Бірінші бөлім (Роман) ТҰҢҒИЫҚта бірінші тарау кездесу



Pdf көрінісі
бет23/25
Дата23.07.2022
өлшемі1,94 Mb.
#37875
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
ТОЛҚЫНДЫ ТУ
1
Талай адамды атып та, талай ауылды, талай орманды күйдіріп те
Асанды таба алмаған Алексей Кулаковтың «дикая дивизиясы» Байтөбет
ауылында үш күн жатып, төртінші күні Қостанайға беттеп жөнелді. Бірақ
Байтөбет аулынан əскерін ол түгел əкеткен жоқ, Атаман Шайтановпен жүз
казакты қалдырып: «тез арада Асанды ұстап маған алып кел» – деп бұйрық
берді, Ботагөзді Кулаков өзімен бірге əкетті.
Ол маңайдың ауылы да, деревнясы да Шайтановтың атына қанық еді,
1918 жылдың қысында бұрынғы Атбасар уезінің Маринский дейтін
қаласынын, (қазақша аты «Амантай») крестьяндары Колчак үкіметіне
қарсы көтеріліс шығарған. Бұл көтеріліске сол маңдағы көп деревняның
крестьяндары, көп ауылдың қазақтары қатынасқан, осы көтерілісті басуға
Колчак атаман Шайтановты жұмсап, Шайтанов төрт-бес ай Маринскийді
зеңбіректің астына алып, көтерілісті күшпен басқан. Көтеріліс басылғаннан
кейін, «еркек кіндікті адам қалмасын!» деген «ұранмен», атаман Шайтанов
көтеріліске қатынасқан ауыл, қалалардың еңкейген кəрі, еңбектеген
жасынан еркек атаулыны қойдай бауыздап қырған. Шайтановтың айуандық
азабын көрген ел – мал-мүлкінен безіп, бет-бетімен қаңғырып кеткен. Сол
маңдағы ауыл, деревняға, мəтте далаға сыя алмаған адамдардың біразы
Байтөбет маңындағы ауылдар мен деревняларға қашып келген. Олардың
кейбіреуін Байтөбет білетін.
Ауылында жүз казакпен қалған атаман Шайтановқа, Байтөбет өзі
білетін жасырынған адамдарды түгел айтып, қаннен-қаперсіз боп жүрген
олардың біразы ұсталып, атылды. Алды атыла бастаған олардың
бірсыпыралары, көрсетуші барын сезіп, қайтадан қашуға кірісті.
Шайтановтан сескеніп, олардың жасырынған үйлерінің адамдары да
қашты. Сонымен, қашақтың саны көбейіп, аздан кейін бəрінің басы
құралып, үлкен жиынға айналды. Асан да соларға қосылды.
– Енді қашуды қояйық,– деп ұйғарысты жиналғандар,– партизан
отрядын жасап, Колчакпен соғысайық? Бұл ұсыныс қабыл алынғаннан


кейін, жалпы қарасыны мыңға жақын жиын: бас, орта, кіші командирлер
сайлап, жиынды əскер тəртібімен белді.
Мұндай құралданған күш жасалып жатқанын естіген ауыл, деревняның
ақтардан жапа көрген адамдары жан-жақтан тіленіп келіп, партизан
отрядына өздері жазылды.
Партизан отряды кеп кешікпей ақтарға шабуыл жасауға кірісті. Бір күні
олар Байтөбет ауылында жатқан Шайтановқа шабуыл жасап, Шайтановты
қашырды. Үйде қалып жан сақтай алмайтынын білген Байтөбет
Шайтановпен бірге кетті.
Бұл кезде ол маңға Колчак əскері кеп келген еді. Колчак əскерінің жүріс-
тұрысына қарағанда Қызыл əскердің жақындап қалғандығы ешкім айтпай-
ақ мəлім болды. Бір жұма бұрын күнбатысқа қарай ағылған ақтың қалың
əскері, енді кейін жапырылды. Келешегінен үміт үзгендігі ақтардың кескін-
кейпінен, қылық-мінезінен де айқын ұғылды: үрейлері ұшқан, қарайғаннан
қорқуға айналған, ауыздарына «шабуыл» емес, «қашу» ғана түседі; жүздері
сынық, көңілдері басыңқы, мінезі бейбастақ, бойларын кернеген
тырсылдаған ашу, сөздері бейпіл, жұмсағаны мылтық пен қамшы, істері
талау...
Осындай физический де, моральный да қалжыраған Колчак əскері,
тəртіпті, қарулы Қызыл Армия түгіл, партизан отрядының өзіне де үлкен
қару көрсете алмады. Партизан отряды ақтарға тынымсыз шабуыл жасап,
шет пұшпақтап қиратып, қаруларын ала берді. Осы əдіспен аз күнде
партизан отряды зеңбірек, пулеметтерден де қоса, қолына мол құрал
түсіріп, кəдімгі шын мағынасындағы соғысқа кірісті.
Партизандар соғысында ерекше көзге түскен жасақтардың біреуі –
Асандікі. Атылған шешесінің, жақын жігіттерінің қолға түскен Ботагөздің
кегін алу үшін, ол жанын аямай, бата қимылдады. Оның бір қорыққаны:
ақтар Қалима мен Амантайды өлтіріп кетер деп еді (ақтардың əйелді,
баланы атуы көбейіп кеткен, бесіктегі балаларды найзаға ілген оқиғалары
естілген), партизан отряды күшейіп алғасын, штабын Асан ауылының
маңына құрып, ақтарды ол арадан қуды.
Асанның отрядына бел болған жағдай, біріншіден – Қызыл Армияның
жақындап қалуы болса, екіншіден – құлақ естір жерде: орыстан да,


қазақтан да, басқа ұлттардан да осы сияқты отрядтардың көп құрылуы,
солардың кебімен Асан отрядының құлақтас, сабақтас боп тұруы.
Асанның, оның жолдастарының естуінше: «Осы арадан Қытайға шейін
қаптаған партизандар. Ақтар осы маңайда ғана қашып жүр. Ілгері жақтың
бəрін партизандар басып ап, ақтарды жойып, Совет өкіметін құрған».
Бір хабарда: «Қарқаралы, Ереймен жағында Амантай отряды
құрылыпты дейді, он мыңға жақын қолы бар дейді» деп естіді. Амантайды
Асан көрген. Амантай Совдептің сайлауын өткізуге келгенде Асанның
үйінде қонақ боп дəм де ішкен, ол кезде саясаттан хабары жоқ жəне
саясатты білгісі келмейтін Асан, Амантайдың: «Асан шырағым, шаруаң
шағын жігіт екенсің, өзің он алтыншы жылы солдатқа да барып қайтыпсың.
Зорлықпен барғаныңды айтып отырсың. Задың момын болғанмен,
сүйегіңде кемігің бар жігіт көрінесің. Біз, міне, кедейдің қосағын қосақтап,
еңбекші халықтың үкіметін құрғалы жүрміз. Бірақ ауылдық кедейі əлі
қараңғы, таптық санасы оянбаған. Совдепке ауылдың кедейін оятысатын,
санасын көтерісетін адам керек. Ондай іс қолынан келетін адамдарды біз
жергілікті Совдепке бастық қып сайлаймыз. Бір көргеннен-ақ парқыңды
танып отырмын: қолыңнан іс келетін жігіт сияқтысың. Егер ұнатсаң:
ауылдық Совдепке сені бастық қойғым келеді!»– деген сөзіне: «Оның жол
ғой, отағасы, бірақ ата-бабамда билік айтқан кісі жоқ еді, ел ұстау
қолымнан келмес, құдай шаңырақтың төрт тесігінен, ошақтың үш бұтынан
берсін деп маңдай теріме сүйенген адаммын, мені төре бол деп қыстама!»–
деп көнбеген. Қайта-қайта айтып, сөзіне көндіре алмаған соң, Асанға іштей
өкпелегенмен, сырттай сыр бермей, ертеңіне аттанарда: «Дос болуға
тұратын жігіт екенсің, тағы да көрісерміз, қалаға келсең біздікіне түс» деп,
рахмет айтып қоштасқан.
Н... қаласында болатын переворотта Амантайдың өлгенін я тірі кеткенін
Ботагөз Асанға анықтап айта алмаған еді. «Шіркін, кісі-ақ еді!– деп өкінген
еді Асан,– өлмесе жарар еді!»
...Солай, Амантайдың аман болуын іштей тілейтін Асан, «Амантай
отряд құрыпты» деген хабарды естігенде шектен шыға қуанды. Онымен
хабарласпақ, жалғаспақ боп, ол ат жетер жерге астыртын адамдар да
жіберді. Біреулер: «біле алмадық» деп, біреулер: «білдік, бірақ жер шеті –
қиянда болса керек, ат жетер жерде емес дейді» деп қайтты.
Жіберген адамдары жете алмағанына өкінгенмен, Амантайдың «бар


дейді» деген хабарын Асан көңілге медеу көрді. «Жел болмаса шөп басы
қимылдамайды» деген мақал бар деп ойлайды ол.– Мұндай хабар тектен-
текке шықпайды, осы сыбыстың шығуы тегін емес. Қайда болса да, бір
жерде Амантайдың бары анық. Тірі көрсем!..»
Асанның арманы – Амантайды ғана көру емес. Оның арманы –
Асқарды, Ботагөздің сырттан таныстыруымен Кенжетайды аман көру. Ең
зор арманы – Совет өкіметінің құрылуын көру. «Қызыл Армия жақындап
қалды» деген хабар естілгенде, «Асқарды Қызыл Армияға қосылады» деп
сенетін Асан: «аманшылық болса, Ботагөз бен Амантайды Асқардың
қолына тапсырсам!» деп үміттенген еді, үмітіне қуанған еді. Қазір ол
үміттің бір шетін уайым бұлты басты. «Ботагөз қолда кетті!– деп өкінді
ол,– біздің қолға аман келе ме, жоқ па, оны кім білсін! Əй, аман келмес!
Үйінде тиыш отырған қатын-қалаш, бала-шағаны өлтіріп кететін ақтар,
Ботагөзге рахымшылық істейді деймісің!» Осылай, оның ойын қоршаған
қорқыныш бұлтынан, жұлдыздай жылтырап көрінетін жалғыз сəуле – сəби
Амантайдың əкесіне аман табысуы. Сəби Амантайдың амандығын, Асан өз
амандығынан артық тілейді. «А, жасаған!–деп сиынды, дінге сенетін
Асан,– осы тілегімді бер!»
«Ерсіл-қарсыл ағылған ақтардың біреуі жазым қыла ма!» деген
қорқыныш Асанның зəресін күнде алады, күн сайын ол ауылынан хабар ап,
Амантайдың амандығы үшін, тəңірге күн сайын «тəубə» қылады.
Ақтарға шабуыл жасай отыра, Асан бастаған партизан отрядының жəне
бір қолға алған ісі – күнбатыс жақтан қашқан байларды ұстау.
Қызыл Армияның жақындап келе жатқанын тұрғын ел қашқын
байлардан да байқады. Сентябрьдің ортасынан кейін пар жеккен аттарға,
грузовик – автомобильдерге мүліктерін тиеп, күнбатыстан күншығысқа
ағылған қашқынбайлар қаптап кетті.
Партизан отряды құрылғанша олардың біразы аман етіп кетіп еді, отряд
құрылғаннан кейін көбі ұсталды. Оларды қорғауға ақтың шамасы келмеді.
Қашқындардан алған мүлікті партизандар екі жүйеге бөлді. Біреуі –
алтын, күміс, я сол сықылды банктік қымбат заттар, асыл тастар; бұл
жүйелі мүлік отрядтың штабының кассасына түсті. Екінші – киім-кешек,
төсек-орын, ыдыс-аяқ сықылды мүліктер; бұлардың ішіндегі қазынаға


жарарлық ете бір қымбаттары болмаса, партизандар бөлісіп алысты.
Қауіпті адамдарын партизандар атты, қауіпсіздерін, əйелдерін, балаларын
аман сақтады.
Қашқындардың ішінен толып жатқан ұлттың байларын табуға болатын
еді: татар, орыс, еврей, башқұрт, шуаш, мордва, қалмақ, қазақ.
Бірақ үй ішімен көшкен қазақ байлары аз кездеседі. Қазақ байларынан
қашқандар: өгіз, қой сықылды сауда малын айдағандар.
Бұл қашқындардың:
– Қайда барасың?– дегенде айтары:
– Қытайға.
Ақтардың əскері партизан отрядынан сырғып солтүстік күншығысқа
беттеп алыстаған кезде, бір күні қарауылда жүрген Асанның құралды
қосыны, ішінде жүк тиеген екі машинасы бар, жиырма-отыз арбалы
қашқындарға кездесті.
Құралды адамдарды көргесін олардың керуеніндегі жүк тиеген екі
машинасы мылтық атқанға қарамай қаша жөнелді. Есіл ол арадан үш
шақырым ғана жер еді. Есілдің сол тұсында көпір болатын, бірақ көпір
басында қарулы күзетші бар. Өзге жерде өтетін өткел жоқ.
Машинадағы
қашқындар
ешқайда
бара
алмайтынына
күмəн
келтірмеген Асан, ат жеккен арбаларды тоқтатып тексерсе – көпшілігі орыс
пен татар екен, ішінде төрт-бес қазақ семьясы да бар.
– Қашқандар кім?– деп сұрады Асан.
– Білмейміз, бізге жаңа артымыздан кеп қосылын еді,– деп қашқындар
айтпады.
– Ендеше, маған еріңдер,– деп Асан, оларды көпірге бастап жөнелді.
Көпірге келсе – автомобильдегілер ұсталған екен. Көпірдің екі жағын
ағаш пен шөп-шаламды араластырып судан жоғары өсіріп, су ағар
ортасына тақтай салынған еді.Егер тақтайды ала қойса адам да, ат та өте


алмайды.
Автомобильдегілер көпір басындағы күзетшінің оқпен тосқауыл
жасағанына қарамай өтіп кетпек болған екен, күзетші тақтайды сыпырып
алып, машиналар көпірдің ішіне кіре, «тақ!» деп тоқтап қапты. Кейін қарай
шегінейін деген екен, тақтай арасына пулемет құрып отырғандар, оқты
ағыта бастағасын шегіне алмапты.
Содан, көпірдің екі жағынан да партизандар қамап кеп ұстауға
айналғанда, қапқа ораған бірдемені машинадағылар суға атыпты. Содан
кейін қолға талассыз түскен олар, партизандардың «суға не тастадыңдар?»
деген сұрауына: «түк те тастағамыз жоқ!» деп танып тұр екен.
Ұсталғандар жиырма шақты адам екен. Ішінде төрт-бес қазақ бар.
Қазақтардың ішіндегі ұзын қара сақалды біреуін, «осыны қайда көрдім?»
деп ойлаған Асан:
– Суға анық тастады ма?– деп сұрады, ұстаған партизандардан.
– Анық!
– Анық болса, бұлардан несіне сұрайсыңдар. Мен қазір алып шығам.
Асан шешіне бастады.
– Сүңгисің бе?– деп сұрады партизандар.– Су суық емес пе?
– Түк те етпейді.
– Қой, ауырарсың!–деген сөздерге болмай, ішкиімнен басқа киімді
шешіп, ішкиімді ышқырынан түрініп, Асан көпірден суға басын төмен бере
секірді.
Ол ара Есілдің өте терең жері болатын еді. Асан сүңгіген жер үйіріліп,
шұп-шұңқыр болды да тұрды.
Асан су түбінде кешікті. Тұншығып өліп қала ма деп жолдастары қорқа
бастады.
– Су астында дем таусылатын уақыт болды,– десті əркімдер,– апыр-ай,


жазым болмаса жарар еді.
Асан кешіккен сайын ұсталғандардың бетіне қан жүгіріп қуана бастады.
Бір кезде бір жақ қолтығына бір үлкен қапты қысып, Асан судан шыға
келді.
– Ал, ұстаңдар!– деді ол, көпірге жақындап малтып кеп.
Партизандар қапты судан суырып алды.
– Арқан бар ма?– деді Асан судан шықпай.
– Бар, неге керек?
– Бір ауыр нəрсе жатыр, көтере алмадым. Екеу екен.
Біреуі осы. Анасын шығара алмадым. Арқан байлайын, содан кейін
тартып алайық.
– Құрысын, оны қайтесің!–деген сөзге Асан:
– Жоқ, тартып алайық, ол тегін нəрсе емес!– деп бол-мады.
– Тоңасың!– деген сөзге:
– Тоңатын емеспін, қайта денем қызып алды, су да суық емес,– деді
Асан.
– Мə, ендеше арқан!– деп қолына ұстатқан жуан арқанмен Асан тағы
сүңгіді де, көп кешікпей шығып,– ал, тартыңдар!–- деді жолдастарына.
Он шақты партизан арқаннан тартып, кенепке ораған бірдемені судан
суырып ап кенепті жазса – пулемет екен. Жазуына қараса Англия
заводынан жақында шыққан.
– Екінші қапта не бар екен?– деп қараса, төрт-бес адам зорға көтеретін
кеспелтек темір сандық. Аузында құлып.
– Бұлардың неге қашқаны енді мəлім болды,– десті партизандар,–кəне,
сандықтың кілтін беріңдер!


Осы кезде шапқынмен Алатай келді:
– Ауылға қызылдар келіп қалды!
– Қойшы!..
– Рас, Асан, сүйінші! Əдейі саған сүйінші айта келдім! Əлгі...
Ботагөздің күйеуінің аты кім еді?
– Асқар Досанов.
– Сол сіздің үйге кеп түсті. Мені саған жіберді.
2
Қостанайдан Көкшетау мен Атбасардың арасын ала Ақмолаға беттеген
Қызыл Армияның 249-полкында Асқар политкомиссар еді, Кенжетай бір
дивизионның командирі еді.
Асанның ауылы қай жерде екенін Асқар білмегенмен өткен қыс
Сағиттан ол ауылды да, маңайындағы ауылдарды да сұрап жазып алған.
Есілге жақындаған сайын Асқар жазып алған ауылдарының атын атап
жолшыбай сұрастырып еді, Байтөбетті Қостанайдың түбіндегі елдерге
шейін біледі екен. Сағиттың айтуынша Байтөбет ауылы мен Асан тұратын
Құттыбай ауылы жақын. Сондықтан, Асқар, Байтөбет ауылының жер
мөлшерін сұрап алғаннан кейін, ілгері жүрген шақырымын есептеп,
жақындаған жақындаған сайын асықты. Асыққан сайын оның көз алдында
Ботагөз бен Амантай елестеді де тұрды.
Байтөбет ауылына жетпіс-сексен шақырым қалды деген жерден бастап,
«енді анығын білетін шығар?» деп Асқар жолыққан адамнан: «Асанды
білесің бе?» деп сұрап еді – «білмейміз!» дегеннен басқа жауап алған жоқ.
«Білмейміз! деушілердің көбі Асанды да, оның басына түскен халды да,
Ботагөз жайын да жақсы білетін еді. Олардың білгенін айтпау себебі екеу:
біреуі – Асқармен таныс болмағандықтан, оның бұл уақиғаға қалай
қарайтынын білмейді, екіншісі – қазақта «көрдім деген көп сөз, көрмедім
деген бір сөз» деген мақал бар.


Білгенін білмей қалған жұрттың сөзіне: «бұл қалай?» деп қайран қалған
Асқар, Байтөбет ауылына 50 шақырым қалды деген күні таңертең, «бүгін
жетеміз» деген оймен асығып аттанды.
Асқар ішінде келе жатқан полк, көптен бері алдынан үлкен қарсылық
көрсеткен жау кездестірген жоқ еді. Бұл полктың маршруты: Уфа,
Белорецкий, Орский, Қостанай. Осы жолында полк Орскийде Дутов
əскерін кездестіріп, үлкен ұрыста бір рет қана болды. Одан кейін шабуыл
жасаған үлкен қарсылық болмай, ақтар қаша соғысып сырғыды да отырды.
Байтөбет ауылына 50 шақырым қалды деген күні таңертең аттанған
Асқар сол күні Ботагөзге жетіп қонуды ойлады. Алдында бет қайтарар
жаудың жоғын білетін командир Асқардың бұл ұсынысына қарсы болған
жоқ.
Қонған жерлерінен тан, біліне аттанған олар, алдына разведка жіберіп
отырып, шамасы жиырма шақырымдар кезінен, ығында үлкен көлі бар бір
шоқ ағашқа кездесті.
Ағаштың ығында шоғырланған адамдарды көрген бұлар, жау ма деп
ойланып, сақтанып еді, разведкадан: «Өзіміздің басқа бір полк» деген хабар
алды.
249-полк кілең кавалерия еді. Алдында жау жоғын естіген олар, өлең
айтқан дауыстары даланы басына көтере, тура кел айналасында тынығып
жатқан полкқа беттеді.
Көл үлкен еді. Ортасы жалтыр, айналасына қалын, қамыс шыққан, əр
жерде суаты бар. 249-полк осы келді жағалап отырып, тынығып жатқан
екінші полкқа жақындағанда: екі қызыл əскер алдына салып айдап келе
жатқан біреу ұшырай кетті. Асқар алыстан ол адамға көзін салып еді,
үстінде ақтардың солдаттарының киімі бар. «Не соғыста қолға түскен, не
шпион болған адамның біреуі шығар?» деп ойлады Асқар.
Ақ-қарасын анықтап тексермей, қызыл əскердің бастықтары ешкімді
өлім жазасына бұйырмайтынын білетін Асқар, айдаған адамды қызыл
əскерлер атуға апара жатқанын көре-тұра: «ісіне лайық жаза алған
шығар?»–деді ішінен.
Айдалған адамды, мылтық ұсынып əкелген екеуі көл жағасына


апарғанмен, қастарына келіп қалған 249-полк өтіп кетсін дегендей атпай
тұрды. Айдалған безеріп тұрды да жылап жіберді.
«Асқарды да көре алмай елдім ғой!..»– деген дыбыс шалынды
Асқардың құлағына, ұсталғанның аузынан.
– Жолдас командир!–деді Асқар, атының басын тартып тұра ғап,
қасында келе жатқан командирге,– естідіңіз бе, ана кісінің не дегенін?
– Не дейді?– деп сұрады командир.
– Мені, яғни Асқар Досановты көре алмай өліп барам деп жылап тұр.
– Кім болғаны?
– Əрине, маған бір жақын адам болғаны.
– Онда, анықтау керек. Барып біліңіз...
– Тоқтаңыз!..– деп сақтандырды, ат үстінен жақындаған Асқарды,
айдалғанның қасында тұрған екі қызыл əскер.
– Жолдас, қызыл əскерлер!– деді атын тежеген Асқар,– мен
командирлеріңізге жолыққанша сабыр етулеріңізді өтінем. Бұл мені білетін
кісі.
Асқар тынығып жатқан полкқа шаба жөнелді. Мұның атылатын адамға
барғанын тыныққан полктың командирі көріп, дүрбімен қарап тұр еді.
– Командирлеріңіз қайда?– деп сұрады, бірінші жолыққан қызыл
əскерден.
– Əне тұр!
– Мойнына асқан маузері бар, қолына дүрбі ұстаған, ромбалы биік орыс
жігітінің қасына шауып кеп тұра қалған Асқар:
– 249-полктың комиссары Асқар Досанов,– деді ат үстінен өзін
таныстырып,– менің сізден өтінішім бар!
– 85-полктың командирі Орлов,– деді командир,– айтыңыз!


– Анау атуға апарған адамды анықтағанша босатыңыз?
– Біз оны анықтадық.
– Сонда да өтінем, жолдас командир! Ол кісі менің атымды атады.
Маған жақын біреу болуға тиіс.
– Жарайды,– деді командир, қасындағы біреуге қарап,– сіз атқа мініп,
қайтарып алып келіңіз!
Жұмсаған адам қайтарып алып келгенше аттан түскен Асқар сол арадан
қозғалған жоқ. 249-полк «жазалы» адамнан бұрын келіп, 85-полктың
қасына тоқтап, аттарынан түсе бастады.
Жазалы адам жақындағанда, Асқар тани кетті: Сағит! «Бұл неғып
дұспан болды?» деп ойлады Асқар, командирдің «анықтадық» деген сөзі
есіне түсіп.
Сағит Асқарды танымады. Оған тануға да болмайтын еді. Өйткені,
Сағит көргенде, оның сақал, мұрты қауғадай, кескіні жүдеу, киімі жаман.
Қазір ол: сақал, мұртын қырған, үстінде əдемі киімдері бар, кескінді,
сымбатты қызыл комиссар!..
– Танисыз ба?– деп сұрады Асқардан Орлов.
– Танимын. Сағит Бектемиров.
Атын атағанға құлағы селтең еткен Сағит, «осыны қайда көрдім?» деп
тұрған Асқарды енді тани кетіп, жылап қоя берді.
– Жылама, ұят болады!–деді Асқар,– жігіт кісі жыламас болар!..
Орловқа Асқар Сағиттің кім екенін айтты.
– Мүмкін қата болуы,– деді Орлов,– күдігі күшті.
Асқар сұрастырса, анығы былай екен: Сағит сол маңдағы бір ауылда
мұғалім боп тұрады. Сол ауылға өткен күні ақтың екі офицері кеп, мылтық
атып ауылдан еріксіз ат жектіреді. Офицерден қорқып ауылдың бар еркегі
тығылып қалады, атты жегуге де, ылаушы болуға да, ауылдағы бар еркек –


Сағитты офицерлер зорлайды.
Пар ат жеккен арбаға Сағит ылаушы боп шығады. Былай шыға,
офицерлер жолда Сағитты шешіндіріп, оның барлық киімін өздері бөліп
киеді де, мұнын, барлық документтерін алып, бұған өздерінің киімдерін
беріп, жаяу тастап, атпен тартып отырады.
Жалаңаш қалған Сағит, қорықса да амалсыз офицерлердің біреуінің,
киімін киіп, жаяу келе жатқанында, 85- полктың разведкасына кездеседі.
Разведка оны полкқа алып келеді.
Орлов жауап алғанда, Сағит құтылам деп, өтірік айтып, сөзінен
шатасады, сөздері айыршақ шыққасын, документі болмағасын, полктың
соғыс советі оны шпионға ұйғарып, атуға бұйырады.
– Осындай бір адам Звериноголовскийде кездесіп, сөзіне сеніп
босатамыз деп қырғынға ұшырап қала жаздап ек,– деді Орлов Асқарға,
Сағиттың қауіпті адам емес екенін анықтағасын,– бұл жігіттің сөзі де,
жүрісі де соған дəл келді. Соғыста осындай қаталар болады.
Өлім жазасынан құтқарылған Сағит ұзақ уақыт есін жиып, буынын
бекіте алмады. Екі сөзінің бірінде ол, жоқ жерден өліп қала жаздағанын
айтып, жылай береді. Көңілі орнына түсіп жайланғанша, Асқар Сағиттан
Ботагөз мəнісін сұрамады. Сұрағанмен де ол айта алатын емес еді.
Біраздан кейін Сағиттың көңілі орнықты. Жасы тыйылды. Кеудесі
кеңіді. Содан кейін ол, сұраған Асқарға, Ботагөз бен Асанның басындағы
халін жасырмай, түп-түгел айтты.
Бұл хабарды естігенде: Сағиттың қорыққанына күліп отырған Асқар да,
Кенжетай да қандарын ішіне тартып тұнжырап қалды.
«Шынымен-ақ бақытсыздыққа жаралған адам болғаны ма?» деп ойлады
екеуі де.
– Кулаковтың отряды қайда?– деп сұрады Асқар аздан кейін, кеудесін
қақ айыра күрсініп.
– Көкшетауды бетке ұстай жөнелді деп естідік, оған бес-алты күн болып
қалды. Амантай аман, жақын арада сол ауылға ылау апарып ем, əдейі


барып көрдім. Жүдейтін емес. Тағы бір хабар,– деді Сағит, Асқарға төніп,–
Амантай бар ғой, кəдімгі үлген Амантай...
– Ие!..– деді Асқар серігіп,– ол қайда?
– Ақтармен қабырғалап соғысып барады деген хабар шықты.
– Қойшы!.. Апыр-ай, тірі ме екен?
Асқар қуанышын қайда сыйғызарын білмеді.
– Рас. Көзімен көрген адам айтты.
– Аузыңа май!– деді Асқар,– рас болса бұдан артық қуаныш болады
дейсің бе?
Таңертеңгі асын екі полк та сол арада ішіп, күн түске тармаса ілгері
жөнелді. Іші алауланған Асқар – ас ішкен жоқ. Өңі сынған себебін ол
командиріне айтты.
– Уайымдамаңыз! – деді командир, – қайда құтылар дейсіз. Кешікпей
ұстармыз.
Құттыбай ауылына 249-полк түс ауа жетті. Сағит тура оны Асан үйіне
апарып түсірді.
Қызыл Армияны бұл ауылдың бірінші көруі еді. Сондықтан ауыл əуелі
олардың не мінез көрсетерін білмей үрейленді. Соның біреуі – Қалима.
Есігінің алдында мылтықты адамдар түсіп жатқанда, Амантайды
құшағына алған ол, қайда тығыларын білмеді.
Сағит пен Асқар кіріп барғанда, Қалима кебеже мен ағаш төсектің
қуысында сұп-сұр боп тұр еді.
– Қорықпа!–деді Сағит,– бұл кісі анау Амантайдың əкесі – Асқар деген
жігіт. Мен алып келдім!..
Біртіндеп бетіне қан жүгіре бастаған Қалиманың көзінен жас ыршып
кетті.


– Қарсы алатын апам (Ботагөзді ол «апа» дейтін еді) жоқ,– деді ол,
жасқа булығып, жақындап,– егер үйде болса қандай қуанар еді!..
Есіктен кіргелі Асқардан көзін айырмаған Амантайды Асқар кенеттен
құшақтап алуға қорқар деп ойлап, даусы қалтырай шығып:
– Келе ғой, қалқам!– деп шақырды.
Амантай үлкен қара көзін Асқарға қадап, аз уақыт ұмтылмай тұрды.
– Бара ғой, Аманжан, əкең ғой, бара ғой, сəулем!– деп Қалима
ұсынғасын, қолын созған Асқарға қарай құшағын жайды.
Асқар Амантайдың толық бетінен, білегінен, құшырлана сүйді де,
иіскеді де. Ол кезде Амантай Асқардың жағасындағы знактарын,
шлеміндегі қызыл жұлдызын ұстап таңырқанған кескінмен көрді.
– Көзі мен мұрны Ботагөзге тартқан екен,– деді Кенжетай,– маған
берші, Асқар, мен де иіскеп мауқымды басайын.
Асқардан алған Амантайды Кенжетай сүйген жоқ, жай құшырлана
иіскеді.
– Бұл қуаныштың алды,– деді Кенжетай Асқарға,– полктың командирі
жолдас айтты ғой: «ұзап қайда барар дейсің?» деп. Ұзап ешқайда бармас.
Командирмен ақылдасып, Асқар сол күні ілгері жүрмек болды. Бірақ
Асқардың Асанды көре кеткісі келді.
Асан ауылының айналасын қоршаған партизан отрядтары Қызыл
Армияның келе жатқанын көрді. Бірақ олар кім екенін əуелі білмей,
астыртын хабаршы салды. Көрінген əскерді осылай анықтап алып, қимылға
содан кейін кірісетін партизандардың əдеті еді.
Келгендердің Қызыл Армия бөлімдері екенін анықтаған олар, тобымен
келуге түсінбей атыс боп қалар деп ойлап, полкқа кісі жіберді.
Жолдан партизан отряды кездесу – Қызыл Армияға оның ішінде бұл
полктарға жаңалық емес еді. Ондайлар жолда талай жерден ұшыраған.


Сондықтан екі полктың соғыс советі тез ақылдасып, сақтық жағын еске
ала отыра, партизандарға келуге рұқсат берді.
Рұқсат алған қуанышты партизандар қызыл туларын желбірете:
«Жасасын Қызыл Армия. Жасасын Совет өкіметі!» деп ұрандап, даланы
басына көтеріп, тұс-тұстан ауылға қаптады.
Көпір
басында
Асқардың
ауылына
келгенін
естіп,
ұсталған
автомобильдердің біреуіне мініп ұмтылған Асан, аулына жан-жақтан
құйылған партизандармен бірге кірді.
– Асан мынау!– деді Сағит Асқарға. Асан үйіне кіргенде.
– Мен Асқарды танимын!– деді Асан.
Екеуі төстеріне төсін тақап, айқара құшақтасып, бірін-бірі қатты қысып,
қазақша көрісті.
3
Амандыққа қанып, Амантайды сүйіп мауқын басқаннан кейін Асқар
жүрмек боп еді, Асан рұқсат етпеді.
– Ботагөзге менің жаным сенен кем ашымайды,– деді ол Асқарға,–
əуелде сен үшін əкелгенмен, артынан бірге туған адамымдай болып кетіп
еді. Менен кінə жоқ.
Аман-есен үйіріне қосайын деп, не пəлеге, не бейнетке болса да шыдап
бағып ем, күшімнен асып кетті. Күштен де асқан жоқ-ау қапыда ұрылдым.
Көзбе-көз болғанда өзім өлмей жібермейтін ем. Ал енді, өзіңді көптен
тосып ем, аман көрдім. Жақсылығыңды өтедім бе, жоқ па, оған құдай куə.
Үйге кеп түскесін бір малымды жемесең риза емеспін. Содан кейін
ұлықсат. Ұлықсат емес-ау, өзім бірге кетем. Ботагөзді өз қолымнан
құтқармай мен тынбаймын.
– Саған мың алғыс, Асан!– деді Асқар,– менің жақсылығымды сен жүз
есе артық қып қайтардың. Ерлік істедің. Жан-тəнім риза. Жігіт екенсің.
Саған көмектескен халыққа да ризамын. Халық үшін қасықтай қанды
төгуге бейіл боп, не бейнетке болсам да шыдап ем, онымды халық ақтады.
Халық боп, халықтан шыққан біз боп бостандыққа ұмтылып ек, созған


арманға қолымыз еркін жетті, кедейдің күні туды, байлардың күні батты.
Енді бөгелмеу керек. Ботагөзді де құтқару керек... Асан Асқардың бөгелмей
тартуына көнбеді.
– Менің қонағасым сенен не қорқып, не жағынып беретін ас емес,– деді
ол,– қазақтың дəмді қадірлейтінін білесің.
Асқар командирмен ақылдасып еді, күн кешкіріп қалғандықтан тоқтауға
командир қарсы болған жоқ.
Қызылдардың бір ісі: жолшыбай соғысып алған жерлерге ревком құрып
келе жатыр еді.
– Осы маңда ел де көп екен,– деді командир, Асқарға,– жəне партизан
отрядының құрылған жері екен. Халықты жиып, митинг ашып, ревкомын
белгілеп кетейік.
– Жарайды!– деді Асқар.
Ұсталған
қашқындарды
Асан
жақын
деревнялардың
біреуіне
қаматтырып, мықты күзет қойды да, өз қонағын күтудің жабдығына кірісті.
Асан малын сойып, етін асқанша, Асқардың өтінішімен жан-жақтағы
ауылдардың, партизан отрядының адамдары тайлы-таяғына шейін қалмай,
тегіс Асан ауылына жиналды.
Жиналған жұртқа орысшадан Орлов, қазақшадан Асқар – Совет
өкіметінің тұтатын жолы туралы баяндама жасады. Жұрт ол баяндаманы
шаршамай толық тыңдап, шаттық көңілдерін дауыстап, қол шапалақтап
білдіріп отырды. Баяндамалардан кейін халықтың өзі сөйлеп, ақтардан
көрген жапаларын айтып, жиылыстық аяғы түн ортасына шейін созылды.
Ревком сайлау жұмысы таңертеңге қалып əскерлер тынықсын деп жұрт
түн ортасы ауа тарады.
Асан өз үйіне жиырма бес шақты қызыл əскерлер түсірген еді. Ішінде
Орлов пен Асқар. Үйге кіре Асқардың құмартқаны ас болған жоқ –
Амантай болды. Бастан көргенде жалпы баланың біреуі сықылданған
Амантай, минут сайын оған жақын тəріздене берді. Митинг кезінде
Амантай оның көз алдында елестеді де тұрды. Ол Амантайды көруге


құмартты. Көргенше дəті шыдамады. Асқар митингіден келсе – Амантай
ұйқтап қалған екен. Ұйықтаған баланы сүюге оянып кетер деп, ашық
жатқан бетіне еңкейіп үңіліп еді, кескіні көзіне Ботагөз сықылданып кетті.
Асқар шыдай алмай, маңдайынан ғана тұмсығын тақап тұрып, қатты
иіскеді. Түнгі салқын, таза ауаға рахаттанып ұйқтап жатқан бала оған
оянған жоқ. Митингі тарай, Асан ауылының маңайы осы күнгі
парккультуралар сияқты əн-күйдің, сауықтың мекеніне айналды. Партизан
мен қызыл əскерлер араласқасын гармондар тартылды, өлеңдер айтылды,
билеушілер көбейді. Бұл ойындарды тамашалап тұрған елдің қатын-қалаш,
бала-шағасы тегіс жиналып:
– Е, бəрекелді, міне, жаңа арқамыз кеңіді ғой!.. Е, тəйірі осындай бір
жақсылық болса керек еді!.. Мұндай да елге жайлы салдат болады екен!..
Ылғи бір ширатылған жібек сықылды жұмсақ мінез жігіттер. Қызылдарды
оңды деген қауесет бар еді. Көз көрді. Рас екен. Қарасы өшкір ақтың
салдаты қырып жібере жаздап еді, атаңа лағнаттың жеңілгені де елдің
қарғысы шығар. Елге жайлы əскер – мына қызылдар. Осындай халыққа
жайлы болғасын, халық тілегін тілеп, қызылдардың ақты жеңгені де сол
ғой. Көп жасаңдар!..– десті.
Асан үйінің дəмін ішіп, тарағаннан кейін Асқар төрге төсек салдырып,
Амантайды қойнына алып жатты. Ол түні бойы көз шырымын алған жоқ.
Бірақ оны екі нəрсе ауыр ойға түсірмеді. Біреуі – бауырына кіре ұйықтаған
Амантай, екіншісі – ауылдың айналасындағы ойын-сауық.
Таң сібірлей қалғыған Асқар, беті жыбырлағанға ояна келсе – Амантай
оның кеудесіне асыла, мұрнын ұстап отыр екен. Еті аршыған жұмыртқадай
аппақ, денесі толық баланы Асқар бауырына қысып сүйді. Оның ұйқысы
ашылып кетті. Бұл күн көтеріліп қалған мезгіл еді.
– Сөйлейді,– деді от басында самауыр қойып жүрген Қалима.
– Ə, солай ма? Атың кім, қалқам?
– Ə-мə-тай...– деді бала сөзін созып.
– Əкең кім?
Асқар қарқылдап күлді.


– Апаңның аты кім?
– Бө-тə...
– Ə, қалқам біледі екен!..
– Біледі,– деді Қалима,– тіл шыққасын-ақ апам сөйлетіп, үйретіп
отыратын.
Ботагөздің Амантайды ұстап түскен суреті Асқардың төсқалтасында
еді, соны алып:
– Мынау кім?–деп сұрады Асқар, Ботагөзді нұсқап.
– Бө-т-тə...
– Мынау кім?..
– Ə-мə-тай...
Асқар Амантайды тағы да қысып сүйді, сүйді де көзіне жас алды, көзіне
жас алды да күлді.
Таңертең екінші рет ашылған митингіден кейін, қызылдар жергілікті
халықтың ұнатуымен Асанды болыстық ревкомға председател сайлап,
ревкомның ел басқаруы жөнінде Асқар Асанға нұсқаулар беріп, содан кейін
Асқар əскерімен ілгері жүруге жиналған еді.
– Тарс есімнен шығып кетіпті!– деді Асан Асқарға,– кеше көпірден
біраз адамдар ұстап ек, өте күдікті адамдар. Біз ұстарда қапқа орап Есілге
лақтырған нəрселерін, мен сүңгіп алып шығып ем, біреуі пулемет екен, ал,
біреуі бір темір сандық. Оны ашқамыз жоқ.
– Олар қайда?
– Осы арадан бес-алты шақырым жердегі деревняның тас сарайында
қамаулы. Алдырсақ қайтеді?
Асқарға «жергілікті ревкомның өз қарауына қалдырсақ қайтеді?» деген
бір ой келді де, «жоқ,– деп ойлады тағы да ол,– пулеметпен, автомобильмен


жүрген адам тегін емес шығар. Алдырып білейік».
Асқардың бұл ойын командир де мақұлдады.
– Біз жүре берейік,– деді командир Асқарға,– сен біраз адамдармен
автомобильді ал да, осында қалып ұсталған адамдарды тексерістіріп,
артымыздан қуып жет. Осыған сөз байласып, Асқар біраз қызыл
əскерлермен Асан ауылында қалып қойды. Полк ілгері жүріп кетті.
Ұсталған адамдарға автомобиль жіберіп, ауылға алып келгенше Асанның
кеңесі – Ботагөзді қорғауда басынан кешкен қиындықтар туралы болды.
Автомобиль аз уақытта оралып келіп қалды. Асқар отырған орнынан
қозғалған жоқ. Асан далаға шығып, айдаушылардың қоршауымен, үйге
қамалғандарды алып кірді.
Сақалы қауғаланып өскен Мадиярды Асқар тани кетті. Асқарды Мадияр
да таныды. Асқардан рахым күтуге дəлелі жоқ Мадияр, оның кескініне тура
қарай алмай, көзін аяғының астындағы жерге тікті. Басып тұрған жер –
оған енді жер сияқты емес, түпсіз тұңғиық қара үңгір сияқтанды. Қараңғы
үңгірден басы айналған Мадияр ешкімнен рұқсат сұрамастан отыра кетті.
Асан мен Асқар Мадиярдан жауап алудан бұрын, темір сандықтың
аузын сындырып ашып, ішін ақтарды. Сандықта алашорда комитетінің,
документтері, соғыс мəліметтері салынған екен. Есілге тастағанда ішіне су
кіріп, көп документ сиясы еріп, бүлініпті. Аман қалғаны аз.
Осы суланған документтерді ақтарып отырып Асқар, атылуға
бұйырылған адамдардың тізімінен Асан мен Ботагөзді тапты.
Сандықтағы қағаз көп екен. Бəрін ақтарып, айырып оқуға ұзақ уақыт
керек болды. Сондықтан Асқар суланған қағаздарды кептіру үшін күнге
жайғызып, өзі Мадиярмен сөйлесті.
Асқардың Мадиярдан білгісі келгені: қайдан шыққаны, қайда
беттегендігі, алашорданың өзге адамдарының қайда екені, алаш
армиясының, ақтардың хал-жайы еді, Мадияр мұның біреуіне де жауап
берген жоқ. Асан: «ұрып айтқызайық» деп еді, Асқар оны істемеді.
Мадиярға күзет қойып, далаға шығып, Асқар Асанға ақылдасқанда:


– Сен құй ұлықсат ет, құй етпе!– деді Асан,– бұл иттің, қылығы өткен.
Мен мұны аттырам.
Асқар Мадиярды Н... қаласына алып кетейін деп еді, Асан сөзінде
қарысып отырып алды.
– Жаудың жауының жауы осы!– деді Асан,– мен мұны тірі жібермеймін.
Бұл талай адамның қанын осы араның өзінен төктірген. Қанға қанмен
жауап беретін кезегі келді.
Асқар ойланып барып көнді.
Үкім орындалды...
Амантайды бауырына қысып сүйген Асқар, Асанмен де сүйісіп
қоштасып, тез оралуға уəде қылып, автомобильмен жүріп кетті.
4
Н... қаласында ақтар үлкен қарсылық көрсетті. Қызылдар Оралдан
Сібірге қарай беттегеннен бері, Орскийден кейін ақтардың мықты
қарсылығы осы Н... қаласынын, тұсы болды.
Соғыс тактикасы жағынан Н... қаласынын, маңайы өте қолайлы еді.
Оның күнбатыс жағын ораған таудың бітімі қорған сықылды екендігі
романның – «Сəбиден сəлемдеме» деген тарауынан оқушыға белгілі. Осы
қорған тау, қаланы жақын жерден ғана қоршап қоймайды, оңтүстік жағы
бұйраттанып созылып, 50 –60 шақырым жерге кетеді. Ал, таудың солтүстік
жағы мен қаланың солтүстік жағын орайтын үлкен көлдің сол жақ
бүйірінен құйылатын өзеншік бар. Бұл өзеншіктің суы аз болғанмен, жары
терең, ой-шұқыры көп, жарының екі жақ қанаты тоғай, ұзын тұрқы жүз
шақырымдай.
Бас штабын Н... қаласынын, өзіне құрған ақтар, қаланың оңтүстігіне
созылған бұйраттың өн бойына, солтүстігіне созылған өзеншіктің өн
бойына шеп құрып үлкен ұрысқа күні бұрын əзірлік жасаған еді.
Ақтарды Орскийден шығарғалы үлкен қарсылық көрмеген Қызыл
Армия Н... қаласына сол қарқынмен келіп қалып, жердің жағдайы
разведканы алдап, осы арадан біраз адам шығын болды.


Н... қаласын алу төрт-бес күнге созылды. Қызылдардың бірінші күні
бетін қайтарған ақтар, шабуылға ойланып еді, қызылдар ен, алғаш жиырма
шақырымдай шегінгенмен, тез қарсы шабуылға кірісті.
Бір беткей, қаланын, күнбатыс жағынан соғысқанда, ақтар қаланы жуық
арада алдыра қоймайтын еді. Өйткені қызылдар келе жатқан жақ жазық
жалаңаш жер. Таудың арасына, өзеннің жыраларына бекінген ақтарға
зеңбіректен де, пулеметтен де оқ жаудыруға жəне жаудырған оғын дəлдеп
жіберуге қолайлы.
Бұл араның жер жағдайын Асқар жақсы білетін еді. Сондықтан қала
маңайының топографиялық схемасын жасауға, бекініс жерлерді дəл
көрсетуге оның кеп көмегі тиді.
Бұл кезде қызылдардың позиция қанатынын, солтүстік жағы – Қорған,
Түмен қалаларымен, оңтүстік жағы – Атбасар Қызылордамен қанаттасып
кеткен еді. Осы ұзақ шептің ойық жері Н... қаласынын, тұсы болды да, екі
жақ қанат ілгері сұғынып, солтүстік қанат – Ешім, Қызылжар қалаларына,
оңтүстік қанат – Ақмола, Шымкент қалаларына барып, позициялардың
сызығы доғаға айналды.
Н... қаласында ақтардың қатты қарсылық көрсеткен жəне шықпай
жатып алған хабардан естіген Қызыл Армияның екі жақ қанаты қаланы
орап алу амалына кірісті. Бұл амалды қолдануда Асқар жасасып берген
топография схемасы көп себеп етті. Сонымен, 249 полк қаланын,
күнбатысында аңдысып, атысып жатқанда, Қызыл Армияның екі жақ
қанаты қаланы орап қусырып кеп, қатты соғыспен түнде алды. Ақтардан
мыңдаған адам пленге алынды. Көп құрал олжа болды...
249-полк қалаға таң ата кірді. Бұл кезде ақтар қаладан ұзап, арттарынан
қуғын кетіп, қала қызылдардың қолына түгел көшіп болған еді. Өйткенмен,
қала іші абыр-сабыр, сапырылған адам.
249-полк қаладан өтіп, күншығыс жақ бетіне тынығуға түсті. Полк
тыныққанмен, қалада ақтардан алынған кеп плен бар деген хабармен:
«Ботагөз қолға аман түспеді ме екен?» деген ой кеп, Асқар қалаға қайта
барды да, қаланын, штабынан пропуск алып, тұтқын ақтарды түске шейін
аралады. Бірақ оның қыдыруы босқа кетті. Ботагөзден ол сыбыс білмеді.
Оның білген сыбысы – Кулаков дивизиясының пленге алынбай ілгері кетуі.


Іздеп-іздеп, Ботагөзден күдер үзген Асқардың есіне баяғы пəтерде
тұратын Салиха кемпір түсті.
«Ол қайда екен? Бейшара тірі ме екен? Əлде өлді ме екен?» деп ойлады
ол.
«Көрейін» деп Асқар жортып кетіп, бұрынғы жобасымен барып еді,
«осы ара еді ғой» деген мерзімді жерінде үй жоқ; күйген, я бұзылған үйдің
орны сықылды үйілген бір сары топырақ бар, айнала ермен, алабота
шығып кеткен. «Осы ара болу керек еді, қасындағы үйден сұрайын», деп
Асқар қалын, ерменнің, алаботаның арасымен, аржағында тұрған бір үйге
жөнеле беріп еді, аяқ астынан аты үркіп, жығып кете жаздады.
Жалт берген аттың үстінен түсіп қала жаздаған Асқар тізгінін тез тежеп,
тақымын орнықтырып, ат үріккен жаққа қарап еді, үй орнындағы үйілген
сары балшықтың ортасындағы бұзылған пештің кірпішінің үстінде – киімі
жалба-жұлба бір қартаң əйел отыр.
Аты үріккенмен: «бұл неғылған жан?» деп таңданған Асқар атын
тебініп, əйелге жақындады. Əйел ат үріккенде басын төмен салбыратып
отыр еді. Асқар үріккен атын тебініп жақындағанда, белін бүкірейтіп,
таянып түрегелді.
Əйелдің кім екенін Асқар таныған жоқ. Оның кескін-кейпінде, киім-
кешегінде адамға ұқсар жері жоқ, жəй ғана тірі əруақ.
– Шеше, кім боласыз?– деді Асқар кемпірге атын жолата алмай,
анадайдан.
– Шушы үйінін, хозяйкасы,– деді кемпір зорға сөйлеп.
– Үйіңіз күйген бе?
– Нəрсə булганын һиште билмим...
– Өзіңіз қайда едіңіз?
– Түрмəдə.
– Сіз Салиха апай емессіз бе?


– Ə-əйі, мин Салиха амай...
– Мен Асқар!–деді Асқар, атынан түсе қап, тартынған атын Салихаға
қарай жетектеп.
Салиха тəлтіректеп Асқарға жақындап, жылайын деп кемсеңдеп еді,
көзінен жас шықпады.
«Мен Асқармын!» деген сөзді естіген көрші үйдің жігіті жүгіріп кеп,
Асқарға амандасып, Салиханың басынан кешкен оқиғаны қысқаша
баяндады.
– Сенің əйелің бір жаққа кетіп қалып,– деді жігіт Асқарға,– соны тауып
бермедің деп ақтар бұл бейшараны ұрып-соғып, түрмеге жапқан еді. Содан
мана шықты. Үйін ақтар отқа жақты. Бірақ, расын айтқанда, соғыстың арты
неге соғарын білмей, маңайдағы үйлер қорқып кіргізбей, Салиха апайдың
далада отырған себебі сол еді.
– Осы маңайда бос үй бар ма?– деді Асқар жігітке.
– Анау тұрған Савелий Кабановтың үй іші ақтармен бірге қашып, үйі
бос қалып тұр.
– Жүріңіз, Салиха апай!– деді Асқар, Салиханы қолтықтап,– сол үйге
апарып орналастырайын. Əй, жігіт, атыңды ұмыттым, атың кім еді, өзіңді
танимын.
– Аманқұл.
– Əке-шешең бар еді, аман ба?
– Аман. Мен де сені білем. Дауысыңды танығасын келдім. Əйтпесе,
танымаған адамда не жұмысым бар. Аманқұлды Асқар біледі. Ол грузчик.
Салиханы Асқар қолтықтап, атты Аманқұл жетектеп, үшеуі Савелий
үйінің алдына келді де, атты қақпаға байлап, қарағай үйге кірді. Үй төрт
бөлме болатын еді. Сенегі, ас бөлмесімен алтау. Үй ішінде қираған
орындықтардан басқа жасау жоқ екен. Бірақ есік, терезесі, пеші бүлінбеген.
Ішін абойлаған жаңа қарағай үй саңғырап тұр.


– Əй, Аманқұл!– деді Асқар, Салиханы бір скамейкаға отырғызып, жан-
жағына қарап тұрып,– сен осы үйге ие болсаң қайтеді?
– Айта көрме...
– Жоқ, сен қорықпа. Ақтар енді оралады деп ойлама!
– Ақтар оралмаса да, Кабановтың мұндағы тұқымдары мені түтіп жер.
– Түк те қылмайды. Қалаға енді біздің үкімет орнайды. Жалғыз бұл
емес, Кабановтың өзге байларының үйін де тартып алып, сендейлерге
береміз. Сен мына Салиха апаймен осы үйге түс. Үйге екеуің ортақ
болыңдар. Ақша беріп кетейін, мен қайтқанша апайды сен күт.
Аманқұл ризаласты. Соғыс біте Н...ға оралмақ боп, сəби Амантай мен
Ботагөзді Салихаға көрсетпек боп, Асқар аттанып кетті.
Алексей Кулаковтың ақылымен Н... қаласынан кейін ақтардың
қызылдарға үлкен қарсылық жасаймын деген жері – Бурабай тауы еді.
– Қызылдарды тосып, қапыда ұшырататын Бурабай тауында екі жер
бар,– деген еді Алексей, корпустың командирше,– біреуі «Көкше» мен
«Өркешті» тауының аралығы арқылы – Шабаший қаласынан Бурабай
қаласына тік түсетін асу; екіншісі – Шабаший қаласынан шығып,
«Көкшенің» солтүстігімен Шабақ келінің жарын жағалап отыратын асу.
Сырттан келген қызылдар бастапқы асумен аспай амалы жоқ; ал егер бізді
алдымыздан орағысы келсе, соңғы асу қиын болғанмен, онымен де өтеді.
Ол асуды білетін іштерінде Асқар Досанов деген бар. Егер осы екі асуда
пулемет құрып отырсақ, қызылдардың біразын отаймыз. Мүмкін олар
шегінуі.
Таудың картасына қарап отырып, корпус командирі, Алексейдің
ұсынысын қабылдап еді, бірақ «алдымызды ораған қызылдар бар» деген
үреймен ол пландарын іске асыра алмай, үрейленіп дүркіреген солдаттарын
тоқтата алмай, Бурабай тауынан ақтар ағып өте шықты.
Олар Итбай ауылына барып түсті. Қызылдардың келе жатқанын естіген
Итбай тұқымдарында үрей жоқ екен, еркек кіндіктісі тығылуда екен.
Ауылына келген ақтардық ішінде Алексей Кулаков пен Сарыбас барын
естіген Итбай тұқымдары жиналды. Итбай өлгеннен бері болыстың


қызметін атқарып, «қызылдар жақындады» деген хабардан беpi, тауға
паналаған Елікбай да келді.
Сарыбасқа жылап көріскен Елікбай: «əйтеуір, шашылуға жиналған мал
ғой» деп, 40–50 қой сойып, 2-3 ту бие сойып, ақтарға қонағасы берді.
Кейінгі жағына қарауыл қойып, ақтар ас ішіп жайлағанда, Елікбай
Сарыбасты оңаша шығарып, қолына бір конверт ұстатты. Сарыбас ашып
көрсе, Базарханның хаты екен. Хат былай жазылыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет