірлік туы» мен оны шығарысқан азаматтардың газет жабылғаннан кейінгі, болльшевизм тұсындағы тағдыры аса қайғылы. Мұстафа Шоқай лажсыздан шет елге кетті. Қалғандарының бәріне кезінде «Бірлік туында» қатыстың деп айып тағылды. Не керек, баршасы да кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны боп кете барды» - деп шындықты көрсеткен /20/.
«Алашорда» мен «Қоқан автономиясы» үкіметтерінің, жалпы революция қарсаңы мен 1917-1920 жж. арасындағы бұрынғы Ресей империясындағы әртүрлі мұсылман қауымдастықтарының қызметі мен бастан өткерген тауқыметі жөнінде башқұрт халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Зәки Уәлиди Тоғанның естеліктерінде егжей-тегжейлі айтылды /21/. Оның құндылығы автордың сол оқиғаларға тікелей қатынасуында және қазақ ұлтының басшыларымен етене жақын қарым-қатынаста болуында екені даусыз. Әрине, автор өз естеліктерінде оқиғалар мен адамдарға өзінше ғана баға беретін жерлері де бар. Әйтсе де бұл кітап кеңестік тарихнамада бұрын айтылмай қалған оқиғалар тізбегі мен олардың себептерін ашуға, шьшайы тарихты қалпына келтіруге құнды деректер береді.
Жалпы 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін құрылған қазақ ұлттық автономиясының тарихы мен қызметіне байланысты сол кездері жарияланған баспасөз материалдары мен алғашқы кітаптардағы мақалалар тарихнамалык және деректемелік тұрғыдан сол кездегі оқиғалардың объективтік желісі мен тізбегін қалпына келтіруге бірталай мүмкіндік береді.
Ғылыми тұрғыдан қарастырсақ, ол материалдардың ерекшелігі кейінгі идеологиялық қысымның әсерінсіз оқиғаларға, большевиктер партиясының саясатына, ұлттық автономия идеясын халықтың қалай қабылдағанына әділ баға берілген. Әрине, ол материалдар өзінің жанры жағынан публицистикалық сипатта екені де рас. Бірақ оқиғаларға тікелей қатысты адамдардың тарихи құжатгарының маңызы күшті екені сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет