Бірінші бөлім (Роман) ТҰҢҒИЫҚта бірінші тарау кездесу



Pdf көрінісі
бет6/25
Дата23.07.2022
өлшемі1,94 Mb.
#37875
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
(pdf) Cәбит Мұқанов — Ботагөз

АЛТЫНШЫ ТАРАУ
«ПОКУШЕНИЕ»
1
Алексей Кулаков та, оның əкесі Андрей де арғы тегін алғанда аталықты,
яки үлкен чин алған адамдар емес, жабайы ғана казак. Андрейдің əкесі
Андрей кедей боп, Бурабай көлдерінен балық аулап күн көрген. Андрейдің


өзі балық сатудан саудаға үйреніп, бертін келе мал саудасын істеп байып,
сол маңдағы қалаларда тұратын казактардың алдына шыққан.
Андрейден бес ұл бала туған еді. Алексей солардың екіншісі. Алексей
туған кезде, Андрей Бурабай қаласындағы бай орыстың қатарына кіріп
қалған еді. Сондықтан, ол, Алексейді Бурабай школын бітіргесін Омбының
гимназиясына
жіберді.
Гимназияны
алтын
медальмен
бітіріп,
университетке түскелі Алексей Петербургке барып еді, əр түрлі себептер
кездесіп алынбады.
Сандалған Алексей еліне қайтуға даярланып жүргенде, бірнеше жыл
Көкшетаудың уездік начальнигі болған, Бурабайдағы үйіне келіп жүретін
адамға кездесті.
Таныс адамы оған гусарский полктың біреуіне түсуге ақыл берді.
– Оған мені ала ма?– деген Алексейге, танысы:
– Мен алдырам,– деді де, Григорий Распутинмен таныстығын, бұл
жұмыс оның қолынан оңай келетінін айтты.
Танысының, айтқаны орындалды.
Распутиннің «тəрбиесіне» түскеннен кейін, бақыттың кілті» кімнің
қолында екенін Алексей көрді, Россияның тізгіні Николайда емес,
Распутинде екеніне көзі жетті, Распутинді басқыш қылып Алексей
офицерлік чиннің шыңына шыға келді.
«Биік мансап, биік жартасқа шарықтап ұшып қыран да шығады,
жорғалап жүріп жылан да шығады», дейді Абай.
«Биік мансапқа қырандай шарықтамай-ақ, жыландай жорғалап қана
шыққан Алексей Кулаковтың ендігі арманы – Россия үкімет билігінің бір
тізгінін қолына ұстау.
Сухомлинов фамилиясын Алексей Кулаков жақсы біледі: бір
Сухомлинов Петербургте соғыс министрі, біреуі – Омскіде степной
генерал-губернатор. Бастапқысымен ол таныс, соңғысын ағасынан ғана
естіген, езі жүздесіп көрген емес.


Генерал-губернатор Сухомлинов «Петропавл – Көкшетау арқылы
Ақмолаға өтті, қайтарда Бурабайға соғады» деген хабарды, үйіне
демалысқа кеп жатқан Алексей Кулаков естіген соң, күн бұрын оны қарсы
алуға даярлық жасады.
«Қашан келеді», деп құлақ түрген Алексей, Итбайдың да даярланып
жатқанын естіп: «келсе маған хабар айт, өзім алдынан іздеп барайын» деп,
Итбай ауылына «пысық жігіт» деп, астына жүйрік ат беріп, жалшысы
Антонды жіберген еді.
Итбай аулындағы шеткерірек бір үйде губернатордың келуін тосқан
Антон, «келіп қалды!» деген даңғазаға еріп, кешеге кеппен бірге шықты да,
губернатор Итбай аулына тоқтамай жүріп кеткен соң, «Бурабайға алдын ала
барайын» деп аттана жөнелді.
Губернатор Торайғыр тауының ығындағы даңғыл жолмен тартқанда,
Антон Қотыркөл қаласы арқылы жүретін жіңішке жолға түсті.
Түтеген боранға қарамай, мұрнының тесігі мен екі көзінен басқа бетін
шарфысы тұмылдырықтап алған Антон, жүйрік қарулы аттың орта
шабысымен айдап отырып, Бурабай қаласына губернатордан кеп бұрын
жетті. Бұл кезде пəуескесі бірде даңғылға түсіп, бірде күртікке малтыққан
губернатор орта жолда жүр еді.
Антон губернатордың келе жатқан хабарын айтқанда, Алексей Кулаков
қуанып кетті.
– Его высокопревосходительство қазақтың үйіне неғып түседі деп
ойлаған ем,– деді Алексей əкесіне,– ойым дұрысқа шықты.
Губернаторды қарсы алу туралы Алексей Кулаков станичный атаманмен
күн бұрын ақылдасып, курорттың духовой оркестрімен, салт атқа мінген
казактармен қаладан, ең жақын дегенде, бес шақырым жерден қарсы алмақ
болған; губернатордың пəуескесі келетін жақ көшенің шетіне қала халқын
(əйел-еркегі, кəрі-жасы) жолдың екі жағына жарып қойып, губернатор
пəуескесін уралаған айқаймен өткізбек болған.
Антон хабар əкелген соң, Алексей Кулаков Антонды, «атаманға бар,
даярлансын!» деп жіберді де, өзі барлық формасымен, киініп тысқа шықты.
Антон атаманға хабар айтып кеп, Алексей мінетін атты ерттеп, есік


алдында тосып тұр екен.
Сол араға салт мініп атаман да, басқа казактар да келді. Күн түтеген
боран болғандықтан, оркестрді далаға əкетуді ыңғайсыз көріп, қаланын,
шетінде, қалада тосатын халықтың арасында қалдыруға ұйғарысты.
Алексей, атаман жəне қаладағы беделді казактардан отыз шақты адам –
барлығы салт мініп, атаман ту көтеріп, губернатордың алдынан жөнелді.
Алай-түлей боранға қарамай, губернатор келе жатыр деген хабарға
елегізіп, ауру-сырқаудан басқа, далаға шыға алмайтын жас пен кəріден
басқа қала халқы қаланың шетіне жиналды. Шеттегі үйлерге сыймай,
бүрсеңдеп боранға ұйлыққан кептің ішінде Балтабек пен Ботагөз де тұрды.
«Губернатор келіп кеткенше үйіңнен шықпа!»– деп Кошкин қолынан
«подписка» алғандықтан, қаланың далаға шығуына жарайтын еркегінен
үйде отырған жалғыз Кузнецов.
Боранға булығып губернаторды күткен көпшіліктің кенесі: аузы жетсе,
губернаторға арыздарын айтып қалу. Көптің сөзіне Балтабек пен Ботагөз
құлақ түрсе, мұңы жоқ кісі аз екен. Мұңдылардың бəрі де губернаторға
мұңын шақпақ.
Балтабектің де, Ботагөздің де ойларына, егер ауыздары жетсе,
губернаторға Кошкиннің Кенжетайды сабауын айту болды.
– Келіп қалды!–деді біреуі, қаланың ішіне жайыла "екен қалың
қарағайдың арасына үңіліп.
Бəрі жолға үңілсе, салт атты казактар қоршаған пəуескелер шапқынмен
құдитып келеді екен. Оркестр маршты ойнап кеп жіберді. Пəуескелерді
орталарынан өткізген көпшілік уралап, «ура», «ура» деп, аяғы: ««патшаны
сақта, құдай!» – гимнімен тұтасып кетті.
Ботагөз боранға құмығып жан-жағына қараса, төңірегіндегілердің бəрі
де «патшаны сақта, құдай!» гимнін айтып шулап тұр екен. Қасында,
қолтықтасқан Лиза да көптің үніне қосылып тұр екен.
Бұл əнді Ботагөз де білетін еді, бірақ, бір айтқанын Асқар естіп: «мұны
неге айтасын» деп, патшаны жамандаған соң, айтуын доғарған.


Ботагөздің əнге қосылмай тұрғанын көрген Лиза:
– Қосыл!– деді оған.
– Не могу.
– Почему...
– Потому...
2
Оттай лаулаған көңілін губернатордың түспей кетуі су сепкендей басқан
Итбай, губернатор жүріп кеткен соң, жан адамға тіл қатпай өз отауына
келді де, губернаторға арнап салдырған никель кереуеттің үстіндегі жібек
көрпе жапқан мамық төсекке, киімін шешпестен қисайып жата кетті.
– Еш адамды бұл үйге жолата көрме, мейлі кім болса ол болсын, тірі
жанды кіргізбе!– деді ол Бүркітбайға, үйге кірер алдында.
Сонда да: «əлдекімдер жуатпақ боп мазамды алар» деген оймен, кереует
тұрған бөлменің есігінің күршегін салып қойды.
«Бұл қалай! деп ойлады ол төсекте жатып,– əлде патшаның тойына
менің баруым қата ма? Егер мені елеулі адам көріп патшаның тойына
жібергісі келсе, губернатор неғып менің үйіме түспеді? Əлде, осы жолында
біреулер арыз беріп көңілін айнытып тастады ма екен? Оншадан мұнша
бақытым ұшып, мерейім үстем боп келіп, құлар жерім осы ма еді? Бұдан
артық кемшілік, бұдан артық масқара бола ма?»
Соңғы сөздерді Итбай дауысын шығара айтып, ызадан жылап жіберді.
Əлдекімдер есік қақты: «Итжан, аш есікті! Менмін!»–деген əкесінің
дауысы да естілді. Оған Итбай орнынан қозғалған жоқ.
Біраздан кейін Итбайдың, ашу бұлты тарап, ақылы сабасына құйыла
бастады. «Енді қайтем?» деп ойлады ол.
Осы өкпелі қалпымен үйінде жатып қалуға дəті шыдамады, болашағын
ойлап, губернатормен ерегісуге қаймықты.Ол керуеттен тұрды да:


– Бүркітбай!–деді, есіктің күршегін ағытпастан.
– Əу!– деді сырттан дауыс.
– Асқар бар ма, бұл арада?
– Əлгінде бар еді, қазір шығып кетті, үйіне кетті білем.
– Сен оны шақырып келші.
Бүркітбай Асқарды шақырып келді. Бөлмеге Асқармен бірге кіргісі
келгендерге Итбай рұхсат еткен жоқ. Асқарды Итбайдың шақырған себебі:
«мүмкін, мені жамандап арызберуші, я біреуге жазып беруші сол шығар»
деген ойына күдік кіріп, оның тамырын тартып байқау, қатта өзінен сұрау
еді. Асқардан келген жұмыс болса, оның соңына Итбайдың жарық ап
түскісі келді.
– Безобразия!– деді Асқар, үйге кіре кейіген қабақпен,– бұл не? Не
масқара бұл? Бұл қай мазағы? Көпшілікті менсінбегенімен қанағаттанбай,
өзін қолдайтын адамға да осынша елеусіз қарайды; бұл, енді, біздің қазақты
ел деп, жұрт деп, онда сөйлесуге тұрарлық кісі бар деп ойламағаны ғой!
Сволочь!.. Подлец!..
«Осы сөздерді рас айтып тұр ма» дегендей, Итбай Асқардың бетіне
жалтақ-жалтақ қарады.
– Ұлттық сезімім аз өмірімде мұндай оскорблениеге ұшырап көргем
жоқ шығар,– деді Асқар Итбайға тура қарап,– губернатор тоқтамай жүріп
кеткенде, ішіме сыймаған ашудан жарылып өле жаздадым. Мен ойлағам:
тоқтар, қонар, халықтың өкілдерін қабылдар, арыздарын тыңдар деп; но и
подлец!.. Мынадай əкімнен жақсылық күткен елде де ес жоқ.
«Ім... менің үйіме түспей кеткенге ренжіп жүр екен десем, арыздарын
бере алмағанға ренжіп жүр екен ғой!» деп ойлады Итбай, бірақ ол ойын
ашып айтпай, Асқарға ақылдасқан болды.
– Бақыттың кілті осында тұрса да, осы қылығына қарағанда үйде жатып
алайын деп ем, бірақ бұрынғының ұлықпен тіреспе» деген сөзі есіме түсіп,
дəмдес адам болған соң саған ақылдасайын деп шақырып отырмын. Не
айтасың?


– Өздері бұдан шығып қайда барады екен?
– Бурабайға тартты, Андрей Кулаковтікі даярланып отыр деген.
Петербордан қонаққа кеп жатқан баласы губернатордың келуін тосып
жатыр деген. Ол бүгін сонда.
– Соңынан бару керек!– деді Асқар аз ойланып тұрып,– мына қылығын
өзіне айту керек, ең болмағанда, қазақ та өкпелей біледі деген ұғымда
кетсін. Өз ойында, Асқар, кезегін келтіріп өкпе сөздерді губернаторға өз
аузынан айтып, оған ой түсіргісі келді.
Асқардың ойы өз ойына дəл келген соң, Итбай:
– Барсақ барайық, сен киініп кел!– деді Асқарға,– мен Бүркітбайға ат
жектірейін.
Тамақтанып алып, қасына Асқарды ертіп, божысын Бүркітбайға
ұстатып, көсем атпен Итбай Бурабай қаласына сапар шекті.
Бұлар Бурабай қаласына келсе, губернатор Кулаковтың үйіне түсіп,
жайғасып қалған екен.
– Қайда түсеміз?–деді Итбай Асқарға.
– Қайдан білейін. Менің бұл қалада танысым жоқ.
– Япыр-ай, оқыған кісі де өтірік айтады, өзгеге не жорық!– деді
Бүркітбай, артына күлімсірей қарап.
– Менің бұл қалада танысым бар ма!– деді Асқар.
– Балтабектікін қайда қоясың?
– Ə, соны айтамысың? Біз түсетін онда не күй бар дейсің,?
– Сенің ол үйді қорғаштайтыныңды білем, бірақ біз ауыртпалығымызды
салмаспыз оған. Құдайға шүкір, ет сататын қасапшы бұл қалада бар.
– Ол кім еді,– деді Итбай, біле тұра, Асқарға.
– Кенжетайдың осы қаладағы ағасы – Балтабек.


– Үйі жақын ба, бұл арадан?
– Алыс емес!
– Ендеше, егер ұлықсат етсе сонда түсейік. Бүгін ас ішетін де жеріміз
жоқ. Жататын қуысы болса болады. (Итбайдың бұлай деуіне себеп: «қызын
көрейін» дегендік еді).
– Үйі жатуға жайлы,– деді, Итбайдың қулық ойын сезбеген Асқар,–
«қонғанша қонақ ұялады, қонған соң үй иесі ұялады» дегендей, Бүркітбай
екеуміздің оқамыз жоқ, сіз барған соң, ұялып қала ма деп ойлап ем.
– Түк те етпейді. Шығынданам десе де ұлықсат етпейміз. Бүркітбай,
тарт сол үйге...
Олар атының басын Балтабек үйіне тіреді. Рұқсат сұрауға Бүркітбай
кетті.
Үйден Бүркітбайға еріп Балтабек те шықты. Оның үйінде Итбайға
қонағасы боларлық ет жоқ еді. Сатып алуға ақшасы жоқ. «Дəм жазып бір
түскені еді,–деп ойлады, Итбайдың атағын сыйлайтын Балтабек,– ұят
болды! Түспе деуге тағы да ұят!»
Қонақтар кірсе – керосин шам жағылып, үйдің іші жарық екен. Төрге
салған құрамыс көрпеге отырғасын жан-жағына менсінбей қараған
Итбайдың көзі, пеш жақта малдасын құрып, кітап оқып отырған Ботагөзге
түсті.
«Отырысы сыпайы екен,– деді ішінен ол,– қалай өзі, қымсынбайды ? »
Бойжеткен белгілері бар ма екен деп, Итбай елеусіз кездерде Ботагөздің
денесін көзімен шолып еді, бойы сұңғақ болғанмен, бала сықылды көрінді.
Итбайдың əлсін-əлсін қарағанын сезген Ботагөзге отыру ыңғайсыз
болды. Бірақ шығып кетудің реті жоқ. Айбала Итбайдан ұялса да, бетін
шəлісімен бүркеңкіреп, ас жабдығына кірісті.
– Бұл кісіні əкелген мен,– деді Асқар үйге кіріп, Ботагөз бен Айбалаға
амандасып далаға шығып, Балтабекке,–сен шығындалма. Қалалы жерде
тамақты сатып жеу ұят емес. Ет алып кел.


Асқар қалтасынан суырып бес сом берді.
Қонағасын көтере алмағаны жанына қатты батқан Балтабек, басқа
шарасы болмаған соң, ақшаны алды да ет іздеп кетті. Бес сом Итбайдікі
емес, өзінікі екенін Асқар айтпады.
Балтабекті жөнелткен Асқар, үйге кіруге беттеп келе жатыр еді,
алдынан Итбай шықты.
– Бүркітбай қайда?– деді ол Асқарға.
– Аттарын жайғастырып болып, қаланы аралап, темекі іздеп кетті білем.
Итбайдың дəретке шыққанын, я іші пысып шыққанын біле алмаған
Асқар, кел жаққа қарай аяңдағасын қасына ерді. Боран да, жел де ол кезде
басылып, бұлт ыдырап, он тарт жаңасына толған ай, жиі жұлдызды
аспанның кеудесіне мінген еді.
Қатарласып аяңдаған Итбай да, Асқар да біраз уақыт бірімен бірі
сөйлескен жоқ.
«Мұндай түндерде,– деп ойлады Асқар,– орыстың бозбалалары гармонь
тартып, өлең айтып, ысқырып көшеде жүретін еді, бүгін жан жоғы несі?
Мүмкін, губернатор келген күні шуламаңдар деп тыйып қоюы!»
Тым-тырыс түнге Асқар құлағын түріп келе жатқанда, қаланың аржақ
шетінде бір ит үріп еді, аспанды өрлеген оның даусы, тасқа соғылған
қоңыраудай біразға шейін ызыңдаған дыбысын баспады.
«Біреу келе жатыр-ау көшемен?» деп ойлады Асқар, алыста аттың
басқан тұяғынан шықырлаған қардың дыбысына құлақ түріп, атты адам
қалай қарай келе жатқанын ол қаланын, шеткі үйінен бастап, бері қарай
кезектесіп үрген иттердің дауысынан мөлшерледі.
Итбай дəрет сындырып боп, Асқар екеуі үйге беттегенде алдарынан
Бүркітбай шықты. Ол да қатарласып үйге аяңдады.
– Бұл үйдің жаны нешеу?–деді Итбай, сөз бастау үшін.
– Үшеу: Балтабек, қатыны, қарындасы,– деді Бүркітбай.


– Қарындасы жап-жақсы қыз екен.
«Жақсы қыз екен» деген сөзді Итбайдың не оймен айтқанын
түсінгендей болған Бүркітбай, беті бүркелген ойдың пердесін ашқысы
келді. Ол Итбаймен қалжыңдасатын еді.
– Қыран бүркіт сықылдысыз-ау, Қақа, көзі қиядан шалатын!
– Ант соққан-ау, «жақсы қыз» деген айып па?
– Неге айып болсын. Ілуге тұратын аң. Қарға аунаған түлкідей жайнап
тұрған бір қыз...
Асқар бұл кеңестерге араласпады.
– Өзін біреуге атастырған ба, жоқ па?
– Жоқ-ау деймін. Солай ма, Асқар?
Асқар үндемеді. Асқардың қызда көңілі барын білетін Бүркітбай,
ашуланып сыр шығарар ма екен деп:
– Қақа!– деді Итбайға,– «бір жас иіс керек» дейтін едің, мына қыз соған
дəл-ау өзі, байқайсыз ба?
– Қой!–деген болды Итбай,– кəртайдық қой енді.
– Əлі де бір жас қызды тоздыратын шамаң бар ғой. Жыланды үш кессе
де кесерткедей қуаты бар деген қайда?
– Е, бере ме маған жас қарындасын, біреу?
– Есіктегі басы төрге жететін болған соң, садақа ғып үйіңізге апарып та
берер. Тамырын бассақ, қайтеді?
Итбайдың Ботагөзге ниеті алабұлттана бастағанын көрген Асқар шыдай
алмай:
– Бүркітбай!–деді ол, дауысын көтеріп,– не керек сондай сөз. Ұят емес
пе? Біреудің жап-жас баласы. Оқып жүрген бала. Басқа сөз жетпей ме?


Бұл сөздің «келінім саған айтам, қызым сен тыңда!» екенін түсінген
Итбай, қалжыңды енді доғар деген кескінмен Бүркітбайға қарады.
Бүркітбай сыбағасын жібермеймін деп, Асқардың жанына бататын сөз
іздеп жатыр еді, ойын алдарында салт аттан түсіп жатқан біреу бөлді.
– Бүркіті бар, .бұл кім?
Салт адам атын байлап, бүркітін жерге қондырып, көзіне шалынған үш
кісіге сылбыр аяңмен жақындады.
– Амантай ғой, мынау!– деді Бүркітбай бетпе-бет келгенде.
Бірін бірі таныған жолаушылар солғын амандасып тұрғанда, ентелей
басып Антон келді.
– Итбай Байсақалов бар ма, мұнда?– деді ол жақындай беріп.
– Бар. Оны қайтесің?
– Андрей жіберді. Тез келсін, деді. Губернатор шақырады дейді.
– Барайын,– деді қуанып кеткен Итбай,– тымағымды алып жіберші,
Бүркітбай!
– Шай ішіп барсаңыз қайтеді?– деді Асқар. Оның ұшқалақтауын
ұнатпай.
– Шай да, ет те, май да, арақ та көп онда,– деді Антон.– Ұмытқан екем.
Учитель қазақ бірге келсін деді Андрей.
– Мен не алам, сіз барыңыз,– деп Асқар барғысы келмеп еді:
– Нең кетеді, жүр, керегің боп қалар!– деп Итбай тағы да қолқалағасын,
Асқар бірге кетті.
Асқар мен Итбай сырт киімдерін коридорға шешіп үйге кірсе, барлық
бөлме лық толы адам екен.
– О, Итбай, Итбай!– десті танитын қазақтар.


Итбай біразына қолдасып амандасты. Андрей Итбайға отыратын орын
көрсетті.
Кейінгі бөлмелердің біреуіне орналасқан Асқар мен Итбай, түтіннен
буалдырланған төргі бөлмелердің ашық есігінен губернаторды көргелі
мойындарын созып еді, үсті-басы сап-сары ала алтын, ылғи бір сірескен
төре. Оның қайсысы губернатор екенін білмей, қастарындағы казактардан
сұрауға даярланғанда, «губернатор сөйлейді» деген күңкіл шыға қалды.
Араның ұясындай дуылдаған қызу казактардың дауысы су сепкендей сене
қойды. Барлық жұрт мойындарын созып, көздерін төргі бөлмеге тікті.
Асқар мен Итбай да қарады.
– Губернатор!..– десті Итбай мен Асқардың маңайындағы орыстар,
ұзын сақалды, денелі біреу төргі бөлменің төр жағынан түрегелгенде.
– Атамандар! Казактар!– деген жуан дауыс естілді губернатордан,–
казактың Россияны ұлы мемлекетке айналдыруда еңбегі зор. Бір шеті
Астраханнан бастап, Орал өзенін бойлап Орынборға, Орынбордан
Троицкий, Пресногорский, Петропавловский крепостары арқылы Омбыға,
Омбыдан Ертісті өрлеп Зайсанға тартатын казачий станицалар бар.
Көкшетау, Аімола, Атбасар, Қарқаралы, Торғай сықылды даланың
қалаларында да отыратын сіздерсіздер. Азиялық Россияны бізге
бағындырған сіздердің күштеріңіз. Сіздер ұлы анамыз Россияның іштегі
дұшпандарын тұқыртып ұстаумен бірге – шет дұшпандарына үлкен
айбынсыздар. Сіздерді Его Императорское величество сүйеді, сүйгендіктен
сіздердің формаларыңызды киеді. Сіздер ұлы анамыз Россияның ардақты
ұлысыздар. Жасасын батыр казактар! Ура!..
Казактар «уралап» ду ете түсті. Арақты қағып салғаннан кейін бəрі
қосылып патшаны мадақтайтын – «Көп жаса» əнін айтты.
Үйдегі лық толған адамдардан арақты ішпеген де, ураламаған да –
жалғыз Асқар.
3
Ауыз үйдегі столдың, шетінде тұнжырап отырған Итбайды төргі
бөлмеден басын сұққан Кривоносовтың көзі шалды да, орнынан тұрып кеп
төргі бөлмеге қолтықтап алып кетті. Үйдегілер бұл кезде қызған еді.


– Сен ренжіп қалдың ба?– деді ол қолтықтап кетіп бара жатып,– үлкен
кісілердің кейде көңілсіз болатын күндері болады. Түспеген себебі: аздап
басы ауырған еді. Бірақ сені жақсы біледі. Петербургке баратыныңды да
біледі. Ол өте кішіпейіл кісі. Сен ренжіп қалды ма деп мұнда келгеніңді
естіп, маған шақырып кел деді.
Қасына қымсынып кеп қолын алғанда – губернатор Итбайға Андрей
сықылды жабайы, жуан, зор орыстың біреуі боп қана көрінді.
– Ə, осы кісі ме, управитель Байсақалов,– деді күп-күрең боп терлеп
отырған губернатор.– Білем, білем... молодец ол... Кəне, құйыңдар оған...
Ақ арақты стақанға толтыра құйып Кривоносов Итбайға ұсынды.
– Кəне, жақсы управитель денсаулығына!– деді губернатор орнынан
тұрып, Итбайға стақан соғыстырып.
Күндізгі реніштің бəрі ұмыт болды. Төбесі көкке жеткендей болған
Итбай, мас болармын демей стақан толы арақты қағып салды.
– Молодец!– деді губернатор арқаға қағып.
Арақ тіліп түскен өңешінің ашығанына қарамай Итбай жан-жағын
көзімен
шолды.
«Қазақтан
ешкім
болмады-ау!–деп
өкінді
ол,–
губернатордың мені мынадай құрметтеуін көретін?!»
Губернатор шақырды деп Алексей төргі бөлмеге Асқарды да еріксіз
алып кірді. Араққа ернін тигізгені ғана болмаса, ішпеген Асқар ол кезде
кеткелі отыр еді. Алексей Асқарды губернатордың алдына əкеп араққа
жыққысы келді. Əйтпесе, оны губернатор шақырған да жоқ еді, білген де
жоқ еді.
– Прекрасный кавалер!–деді Алексей губернаторға, Асқарды қолтықтап
жақындағасын,– семинарист! (Асқардың фамилиясын Алексей ұмытып
қалды). Фамилияңыз кім?
– Досанов.
– Жақсы фамилия. Управитель ауылында тұрады, (Итбайдың да
фамилиясын ұмытып қалды).


– Құй оған,– деді губернатор.
Алексей Асқарға толы стақанға жақын арақ құйды.
– Қалай управитель, учителің жақсы ма?
– Жақсы!– деді Итбай сөзін мастықтан болбыратып.– Петерборға ала
барайын деп ем, мен тілді жақсы білмеймін.
– Болады, болады.
Губернатор іш деп қыстағанмен Асқар араққа ернін ғана тигізді. Бір
жақсысы, мұның ішпегенін Алексей аңғарған жоқ.
Шылымның қою түтінінен, қызған адамдардың арадай шуынан басы
айналғандай болған Асқар, рюмка тосқандарға бірер рет ырымын істеді де,
елеусіз кезде жылжып далаға шығып, Балтабектікіне қарай тартты. Ол
келсе, Балтабектің үйі оны іңір асына күтіп отыр екен.
– Жоғары шық,– деді үйге кірген Асқарға Балтабек,– ағаңның қолына су
құй, қалқам Ботагөз!..
Ботагөз пештің үстінде тұрған қаңылтыр шайнекті алды да, босағадағы
легенге қолын тосқан Асқарға су құйды.
Бастапқы көргенде Асқар қасындағылардан қаймығып, Ботагөзбен
бұрынғысындай шүйіркелеспей, иек қағып қана жат кісіше амандасқан еді.
Сол көңіліне кеп қалды ма дегендей қолына су құйып қасында тұрған
Ботагөзге ол жалтаңдап қарай берді. Асқар өзін орта бойлыдан жоғарымын
деп санайтын. Қолын жуып болғасын, белін жазып, орамал ұсынған
Ботагөзге қараса, бойы мұның иығына тақалып қалған екен. Көрмегелі айға
жақын болып еді: «содан бері қарыс өскен бе, қалай?» деген ой келді оған.
Үйде Амантайдан басқа жат кісі жоқ екен.
– Ана жерге отыр,– деді Балтабек Асқарға, Амантай мен Ботагөздің
арасынан орын көрсетіп.
Асқар отырды. Дастарқанға келген еттің қасапшыдан алынғанын ол
балтамен шапқан сүйектерден білді. Бірақ семіз екен.


– Итбайдан ұят болмас па екен?–деді.
– Жоқ, ол кісі қазір келе қоймас. Қызыңқырап отыр. Казактар дырдумен
ішкізіп тастады.
– Сені шақырғалы барып есіктен қарап едім, адамның басы айналатын.
Бір-бір қаланы меңгеріп жүретін ылғи мықты орыстар жиналған екен!..
Туралған етті кеңеспен жеп отырған Амантайдың көзінің құйрығы
Ботагөзге түсіп еді. Оң жақ шынтағын Асқардың тізесіне сүйеп, Асқарға
қарай бір жамбастап отыр екен. «Мұнысы қалай?» деп ойлаған Амантай,
көргенін сездірмей, ұялар дегендей, енді қайтып қараған жоқ.
Амантайды Балтабек танығанмен, Ботагөз танымайтын еді. «Əкеңнің
нағашысымын» дегесін Ботагөзге ол жылы ұшырап, қолынан келген
барлық сыйын көрсеткісі келді, қымсынбады... «Аумаған жасындағы
əкесі,– деп ойлады Амантай,– аузынан түсіп қалған сықылды, тартқан да
қойған. Мінезі де əкесі. Марқұм кісі жатырқамайтын, ашық адам еді».
Əкесі есін білмейтін кезде өлгенмен, Ботагөз оны жақсы көруін жыл
санап үдетпесе, өлген адам деп ұмытқан жоқ еді. «Бір көрсем арманым
болмас еді!» дейтін еді ол əкесін сағынғанда.
Амантай жайланып танысқаннан кейін,– «кескін-кейпі аумаған əкем
марқұм» деген еді Балтабек Ботагөзге. Сол сөзден кейін Ботагөз Амантайға
əлсін-əлсін жалтақтап қарап, қараған сайын іші жылып, жақсы көрген сезім
пайда болған еді.
Жас та болса адамның ішкі құлқын бетінен, көзінен айыра білетін
Ботагөз, Амантай мен Итбайдың арасында көп айырма барлығын аңғарды.
Итбайдың көзі найзадай өңменінен қадалып, бір түрлі ыңғайсыздық
туғызған еді. «Көзінің өзі солай ма, болмаса əдейі қадала қарай ма? О
несі?» деп ойлаған еді Ботагөз.
Амантайдың қарауы Ботагөзге əкенің, не жақсы көретін ағаның
туысқандық сүюімен қарауындай əсер берді. Жүзі де, көзі де, сөзі де
жанына жібектей жұмсақ тигесін, Амантайдан Ботагөз қымсынған жоқ.
Дағдылы күндегі сөйлер сөзінен, отырыс-тұрысынан өзін бөгеген жоқ.
Ет жеп жатқанда Ботагөз Асқарға сабағы туралы біраз жаңалықтар


айтып, дастарқан жиналған соң асық ойнайық деп етінді.
– Не ойнаймыз?
– Қақпақыл.
– Оқасы жоқ.
Бір дорба асықтан екі сақаны екеуі таңдап ап, қақпақылға кірісті.
Айбала ыдыстарын жинады. Балтабек пен Амантай ол-пұлды кеңесіп,
шынтақтап, қисайды.
Ботагөз асықты қаққыш еді. Сақаны жоғары ұшырып жіберіп, қайта
айналып қолына жақындағанша, бытырап əр жерде жатқан асықтардың
бесеу-алтауын жинап ап, сақаны жерге түсірмей қағып алды. Сол қағумен
асықты он шақты рет шашып жіберіп, жаңадан ойнағанда, Асқарға көп
ұпай түсті.
Ұпай алудың жазасына не лайық екенін білмей, жеңіліп қалғанына
қызараңдап отырған Асқарға күлген Ботагөзге үйдегі əркім əртүрлі ұсыныс
айтты.
– Маңдайға шерт, шырағым,– деді Амантай.
– Сусап отырған шығар, бір аяқ су ішкіз,– деді Балтабек.
– Əн айтсын,– деді Айбала.
Бастапқы ұсынған екі жаза қолынан келмейтінін Ботагөз біледі. Əншіл
емес екенін жəне біледі.
– Мен оңай жаза таптым,– деді Ботагөз.– Қала ғұрпында сүйгенін
айтқызады, сүйгеніңіз кім?
Ойыннан өрт тұтанғандай болды Асқарға. Ең кем дегенде үш-төрт
жылдан кейін аузымнан шығарармын деп жүрегінің терең түкпіріне мықтап
сақтаған сөзін жарыққа шығару қаупі туды. Көлденең біреуді сүйем деп
өтірік айтса, оның арты от басқандық, келешегін ойламағандық, тағдырын
шешетін сөзге жеңіл қарағандық. «Сені сүйем» деп шынын айтса, ол сөздің
мезгілі əлі туған жоқ. Не істеу керек?


– Сүйгенім жоқ,– деді Асқар, сөзден құтылғысы кеп.
– Жоқ, ол болмайды, ағай!–Айтасыз.
Жан-жағынан қуғын қамап, қайда барарын білмей жалтақтап сасқан
қояндай, «сүйгенім сенді» айтып қала жаздаған кезде:
– Асқар!– деді сəтін беріп Балтабек,– мен ұмытқан екем, саған Кузнецов
келіп кетсін деп еді.
– Кеш емес пе, енді?–деді Асқар.
– Кеш болса да келсін деп еді. Мен апарайын.
– Жайланып айтармын деп отыр ем,– деді Амантай Асқар орнынан
тұрғанда, шынтағынан басын көтеріп,– анау күні пристав губернаторға
бүркіт салып көрсет дегесін, соны сылтау ғып келіп ем, жеріміздің кететіні
туралы бір орысқа арыз жаздырып, соны саған көрсетейін деп ем. Қашан
көресің? Дұрыстап жазды ма, жоқ па?
– Ертең көрерміз, ағай.
Балтабек пен Асқар киініп шығып кетті.
Асқар мен Балтабек жолшыбай «лəм» деп үн қатысқан жоқ.
Жолшыбай Асқардың ойын билеген, Кузнецовтың бейнесі. Ол оны
басында менсінгісі келмегенмен, жүре сөйлесе, сырласа келе, пікірін
мүлдем өзгертті. Мектептен оқыған сабағы аз болғанмен, тұрмысты, саяси
халды, тап тартысын, елдің келешегін болжауда Кузнецовтың пікірлері
Асқарға, Асқар бұрын білмек түгіл естімеген талай əңгімелердің бетін
ашты жəне ол əңгімелері салмақты, дəлелді.
Мəселен, Россияда: кадет, əсер, социал-демократ сияқты партиялар
барын, олардың саяси программаларын Асқар өмірінде бірінші рет
Кузнецовтан естіді. Сырласа келе, Кузнецов Асқарға, өзінің айдауда жүрген
большевик екенін де айтты.
Большевиктер партиясын жұмысшы табының партиясы деп ұққан
Асқар, «саяси жолы дұрыс болғанмен, бұл қазақ тұрмысына қолайлы


емес,–деп таласты Кузнецовпен,– себебі: қазақта, əлі жұмысшы табы жоқ!»
Қазақ даласының хал-жайын Кузнецов Асқардан артық білді. Қазақ
даласында: Қарағанды, Қарсақпай, Нілді, Спасск, Екібастұз, Риддер сияқты
өндірістер барын, соларда, жəне қазақ қалаларындағы завод, фабрикаларда
мыңдаған қазақ жұмысшылары істейтінін ол содан естіді. Осындай
əңгімелерден кейін, Асқар Кузнецовқа ден қойып, оны өзіне ұстаз көрген
еді.
Губернатордың Итбайдікіне түспей кеткенін Кузнецов Балтабектен
естіген еді, сондықтан, Асқар мен Балтабекті көңілді кескінмен қарсы
алған Кузнецов, түк білмегенсіп, Балтабекке көзін қысып қойып:
– Қалай, губернатор неше күн жатты Итбай үйінде?– деп сұрады
Асқардан.
Кузнецовтың қулықпен сұрап отырғанын абайламаған Асқар, шынынан
ақтарылып, көрген-білгенін тегіс баяндады.
– Сіздің сөзіңіз расталды,– деді Асқар сөзін аяқтап,– облыс
бастығымын, халықтың жайын көрейін дейтін губернатор жоқ. Ауылнай да,
болыс та, губернатор да,– бəрі де бір шорт екен. Көңілім суынды.
К
узнецов Асқарды Итбайдың Петербургке тілмəш есебінде ала кетуге
ойы барын да естіген екен.
– Өзің қалай ойлайсың?– деп сұраған Кузнецовқа, Асқар барғысы
келмегенін айтып еді, Кузнецов бұл пікірін мақұлдамай, баруға қажетті көп
дəлел айтты. Асқар көнді. Кузнецов одан Москвадағы кейбір жолдастарына
хат жазып беретін болды.
4
Салт жүріп ат соқты боп келген Амантай, таңертең жайымен тұрса,
Балтабек атын суарып жемге қойған екен. Ол киінді. Үйдің ауасы қоңыр
салқын болғандықтан, бүркітті жатарда босағаға кіргізіп, томарға
қондырған еді. Түндегі асқан еттен бүркітке деген бір кесегін суға
салдырып, ақжем қылып қойған.


«Мен де шаршап келдім» дегендей, томаға киген басын иығына
айналдырып, тұмсығын қанатқа тыға қалғып отырған бүркіт Амантайдың
қасына кеп тұрғанын сезгендей талпына бастады. Амантай: «бопам-бопам,
кəл-кəл!»–деп еркелеткен дауыспен, тайдың терісінен істеген биялайлы
қолына қондырып, далаға алып шықты да, томағасын сыпырды.
Асқар дүкенге кеткен еді. Балтабек ұста дүкеніне барып келем деп,
Амантайдан аз уақытқа ұлықсат алды. Бұрын бүркіт көрмеген Ботагөз,
қызық көріп, Амантаймен далаға ере шыққан еді. Томағасын сыпырған
бүркіт қанатының астындағы қарды бората талпынғанда, қашуға айналды.
– Жемін əкелші, қалқам,– деді Амантай Ботагөзге,– қорықпа, кісіге
тимейді.
Ботагөз жемді алып келсе, ортан жіліктің бұлшық еті екен, түні бойы су
сіңіп, еттің қаны тарап, боп-боз ақжем боп қалыпты.
– Азырақ қант бар ма, қалқам?
– Бар, əкелейін.
Ботагөздің əкеп берген бір түйір қантын Амантай аузына сап
қытырлатып уатты да, түкірігін ақжемге бүрікті. Бөренеге байлаусыз
қондырған бүркіт, топшысын аздап қана жазып, етті көріп мойнын қылқың-
қылқың еткізді. Бірақ ұмтылмады.
Кесек еттің үлкендігі қос жұдырықтай еді.
– Турап бересіз бе, нағашы?– деді Ботагөз.
– Жоқ, шырағым, осы қалпымен.
– Қақалмай ма?
– Бұл ет түгіл, барлық етті, сүйегімен қойдың тоқпан жілігін де жұтып
жібереді.
«Ойнап айтатын шығар?» деп ойлаған Ботагөз, бүркітке таңдана көзін
салып еді, алдына тастаған жемді, жан-жағына қарап тұяғымен аз басып
отырды да, өз аяғынан өзі тұмсығымен күштеп суырып ап бір-ақ қылғыды.


«Рас екен!» деген кескінмен Ботагөз біресе бүркітке, біресе Амантайға
қарады да, бүркіттің қалай елігуін білгісі келді.
– Нағашы!– Бұл бүркіт сізде неше жылдан бері тұр?
– Үшінші жыл.
– Бұл өзі неше жасайды?
– Кім білсін. Мен бір ұябасарды он екі жыл ұстадым.
– «Ұябасарыңыз» не?
– Бүркіттің еркегін «шəулі» дейді, ұрғашысын «ұябасар» дейді. Бұл
бүркіт те ұябасар.
– Қайсысы алғыр болады?
Қанішер құстың еркегі кішкене, ұрғашысы үлкен болады, шырағым.
Ұябасары шəуліден күшті де, алымпаз да келеді.
– Сіз мұны қалай ұстадыңыз?
Ботагөздің бүркітті білгісі келгенін түсінген Амантай, айтуға ерінбеді.
– Əр түрлі жолы болады, шырағым,– деді ол, сүйген суықтан қаны
гүлдей құлпырған Ботагөздің бетіне ара-тұра бір қарап,– бір əдіс бар –
тормен ұстау. Торды білесің ғой?
– Ау сықылды ғой?
– Я, соны үйшік қып құрып, ішіне тірі сауысқан не қоян байласа бүркіт
соған кеп түседі. Енді бір əдісі қасқыр жеген малдың еті сықылды, не арам
өлген мал сықылды өлімтікті бүркіт ұшып жүрген тұсына тастаса, соны тоя
жейді. Бұл етті ете кеп жейтін құс. Бір кісіден артық жемесе кем жемейді.
Етке бетегесі еркін толғасын ұзаққа ұша алмайды. Мықты жүйрік ат болса,
соңынан қалмай шаба берсе, үш-төрт шақырым ұшқасын ол болдырып,
аузын ашып, ырсылдап жатады.
– Өлімтік табыла бере ме оған?


– Бүркітке құмар кісі өзінің, жеп отырған соғымын да тастайды.
Аңшыға бүркіттің бағасы қымбат болады, шырағым. Осы бүркіттерді ортан
қолдай ат беріп кім болса сол алады. Енді бір əдісі: ет аз болған күнде, қыл
тұзаққа етті жапырақтап байлап, тұзақтың бір жағын қазыққа шалып,
қазықты су мен қарға қатырып бекітсе, бүркіт тұзақты етпен бірге қылғиды
да, арқандалып қалады.
Бұл ұстау қызық көрінген Ботагөз шегі қата күлді.
– Тұзақты қалай аласыз, нағашы?–деді ол күлкісін зорға басып.
– Тұзақты кесіп жібереміз. Жұтып қояды. Артынан қоясымен бірге
түсіреміз.
– Қоя деген не?
– Бүркіттің ана жерін,– деді Амантай бұлтиған кеудесін көрсетіп,–
бетеге дейді. Құстың жеген асы сол арадан тарайды. Кейде сол жерде жүн-
жұрқа, қыл-қыбыр қалып қояды. Əсіресе, аң алып жейтін бүркітте. Соны
құстыру үшін құрым киізді жұмарлақтап аузына тығып жіберсек құс
лоқсиды. Сонда құрымға оралып қоясы да түседі.
Аттың, яки адамның несебі тиген қарды жентектеп жұтқызып жіберсе
де бүркіттің құсатынын айтуға Амантай ұялды.
– Балапан кезінде ұстамайсыздар ма?–деді Амантайға Ботагөз.
– Бүркіттің ұясы оңай жерде кездесе бермейді. Бүркіт ұяны адам ала
алмайтын жерге, тастың қайдағы қиын қиясына салады. Екінші,
балапаннан асыраған бүркіт жалқау болады, батыл болмайды. Өскесін
ұстаған бүркіт ашулы, қайратты келеді жəне сергек болады.
– Қандай бүркіттің осал, қандайының мықты екенін қайдан білесіздер?

Мүшесінен
танимыз.
Балақ
сіңірінің
жуандығы
тұтамнан
асыңқыраған бүркіттің аяғы қарулы келеді! Ұшқыр бүркіттің ұзындығы он
екі тұтам кеуде тұсының жуандығы сегіз тұтам болады. Кеудесі алты
тұтамға жетпейтін бүркіт ұзақ ұшпайды. Ентігімпаз келеді. Тұрқы қысқа
бүркіт биікке шарықтай алмайды.


– Қысы-жазы бірдей саласыздар ма?
– Жоқ, егер де дұрыстап түлетпесе, өлі қанат қалып, қысты күні
ойдағыдай ұша алмайды. Сондықтан жаз дұрыстап түлетеміз. Ол үшін
əуелі семірту керек. Содан кейін борсыған ет беру керек.
– Семіргесін қалай арықтатасыз?
– Ақжеммен.
– Оныңыз не?
– Суға салып, қанын кетіріп жегізетін ет. Қансыз етке құс семірмейді.
«Көп сөз сұрап мазасын алдым ба?» дегендей Ботагөз сұрауын доғарған
еді.
– Тағы да сұра, шырағым!–деді Амантай.– Мені ерінеді деме.
«Өзі не деген сүйкімді жақсы бала?– деп ойлады Амантай,– еркек боп
тумаған екен. Маңдай жігіт болар еді».
– Бүркіт не аңды ала алады?– деді Ботагөз, ойындағы бар сұрауын түгел
айтуға Амантайдың өзі мүмкіндік бергесін.
– Қоянды барлық бүркіт алады. Түлкіге түспейтін бүркіттер болады. Ал,
кей бүркіт қасқырға да түседі. Осы бүркіт былтыр бір қасқыр алды.
– Түлкіден нешеу алды?
– Үш жылда жиырма бесін алды. Бұл жақта түлкі сирек боп жүр, осы
кезде. Қояннан күніне он шақтысын ұстайды.
– Қасқыр да алды дейсіз бе?
– Я. Ол былай: былтыр, қысты күні аң кездеспей бүркітім ызаланып
келе жатыр еді, бір арадан шоқытып боратқан қасқыр көрінді. Аржағында
жақын жерде ағаш бар еді. Көзі қайдан шалғанын білмеймін, қолымдағы
бүркіт көріп қап талпынып шыдатпағасын, тəуекел деп бауын сыпырып қоя
бердім. Аспанға бірақ шапшып шарықтап биікке шықты да, қасқырдың


жөнімен кете барды. Алдымызда бір төбе бар еді. Арғы етегі ағаш. Соның
тұсына барғанда қасқыр көзімнен ғайып болды. Бір кезде аспанда түйіліп
айналған бүркітім темен қарай сорғалай құлады. Қасқырдың аузына түсіп
жазым бола ма деп қорықтым да, атымды тебініп шаба жөнелдім. «Түскен
жобасы осы еді-ау!» деп мөлшерлеген тұсыма келсем, ағаштың жиегі екен.
Қалың күртіктің ішіне ат бара алмайды. Жалма-жан атты қаңтарып тастай
беріп, сыртқы күпімді шешіп, жеңіл киіммен күртікті ерлей, ағаштың ішіне
жүгірдім. Мөлшерден қаталасқан жоқ екем. Бүркітім шаңқылдап қоя берді,
ағаш арасынан мені көре қойған екен, жануар! Мен көрген жоқ едім.
Бүркітім шақырған жерге ентігіп жүгіріп барсам, бір аяғы құрықтай
қайыңға қадалған, бір аяғы қасқырдың төбесінде. Қасқыр сіресіп тартып
тұр. Аяғын неғып үзіп əкетпегенін білмеймін. Баяғыда бір бүркіттің бір
аяғы қасқырды осылай тоқтатам дегенде, ағашта қалды деп естіп едім.
Жүгіріп келген қалпыммен қасқырдың тірсегінен алдым да, қындағы
пышағымды суырып, ішін есіп жібердім. Шек-қарны қарға түскенде
қасқыр қылжаң етіп құлады. Құлаған қасқырды бері қарай тартып,
бүркітімді алайын десем, ағашқа қадалған аяғы да, қасқырға қадалған аяғы
да қарысып қатып қапты. Көпке шейін жаза алмадым. Біраз азаптанып,
зорға дегенде босатып ем – бастан қысқан тұяғы көзін шығарып жіберген
екен.
– Еркем!– деген дауыс келді осы кезде Ботагөздің құлағына үйден,
басқа аңдарды қалай ұстайтынын сұрағалы тұрғанда.
– Əу!
– Шайды жасашы, еркем.
Амантайға алғысын көзқарасымен ұқтырып, Ботагөз үйге кетті.
«Не деген жақсы бала, өзі!– деді Амантай тағы да ішінен.– Əттең еркек
боп тумағаны-ай!»
5
Бұрын ұлық алдын көрмеген Амантайдың ет-жүрегі тітіркеніп,
губернатор түскен Кулаковтың үйіне кепке шейін маңайлап батып бара
алмады.
Əр пəуескені қаланың бір үйіне жеке түсірткен еді, Алексей. Оңаша бір


үйді өзі жеке алған Кривоносов араққа қылжиған Итбайды таңға жақын
үйге əкеп ұйықтатқан еді.
Түске тармаса оянған Итбай, басын көтерсе, арақ өтіп кетіп, шекесі
зырқылдап тұр екен. Иіс тиіп басы ауырғанда шекесіне қар басса сауығып
кететін еді. Сүйтер ме екен деп далаға шығып, қар басып көріп еді,
зырқылдауы күшейе түсті. Ол көпке шейін үйге кіре алмады. Төңкерген
қайықтың үстінде шекесін қолымен қатты қысып ол недəуір отырды. Бір
кезде басы бəлкім жеңілдегендей болған соң еңсесін жазып еді, шарбақты
жағалап Амантай кетіп барады екен.
– Əй, бері кел, Амантай!– деді ол; Амантай тоқтай қалды,– бері келіп
кет деймін!
Амантай бұрылып келді.
– Ат-көлік аман ба? Қайдан жүрсің?
– Қонақ үйімнен.
– Сен кеше бүркітпен келдің ғой, бұл жаққа қайдан келіп жүрсің?
– Осы араның шұбарында түлкі бар дегенге келіп едім. Денесі
тоңазығасын Итбай серги түсіп, орнынан түрегелді.
– Тұяқпен сенің не жақындығын, бар? Ілік-шатыс емессіңдер ме?
– Тұяқтың, шешесі – біздің апамыз.
– Сен Балтабекке қонып шықтың ғой. Қонағасы бере алды ма, байғұс?
Мен кеше Асқардың айтуымен барып қалып, ұялып зорға отыр ем, Андрей
шақырып əкетті. Əйтпесе, қиын болып еді. Нашар жігіт қой. Өзі мұнда не
кесіппен тұрады?
– Іс соғам дейді.
– Одан не пайда көреді, байғұс? Анау қыз қарындасы ғой соның?
Соқтауылдай ғып несін ұстап отыр оны, біреуге беріп мал қылмай?
– Оқитын көрінеді, ол бала.


Итбай кекетінді күлкімен қарқылдайын деп еді, сөйлегенде аздап
ауырған басы, күлгенде солқылдайтын болды.
– «Оқиды!» деді ол қарқылдаудың орнына ернін шүйіріп,– не керек оқу,
оған! Ол кім болады, оқып? Төре болмақ па? Беріп жібер одан да, малды
көп беретін, өлтірмейтін біреуге! Оқу не теңі нашар адамның қызының?
Қыздың оқығанын Амантайдың өзі де ұнатпайтын еді, бірақ мына сөз
оның көкейіне қонбады.
– Кім тұр оған малын тосып?– деді Амантай, Итбайдың құлқын
байқағысы кеп.
– Кім жоқ? Басы-сирағы түзу қызды малын төгіп, кім болса сол
айттырады.
– Сөйлесе қойған кісі болмағасын,– деді Амантай Итбайдың ішін
ақтарғысы кеп,– кімге тоса қойсын, «қарындасымды ал» деп.
Амантайдың тұзағын сезбей Итбай оңай түсті.
– Сенің өзің менен көнегіңді ылғи сыртқа салып жүресің. Өзіңмен
жолығып бір сөйлесейін деп ем, жақсы кез келдің. Баққа таласамыз дейтін,
орыстың шені саған да, маған да жетеді. Қара басыңа забырым тиді десең,
айт, міне көзің тұр! «Атқа міндің, ажалға міндің» дегендей, атқа мінген
адамның артынан өсек ермей қоймайды. Періштемін демеймін. Расы да,
өтірігі де бар шығар. Кəне, айтшы, Амантай, маған не кінəң бар?
Амантай расын айтқысы келмеді, ол риямен сөйлесті.
– Оның жол ғой, Итеке! Менің аламды мініп, құламды жетектемегенің
рас. Ағайынды қарындастың біреуі кемшілік көрдім деп жылап келгесін,
қолымнан келері болмаса да, ақыл айтатынымды жасырмаймын.
– Міне, соныңды айтшы! Сөздің беті ашылды. «Ер шекіспей
бекіспейді», өз қара басыңа тиген залалым болмаса, көнекті сырттан
сұрауды сен енді қой. Бірлікке келейік.
– Бірліктен мен де қашпаймын.


– Амантай,– деді Итбай қайыққа қайтадан отырып, қасынан Амантайға
орын көрсетіп,– мында отыршы! Жақсылап кеңесейік.
Амантай отырды.
– «Құрғақ қолға бата жүрмейді» дегенді білесің ғой. «Құрғақ қасық
ауыз жыртады». Шекісісіп бекіскен біз ғана емес. Бірлік берік болу үшін
мұндайда не араға алым-берім жүреді де, не құдай десіп құда болады.
Соның қайсысын істейміз?
– Қайдан білейін. Менде «мынаны кие ғой» дейтін саған лайықты ішік
жоқ. Жалғыз атым бар, маңдайыма басқан, реті бар десең соны ал.
– Жоқ, сен менен ал!
– Мырзалығың болса мен қашады деймісің?
– Мен сенің атыңды да мінгізем, шапаныңды да кигізем. Бірақ соған бір
дəнекер керек емес пе?
– Айт реті келетін дəнекер болса,– деді Амантай, Итбайдың сыр
сандығы ақтарылуға жақынын көріп.
– «Бітер істің басына, жақсы келер қасына». Менің жасым қырықтың
ішінде. Тəңірі берген азғана дəулет бар. Айранын ұрттап, қойын құрттап
жүре беретін малжанды, сасық бай мен емеспін. Алланың берген аз
дəулетін шайқап, аз күнгі өмірде қызығын көріп өткім келеді. Адам екі
нəрсеге тоймайды дейтін еді атам марқұм: біреуі мал, біреуі перзент.
Екеуінен де кеммін демеймін. Бірақ нұр үстіне нұр болғанын кім жек
көреді.
– Əйел алғың келе ме?–деді Амантай, «сыпайыламай айтарын тез
айтсын» деп.
– Бəйбішем қартайды, өзің білесің. Ортаншы əйелім аздап сырқат. Кіші
əйелімді шаруаға керек деп алып ем, кедейдің қызы еді, салақтау адам.
Алып қалғасын тастауға обалсынып күнін көріп жүре берсін деп ұстап
отырмын. Енді жас болса жер ортаға келді. Тəңірі перзент берсе далаға
тастамаспын. Ол үшін емес, өзімді күту үшін бас-сирағы дұрыс адам тауып
алайын деп ем, қолдан баулитын жастау!..


– Көздеген жерің бар ма еді?
– Жоқ, əлі ешкімге ат қойып, айдар таққам жоқ. Елі құрғыр бесігінен
құда болып – қыз қоймайды. Бірақ ел ғой, қарастырса не шықпайды дейсің.
Ботагөзді Итбай тура айта алмады. «Өзі де түсінер, енді» деп ойлады.
– Сонда да айт, атқа көп мінетін адамсың. Көздеген бір жерің, бар
шығар?
Итбай Амантайдың кескініне көзінің қырын салып аз отырды да не де
болса турасын айтайын деген ойға келді.
– Осы, анау Балтабектің қолындағы туған қарындасы ма?
– Солай деп естідім.
– Қарындасы тап-таза, жап-жақсы екен.
– Жаман бала көрінбейді. Бұрын келіп көрген жоқ ем. Кеше көрдім.
– Сенімен көңілі қалай еді, Балтабектің? Тіліңді ала ма?
– Қайдан білейін?
– Момын жігіт қой, алар тіліңді. Менің өмірде саған түскен бір ісім
екен. «Ер мойнында қыл арқан шірімейді». «Қызмет қыл да міндет қыл»
депті бұрынғылар. Мен сені осы жұмысқа салғалы тұрмын.
– Не жұмысқа?– деді Амантай түсінбеген боп.
– Сен Балтабектің тамырын тартып көр. Тартып көрме бұла «бер» де.
Сенің сөзіңнен шықпайды. Егер ретін келтірсең, бар малым қолыңда. Ретін
тап та тойғанынша Балтабекке де жегіз, тойғаныңша өзің де же! Қолыңды
қақпаймын.
«Рас айтып тұр ма, осы?» дегендей Амантай Итбайдың бетіне қараса,
ішінде тұтанған үміттің ұшқыны бетіне шығып, «сəті келді» дегендей
кескіні жайраңдап тұр екен.
– Неге қарайсың?– деді Итбай, сөзді тез пісірейін деп,– айтқаным-


айтқан. Малдан қолыңды қақпаймын. Өмірлік дос боламыз, əнеукүні бір
ретсіз сөздер айтып ем, соны көңіліңе ауыр алып жүрсің бе? Көңілі салқын
кезде кісі не айтпайды. Өткен өтті. Енді ақыреттік дос болайық. Губернатор
өзіміздің қолда. «Жерім кетті» деп арыз айтқалы ойлап жүр ең,
айтқанымды орындасаң, жерің де өзіңде қалады, бəрінің де ретін келтірем.
«Айнала тұзақ құрдым, енді қайда барар екен?» дегендей Итбай
Амантайдың бетіне жалтақ-жалтақ етті.
Бір қабағын түсіре, бір көзін кішірейте, бір көзін түйілдіре Итбайға
недəуір уақыт қарап отырған Амантайға келген ой: «Аждаһадай аранын
ашқан екен, жауыз. Ниеті кеткен екен. Сорлы баланың үстіне қара албасты
төнген екен. Ойға алғанын орындамай қоймайды бұл жауыз. Уа, сорлы
бала, басыңа не күн туады? Күн туса саған кім пана бола алады!
Қасқырдың аузына түскен лақтай дыбыстауға əлің келмей кете барасың
ба?»
Ендігі сыпайылықтың да, қулықтың да орны жоқ деп ойлаған Амантай,
Итбайға тіл қатпастан орнынан тұрып, жүре берді.
– Əй, қайда барасың?–деді оған таң қалған Итбай.– Жаңағы сөзге не
айтасың?
Амантай үндемей аяңдай берді.
– Əй, тоқташы!– деді Итбай түрегеп.– Сен де, мен де бала емеспіз! Мен
сені кісі деп сөз айтсам, сенің мұның қалай, бұла жөнелгенің?
– Мен бұл іске кірісе алмаймын!–деді Амантай, Итбай соңынан жүрген
соң, тоқтап.
– Мен кіріс деп жалынбаймын. Адам деп айтқан сөзге осылай қарау
лайық болса, тарта бер. Болмаса, реті жоқ десең, оны айт.
– Турасын айтқанда, реті жоқ қой деймін.
– Қалайша?
– Ол біреудің аузынан уызы арылмаған жас баласы. Сен жер ортаға
келген адамсың. Обал қайда?


– Пəле-ау? Тапқан екесің обалды. Қатын алу обал дегенді қай шариғат
айтқан? Олай болса пайғамбар неге төрт қатын алды?
– Шариғат зорлап ал демеген.
– Е, мен зорлаймын ба? Алсам адал малыма алам.
– Итбай!– деді Амантай,– бұл арада көп сөйлесетін дəнеңе жоқ,
расымды айтқанда, мен бер дей алмаймын. Бер дегенмен, ағасы бермейді.
– Неге бермесін, малдың боғын жегелі отырған кедей, көзіне көп мал
көрсетсе, бермек түгіл, лақтырып жіберер!..
– Малға ағасы қызықпайды, бермейді!
– Мен алам.
– Қалай аласың? Зорлық қыласың ба?
– Зорлық қылғанда қайтесің?
– Жоқ, қыла алмассың!
– Көрерсің!
– Көрсек көрерміз.
Амантай жүріп кетті. Итбай бірдемелерді айтып еді, оны ол тыңдаған
жоқ.
Итбайдан ұзаған Амантайдың көзіне Ботагөз елестеді. Болашақтың
қайғы тұманы алыстан түнеріп, бері қарай сырғып келе жатқандай
болғасын, Ботагөзге кешеден бергі жүрегінде ойнаған туысқандық, əкелік
сүюі күшейді. «Жоқ!– деді ол ішінен өзіне өзі жігер беріп,– мен бұл іске
енді белімді байлаймын. Мен өлмей Ботагөзді Итбай ала алмайды.
Табанына қадалған шөгір маңдайыма қадалсын дейтін Ботагөздің əкесі енді
мына мен!»
Балтабектің үйін Амантайдың басы емес, аяғы тапты.
– Нағашы!–деді есік алдында тұрған Балтабек қарсы ұшырап.– Сізді


төре шақырады деп кетті.
– Қай төре?
– Қайсысы екенін қайдан білейін. Андрейдің үйіне қонғаны.
– Ə, губернатор екен ғой. Неге шақырған екен?
– Əлгінде Андрейдің қызы Лиза келіп сіздің бүркітті көріп таңданып
кеткен еді. Ағасына айта барса керек. Ағасы артынан кейін көп кешікпей
келіп, бүркіттің қасында біраз тұрды. Сені іздетіп еді, таба алмадық.
Алексей кеткесін: «бүркіттің иесін төре шақыртады» деп Антон келді. Тегі
Алексей айта барған-ау деймін. Бүркітін ала келсін депті.
Губернаторға қалай жолығудың ретін таппаған Амантай қуанып кетті.
– Асқар қайда?
– Үйде.
– Шақыршы! (Балтабек шақырды.)
– Мені,– деді Амантай далаға шыққан Асқарға,– губернатор шақырған
екен. Мен орысшаға шорқақпын ғой, еріп жүрші, шырағым. Арызымды да
сол арада ұсынып қалайын.
– Барайын, ағай.
Амантай бүркітті қолына қондырып, Асқармен екеуі жаяу жөнелді.
Балтабек пен Айбала қала қыдырып жұмыстарына кетті. Иесіз үйде
қалғасын Ботагөзге жалғыз отыру қиын болып, іші пыса бастағасын есікке
құлып салды да, Лизаға жөнелді.
Ботагөз Кулаковтікіне келсе, төрелердің бəрі есік алдында бүркітті
көріп жатыр екен. Ығысып өте берген Ботагөзді Сухомлиновтың көзі
шалып қалып көңіліне «не деген əдемі қыз?» деген ой келді.
– Алексей Андреевич!– деді ол Ботагөзді ақырын иегімен нұсқап,–
киргизка?


– Да, киргизка,– деді Алексей де Ботагөзді көріп.
– Шақыршы бері.
– Ботагөз!
Асқар Ботагөзді көрген жоқ еді, Алексейдің неге «Ботагөз!» дегеніне,
жан-жағына қараса, Ботагөз жүгіре басып, Кулаковтың ағаш үйіне кіріп
барады екен. Алексейден Ботагөзді ол қызғанады. «Атын қайдан біледі?»
деп ойлады.
– Шақырып келіңіз, оны!– деді көргісі кеп губернаор.
– Шақырайын, маған келсе!
– Мен əкелем!–деді Асқар.
Асқар Ботагөз кірген үйге барса Лизамен екеуі бірдемені сөйлесіп күліп
тұр екен. «Сені губернатор шақырады» демеді.
– Неге үйде тұрсыздар, далаға шықпай?–деді екеуіне Асқар.
– Кіммен шығам?–деді Лиза.
– Кіммен болсын, екеуің!
– Ботагөз барсын. Оның кавалері бар, менде жоқ.
– Кавалері кім?
– Сіз ше?
– Ничего подобного!– деді Ботагөз қып-қызыл боп.
– Мен білмеймін бе?
– Елизавета Андреевна, мен сізге кавалер болайын. Жүр, далаға
шығайық.
– Жоқ, жоқ!..


– Да-да,– деді Ботагөз сөзді өзінен қашырғысы кеп.– Дұрыс!
Екі қызды Асқар қолдарынан ұстап далаға алып шығып еді, төрелер
қарап тұр екен. Лизаға ыңғайсыздық туып, кейін кетейін деп еді, «бері
кел!» деп ағасы шақырды. Үшеуі де келді.
– Бері кел, қызым!–деді губернатор Ботагөзге. (Ботагөз жақындады).
Орысша білесің бе?
– Білем.
– Молодец. Оқу оқыдың ба?
– Оқып жүрмін, үшінші класта.
– Орысшада ма?
– Я.
«Айналып кетейіннің қаймықпай сөйлеп тұрғанын қарашы!– деді
Амантай, əкелік махаббаты бұрынғыдан да артып,– тəңірі түймедей шектің
несін аяды екен! Əттең, ұл боп тумағаны-ай!»
Губернатор Ботагөзге: оқуы, үй жайы, туысқандары туралы бірнеше
сұрау беріп еді, Ботагөз бəріне де лайықты, салмақты жауап берді.
Ағаларының жайларын жекелеп қысқаша баяндаған Ботагөз, Темірбек
туралы айта бергенде, қарсы алдында тұрған Кошкинге көзі түсіп кетті.
Ботагөздің Кошкинді атарға оғы болмайтын еді, оны жек көргендіктен, егер
көшеде қарсы ұшыраса бұрылып кететін еді; Кенжетайды Кошкиннің
ұрғанын Ботагөз кімге айтуды білмей іштен кіжінетін еді. Кеше, губернатор
келгеннен бері, оны ең жоғарғы əкім, жəне əділдік иесі деп түсінген
Ботагөз: «реті келсе айтармын-ау» деп ойлап, «реті келмейді ғой!
Губернаторға жолықпаймын ғой!» деп өкінген еді.
Міне, енді реті кеп қалғанын Ботагөз білді. Бірақ «осылай да осылай»
деуге қанаты қатпаған жас сезімі еркін билеп, жайшылықта бойына
сыймайтын арыз сөздердің аузына біреуі де түспей қалды. Ішкі сезім
толқынымен айтып тұрған кеңесінен Ботагөз бөгеліп, жасаураған көзі
жаудырап, Кошкинге қарай қойды. Кошкин Ботагөздің бұл қарауына
түсінген жоқ.


– Неге бөгелдің?– деді губернатор Ботагөзге.
Енді сөйлесе жылап жіберетінін сезген Ботагөз, бетін алақанымен
басып, Кулаковтың үйіне жүгіре жөнелді.
– Бұл немене? Не боп қалды?– деді губернатор иығын көтеріп, көзін
бажырайтып.
Ботагөздің бұл халын Асқар ғана жақсы түсінген еді.
– Не хал болғанын мен сізге айтайын,– деп Асқар, Кошкиннің
Кенжетайды ұрғанын, бұл ұру – Ботагөздің көңілінде жара екенін қысқаша
айтып өтті.
Асқар айтып тұрғанда, Кошкиннің зəресі кеткені сондай, егер жер тесік
болса еніп кетер еді. «Өлдім!» деп қалтырады ол.
Губернатор Асқардың сөзін қабақ шыта тыңдап, Асқар сөзін: «соны
істеген осы Кошкин!» деп бітіргенде:
– Мен сені!..– деді губернатор Кошкинге саусағын безеп, көзін
ежірейтіп. Кошкиннің денесі мұздай қата қалды. Одан қатты сөз айтса
жүрегінің, қабы айрылар ма еді, қайтер еді, əйтеуір бақытына қарай, айтқан
жоқ. «Я, тебенің» артында зіл барын, я ұлықсынып айта салған кексіз жеку
екенін Асқар да, басқалар да білген жоқ.
– Аңға ертең таң біліне шығамыз!– деді губернатор серіктеріне,–
Алексей Андреевич, аттарды əзірле дерсіз. Мен аң аулауды білем. Онда
кісінің көбі залал. Бізден төрт-бес кісі ғана барады. Мына бүркітші ғана
барар. Басқасы керегі жоқ. Казактардан бес-алты кісі. Сол жетеді...
– Дұрыс!
Губернатордың Амантайға көңіл бөлуінен Итбай төмендеп қалды.
6
Сухомлиновтың əкесі, ағайындары, ағалары түгелімен аңшы еді. Талай
қасқыр алатын иттер, талай қасқыр соғатын аттар, талай мүлтіксіз тиетін
мылтықтар олардың қолынан өткерілді.


– Аңға ертең нелер даярлаймыз?–деп сұраған Алексейге:
– Ит ермесін. Мылтық алынбасын. Оның бəрі көрген қызық. Бұл жолы
бүркіттің ғана қызығын көреміз,– дегенді айтты губернатор.
– Ерте тұрып кел!– дегеннен кейін Амантай сақ ұйықтап, тауық
шақырғасын түрегелді.
– Келін, ə, келін!–деді ол, шамды тұтатқасын.
Амантайдың
даусына
оянған
Балтабек,
Айбаланы
тұрғызып,
шымылдықтан Айбала шығып еді:
– Көжеңді жылтшы, шырағым!–деді Амантай,– мен аңға жүрем.
Пештің қоламтасына қойған көже ысып тұр еді, Айбала бір аяғын
құйып берді, Амантай нан қосып ішіп, тойып алды. Осы кезде Асқар да
басын көтерді.
– Жүрейін деп жатырсыз ба, ағай?
– Я.


– Сізді жөнелтісіп қайтайын.
Асқар киініп Амантаймен далаға шықса, таң қараңғысы екен.
– Күн ашық болады екен. Қансонар, оң жолын берсе жақсы болды!–
деді Амантай.
Иығына тонын жамылып, пимамен далаға шыққан Балтабек,
Амантайдың атын ерттеп берді.
Аңға шығарда Амантайдың денесі құрыстайтын əдеті еді. Əрбір
кəсіптің əруағы бар деп түсінетін ол, денесі құрыстағанда «аңшылықтың
əруағы аттанарда келетін шығар?» деп ойлайтын еді. Күндегі дағды ма,
ұйқысы қанбағандық па, болмаса губернатордың мысы жеңгендік пе,
əйтеуір, Амантай құрыстаған денесін қалай керілсе де, атына отырғанша
жаза алмады.
Бірнеше күннен бері аңға түспеген бүркіт, Амантай атқа алып мінгенде,
қуанған немедей талпынып екі-үш рет шаңқылдады.
– Ə, жасаған!– деді Амантай естірлік дауыспен,– оң сапарын бере гөр!
– Ағай, сіз жолмен оралып барасыз,– деді Асқар,– мен мына тетесінен
жаяу жүретін жолмен барам.
Асқар тете жолмен Кулаковтігіне Амантайдан бұрын жетіп, «тұрды ма
екен?» деп көзін салса, ешбір үйде жағылған шам жоқ екен. «Қалай оятам,
ұйықтап қалған-ау!» деп тұрғанында, аржағынан біреу қараң ете түсті.
– Кімсің– деді ол жақындап.
– Асқармын.
Антон екен.
– Неғып тұрсың мұнда?
– Амантайды шығарып салайын деп едім.
– Қай Амантай?


– Бүркітші. Аңға шығатын уақыт болды.
– Губернатордың өзі де аң басып жатыр...– деді Антон күліп,– тез
тұрмас.
– Ол не аң?
– Айтайын, ешкімге аузыңнан шығармаймысың?
– Шығармаймын.
– Осында жүрісі көп бір солдат қатыны бар еді, Алексейге губернатор
«əйел тауып бер» дегесін, соны əкеліп іңірден қасында жатыр.
Сол кезде губернатор жатқан үйдің есігі сылдырлады.
– Тығылайық!–деді Антон Асқарды итермелеп.
Екеуі бойтаса қылды. Үйден: үстінде бүрме бел тоны, басында қалың
шəлісі бар əйел шығып, жөніне тартты. Амантайдың келуін күткендей, ол
Кулаковтың үйінің алдына тоқтағанда, төрелер де, казактар да сол араға
жан-жақтан жиналды. Баратын кісіден жөнелтетін кісінің саны көп болды.
Сухомлиновтың сүйетін бір қызығы – салт жүру еді. Сондықтан «аң
қағатын жерге шанамен барасыз ба?» деген сұрауға «салт барам» деді ол.
Аңшылар аттанғанда таң білінген еді. «Мүмкін, əкетер» деп дəмеленіп
келген Итбай, елеусіз қалып қойғанына қатты налыды. Амантайдың
дəрежесі бұдан артып кеткен тəрізденді. Ол, ішінен, төрелерімен тарта
жөнелген Амантайды: «жолыңа жуа біткір!» деп қарғады.
...Итбайдың қарғысы тура келгендей болды. Аңшылар кешке қайтқанда,
Амантайды урядник Кошкин желкеден түйгіштеп отырып, Андрейдің
сайман қоятын салқын үйіне қамады да, есігін құлыптап, терезесіне
қарауыл қойды.
«Шоқ-шоқ!»–деді оны көріп тұрған Итбай табалап,– əруағыңнан
айналайын ата-бабам, сарт болып кетті ме деп ойлаған ем, болған жоқ
екенсің!
Үзеңгі
теңестірем
деп
шалжақтап
еді
бəлем,
құдай
теңестірмегенде қалай теңесе алады? Мойны астына түсе құлаған екен.


«Амантайды қамап тастады» деген хабарға сасып, аңға барған
казактардан Асқар мен Балтабек «не болды?» деп сұрастырса, уақиға
былай екен:
Бурабайдың ық жағына отыз шақырымдай жер барып аңшылар жолдан
бұталы бір адырға бұрылады. Түске шейін түлкі кездеспей, бүркіт оннан
артық қоян ұстайды. Түс ауа бір түлкі кездеседі. Бауыры жазылып, бабы
келген бүркіт қияға өрлеп алып, түлкіге шаншыла түседі. Бірақ түскен жері
аңшылардан алыс болады. Жан-жақтан тырағайлап шауып келген аңшылар
аттарынан түсе қалса, бүркіттің бір аяғы түлкінің аузына түсіпті. Түлкі
бүркіттің тегеурінін шайнап сындырып тастаған екен. Сонда да жібермей
түлкіні сау аяғымен өкпесінен сығып өлтіріп тастапты.
Ашу кернеген бүркіт, Амантайдың өзі келгенше басып отырған аңын
бермейді. Амантай кеп бүркіттің сынған тегеурінін орамалмен байлайды
да:
– Енді салуға жарамайды, əрі шаршады, əрі аяғы жараланды, түлкіден
жем айыртайық та, қайтайық,– деп түлкіні соя бастайды.
Ит, ат, мылтық бəрінен бүркіттің аң алуын қызық көрген Сухомлинов:
– Əлі де аң қағайық, «үн батпай қайтпаймыз,– деп болмайды. «Тойса
аңға түспейді» дегесін бүркітке жем татқызбайды.
Губернаторды түсіндіруге болмайтынын көріп, Амантай амалсыз ереді.
Күн еңкейгенше аң кездеспейді.
Бір кезде бір түлкі көрінеді.
– Жер шамасы алыс. Қайырып жақындатпасақ бүркітке ол
алдырмайды,– деген Амантайдың сөзіне болмай:
– Құс тез жетеді, жібер!– деп губернатор бүркітті босаттырады...
Түлкіні көзі шалмаған, ашық қан, əрі аяғы ауырып ызалы отырған
бүркіт теріс ұшады. Түлкі бір төбенің тасасына түседі. Жоғарылаған бүркіт
солай қарай беттегесін, тым-тырағай бытырап, аңшылар тұра шабады.
Бүркітті көрген түлкі ол кезде тастың үңгіріне кіріп кетеді. Бүркіт


түлкіні көрмейді. Əр жерде бытырап шауып келе жатқандардың ішінен
адъютант Дудкин: «түлкі мына жақта!» дегендей бүркітке бөркін бұлғайды.
Дудкиннің бөркінің төбесі қызыл шұға екен. Көзі Қиядан шалатын
қырағы бүркіт, бөріктің шұғасын ет екен деп ойлайды да, мені еже
шақырған екен деп, төбесінің тұсына кеп біраз түйіліп жүріп, құлдырап
құлайды.
Төбесінен бүркіт самғап желе жатқанын көріп сасқан Дудкин,
қолындағы бөркін басына кие қояды. Бүркіт оның төбесін бүре кеп үстіне
қонады.
Əрі аш, əрі ызалы бүркіт саласын қысып жібергенде, тұяқтары
Дудкиннің бас терісін айырып түседі. Егер бө-рік болмағанда өлтіріді екен.
Уысына бөрік толып сүйекке зақым қылуға жібермейді.
Дудкиннің бақырған дауысымен жан-жақтан жұрт жетіп келеді.
Амантай келгенше Алексей бүркітті револьвермен атып өлтіреді. Бірақ
қарысқан уыс жазылмай, аяғының сіңірін пышақпен қиып зорға босатады.
Дудкин қансырап талып қалады. Оны тығыз түрде жақын ауылдан шана
алдырып, больницаға жібереді.
Амантайдың айыпсыз екеніне төрелер қарамайды. «Бүркітіне əдейі
бүргізді» деп жорамалдайды... Кошкин сол арада Амантайдың «бүркітім
тілімді біледі» деген əнеугі сөзін айтады. «Бұл өзі кім екен?» деп
Амантайға сол арада тінту жасаса, бойынан, губернаторға жер туралы
жазған арыз шығады.
– «Ə, солай ма?–дейді губернатор,– жерімді переселенцыларға алып
берген осылар деп, бүркітіне бұл қастық істеуді үйреткен шығар. Мүмкін,
мұның көздегені Дудкин емес, мен шығармын. Құдай сақтады».
Қысқасы, губернатор бүркіттің бұл бүруін Амантайдын, əдейі
қастықпен істеткені деп, үкімет адамына қызмет үстінде қастық жасау
заңымен жазаға тартуға ұйғарады. Губернатордың бұйрығымен Амантайды
Кошкин қалаға əкеп қамайды...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет