Бірінші бөлім (Роман) ТҰҢҒИЫҚта бірінші тарау кездесу



Pdf көрінісі
бет5/25
Дата23.07.2022
өлшемі1,94 Mb.
#37875
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
(pdf) Cәбит Мұқанов — Ботагөз

БЕСІНШІ ТАРАУ
КҮТКЕН ГУБЕРНАТОР
1
Бүркітіне бірнеше қоян ілдіріп түс ауа ауылына беттеп, соны қардан
жолды қиып алуға келе жатқан Амантай алыстан бір көсем аттыны көрді.
Жолаушының жүрісі асығыс, аттары шапқынмен келеді. Амантай «бұл кім
екен?» деген оймен жортып барып алдынан тосайын деп еді, маңайлап
ұшып жүрген бүркіт шақырғанына келе қоймай, жолдан қырындап кетті.
Жолды қиғаштай ұшқан бүркіт, біраздан соң шырқап биікке шығып
алды да Амантайдан шақырымға жақын жерде шаншыла темен қарай
құлдырады.
– Тіфе-тіфе!– деді Амантай, астындағы атын тебініп, сүріне-қабына
шоқытып,– қанды басың бері тарт!
Қан сонар болғандықтан Амантай аңға таң біліне шығып, астындағы
аты босаңси бастаған еді.
Сондықтан ат Амантайдың алып ұшқан көңіліне серік болмай, аяғын
аттаған сайын күртікке сүрініп, бүркіт түскен орынға зорға жетті.
Бүркіттің басып жатқаны қарсақ екен. Аң алғанына масаттанғандай


болған бүркіт, иесі аттан түскенде қарсақты тастай беріп, секіріп барып
саржан бойы жерге қонды.
Амантай қарсақтың қасына келсе: аузын аңырайта ашып, иегін əлсіздеу
қағып жатыр, тырнақ кірген көзі ағып кетіпті. Өлгелі жатқан қарсақты
Амантай қалақпен бір беріп, артқы аяғынан көтерсе, белдемесі омырылып
қалған екен.
Бүркітіне жемді қайтар алдында ғана жегізетін Амантай, қындағы
кездігін суырып алды да, қарсақтың оң жақ қолының, бауырының терісін
іреп, төсін сөгіп, жылыдай жүрегі мен бауырын жұтқызды. Содан кейін ол
етінің жұмсақ жерлерінен бір-екі кесегін қылғытты. Оған разы болған
бүркіт, терісін сыпырып жатқан қарсақтың етіне ұмтылмай, тұмсығын
қанатына үйкеп отырған орнынан қозғалған жоқ.
Амантай қарсақты сойып болып, терісін қанжығаға байлағалы атына
қарай жүргенде, көзіне жол үстінде тоқтап тұрған манағы шаналы түсті.
Шанада біреу түрегеп, қолын бұлғап тұр.
Бүркітті балдаққа қондырып, шаршаған атының жалқау аяңымен ілбіп
отырып Амантай жолаушыға келсе – екі орыс, алдында божы ұстаған қазақ,
түрегеп тұрған екі орыстың біреуі екен.
– Аман? Қай ауылдікісін?–деді түрегеп тұрған Амантайға
– Мына ауылдікі,– деп Амантай ауылын иегімен нұсқады.
Бүркіт балдаққа отыруға жалыққандай талпынды.
– Держи!–деді түрегеп тұрған қолын көтеріп.
– Кісіге тимейді.
– Бұл не құс?
– Бүркіт.
– Жаңа не ұстады ол.
– Қарсақ.


– Көрсет.
Амантай аттан түспей қарсақтың қанжығадағы терісін қамшысының
басымен көтерді. Оның екі жақ қанжығасында бірнеше қоян, сирақтарынан
байлаулы еді.
– Нешеуі қоян?– деді орыс.
– Тоғыз.
– Бəрін бүркіт ұстады ма?
– Енді мен ұстады деп тұрмысың?
– Бүркітпен қоян ұста деген кім саған?
– Ешкім де емес. Өзім!
– Қоянды лұқсат қағаз алмай аулауға болмайды. Қағазың бар ма?
– Жоқ.
Сөйлесіп тұрғанда «бұл кім?» деген оймен үңіле қараған Амантай,
біраздан кейін Кошкинді таныды. Кошкин мұны танымады. Өткен жылы
кісі өлімінің дауы болып, сол даудан Кошкин алты қасқыр, жүз сом, бір
алтын жүзік пара алғанын Амантай жақсы білетін еді. Кошкиннің үстіндегі
көк шұғамен тыстаған, жағасы қайырулы қасқыр тұлыпты, Амантай сол
параға алған қасқырлардан істеткен екен деп ойлады.
Кошкиннің бүркітке жабыса бастауынан Амантай сескенейін деді.
Салқындаған денесі ширыққан бүркіт, тағы да талпынып еді, қаққан
қанатының астындағы көбік қар борап кетті.
– Ұста, ұста!–деді Кошкин денесін шегіндіре, қолын көтеріп.
Бүркіт талпынуын тоқтатпағасын, Амантай Кошкиннің «əрі кет»
деуімен шанадан алысырақ барып тұрды. Бүркіт қайта тиышталды.
– Бұл неге талпынады?–деді Кошкин.
– Иесіне жаман сөз айтқанды біледі,– деді Амантай қуланып.


Кошкиннің естуінше – «бүркіт адамдай ақылды. Иесіне жау кісіге о да
жау».
– Орысша біле ме?– деді үрейленген Кошкин.
– Біледі,– деді Амантай жымиып,– алып кетем десеңіз мə бүркіт!
– Жіберме!.. Жіберме!..
– Егер, мен тиме десем тимейді.
– Ендеше, айт, тиме деп,– деді Кошкин.
Амантай бірдеме айтқан боп, бүркіттің басын, топшысын сипап, басына
томағасын кигізді.
– Бөркі ме оның?
– Иə, бөркі.
– Оны неге кигіздің, басы тоңа ма?
– Басы тоңбайды. Сендердің кескіндеріңді көңіліне сақтап қалмасын
деп көзін жауып жатырмын. Егер, кескіндерің есінде қалса, ол сендерді
қайдан болса да тауып алады.
– Мына кісіні танисың ба?–деді Кошкин қасындағысын нұсқап.– Бұл
становой пристав.
– Қай жақтан келесіңдер?
– Алексеевка жақтан.
Кошкин губернаторға даярланған аттарды тексеріп жүргенін айтты.
– Бүркітпен аңшылық өте қызық,– деді пристав урядникке,– егер
губернаторға көрсетсе, қандай жақсы болар еді.
– Бурабайға тоқтайды деген сөз бар, сонда шақыртамыз бұл қазақты.
Əй, киргіз?.. Атың кім сенің?


– Амантай.
– Но, вот, Амантайка, сен келесің бе, губернаторға бүркіт салуды
көрсетуге...
– Кел десең келем.
Приставпен екеуі күбірлескесін:
– Губернатордың өткенін байқап жүр де, Итбай ауылына кел,– деді
Кошкин.
– Жарайды.
Урядниктің көзі қарсақтың терісіне бір-екі рет қадалды да, сұраудың
жөнін таппады.
«Аң байлап келе жатқанда, жолда жолыққасын, орыс та болса сауға
сұрайтын реті бар,– деп ойлады Амантай, Кошкиннің көзқарасын сезіп,–
сұраудың ретін білмей тұрған шығар, бір қарсақтан байымаспын, байланып
кетсін».
Амантай бүркітті ердің қасына қондырып, аттан түсті де, қарсақты
қанжығадан шешіп алып, урядниктің алдына тастады.
– Қырғыз,– деді Амантай,– мала-мала держал қарсақ, қоян... он мала-
мала сауға дабайт бойдит, ежли он дороги бидит шелабек.. Не дабайт
жаман бойдит... поймал?..
– Понимаю...
Урядник қолына тиген қалың түбітті қарсақты қолына алып, қуанышпен
сипады да:
– Маған кушайт надо?– деді.
«Ет асып бер дегені ме?»– деп бір ойлап қалған Амантай урядниктің
көңілі қоянға да ауғанын кейінірек түсінді.
– Даем... кояндікі мақан жернай бойдит...


Амантай қанжығадан екеуіне екі қоян шешіп берді.
Жолаушылар жүріп кетті.
– Бүркітін губернаторға əкелер ме екен?– деді урядникке пристав былай
шыға беріп.
– Əкелер. Тіл біледі дегені рас па екен?
– Менімше рас. Өтірік болса ол құс қазаққа еріп жүре ме, босанғасын
қашып кетпей ме?
Иесінің тілін сөз білгендіктен алатын шығар. Оның қандай киргиз
екенін білесің бе?
– Жоқ. Танымадым.
– Губернаторға бүркітімен қастық жасамас па екен, ол?
– Қайдан білейін!
– Бүркіті тілін білсе, оңашада үйретіп қойып, мен айыпты емеспін, құс
айыпты деп жүрмесе!
– Оны ойлану керек екен!..
2
Жолдағы ауылдың біреуіне қонып, урядник пен пристав Итбайдікіне
ертеңіне түске тармаса келді.
Губернатор келетін мезгіл жақындағасын, ауылдың солтүстігі мен
күншығысынан келетін екі жолдың да үстіне Итбай салт атты қарауыл
қойған еді. Сол қарауылдың біреуі көсем атпен көсілтіп келе жатқан
урядник пен приставты көргесін ауылға тұра шапты.
«Есі дұрыс па, шаба жөнелгені несі?»–деп ойлады жолаушылар.
Қарауыл жігіт аттан қарғып түсіп, үйге жүгіріп кіргенде, Итбай ертеңгі
шайын жаңа қолға алып жатыр еді.


– Келіп қалды!..
– Кім?
– Білмеймін, əйтеуір жүрісі қатты. Көсем жеккен...
– Бір ғана шаналы ма?
– Біреу.
– Ə, онда апы кіріп, күпі шықпай-ақ қой.
Итбайдың олай деген себебі губернатор ең кемінде он пəуескемен
келеді деген хабар алған. Сондықтан ол: «Кошкин-мошкиннің біреуі болар»
деп ойлап орнынан қозғалмады да, артынан «уезни боп қалуы мүмкін»
деген ой түсіп, орнынан түрегелді.
«Его высокопревосходительство генерал-губернаторды мен Ақмола
жөнелтіп барам,– деп жазған еді. Көкшетаудың уездный начальнигі
Кривоносов Итбайға,– қасында Ақмола облысының гражданский
губернаторы бар, прокурор бар, чиновник особых поручений бар, лакейі,
повары, тағы басқалары бар – барлығы он бес кісі, алты пəуеске.
Ақмоланың уездный начальнигімен екеуміз губернаторды Петропавлға
шығарып саламыз. (Мүмкін, Бурабайлатып, Омбыға тура кетуі).
Барлығымыз он шақты пəуеске, 25-тей кісі болармыз. Мен қолымнан
келетін бар мүмкіншілікті қарастырып, генерал-губернаторды сіздің үйге
түсіруге тырысам. Бұл қонақтың өзгеше екенін сіз ұғуға тиістісіз. Бір
үйіңізді түгел босаттырып, ішін жақсылатып жинатыңыз. Город тəртібін сіз
өзіңіз білмеуіңіз мүмкін. Олай болған күнде, маңайдағы казак-орыс
қаласынан білетін адамдарды алдырыңыз. Қонақ асы ретінде солармен.
ақылдасарсыз. Петербургке сізді жіберу керек деп, губернаторға өтініш
еткен мен болатынмын. Жақсылап, сыйлап жіберерсіз деп сенемін. Ішік,
құндыз сықылды лайықты затыңыз болса, сыйға тартқаныңыз да жаман
болмас еді»..
«Қарауылшының көргені – губернатордың алдын ала келе жатқан
Кривоносов емес пе екен?»–деген оймен Итбай далаға жүгіре шығып еді,
шанадан түсіп жатқан урядник пен приставты көрді.
– Ат даяр ма?– деп сұрады, амандасқаннан кейін пристав Итбайдан.


– Даяр, тақсыр.
– Неше ат байлаттың?
– Қырық ат.
– Түктері қандай?
– Он пəуеске келер деп шамалап бір пəуескеге төрт аттан даярлаттым,
бəрінің түктері, тұлғалары бір келкі.
– Көрейік.
Урядник те, пристав та тұлыптарын сыпырып тастап, бүрме бел тонмен
Итбайдың артынан ерді.
Аттар төбесінің жартысы ашық қорада қаз-қатар байланып, шөп жеп
жатыр еді.
Итбаймен арасында азырақ салқындығы бар пристав, міні барларын
табам деп, қорадағы аттарға көзін қадай кірген еді, бəрі де бір келкі денелі,
түктері парланған, күйлі жылқылар екен.
– Қарнын шермитіп, аттарды шөпке неге қойдыңыз?– деді ол аттардан
кінə таба алмағасын.
– Мал үнемі сұлы жемейді. Бір мезгіл шөп бермесе болмайды. Аттың
ішін өсіретін бұл жас шөп емес, былтырғы қураған қаудан.
Жабайы
кісі
болса
«молчать!»
дер
еді
пристав,
Итбайдың
Кривоносовпен жақындығы барын білетін ол олай жекіре алмады. Бірақ
«молчаты» көзқарасымен ұқтырам дегендей адырая қарады.
– Көрерміз, господин волостной управитель, чині үлкендерімізге қалай
ұнарын!.. Əлі мақтануға ерте... Күттіріңіз жақсылап. Үйді даярлаттыңыз
ба?
– Даяр, көріңіз жүріп.
Əр түрлі кілеммен, жібек кестеден өрнек тіккен жабулармен, шұғамен,


оюлаған ақ киіздермен, киіз үйдің кілем бауларымен, асыл киім, асыл
саймандармен əшекейленген алты бөлмелі ағаш үйдің ішін аралағанда,
приставтың таңданғаннан есі шығып кетті.
«Міне байлық!» деп ойлады ол.
Оған əсіресе ұнаған губернаторға даярланған бөлме. Ол бөлмеде: бір
жақ басы еденге төселіп, бір басы үйдің қабырғасына өрлеп шығып, ар
жағында кеп жері бүктетіліп тұрған, гүлдері жақұт тасындай жалтылдап
көз тоқтатпайтын шым жібек кілем бар еді.
– Мынау неше кез?– деп сұрады туғалы ондай кілем көрмеген пристав.
– Ұзындығы он екі кез, көлденеңі сегіз кез.
– Да-а-а!
Төрдегі екі терезенің аралығындағы қабырғада жанат қаптал ішік, тамақ
ішік, қара құлын жарғақ, қамшаттың ұзындығы кере құлаштан артық ақ
қылшық екі қара құндызы ілулі тұр екен.
– «Морозной пылью серебрится,
Его бобровый воротник ,–
деді пристав құндыздың жүнін алақанымен сипап, шіркін-ай, жаға
қылар ма еді? Бірақ біздің қолға бұл не түссін, қымбат та. табылмайды да!..
Екі терезенің аралығында оюлаған сұлу өрнекті қызыл ағаш рамаға
салып, бетіне шыны жауып, раманың айналасын шашақты қызыл жібек
белбеумен төгілдіре қоршаған бір затқа пристав пен урядник үңіле қарады
да, оған таңданғандай, я одан қорыққандай біріне бірі қарады.
Бұл үңіліп қарағандары – 1739-жылы Итбайдың арғы атасы Байқадамға
Россия патшасынан берілген грамота еді. Грамотаның басындағы
«Жалованная грамота почетнейшему аксакалу, бию Киргиз-Кайсацкой
Средней Орды »– деген тасқа басылған сөздермен жазылып кеп,
«Байкадаму Худайбергенову» деген сөздер қолмен жазылып, одан кейін,
тағы да грамотаның аяғына шейін таспен басылған сөздер екен.
Құдайбергенов» деген фамилиядан кейін айтылған сөздер: «о принятии им


в числе 75 аксакалов Российского подданства» .
Одан кейін, Анна Иоановна Байқадамға, Россияға бағынғандығы үшін
рахмет айтып, «дворян» деген атақберіп, оның барлық ұрпағын нақ өзіндей
қадірлейтінін жазған.
Пристав грамотаны қадала оқып тұрғанда, «бəлем, біліп қой, менің кім
екендігімді»,– дегендей, Итбай оған күлімсірей қарап тұрды.
Итбайдың атасы бұндай грамота алғанын пристав бұрын білмейтін еді.
Сондықтан ол: «ə, мынау мынадай қазақ екен ғой!»–деген оймен Итбайға
қарады. Итбайдың тəкаппарсып жымиғаны приставқа ұнамады. Қазақты
кем халық, деп түсінетін ол, патшаның мына сияқты грамотасын Итбайдың
атасынан қызғанды. Приставтың ол қызғанышы« сезген Итбай, «ішің,
күйсе тұз жала»,– деп күбірледі де:
– Біздің атай осылай болған!-– деді приставты ашуландыра түсейін деп.
Итбайдың ол сөзін ұнатпаған пристав бетін есіктің екі жақ босағасына
бұрса, төгіліп тұрған əртүрлі, аттың саймандары екен. Бəрі алтындалған,
күмістелген. Олардың ішінде приставқа аса ұнамды көрінген: жалпақ бас
қазақ ер мен ердің: тоқым, тебіңгі, үзеңгі, айыл, тартпа, құйысқан,
өмілдірік, жүген сықылды саймандары. Ердің ағашына да, саймандарына
да қақтаған күмістер шегеленіп, олардың бетіне алтын сымнан мəнерлер
тартылған екен. Құйысқанның, өмілдіріктің, жүгеннің шашақтары алтын
шок,. Енді приставтың көзі соған түсті.
– Баяғыда император II Николай наследник боп келіп мені Омбыға
шақыртқанда,– деді Итбай приставқа, зəресін ұшырғысы кеп,– мен осы
ерге мініп барып ем.
– Сізге мұны кім істеп берді?
– Жер ауып келген бір черкес үйімде жатып, осыны бір жыл істеді.
Ақысына бір ат, бір пұшпақ ішік бердім. Бір жыл тамағын асырадым.
– Қанша күміс кетті барлығына?
– Жүз сомнан артық шығар деймін.


– Алтын ше?
– Күміске жалатқаны 50 сом, анау алтын шоқтарды Ірбіттен əдейі
саттырып алдырғам.
Жылтырағанның бəрін ала бергісі келетін, хатта алып та жүрген
пристав: «реті келсе,– деп ойлады ішінен, бөлмеде көрінгеннің бəріне
қызығып,– мен алар едім бұларды... Егер біреуін ғана ал десе, қайсысын
таңдар ем?.. Бəрі де керек... Міне қайда байлық!..»
Жасаудан кейін Итбай ыдыс пен арақ қойған шкафтың ішін ашса:
портвейн, коньяк, мускат, кагор, шампанский, ликер ақ арақтың əр түрлері,
тағы басқа түрлі арақтың бөтелкелері лық толып тұр екен.
– Азырақ бой жылытасыз ба?–деді Итбай приставқа, көзі араққа қарап
бозарып баратқанын көріп:
– Закускамен!.. Соңырақ!..
Губернатор жататын бөлмеде приставқа бір кем көрінген нəрсе –
кереует жоғы еді:
– Губернатор қайда жатады?– деген сұрауға:
– Мынада жатады,– деп Итбай ақ никель кереуетті алдыртты да, үстіне
мамық құс төсек салдырып, оның, үстіне қаңылтырдай саңғырлаған жаңа
жібек көрпелер жаптырып, шайымен тыстаған жастықтар .қойғызды.
– Дұрыс!
Жасаудан, үйден, ыдыстан, тамақтан кемшілік таба алмаған пристав,
музей қараған адамдай əр нəрсеге бір үңіліп жүргенде: «ас даяр!»–деген
хабар əкелді Бүркітбай.
Пристав, Кошкин, Итбай үшеуі ас бөлмеге шықса, табаққа салған
қуырдақтың буы бұрқырап тұр екен.
– Отырыңыздар.
Итбайды манадан таңдандырған бір нəрсе: Кошкиннің пристав алдында


мысы түсіп, аузын буған өгіздей «лəм» деп үндемегені, болмашы айтқан
сөзіне де «ваше благородие» дей беруі.
«Жалғыз жүргенде екпіні тау жығарлық еді, өзі не деген жасық неме?»
деп ойлады Итбай.
Кошкиннің үндемеуі қорыққандық, яки жасықтық емес екенін, қызмет
кезінде өзінен үлкен ұлыққа сұрамай сөз қату дұрыс емес деп түсінетіндігін
Итбай білген жоқ.
Қуырдаққа отырғаннан кейін Кошкин үнін шығарды.
– Семен Семеныч,– деді ол столдағы коньякты көріп,– енді ішеміз,
сіздің денсаулыққа.
Пристав жымиды да, рюмкаға құйған коньякті оң қолымен көтеріп
орнынан түрегелді.
– Мен бұл бакалды ішемін,– деді пристав,– губернаторға жақсы
даярлық жасағандығы үшін, волостной управитель – Итбай Байсақаловтың
денсаулығына, ура! Соғысқан рюмкалар сыңғыр-сыңғыр етті.
3
Балалардың сабағын бітіріп, түстен кейін таратқан Асқар, терезеге
қарап біраз түрегеп тұрды. Ол күні қалың тұман түскендіктен, бұтағын
қырау басқан жақындағы селдір ағаштар болмаса, көзіне жөнді нəрсе
ілеккен жоқ.
«Журнал оқиын» деген ой келді оған, бір түсті аппақ қарлы далаға
қарауға жалыққасын.
«Айқаптың» бірнеше саны почтада жиналып жатып, жақын арада бір-ақ
келген еді. Соларды шкафтан алды да терезенің алдына отырып, оқуға
тұтынды.
Қазақ тілінде шығатын жалғыз журнал болғандықтан, оның нендей
мəселе көтеретінін білгісі келген Асқар «Айқаптың» барлық санын оқып
шығатын еді.


«Айқаптың» 2-3 сандарында Романовтардың 300 жылдық тойы туралы
бірсыпыра кеңес жазылған екен. Тойға баратын қазақтарға «Айқап»
ақылдар айтқан екен. Соларды өзінше талқылап, қалың ойда отырған
Асқардың құлағына:
– Аманбысың Асқар!–деген дауыс сап ете түсті. Асқар жалт қараса:
қара құлын жарғағы, түлкі тымағы бар, кең танау бір қара сұр адам.
– Мені танымайтын шығарсыз?–деді қара сұр, көзін ойнақшытып,– Мен
Мадиярмын.
– Ə, енді білдім!–деді Асқар қолын ұсынып, қуанышты кескінмен,–
сəлəматсыз ба?
Мадиярдың қысқан қолын ұзақ уақыт жібермей, кескініне қуанышпен
қараған себебі, біріншіден – көптен оқыған азамат көрмей, оқыған адамды
сағынуы болса, екіншіден – Мадиярдың атын ғана естіп, оны көруге
Асқардың көптен ынтық болуынан еді.
Асқардың естуінше: Мадияр қазақ зиялыларының ішіндегі ең
беделдісінің біреуі, жəне азғана қазақ оқығандарының арасында оны
мұндай дəрежеге жеткізген, оның ақылдылығы, болжағыштығы, заман
жайына қырағылығы екен. Ондай адамға жолығуға, ақыл алуға Асқар
құмар.
– «Жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан шықсын» деген атамыздың
мақалы бар еді,– деді Асқар, қолын босатпастан, аздан кейін Мадиярға,–
сізді көруге аса құмар едім, тілеуіме тура келдіңіз.
– Мен де сені сырттан естіп ем,– деді Мадияр, өзін Асқарға аға көріп,
«сенімен» сөйлесіп, көруге мен де ынтық ем, сəті бүгін түсті. Бұл ауылда
бала оқытатыныңды да ертеде естігем.
– «Аттың жалы, атанның қомында» мазаңызды алмайын,– деді Асқар,–
қайталап айтайын, күткен кезімде келдіңіз. Əлім жетпейтін жүктің астында
мықшыңдап жатқан кезім еді бұл, мүмкін, сіз көтерісіп жіберерсіз;
жүгімнің жайын жата-жастана айтармын. Ал, жол болсын!
– Əлей болсын, Орынборда «Қазақ» атты газет шығаруға үкіметтен
ұлықсат алынған еді. Соған қаражат жинап жүрмін. «Азамат серіктігі»


деген ұйым ашып ек. Газет мүшелік жарналарға шығады. Сол серіктікке
мүшелер ұйымдастырам. Газет шығару көптен ауызда жүрген мəселе еді.
1906 жылы Торғай болысының ақсақалдары Дума сайлауына Орынборда
бас қосып, баспасөзге еркіндік болды дегесін, газет шығарайық деп қаулы
қылған. Ішінде мен де болғам. Ол кезде мен Орынбордағы киргизско-
учительский курсте оқитын ем. Газетті ұйымдастырып, қаражат жинауды
жұрт Қостанайдың атақты байы – Смайыл хажы Жаманшаловқа тапсырған
еді жəне сол арада, кісі басы ақша шығарып, мың жарымға жақын қаражат
жиналған еді, артынан Смайыл ол ақшаларды жеп қойып, газет шықпай
қалған. Міне, сол газет алты жылдан кейін шыққалы отыр.
Газет шығарады деген хабарға Асқар қатты қуанды. Қазақ тілінде бір
газет шықса қандай жақсы болар еді, деген оның көп уақыттан бергі
арманы енді жарыққа шыққан сықылданды.
– Бір үйге түсіп жайланыңыз,– деді Асқар Мадиярға,– содан соң
сөйлесерміз. Осы ауылда Итбай дейтін байымыз бар, өзі болыс. Содан
басқа үйге түссеңіз жағдайыңыз келмес.
– Өзім де сол үйге түстім. Итбайды білем. Бұрын бірер қабат көргем де.
Мен кеп түскенде даяр шай бар екен. Содан ішіп, жылынып, оның артынан
қымыз ішіп, тойынып алдым. Көңіл тойса, тамақ тоятын. Киіз туырлықты
қазекемнің бір мақтауға тұрарлық əдеті,– осы қонағасысы емес пе?
– Əрине, солай. Итекең сияқты байларда тамақ көбі рас. Бірақ, біз
қуанып ішетін сол тамаққа, біреулер жылап қарайды, бұның сонысы жаман.
– Ол кім?– деді Мадияр Асқардың сөзіне түсінбей, оған сүзіле қарап.
– Кім болсын: кедейлер! Итбайдың малы – кедейдің, көз жасынан
құралған жоқ па?
Ата-бабасынан бері қарай, күні бүгінге шейін момындарды зарлатып,
жеп келеді. Зорлықтан жүрегі айнитын Итбай жоқ, жеген сайын өшіге
түседі.
Асқар Мадиярға Итбайдың өзі білетін қиянатының біразын айтып берді.
– Осы сөздерді ол кісінің өзіне айтып көрдің бе?– деді Мадияр.


– Шет жағалап айттым. Менің сөзімді жүре тыңдайды, «оны көпсінсең,
мына
қара»
дегендей,
əдейі
маған
көрсете,
өршелене
соғады.
«Ауылдағының аузы сасық» деген мақал бар ғой. «Қатынға қадырым жоқ –
етімді көреді, ағайынға қадырым жоқ – бетімді көреді» дегендей, күнде
көріп көзі үйренгендіктен менің сөзім оған құнсыз болатын шығар, не ол
мені – «жалдап алған учителім» деп жалшысының біріне санайтын шығар.
Тыңдамайтыны содан ба деймін, əйтпесе, ұялтарлық қып-ақ айтам.
«Мадияр» деген атыңыз бар, бұрын таныс та екенсіз, мүмкін, сізді сыйлар,
сіз айтып көрсеңіз қайтеді?
Мадияр Асқардың шын көңілден айтқан сөзін кекету деп ойлап қалды.
Сондықтан ол да кекетінді жауап берді:
– Айтсам айтайын, бірақ кімнен естідім дейін, сенен бе?
– Олай десеңіз де болады. Əйтпесе, ел аралап келе жатыр екенсіз, ел
ішінен Итбайдың қиянатын өзіңіз де естіген боларсыз.
– Өсек жинауға уақытым болған жоқ. Өсектен басқа жұмысым да
жететін.
«Бұл сөзді қалай айтты» дегендей таңдана қараған Асқарға:
– Жесе жейтін шығар,– деді Мадияр өкпелетіп алармын дегендей,– ең
алдымен қазақ халқы, ең зор жеушіден құтылу керек, сонда ғана көзі
ашылады.
– Ол кім?
– Орыс!– деді Мадияр шегелей сөйлеп.
– Орыстың кедейін жеуші жоқ па?
– Бұл өз пікірің бе?– деді Мадияр төне қарап.
– Олай деп неге сұрадыңыз?
– Жай, көлденең біреуден естігенің бе дегенім ғой. Асқар ол сөзді ауыр
алды.


– Бұлайша айтуыңыз: мені бұрын танымағандығыңыздан ғой деймін.
Ақылым көп, я аз деп сізге не дейін, бірақ кісі сөзін айтатын менің аузым
əрген емес. Мен өзімді, шамаша, өз пікірім бар деп түсінетін жігітпін.
– Ренжіп қалдың ғой, Асқар, менікі зілсіз сөз еді.
Таныспай жатып, бұлайша сөз мұрындықтары соқтығысқанына Асқар
да, Мадияр да ыңғайсызданды. Екеуі де сөз сарынын басқа темаға аударуға
тырысты.
4
– Ұн алып ішетін азғана тиыныңды шығындап, кəзит алған сенің не
теңің?– деп біреулер жаны ашығансып ұрысты.
– Мырзалығын тиясың ба? Қып-қызыл жас жігіт емес пе, сайдың
тасындай ағайынды үшеу, табысы мол. Санаттан қалмағаны дұрыс,– деді
Бүркітбай кекетіп.
– Тіпті, осынікі жарайды. Сүйегінде кемігі бар неме, өзінің! Осыдан
түбінде кісі шығады. Кезегі келген жерде астындағы атын түсіп беретін
əкесі ер кісі еді. «Ат болатын тай саяққа үйір, адам болатын бала қонаққа
үйір» деген сөз бар. Жазылғаны дұрыс!– деді біреу, кекеткен адамның сөзін
ұнатпай.
– Ағай!–деді Кенжетай Мадиярға,– жарты жылдығы екі сом екен,
қалтамда ақшам жоқ еді, екі жақсы сеңсеңім бар еді, соны сатып
жолыңыздан қалдырмай ертең ақшаңызды əкеп берем.
– Ақшаңды мен берейін, маған артынан берерсің,– деп Асқар өз
ақшасына екі сомды қоса берді.
– Тағы кім бар?– деп Мадияр жан-жағына қарап еді, ешкім «мені жаз!»
дей қойған жоқ.
– Бұларың жарамас,– деді Итбай жұртқа,– əдейі: келген азамат. Ел деп
келіп отыр. Жазылыңдар!
Мадиярдан көрі Итбайдан көбірек ұялған жəне бес-алты адам
қынжылып барып, жылға, жарты жылға жазылды да, өзгелер тым-тырыс


отырып алды.
– Ақшаларың жоғың,– деді Базарбай дейтін саудагер орнынан
көтеріліңкіреп,– соғымдарыңның терілерін маған сатыңдар. Əй, Кенжетай!
Кəне, не сұрайсың екі сеңсеңіңе?
– Жас тоқтының терісі, бұйра сықылды сеңсең. Біреуін өзіме, біреуін
Темірбекке тымақ қылдырайын деп ем. Иленіп даяр тұр. Ақшам жоқ
болғасын сатайын деп тұрмын. Қалаға апарсам төрт сомға сөз айтпайды.
Үш сомға ал!–деді оған Кенжетай.
Газеттің жарты жылдығы екі сом екенін құлағы шалған Базарбай,
сеңсеңдердің құны одан артық екенін біле тұра, Кенжетайдың ақшасы
жоғын көріп, зəру тосты.
– Бір сом елу тиым!– деді ол, қою, ұзын қара сақалын бір сипап,– одан
артықты көтермейді. Сен қысылғасын алайын деп отырмын. Əйтпесе,
сеңсеңнің базары қазір жоқ. Ешқайда өтпейді.
– Екі сом берсейші!– деп əркімдер төре айтқан болып еді...
– Аясаң жаныңнан бер, «саудада достық жоқ!» деген сөз бар,– деп
Базарбай қыңырайып отырып алды.
– Базеке,– деді Мадияр,– бірде пайда, бірде залал көріп жүрген
шығарсыз. Азар болса екі-үш теріден алатын пайдаң шығар, газетке өзің де
жазыл.
– Ойбай, шырағым-ау, мен қағазға шорқақпын ғой. Қазақтың қара
тоқпағымен жүрген адаммын. Мен несін білем.
– Біреуге оқытарсың.
– Кімге барып оқы деп жүрем, өзім кəрі кісі.
– Кім болса сол оқып береді. Сенің саудаңа пайдасы тиеді. Сол арқылы
қай жерде не арзан, не қымбат екенін біліп тұрасың.
«Саудаңа пайдасы тиеді» дегенге, Базарбайдың құлағы селтең ете түсті.


Оның саудагерлігінің өзі қызық еді. Ең алдымен, жылдық обороты
ешуақытта жүз сомның маңайынан асқан емес. Оның да тең жарысы
əркімнен алған несие. Істеп жүрген саудасының түріне қарағанда ол тез
байып кететін сықылды. Өйткені, қатын-қалаш, бала-шағаны айналдырып,
тері-терсек, жүн-жұрқаны базар бағасынан көп темен түсіреді де, айна,
тарақ, сабын сықылды ұсақ-түйектерді қаладан арзан əкеп, екі бағасына
сатады. Бірақ, неден екенін өзі де білмейді, жылдың аяғында борышты боп
шығады. Əкеден енші алғалы біткен екі сиыр мен бір ат өспейді. Осындай
өнімсіз саудаға араласқанына ол кейде өкінеді. Бірақ дағды қылған ісін
тастай алмайды. Саудасыз үйінде отыра алмайды. Баяғыда көзіне елестеген
байлық, қызыл түлкідей сылаңдап алдынан жортады да отырады, бірақ
жеткізбейді. «Жетем» деген үмітін Базарбай ешуақытта үзбейді.
Құлағы шалған сөздердің түріне қарағанда Базарбайдың «газет»
дегеннен ұққаны «оқитын бірдеме» еді. Кітаптан басқа оқитын нəрсе
болатынын ол естімеген. Ал, кітаптан естігені «Бақырған» мен «Бəдуам»
сықылды ұсақ-түйектер. Ол кітаптардың Базарбайдың саудасына тиетін
пайдасы – қаладағы дүкеннен арзанға сатып ап, ауылға қымбат өткізу.
«Есмағзам» деген дұғалық бар, «пəлен дұғалығын жатқа білсең, саудаңда
табыс көп болады» деп біреудің ұғындыруымен, ол, сол дұғалықты жаттап
көрген. Бірақ дүғалықтан тиген көмек болмағасын: «құрысын құрығыр!»–
деп тастаған.
Газет те дұғалық сықылды бірдеме шығар деген ой келген Базарбай,
Мадиярдан мəн-жайын сұрап алғысы келді.
– Шырағым!–деді ілгері ұмтылыңқырап,–келген мəнім амандасып,
жүздесу еді. Амандыққа қандық. Біз қараңғы адамбыз ғой, оқымаған. Мен
өзім азғана тиын-тебенмен сауда ғып күн көргенім болмаса, доғал кісімін,
зейінім азғантай. Немене деген кітап дедің, сататының? Аяғын тік басқан
адамда сауда қылмайтыны болмайды деп ұғатын Базарбайға: «Мадияр
кітап сатып сауда қылып жүр екен?» деген ой кеп қалды.
Мадиярдан сұрастырып, газет сауданың кітабы емесін ұққан Базарбай:
– Жайым келмейді, шырағым, оны қолқалама,– деді жабысқан
Мадиярға,– ақшам бар деп ойнап айтып отырмын. Тері-терсегім өтпей, өзім
биыл шығынға ұшырап жүрмін.


– Ой жаның шықсын!– деді Бүркітбай,– өтірікті соғуын! Қайдағы
шығын? Түк те шығының жоқ. Ақшам жоқ дейсің əй суайт!.. Бір қалта
ақшаны мана санап жатыр ең ғой!..
– Басымды ауыртпа!– деді Базарбай Бүркітбайға, ашуланып орнынан
тұрып, есікке беттеп,– жазыл, керек болса!.. Көр жерге ақша шашатын мені
есуас деп отырсың ба?
Базарбай шығып кетті. Мадиярдың газеттен басқа айтар сөзі жоғын
шамалап, газетке жазылғысы келмегендер сөгіліп кете бастады.
– Жол жүріп шаршап келген жігіт, амандастық, тынықсын,– деп төрдегі
ақсақал, атқа мінерлер де қозғалып еді...
– Отырыңдар!–деді Итбай,– Мадиярмен дəмдес болыңдар.
Итбайға қалаулы ақсақал, атқа мінерден он шақты адам қалды да,
өзгелері тарады.
Үйде қалған аз адамды газетке жазыл деп қажауды ерсі көрген Мадияр,
дəптерін қалтасына салды да:
– Ел қыламыз деген елдің, түрі мынау,– деді Асқарға қарап, қабағын
шытып,– оңбаған ел!..
– Жаман ел жоқ!– деді Асқар ол сөзді ұнатпай,– елді жаман қылатын
жағдай.
– Не жағдай?
– Мектебі жоқ, оқуы жоқ, мəдениеті жоқ.
– Неге жоқ?
– Қаласы жоқ. Қаласыз жерде мектеп болмайды, мектепсіз жерде оқу
болмайды, оқусыз жерде мəдениет болмайды...
– Осыларды елге түсіндіру үшін газет керек емес пе? Сол газет
шығатын болғанда жазылмай отырғанын көрмеймісің. Осындай өз
пайдасын білмейтін ел, ел болып не оңады?


– Сіздің «ел» дегеніңіз кім, Мəке?
– «Ел ағасыз, тон жағасыз болмайды» деген мақал бар емес пе? Əр
елдің қазығы болмай ма?
– Сол қазық кім?
– Кім екенін білмеймісің? Ел басқарып, атқа мінген – игі жақсылар!
– Мына кісілердің көңіліне келмесін,– деді Асқар, үй ішінде отырған
атқа мінерлерге айнала қарап,– сіз атаған адамдар елге қазық емес, тоқпақ
па деп ойлаймын, Мəке!
Асқар күрсінді.
– Я, сонда, сеніңше, «ел» кім боп шықты?
– Бəсе, солай деші, шырағым!–десті Асқардың сөзін ұнатпай отырған
төрт-бес ақсақал,– мынауыңның сөздері қалай шəлкем-шалыс шығады?!
– Менімше «ел»–көпшілік, момын шаруа!
– Ə, солай ма?!–деді Мадияр кекетіп,–«Құм жиылып тас болмас!..»
деген мақал қайда?
– Оны көпке қарсы атқа мінерлер шығарған. Көптің шығарған мақалы:
«Көп түкірсе көл болады», «көп қорқытады», «көпті жамандаған кемусіз
қалады!..»
– Асқар мырза, бұл сөздеріңіздің ұшы қайда баратынын білесіз бе?
– Қайда барады? Ешқайда бармайды. Мен өтірік айтып отырғам жоқ,
шындықты айтып отырмын.
– Социал-демократияға!.. Ол саған да, қазаққа да пайдалы жол емес,
оны білемісің?
– Қара басыма пайдасыз екен деп мен көптің мұңын аяққа баса
алмаймын, оны айтпай жəне отыра алмаймын, көп қайда болса, мен сонда!
...Ертеңіне Мадияр Асқарға қоштаспай аттанды.


5
Итбай мен Горбунов ертеңгі шайларын жайланып ішіп, басқа ермек
болмағасын дойбы ойнап отыр еді, терезеден айқай шықты.
Кім екенін білуге Горбунов орнынан түрегеліп терезеге барып еді, қос
терезенің сыртқы жақ бір көзі сынғандықтан, ішкі терезеге қырау тұрып,
даланы көрсететін ашық жері жоқ екен. Шынының жиегіне таман қырау,
қолдың саласы сықылды тарамданып мұз боп қатқан екен. Бірақ, мұз
салалардың қыраусыз ашық аралары өте тар, кішкене болғандықтан
Горбунов қанша сығалағанмен ешнəрсені көріп жарымады.
Айқай күштірек шықты.
Шыдап орнында отыра алмаған Итбай «бұл кім?» деп терезеге барды да
аузын шыныға тақап тұрып ыстық лебімен қырауды ерітіп, көз сиятындай
тесік жасады.
– Апыр-ау, дала боран боп кеткен бе, алай-түлей? Əлгінде ғана күн
толас еді ғой. Жаназа айта жүрген біреу ме, енеңді... сонша айқайлағаны
несі, қыртып? Əлде малшылардың біреуі шығар, айқайлап жүрген.
«Қорыққанға қос көрінеді» деп, қарап отырып үрейленгеніміз не?
Екеуі дойбының қасына келіп түрегеп тұрып, көздерін салса, Итбай
төрт жеп биге шығып, бесті жеп қос үйге қонғалы тұр екен.
Горбуновтың ондай кемшілікке көнгісі келмей:
– Қайта ойнайық,– деді Итбайға.
– Неге қайта ойнаймыз? Аяқтаймыз осыны!
Екеуі ерегісіп отырғанда, үсті-басын қырау мен қар басқан біреу кіріп
келді. Қараса, Кошкин.
Кошкин басынан папағын сыпырып, сеңсеңнің арасына кірген қарды
сілікті де, пимасына жабысқан қарды аяғын тебініп түсіріп, үстін қағып,
мұртының мұздарын қолымен сергітіп, дойбышыларға жақындады.
Мінезі тығыз Кошкин, даладан айқайлағанына ешкім дыбыс бермегесін


үйге ашуланып кіріп, қатты сөз айтпақ еді, Итбайға бетпе-бет келгесін
мысы жеңіліп, тілінің уытын Горбуновқа қарай бүрікті.
– Гаврил Гаврилыч! Губернатор келетін жолдың өн бойына қамыстан
жиі бекет шаныштыр деп, мен становой приставтан қағаз əкелдім бе?
– Əкелдіңіз?


– Сіз орындадыңыз ба, оны?
Горбунов басын салбыратып, төмен қарады.
– Міне, енді,– деді Кошкин сол жақ мұртын тілімен орап ап ұртына
тығып, ызалы кескінмен кекете күліп,– далада боран. Губернатор осы араға
түс ауа келеді. Егер адасса, жауапкер кім болады?
Горбуновтың көзі шарасынан шығып кетті. Жаласын Итбайға жапқалы
бір оқтанып қалды да, ол туралы айтпағаны есіне түсті.
– Мен естіген жоқпын. Расында ол қиын болған екен,– деді Итбай
басын ақтап.
– Міне, жақсы болыс, егер оған айтса істейді, айтпаса жоқ!..
Итбай урядникке өр көкіректігін істейін деп еді:
– Менің сізге айтарым қысқа,– деді урядник түсін суытып,– бұл
кінəласудың, керісудің жері емес. Писарыңызға айтқам. Хабарландырудың
копиясы өзімде. Сіз ақылды кісісіз. Не себепті ойламадыңыз, жолдың
жайын? Уақыт қыс. Құдай біздің ойлағанымызға көне ме? Міне, енді хал
жаман!
Итбай қанша мықтымын дегенмен састы. «Ит-ай,– деп ойлады урядник
туралы ішінен,-– өшігіп көптен мін таба алмай жүр еді, қапымды тапты!..»
– Өткен өтті, бізден хата болды. Енді не істейміз?– деді Итбай.
– Бурабай жаққа да, Макинка жаққа да тығыз түрде кісі шаптырыңыз,
əр ауыл өз тұсына жиі ғып жолдың екі жағына да қамыс бекет шанышсын,
ұқтыңыз ба?
Итбай бір баланы Бүркітбайға жүгіртті.
– Мынау үйлердің қасындағы көп шаналар кім? – деді урядник.
– Қонақтар.
– Не қылған қонақтар?


– Ауылшылап жүргендер.
– Қуыңыз бəрін қазір ауылдан, тез тарасын! Жəне губернатор жүретін
жолдан басқа жолмен қайтсын.
– Олар жəй қонақ еді...
– Мен қызметтегі өзімнің міндетімді өтеуге тиістімін. Мен оларды қууға
тиістімін. Олардың араларында ниеті - бұзықтары жоғына мен жауапкер
бола алмаймын. Сіз білесіз бе, министр Столыпинді белгісіз біреу атып
өлтіргенін? Губернаторға қонағыңның біреуі қастық қылса кім жауапкер
болады?
Итбай урядникті түсіндірем деп тырысып еді:
– Менің басым біреу!– деді урядник, дауысын көтеріп,– керістің орны
бұл емес! Мен сізден сұраймын, бұл туралы менімен таласпауыңызды!
Егер айтқанымды істемесеңіз істемеді деп губернаторға естіртем, маған
өкпелемеңіз ?
Итбайдың ойы қорғасындай толқыды. Губернатордың келетін күні
таянғасын, елде тірек көретін игі жақсылар үйінде ошарылып жатыр еді,
сол арадағы бес-алты болыс Атығай мен Керейдің игі жақсысының төрт
кезі түгел. Егер губернатор тоқтайтын болса, Итбай ақсақалдарды
дидарластыруға ойланған.
Урядник күдіктенгенмен үйінде жатқан қонақтың ешқайсысына Итбай
күдіктенбейді. Олардың губернаторға қастық істемейтіні өзіне аян. Бірақ
урядник заңға сүйеніп айтып тұр. «Заңның жолы тар». Ал, заң тар деп
бірнеше күн күткен қонақтарын табан аузында: «бытыраңдар!»– деп малша
үркітуге жəне қиын. «Не істеу керек?»
Итбайды біраз жұрт «Итекең» деуге ерсі көріп, иттен қасқырды бағалы
санап, «Қақаң» дейтін еді. Бет алған жағына Итбай қасқырдай қайсарлық
көрсетіп мойымайтын.
– «Егер,– деп ойлады Итбай, урядниктің түгі сыртына тепкен кескініне
қарап тұрып,– урядниктің қоқан-лоқысына үрпиіп, елдің іске татыр адамын
қусам, мені ел енді қайтып көре ме? «Ұл кетеді жайына, қыз кетеді
байына». Урядник пен губернатор менің қасымда үнемі отырмайды. Маған


«ерегі елдің игі жақсысы...»
Осы ойға табанын мықтап тіреген Итбай, урядникке «қуа алмаймын»
дегенді айтқалы ыңғайлана берген еді, аптығып Бүркітбай кіріп келді.
– Неге шақырдыңыз?
– Ауылнайлардан ешкім бар ма?
– Төртеуі осы ауылда.
– Оларды да атқа мінгіз, өзің де атқа мін! Екі бөлініп, біреуін, Бурабай
жағына қарай, біреуің Макинке жолына қарай шабыңдар. Жолға қамыстан
бекет шаншыңдар!
Бүркітбай асыға жөнелді.
– Жолда қастық істемейтін сенімді кісі жіберіңіз,– деді урядник.
Итбай урядникті бетінен алып тастағалы адырая қарады да, үндемеді.
«Е, құдай,– деді ол ішінен кейіп,– шегірткеден қорыққан егін екпейді»
дегендей, осының, айтып тұрғаны не? Мені қорқытқаны ма?
– Қонақтарыңыз ше?– деді урядник.
– Тарата алмаймын оларды.
– Сіз отпен ойнайсыз!
– Мен білем, өлмес жерімді!
– Мен сізге рұхсат бермеймін.
– Мен ол рұхсатты сұрамаймын. Егер үкімет қазаққа сенсе, ең сенімді
қазақтар – менің қонақтарым. Оларды мен қуа алмаймын.
– Арты неге соғарын білесіз бе?
– Түкке де соқпайды. Азар болса басым кетер. Бірақ, мен губернаторды
ондай ақымақ деп білмеймін.


– Губернаторды сіз кім деп атадыңыз?–деді урядник,– Гаврил Гаврилыч,
есіттіңіз бе?
Бекет шаныштыру туралы қағаздың пəлесінен қалай құтылуды білмей
тұрған Горбунов.
– Естідім!– деді жарамсақтанып.
– Сөзіңізді ұмытпаңыз, волостной управитель!
– К... тұз езіп құйсаң, да шыдадым!
Урядник ашудан жынданып кете жаздады. Итбайға жұдырық салайын
деп еді, бата алмады. Тілдейін деп еді, сөзі сарқылып қалған сықылданды.
– Мен!– деді ол Итбайға ежірейіп,– сізбен таласып тұра алмаймын.
Бурабайға кетем. Тығыз поручением бар. Губернатор сағат үштерде осында
болады. Қазір сағат тоғыз жарым. Қонақты таратпай отыруға заң, жоғын
мына Горбуновтың алдында естіртем, ұқтыңыз ба?
– Ұқтым.
Итбай сазарып үндемеді. Урядник бұрқан-тарқан ашуланып шығып
кетті.
6
– Əлбəттə шолай.
– Сіз мақұл көрсеңіз, мен былай ойлап ем.
– Лəббай, сөйлеңіз!
– Баяғыда, патша ағзам наследник күнінде Омбыға келгенінде мен
ішінде болып едім. Ертістің жағасына үй тігіп күткен едік. Сонда, патша
ағзам параходтан шыққанда, қай ишан екенін ұмыттым, бір ишан намазға
ұйығандай жиналған жұртты Қаз-қатар тұрғызып, азан айтып, салауат
оқытқан еді. Губернаторға солай істесек қайтеді?
– Бəракалла, хұсусан мен бұл фікірні муафик деп білем.


Діні кафір адамға салауат айтуды ерсі көргендей болған үйдегі жұрт,
«қалай айтты?» дегендей ишанға қарап еді, оны түсінген ишан:
– Жамағат,– деді,– аллаһы-тағала уə тəбəрəка хаз- рəтлəрі айтқан: «Ей
құлым деген,– hep бір менің берген неғматыма шүкір айла, бəлеге сабыр,
қазаға шүкір айла, ғалымды да, залымды да жіберу ықтыияры өзімде»
деген. Аллаһы тағала муафик көріп бізлəрге əмір еткəш тə, оған тəдбир
айлауға болмайды. Шүнжи алла хакім қойған əмир, алланың бұйрығын
орындайды. Итбай мырза мағғұл айтады. Мəсжиттə губернатор
хəзрəтлəрінə бағышлап, екі рақат намаз оқып, күтіп отырайық, келгенде
салауат оқып, алдынан шығайық.
– Əттең, тəңірі-ай!– деді Итбай таңдайын қағып,– күн ашық боп,
мешіттен алдынан шыққанда өте көрнекті болатын еді, күні құрғыр бүгін
қағына қалды ғой, боран-шашындатып.
Түс ауа боран құтырып кетті. Жел ышқына үрлеп алай-түлей болды.
Мешіттен намаз оқып губернаторды күтуге шыққан ишан мен оған ерген
адамдар жаяу жете алмайтын болған соң Итбай ат жектіріп, шанамен
тасытты.
Итбай ораза мен намазға салақ еді. Құлшылыққа сондай салақ əдетінен,
ол мешітке шалдармен еріп барған жоқ. Бірақ үйінде де отыра алмады.
Басына түлкі тымағын, үстіне жеңіл қара құлын жарғағын, аяғына
қазанский қызыл-шұбар пимасын киіп, далаға əлсін-əлсін кіріп шыға берді.
Губернатор келетін жолға хабар айтатын қарауыл қоюға бір ойлап,
айдалада бораннан кісі тұра алмайтынын көргесін, біреуді Макинка жаққа
кеткен Бүркітбайға шаптырды.
– Бар, айт!–деді ол жіберген кісіге,– бекетті жолға өзі шаншам демесін.
Ауылдан кісі жұмсасын да, өзі губернаторға құлақ түріп тұрсын.
Губернатор жақындағанда маған тез жетсін. Астындағы аты болдыра
қоймас. Семізден жарап, сұлыға піскен айғыр ғой.
Күн бесінге таянған кезде: «неғып кешікті?»–деп Итбай есік алдында
тұр еді, түтеген боранның ішінен, мешіт жақтан бір салт атты қараң ете
түсті. Итбайдың жүрегі лобылып аузына келді. Салт атты Бүркітбай екен.
– Келіп қалды!–деді Бүркітбай аптығып.


– Алыс па?
– Мынау ауылдан шыққан шығар, ендігі!
«Мынау ауыл»– үш шақырымдағы ауыл екенін айтпай түсінген Итбай
сасып қалып:
– Сен,– деді Бүркітбайға,– Асқарға бар, киініп даяр тұрсын, мен
мешіттегі ақсақалдарға барайын! Содан кейін аттың басын ұстайтын,
төрелердің үстін қағатын жігіттерді даярла. Табан аузында керекті кісіні
таба алмай масқара болмайық.
Мешітпен екі араға жоталанып күртік үйіліп қалғандықтан, қатынасуға
Итбай ат ерттетіп қойған еді.
– А, жасаған, оң жолын бере гөр!– деді ол мешітке барғалы аттанып
жатып,– абұйырды төге көрме, жасаған! Ақсарыбас құрмандық!
Аттың тізгінін мешіттің алдындағы решетке шарбаққа іле салып,
жүгіріп ішіне кірсе, мешіттегілер жайланып, хұтпа тыңдап отыр екен.
«Келіп қалды!» дегенде бастығы ишан болып, орындарынан ұшып
түрегелді.
Киімдерін тез киініп, есікке қарай ентелей басқан шалдарға Итбайдың
көзі түсіп еді, кейбірі сұп-сұр боп, қаны қашып, тəлтіректеп жүре алмай
барады екен, солардың бірі – өз əкесі Байсақал.
– Саған не болды, əке?
– Төренің алдын көрген жоқ ем... Жүрегім ұшып барады.
Əкесін жасық дейін десе, Итібайдың өз денесі де дірілдеп барады.
«Қанша айтқанмен бақ орнап, аруақ қонған адам,– деп ойлады ол
губернатор туралы,– мысы жеңбей қояды деймісің?»
Асыққанмен ишанның алдына түсуді əдепсіздік көрген Итбай,
шалдардың ішіне араласа мешіттің есігінен шыға келсе, пəуескелер бірінің
артынан бірі ілгері өтіп жатыр екен.


– Губернатор алдында шығар, мен тез барайын!– деп Итбай атына мініс
шапты.
Ұлыған жел ме, салауат айтқан ишан ба, болмаса сасқаннан
шыңылдаған құлағы ма?– шоқытып баратқан Итбайдың артынан бір ызын,
естілді. Оның не екенін аузына тығылған өкпе, жиі соққан жүрек аңғартқан
жоқ. Итбай пəуескелердің алдына шауып шықса, школ қасында бес-алтауы
ошарылып тұр екен. Жерге түскен адам біреу-ақ, кескіні биік жағадан
көрінбейді. Сыртында қара тұлып.
– Сен кімсің?– деді қара тұлыпты, қасына аттан қарғып түскен Итбайға.
– Волостной управитель – Байсақалов!
– Ат даяр ма? Жеккіз тез!
«Түспейсіздер ме!» деген сөзді айтайын деп еді кеңірдегі құрғап,
аузынан леп шықпай қалды.
– Тез бол! Пəуескеге төрт аттан!– деді қара тұлыпты. Қара тұлыпты
пəуескесіне мінді де есігін жауып алды. Итбай не істерін, губернаторды
қайдан, қалай көрерін білмеді. Пəуескенің бəрі оған бас сұғуға болмайтын
жабық дүние көрінді. «Кривоносов қайда болды екен?» деп екінді ол. Қай
пəуескеден сұрарын білмеді.
Əр пəуескеге бір ұмтылып, кімнен сұрарын білмей тұрған Йтбай,
иығынан тартқанға қараса – əкесі екен. Мешіт жаққа көзі түсіп еді, жел
итеріп қарға малтыққан шалдар сүрініп-жығылып зорға келеді.
– Азан-азан!– деді Байсақал желден тəлтіректеп:
– Азаның құрсын, əрі кетіңдер!
– Немене?
Итбай жауап берген жоқ. Осы кезде төрелерді күтуге даярланған
жігіттер мен Бүркітбай келді.
– Немене, Итеке? Неғып тұр бұлар?


– Ат жек дейді.
– Онысы қалай?
Итбай оған да жауап бермеді.
– Жылдам!– деген дауыс құлағына сап ете түскенге жалт қараса,
əкелген көшірдің біреуі екен,– бəрі де мас, тез жөнелт – деді ол.
– Уезний начальникті білдің бе?–деп сұрады одан Итбай.
– Осы пəуеске де.
Кривоносовқа еркіндігін істеп, Итбай пəуескесін ашып ішіне басын
сұқса, қалжыраған кескінмен мойынын бір жағына қисайта салбыратып, ол
ұйқылы-ояу отыр екен.
– Мен – Итбай Байсақалыч.
– Ə... ə... так-так... аттар бар ма?
– Тақсыр, бұл қалай?–деді Итбай жалынышты кескінмен, бір айдай мені
даярлатқаныңыз? Мен күтіп отыр едім.
– Оқасы жоқ... тағы бір ретте...
– Тағы да қашан? Губернатор енді қашан келеді? Түсіріңіз, құдай үшін!
– Итбай!–деді уездный,–дауласып керегі жоқ. Тез ат жек... Бол!
– Тақсыр!..
Уездный маңдайын жұдырығына тіреп, көп уақыт жауап бермей анда-
санда лоқсып, отырып алды.
– Болыс қайда?– деген дауысқа, пəуескеден денесін шығарып, Итбай
артына қараса, манағы қара тұлыпты екен...
Бұл кезде ылаушылар аттарын ағытып алып, пəуескелер атсыз қалған
еді.


– Мен, тақсыр,– деді Итбай.
– Ат қайда?
– Жегем қазір. Қонақ болсын деп үй даярлатып ем.
– К черту!– деп Итбайды тұлыпты жұдырығымен бетке қойып жіберді.
Өзі ес біліп етегін жапқалы жеген таяғы болғандықтан Итбайдың
барлық қаны жүрегінен басына шапшыды. Көзі қарауытты. Кернеген ыза
бораннан артық долданды. «Бүйтіп көрген күн құрысын!–деді ол
назаланып,– сүйекке таңба түсті, өлім болды!..»
Етектерін дауыл көтеріп, күртікке сүріне-қабына сапырылған жігіттер
Итбайдың ішкі ойын кескінінен танып, лəм-мим деместен, қорадағы
аттарды пəуескелерге лезде жекті. Ерігіп тұрған семіз аттар, бір жағы
желге, бір жағы адамның ереуіліне еліріп, жүріп кеткенше ойнақшып,
кейбіреулері аспанға атып, басын ұстаған жігіттерді шекпендей сүйретті.
– Кеттік!– деп тұлыпты команда бергенде,– қоңыраудың сыңғырлаған
үні желдің ызыңына даусын қосып, арпалысып тұрған аттар пəуескелерді
ала жөнелді.
«Патшаның 300 жылдық тойына барады, губернатор үйіне қонаққа кеп,
шығарып салады» деген сөз тарағалы Итбайдың даражасы, қадыры ел
ішінде бұрынғыдан жүз есе артып, шоқтығы көтеріліп, ел көзіне «жарты
патша» көрініп еді. Губернатордың түспей кетуі – оның көтерілген еңсесін
шөктірді. Тасыған көңілі бəсеңдеді. Əркімдерге ол: «Губернаторға пəленді
істедім, түгенді істедім» деп мақтанған еді, оларға енді не дерін, беттеріне
қалай қарарын Итбай білмеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет