Біртуар, бірегей түЛҒа бірінші бөлім ежелден еркіндік аңСАҒАН


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата31.03.2017
өлшемі1,73 Mb.
#10866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ
САЯСИ ЖƏНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
XX  ғасырдағы  ең  тамаша  тарихшылардың  бірі  былай  деген  еді:
«Империяларға,  корольдер  мен  саяси  режимдерге  бөліп-  бөлшектеуге
жұрттың  неге  кұмар  болатынын  түсіну  оңай.  Мұның  астарында  өкімет
билігінің  белгілеріне  баяғы  дəстүрлер  бойынша  берілер  марапат  қана
тұрған  жоқ.  Уакыт  өлшемінде  белгілі  бір  оқиғаның  нақты  анықталған
орны, жылына, тіпті күніне дейін көрсетілген уақыты болады.
Дегенмен,  жалған  дəлдік  деген  төнірге  табынбай-ақ  қоялық.
Əлеуметтік
кұрылымның,
экономиканын,
наным-сенімнің,
ойлау
жүиесінің өзгеріске тусуін хронологиялық тар аяға сол күйінде  енгізе қою
мүмкін емес».
КСРО-ның  құлауы  -  бір  күнде,  тіпті  бір  айда  жүзеге  асты  деп  кесіп
айта қоятындай оңай оқиғаға жатпайды. Мен бұл кезеңге өз бағамды мұнан
бұрын айтқан болатынмын.
Уақыттан  өткен  əділ  қазы  жоқ.  Қазірдін  өзінде  бұл  оқиға  ерекше
қуатты  державалардың  бірінің  экономикалық,  геосаяси,  идеологиялық
тұрғыдан  стратегиялық  женілісі  болғандығы  талас  тудырмайды.  Əрине,
КСРО-ның  кұлауынын  себептерін  сөз  еткенде,  геосаяси  бəсекенің  қатаң
қысымы  да  бар  екенін  байқамау  үшін  барып  тұрған  идеалист  болу  керек
54

шығар.  Бірақ  мұны  ешкім  жасырып,  жауып  та  жатқан  жоқ.  Солай  бола
тұрса да, негізгі себеп - жүйенін іштей ірігені еді.
Бұл арада ең алдымен экономиканың бүгінгі заман талаптарына сай
болмағанын  айту  шарт.  Кеңестік  жүйенің  қирауынын  алдындағы  хал-
ахуалын көзге елестету үшін ұзыннан-ұзақ шұбатылып жататын кезектерді,
талон-карточкасыз  ештеңе  берілмеуге  айналғанын,  құны  кетіп,  қадірі
қашкан  ақшаны  еске  алсақ  та  болады.  Экономиканың  əбден  тұралауы
жаппай  зат  алмасуға  əкеліп  соқтыратын  еді.  Кешегі  Одақтың  көптеген
аймактарында азаматтык жəне ұлттық қақтығыстар жүріп жатқан сол тұста
Қазақстан экономикалық құз-шаткалға кұлап кетудің аз-ак алдында тұрған
еді, мұның аяғы неге соқтырарын болжау киын болатын.
1993  жылдың  соңына  дейін  біздін  өзіміздің  экономикалык
саясатымыз  болған  жок.  Бюджетті  жоспарласақ  та,  инфляцияға  карсы
шараларды,  əлеуметтік  колдау  бағдарламаларын  ойластырсақ  та,  біз
күннен-күнге «семіп» бара жатқан сол баяғы сомға қарайлайтынбыз. Оның
үстіне бəріміз бір «каржы кайығына» мінгесіп алғаннан кейін  жеріне жете
ойластырылмаған
ырықсыздандыру
бағдарламасына
амалсыздан
косылдық.  Енді  бүгін  мына  жайды  ашық  айтуға  болады:  біздің  жас
мемлекетімізге апат қаупі аңық төнген еді. Сол апаттан бізді КСРО кұламай
тұрып  бірқатар  ең  тиімді  өндіріс  салаларын  өз  бетінше  қызмет  етуге
бейімдеп  алғанымыз  ғана  сақтап  қалғанын  атап  айтқым  келеді.
Президенттік  билік  институтын  енгізу  жөніндегі  шешіміміздің  маңызы  да
мұнан кем болған жоқ. Бұл арқылы сондай күрделі жағдайда өкімет билігін
орнықты ұстап, мемлекетті басқару тетігін колдан шығармадық.
Тарихи  таңдау  жасаған  кезенде  еркіндік  аясы  неше  түрлі
кисындардағы  кұрғақ  киялға  кұрылған  кеңістіктерден  əлдекайда  тарлау
болып  келеді.  Осы  онжылдыктын  екінші  бөлігінде:  «Шын  мəнінде
нарықтық  реформалар  стратегиясына  балама  жол  болды  ма?»  деп
сəуегейситіндер көбейе бастады.
Əрине, болды. Бұл арада алдымен баяғы «бұйрық соқпағына» түсіп
тарта беруді айтар едік, ал оған түссек, бұл соқпак талон-карточка жүйесіне
біржола
көшіріп,
жұртшылықтың,
шаруашылықты
жүргізуші
субъектілердің  экономикалык  ынталылығынан  біржола  айырылып  тынар
едік. Бұл баламаңыз былыққа, мемлекеттін күйреуіне соқтырар еді.
Былығы мұнан  кем сокпайтын тағы  бір жол бар болатын.  Ол жол  -
экономиканы  жүз,  екі  жүз  немесе  бес  жүз  күн  ішінде  ерекше
революциялыкпен  ырықсыздандыру  еді.  Казақстан  жағдайында  бұл
өндірісті  басқарудан  толықтай  айырылып  қалуға  апаратын  қауіпті  жол
55

болатын.  Бұғанасы  қатпаған  мемлекетіміз  мұндай  сілкіністі  көтере
алмайтын.
Революцияны  алып-ұшпа  албырт  жандар  жүзеге  асырады,  ал
реформаны бəріне байыппен қарайтын ақылды жандар жүзеге асырады. Біз
елімізді  эволюциялық  даму  арнасына  салып,  іргелі  институттық
реформаларды табанды түрде жүргізе алдық.
Бүгінгі  əлемде  бұған  дейін  ойлап  табылғанды  кайта  ойлап  табудың
қажеті  жоқ.  Біздің  стратегиямыз  əкономикалық  трансформацияны
ойдағыдай  жүзеге  асырған  елдердін  классикалык  тəжірибесіне  арқа
сүйейді. Дегенмен, өзгенің істегенін айнытпай кайталауға да болмайды.
Ал  жаңғыртудын  Түркиядағы,  Оңтүстік  Кореядағы,  Кытай  йен
Мексикадағы,  тағы  баска  елдердегі  талай-талай  үлгілері  қатаң  калыпқа
сыймай,  белгілі  бір  жағдайға  бейімдеп  жүргізілген  Жұмыс  өз  жемісін
беретінін дəлелдей түседі.
Казақстанда  бүгінгі  күні  болып  жаткан  оқиғаларды  бағамдау  үшін
Робинзон  Крузоның  психологиясынан  арылу  шарт.  Біз  адам  мекендейтін
аралда  емес,  кым-қуыт  тірлікке  толы  ашық  əлемде  өмір  сүріп  жатырмыз.
Жас  мемлекет  өлшемдердің  бүтінгі  жүйесінде  өз  орнын  таба  білуі  керек.
Окиғалар
аукымының
кереметтей
кеңеюі
Қазақстандағы
ішкі
экономикалык  жөне  саяси  процестерге  ықпал  етпей,  əрі  өте  нақты  ыкпал
етпей коймайды.
Бүгінгі  əлемге  біз  ондаған  жылдар  бойы  өзімізбен  өзіміз  болып,
томаға  тұйық  күй  кешкен  күннен  келіп  отырмыз.  Өз  бетімізбен,  талай
жерде  сүріне-қабына  жетіп  отырмыз,  бірак  осылай  етпесек,  онда  біржола
тоқырап,  артта  қаламыз.  Біз  онсыз  да  бұл  істі  кешігіңкіреп  қолға  алдык.
Енді баяуласақ осы калғанымыз - қалған.
Қазіргі  хал-ахуалымызға  баға  бергенде,  біз  осыдан  жарты  ғасыр
бұрынғы  күні  өткен  калыптардан  шығып,  жалпы  кабылдаған  шешімдер
бойынша ой түюге тиіспіз.
Алайда,  экономикалык  даму  үлгісін  таңдау  -  өткен  бесжылдықтың
басқа  бір  маңызды  құбылысын  ескермеуге  апарып  соктырмауы  керек,  ол
құбылыстың  мəні  -  XX  ғасырдың  сонындағы  ұғымдарға  сай  келетін  тəл
мемлекетімізді құру.
Он  сегізінші  ғасырдың  жасыны  жарқылдаған  қазақ  сахарасында
Абылай  армандап  өткен,  мұң-шерге  толы  он  тоғызыншы  ғасырда
Кенесарыны мерт еткен, жаппай кырып- жоюдын қарсаңында Бөкейханов
межелеп кеткен асыл мұраттар өлген жок. Ол арман-аңсардың барлығы да
«Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік
тəуелсіздігі
туралы»
56

конституциялык  заң  қабылданған  сол  бір  тарихи  күнде  -1991  жылғы
желтоксаннын 16-сында жүзеге асты.
Осы  бес  жылда  біз  толыкқанды  тəуелсіз  мемлекеттің  барлык
нышандарына  ие  болып  үлгердік.  Азаматтық  институтынын  маңызын
ескере  отырып,  тəуелсіздігімізді  жариялағаннан  кейін  төрт  кун  өткен  соң
«Қазақстан  Республикасының  азаматтығы  туралы»  заң  кабылдадық.  Бір
ғана  1992  жылдың  өзінде  мемлекеттін  төл  күш  кұрылымдары  -  əскери
күштер,  Республикалық  ұлан,  Ішкі  жəне  Шекара  əскерлері  құрылды.  1993
жылдың сəуір айынан бастап біз ұлттың тарихымызда тұңғыш рет Əскери-
Теңіз Күштершізді кұруға кірістік. Сөйтіп, жас мемлекеттің корғаныс жəне
кауіпсіздік  жүйесін  кұру  ісі  аякталды.  Елдің  жаңа  мемлекеттік  рəміздері
кабылданыды, төл наградаларымыз тағайындалды.
Бұл  істін  соңғы  нүктесі  1993  жылғы  карашаның  11-інде
Қазақстаннын өзінің ұлттык валютасы - теңге енгізілген күні койылды.
Осынау бес жылда елдегі саяси-кұкықтық жағдаят түбегейлі өзгерді.
Мемлекеттілікті  қалыптастырудың  мəн-маңызы  айрыкша  белесі  артта
калды.
Қазақстан əлемдік қоғамдастық түгел таныған мемлекетке айналды.
Президенттік  басқару  нысаны  біржола  калыптасты.  Демократиялык
институттар  мен  принциптерді  бекіткен  жаңа  Конституциямызды
кабылдадық.  Негізінен  алғанда,  елдің  жаңа  тұрпатты  кұқыктық  жүйесі
калыптасты. Мемлекет өміріңде өкімет билігін бөлу принципі нақты жүзеге
асты,  соның  арқасында  билік  кұрылымдарының  өзара  іс-кимыл  жасау
мəселелері өркениетті жолмен шешімін тапты.
Мемлекеттің  біртұтастығы  жəне  оны  баскарудың  тиісті  деңгейі
қамтамасыз  етілді.  Мемлекет  кұру  тəжірибесі  мемлекеттік  институттардың
өміршеңдігіне,  Қазақстандағы  реформалардың  жедел  жүруіне  кепілдік
беретін  іргетас  -  елдің  біртұтастығы  екендігін  көрсетіп  берді.  Жергілікті
өзін-өзі  басқару  мəселелерін  мемлекеттің  біртұтастығына  нұқсан  келтір-
мейтіндей етіп жөнімен шешудің де жолы табылды.
Осы  бес  жыл  бойында  біз  көптеген  мəселелер  бойынша  ымыраға
келу жолымен жүріп отырдық. Конституциялық кұрылыс мəселелерінде де
біз  дəл  осылай  еттік.  Мұның  өзі  түсінікті  жəйт.  Өйткені,  үлкен  саясат
дегеніміз, «ұлы мəртебелі ымыра» мен батыл саяси шешімдердің кейде адам
айтса нанғысыз, кейде қисынға келе бермейтіндей астасуы болып келеді.
Алайда,  ымыраның  да  ымырасы  бар.  Мемлекеттік  кұрылым
мəселелерінде
ақтан
алғысыз
босбелбеулік
пен
көңілжықпастық
Мемдлекеттік билік тетіктерінің ойдағыдай жұмыс істемеуіне өкеліп соқса,
57

тілдердің  мəртебесі,  Қазақстан  мемлекеттігінің  табиғаты  мен  жерге  жеке
меншікті  енгізу  мəселелерінде  ымыраға  келу  ауадай  кажет  болды.  Осы
іргелі  мəселелер  біздің  тəуелсіздігіміз  жариялануынан  бес  жыл  өткеннен
кейін лайықты конституциялык шешімін тапты.
Соңғы бес жыл ішінде жүргізіліп жатқан реформалардың кұкыктық
негізі  жалпы  алғанда  қалыптасып  үлгергенімен,  мұның  өзі  азаматтардың
кұкықтары  мен  еркіндігін  қорғауға,  отандық  тауар  өндірушіні  қолдауға,
шетел  инвестицияларын  тартуға  неғұрлым  қолайлы  жағдайлар  жасауға,
қылмысты  ауыздықтауға,  заңдылық  пен  кұқық  төртібін  нығайтуға  кызмет
ететін  ұғынықты  да  əділетті  заадарды  қабылдау  кажеттігін  күн  тəртібінен
түсірмек  емес.  Елдін  құкыктық  жəне  экономикалық  жүйесінін  даму
келешегін  дəл  осылайша  болжайтыным  менің  Қазақстан  халқына
Жолдауымда баяндалған.
Неміс философы Лейбниц туралы айтылған: «Ол не нəрсенін де дəл
анықтамасын  береді,  бірақ  сол  айткан  анықтамасы  сөзбен  ойнайтын
тұстарда  өлгіндей  еркіндігінен  айырылып  қалады»  деген  сөз  бар  екен.
Сыртқы  саясат  та  дəл  сондай  сала,  мұнда  анықтаманы  дəл  беру  ерекше
қажетті.
Бес  жыл  бұрын  Қазақстан  дербес  сыртқы  саясат  жүргізуді  тақыр
жерден  бастаған  болатын.  Рас,  КСРО-ның  тұсында  да  бізде  Сыртқы  істер
министрлігі  бар  еді,  бірақ  республиканын  сол  министрлігін  нағыз  сырткы
саясат  мекемесі  деп  атау  тым  жөнсіз  болады.  Осы  жылдарда  халыкаралық
ынтымактастыктын  толық  келісімдік-кұкықтық  негізі  жасалды.  Осы
кезенде  шет  елдермея  жəне  халыкаралық  ұйымдармен  барлығы  800-ден
астам  кұжатқа  кол  койылды.  Сыртқы  саясат  саласындағы  жана
тарихымызда  Қазақстан  аумағындағы  ядролық  қару-жарақтың  тағдырын
шешкен  ерекше  бір  сəттер  де  болды.  Бұл  жөніндегі  шешім  оңайлықпен
кабылданған
жоқ,
сол
бір
күндердің
шиеленісті
жағдайы
тарихшыларымызды толғандырғандай тақырып.
Алайда, неше түрлі жобалардың арасынан, олардың ішінде отандық
«геосаясатшылардық»  киял  жетпестей  ұсыныстары  да  бар,  біз  бірден-бір
дұрыс  шешімді  таба  алдық  мұнын  өзі,  сөз  жоқ  еліміздің  халықаралық
беделінін артуына септігін тигізді.
Біз  казір  Қазақстанның  қауіпсіздігі  мен  аумақтық  тұтас-  тығызға
əлемдегі  ен  ірі  державалардың  кепілдігін  алып  отырмыз.  Қолымызда
Америка Құрама Штаттарымен демократиялық серіктестік туралы Хартия,
Ресей Федерациясымен келісімдер- дін тұтас бумасы бар. Осы жылдарда біз
Кытаймен  арадағы  шекара  меселесін  шешуге  қол  жеткіздік.  Кеңес
58

дипломатиясы ондаған жылдар бойы бұл міндеттің үдесіне шыға алмай-ақ
кетіп еді.
Бауырлас  үш  халықты  байланыстырған  Орталық  Азия  одағымен
ерекше  карым-қатынас  қалыптасты.  Кейінгі  жылдарда  түркі  тілдес
мемлекеттердің  тоталитарлық  томаға-тұйық  жүйе  кезінде  үзіп  тасталған
экономикалык,  саяси  диалогы  калпына  келтірілді,  бұл  істе  біздін  күрметті
мейманымыз  -  Түркия  президенті  Сүлеймен  Демирелдің  зор  еңбегі  бар.
Мұның  өзі  əлемдік  саясатта  үстемдік  алып  тұрған  фактор,  Қазақстан  осы
багыттағы  біріктіруші  байланыстардың  нығая  түсуін  белсенді  түрде
жактайды. Біз, сондай-ақ, араб əлемімен мəдени, іскерлік ынтымақтастықты
кеңейтуді де колдаймыз.
Республикаға  ірі  кəлемде  шет  ел  қаржысы  келе  бастады.  Алайда,
бізде  сарыуайым  сапырып,  өз  егемендігімізді  шет  ел  инвестицияларына
сатып жатырмыз деп пайымдайтындар да бар. Алайда, бұл жекешелендіру
үрдістерін  жандандыру  жəне  əкономиканы  көтеру  мақсатымен  жасалып
отырған жок па?
Ендеше,  өлгіндей  ойлайтындардын  мынадай  карапайым  жайды
түсіне  алмағаны  ма:  өзінік  каржысын  Қазақстанға  салған  инвестор  ұзақ
уакытқа  деп  есеп  жасайды,  мұнын  өзі,  басқа  Жақтарың  айтпағаннын
өзінде,  біздің  тəуелсіздігіміз  бен  аумақтық  тұтастығымызға  берілетін
косымша  кепілдік  емес  пе?  Осы  соңгы  жылдар  ішінде  жан-жағымызда
қолайлы  сыртқы  саяси  орта  калыптасканы  ішкі  реформаларды  жүзеге
асырудың аса маңызды тетіктерінін бірі болып табылады,
Біз  о  бастан-ақ  Қазақстаннын  сыртқы  саясатын  көп  тармақты  етіп
кұрған  болатынбыз.  Өткен  бес  жылдын,  тежірибесі,  мұның  өзі
Казақстанның геосаяси жағдайына əбден сəйкес келетінін көрсетіп берді.
Құрметті отандастар!
1990 жылдардын бірінші жартысы кейбір жылдар кəдуілгі тарихтын
ондаған  жылына  татиды  деген  ежелгі  ойдың  əділ  екенін  дəлелдеді.
Уакыттын  жүрдек  ағымы  «интеграция»  терминінің  мазмұнын  да  өзгертіп
жіберді.  Алғашқы  кезде  Қазақстан  Бұл  орайда  кеңес  дəүірінен  кейінгі
кеңістікте  бұрыннан  калыптасып  калған  экономикалық  саяси,  сондай-ак
кəдімгі адамдык байланыстарды сактап калу кажеттігін алдымен айтатын.
Көптеген
кайраткерлердің
ақыл-есі,
өкінішке
қарай,
саяси
конъюнктураға  сəйкес  кейде  кіресілі,  кейде  шығасылы  болып  тұратыны
бар.  Сондықтан  да  Тəуелсіз  Мемлекеттер  Достастығын  кұру  идеясы  ең
алдымен  Қазақстанның  сындарлы  бағытынын  аркасында  аман  калғалын
сондайлардың есіне сала кеткім келеді.
59

Алайда,  сол  алғашқы  кезеңнің  өзінде-ақ  біз  жана  интеграциялық
құрылымдарды  кұруға  қатысты,  олардың  арасынан  Экономикалық
ынтымақтастық ұйымын жəне Орталык Азия одағын бөле айтуға болады.
Қазақстан  Еуропаның  Қайта  кұру  жəне  даму  банкісінің,  Азия  даму
банкісінін мүшелігіне өтті, НАТО-мен, Еуропа Одағымен, сондай-ақ Ислам
конференциясы ұйымымен қарым-катынасы жолға койды.
Тəуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  кұрылғаннан  үш  жыл  өткеннен
кейін осы кұрылымның сөзге бейімделіп бара жатқанын байқап,  оған тың
серпін  беру  кажеттігіне  көзіміз  жеті.  Қазақстан  Еуразия  одағын  кұру
жөнінде  үлгілі  бастама  көтеріп»  ұсыныс  жасады.  «Қалғып»  бара  жаткан
Достастықты  бір  сілкінткен  жай  осы  болды.  Біздін  үлгілік  жобамызда
көзделген  идеялардын  көпшілігі  кейіннен  екі  жақты,  көп  жақты  шарттар
түрінде  жүзеге  асты.  Мұның  өзі  экономикалык  салада,  кеден  одағын
кұруда, азаматтық мəселелерін шешуде нақты нəтижелерге кол жеткізді.
Өтіп бара жатқан ғасырдың соңында «интеграция» ұғымынын мəнін
салиқалы түрде қайта пайымдап алмасақ болмайды.
Біріншіден,  біз  ешқандай  идеологиялық,  діни  немесе  өркениеттік
аныздар  мен  өлшемдерге  артықшылық  атаулыны  кабылдамаймыз.  Басты
өлшем  -  тəуелсіз  мемлекет  -  Қазақстан  Республикасының  ұлттық-
мемлекеттік мүддесі.
Екіншіден,  біз  кай  істе  де  прагматизмді  ұстанамыз.  Иə,  тарихтың
ұлы  ұстаз  екені  рас,  дегенмен  мəңгі-бақи  оның  аясында  калып  қоюға
болмайды.  Біз  өткенді  көксей  бермей,  Еуразия  кеңістігіндегі  тарихи
байланыстарымызды жаңаша сипатка көшіруіміз керек.
Үшіншіден, əртүрлі интеграция кұрылымдарында болып көргендегі
төжірибеміз  бүгінгі  тандағы  интеграцияның  əмбебап  принциптерінің
артыкшылыктары мол екенін дəлелдеп отыр. Бұл принциптер - теңдік пен
еріктілік.  Күштеп  біріктіру  деген  «империялардың  канкасын  кұрал»
жүретіндердің сандырағында ғана қалған.
Төртіншіден, интеграция эволюциялык жолмен дамыса ғана сенімді
болмақ. Революциялык оқыс сілкіністер, аяқ астынан біріге калу, байыбына
бармай  жатып  конфедерация  кұра  салу  сияқты  қадамдар  қалыпты  жəне
табиғи дамып келе жатқан процеске тек залал келтіруі мүмкін.
Ақыр  аяғында,  бір  бағыттағы  интеграция  кадамдары  басқа  бір
бағыттағы қадамдардан бас тартуға соктырмауға тиіс.
Бүгінгі əлемде аймақтық одақтардын неше түрі бар, олар соңысымен
де  мықты  болып  отыр.  Мұнын  өзі  Қазақстанның  ұлттық-мемлекеттік
мүдделерімен əбден орынды кабысады.
60

Рас,
реформа
казірше
өзінің
артықшылығын
барлық
Казақстандықтарға  дəлелдеп  үлгерген  жок.  Бізге  бюджетке  қарайтың
саланы  қаржыландыруға,  тұрмысы  нашар  адамдарды,  мүгедектерді,
зейнеткерлерді
колдауға,
ескірген
өндірістік
жəне
əлеуметтік
инфракұрылымды  жаңғыртуға,  қорғаныс  кабілетін  ойдағыдай  деңгейде
ұстауға қыруар каражат керек. Бізге жер қойяауындағы қазыналарымызды
алып,  мемлекет  мүддесіне  жарату  ушін,  жаңа,  экологиялық  таза  жəне
ғылымға негізделген өндіріс жасау үшін ғаламат күш-қуат жұмсау керек.
Дегенмен,  біздін  еліміздегі  өзгерістердің  стратегиялық  бағытын
айкындап келген жəне алда да айқындай беретін ортақ қағидалар бар. Сол
қағидаларды  берік  ұстана  білу  -  реформанын  жемісін  бүкіл  халық
көретіндігінің кепілі.
Ең  алдымен  реформалар  саяси  тұрғыдан  колдауды  қажет  етеді.
Баскаша айтканда, реформалардың экономикалық жағынан орынды болуы
жеткіліксіз, олар саяси жағынан қорғалуы да шарт.
Бұған  қоса  реформаларды  тез  жүргізу  керек.  Тез  жургізген  соң
халыққа онша жаға бермейтін шаралар болмай қоймайды. Ал жай жүргізу -
адамдардың  тұрмысын  жақсартуды  баяулату  деген  сөз.  Демек,  бұлай
асықпаудың əлеуметтік құны да арта түседі.
Реформалардың  жақсы  жемісін  адамдар  өздерінің  күнделікті
өмірінен  нақты  сезінуге  тиіс.  Қоғамның  үміті  үзілмеуі  кажет.  Иə,  бүгінгі
таңда  көптеген  қазақстандықтар  жана  саяси  жəне  экономикалық
жағдайларға  əлеуметтік  бейімделу  кезеңнен  өтіп  болып  қалды.  Көптеген
адамдардың  ашып  алған  өз  кəсібі  бар.  Өнеркəсіп  орындарының  бірқатары
щаруашылық  жүргізудін  жаңа  тиімді  түрлерін  тауып  үлгерді.  Ендігі  жерде
сонда  жұмыс  істейтін  адамдар  реформаларды  тежеп,  кешегі  күнге  қайтып
оралуды өсте де қаламайды. Алайда, тəуелсіздігіміздің жада бесжылдығына
жəне  өзіміздің  каржы-акша  жүйеміз  жұмыс  істеи  бастағалы  бергі  төртінші
жылға аяқ баса отырып, біз нарықтық өзгерістердін əлеуметтік əсері калың
жұртшылықтың көк шілігіне тиетіндей болуын қамтамасыз етуге тиіспіз.
Акырында, реформаларды жүзеге асыра отырып, принцпті мəні бар
мəселелер  бойынша  келісімпаздыққа  салынута  болмайды.  Келісімпаздық
саясаты  реформаны  жүілізушілердің  өзіне  келісімге  келіп  отырған  саяси
күштердің  тарапынан  қолдауды  да,  тіпті  бейтарап  қарауды  да  кепіл  ете
алмайды.
Өзгерістердің  ең  басты  өлшемдерінің  бірі  деп  біз  саяси  өлшемді
айтуымыз  керек.  Қазіргі  таңда  ол  өлшем  өзгерістердін  жүзеге  аспай
қоймайтыны  болуға  тиіс.  Нағыз  оппозиция  болуы  керек,  онын
61

болғанының өзі жақсы да. Оппозиция - демократияның бір белгісі.
Сондыктан  да  біз  барлық  саяси  күштерді  сындарлы  диалогқа
шақырамыз, сонымен бірге мұндай əңгіме өткізудің шарты заң шеңберінде
саяси  іс-əрекет  жасау  екенін  еске  саламыз.  Бұған  коса,  Конституцияға
карсы  келетін  іс-қимыл  жасауға  шақыратыңдарға  байланысты  ұстанатын
біздің  бағытымыз  да  айнымақ  емес  -  мемлекет  заңды  саналы  түрде  бұзып,
саяси жəне матерналдық ұпай жинап қалғысы келетін, қоғамның негіздерін
шайқалтпақ болған арандатушыларға төзіп отыра бермейді.
«Бүгінгі күннін байыбына уакыт өте келе ғана баруға болады ‘ деген
сөздің  мəніне  зер  салатын  күн  жеткен  сиякты.  Қазір  болып  жаткан
өзгерістердін жəне алдымызда тұрған мəселелердің ауқымын бағамдау үшін
бүгінгі күнге кешегімен салыстыра отырып көз тастау қажет.  Жалақы мен
зейнетақының  уактылы  төліенбеуі,  коммуналдық  қызмет  саласындағы
қиындықтар,  бюджетке  карайтын  əлеуметтік  салалардын  проблемалары,
тағы  басқа  мəселелердің  барлығы  да  таяу  жылдарда  өз  шешімін  табады.
Сонда  бүгін  біз  негізін  қалап  жатқан  нəрселердің  арасынан  принципті
маңызы ерекше деп нені айткан жөн?
«Келешек дегеніміз келеңсіздіктерден арылған бүгінгі күн» деген сөз
бар,  Бүгін  не  істесек  те  соның  бəрі  болашақ  дамуымыз  негіз  жасауға
арналады.  Біз  басым  бағыттардың  басын  ашық  алып,  болашак  туралы
телеэкранға  немесе  газет  бетіне  үңле  калған  білігі  кемшін  кейбіреулердей
емес, сол басым бағыттар биігінен ой толғауымыз керек.
Қазақстанның аумактық тұтастығы мен төуелсіздігін сактап Қалудан
маңызды міндет болмақ емес. Қазіргідей күрделі жағдайда мемлекет өзінің
қорғаныс  құрылысын  жүргізіп  жатқаны,  ол  істі  барлық  қиындықтарға
карамастан  жалғастырып  отырғаны  əлдебіреудін  ойына  түсе  калған  нəрсе
емес,  мəні  терең  өмірлік  қажеттілік  екендігін  болашақ  ұрпактарымыз
багалай жататын болады.
Соңы  жылдардың  бəрінде  Қазақстан  қолданып  келген  саяси
құралдардың  бай  арсеналы  да  идеализм  атаулыдан  ада  екенін  баса
айтуымыз керек. Мұның барлығы да тəуелсіздік пен аумақтық тұтастықты
нығайтудың  құралы.  Біз  интеграция  процестерін  де  осы  тұрғыда
қарастырамыз.
Осы  кезеңде  біз  үшін  экономиканы  кең  кəлемде  нарық  жағдайына
көшіру  де  өте  маңызды.  Нарықтың  өзі,  əрине,  түпкі  мақсат  емес,  ол  бізді
дерт  біткеннің,  əлеуметтік  мұқтаждық  атаулының  бəрінен  құтқара  да
қоймайды, бірақ дəл бүтін тиімді экономика қалыптастырудың бұдан басқа
жолы  жоқ.  Мұндан  экономикасыз  Қазақстанның  нағыз  тəуелсіздігі  де
62

болмайды, адамдарымыздың тұрмыс-тіршілігі де оңала қалмайды.
Осы арада мына бір тақырыпта ой қозғасам деймін. Келмеске кеткен
кешегі  күнімізге  кайтып  оралуға  шақырып  жүргендерді,  нарық  ұлттық
дамуымызға  кауіп  төндіреді  дейтіндерді,  əлеуметтік-экономикалық  қарым-
қатынастарды  біз-баяғы  қалпында  сақтап,  тұмшалап  ұстауды  талап
ететіндерді нағыз отаншылдар деп санайтын жаттама сөздер, меніңше, казір
соны айтатын адамдардың өзін де жалықтыра бастаған сияқты.
Ұлттық, мемлекеттің мүддесін қыздырмалы қызыл сөзге қия салмай,
осы  іспен  күнбе-күн,  білек  сыбана  айналысатын  адамдар  егер  біз  əлемдік
рыноктың  қатаң  талаптарына  бейімделе  білмесек,  Қазақстанның  тəуелсіз
экономикасы да болмайтынын əлдеқашан ұғынып алды.
Демократиясы  дамығалы,  нарықтық  институттары  орнағалы  бір
жарым  ғасыр  өткен  дəулетті  елдерде  халық  еркінірек,  жағдайы  бізден  гөрі
жақсырақ, əлеуметтік бағдарламаға келгенде де бізден гөрі жомарттау екен
деп  қырық  қайталап  айта  бергеннен  ештене  шықпайды.  Оған  біз  де
жетеміз, бірақ ондай аясарлы күн бүгін де, ертең де орнай калмайды. Оған
кол  жеткізу  үшін  бұдан  бес  жыл  бұрын  ешкім  де  көзге  накты  елестете
алмайтындай  принциптерге  негізделген  толыққанды  экономиканы  калып
тастыруымыз  керек.  Əркім  өзінің  игілігіне  еңбек  етсін,  сонда  мемлекеттің
де иігілігі артады. Сондал-ақ əркім осы күрделі кезең- де өз еліне кол ұшын
беруге ұмтылуға тиіс. Бүгін таңда масылдыққа еш жерде де орын болмауға
тиіс.  Игілікке  кенелу  туралы  айтпас  бұрын  алдымен  накты  бір  нəрселерді
жасап алу керек.
Біздін  стратегиялық  мəні  бар  басым  бағыттарымыздың  бірі  .
ұлтаралық  келісім.  Біз  ұлт  мəселелерін  шешуге  біртіндеп,  абайлап  кірісуді
жактаймыз.  Осылай  еткеніміздін  жемісін  көріп  те  отырмыз.  Бұл  -  жеке
адамның  пікірі  емес.  Мұны  əлеуметтік,  атап  айтканда,  көші-қон
статистикасы,  басқа  да  көптеген  зерттеулер  қуаттайды.  Экономикадағы
елеулі  киындыктар  тұсында,  саяси-құкыктық  салада  түбегейлі  өзгерістер
жасап  жатқан  кезде  бізде  ұлтаралық  қақтығыстар  болмағаны  осы
жылдардың  маңызды  нəтижелерінін  бірі  ғана  емес,  мұның  өзі  болашаққа
берік  негіз  калайтын  жайт.  Кеңес  өкіметі  тараған  кеңістікте  ұлт  мəселесін
күшке  салып  шешеміз  деген  тұста  əрдайым  жуздеген,  мыңдаған  адамнын
каны төгіліп отырғады. Өкінішке карай, бұл кездейсоктық емес, зандылық.
қит  етсе  куш  көрсетеміз  деп  үркітіп,  ұлт  мəселелерін  тасалап,
тұншыктырып  ұстаған  тоталитарлық  жүйенің  шанырағы  ортасына  түскен
кезде аса күрделі ұлт мəселесін реттеудін жаңа тəсілдеріне үйрену кажеттігі
туындады.  Бұл  акиқатқа  аланда  айқайлаумен  көзге  түсіп,  өкімет  билігне
63

ұмтылып  бакқан  талай  адамдардың  тісі  батпай-ак  койды.  Бір  халыкты  бір
халыкка айдап салу оп-оңай. Ол кез келген жəдігөидің қолынан келеді. Ал
ұлт  мəселесінде  ондаған,  тіпті  кей  тұста  жүздеген  жылдар  бойы
кордаланып калған таптаурын түсініктер мен ұшқары ұғымдардан адамдар
санасын  арылта  алу  -  көршінің  терезесіне  тас  атқандай  танданарлык  іс
болмағанымен,  ең  бір  ұсынақты  зергердің  шеберлігін  кажет  ететін  киын
шаруа.
Біз  мына  позицияны  айкын  да  табанды  түрде  ұстануымыз  керек:
Қазақстан  барлық  ұлттың  мəселелер  атаулыны  өзінін  жаңа  тарихының
алғашқы  бес  жылындағыдай  бірте-бірте,  тізеге  Салмай  шешіп  отыратын
болса  ғана  куатты  да  төуелсіз,  егемен,  аумағы  біртұтас  мемлекет  ретінде
сақтала алады.
Жаңа коғамға өтудің, куатты мемлекет құрудың негізгі тетігі - саяси
тұрактылық. Бұл - жəй айта салған ұран сөзі емес. Бұл ұғымға ең алдымен
осы  өткен  бес  жылдың  ішінде  өмірге  келген  жаңа  қоғамдық-саяси
институттармен  -  билік  тармактарымен,  партиялармен,  мемлекеттен  тыс
бұқаралык ақпарат құралдарымен, тəуелсіз сот жүйесімен калыпты өзара іс-
əрекет ету жатады. Мұндай іс-əрекет салған беттен жемісін бере қалады деп
санауға  болмайды.  Дегенмен,  осы  жылдар  ішінде  жаңа  саяси  жуйенің
кұрылымдық  əлуеті  жасалғанын  да  ескерген  жөн.  Бұл  жүйе  елдегі
тұрақтылык негізгі саяси топтар қызметінің максаты мен ұстанар калыбына
айналғанда ғана ойдағыдай дами алады.
Бұл  арада  қо  ғамдық  дамудын  екі  түрлі  стратегиясын  накты  көре
білу  шарт.  Оның  біріншісі  -  нарықтык  экономика,  құкықты  мемлекет,
дамыған  азаматтық  қоғам.  Тұрақтылық  этностык  əр  алуан  коғамдарда
ұлтаралық келісімге арқа сүйейді.
Бұл
стратегияның
баламасы
қандай?
Əміршіл
экономика,
тоталитарлық
мемлекет,
ұлтаралық
қақтығыс
па?
Келісім
мен
тұрақтылыкты  қоғамдық  дамудың  бірінші  үлгісіне  ғана  негіздеп  кұруға
болады.  Тұрактылық  саяси  мəселелерді  шешудін  күшке  негізделмеген
тəсілдеріне көбірек сүйенгенде ғана сақталмак. Осыдан біраз жыл бұрынғы
күшке  салып  өткізілген  саяси  науқандарды  да,  бұрынғы  кеңестік
мемлекеттердін  біркатарындағы  күш  көрсетудің  неге  соқтырғанын  да  тез
ұмытқандаймыз.
Иə,  өздері  тəңірдей  тұткан,  өмір  бойы  сеніп  өткен  мұраттарының
күйрегені,  туысқандык,  достык  байланыстарынын  үзіліп  калғаны,  тұрмыс
деңгейінің  бұрынғыдан  нашарлағаны  талай  адамға  оңай  тиген  жоқ.  Одан
да  ашығырақ  айтар  болсам,  жер-жерде  қаулай  жөнелген,  біздін  халқымыз
64

бен мемлекетіміздің ерік-жігерінің арқасында ғана Қазақстанды шарпыман
өткен  ұлтаралық  қақтығыстардың  аяусыз  өртіне  күйген  адамдарға  жаңа
коғамдык  кұрылысты  жаксы  деп  дəлелдеу  де  онайға  түспейді.  Сонда  да
мен бүгін казақстандыктарға: сіздердің өздеріңіз жасаған тарихи таңдаудын
дұрыстығына  күмен  келтіретін  арзымсыз  саясаткерледің  сезіне  сенбес
бұрын  бізды  кандай  мұрадан  бас  тартқанымызды  жəне  неге  қол
жеткізгенімізді  ой  безбеніне  салып  көріңіздер  дегім  келеді.  Халыктың
ғасырлар  бойы  тəуелсіздікті  аңсаған  арманы  жүзеге  асқаны  кімге  зиян?
Қазақстан  бүгінде  «КСРО-ның  бір  бөлігі»  емес,  жыл  өткен  сайын  əлемдік
коғамдастықта  беделі  арта  түсіп  келе  жатқан  егемен  мемлекет  болып
отырғаны кімге зиян?
Біздің  жеріміздің  қойнауынданы  аса  бай  қазыналар  алғаш  рет
Казақстан халкына қызмет ете бастағаны кімге зиян? Біздің жерімізді адам
өмір сүре алмастай уланған шөл аймаққа айналдырған өлім сепкіш қарудың
сыналмайтын  болғаны  кімге  зиян?  Біздің  жерімізде  бейбітшілік  пен
тыныштық  орнағаны,  балаларымыздын  Ауғанстанда,  Таулы  Қарабақта,
Днестр  өңірінде  немесе  Чешенстанда  ажал  қүшпай  жатқаны  кімге  зиян?
Осының қадір-қасиетін білейік те, ағайын.
Біз  туындап  жатқан  проблемаларда  күш  көрсетейік  десек,  күшіміз
жетпей  жаткан  жоқ  оған  ешкім  алаң  болмай-ақ  қойсын.  Біздің
Конституциямызда  мемлекетті  жəне  онын  демократиялық  инстнтуттарын
корғаудың барлық жолдары көзделген.
Қактығыстарды  күш  қолданбай  шешуді  ұсынсақ,  реформалар
жүргізіп  жаткан  қазіргідей  күрделі  кезеңде  бəтуаға  келу  ерекше  қажет
екенін ұғынғанымыздан деп білу керек.
Саяси  тұрақтылықты  аспаннан  өздігінен  түсе  қалған  сый  секілді
көруге  болмайды.  Ол  саяси  қарым-қатынастардың  орнықтылығымен,
коғамдық  дамудын  дəйектілігімен  тікелей  байланысты.  Сондыктан  өкімет
билігі  тармақтарының  да,  саяси  қозғалыстардың  да  мұны  есте  ұстағаны
маңызды.  Барлық  Заңдарды,  шешімдер  мен  іс-əрекеттерді  олар  коғамның
тұрақтылығы  максаттарына  сай  келе  ме  деп  сараптан  өткізгені  тек  содан
кейін  ғана  ол  шешімдерді  қабылдау  керек.  Ешкімнің  де  Конституция
талаптарына  қайшы  əрекет  етуге  құкығы  жоқ.  Біз  негізгі  занда
айқындалған азаматтардың Құкықтары мен бостандықтарының бұзылуына
жол бермейміз.
Саяси  қарым-қатынастардың  орнықтылығын  қамтамасыз  ететің
көптеген факторлардың арасында экономикалық тұрақтылықты, ұсақ жəне
орташа  меншік  иелерінін  тұтас  бір  буыны  болуын,  зандардың  катал
65

орындалуын,  əлеуметтік,  ұлтаралық,  сондай-ак  діни  төзімділікті  атауға
болар еді.
Саяси
тұрақтылықтың
сакталуының
негізгі
шарты
мықты
экономика  екенін  біз  жаксы  түсінеміз.  Біздің  негізгі  күш-жігеріміз  алуан
түрлі  саяси  сауда-саттыққа  ғана  емес,  дал  осы  салаға  жұмсалуы  керек.
Реформаларды жақтайтындардың катарын жаппай көбейту - экономикалык
кана  емес,  идеологиялык  та  міндет.  Бізге  казір  жартылай  социалистік
ұрандардын
басын
онды-солды
коса
салған
қойыртпақ
емес,
реформашылық идеологиясы керек.
Алайда,  саяси  тұрақтылыкты  бір  келген  соң  баска  тепсе  кетпес
бактай  көруге  де  болмайды.  Шиеленіс  шығатын  жерлер  табылмай
тұрмайды,  олар,  əсіресе,  əлеуметтік  салада  көбірек.  Жаңа  мəселелерді
шешудің  тетіктерін  іске  коспасақ,  əр  саладағы  реформалардың  каркыяын
үйлестіре  білмесек,  жалпақ  жұртшылықтың  сенімінен  шыға  алмасақ  онда
тұрактылықтың сактала беруі неғайбіл болады.
Біз  реформаларды  күрделі  жағдайларда  жүзеге  асырып  жатқан
үкіметті  колдаймыз.  Бірақ  біздің  бұл  колдауымыз  адамдардың  күнбе-күнгі
өмірлік  мəселелері  қалай  шешілетіндігіне  тікелей  байланысты.  Олай
болмаған жағдайда үкіметке басқа адамдар келуі керек.
Біз  өтпелі  кезең  туралы  көп  айтамыз.  Бұл  кезеңнің  қашан
аякталатынын  ешкім  де  накты  айта  алмайды.  Оның  кешегі  күнге  қайта
оралуға болмайтындай жағдай жасалғанда ғана аяқталатынын айта аламыз.
Өтпелі
кезеңнің
өзі
əртүрлі
коғамдық-саяси
күштердің
кактығысымен сипатталады. Əңгіме кез-келген мемлекетте кездесе беретін
саяси кереғарлыктар туралы болып отырған жоқ. Мəселе дамудың екі түрлі
бағытында:  оның  бірі  -  əрқилы  əдемі  ұрандармен  боялып,  сылап-сипап
койған  өткен  кезеңге  кайта  оралу  да,  екіншісі  -  бұрынғы  қоғамдық
институттарды  түбегейлі  алмастыру.  Осынау  екі  түрлі  мүдденің,  екі  түрлі
стратегиянын, екі түрлі идеологияның, екі түрлі көзқарастың қактығысына
біз  күнбе-күн  куə  болып  келеміз,  өзгерістер  енді  кешеуілдемейді,
мемлекеттің барлық проблемалары түбегейлі шешіледі деп сеніммен айтуға
əлі ертерек.
Кез-келген өтпелі қоғамдағы əлеуметтік кұрылым орнықсыз болады
да  тез  өзгереді.  Бұл  арадағы  мəселе  материалдық  өзгерістер  туралы  емес,
барлық  елеуметтік  топтардың  қоғамдық  мəртебесі  алмағайып  күйге
түсетіндігі жайында болып отыр.
Осының  бəрі  бас-аяғы  бес  жылдың  ішінде  болғандықтан  да
бұкаралық  сананың  бұл  өзгерістерге  тиісінше  жауап  беріп  үлгере  алмай
66

қалатынына таңданудың жөні жоқ. Мұның өзі ара-тұра жұрттың зыкысына
тиіп,  баяғы  идеологияның  сарынымен  сөйлеуге  итеріп  те  жатады.  Бұл
кейде  тоталитарлық  утопияға,  ал  кейде  ауыл  арасындағы  социал-
реформизмге де ұласып кетеді.
Осы  солшыл  немесе  солшыл-орталык  ынғайдағы  доктринашылдық
сырттай қарағанда тартымды-ақ болып көрінгенімен, ол болашақ Казақстан
үшін сүйеу бола алмайды, мұның объективті себептері бар.
Біздің  қоғамымыз  кұрылымдық  тұрғыдан  алғанда  осы  таяу
жылдардың өзінде бірнеше ірі топтардан тұратын болады. Оларды шартты
түрде
ұсақ
жəне
орта
менішік
иелері,
жалдамалы
еңбекпен
айналысатындар,  ірі  ұлттың  капитал  иелері  деп  бөлуге  келеді.  Əрине,
қоғамды  басқаша  өлшемдер  мен  жіктеулер  бойынша  да  қарастыруға
болады, дегенмен, бұл араданақты жəне жаппай əлеуметтік мүдделерді осы
топтардың  өкілдері  білдіретіндігін  ұғыну  өте  маңызды.  Əлеуметтік
серіктестіктін,  кандай  тетіктері  іске  қосылатынын  біздін  күнделікті
жұмысымыз  бен  накты  əкономикалық  мүмкіндіктеріміз  айқындайды.
Қазақстан  қоғамының  жаңа  жағдайға,  жана  əлеуметтік  кұрылымға
бейімделуі
революциялық
ұраншылдық
арқылы
емес,
əлеуметтік
серіктестік арқылы жүруі керек.
Осы  бес  жылда  біздегі  қоғамдық  институттар  кандай  өзгерістерді
бастан кешті?
Менщік  иелерінің  тұтас  бір  буыны  дүниеге  келді;  баға  еркін
белгіленетін  болды;  тың  тұрпатты  сот  жүйесі  жасалды;  шаруашылық
жүргізуші орындар калай да жоспар орындауды емес, кіріс табуды көздеуге
көшті;  қатаң  бəсеке  өрістеуде;  каржы  көздерінің  мемлекеттен  тыс
инфраңұрылымы жасақталды; яғни экономика қалыптасты; корлар рыногы
кұрылды,  тағы  басқа  өркенді  өзгерістер  өмірге  енді.  Кейінгі  екі  жылда
еліміздің  мəдени  өмірінде  де  елеулі  жаксы  жаңалықтар  болды.  Ұлы
акындарымыз  Абай  мен  Жамбылдын  бір  жарым  ғасырлық  тойларын
лайықты деңгейде өткіздік.
Рас,  қазірше  нарықтық  инфрақұрылымның  барлық  нышандары
бірдей  тиісінше  дамып  кете  койған  жоқ,  дегенмен,  біз  бүкіл  дүние  жүзі
жүріп  өткен  жолға  түсу  үшін  батыл  кадам  жасай  алдық.  Бізді  сынап
сөйлейтіндер  мемлекет  тарапынан  реттеуге  кайта  көшу  керек  еді  дегенде,
бұлай  етсек,  жаңа  жағдайларға  бейімделіп  үлгерген  экономиканы  біржола
кұртын  тынатынымызды  түсінбейді.  Ендігі  міндет  -  жүзеге  асырылып
қойған  реформалардан  əлеуметке  мүмкіндігінше  көбірек  пайда  келтіру.
Беталды сынай бергеннен береке кіре калмайды.
67

Өтпелі  қоғамның  ерекше  мəнді  сипаты  мен  өзіндік  проблемасы
қоғамдық  институттардың  жеріне  жете  рефомаланбауынан,  өміршіл
экономиканың  калдыктары  мен  нарықтық  институттардың  араласып
келуінен  танылады-  Қазақстанның  XXI  ғасырға  толыкканды  жұмыс
істейтін нарықтык жүйемен енуін қамтамасыз ету бүгінгі тандағы аса іргелі
міндеттердің бірі болып отыр.
Сонымен,  оқиғаларды  кейіннен  тарих  деп  аталатыннын  бойына
жинақтаған осы бесжылдықта біз не нəрсеге қол жеткіздік?
Біріншіден.  Біз  жаңа  мемлекеттің  негізін  жасадық.  Бұдан  жүз  жыл
бұрын  үзілген  эволюциялык  процесс  қалыпты  арнасына  кайтып  оралды.
Ал  бүгін  танда  калыптасып  жаткан  нəрселерді  аукымы  жөнінен  ұлттың
өткен жолының бірде-бір кезенімен салыстыруға болмайды.
Екіншіден.  Біздің  нарықтық  экономика  құруға  караи  шешуші
ұмтылыс  жасауымыздың  сəті  түсті.  Көнеки,  ауыл-аймақтық  баға  беруден
іргені  аулақ  салып,  шындықтын  көзіне  тура  карайықшы.  Əлемнің
нарыктық  реформалар  шапшаң  жəне  дəйекті  жүргізілген  аймақтарында
бүгін  таңда  тұрмыс  деңгейі  күрт  көтерілді;  ал  табансыздық  пен  жартыкеш
əрекеттер  бой  көрсеткен  жерде  бұл  қадам  тұйыққа  апарып  тіреді.  Біз  бес
жыл ішінде ілгері ұмтылуымызға кажетті институттарды кұрдық.
Үшіншіден.  Бүгін  таңда  нашар  түсінілетін,  бірақ  құқықты  жүйеде
ұзақ  мерзімді  нəтижелері  болатын  бетбұрыс  жасалды.  Біз  көп  ілгеріледік
жəне  күні  кешегі  тоталитаризмнің  сүргінге  толы  құқыктарынан  мəңгіге
құтылдық  деп  үміттенемін.  Жəне  біз  жеке-дара  партияның  өктемдігін
талқандадық.  Сөздін  шын  мəнінде  ол  қалыпты  партия  бола  да  алмады,
керісінше,  өктемшіл  мемлекеттік  аппаратқа  айналды.  Егер  қысқа  ғана
айтсқ, еркін коғамның құкықтық негізі жасалды.
Төртіншіден.  Біз  өз  жас  мемлекетіміздің  қалыптасуының  мейлінше
күрделі сатысын қантөгусіз өттік. Көп ұлтты жəне көп дінді елге бұрынғы
мемлекет  пен  қоғамдык  кұрылыстын  дереу  ыдырауы  жагдайында  мұның
қаншалықты  күшке  түскенін  келесі  ғасырдъщ  тарихшылары  айтатын
болады. Бірак бұл - біздің даусыз жетістігіміз, онда  халықтың кемеңгерлігі
де, басшылықтың саяси ерік-жігері де бейнесін тапты.
Бесіншіден. Қазақтын мемлекеттік бірлестіктері ежелгі Қьітай, Араб
жəне  Еуропа  дерек  көздерінде  еске  алынғанымен,  Қазақстан  ешқашан  да
осындай дұние жүзі таныған мемлекет ретінде болған емес. Бұл соңғы бес
жылдың жетістігі. Кəнеки, Қазақстанның ыдырап кеткен империяның шет
аймақтағы  бұрышынан  дүниежүзілік  қоғамдастық  кұрметтейтін  жəне
ядролық  қарусыздану  сияқты  ғаламдык  процесте  орасан  рөл  атқарған
68

тəуелсіз мемлекетке дейінгі ауқымы жағынан ғаламат қашық жолды жүріп
өткенін  есте  сақтайық.  Егер  əлем  бізді  топтасқан,  демократиялык  бір
пікірлестердін  əкономикалық  Куатты  қоғамы  деп  көретін  болса,
дүниежүзілік  коғамдастық  казақстанды  осы  реттен  тани  беретінін  түсіну
маңызды.
Қазақстан  өз  тəуелсіздігінің  он  жылдығын  XXI  ғасырда  атап  өтетін
болады. Мынадай бір оғаш ақикат бар: ғасырлардың тоғысында ұлттар мен
мемлекеттердін  алдында  тарихи  таңдаудың  проблемалары  айрықша  өткір
тұрады.  Тек  қазіргі  ғана  емес,  ертегі  ұрпақтың  да  өмірі  уақыттын  үніне
дұрыс жауап қайтаруға байланысты болады. Біздің басым бағыттарымызды
тұжырымдап көрейік.
Біріншіден. Мемлекеттік, тəуелсіздік - бұл тарихтың сыйы емес жəне
тек қазіргі ұрпақтың бір өзінің ғана меншігі емес, Бұл - өткеннің алдындағы
парыз  жене  болашақтың  алдындағы  жауапкершілік.  Қазіргі  ұрпактың  рөлі
мынада - ол осы мемлекеттік пен тəуелсіздікті тек нышандармен ғана емес
(олар  қандай  сүйкімді  болып  көрінсе  де),  қайта  нақты  мазмұнмен
толықтыруға  тиіс.  Жай  ғана  саяси  тəуелсіздік  пен  күшті  мемлекет  арасын
орасан  зор  қашыктық  бөліп  жатыр.  Біздің  мақсатымыз  -  Қазақтанның
тəуелсіздігін  ақикат  шындыққа  айналдыру,  экономикалық,  құқыктық,
əскери,  ақпараттық  өлшемдерді  акиқат  шындыкқа  айналдыру.  Бүгінгі
мемлекеттіктің аксиомасы осындай.
Екіншіден.  Біз  бүгін  тарих  тағылымдарын  жақсырақ  түсінеміз.
Мəселе  тек  түсінуде  ғана  емес,  сонымен  катар  қорытынды  шығара  білуде
де.  ұлттық  тарихымыздын  ен  бір  алмағайын  сағаттарында  халық  бірігу
үшін  əркашан  да  күш  таба  білді,  алайда  ұлттық  ыдырау  тетіктерінің
соншалық тез іске косылуы да мəңгілік лағынетке батыратын. Біз ғасырлар
бойы  шыға  алмай  келген  ескі  қақпанға  түспес  ушін  атам  заманғы
талтаурындыктардан  іргені  аулақ  салуымыз  керек.  Сондыктан  біздің
міндетіміз  шынайы  ұлттық  топтасуға  кол  жеткізуде  болып  отыр,  онсыз
біздін мемлекетіміздің болашағы жоқ.
Үшіншіден.  Ұлтаралық  келісім  -  бұл  тəуелсіздігіміздін  бірінші  жəне
екінші  бесжылдығының  мəселесі  емес  жəне  жалаңаш  саяси  прагматизмнің
мəселесі  емес.  Біз  қарапайым  екі  ақиқатты  игеріп,  келесі  ұрпақка  беруге
тиіспіз:  Қазақстан  əрқашан  да  көпұлысты  мемлекет  болды  жəне  ешкім,
ешқашанда қандаи да бір ұлттық тазартуды жүргізбейтін болады; біздің көп
ұлыстығымыз  -  орасан  зор  мəдени,  əкономикалық  жəне  саяси  ресурс.
Алдымызда
карапайым
міндет
тұр
-
біздің
бəріміз
азаматтық
ортақтастығымызды  сезінуге  тиіспіз.  Бірақ  осындай  қарапайымдылыктын
69

ту  сыртында  орасан  зор  күрделіктер  бой  тасалауда;  өткенді  аңсау  да,  мен
ағамын,  сен  інісің  деген  сияқты  жаман  əдет  те  бар.  Біз  жаңа  саяси
болмысты  -  тəуелсіз  Қазақстанды  -  тезірек  сезінсек,  əркім  өзінің  оның
тағдырына катыс- тылығын тезірек сезінсе, біздің ұлтаралық татулығымыз
да одан бетер бекем бола түседі.
Төртіншіден. Бостандық пен тəуелсіздік - бұл тек мемлекеттің сөзсіз
өлшемдері  ғана  емес.  Миллиондар  мемлекеттің  тағдырына  тікелей
қатыспайынша,  оның  келешегі  жоқ.  Мемлекет  саған  не  беруге  тиіс  деген
сұрақ  кисынды  да  əділетті.  Бірақ  оның  тарихындағы  ең  манызды  кезенде
сен өз  мемлекетің үшін не  істеп жатырсың деген сұрақ  та əділетті  болмақ.
Біздің  ата-  бабаларымыз,  біздін  əр  кеуделі  жəне  бостандық  сүйгіш
халкымыз  ең  қатаң  жылдарда  да  өздеріне  осындай  сұрақ  коятын.  Бүгін,
отаршылдық  пен  тоталитаризм  ғасырларынан  кейін,  мемлекеттің  тағдыры
əрбір адамның азаматтық өлшеміне айналуға тиіс.
Жəне,  ақыр  аяғында,  бесіншіден.  Бүгін  біз  кандай  коғам  кұрып
жатырмыз деген сұрактын берілмеуі мүмкін емес. Иə, жай ғана - құкықтық
көзқарас
тұрғысынан
алғанда
барлығы
занмен
тұжырымдалып,
айқындалған: біз əділетті коғам кұрғымыз келеді.
Нарықтық-əлеуметтік
проблемалардың
өзінен-өзі
шешіле
алмаитыны  сияқты,  əділетті  коғам  да  декреттермен  кұрылмайды.
Нарыктық  романтизмнің  немесе  құқықтық  абстракциялардың  кезекті
утопиясының  торына  түсіп  қалмас  үшін  біз  халыктың  жаппай  күтіп
отырған  нəрселерін  парасаттылықпен  бағалай  білуге  тиіспіз.  Əрине,
əділетті қоғам - бұл қайыршылықтағы теңдік емес, бірақ касталык иерархия
да  емес.  Нарықтық  экономикалық  еркін  тəуелсіз  мемлекеттегі  əділеттілік  -
бұл  ең  алдымен  баршаның  заң  алдындағы  теңдігі.  Жас  мемлекеттердің
ежелден  белгілі  дерттері  -  жемқорлық,  қылмыстықө  жүгенсіз  кетуі  жəне
бюрократтық  өктемдік  -  ең  терең  реформалардың  мəні  мен  мазмұнын
бұрмалап  жіберуі  мүмкін.  Бұкараның  реформалардық  əділеттілігіне  деген
сенбеу каупі нақ осы арада бой тасалап жатыр, кұкықтардың нақты жұмыс
істейтін тетіктерін жасау - ғасырдың соңындағы ең басты міндеттердің бірі
нақ осы.
Біздің  буын  ту  сыртынан  тарих  тынысын  сезіп  тұр  десек,  бұл
қыздырмалы  қызыл  сөз  емес.  Миллиондаған  ата-бабаларымыздың
алдындағы, Даланың ұлы билеушілері мен батырларының алдындағы, осы
жүз  жылдықтың  алғашқы  отыз  жылының  керемет  дарынды  мемлекет
кайраткерлерінін  алдындағы,  бəрінен  бұрын  талай  жылдардан  кейін
тəуелсіз  мемлекетердің  сапында  өз  орнын  қайта  тапқан  халкымыздың
70

алдындағы ерекше жауапкершілік жүгі бізге осылай айтқызып отыр.
Мұндай  тағдыр  жер  бетіндегі  халыктардың  бəрінің  мандайына
казыла  бермейді,  қысқа  ғана  уақыт  аралығында  осыншама  күрделі
міндеттерді  шешу  де  кез  келген  халықтың  колынан  келмейді.  Өзіміздің
қуатты  мемлекеттігімізді  кұра  отырып,  тиімді  экономиканы  қалыптастыра
отырып,  ұлтаралық  келісім  мен  саяси  тұрақтылықты  сақтап  қалу  -  XXI
ғасырдың  табалдырығындағы  біздің  міндетімізді  осылайша  тұжырып
айтуға  болар  еді.  Əртүрлі  ғасырлар  мен  əрқилы  дəуірлерде  тарих  біздің
халқымыздың  алдына  өте  қатаң,  кейде  тіпті  катал  міндеттер  қойып
отырған. Мемлекеттігімізден айырылғанда да біздің халық ретінде сағымыз
сынған  жоқ.  Ғасырлар  тоғысында  тұрған  осы  сəтте  де  біз  жағдайды
боямалаудан аулақпыз.
Алайда, ұлттық тарихымыздың қандай бел-белесінде де біз өзіміздің
мемлекеттігімізді  сан  ғасырлар  бойы  тапжылмай  тұратындай  етіп  құруға
дəл осындай мүмкіндік алып көрген емеспіз. Тағдырдың осы сирек сыйын
пайдаланып қалу - біздің ұрпақтың мандайына жазылыпты.
Осы бақыт үшін біз баршамыз тəубе дейміз, осы жолда біліміміз бен
білігімізді,  қайратымыз  бен  қабілетімізді,  қажет  болса  жанымыз  бен
қанымызды аямай жұмсаймыз.
Баршаңызды
Тауелсіздік
күнімен
тағы
да
шын
жүректен
құттықтаймын!
Нұрлы  Отанымыз  -  Тəуелсіз  Қазақстанның  бағы  жанып,  абыройы
арта берсін!
71


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет