Бірінші бөлім (Роман) ТҰҢҒИЫҚта бірінші тарау кездесу



Pdf көрінісі
бет22/25
Дата23.07.2022
өлшемі1,94 Mb.
#37875
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Омбы, 1919 жыл. Январь.
2
Есіл өзенінің биік жартасын жарып ағатын «Шын, бұлақтың» қайнап
шығар басында, біреу іздеп таппаса, адам көрмейтін тастың қуысында
отырып, 1919 жылдың августың он бесі күні, күн түске тармаса Ботагөз
Асқардың осы хатын оқыды. Сол жаздың майының аяғында алған хатты
оның бұл кем болса – пəлен рет оқуының біреуі еді.
Бірақ оның бұрынғы оқуы мен бұл оқуының арасында үлкен айырма
болды. Хатты бірінші оқып қуанышты əсер алған ол: «енді жылауымды
доғарайын, қуанышты тілек үстінде Асқарды қарсы алайын» деген
қорытындыға кеп, содан кейін, егер қабақ шытар минуттары болса, хатқа
қарайтын еді де, хат оның денесіне тарауға айналған уайым уытын тез
тартып алып, көңілі жадырап жүре беретін еді.
Бұл жолы олай болмады. Оның жабырқаған көңілін хат жадырата
алмады. Тастан тамшылаған бұлақтың суындай хатқа үңілген оның көзінен


мөлтілдеген жас домалап отырды да, аздан кейін тамшыдан көбейіп, Есілге
құюға сорғалаған судай көз жасы ағыла жөнелді. Ол бетін алақанымен
басып өксіп-өксіп алды.
Ботагөздің бұлай жылауына себеп мынау еді: Асанның ауылында
Асанмен құрбы бір жігіт өткен күз қайтыс боп, артында жас келіншегі
қалды. Ол келіншек – түскеніне жылға толмаған, кескіні ажарлы, бір
жігітке əйел болуға жарарлық деген адам еді. Аты Қалима.
Өлген жігіттің Алатай деген ержеткен інісі болатын. Бойдақ қайнысы
болғасын ауыл-аймақ: «аға өлсе, іні мұрасы» деп, қайтыс болған жігіттің
жылын бергесін, Қалиманы соған қоспақ болған.
Бірақ Қалима елдің ойынан шықпай, Асанмен көңіл қосып, соған тимек
болды.
Алатай жеңгесінің, Асанмен жақындағанын бастапқы кезде сезбей,
көптен соң барып білді. Ол əуелі қатаң келмей, Асанға ағайыншылық
базнасын айта кеп:
– Жесір менікі, құдай болмаса адамның дауы жоқ. Бір қатынға
татымайтын жігіт емеспін. Бір сайтан азғырған шығар. Ауыл үй қонып,
ағайын боп отырған адамсың, жүрген-тұрғаныңды кешейін. Сен менің
сыбағалы асыма қол созба!– деп өтініш етті.
Бұл сөзге басында ұялғаннан: «жарайды» деп жауап берген Асан, жəне
де: «қойсам қояйын, ауыл-үймен аңдысып дұспан болғаным келіспес» деп
ойлаған Асан, артынан Қалиманың сөзінен жəне шыға алмады.
– Мен өлерімді білетін адаммын,– деді Қалима Асанға, Алатайдың сөзін
естігеннен кейін,– ол баста сенімен көңіл қосқанда, түбінде осы сөз
боларын біліп сақтандырғам. Сонда сен: «неге болса да шыдаймын!»
дегенсің. Тіпті уəдеңді бұзды деп ренжімес те едім. Мен қазір жүкті боп
қалдым... Енді айнуыңның жөні келмейді. Өлсек, тірілсек те бірге болайық.
Қалиманың бұл сөзін естігесін, Алатайға берген уəдесінен Асан айнып:
– Ат-шапан айыбым даяр,– деді тағы бір сөйлескенде оған,– əуелде қара
басып бір шырмалып қалып, енді босану қиын боп отыр. «Ала қойды бөле
қырыққан жүнге жарымайды». Бəріміз бір атанын, баласымыз. Бөтендігіміз


жоқ. «Ерден кетсе де, елден кетпейді» деген. Сенің қатын алуың менің
мойнымда болсын. Ат шапан айыбыңа бір қыздың қалыңын мен берейін.
Сен есік көргенді алма, бесік көргенді ал. Уызың арылмаған жас жігітсің.
Саған қызын кім бермейді? Ал, мен болсам, бұрын үйленген адаммын.
Маған қызын жұрт талғап барып береді.
Асанның бұл сөзіне Алатай ер-тоқымын бауырына ала тулады:
– Өзің кімді мазақтайсың?!– деді ол, тігін кеп,– мен саған қалың беріп
қатын əпер деп қашан айттым! Егер сен олай басынатын болсаң, менің
сөзім қысқа. Өлмей, мен саған жесірімді бермеймін. Ағайыншылық сөзге
көнбейтін болсаң: «жаумын» де де, тұрысатын жеріңді айт! Мен неге болса
да шыдаймын.
– Шыдассақ шыдасайық,– деді Асан да ашуланып!
– Əй, рас айтасың ба?– деді Алатай түрегеліп.
– Рас айтқанда неғыласың?
– Не қылғанымды көр. Əкел қолыңды! Асан қолын бермеді.
– Ə-ə-ə... солай ма?– деді Алатай екіленіп.
– Менімен табан тіресуге жарамассың!
– Саған ол мықтылық қайдан келді!
– Көр, қайдан келгенін! Кезіңді желкеңнен шығарам! Үйіңе кімді сақтап
отырғаныңды білемісің? Үйіңдегі əйел кімдікі?
– Кімдікі? Менікі!
– Атаңның басы!.. Абақтыға жабылған қызылдікі. Жəй-жəй-жəй, бар
ғой, Асан, бір домалақ қағазды түртіп жіберсем, əлегін, аспаннан келеді.
Сен мені түк білмейтін мылқау деп ойлайтын шығарсың. Мен сені ағайын
деп аяп жүрсем, сен мені жат көріп таяйсың. Кəне, шыдасайық!
– Ойбай, білгеніңді қыл!– деді ерегіске қызып кететін Асан,– мені аяма!


– Рас па, əй Асан? Əкел қолыңды!
Екеуі қол алысты.
Бұл кеңестердің бəрін Ботагөз бір қаға беріс жерде естіп түр еді. Асан
мен Алатай бірін бірі жегі қоярлықтай кез қараспен айрылғанда, Асқардан
хат алғаннан бері басынан арылған қайғы тұманы қайтадан Ботагөздің жан-
жағын қоршады.
– Апыр-ай, Асан-ай!–деді ол Алатай кеткесін, алдынан қарсы шығып,
жылап,– бұларын, қалай?
– Ол не?– деп Асан білдірмеген болып еді, Ботагөз естігенінің бəрін
айтты. Асанға енді тануға болмай қалды.
– Оған уайымдама, Ботагөз!–деді Асан,– сабындай көбіктенгенмен, сол
неме не бітіреді дейсің. Аузы айтады. Əйтпесе, оған күш қайдан кепті?
Ботагөзді жұбатқан Асанға, егер келіншекті алмаса Алатайдың алдында
одан қорыққан жасық адам болатындай көрінді де тұрды. Сондықтан ол:
«не қылса да алмай қоймаймын!» деген сертке мықтап бекінді.
Осы кезде сол маңайға алашорданың соты келді. Байтөбет үйінде жатып
сот құрған судьяға Асан жолығып, үш жүз сом пара беріп, келіншекті алып
беріңіз деп уəделесті.
Асанның ізін аңдып жүрген Алатай, үш жүз сом бергенін түн
қараңғысымен пайдаланып тыңдап жатып, болған істі бұлжытпастан
Байтөбетке баяндады. Ел жайлауға шыққанда Байтөбет қонатын жерге
Асан бұрын барып үйін тігіп қойып, Байтөбетпен екеуі жанжалдасып
қалған еді.
«Құланның қасынуына, мылтықтың басуы» дегендей, Алатайдың
Асанмен жанжалы Байтөбеттің ойына дəл келе кетті.
– 300 сом түгіл 3000 алса да судьяның мойнын бұрап берем!– деді
Байтөбет Алатайға,– бірақ сен өзің берік бол. Түбінде ағайыным еді деп
солқылдап қалып жүрме. Үйтсең осы бастан мен кіріспеймін.
– Менде ағайыншылық біткен,– деді Алатай сендіріп,– одан маған енді


орыс жақын. Қолдан келетін не қастық болса, мен бəріне даярмын.
Алатай Байтөбетке Ботагөз туралы білгенін айтты.
– Бəсе!–деді Байтөбет,– Қосшыбай айтқан еді! Рас болды...
– Осы қатын кімдікі?
– Асқар Досанов дегендікі. Ол Омбыда ұстауда жатыр еді, к,ысты күні
түрмеден қашты деп кəзитке жазды ғой. Өлі-тірісін білмеймін.
– Дəл үстінен түстін,!– деді Алатай, Асқардың кім екенін білмесе де,–
нақ соның өзі!
Жұмысын орындаса Алатайдан қасқыр ішік алмақ болған Байтөбет,
судьяға айтып еді, алып қойған парасы болғандықтан: «əйелдің басына
бостандық қой» деп ол бұлталақтады.
Бірақ Байтөбет түптен кеп шынын айтқанда – судьяның көзі шарасынан
шығып кетті.
– Оның қатынын жасырса,– деді ол үрейленіп,– не қылса да рауа. Онда
мен пікірімнен қайттым.
– Сіз бұл іске кіріспеңіз,– деді Байтөбет,– ақсақалдың билігіне тастап
жүре беріңіз. Кейінгі тынымын мен өзім істеймін.
– Жарайды.
Судья Асанның арызын ақсақалдардың қарамағына қалдырдым деп
басқа жұмысын бітіріп, жүріп кетті.
– Мұныңыз қалай?–деген Асанның, сұрауына:
– Сондай заң бар,– деді ол, əуелі ақсақалдар қарайды. Егер олар бітіре
алмаса біз қараймыз. Мен жақында айланып келем. Соған шейін бітірмесе,
өзім бір жайлы қылам.
Сол кеткеннен судья оралмады. Байтөбет Қалиманың төркініндегі
ақсақалдарға кісі салып, болып жатқан оқиғаны айтып хат жазып: «не


қылған күйде қайын інісіне қосыңдар, ат, шапандарын, даяр» деп өтініш
етті.
«Байтекеңнің сөзін орындаймыз» деген хабар келіншектің төркіні жақ
ақсақалдарынан келіп қалды. Осы хабарды алғаннан кейін ерегіске,
намысқа белін буған Асан төркіні ертең келеді деген күні түнде Қалиманы
ұрлап алып қашты. Алатай қанша сақтық істегенмен айрылып қалды.
«Ит ашуын тырнадан алады» дегендей, Асан Қалиманы алып
қашқанның ертеңінде Алатайдың жақындары жиналып Асандікіне келді де,
Ботагөзге қатты-қатты сөздер айтты.
– Ə-ə-ə!..– деп кекетті олар,– сен осындай ма едің? Бəсе, бұл неғылған
оңай олжа деп ек!..
– Бір келіншек кетсе, біреуі мұнда ғой,– деген сездер шықты
кейбіреудің аузынан,– біріне бірі татитын ғой. Ауыр-ауыр сөздер айтып,
Алатайдың жақындары тарады.
«Шыңбұлақтың» басына барып, Асқардың хатын оқып, Ботагөздің
жылауы осыдан кейін.
– Не күйге ұшырадым?!–деп жылады Ботагөз.– Енді не болдым?..
3
Байтөбеттің сəлемімен – екпіні ел кешіргендей боп келген төркіні
Қалиманың орнын сипады.
– Сенің бір ауыз сəлеміңмен келдік,– деді төркін жағының атқамінер,
ақсақалдары, алдынан күтіп, Асан аулында отырған Байтөбетке,– біз сенің
жағыңдамыз. Тентектің сен басын кессең, біз аяғын шабуға дайынбыз.
Жұмыс былай боп қалған екен. Бұдан үлкен істің де тетігін табатынсың.
Ендігісін өзің реттей бер, бізде бөтен сөз жоқ.
– Бір жайы болар, жата-жастана кеңесейік,– деп Байтөбет, Қалиманың
төркінін Асанның үйіне жəне оның жанашырларына бөліп түсіртті.
– Жайым келмейді,– деп Асанның кейбір кедей ағайыны күңкіл
шығарайын деп еді:


– Пəле жоқта пəле түсіріп!– деді оған Байтөбет, ақырып,– енді
қипақтайын дедің бе? Өшір үніңді! Мен емес сендерге біреудің жесіріне
зорлық қыл деген! Жансарының баласы көкіп кетіп едіңдер. Іздегендерің
пəле еді. К,ұдай іздеген пəлеңді шаңырағыңнан түсірді. Енді шыда!..
– Соятын малдың реті жоқ еді...
Астыңдағы жалғыз атыңды сой, сауып отырған жалғыз сиырыңды
сой!.. Онда менің қанша ақым бар? Егер де қонағыңды күте алмасаң маған
өкпелеме!..
– Үйі-күйі басқа адамбыз ғой, «Жансарының баласы» дегенмен,
Асанмен біз бес-алты атаға келіп қалдық. Ол үшін бізді жазғырма!–деп
біреулер жалынып еді...
– Көйлектей ағайыны сен күймегенде, Асанның отына күпідей ағайыны
мен күйем бе? Осының, боларын біліп айтқанымда мықтымсынып болмап
еді, тартты енді сазайын. Жайшылықта Асанның соңына еріп, басына іс
түскенде қашамысың. Ол сөзді маған естіртпе!– деді Байтөбет.
Жансарыға қараған бес-алты үй болатын еді. Қалиманың төркіндері
бірінен соң біріне жылжып соларда екі күндей жатты. Қолда бары
қолдағысын сойды, қолда жоғы сатып алып сойды, сатып алуға күші жоғы
борышқа алды, əйтеуір, Жансары тұқымы тырп ете алмай, дауға жиналған
40–50 кісіні күні-түні етке жықты да жатты. Қонағасысын көңілдегідей
бермегендер Байтөбеттен таяқ та жеді.
Байтөбеттен құдалар екі күндей осылай сый қонақ боп жатқанда:
«Асанды табыңдар, осы маңайдан ұзаған жоқ шығар. Елді атыстырмасын.
«Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқасын» деген мақал бар.
Райдан қайтсын. Жесірді əкеп берсін. Күнəсін кешейік»– деп Асанның
жанашырларын жұмсап еді, олар Есілдің тоғайын қыдырып, таба алмадық
деп қайтып келді.
Шынында олар тапты. Сенімді бірер жігітке Асан жататын жерін айтқан
еді. Бірақ тапқан адамдардың: «Қалиманы үйіріне қос, елді бүлдірме!»
деген сөзіне ол көнбеді.
– Əліптің артын бағайық,– деді ол тапқан адамға,– не қылар дейсің.
Бітімге келіп мал алатын болса, ол жабдығын істеңдер. Егер малға бітпесе


білгенін қылсын. Онда қашпаймын. Үйге барам да жатамын. Əуселелерін
көріп алам!
Тоғай ішінде тығылып жатып, Асан жан-жақтағы, баяғыда окоп
жұмысына бірге баратын жігіттерге астыртын сөз салып еді, олар:
– Шыдасын, қорықпасын,– деп хабар айтты,– егер бітімге келмей
зорлық істеймін десе – біз сойылыңды соғуға даярмыз!
Алатай да, Қалиманың төркіні де мал бітіміне келмеді. «Даудың кісісі
емессің, басыңды даумен əңкі-тəңкі ғып қайтесің мал ал да біт!» деген
сөзге Алатай əуелі солқылдап еді, Байтөбет оны қайрап: «Бұл қорлыққа
көнгеннен де, осының жолында ел!» деп ширата берді.
Жасырын да, ашық та Асанды іздетіп, табудан күдер үзе бастағасын,
Байтөбеттің ақылымен Алатай Ботагөзді айналдыруға кірісті.
– Менен кетті деп кеміткенім емес,– деді ол, Ботагөзге сөйлескенде,–
жеңгем сенің тырнағыңа тұрмайтын əйел. Сайтан азғырғасын амалың бар
ма? Əйтпесе, сені тастап оны алатын Асанның жолы жоқ еді. Бұл жалғыз
мені емес, сені де қорлағаны.
– «Көсеу ұзын болса, қол күймейді» деген сөз бар,– деді Ботагөз,
Алатайға сыр бергісі келмей,– қайтер дейсің. Алмағай еді. Алып қалғасын
əйелдік қып бетінен алып қайтейін. Екі қатын алған жалғыз ол емес. Мен
қызғанбаймын. Ал, сен де дау іздей берме. Аға езіңдікі. Қайта, мен
қызғансам, əйелдік істеме деп сенін, ақыл айтатын жолың бар емес пе?
Бəрін, бір атаның баласысыңдар. Ағаңның бір айыбын кеш. Ат, шапан ба,
одан кеп бола ма, жұрт кескен айыбыңды ал да бітіс!.. Бір ауылдағы азғана
он шақты үй қандасып қайтесіңдер?..
– Жоқ, Жамал!– деді Алатай көнбейтіндігін айта кеп,– Асан менің
көңілім жібір іс істеген жоқ. Рас, жесірі кеткен жалғыз мен емес. Жесірдің
елден кетсе де ерден кетпейтіні рас. Бірақ менің Асанға өкпем: ағамның
жылы бітсе не етті? Мен оның жылын беріп, батасын оқытып, жеңгемнен:
«жарықтығым, жас адамсың, отырсаң да, кетсең де еркің» деп сұрасам не
етті? Сонда жеңгем маған тоқтамай: «мен құрықты Асанға салам» десе
өкпем бар ма? Ол елдің ғұрпы емес пе? Олай істемей, ағамның өлгеніне
табасы қанғандай, ағамның топырағына шеп шықпай жатып, жылын
бермей отырып, Асанның жау боп түскені – өлсем сүйегіммен кетеді.


Ботагөзбен біраз арбасқан Алатай, көңілдегі ойын кеп кешікпей айтты.
– Сөздің адалы керек,– деді ол,– мен қанды қанмен жуам. Жесіріне
жесірін алам. Мен сөздің турасын айтайын. Бітер жерімді айтайын.
– Айт.
– Айтсам: не жесірімді қолыма əкеп бермей, не жесірімнің орнына оның
жесірін алмай – мен Асанмен бітіспеймін. Егер ол болмағанда, қай əліміз
келгеніміз бір-біріміздің қанымызды ішеміз. Сөзді ашып айтайын: сенің де,
менің де кегіміз қайтсын, мен де Асаннан кеммін деп жүрген жігіт емеспін,
сен маған ти!
Ботагөз түрегеп жүре беріп еді:
– Əй, Жамал!– деді Алатай.– Рас көнбей кетіп барасың ба?
Ботагөз үндемеді.
– Жоқ, айт шыныңды!
– Мен саған борышқа тием дей алмаймын,– деді Ботагөз бетін бұрмай.
– Рас қой?–деді Алатай қатарласа беріп, түйіліп.
– Рас!
– Жоқ, тиерсің!
Ботагөз ерегісуді қажет көрмей жүре беріп еді...
– Тоқта!– деді Алатай иығынан тартып,– мен білем сенің кім екеніңді.
– Кіммін?– деді Ботагөз тайғақсып.
– Сен ақтар абақтыға жапқан, қызылға жазылған адамның қатынысың.
Сені Асан үйіне тығып отыр. Сен Асанның қатыны емессің.
– Жібер!– деді, жылдамдата соққан жүрегі кеудесіне сыймаған Ботагөз,
Алатайдың қолын итеріп.


– Енді ұқтың ба?– деді Алатай қолын босатып,– не сен маған тиесің,
сүйтіп жан сақтайсың. Не күні ертең өзіңді көрсетіп, ақтардың қолына
берем.
Ашулы адыммен Алатай кетіп қалғанда, дірілдеген буындары денесін
көтере алмай, Ботагөз жерге отыра кетті. Қысылғаннан оның маңдайынан
тер бұрқ ете түсті. Оның басына ой, көзіне жас келмеді. Оның денесін сана
емес, үрей биледі.
– Сөйлестің бе, бала?– деп сұрады, іңірде далада отырған Қалиманың
төркіндері мен Байтөбет.
– Сөйлестім.
– Қалай, икемге келетін бе?
– Жоқ, келер емес.
Байтөбет қонақтарға Ботагөздің кім екенін, қалай келгенін сыр ғып
айтып еді...
– «Қатын қайраттанса қазан қайнатады» деген,– деді құданың біреуі,–
жоқтап жатқан төркіні жоқ. Болысар адамы жоқ, егер Алатайдың өзі ұнатса
зорлап апарып енгізу керек. Оған Асан да қарсы болмайды. Содан кейін
сүйегімізді Асаннан біз өзіміз-ақ іздеп алайық. Алатайға ат-шапан айып
алып берейік. Бізді немен разы ғып қайтарарын тағы сөйлесеміз ғой.
– Ерегіскесін, бір жұма қатынданып, тастап кетсең нең кетеді?– деді
Ботагөзді алмаймын деген Алатайға біреулер,– алмаймын деуің дұрыс
емес. Артының бір жөні бола жатар. Күшігіне тақым бұрау салып
қаңсылатса, қасқырдың қаншығы жетіп келетінін білемісің? Асан да
қасқыр мінезді қатты жігіт. Егер мына қатынға жаны ашитыны рас болса,
мұның жанына батыра іс істесең қолыңа өзі кеп түседі. Қызымызды көзге
бір көрсетші, Асан түгіл кім алып қашса да, мойнын бұрап берейік!
Алатай кенді.
Ақсақалдардың қаулысы: Асанның үйіне үш-төрт жігіт жіберіп,
Ботагөзді көнбесе, зорлықпен Алатайдың үйіне алып баруға қосты.


– Бұларың келісер ме екен?– деген күңкілді Байтөбет басып тастады.
– Қарыстыр жағыңды!– деді ол жекіп.
Байтөбеттің əмірімен, Алатайға тілектес төрт-бес жігіт Асанның үйіне
іңір қараңғысын жамылып, білектерін сыбана жүріп кетіп еді, аздан кейін
Асан үйі жағынан шаң-шұң дауыс, төбелестің дыбысы, боқтау сөздер
естілді.
– Бұл не?–десті отырып қалғандар үрейленіп, түре геп.
– Асан үйінде екен,– деді біреу жүгіріп кеп.
– Қалима ше?
– О да үйінде.
Əлгілер соған таласып жатыр ма?
– Таласқанға болатын емес. Үйі толған жігіт.
– Олар кім?– деді Байтөбет.
– Əр ауылдан да бар көрінеді. Төбелесіп күш келетін емес. Алатай
төбелесем деп еді, Асанның жігіттері төбелеспей, аяқ-қолын ұстап, еркіне
жібермеді.
– Бұл қай бассыздық!– деді Байтөбет тұлданып,– бұл енерді оларға кім
үйреткен. Жүр, кəне, барайық, көрейік қырғанын!..
– Байтеке, сабыр!– деді біреулер, Байтөбет Асан үйіне жүруге
беттегенде,– сөз бермей кетпес, ашу үстінде барып, біреу-міреу жазатайым
болар. Кепке топырақ шаша алмассың.
Байтөбет аз кідіріп, бəсеңдеді.
4
Құттыбай ауылы күздікке екі жарылып қонды: төрт-бес үй Алатаймен
бір бөлек, бес-алты үй Асанмен бір бөлек. Асан Қалиманы алды.
Қалиманың туған əкесі: «Мен даудың кісісі емеспін, бітісемін, баламды


көрмей отыра алмаймын!» деп еді, сол маңдағы атқа мінерлер: «Байтекеңе
берген уəдеміз бар, елден шығам десең өзің біл, біз саған қосылмаймыз»
деді. Олардың сөзіне болмай, Қалиманың əкесі Асанмен табысты.
Байтөбеттің ұйтқуымен Қалиманың төркін жағы Жансарыға қараған
бес-алты үйдің он шақты жылқысын барымтаға алды. Ол барымтаның
қаруын қайтаруға мүмкін еместігін көрген Асан амалсыз шыдады. Теңдік
əпермейтінін біліп, үкімет орындарына бармады.
Байтөбеттің ақылымен Алатай Асанға қастықты екі жүйеден іздеді:
біреуі – жақын жерден малына қастық істеу, реті келсе Асанның жанына да
қастық істеп, кезегі келетін болса өлтіру; екінші – Ботагөзді жасырғанын
алашорда мен Колчак үкіметіне білдіру.
Асанды талай тосқауылдап, өлтірудің ретін таба алмаған Алатай,
Жансарыға қараған бес-алты үйдің қой, тайша-торпақ, тай-құлын сықылды
малдарына бөрідей тиді. Құрығы жеткен малды ол жасырып та, көрсетіп те
сойып жей берді.
«Мал ашуы – жан ашуы». Бірер тоқты-торымға шыдаған Асан,
Алатайдың қылығы шектен шығып бара жатқасын, қол-іске қол-іс
жұмсағысы келіп еді...
– Малды мықтап күзету керек те, қандаспау керек,– деп жалынды
Ботагөз.– Алатайды желіктірген Байтөбет екенін көріп отырсың. Қайтесің,
амал жоқ. Бұл заң тұрғанда саған қиын болатыны рас. Жасқанып, үкімет
орнына бара алмайсың. Ақсақалдар саған өшігіп алды. Қайтесің, шыда!
Алатай біртіндеп жұмсарып, бірлігін берді. Оған қуанған шөпшілердің
біреуі үйінен тоқты алдырып сойып, бəрі мəжілістесіп бірге отырып ет жеп,
«кегіміз бітті» деп қол алысты. Шөпшілер Асанға ат, шапан айып кесіп,
атына өзінің маңдайына басқан күреңін, шапанына түйе жүн шекпенін
беруді өтінді. Асан оған көніп еді.
– Жоқ, алмаймын!– деді Алатай,– əуелде намысқа кірісіп тулағаным
рас. Енді шын бірлігімді беріп, қалтқысыз табысқасын айып алып қайтейін.
Кешкесін, түгел кешем.
Шын табысқандығын көрсету үшін Алатай Асанға сырын айтты.


– Ашумен,– деді ол,– Байтөбеттің ұйтқуымен сот орнына сені
қызылдың əйелін тығып отыр деп арыз беріп ем. Ерте бергем. Əлі сыбыс
жоқ. Аяқсыз қалса жарады. Егер аяқсыз қалмай, зəуі-сайтан үкіметтен кісі
келетін болса, маған ішіңе бүкпе сақтадың деп ренжірсің. Ол сырымды
жасырмайын.
– Өзің адал келсең оны қойшы, тəуекел, көріп аламыз,– деді Асан.
– Бəсе,– деді басқалары,– өздерің табысқасын ол не қылады. Келер де
кетер.
– Егер келсе тегін кете қоймас,– деді Асан.– Бірақ, мен оған Алатайды
енді кінəламаймын, Егер Алатайдың қолында сондай əйел тұрып, мен
Алатаймен араз болсам, мен де үкіметке білдірер ем. Енді, татуласқасын ол
үшін не көрсем де, мен Алатайға өкпелемеймін.
– Байтөбет ит түбіме жетті,– деді Алатай шын көңілден кейіп,– дауыңа
көмектесем деп, іш-майымды сорып та болды. Мен, бар болғыр, атағына
алаңғасарланып шаба бердім. Жауыз талайды осылай тақыр мұзға
отырғызды дейтін еді, мен де отырдым.
– Болар іс болды,– десті қасындағылар,– оған өкінбе. Енді осының
айласын іздеу керек.
– Мен таптым айласын,– деді бір шөпші,– екі туып бір қалғаны емес,
басыңның аманында бұл əйелден құтыл. Əркімнің өз жаны тəтті. Біреу
үшін отқа күйме. Əйелді бір түнде бір жаққа апарып таста. Содан кейін
соттан кісі келсе: «көрмедім, білмедім!» деп отырып ал, не «қашып кетті»
де. Сонда саған не қылады?
Бұл ақылға:
– «Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені, емен ағаштың иілгені –
сынғаны»,– деді ол, Асқардың кім екенін айта кеп,– жалғыз мен емес, осы
елдің барлық окопқа барған жігіті: «бұл əйелді сақтаймыз, ешқайда
жіберме!» деп отыр. Асқардың жақсылығы елдің жігітіне сіңген. Ол
əлденеше мың жігітке пана болған. Ал, біз рулы ел болып, бір əйелге пана
бола алмаймыз ба? Мына қызылдар келе жатыр. Асқар қызылдың ішінде
деген хабар алдық. Анық хабар.


– Онда жақсы екен.
– Ертең Асқар аман келсе, не бетімізді айтамыз. Əлдекімнің əйелі болса
мен оны не қылайын. Мен өзім бұл əйелді сақтап үйіріне қосу үшін неге де
болса шыдаймын.
Асанның серті беріктігін көрген шөпшілер, ұсыныстарын қайталаған
жоқ. Етті жеп, белін шеше, сырларын ақтарып, «ер тəуекел!» деп бірлікке
келген Алатай мен Асан жай-жайларына тарады.
Бұл хабарды қосына кеп хабарландырғанда, Ботагөз де, Асанның
ағайындары да қатты қуанды. Асанды татулыққа жұмсағандары үшін олар
Ботагөзге алғыс айтты.
– Бүкіл ел боп тетігін таппаған істің тетігін таптың-ау, шырағым,– десті
қартаң адамдар Ботагөзге,– көп жаса! Осы татулықтың ертеңіне Асан мал
сойып, Алатайды жолдастарымен қонаққа шақырды. Қалтқысыз татуласқан
ағайын: «жақын арада жұрт жаңартып, бөлінген ауылды біріктірейік» деп
ойнап-күліп ас ішіп тарады. Содан кейін үкімет орнынан кісі кеп қала ма
деп екі жағы да құлағын түрік ұстағаны болмаса, өзді-өзінен қастық күткен
жоқ. Мал да, адам да бұрынғыдай еркімен жайланды. Екі жағы да шаруа
жабдығына тиышталып кірісті.
Бұл татулықты естіген Байтөбет бұрқанып, өзі кеп Алатайға:
– Сенде сүйек жоқ, кəпір, нағашың жаман еді, соған тартқан екесін.
Бұдан да өлсең еттің!– деп ұрсып еді:
– Мен дау иесі емеспін, шаршадым,– деп жауап беріп, Алатай ол сөзге
уəдесінен толқыған жоқ.
– Ендеше, менен жақсылық күтпе!– деп, көндіре алмаған Байтөбет,
ашуланып кетіп қалды.
Асанның ауылы Есілдің жайпақтау бір қабағына қонған еді. Жайпақтың
сайы Есіл тасығанда су кеп құйылатын алап болғандықтан қалын,
шабандық. Жансарыға қараған бес-алты үйдің ер азаматы осы сайда шөп
шауып, күндізгі сусынды шабындық басында ішеді де, кешке үйге кеп
қонады.


Сол жыл Есіл де мол тасып, жаз жаңбыр да жауып, егін мен шөп
тамаша көп шықты. Құрғақшылық жыл түгелімен ұйпайтын Есілдің
шабындық сыбағалы алабының Жансары тұқымы мұртын да баса алмады.
Ол ел аздап егін де егетін еді. Шабылған шөпті алдағы қысқа артығымен
жетеді деп шамалағаннан кейін, Асан басқарған қостың тең жарасы егін
жинау жұмысына шықты. Екі-үш еркек пен жəне үш-төрт жас əйелдермен
Асан шабылған шөптерді шабындық орнына маялап үюге кірісті. Күзгі
өрттен сақтанып, шапқан шөпті шабылған орнына үйіп, айналасын не
өртеп, не қара жыртынды ғып тастайтын ол елдің ескі əдеті еді.
– Бейнеттеніп қайтесің?–деген Асанның сөзіне болмай, мая үйісу
жұмысына қатынасқан жас əйелдердің, ішінде Ботагөз де жүрді.
Алатайдың «көрсетем» деген сөзін естігесін, ол біраз уақыт
мазасызданып еді, Алатай мен Асан табысқасын Асқардан хат алғаннан
кейінгі қуанышты қалпына түсіп, жадырап кетті.
Алатайдың өтінішімен біреулер:
– «Сондай ажарлы, жас əйелмен бір үйде жатып сау деп ойлайсың ба?
Сен оған сенбе. Қаланың өзінде көңіл қосып, содан кейін əкелгенін анық
білетін кісі бар. Өзің ойлашы! Жақындығы жоқ, айдаладағы біреудің əйелін
біреу үйіне əкеп асырай ма? Ол жүлік əйел. Асанның басын айналдырып
алған. Байқа түбінде көзге түрткі боп жүрме. Осы бастан басындырма! «Е!»
десе «ме!» де.
Жұмсағанына көнбе. Жұмысқа бірдей жүргіз. Ретін тапсаң – Асанмен
араздастырып кетірудің қамын ойла!»– деп Қалиманы азғырған-ды.
Ботагөздің кім екенін анық білмейтін Қалима, бұл сөздерге басында
сене жаздап, Асаннан сұрап еді, Асан шынын айтты. Оған да түгелімен
сенбеген Қалима, екеуінің жүріс-тұрысынан, көзқарасынан сынап еді,
күдікті ешнəрсе, сезе алмады. Содан кейін ол күдікті ойды көңілден
шығарып, Ботагөзбен дос боп кетті.
Келіні еместігін білгесін «бұрынғы көңіл өзгере ме!» деп Ботагөз
Масатыдан да қорқып еді, Ботагөздің кім екенін білгеннен кейін, бұрынғы
жақсы көруін о да өзгерткен жоқ.
– Келін дегенің мынадай боп шықты-ау, бетім-шіркін!– деп таңданған


абысындарына:
– Жалғызымның өмірін сұраудан басқа тілек менде жоқ!– деді Масаты,
баланың бір білгені бар шығар. Маған сөз не керек.
– Əлі де жақсы көресің бе?– деген сұрауға:
– Жек көріп не қылайын,– деді Масаты,– өзіме зияны тиген жоқ. Тіпті,
сол шіркін туған баламдай боп кетті. Ана біреу нəрестесінің иісі өзіме сіңіп
қалған. Жақсы көргесін: туған, тумағаны бəрібір екен. Құдайға күнəлі
болсам да айтайын: сол нəрестенің, тілегін жалғызым Асаннан кем
тілемеймін. Ертең аман-сау Жамалдың күйеуі келіп, қатын-баласын алып
кетсе,– деді Масаты көзіне жас ап,– үйреніп қалған Амантайдан айрылуым
қиын болады-ау деп жүрмін.
Осы сөзден кейін абысындары Масатының Ботагөзге ықласы ауғанын
көріп, достары үндемеді; Алатайдың намысын жыртқандарының сөзін
Масаты тыңдамады. Əйткенмен, Асан Ботагөз мəселесі ашылғаннан кейін
маңдайына басқан жалғыз атын баптап, болашақ қауіпке даярлық істеді.
«Егер үкімет орны іздейтін болса,– деп ойлады ол,– Ботагөзбен
жасырынайын. Қызылдар тез келеді деген сөз бар ғой».
Осындай ойда жүрген Асан, бір күні түс кезінде Ботагөзді арбалы атпен
ауылдан қымыз əкелуге жұмсады. Шөпшілердің мая үйіп жатқан жері
ауылдан екі шақырымдай еді. Арасында сайлар, тоғайлар болғандықтан
жақын жер болғанмен ауыл шөпшілерге, шөпшілер ауылға көрінбейді.
Қорапсыз тарантасқа жеккен жуас атпен Ботагөз ауылға келсе, Амантай
томпаңдап үй алдында ойнап жүр екен. Қасында Масаты. Бұл кезде оның
ептеп тілі шығып, аяғын апыл-тапыл басып қалған кезі еді. Жəне дені сау,
тəрбиесі жақсы болғандықтан денесі жас жарымда дерлік емес, екі жарым,
үште дерлік.
– Əп-пə!..– деді Амантай, Ботагөзді көріп, аттаған сайын сүрініп,
ұмтылып.
– Əу, құлыным!..
Көзінен екі елі таса болса сағынып қалатын Амантайды Ботагөз жүгіріп


кеп жерден көтеріп алды да, құшағына қысып, бетінен мейірлене сүйді.
– Жылады ма?– деді ол Масатыға.
– Жоқ, шырағым. Қаймаққа езген ақ ірімшік жеп тойып алды. Жаңа
қойдың піскен сүтін бердім.
Үйден қымыз қотарып алған Ботагөз, Амантайға алданып, оны
ойнатып, былдырақтатып сөйлетіп, сөздеріне шегі қата күліп, үйден
кешігіңкіреп шығып еді – табалдырықты аттай беріп үйге сұп-сұр боп
қайта кірді.
– Немене?– деді Масаты, Ботагөздің сұрланған ажарына қарап.
– Мылтықты біреу түсіп жатыр,– деді Ботагөз дауысы дірілдеп.
– Қойшы, қарағым.
– Рас!
– Орысы бар, қазағы бар, үйге бес-алты милиционерлер сау етіп кіріп
келді. Іштерінде Алатай. Бұлар Алатайдың арызы бойынша Н... қаласынан
алашорда мен ақтардың Асанды ұстауға жіберген адамдары еді.
Милиционерлердің жай келмегенін жорамалдаған Ботагөз, буыны
дірілдеп, жүрегі тулап, əйткенмен, сыр бермеуге тырысып, «мұнысы қалай»
дегендей, Алатайдың кескініне қарап еді, о да сұп-сұр екен.
– Осы қатын ба?– деді қазақ милиционердің біреуі Ботагөзді нұсқап,
Алатайға.
Алатай үндемеді.
– Мен... Саған... подлец...– деді милиционердің біреуі, Алатайға
саусағын безеп, көзімен ішіп-жеп,– көресіңді көрсетем! Арыз бересің,
содан кейін танасың!.. Үкіметті ойыншық қылғың келе ме?..
Алатайдың неге сұрланып тұрғанын Ботагөз сезді. Оң жақ шекесінің
көгеріп іскенін көріп: «ұрған екен ғой, сорлыны» деп ойлады ол.


– Сен кімнің қатынысың?–деді, тағы бір милиционер Ботагөзге көзін
қадап.
– Асандікімін.
– Қай Асан?
– Осы үйдің иесі.
– Атың кім?
– Жамал.
– Өтірік айтпа. Жамал емес, Ботагөз! Сен Асқар Досановты білемісің?
– Бұрын білетін ем, қазір білмеймін.
– Сен оның əйелі болдың ба?
Бұл арада: «болғам жоқ!» деуден пайда шықпайтынын байқаған
Ботагөз, басқа əдіспен алдауға ойлап:
– Болдым,– деді,– бірақ айрылдым.
– Арестовайт еткесін, əрине, айрыласың? Сен неге оны тоспай байға
тидің?
Милиционер залымдық күлкімен кескінін құбылтып көзін ойнақшытты.
– Тосып қайтем?– деді Ботагөз, дірілдеген денесін зорға билеп,– жас
əйелмін, байға тидім.
Ботагөздің көзі сол кезде Масатыға түсіп еді, Амантайды баурына
басып, кебеже қасында түрегеп, адам пернесі кетіп, құты қашып тұр екен.
«Сіз далаға кетіңіз» дегендей Ботагөз оған көзімен ишарат қылғасын,
Масаты түсініп, шығуға айналғанда:
– Отыр, кемпір!– деді бір милиционер ақырып,–- тырп етпе!
Сасқан Масаты шегініп, орнына барды.


– Сенімен қалжыңдасып тұруға уақыт жоқ!– деді милиционердің бірі
түсін суытып,– сен абақтыдан қашқан большевиктің қатынысың. Қайда
кеткеніңді білмей жүр ек. Мына подлец,– деді Алатайды нұсқап,– əуелі
арыз беріп, енді танып тұр. Тансын!.. Көрсетеміз оған, танғанды!.. Сен,
қатын, қалжақты қой, шыныңды айт! Абақтыдан қашқан Асқар Досанов
бұл үйден қашан кетті? Əлде, əлі де осында тығылып жатыр ма?
– Мұнда Асқар келген жоқ.
– Ə-ə, жасырасың ба? Асан қайда?
– Шөпте.
– Сен айт, Асқардың қайда екенін!– деп милиционер, ұшы шоқпарлы
резеңке қамшыны безеп, қолын көтеріп, Ботагөздің қасына төніп келді.
– Көрмегесін қайдан айтам!– деді Ботагөз.
– Мə-сағ-ған, көрмеген!– деп милиционер Ботагөзді қамшымен иықтан
айқыра тартып-тартып жіберді.
Резеңке қамшы осқан арқасы, пышақ тіліп кеткендей Ботагөздің аузына:
– Апа-ай, өлдім ғой!–деген сөз түсіп кетті. Ботагөздің ышқынған даусы
Масатының құлағына адамның емес, əлдененің үні боп естілді. Ол үннен
есі шыққан Масаты:


– Қарағым-ай!– деп Ботагөзге ұмтылғанда...
– Кет, кəрі ит!–- деп милиционердің біреуі кеудеден түйіп жібергенде.
Масаты шалқасынан түсіп, қолындағы Амантай ұшып кетті.
– Мына бұзылғандар қайтеді, ойбай!– деп Масаты орнынан тұра,
шыңғыртып ұрып жатқан Ботагөзді арашалауға тағы ұмтылды.
– Кім бұзылған!– деп милиционердің біреуі наганын ұсынғанда, тілін
ашулы саусақ тартып қап, наган гүрс етті. «Ах!» деген ышқынған дауыспен
Масаты кеудесін алақанымен баса құлады.
Жерге ұшып түскен Амантай іле түрегеп, бақырып жылап, қамшыдан
басын қорғаған шешесіне ұмтылып еді, милиционердің біреуі аяғымен
қағып құлатып, басып кетті. Баланың жан дауысы шықты.
Үйдің іші азан-қазан, у-шу болды. Бірақ бұл шу адам баласының шуына
ұқсаған жоқ. Ол шуды тыңдаған Алатайдың денесі түршігіп, тұла бойы
шымыр-шымыр етті.
5
– Бұл үйге жан адамды қатынастырма, ауылдан ешкім оғаш шықпасын,
қашқанын ат. Ауылға келген адамды ұстап, қама!– деп милицияның
бастығы бұйрық беріп, бір милиционерді Асан үйінің, есігінің алдына
қойды да, біреуін атқа мінгізіп: «ауылды айналып жүр!» деп, өзге төртеуі! –
Алатайды алып, Асан жатыр деген қосқа тартты.
Милицияшылардың келген хабарын Асан олар аулына бармай-ақ
естіген еді.
– Тығыл, тығыл!– деген еді Асанға, Алатай қосынан біреу жайдақ
шауып келіп.
– Неге?
– Жау келді. Сені іздеген милиция елге қаптап кетті. Біздің қосқа кеп,
Алатайды шыныңды айтпадың деп сілесін қатыра ұрды. Түнде Байтөбет
үйіне қонып шығыпты. Өздері мас. Сені көрсе... «тік атамыз» дейді. Біздің


ауылға кетті.
– Ойпыр-ай, онда, ауылға бүлік салады екен ғой. Ботагөз қолда қалды-
ау!.. Ауылды əлекке ұшыратпай, барсам қайтеді?
– Қой!–десті, өзгелері шу ете түсіп,– көзге көрінбе. Жазым қылар.
Қатын-қалашқа не істей қояр дейсің. Біраз ақылдасқаннан кейін Асан да,
қасындағылар да тоғайға тығыла тұруды ұйғарды.
– Ауылдағы бар естияр еркек жалғыз Байғазы шал,– деді Асан, тығылар
алдында,– егер бізді таппай кетпейміз деп қонатын болса, сол үйге түсіру
керек. Əйелдерді ауылға қайтарайық. Хабарды солардан айтайық. Жантас,
сен үйімде арақ бар деп жүр ең ғой?..
– Қалаға апарып сатамын ба деген он бөтелке самогон бар еді.
– Сен соны Байғазыға бер. Кешке милицияларды суарсын.
– Неге, байғұс-ау!
– Келгесін олар тегін кетпейді. Мас қылып, түнде мылтығын сыпырып
алып, арбаға көлденең таңып ағаш арасымен алысқа апарып тастау керек.
– Онда жақсы бола ма?
– Бəрібір өлеміз. Одан да солай істейік те, қашан кеткенше жасырына
тұрайық. Осы Есілдің тоғайы мен орманы бізді жасыруға жарайды.
– Ұйғарғаның болсын!– деді Жантас.
Сөз осыған қойылғаннан кейін əйелдерді ауылға қайтарып, қасындағы
жігіттерін жан-жақтағы ауылдардың дос-жар жігіттеріне: «Мынадай күн
туып қалды, құлақтас болсын!» деп жіберіп, Асанның өзі, қостарының
маңайындағы бір ойырылған құдықтың үстіне қою тал шыққан қуысына
кіріп жатты.
– Көп кешікпей милиционерлер келді де, Асанды табыңдар деп,
шөпшілерді ұрып та, қорқытып та, қысып, одан дəнеңе өндіре алмаған соң,
еркек атаулыны ауылға апарып тергеуге алып қайтты.


Ауылға қайтып кеп, қолдағы адамдарды таяқпен де, сөзбен де
қорқытып милиционерлер шынын айтқыза алмай қойды. Ауылдың жеген
таяғына ортақ болған Байғазы шал:
– Біздің үйге түсіп бір мал жеңдер! Сендерге кінə жоқ. Бұйрық солай.
Тентекті тауып бермейін деген біз де жоқ. Қашып кетіп таптырмай отыр.
Қатын-қалашқа жаны ашымайтын антұрған болды. Ауылды қысымға салып
қоймас, өзі келер,– деп милиционерлерге жалынды.
– Жарайды,– деді милиционерлер,– қонайық. Бірақ ертеңге шейін
іздеген адам таптырмаса, бізге өкпелемеңдер, жақсылық күтпеңдер!
– Енді... оған амал қанша?
Милиционерлер Асан үйінің есігіне құлып салып, бір шалды алдына
отырғызып: «егер айрылып қалсаң, атыласың!»– деді.
Жантастың үйінен он бөтелке самогонды іңірде əкеп қойған Байғазы:
«арақ бар» деуге бата алмай, білдірмей, қымызға қосып қана беріп отыр еді,
соның өзіне қыза бастаған милиционерлер: «арақ бар ма, ақсақал?» деп
өздері сұрады.
Байғазы кеп беруге батпай: «азғана бар еді» деп, əуелі екі шынысын
шығарды. Оны көрген милиционерлер ет пісуге қарамай, нанды закуска
қып, стаканды толтыра, бір-бірден қағып салды да, тағы сұрады.
Байғазы берген – екінші екі бөтелкені ішкесін, .аш өзекті арақ өртеп,
уыты бойларына тез жайылып, олар мас боп сандырақтауға айналды.
Бұл кезде жан-жақтан жиналған он, он бес дос-жар жігітімен Асан
ауылдың іргесіндегі жар қабақтың астында жатыр еді. Шешесінің атылып
өлгенін ол естіген. Бұл хабарға сазарып сабырлық көрсеткеніне, қасындағы
жігіттер оған разы болды. «Істің арты бұған айналған соң, – деді ол, –
қасындағыларға, – қанды қанмен жумай, мен енді тынбаймын!» жанындай
жақсы көретін ананың күйігі ішін өртеген Асан, сыртқа сыр бермей,
милиционерлердің жəйін бала жіберіп білгізді.
Байғазы берген – үшінші екі бөтелкені ішкесін, олардың көбінің көзі
бозарып, етке қарауға да əлі келмей, қылжиып қалды. Мастығымды
білдірмейін деп тырысқан бір-екеуі – төртінші екі бөтелкеге, қазандағы


еттен закуска алдырып жеп отырып, бөтелкелерін жартылап ішкенде –
қосыла құлады.
Милиционерлер қылжиған хабарын алғасын: «əуел мылтықтарын
тонайық» деп қасындағы жігіттермен Асан Байғазыныкіне келді де,
мастықтан түк сезбеген олардың бар қаруын сыпырып қолға алды. Содан
кейін ол үш-төрт жігітке мылтық беріп күзеттіріп қойды да, үйіне келді.
Масатының өлігінің қасында қараңғы үйде Амантайды құшақтап
отырған Ботагөз, оның қасында құр сүлдесі ғана отырған Қалима,– үйге
кірген Асанды танып, күңіренген зармен мұңдарын шақты. Бірақ сіріңке
тұтатқан Асан, жылаған даусынан болмаса, кескінінен Ботагөзді де,
Қалиманы да таныған жоқ. Ботагөздің бет-аузы көнектей ісік жəне
сағалданған қанның жолақ-жолақ ізі. Сіріңкенің жəне біреуін шаққан Асан
жарықты бетіне тосып, шешесіне қарап еді, демсіз жатыр екен. Жарасын
көруге ол батпай, көзінің жасын төгіп-төгіп жіберді де, қолымен көзін
сүртіп:
– Ал, жігіттер!–деді қасындағыларға,– маған да, менің үй-ішіме де бұл –
оғын туралаған ажал екен. Енді қанды қанмен жуып, қашан күшімнен
асқанда болмаса, мен қолға түспеймін.
– Мен де сенімен бірге болам!– деді Алатай,– мені де сау қоймады.
Байтөбет иттің сөзіне еріп, өзіме тілеп алған пəлем!
– Өткеннің керегі не. Маған кəзір серік керек!
– Екеуіңді жалғыз қаңғыртпаспыз,– деді жігіттер,– қысылтаяң күн туса,
біз де ат тізгінін берерміз.
– Оны көрерміз,– деді Асан,– маған сендер мына жұмысқа ақыл
беріңдерші: милиционерлердің ісін көріп отырсыңдар. Бұлар əлі де тегін
кетпейді. Не мені ұстап беріп құтыласыңдар, болмаса, мен үшін ездерің
елуге бейіл боласыңдар. Екінің бірі. Мені ұстап берем десеңдер, айтыңдар!
Сендерді əлекке ұшыратпай ертең өзім-ақ қолдарына түсейін.
– Оны айта көрме!
– Ендеше, сендер де өлмеңдер!


– «Қайда барса да қорқыттың көрі» болатын болса,– деді біреулер,–
осылардың өзін жоқ қып жіберіп, пəлесін бір жола көріп алсақ қайтеді?
Асанның да айтайын деген сөзі осы еді. Бірақ ол өзгенің пікірін күтіп,
«жарайды» дей қойған жоқ.
– Бір дəндеп алғансын бұлар елге кіжіңдейді де тұрады,– десті
көпшілік.– Күнде өлгенше, бір-ақ өлейік. «Көргем жоқ, білгем жоқ!»
қылып көздерін жояйық.
– Сөз осыған құйылса,– деді Асан,– мен де соны мақұлдаймын. Мені
ұстап бер, берме – бəрібір бұлар бұл елдің басынан əңгі таяқты айырмайды.
Бірақ ұжым болайық. Ауызға сақ болайық!
– Қайда жоғалтамыз?– деген сұрауға, Асан жауапты тез берді.
– Есілге ағызамыз.
– Шығып қап пəле болмай ма?
– Тас байлаймыз.
Алаштың жендеттеріне жігіттердің кескен жазасы сол түні орындалды...
6
Алаш милицияларына: «алмай кетпеңдер!» деп үйінен қайрап-қайрап
аттандырған Байтөбет, Асанды көзге көріне олармен бірге жауласуға бата
алмай, бірақ ішінен: «Əй, бəлем, дəндеп едің, енді сəті түскен шығар!» деп
табалап, үйінде жатты.
Милиционерлер Асан аулына барып, Асанның шешесін атып өлтіріп,
қос басына кеткен хабарын да ол алды. Бірақ содан кейін не болғанын,
қанша тіміскілеп сұрағанмен оған ешкім айтпай-ақ қойды. Сұраған
адамның оған берер жауабы:
– Қостан қайтып ауылға кеп, ауылдағы қатын-қалашты қысқасын, Асан
ерлік көрсетіп өзі келді. Милиционерлер Асан мен Ботагөзді ұстап алып,
қалаға жүріп кетті.


Бұл сөзге басында нанған Байтөбет, артынан астыртын кісі жүргізу
арқылы Ботагөз бен Асанның тығылып жүргенін, олардың қасында
бірнеше жігіт барлығын білді. Милиционерлерді, біреулер: «өлтірді» деді,
біреулер: «өлтірген жоқ» деді. Оның анығын білуге Байтөбет тағы да
шпиондарын жүргізіп еді: «өлтірген жоқтан» «өлтірді» хабары басымырақ
болды. Бірақ ізі-түзі жоқ. Не өлген адамның, не олардың киім-кешек, қару-
саймандарының, не ат-арбаларының еш жерде қалдығы жоқ.
«Өлтірген күнде, соның бəрін қалай жоқ қып жіберді!» – деп таңданды
Байтөбет.
Көңіліне «өлтірді» деген күдік кіргесін, Байтөбет Н... қаласына
почтамен мəлімдеме жіберіп, егер милиционерлер қайтып бармаса,
зерттеуін өтінді.
«Бірақ,– деп жазды ол, мəлімдемесінің аяғында,– Асанды осал жау деп
ойламаңдар – онда қару көп, ол қолға оңайлықпен түспейді».
Бұл мəлімдеме Қостанайдың сырт жағына келіп қалған Қызыл əскермен
соғысуға аттанған Алексей Кулаковтың қолына түсті. Бұл кезде Кулаков
ақтардың бір дивизия атты əскеріне атаман болған еді. Оның помощнигі
атаман Шайтанов. Екінші помощнигі жəне трибунал мүшесі Сарыбас
Итбаев. Дивизияда алаштан да бір полктай əскер бар.
Дивизиясын бастап, Қостанай фронтына аттанған Алексей Кулаков,
жолшыбайғы ауылды да, деревняны да қан жоса ғып, адамдарын қырып,
мал-мүліктерін талап, егін, шебін, қора-қопсысын күйдіріп отырып,
сентябрьдің 25 күні Байтөбет үйіне кеп қонды. Байтөбеттің мəлімдемесі
қалтасында.
Бұл кезде Асанға əр ауылдан ерген 50–60 қарулы жігіт Есілдің
жағасындағы қалың орманның арасында жатыр еді, іштерінде Ботагөз. Ол
да жігітше киініп қару асынған. Асанның үйінде қалған жалғыз Қалима.
Оны Асан Амантайға бола тастап кеткен.
– Бала бізге ере алмас,– деді ол Қалимаға,– сен үйде баламен қал.
Сұраған кісі болса «Асан Ботагөзді алып, мені тастап кетті, мен одан
айрылдым» де; «Бала неге қалды?» деп сұраса: «Баласынан безіп кетті»
деп, Ботагөзді жаманда. «Сен неге асырап отырсын,? десе: «Сəби ғой,
қайда қаңғыртайын, обал ғой, өліп қалады ғой» де!..


Осы ақылмен қалған Қалимаға, Асан түнде ұрланып жолығып кететін,
кейде түнде ұрланып Қалима да Асандардың қасына – орман арасына
барып қайтатын.
Байтөбет үйіне кеп түскен Кулаков қасына Шайтановты, Байтөбетті,
Сарыбасты алып, іңірде отыз шақты солдатпен Құттыбай аулына салт
аттанды.
– Осы үй!– деді Байтөбет, шапқынмен келген солдаттарды бастап, Асан
үйінің алдына тоқтап.
Кулаков, Шайтанов, Байтөбет, тағы он шақты солдат аттарынан қарғып
түсіп, үйге кірді.
Бұл кезде Қалима Амантайға ас беріп отыр еді. Аттың дүбірін естігесін
ол есікке жүгіріп барып сығалап, түсіп жатқан солдаттарды көргесін,
жүрегі ұшып кетіп, сұп-сұр боп керегеге сүйене қойды. Солдаттар мылтық
ұсынып кіріп келгенде – Қалима безгек адамдай қалш-қалш етті.
Бір аяқ айранды екі аяғының арасына қойып, Қалима ішкізіп отырған
Амантай, Қалима тұрып кеткесін, қасықты өзі алып ішемін деп үсті-басын,
бет-аузын қатықпен тегіс жаққан еді. Солдаттардың кім екенінде жұмысы
болмаған Амантай бір қасық айранға аузын малып, омырауына төгіп
отырып, əдемі қара көзін солдаттарға күлімсірей тікті.
– Сенікі бай қайда?– деді Кулаков Қалимаға төніп.
Қалиманың аузы сөйлеуге келмей, тісі сақ-сақ етті, дірілдеген буыны
денесін зорға көтеріп, ол құлап қала жаздады.
– Айт!– деді Кулаков қамшымен тартып-тартып қалып.
– Ойбай-ай, ойбай-ай!..– деген дыбыс шығып кетті Қалимадан.
– Айтсайшы сорлы!– деді Байтөбет,– əйтпесе, өлдің ғой.
Қалиманың адамға ұқсамайтын даусынан қорыққан Амантай қатығын
төге түрегеп, жылап ұмтылды.
– Бұл кім баласы?–деді Кулаков.


– Асқар Досановтың баласы,– деді Байтөбет.
– Ə-ə-ə!.. Аты кім?
– Амантай!..
– Амантай?!. Ұғымды!.. Амантай өлген... Асқардың досы. Соған
ескерткіш... Ату керек!
Кулаковтың түйіле қарап, берген бұйрығының шын екенін көрген
Шайтанов, наганының аузын балаға қаратып, құлағын қайыра беріп еді...
– Атпаңыз!– деді соңдарынан келген Елизавета Андреевна, Амантайды
жерден көтеріп құшағына ап.
– Мұнда романтизмге жол жоқ. Елизавета Андреевна!– деді Шайтанов,–
мен атаманның бұйрығын орындауға тиістімін.
– Сəби ғой,– деді Елизавета Андреевна жалынышты дауыспен,–
атпаңыз!..
– Сіз құшағыңызға жыланды қысасыз!– деді Кулаков қарындасына,–
түбінде ажалыңыз осыдан болады. Оны ойлайсыз ба?
– Ол рас,– деді қарындасы,– бірақ сонда да мен сəбиді атуға бермеймін.
Мен сіздердің іштеріңізде жүріп, ешбір қылықтарыңызға қарсы тұрған
емеспін жəне қарсы тұрмаймын да. Бұл менің сіздерден əуелгі де, соңғы да
өтінішім болсын.
– Ну... жарайды!..– деді Кулаков,– сөйлесіп тұруға уақыт жоқ, Елизавета
Андреевна, есіңізде болсын: бұл ең соңғы тілегіңіз...
– Жарайды.
Денесі ауыр, екі беті нарттанған, қара бұйра шашы бар, қара көзді əдемі
Амантайды Елизавета көтеріп тұрып бірдемелер сұрап еді, үрейлене
қараған бала жауап бермеді.
Елизавета қолынан баланы түсірді.


– Айтасың ба?– деді Кулаков, Қалимаға тағы қамшы көтеріп.
– Айтайын,– деді үрейі ұшқан Қалима. (Ол қорқып, шынын айтты).
...Салт атқа мінген Қалима ақтарды амалсыздан Асандардың қосына
апарды. Бұл кезде Асан мен жігіттердің көпшілігі қоста жоқ еді. Ботагөзбен
жəне екі жігіт ұйқтап жатыр. Отта қазанға ет асулы тұр.
– Тұр!– деген қатты дауысқа жігіттер де, Ботагөз де бастарын көтеріп
көзін ашып еді, мылтық ұсынған солдаттарды көрді.
– Көтер қолдарыңды!– деген дауысқа Ботагөз де, жігіттер де қолдарын
көтерді.
Ақтар қол көтергендерді тінтті, Оларда қару жоқ еді.
Мылтық ұсынғандардың ішінен Ботагөздің танығаны – Алексей
Кулаков. Бірақ Кулаков оны еркекше киінгендіктен əуелі тани алмай қалып,
денесінен қару қарап сипап жатты да:
– Ə, сен əйелмісің?!–деді таңданып.– Сен Ботагөз емеспісің?– деді ол
тінтіп болғасын.
Ботагөз үндеген жоқ.
Ботагөздің қорыққаны: Асқардың хаты төс қалтасында еді. «Соны
тауып ала ма?» деп састы. Кулаков мылтық табылмағасын Ботагөздің
қалтасын тінтпеді де, қолын түсіруге рұқсат етті.
– Асан қайда?–деді Кулаков, қолын түсірген Ботагөзге едірейіп.
– Білмеймін.
– Мен саған адамгершілік көрсетіп болдым!– деді Кулаков, көзімен
атқылап, Ботагөзге,– енді жетеді. Мен енді сенімен тіл емес, мынамен
сөйлесем! (Кулаков қамшысын көрсетті). Одан да айт шыныңды!
Шынын айтпаған Ботагөзді Кулаков сабамады.
– Бір жолғы олжаға осы да жетеді,– деді серіктеріне,– қалғандарын тағы


іздерміз. Қайтайық!..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет