Бірінші бөлім (Роман) ТҰҢҒИЫҚта бірінші тарау кездесу



Pdf көрінісі
бет25/25
Дата23.07.2022
өлшемі1,94 Mb.
#37875
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
КӨКШЕНІҢ КЕУДЕСІНДЕ
(Эпилог)
Азат тауын айналып, күнгей бетіне шыға келіп ем, мөлдір көк гауһар
тастан жасаған күмбездей Көкше, аспанға асқақтаған кербез бойымен
көзімді тартып жүре берді.
Сібірдің салқын самалды көктемінде, көктен күндіз де, түнде де
арылмайтын кілегей қоңыр бұлт, сол күні аспанның, жерді жиектеген
жағалауына шегіп, жерден өзеннің жар қабағындай ғана жоғары тұр екен.
Көктің кең, биік сарайында одан басқа көзге ілігер шөкім бұлт жоқ. Сондай
ашық көгілдір аспанның астында көрінген Көкше – аспан астынан өскен
кішірек бір аспан секілді. Бірақ Көкше көктен көрі көгірек!..
Көгілдір Көкшенің көркін көркемірек көрсетіп тұрған басына оралған
кілегей ақ ұлпа бұлт пен етегін көмкере тоқыған бұйра сағым.
Бұдан аттай он жыл бұрын, дəл осы мезгілде, осы арадан нақ осындай
бейнемен көзіме шалынған Көкшеге мен ара қонып атпен зорға жеткен
едім. Бұл жолы астымда желдей жүйрік автомобиль. Жол үсті кең даланың
көк орай шалғын бəйшешегімен тұтасқан салалы қалың селеу. Селеуге
сүңги жүйткіген автомобильдің, астына жер жиырылып, кіріп, көз
ұшындағы Көкше толқыған биік бетегенің үстінде, теңіздегі кемедей бізге
қарай өзі зымырап жүзіп келе жатқан сияқты.
Көктемде түгі де, тоғайы да кектеп, келбеті көркемденген Көкше,
аңсаған мені құшағын жайып қарсы алды. Мен оның шалғынын шолып,
орманын оранып, көлін көлбеп, кең өлкесін кезіп, етегін ентелей басып
тұрып, көзімді кербез кеудесіне тіктім.
Көкшенің кек гауһардай күмбез кеудесі аспанмен астасып, көркің күн
нұрымен бояп тұр екен.
– Кел!– дегендей болды Көкше.


– Кеудеме жат!–дегендей болды Көкше.
– Күмбезіме шық!– дегендей болды Көкше.
– Көкке төбеңді тигізейін!–дегендей болды Көкше.
– Күнге бетіңнен сүйгізейін!– дегендей болды Көкше.
Көкше солай «кел» десе,– кімнің дəті шыдайды?!
Кілемдей жайнаған етегін көлбеп, Көкшенің кеудесіне мен өрледім.
Құлдыраған құздың да, қиялаған шыңның да біреуін бөгет көрмедім.
Көкшенің кеудесіне шығып, келемін шолғанда – кезіме кеп өлке ілікті:
«Азат»–аяқ астында; «Сырымбет» – сырық сілтер жерде; «Жыланды» –
жанында; «Бұқпа» – бауырында; «Айыртау» – аясында; «Имантау» –
иығында; «Сандықтау» – сағасында; «Ақан» – ағайыны; «Зереңді» –
замандасы; «Шортан» – шөбересі; «Торыайғыр»–тұстасы; «Көксеңгір» –
көршісі; «Ереймен» – ерулесі; «Баян» – бауыры; «Қарқаралы»–құдасы;
«Ақтау» – аңдасы; «Ортау» – одақтасы; «Ұлытау» – ұйымдасы; «Қаратау»
– қайыны; «Алатау» – ағасы; «Алтай» – атасы...
Осы аталған таулардың біразын мен көзіммен көрдім, көзім жетпеген
тауларды, аспанда шарықтап ұшқан сұңқар қанатты сезіммен көрдім.
Сүйтіп, сезімімді серуенде сайрандатып тұрғанымда құлағыма бір
сыбдыр сезілді. Көкшенің кеудесінде шыңға ұялаған лашын мен қарағайға
ұялаған қаршығадан басқа ешбір жанды мақұлық жоқ секілді еді. Бірақ,
біреулер маған: «Бұл таудың басында барлық аң да бар... адам таудың
басына шықса – аю аңдиды да, алып жейді» дескен.
Сол сөзден сескенген сезімім самал салқындатқан денемді одан кері
суытып, сыбдырға сезігім күшейіп, соқтығатын аңның сазайын беруге,
мылтығымды ыңғайлай бастадым.
...Бір кезде текше тастардың арасынан менің көзіме тасқа тырмысқан
адамның алты қолы шалынды. Қолға қарап тұрғанымда, қылтиып қаз-қатар
үш кісінің басы көрінді: біреуі – бұйра ақ бурыл сақалды, екіншісі – қою
қара мұртты, үшіншісі – бетінде аздап ажымы бар, əдемі кескінді əйел.


Мен оларды текше таспен төменірек түсіп, қарсы алдым. Үшеуі де
орденді: қарт пен əйелде – Ленин ордені, қара .мұртта – Еңбек Қызыл Ту
ордені.
Біз жөн сұрастық: қарттың аты – Амантай – МТС-те директор; əйелдің
аты – Ботагөз – агроном; қара мұрттың аты – Асқар – Райкомның
секретары. Үшеуінің курортқа келуіне он шақты күн болыпты.
Біз Көкшенің кеудесіндегі биік шыңға шығып, төңіректі тамашалап,
біраз отырдық. Бұл егіннің көктеген кезі еді.
– Маңайда егіннен ине шаншар жер жоқ екен-ау!– деді Амантай, жасыл
барқыттай жайнап тұрған далаға жаны сүйсініп.
– Көкшенің кілемдей келбетті даласындағы көп көл, күміс теңгедей
дөп-дөңгелек боп, күнге шағылысуын қарашы!–деді Ботагөз.
– «Көкшенің астында алтын дария бар» деп қиял еткен халықтың сөзі
расқа шықты-ау!– деді Асқар, бұйра түтіні бұрқырап, бұлтқа жалғасып
жатқан «Степняк» алтын заводын нұсқап.
Кеңес көбейді. Кең өлкенің келбеті осылай көркеюіне көңілдері
шаттанған курортшылар: маған өткен күндерінен де баяндады. Мен
тамашалап тыңдадым.
Бұл кеңес дəл осы арада əлденеше күнге созылып, кеп кеңестен –
«Ботагөз» романы туды.
Күн көзіндей жарық бар
Ботагөздің кезінде.
Телегей теңіз тарих бар
Ботагөздің сөзінде.
Февраль, 1935 жыл,
Январь, 1953 жыл.


Романның соңы.


Table of Contents
БІРІНШІ БӨЛІМ
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ҮШІНШІ БӨЛІМ
КӨКШЕНІҢ КЕУДЕСІНДЕ

Document Outline

  • БІРІНШІ БӨЛІМ
  • ЕКІНШІ БӨЛІМ
  • ҮШІНШІ БӨЛІМ
  • КӨКШЕНІҢ КЕУДЕСІНДЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет