Бірінші бөлім (Роман) ТҰҢҒИЫҚта бірінші тарау кездесу



Pdf көрінісі
бет3/25
Дата23.07.2022
өлшемі1,94 Mb.
#37875
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
ҮШІНШІ ТАРАУ
ШЕШУСІЗ ЖҰМБАҚ
1
Боран мен аяз кезектесіп бірінің орнын бірі басатын, Сібірдің қаһарлы
суық қысында «май тоңғысыз» атанатын кейбір күндер болады. Ол
күндерде жел құлаққа ұрған танадай тынады. Аспан айнадай жарқырап
ашылады. Төбеңде төңкерілген аспанның кектігі шымқай көк барқыттай
құлпырып, кезіңді езіне тура қаратпайды. Үрлеген желден бетіне ирек
түскен даланы жапқан тұтас қар, ол күні жерді бауырына басып жатқан
аққудың қанатына ұқсайды. Қардан бойы биік қурайлардың үстіне
үймелеген қырау, аққудың мамық қанаттарын елестетеді. Көзіңді көзіңе
беттетпейтін күннің өткір сəулесі аппақ қарға шағылысқанда, күртіктің
бетіндегі ұлпа, жұмсақ қардың əртүрлі жұлдыздары көпірте шашқан
күмістің шаңындай жылт-жылт, жарқ-жұрқ етеді. Егер, осы кезде, күннің
астын ала қарасаң: бір шеті сенен бастап, аспан мен жердің «астасқан»
мөлшеріне шейін созылған күн сəулесінің қар бетінде қасқа жолы жатады.
Һауа ол күні əрі тұнық, əрі тəтті, əрі құрғақ. Аспаннан жауған қар жоқ,
жердегі қарды қозғайтын жел жоқ, бірақ, қайдан сая болғанын білмейсің
төңірегіңде ұшқан қардың аппақ кіршіктен ұп-ұсақ жылтылдаған шаңын
көресің. Құрғақ, таза ауаны үнемі кездестірмегендіктен бе, болмаса қардың
шаңын жатырқағандықтан ба деміңді ішіңе тартқанда түшкіргің келеді.
Бірақ түшкірмейсің. Жер үстінін, барлық ауасын ішіңе бір жұтып
шығарғың келгендей боп, кеудеңді кере деміңді ұзақ аласың. Бірақ, кеудең
дүние емес – барлық ауа сыймайды, сыймаса да сусының қанбайды, қайта-
қайта құмарлана жұтасың. Қанша жұтсаң да тоймайсың. Құмарлықты


қоймайсың.
Міне, декабрьдегі осындай сүйкімді бір күнде, ақ қардың үстіне
арқандай шұбатылған сары жолақ жолменен, шанасындағы екі кісіні шопақ
құрлы көрмей, бусанған денесі ширап, кең кеудесіне тұнық ауаны толтыра
жұтып, танауынан буы паровоздай будақтап, құлағын қайшыландыра,
құлашын кере, бөкен желіске салып, Итбайдың Қоянкөгі келе жатты. Аттың
атын Қоянкөк деп бекерге қоймаған. Оның боздығы сондай: егер, артында
сүйреткен шанасы болмай, үстінде мінген кісісі болмай, жолмен жалғыз өзі
жортып келе жатса, қардан жасаған қуыршақ атқа жан біткен екен деп,
көрген адам тан, қалар еді. Қоянкөк атаққа шыққан ат. Жаз болса бəйгіні
бермейді, қыс болса қасқыр мен түлкіні құтқармайды. Өткен жаз Итбай
оны бірер бəйгеге ғана қосып, күз семіртіп, қыс қасқырға салмақ еді.
Губернатор келеді деген хабарды естігесін сұлымен жаратып бауырын
тарттырған. Қазіргі қалпында денесі оқтаудай. Бұл келе жатқан сапары:
Итбай Бүркітбайды Бурабай қаласына бір шаруаға жұмсап, терін
алдырайын деген ниетпен Қоянкөкті жектірген. Қасында Асқар.
Сұлу табиғатқа сүйсіне қарап, тонның жағасын қайырып тастаған
Асқар, Қоянкөктің тұлғасына да, жүрісіне де қызықты.
– Бүркітбай!– деді ол,– мынауың қалай-қалай желеді? Қызған сайын
қайықтай есіп барады ғой!
– Бұл солай ат.
– Əй, Бүркітбай!
– Əу!
– Кенжетай айтады: құнан күнінде Итбай осы Қоянкөкті бізден алып еді
дейді. Рас па?
– Рас. Балтабек Омбы жақтағы Маскеленко станциясына пайда табуға
барып, сол жылы орыс арасынан тай күнінде сатып əкелген екен. Құнан
шыққан жылы Итекең қызығып, сұрап алса керек.
– Тартып алыпты ғой.
– Е, мен қайдан білейін, қалай алғанын, əйтеуір алды. Не тартып алсын.


Жаман Тұяқтың баласы Итекең сұраса бермейді деймісің. Тартып ап күш
теңестіретін олар кім?
– Жоқ, тартып апты. Балтабек қалаға осы аттың ызасынан көшіпті,–
дейді.
– Мен оны естіген жоқ ем. Естісең таласым жоқ, сол үйге араласқан
адамсын, ғой, білетін шығарсың. Саған не сырын айтпайды дейсің...
Бүркітбай Асқардың бетіне бұрылып тура қарап, жымиып күлді.
– Неге күлесің?
– Жəй!–деді Бүркітбай жымиюын үдете түсіп,– оқыған адамның іші
сиырдың таз қарнындай көп қалтарысты болады дейтін еді. Мен сені ақ
көңіл, жайдары жігіт пе деп ойлайтын ем. Осы, қусың-ау деймін, Асқар, ə?
– Оны не себепті айттың?
– Мен айтам себебін, егер сен де айтсаң?
– Айтатын нəрсе болса айтам.
– Айтпайтының да бар ма еді?
– Ішімдегі сырымды түгел ақтарам дей алмаймын.
Бүркітбайдың, беті күліп, көзі ойнай бастады.
– Неге іркілесің?
– Осы сен қалың бердің бе, Асқар?
– Жоқ.
– Қой, берген шығарсың!
– Е, мен сенен жасырам ба?
– Жасырасың-ау деймін. Тұяқтың қызына қалын, берді дейді ғой жұрт
сені!


– Қай Тұяқ?
– Əй, қу шекем, айтам ғой қусың деп!..
– Ə-ə-ə!.. түсіндім!..– деді Асқар.
– Солай ма, таптым ба, қышыған жеріңді?
– Өзің бе солай ойлайтын, басқалар ма?
– Басқа да, өзім де.
– Жұрт та жоқты есек қылады екен.
– Неге? Кеп аузы – уəлі. Жел болмаса шеп басы қимылдамайды.
– Біреудің жас баласын солай деуге жұрт та ұялмайды екен, сен де
ұялмайды екенсің!
– Піш-ш-ш... «жас баласын!..» Неткен жас? Он үште отау иесі емес пе?
– Ол ескілікті көксейтін қазақтың айтатыны...
– Сен жаңа қазақ бола ғой. Сонда да соқтауылдай қыз емес пе. Төсі
тостағандай боп қалған.
– Əңгіме төсте емес, жаста.
– Ал, айта ғой, жасы нешеде екен!
– Он төрттен он беске шыққан.
– Тапқан екенсің алдайтынды. Ол қыз ең аз дегенде он алтыға келді.
Жарайды, жасына дауласпай-ақ қояйық. Жалғыз жаның бар жігітсің,
шыныңды айтшы, алғалы жүрген жоқпысың?..
– Мен...
– Кішкене... сабыр ет!.. Мен ол қызды сенен қызғанды деп ойлама!
Алты аласы, бес бересім жоқ, оған менің. Ол менің жесірім емес. Айта
берсең ешкімнің де жесірі емес. Басы бос қыз. Қызға кім қызықпайды,


қымызды кім ішпейді?
Жалтарғанына Бүркітбай болмағасын, Асқар «несін жасырам?» деп:
қызда ойының бары расын, бірақ əзірге ала қойғысы келмейтінін, ең
алдымен қызды оқытуға жəрдемдесуді мақсат көретінін, қыз оқып, езін езі
танитын, білімді адам болғанша алам деген ойын оған сездіргісі
келмейтінін түгел айтты.
– Ойбой,– деді Бүркітбай кекетінді күлкімен,– Зылиқа мен Жүсіп бұдан
шықты десейші!.. Оныңа кім нансын.
– Нанбасаң ерік сенде. Бірақ расым осы.
Бүркітбай күлкілі кескінмен кезін ойнақшытып, Асқарға тағы қарап еді,
Асқар жылы шырай бермегесін, атқа бұрылып, ашуланғандай божыны
қағып-қағып жіберді.
2
– Кəне, кім үйіне түсеміз?–деді Бүркітбай, қалаға жақындаған кезде,
Асқардың бетіне қарап.
– Өзің ше?
– Мен, қай орыстікі шай қайнатып берсе, соған түсем..
– Мен де соған...
– Өй, жарылып кет!.. Мен білмейтін шығармын, бүйрегін, қайда бұрып
келе жатқанын...
Асқар үндемеді.
Бүркітбайды Асқар көптен таниды. Бірақ, сырлас болған жігіт емес.
Сырт естуінше ол кедейдің баласы. Руы Көкшетау болысындағы Қойлы-
Атығай ішінде Даңқой.
Ескі ауылда – «ер жігіт», «еті тірі жігіт» дегендер болатын.
«Ер жігіт»– мінер ат, ішер ас, киер киімін кем ұстамайтын; дəулеті мол


болсын, шағын болсын, көңілі көтеріңкі жүретін, беруге де, алуға да
шыдайтын, айтқан сөзіне тұтымды, қайғыға қайсар, жүрген жері думан
болатын.
«Еті тірі жігіт» те өзін ер жігітпін деп түсінеді. Бірақ, оның «қысқа жібі
күрмеуге келмейді», «жоқшылық жомарт ердің қолын байлайды», «бөрі
арығын білгізбес, сыртқа жүнін қампайтар» деп, жарғақ құлағы жастыққа
тимей, басын тауға да, тасқа да ұрып, ер жігіттік дəрежеге жеткісі келеді.
Ондайларға қуған үміт қашқан түлкідей сылаңдап, өмір адырларынан анда-
санда бір көрініп қап, кейде шалдырады, кейде шалдырмайды.
Біздің Бүркітбай осы екеуінің соңғысы.
Сырт қараған адамға ол: Итбайдың жегер аты, киер киімі сықылды, өз
қара басына тəуелді бір мүлкі, Итбайдың құлағын бұрап қойған оның өз
басында өзіндік түк те жоқ, бар тілегі Итбайға ауған, «мені» жоғалған,
Итбайдың көлеңкесіне айналған.
Ішін ақтарғанда Бүркітбай олай емес.
Итбайдың үйіне алғаш келген кезде ол ең жұмақтың ішіне кірдім деп
ойлаған еді. Бара-бара ол ойы өзгерді. Еті үйреніп алғаннан кейін, оны
жалғыз Итбай емес, Байсақалдың бар ұрпағы жұмсады. «Онда барып кел,
мұнда барып келдің» ол қолжаулығы болды. «Құлынның басын ұстай ғой»,
«бие байласа ғой», «қой құрттаса ғой», «қазанның құлағын ұстаса ғой»,
«іркіт пісе ғой», «от жаға ғой», «отын ұсақтай ғой», «лəген төге ғой», «мал
суара ғой», «қи күрей ғой»,– дейтін болды оған Байсақал ұрпағы.
Бұлардың ешқайсысына Бүркітбай бармаймын демейді. Бірақ бара
жатып, я істеп жатып арланады. «Лəген төге ғойлар» өкпесін инедей піссе
де, ол үндемейді. Сыр бермейді. Ішінде намыс қазандай қайнап жатқанда,
сырты күліп, ешнəрсені елемеген боп жүре береді.
«Осында сана жоқ!»–дейді кейбіреулер.
«Арсызға күнде той»,– дейді біреулер.
Бүркітбайдың, кейде, бұл тұрмыстан кеткісі келеді. «Бірақ қайда
барам?»–деп ойлайды ол. Жүрген қалпы жалшымен тең бола тұра,
жалшылыққа біржола шығуға ол арланды. «Күн көрудің əдісін тапқан еті


тірі жігіт» атанып жүре бергісі келеді.
«Қай орыс шай берсе соған түсем» дегенмен, Бүркітбайдың түсетін
жері – Кулаковтікі. Басқа шай беретін орыс ақша алады, ол ақша
Бүркітбайда жоқ. Тегі оған ақша біткен емес. Қайдан бітсін: сататыны жоқ,
жалданып ақы алмайды. Итбайдың үйінен көрер пайдасы: киер киім, ішер
тамақ, мінер ат. Оның «доходная статьясы» –- ойнайтын карта. Онда да
үлкендермен ойнаса ұтылып қалып, бала-шағаны айналдырады да, алдап-
сулап, бақырларын қағады. Осы келе жатқан жолында Итбайдың аманатқа
тапсырған жүз сомынан басқа, балалардан ұтып алған қалтасында өзіндік
37 тиыны бар. Кулаков Бүркітбайды таниды. Итбайдың жігіті екенін біледі.
Итбай мен Кулаковтың ыдыс-аяқтары араласқан, ауыз жаласқан тамырлар.
Сондықтан, Итбай үйінен келген адамға Кулаковтың есігі ашық.
Бүркітбай бұл ойын Асқарға білгізбеуге тырысты. Асқарды сынау үшін
Балтабек үйінің нақ түбіне шейін барып бұрылуды ойлады.
Итбайдың қолына түскен талай жақсы атты арбамен де, шанамен де,
салт та мінген Бүркітбай, атты қалай жүргізудің мəнісін білетін. Шабан
деген аттар мұның қолына түссе – дедектеп, аяқ-қолы жерге тимей, жүрісті
боп кетеді. Мінетін малына ол дауысын танытып қояды. Оның «һейт!»
деген дауысын естігенде, ат ала жөнеледі.
Бүркітбайдың арқасы қозып, атты қатты айдайтын жері – жиын-тойдың,
маңайы, ауылдың тұсы, қаланың іші. Мұндай орындарда ол қараған адамға
– «па, шіркін, жүрісіңе болайын!»–дегізбей қоймайды.
Бүркітбай Бурабай қаласының шетіне кіре осы əдетін істеді.
– Һейт!– дейді ол, божыны жинап алып, атты божымен қабырғадан
шарт еткізіп періп жіберіп.
Терлеп қызып келе жатқан ат, аяғын көсіле сілтеп, ауыздықты сүзіп
тастап, мұрнынан бу құшақ-құшақ шығып, дедектеп тартты.
– Шшт!..
Қаланың ең шетіндегі бір үйден екі құлағы сары ақ ит шабаланып үріп
шықты да, шанамен жарысып қалмады. Оның дауысымен жолдан тағы
иттер қосылып, біраздан кейін ит саны көбейді. Біреулері аттың тұмсығына


қарғып, біреулері шанадағы кісілерге ұмтылғысы кеп, азан-қазан болған
иттерді Бүркітбай ермек қылды.
– Наһ-наһ!.. һүрит-һүрит!..– деді ол жақындаған иттерге құнтын сілтеп,
өшіктіріп, кейбіреулерін реті келген жерде тартып жіберіп қыңсылатып.
Иттің шуынан Бүркітбай Балтабектің үйіне жақындап барып оралуды
ұмытып кетті. Бұрын бірер келіп үйренген ақылды ат, жолаушыларды тұп-
тура Кулаковтың үйіне алып кеп, Бүркітбай божыны тежегенше, ашық
қақпадан, кең шарбақтың ішіне сып беріп кіріп кетті.
3
Кулаковтың үлкен қарағай үйінің алдында гвардейско-гусарский
полктың офицері, Андрейдің үлкен баласы – Алексей Кулаков жүр екен.
Оқтаудай бауыры тартылған сұлу боз ат жеккен кісілерге оның көзі түсті
де, қадала бір қарап, үйді айналып кетті.
– Міне бір арғымақ офицерің кім? Танимысың?– деді Асқар
Бүркітбайға.
– Андрейдің салдаттағы баласы кеп жатыр деген. Өзін бір көрген де
едім. Аты Алексей шығар деймін ұмытпасам.
Жолаушылар шанадан түсіп, үйге беттей бергенде, жарты төбесі ашық
қораның алдында қайыққа төккен сұлыны жеп жатқан аттардың қасындағы
бөренеде отырған Андрей Кулаковты көрді.
– Амандаса кетейік,– деді Бүркітбай.
Андрей ұзын бойлы, екі иініне екі кісі мінгендей, жуан, екі беті
шиқандай қып-қызыл, ұйысқан, қысқа, жирен, бұйра сақалды адам еді.
– Здрастий!–деді Бүркітбай, жақындап барып.
Итбаймен көп араласқан Андрей Бүркітбайдың орысша аз білетінін
есіне алып, қазақша сөйлеуге тырысты.
Андрейдің қазақша білуі, Бүркітбайдың орысша білуінен артық емес
еді. Оның үстіне бір қызық жері – қазақ тілінде «к», «г» əріптері жоқ, қазақ


ылғи олардың орнына «қ» мен «ғ» əріптерін қолданады деп ойлайды.
– Здрасти, здрасти!– деді Андрей, орнынан қолымен бөренені таянып
тұрып,– Бүркукпай Қоққозыш!.. Итбай атай, бараншук аман?..
– Аман, аман... слау богы.
Асқар да, Бүркітбай да Андреймен қол ұстасып амандасты.
– Зашем пришол?– деді Андрей.
Мəн-жайын жата-жастана айтам деген Бүркітбай «зашем пришолға»
сасып қалды. Жол-жөнін айтуға тура келді. Бірақ оның білетін сөздері:
гауарит, мала-мала, ашат, толда-колда, өткелі, бойдит, тəшшит... деген
сықылды азғана сөздер еді. Одан басқа кейбір заттардың атын білетін.
Осылай, орыс тілін аз біле тұра, мейлі кім, қандай тілмаш тұрса да
Бүркітбай тайсалмай соға береді. Реті келген жерін қолымен, бет-аузымен,
денесімен түсіндіреді.
– Омбы ызнайым,– деді ол Андрейге, қолын күншығыс солтүстікке
сілтеп,– гүбірнадір көсти Итбай бойдит. Толда урядник мала-мала гауарим,
гүбірнадір бойдит...
Андрей жобалап түсініп басын изеді.
– Итбай гауарим, өткелі гүбірнадір бойдит, ашайт бойдит... Мені
гауарит, Итбай гауарит, Бүркітбай гауарит арак тəшшит гауарит, Бурабай
гауарит...
Бүркітбайға ендігі керек сөз – «купить» еді, оны білетін де еді, бірақ
сасып сөйлегендіктен аузына түспей-ақ қойды. Сондықтан ол:
– Мой лəпке пойдом бойдит, мала-мала арак тəшшит бойдит,– деп екі
алақанын кезек соқты.
– Арак коп...– деді Андрей, түсініп.
Асқар бұл кеңеске қосылған жоқ.
Бүркітбай келе жатқан жұмысын Асқарға айтқан жоқ еді, ол енді ғана


білді. Бүркітбайдың тілі жетпей тұрған жерлерін əуелі айтып жіберуге
ыңғайланып, артынан тыйыла қойды. Екі жағынын, да сөзін есту қызық
көрінеді оған.
– Күмəгі, күмəгі,– деді Бүркітбай бір кезде қойынына қолын тығып,–
песір гауарит, күмəгі Андрей гауарит, дабай гауарит, он гауарит (тағы да
«купить» аузына туспей ғап, алақанын соғып) Андрей гауарит, лəпке
тəшшит гауарит.
Бүркітбай қойнынан бір қағазды Андрейге алып берді.
– Мен қорды, Бурқуқбай Қоққозыш... қорошо...– деді Андрей қағазды
оқып...– Метропан Қабашқын знайт?
– Знайт.
– Поғреп қорғен?..
Бүркітбай басын шайқады.
«Үйдің астындағы ас қоятын жерін орыс «погреб» дейтін, соны айтып
тұрған шығар»,– деді Асқар. «Митрофан Кабашкин дегеннің погребінде
арақ кеп» деп тұр-ау деймін, осы қауға сақал.
4
Шай ішпей Балтабектікіне кетуге Асқар Бүркітбайдан ұялды. Бірақ шай
бөгеген жоқ. Андрейдің семіз, тапал сары қатыны самауырды тез қайнатты.
Столға пештен жаңа шыққан тəтті шəңгілерді, қалаштарды, жұмыртқаны,
сүтті, майды толтырды.
– Мынаны,– деді Андрей, шай ішілген соң жалшысы Антонды
шақырып ап, Бүркітбайды көрсетіп,– Митрофандікіне алып бар да, əр
түрліден жақсы арақтар алып бер.
Бүркітбай кеткесін Асқар Балтабектің үйіне беттеп еді, жолда
қолтығына конькилі бəтеңкесін қыстырып, көлге қарай кетіп бара жатқан
Алексей ұшырады. Офицер, чиновник дегендерді ол ит етінен жек көретін
еді. Екеуі түйіскен жерде офицер бұған, бұл оған ажырайысып қарасты.
Бірақ тіл қатыспады.


Қорған тастың оңтүстік жақ басын айналып, Асқар Балтабектікіне
келсе, үйде Айбаладан басқа жан жоқ екен. Айбала тарамыс ширатып отыр
екен.
Күннің, көбін үй шаруасымен өткізіп, жалғыздықтан іші пысатын
Айбала, Асқар келгенде қуанып кетті.
– Төрге шық!– деді ол, түрегеліп, етегін сілкіп.
– Денің сау ма, жеңгей?
– Шү... Мырзажігіт қалай? (Кенжетайды Айбала солай деп атайтын).
– Басын көтеріп, түрегеп жүр, ас ішеді. Таяқ ішке түскен жоқ, əйтеуір.
Неғып өлмегенін білмеймін, еті əлі күнге шейін көк-ала қойдай. Ит
урядник екен.
– Өзі қалаға да тиышсыз, ылғи едіреңдейді де жүреді.
– Еркең қайда?
– Оқуынан жаңа келіп еді. Лиза мен екеуі сырғанақ тебеміз деп кетті.
– Қайда?
– Көлге. Əлгі, етіктерінің табанына темір байлап сырғанайтынды не
деуші еді? Сонымен сырғанауға кетті.
– Ə, коньки ме?– деді Асқар күліп.
– Қайдан білейін, не дейтінін. Лиза Қызылжардан сондайлардың біреуін
өзіне, біреуін еркеме алдырыпты.
Бала сонымен сырғанаудың қызығына түсіп алды. Күнде кетеді.
– Мен барып көріп келейін.
– Шай қояйын...
– Қоймай-ақ қойыңыз, жаңа іштім...


Шайға отыруға Асқардың дəті шыдамайтынын сезген Айбала оған
«отыра көр» деп жабыса қойған жоқ. Асқар шығып кетті.
Күзден бері Асқар бұл үйге əлденеше рет келді. Бірнеше рет көрісіп,
сөйлескенмен, Асқар мен Айбала «сіз, біз» дегеннен артық сөзге барысқан
емес, сыпайы, əдепті қалыптарын өзгерткен емес.
Сөйте тұра, Асқардың бұл үйге келімпаз боп кеткен себебін Айбала
іштей жорамалдайды. Ботагөзді жанындай жақсы көретін Айбала, жігіттен
оны қызғанғанмен, қызғаныш толқыны «жат жұрттыққа жаралған бала»
деген жарға кеп соғылып, «тек, тəңірі теңін кездестіргей-де!» – деп тілейтін
еді. Сол теңі енді табылған сияқты, ол – Асқар.
Алғашқы танысқаннан кейін, Асқар бірер қабат келген соң-ақ, оның
ішкі ойын қас-қабағынан байқаған Айбала, «құда түсер басталар, Асқар
Балтабекке кісі сап, Ботагөзде ойы барын айтар»,– деп күткен еді. Содан
кейін, үйіне бейсауат кісі келсе: «құдалыққа келді ме, əлде» – деп ойлап,
оның сөзіне құлағын түре бастайтын еді.
Құда түсерді күте-күте Айбала қажығандай болды. Сонда да ол күдерін
үзбеді. Үміті ұзаңқырап кеткесін, кейде Айбалаға: «əлде, беті жылтыраған,
ішмерез жігіт болар ма? Аз күнгі ойнап-күлуді мақсат еткен к,у болар ма?»
– деген ой да келді. Ол ойды ойлауы ойлағанмен, Асқарды ондай арам
ниеттіге тағы да қимады; оның ойынша Асқар ондай бұзық жігіт болуға
тиісті емес.
Асқарды жаман ойға қимаған, бірақ қызды ұнататын белгі беріп, сырын
айтпауына түсінбеген Айбала, кейде, Асқар оңаша кездескенде оған сыр
сұрауға əлденеше рет оқтанса да батылы жетпеді. Ойы осындай толқыған
Айбаланың тілегі: Еркесі – Ботагөздің Асқарға қосылуы. Бұл əлі
ашылмаған сыр болғанмен, тез арада ашылуына жəне қуанышпен
ашылуына Айбаланың сенімі берік.
Көл бетіндегі сырғанақшыларға бармақ боп, Асқар үйден шыққан соң,
Айбала ашылмаған сыр туралы тағы да аз ойлап отырды да, сырғанақтан
Ботагөз бен Асқар бірге қайтар деген оймен шай қоюға кірісті.
Жасыл желегін бүркенген қарағайдың арасымен жүріп отырып Асқар
көлдің қабағына шықса, мұз бетінде бірсыпыра кісі сырғанақ теуіп жүр
екен. Көпшілігі ұсақ бала. Ішінде бірен-саран қыз, жігіттер де бар.


Сырғанап жүрген жерлері жағадан алысырақ.
Күн таудың төбесіне қарай еңкейіп қалғанмен ауа райы күндізгіден əлі
өзгерген жоқ еді. Асқар Көкшеге көзін салса, ызғар жалаған бергі жақ жар
қабағы қорғасын тəрізді сұрланып, күн сəулесі шағылысқан төбесіндегі қар
аппақ кіршіктей жарқырап тұр екен. Қардың үстінде алыстан қылтиып
көрінген қарағайлар түбітін қара қылшық шалған жазғытұрғы қоянның,
жоны сықылды. Таудың қойнауын басқан қалың қардың үстіне шөккен қара
бураның еркешіндей боп шаншылып, қысқа ажарын бермеген жалғыз –
Оқжетпес.
Асқар төңірегін түгел шолып, кеудесін кере демін алып, сырғанақ
тепкендерге қарай мұздың үстімен тайғанақтай беттеді. Мұз меруерт тасы
сықылды көкпеңбек, мөп-мөлдір екен. Суыққа шатынап жарылған
жерлерінен қарағанда ғана қалыңдығы білінеді, əйтпесе, үстінен жүргенде
жұп-жұқа, ойылып кететін тəрізді.
Етігінің табанында бүрі жоқ Асқар, əр жерде мұздың үстіне жабысқан
қарларды
қуалап
отырып,
жиектен
жырағырақ
жерде
сырғанап
жарысқандарға жетті.
Коньки Асқардың да құмар ойыны еді. Семинарияда оқыған кезінде
Ертіс үстіне тепкен конькиі сандығында əлі де сақтаулы.
– «Бəрекелді-ай!– деді ол сырғанағандарға көзі қызығып,– конькиді ала
келмеген екем!»
Келдің кен, мұзын жағалап алысқа кеткен сырғанақшылар, біраздан
кейін оралып Асқарға беттеді.
«Ботагөз мынаның бірі болар ма екен?» – деп ойлады ол толқындай
ырғалып келе жатқан топтың ішінен біреуді жобалап.
«Егер ол болса қолтықтасып келе жатқан анау ұзын бойлы манағы
офицер Кулаковқа ұқсайды».
Жарысқан жұрт зымырап, жұлдыздай ағып Асқарға келіп қалды.
Жобалаған ұзыны – Кулаков екен, бір жағында Лиза, бір жағында Ботагөз.
Асқарға жақындағанда Алексей топтан озды да, қолтықтаған


қыздарымен біресе оңға, біресе солға қарай толқып отырып, Асқардың
алдынан зымырап өте шықты.
– Ботагөз!– деді Асқар қатты дауыстап.
Ботагөз сырғанақтың қызығымен алдындағы кісіні аңғармай ете
шығып, құлағына таныс дауыс сап ете түскесін артына жалт қарап,
Асқарды танып:
– Мен енді қайтам,– деді Ботагөз Алексейге, екінші рет Асқарға
жақындағанда,– жұмысым бар еді.
– Пож-жалыста!
– Мен де қайтам!– деді Лиза.
Қатты екпінмен келе жатқан Алексей, қыздар құлап мертігер деп
жіберіп қалмай дөңгелеп барып бұрылып, саябырлап тоқтады.
– Пож-жалыста!..
– Сіз ше?– деді Лиза ағасына.
– Мен де қайтам, аздасын.
Ботагөз бен Лиза қолтықтасып, конькилі аяқтарымен кібіртіктеп
Асқарға қарай жөнелгенде ғана Алексей Ботагөздің артынан қарап тұрып:
«Киргизка ничего! Прекрасная девушка!» – деді ішінен.
Қыздарға Асқар солғын амандасып, қалаға қарай жөнелгенде
соңдарынан Алексей ере түсті де, Асқар екеуі ұнатпаған кезбен бір-біріне
қарасты.
– Оқыған жігіт қой,– деп ойлады Алексей өте беріп,– киім түрі учитель.
Кім екен?
Сұрағысы келмеді.
«Торыған тоқтыңды білемін, қасқырым!– деп ойлады Асқар, Алексейді
кезімен жөнелтіп,– бірақ оның күзетшісі мықты, оңайлықпен алдыра


қоймас!..»
Митрофанның үйінен керек арақ табылмай Бүркітбай қалаға қонды.
– Не бүгін түнде, не ертең ерте Петропавлға кеткен подвод келеді,– деп
сендірді Митрофан.
Бүркітбайдың қайтпайтынын білгесін, Асқар іңірде Балтабектікіне
барды.
– Серігіңді шай ішуге шақыр!– деді Кулаковтың əйелі Бүркітбайға.
– Он прапал бодит, толда я өткөлі тəщит бойдим, мене құрсақ прапал,–
деді ерінген Бүркітбай.
Андрейдің өз үйінің іші кешкі тамағын ымырт жабылмай ішті. Ол кезде
Бүркітбай пештің қасындағы скамейкада отыр еді, оған асқа кел демеді.
Орыстың асына шошқа араласпай қоймайды деп түсінетін Бүркітбай
шақырмағанға онша ренжіген де жоқ.
Андрейдің үйі Бүркітбайды жеркеніп отыр дегендіктен шақырмаған
жоқ... Ол үйдің қазақтан жиренуі, Бүркітбайдың шошқадан жиренуінен кем
емес еді. Мəселен, өздері ішетін ыдысқа олар қазақтың аузын тигізбейді.
Əлдеқалай тисе, ыстық сумен сабындап жуады. Көп араласатын
болғандықтан, қазаққа арнап алған темір ыдыстары болады. Бүркітбай мен
Асқар түскі шайды қазаққа арналған қаңылтыр кружкамен қолдары,
ауыздары күйіп зорға ішкен.
Өз астарынан кейін Андрейдің əйелінің Бүркітбайға берген тамағы,–
кішкене шөгеңкеге асқан тауықтың еті мен сорпасы, үлкен бір қалаш.
Денесінің шағындығына қарамай Бүркітбай тамақты, əсіресе, етті жегіш
еді. Сондықтан тауықтың сорпасы мен еті оған жұғын да болған жоқ.
Асын ішіп болғасын Бүркітбайдың ойы Асқарды іздеуге кетіп тұрды да,
өткен түні жолаушылап аз ұйықтағандықтан көзіне ұйқы тығылып, есінеп,
денесі жатуды тіледі.
«Балтабектікінен басқа қайда кетті дейсің?–деді ол пештің үстіне
шығып жата беріп,-– байқайтын, ұйқымның келуін қарашы!..»


Балтабектікіне барған Асқар, ең алғаш көңілсіздеу отырды. Оны сезген
Ботагөз:
Жұмбақ айтысайық, Асқар ағай,– деді, іңір шайынан кейін.
– Айтыссақ айтысайық.
– Əуелі мен айтайын, ағай: «Айдалада ақ сандық, аузы-мұрны жоқ
сандық».
– Қазық.
– Таппадыңыз:–жұмыртқа! Тағы айтайын: «Ти десем тимейді, тиме
десем тиеді».
– Ерін.
– Бұл дұрыс. «Ақ күшігім жүгіре-жүгіре буаз болды».
– Ұршық.
– Енді езіңіз айтыңыз, ағай!
– Айтайын:
«Ізі бар, адымы жоқ аяғының,
Тимейді ұшы жерге таяғының.
Қолдарын хайуанға артып алып,
Əніне салады екен баяғының».
– Сырнай.
– Ол емес.
– Гармонь...
– О да емес.


– Домбыра...
– Тағы да таппадыңыз. Ботагөз састы.
– Телеграм...
– Жоқ, о да емес.
«Бұл не?–деп ойлады Ботагөз,– ізі бар, адымы жоқ» деген телеграмға
келеді. Онда із бар, адым жоқ, «Тимейді ұшы жерге таяғының» деген
домбыраның құлағы сықылды. «Əнге салады» дегені гармонь. Жоқ, ол
емес, грамофон!.. Дұрыс, грамафон адамша сөйлейді... «Қолдарын хайуанға
артады» дегені – адамның, қолы араласпаса ойнала ма?»
Ботагөздің ойы шатасты. Атаған заттарының бойынан жұмбақта
айтылған сипаттарды түгел таба алмады.
Балтабек бұл кезде үйде жоқ еді. Айбала Ботагөзге жəрдемдесуге
бірнеше рет оқталғанда, Асқар «айтпа» деп көзін қысты.
– Білмеймін,– деді ол, таба алмағанына қызараңдап.
– Тап! Ойлан.
– Рас білмеймін.
– Қазақ арба емес пе?– деді Асқар.
– Қандай қазақ арба?
– Кəдімгі, екі доңғалақ, көшкенде мінетін. Тағы бір жұмбақ айтайын.
– «Кішкене ғана тостаған, көтеріп мені тастаған».
– Қайық.
– Емес.
– Кебіс,– деді Айбала. – О да емес.
– Енді не?


– Үзеңгі. Тағы біреуін айтайын:
«Қабағы түнде жабық, күндіз ашық,
Адамзат құтылмайды одан қашып,
Алыстан лебіменен тартып алып,
Жақындаса жалмайды аузын ашып».
– Ағаш үй.
– Оны қайдан білдің?
– Күндіз терезені ашады, түнде жабады, үйге кісі түспей қоймайды.
Алыстан адам келеді де, жақындағанда ішіне кіреді.
Табуға жақынсың, бірақ ол емес.
– Жоқ, сол.
– Ол емес...
– Ал енді не?
– Киіз үй...
Бəрібір емес пе...
– Неге бəрібір болсын.
Асқар таласып отырып, өзінің жеңілгенін білді. Ботагөз оған: қазақ
арбаны, киіз үйді ұмытып баратқан, көңілі гармонға, телеграмға, ағаш үйге
көбірек ауып, жаңа дүниеге аяқ аттаған адамды елестетті.
«Тағы айтар жұмбағың бар ма?» –дегендей Ботагөз Асқарға қарап еді,
Асқар жұмбақ айтудың орнына көп мағыналы қараспен Ботагөзге төне
қойды. Неге бұлай қарады дегендей ыңғайсызданған Ботагөз кезін ұзын
кірпігімен жауып, темен түсірді.
Не Асқар, не Ботагөз тағы да жұмбақ айтар деп күткен Айбала, оларға


кезек-кезек жалтақтады да, екеуі де үндемеген соң, ішкі сезімдерін
кескіндерінен ұққандай боп, «ендігі айта алмай отырған жұмбақтарыңды
мен білемін,– деп ойлады ол,– араларыңда бір жұмбақ айтусыз-ақ
басталып, əлі шешілмей жүргені рас. Менен жасырсаңдар да ол
жұмбақтарың маған мəлім. Оны шешуге мен я қатнасармын, я
қатнаспаспын, бірақ қайсысы болса да, менің тілегім: «Ылайымда
бақыттарыңа шешілсін!»
Асқар мен Ботагөздің жұмбақтары тоқталуына себепкер боп отырмын
ба деп ойлаған Айбала, өзі іштей жорыған олардың шешусіз жұмбағы тез
шешілсе игі деп тілеген Айбала, кездерімен сөйлескен екі жасты оңаша
тастамақ боп:
– Самауыр қояйын, еркем!– деді Ботагөзге,– ағаң да кешікпей келер.
Үйде су жоқ еді. Көлден барып, мұз əкелейін.
Айбала орнынан тұрып, үстіне күпісін, аяғына пимасын киіп, тысқа
шығып кетті.
Жігітшіліктің, жастықтың фарқын айыра білетін, қазақ ғұрпынан
хабары бар Асқар, Айбаланың Ботагөз бен өз арасында дəнекер болғысы
келетінін əлдақашан-ақ аңғарды. Бірақ Ботагөзбен ауыл əдетінше «ойнап-
күлуді» мақсат етпеген Асқар, Айбаланың бірнеше рет жеңге боп
сырласқысы келгенін абайлай тура, əдейі аңғармаған боп, ол темада
сөйлескісі келмейтінін кескін, құбылысымен ұқтырды.
Ботагөзбен қосылуына Айбаланың тілектес екенін, тілектес ғана емес,
жақтас екенін сезетін Асқар, егер, Айбаланы Ботагөзбен оңаша қалдырса-
ақ, ол қалдырудың себебін ұға қойды. Нақ, осы жолы да, Айбаланың
«көлден мұз əкелем» деп кетуі, мұз үшін ғана емес, Ботагөз бен езіне
сөйлесуге жағдай жасау үшін екенін Асқар білді.
Айбаланың шығып кетуі, Ботагөзге бөтен ой түсірген жоқ. Ботагөздің
басына: «ер жеттім, қыз боп болдым» деген ой ешуақытта кірген емес.
Оның ойында балалық пен оқудан басқа əлі ешнəрсе жоқ. Сондықтан да,
ол, Айбаланы ауылдың бой жеткен қызының ұғымындағы жеңге көрмейді,
не шешесі, не апасы сияқты көріп, оған əлі күнге шейін балаша еркелейді:
мойнына асылады, арқала деп əурелейді, бетінен сүйгізеді, құшақтатады,
төсіңді сорам деп қинайды, кейпі келмеген кездерін ұшыратса, жадыратпай


жай таппайды, болмашы сезін ауырлайды, жоқ нəрсеге өкпелейді,
Айбаланың оған Асқар туралы тіл қата алмауы да осыдан.
Асқардың Ботагөзде ойы барын, оның көзқарасын Айбала сезгенмен,
Ботагөздің өзі əлі түк сезген емес. Оның əзіргі ұғымында Асқар – аға,
бауыр. Сондықтан да, ол Асқармен сөйлесуге қымсынбайды, онымен
оңаша кездесуден именбейді, оның алдында өзін еркін ұстайды.
«Мұз əкелем» деп Айбаланың шығып кетуі Ботагөзге бөтен ой
түсірмегенмен, Асқардың осы жолғы қадала қараған көзі Ботагөзге оның
бұрынғы қарастарынан басқа əсер берді.
«Неге бұлай қарайды?» – деп ойлады ол. Сол ойдан кейін, Асқардың
төнген көзінің қарашығы оған ашық аспанда қалқыған өткір күннің сəулесі
сияқтанып, қарауға көзі шыдамаған соң, ол көзін кірпігімен жауып, темен
қарады. Көзін кірпігімен жабу, Ботагөзді Асқардың көзінен ұшқан өткір
сəуледен құтқара алмады; ұшқын көзінің ішінде қалып, қарашығын
қарығандай болған соң, жұмған кірпігін ол ұзақ қысып тұра алмай,
қорғасындай салмақтанған ұзын кірпіктерін зорға деп көтерді.
Бұл Айбала «мұз əкелем» деген сылтаумен орнынан тұра берген кезде
болған құбылыс еді. Айбаланың қимылы, үйден шығуы, Ботагөздің көзіне
тыныс алдырып, Айбала үйден шыққан соң, «неғып отыр екен» дегендей
ол Асқарға көзінің қырын түсірсе, Асқар көзін үйдің бұрышындағы
əлденеге аударған екен.
Үйде Асқар мен екеуі оңаша қалғанын жаңа ғана түсінген Ботагөз,
Асқардан қауіпті сөз шығып қала ма деген сезікпен, оның ойын басқа бір
сөзбен бөлуге тырысты.
– Ағай,– деді Асқарға ол,– саған мен кітаптан сұраулар берейін, айтасың
ба?
Сыйлайтын кісіге «сен» емес, «сіз» деп айтуды Ботагөз біледі. Асқарды
ол бастапқы кезде «сіз» деп жүретін еді, артынан Асқар мені
жатырқаймысың деп «сенге» еріксіз көндірген.
– Сұра, айтайын, білгенімді,– деді Асқар.
– Телеграфтың знактарын алғашқы шығарған кім?


– Морзе.
– Дұрыс.
– «Анчар» деген ағаш қайда өседі?
Асқардың есіне Пушкиннің «Анчар» деген өлеңі түсті:
«Құрғақ құмда тамыры кепкен,
Топырағы күнге күйген.
Қарауылдай айбынды Анчар,
Тұр жалғыз сол маңайда»...
«Осы «Анчар» қай жерде еседі?» –Асқар таба алмады.
– Ява аралында емес пе?–деді Ботагөз...– учитель бізге «Анчарды»
жаттатқанда əңгіме ғып солай деген. Учитель айтады: Пушкин
айтқанындай, Анчар ағашы залалды ағаш емес дейді.
– Жатқа білесің бе, сол өлеңді? Оқышы! Айтшы!
Бармайды оған құс та ұшып,
Жолбарыс та бармайды, қара құйын ғана.
Айдайды өлім ағашқа.
Одаң əрі зырлайды, мақсатына жетіп ап.
Адамды бірақ адамзат
Айдайды күштеп анчарға,
Бас иіп, анау жол шекті,
Уланып қайтты ертеңіне.
– Дұрыс,– деді Асқар, орыстың таза тілімен айтқанына сүйсініп.


– Учитель айтады: Анчардың ыстық құмда өсетіні, қасына барғанда
уландыратыны қате,– дейді.
– Олай болмас,– деді Асқар,– Пушкин білмей жазбаса керек еді ғой.
– Білмей жазды дейді учитель. «Ол кезде Анчарды солай түсінген»
дейді. Анчар екіге бөлінеді,– дейді, біреуінде аздап у болса керек, ал, біреуі
усыз,– дейді.
Ботагөз екі түрлі Анчардың атын жатқа айтайын деп еді, ұмытып қалды.
– Қазір айтам,– деді ол ілулі тұрған сумкасына жүгіріп барып, тетрадын
суырып ап,– міне!..
Ботагөз саусағымен нұсқаған тетрадтың бетіне Асқар кезін салса, латын
əрпімен жазған екі термин тұр екен. Біреуі–«антиарис токсиксариа».
Екіншісі–«антиарис интоксиа».
Екеуінің қайсысы улы, қайсысы усыз екенін Ботагөз айырып бере
алмады.
– Учитель айтады,– деді ол ыңғайсызданып,– Анчар ыстық құмда,
шелде емес, нағыз жаңбырлы, шепті жерде еседі,– дейді.
– Солай ма екен?
Ботагөз «солай» деген жоқ.
«Бəсе,– деп ойлады Асқар,– айтам ғой, сенен кісі шығады деп. Əлі
төртінші класта оқиды, мұның ойлап жүрген жерін қара... Бұл ма, бұл
болашақ ботаник...»
6
Асқар тағы да бірдеме дегелі ыңғайлана беріп еді, есік алдынан тықыр
естілді. «Бұл кім?» дегендей, Ботагөз де, Асқар да есікке қарай қалғанда,
аяғында ақ пимасы, үстінде жамаулы шолақ, сары тоны, басында
құлақшыны бар, сақал-мұртын қырау басқан бір орыс үйге кіре берді.
– Здравствуйте, Бота!– деді ол, есікті жаба беріп.


– Здравствуйте, дядя,– деп жауап берді Ботагөз.– Балтабек қайда?– деп
сұрады орыс.
– Бір жұмысым бар деп кетіп еді, кешікпей келер, отырыңыз!
Орыс босағадағы сандыққа отырды да, құлақшынын шешіп, тоңының
түймелерін ағытып, қалтасынан темекі салған кисетін алды. Үйдің
жылуынан оның сақал-мұртының қырауы еріп, тамшылай бастады. Асқар
тани кетті: Кузнецов.
Өткен жаз темір дүкенінде арбаларының шинін тарттырып алғаннан
кейін, Кузнецовтың кім екенін жорамалдай тұра, Асқар одан қайтып
соқпаған. Оның бұлай сырғақсуына екі себеп болған: бірінші – бір
келгенінде Балтабекке Кузнецовты шырамытқанын Асқар айтқанда: «болса
болар,–деген Балтабек,– патшаға қарсы боп жер ауып келген орыс деп жүр
ғой осыны. Патшаға қарсы екенін оңашада жасырмай: «оны құлатпай, сені
мен біз сияқтыларға жарық өмір жоқ» деп отырады. Оның сөзіне қарасаң,
өкіметке кедейдің өзі ие болу керек».
«Саясаттан тысқарымын, менің міндетім: жұртқа өнер-білім ғана жаю»
деп ойлайтын Асқар Балтабектің мына сөзін естігеннен кейін, Кузнецовтан
сырттай безініп, оған жоламайтын бір себебі осында. Екінші себебі – өзін
бұқарашыл адамның бірімін деп ойлай жүре, Асқардың кеудесінде «көп
білем» деушілік болушы еді, оқымаған біреумен кездессе, ол өзін одан
жоғары қойып сөйлесетін еді. Баяғы Омбыда оқып жүрген кезінде,
пристаньда жолыққан шақтарында, Кузнецовтың қанаушы жəне қаналушы
тап туралы айтатын сөздеріне де ол менсінбеген көзбен қарап: «Осы неге
ақылдымсиды» деп ойлайтын, өзінен оқуы аз деп түсінген одан ақыл алуды
намыс көретін. Сол намыс оның бойынан əлі де кеткен жоқ-ты.
Солай жолағысы келмей жүрген Кузнецов Балтабектікіне келе қалған
соң, Асқардың онымен ептеп қажасқысы келді.
– Кешіріңіз,– деді ол, шылым бұрай бастаған Кузнецовқа,– мен сізді
білетін сияқтымын.
– Қалай?–деді Кузнецов.
Асқар Омбыда болған оқиғаны қысқаша еске түсірді.


– Сондағы сіз бе едіңіз?– деді Кузнецов.
– Ие, мен едім, Григорий Максимович.
– Ендеше, неге амандаспадыңыз менімен?
– Кешіріңіз, танып алмай бассалуға қымсындым. Қол алысуға рұқсат
етіңіз!– деп Асқар түрегелді.
– Кешірілмейтін іс,– деді Кузнецов та түрегеп, қолын ұсынып.–
Танымаған мен айыпты емеспін, таныған сіз айыптысыз.
– Мойныма алам.
Екеуі қолдарын қатты қыса амандасты.
Саяси сезімі əлі оянбаған Ботагөз, олардың қашаннан таныс
екендіктерін сөздерінен ести отыра, мəн берген жоқ. Тек, оның ұққаны:
«осы екі адам ұзақ ажырасып жүріп көріскен, сондықтан сөйлесетін сөздері
көп болу керек».
Сондай ойға келген Ботагөз, бөгет болғысы келмей, түрегеп, ілулі
тұрған күпісін киді де:
– Ағай,– деді Асқарға,– көрші үйдің қызында оқу кітабым бар еді, соны
алып келе қояйын.
– Барыңыз.
Ботагөз шығып кетті.
Қолдарын жазып, қатар отыра беріскен екеуінен, Григорий Максимович
бұрын тіл қатты.
– Сондай бір жігіт есімде бар еді де, дəл сіз деген ойымда жоқ еді,– деді
ол.– Омбыдан оқып келгеніңізді, кедейдің баласы екеніңізді Балтабектен
естідім. Сол жігіт болар деген ойыма да келген жоқ. Ал, енді, айтыңыз мəн-
жайыңызды!..
Омбыда айрылған күннен бергі көрген-білгенін Асқар Кузнецовқа


қысқаша айтып берді. Өз көргенін Кузнецов та қысқаша айтты.
Асқардың идеологиясы қай бағытта өскенін білмейтін Григорий
Максимович, танысқан бірнеше жылғы сөздерден кейін, ойын мөлшерлеу
мақсатымен, ауылдың хал-жайын білгісі келген адам боп, бірсыпыра сұрау
берді. Ол сұрауларға Асқар іркілмей тура, ашық жауап берді. Осы
жауаптардан Григорий Максимовичтің аңғарғаны – мына, алдында отырған
жас учительдің бар арманы,– халқын бақытқа жеткізу. «Бақыт» деп оның
түсінетіні – оқу. Ауылда бірі ;жеп, бірі желініп отырған екі тап барын ол
жақсы аңғарады. Жеп отырған таптың сүйеніші патша өкіметі. Оған куə:
Итбайдың, патшаның ауылдағы қолшоқпары болуы, сондықтан да
губернатор оны Романовтардың 300 жылдық тойына шақырды. Асқардың
жақтайтыны – еңбегі желініп қорлықта отырғандар. Сол қорлықтағылар
қайтсе адам қатарына кіреді деген сұрауға оның берер жауабы – оқу-білімге
тарту. Бірақ қазіргі жағдайда, ондай талаптың бос қиял екенін де ол
білмейтін сияқты емес. Оның алдында жер мен көкті тұтас қапсырып,
ілгері аттауына кедергі боп, «не істеу керек?» деген зор сұрау тұр...
Асқармен кеңесіп отырып, оның жанын азаптайтын осындай ойлары
барын көрген Григорий Максимович Асқарды сынап та, расымен берген
сұрауларына да тура жауап айтпады, айтқысы келген жауаптарын жүре,
сынаса кеп айтуға ойлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет