Біртуар, бірегей түЛҒа бірінші бөлім ежелден еркіндік аңСАҒАН



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата31.03.2017
өлшемі1,73 Mb.
#10866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Алтыншы тарау
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ
ТАҢДАУЫ - ТАРИХИ ЗЕРДЕ, ҰЛТТЫҚ
ТАТУЛЫҚ ЖƏНЕ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ
РЕФОРМАЛАР
1997 жылғы маусымның 6-сында
Ақмолада Қазақстан халықтары
Ассамблеясының IV сессиясында
жасаған баяндамасы
84

Қүрметті Ассамблея делегаттары мен конактары!
Ежелгі  əрі  мəңгі  жас  Акмола  жерінде  өздеріңізбен  кауышу
мүмкіндігі туғанына шын жүректен куаныштымын.
Сірə,  оның  тарихында  тұңғыш  рет  осындай  басалқалы  басқосу
өткізіліп  отырған  болар,  оған  катысушылар  елімізді  мекендеген  барлык
ұлттардың,  демек,  көп  ұлтты  Қазақстанның  күллі  халқының  мүддесін
білдіреді.  Осы  жағдаят  жана  астана  республиканың  коғамдык-саяси
өмірінің  шынайы  факторына,  ал  бұл  ретте  ұлтаралық  қатынастарды  одан
əрі тұрактандырудын өзіндік құралына айналуының айкын куəсі.
Ең алдымен сіздерге аса маңызды əрі уактылы бастамаларыңыз үшін
алғыс  айтуға  рұқсат  етіңіздер,  соған  сəйкес  Қазақстанда  ынтымақтастық
жайлы  келісім  жасалды.  Осы  Кұжатқа  кол  койған  барлық  партиялар,
қоғамдық
бірлестіктер
мен
ұлттык-мəдени
орталықтар
азаматтық
татулыкты  сактау  кепілдері  рөлін  мойнына  алды,  ал  Ассамблеяның  өзі
Қазақстан  қоғамында  айрыкша  сындарлы  рөл  аткарып  отырған  белсенді
қоғамдық институт мəртебесін қуаттап берді.
Ынтымақтастық  туралы  келісім  менің  жарлығыммен  Жалпыұлттық
татулык  жəне  саяси  куғын-сүргін  кұрбандарын  еске  алу  жылы  болып
жарияланған тұтас 1997 жылға саяси ренк береді. Мұнын өзі, əсіресе, өзіміз
саяси  куғын-сүргін  кұрбандарын  еске  түсірген  31  мамыр  күні  жаркырап
көрінді.  Барлық  қазақстандықтар  тарихымыздын  қайғылы  беттері
кайталанбауға тиіс деген бір тоқтамға келді.
Алайда, Жыл идеясын талқылаудың өзі кейде біздің тоталитарлыққ
өткенімізді пайымдау қажеттігін тусінбеушілік бар екенін көрсетті. Осы
орайда  тарих  сабақтарын  ұдайы,  ұрпақтан-ұрпаққа  игере  беру  керек
екеніне  менің  иманым  кəміл.  Əсіресе  біздің  Қазақстан  бүгінде  басынан
кешіп отырған қоғамдық жəне экономикалық дамудың өтпелі кезеңнде бұл
өте қажет.
I.
ТОТАЛИТАРИЗМ САБАҚТАРЫ
II.
Өткен  дəуірдің  аса  ұлы  философтарының  бірі  Иммануил  Кант
болмыстың  кез  келген  азды-көпті  маңызды  мəселесінің  жақсы,  жаман
жақтарын  мұқият  талдап  отыратындығымен  мəшһүр  болған  екен.  Біздің
Ассамблеямызда  да  Казақстанның  саяси,  экономикалық  жəне  мəдени
дамуының аса күрделі мөселелерін мейлінше ашық қарайтын жақсы дəстүр
қалыптасқаны белгілі. Осы дəстүрді бүгін де сақталық.
Сонымен,  Еске  алу  жəне  татулық  жылы  жөнінде  кереғр  екі  пікір
бар.  Олар  мынаған  саяды:  біріншіден,  өткенге  жугіне  отырып,  біз
85

кінəлілерді, соның ішінде кінəлі ұлттарды іздей бастағанымыз жөн секілді;
ал  екіншіден,  біздің  артымызда  тек  сыни  көзқарас  турғысынан  ғана
саралауға келмейтін дақты жол жатыр.
Алдымен осы екі айқындаманың басын ашып алғым келеді.
Əуелі мынадан бастайық, тоталитаризм жойқын соққы бермеген, əрі
өкінішке қарай, кей ретте орны толмас залалы тимеген бірде-бір ұлт, бірде-
бір халық жоқ.
Егер  əңгіме  біздің  көлгір  оппоненттеріміз  ашып  айта  алмай  жүрген
мəселе  жайында,  атап  айтқанда,  осы  қанқүйлы  куғын-  сүргіндегі  орыс
халқының  рөлі  жайында  болса,  онда  жиырмасыншы  ғасырдың  ащы
шындығынын  бірі  -  бұрынғы  империяның  жəне  КСРО-ның  ен  саны  көп
халқы ретінде нақ осы орыс халқының өзінің мыңжылдық тарихындағы аса
зор этностық қасіретті басынан кешіргенінде жатыр. Дəл сол сияқты қазақ
халқы  да  тікелей  жəне  жанама  түрде  өзінің  тең  жартысына  жуығынан
айырылды. Қоныс аударылған халықтарды этностық қырып-жоюдың адам
айтқысыз  зор  ауқымы  мен  тағылық  сипаты  жайындағы  мəліметтерді
қайталап жатпайын. Осы жылдың шараларын өткізе отырып, біз əр нəрсені
өз  атымен  атауғак  тиіспіз.  Сонда  ғана  күллі  тарихи  шындық  толығымен
ашылмақ:  өтіп  бара  жаткан  ғасырдың  осынау  этностық  Акырзаманы  үшін
бірде- бір халық кінөлі емес, бұл - жүйенін кінəсі.
Екінші  жағынан,  битке  өкпелеп,  тоныңды  отқа  салуға  болмайды.
Барлық  халықтардың,  соның  ішінде  қазақ  халқынын  күні  кешегі
тррихындағы сындарлы сəттерге көз жұма карау аңғалдық болар еді. Шын
мəнінде  мейлінше  қысқа  мерзімде,  жетпіс  жылдан  сəл  ғана  астам  уақыт
ішінде,  экономикада  жəне  бір  кездегі  патриархтық  өмір  салтында  орасан
зор жаңыртулар жүргізілгені даусыз. Ал бұл табыстарға кол жеткізген өзге
планеталыктар  емес,  сіздер  мен  біз,  əкелеріміз  бен  аталарымыз.  Өткен
жолымыз - жеңістері мен жеңілістері, қуанышы мен, қасіреті қатар өрілген
ортақ  өткеніміз.  Ендеше,  басқа  пікірдегі  адам  аға  ұрпақтың  істері  мен
əрекетін тарихи мəнсіздік пен ұсақтық деп кінəлар болса, мұнысы кісілікке
жатпайтынын ұғын алсын.
Менің
əрдайым
тарихқа
деген
салиқалы
көзқарасты
жақтайтынымды өздеріңіз білесіздер. Бұл - жалғандыққа, өнін айналдыруға
төзбейтін  ғылым.  Біз  дəнді  қауызынан  арши  білу  өнері  өткендегі
қателіктерді  кайталамаудың  бірден-бір  кепілі  екенін  əрдайым  жадымызда
ұстауға тиіспіз. Сондықтан еске алу жəне татулық жылын өткенге топырақ
шашу  жарысына  айналдырып  жібермеу  керек.  Оның  мүлде  өзге  мазмүны
жəне  мүлде  өзге  тағылымы  бар.  Мен  муны  тоталиаризмнің  қарабет
86

сабақтары дер едім.
Біріниші сабақ. Біздің бəріміздің, өзімізге дейін өмір сүрген ұрпақтар
алдында адамгершілік парызымыз бар. Саяси кұғын сүргіннің сан миллион
кұрбандарының тағдырын ешкім ойдан шығарған жоқ. Бұл катал шындық
жəне ол еткенде калғанмен, одан кеудедегі кайғы-шер азаймақ емес. Қазақ
жері  тоталитаризмнің  ең  бір  жантүршігерлік  туындыларының  бірі  -
қаптаған концентрациялық лагерьлер өңіріне айналды.
Фашистік Германия концлагерьлерінен көп бұрын Қазақстан, соның
ішінде сіздер мен біз казір жиналып отырған облыс аумағында, ауқымы мен
канқұйлылығы жөнінен ондағыдан бір де кем туспейтін «адам материалын
сұрыптау»  жүргізілгенін  ой  сарабынан  толық  өткізіп  болдық  па?  Кеңестік
тоталитаризм  тіректерінің  бірі,  «көсемдер  санатында»  өте  иі  жұмсағы
саналатын Бухарин мырза шімірікпестен дəл солай деген болатын.
Осы  залда  дінге  қулай  сенгендер  де,  атеистер  де  отыр.
Демократиялық  мемлекетте  ұждан  бостандығы  дегеніміз  -  шынында  да
əркімнің
мейлінше
өз
мəселесі.
Бірақ,
адам
ойының
кемеңгер
ескерткіштерінің  бірінде  бейнеленген  жалпыадамзаттық  қағидалар  бар.
Олардыңң  бірі  былай  сөйлейді:  «тірілер  дүниеден  озарын  біледі,  ал
өлгендер  борінен  бейхабар,  оларға  арнап  дұға  да  оқылмайды,  өйткені
олардың есімдері зердеден өшкен». Еске алу мен татулық жылының міндеті
-  осы  қайғылы  сөздер  арқылы  өз  парызымызды  еске  салу.  Ңақақтан  опат
болған  жандарды  еске  алып  қайғырғанда  біз  адамзат  заңына  да,  Киелі
кітапқа да толық сай келетін əрекет жасаймыз.
Кейбір фактілерді ой елегінен өткізейікші. КСРО-да жеке басы жəне
«кулак  отбасылары»  делінетіндердің  кұрамында,  шамамен,  25-27  миллион
адам  қуғын-сүргінге  ұшырады.  Соның  ішінде  20  миллионнан  астамын
«кулак» деген айдар тағылған, мал-мүлкі тəркіленген, шын мəнісінде «тап
ретінде  жойылған»  шаруалар  кұрайды.  Төңкеріс  пен  азамат  соғысынан
кейін  КСРО-  ны  2  миллионға  жуық  адам  тастап  кетті.  1954  жылдың
ақпанында  Н.С.Хрущевке  1921  1954  жылдар  ішінде  «контрреволюциялық
қылмыстары»  үшін  сотталғандардың  саны  жөнінде  егжей-тегжейлі
анықтама  əзірлеп  берілді.  Сотталтндардың  жалпы  саны  уш  миллион  777
мың  адам,  соның  ішінде  ең  ауыр  жазаға  кесілгендер  642  мың  адам  болды.
Қазақстанда  осы  кезең  ішінде  саяси  себептермеп  100  мыңнан  аса  адам
сотталды, ал 25 мыңнан аса адам атылды.
Саяси қуғын-сүргіннің ауқымы жан туршіктіреді. Ең бір сорақысы -
Қазақстандағы  ұжымдастыру  салдарынан  етек  алған  алапат  ашаршылық
жылдары,  бір  ғана  1931  жылы  Орталық  Қазақстан  аудандарына  Ресейдің
87

ішкі  аудандарынан  150  мыңнан  астам  арнайы  қоныс  аударушылар
жайғастырылды.  Қазақстандағы  ашаршылық  пен  оның  іш  сүзегі  індеті
сияқты зардабының тікелей құрбандарының ара қатынасын ажырату қиын,
алайда,  осынау  зорлық-зомбылықпен  жасалган  тəжірибе  жалпы  саны  1
миллион  750  мыңдай  адамның  өмірін  қиды,  бұл  республикадағы  қазақ
тұрғындарының 42 проценті.
Адам басына салған касіреті қисапсыз тағы бір фактіні айта кетейін.
1920  жылдан  1949  жылға  дейінгі  30  жылдың  ішінде  КСРО-да  3  миллион
200  мың  адам  жер  аударылды.  Бұл  қайғы-  касірет  жөнінен  Қазақстан  жері
көш  басына  шыкты:  зерттеушілердің  есебі  бойынша  мұнда  қыркыншы
жылдары  1  миллион  200  мыңнан  астам  адам  арнайы  коныстанушылар
болған.
Белгілі  ресейлік  тарихшы  Рой  Медведевтің  есебі  бойынша,  1927-
1953  жылдары  КСРО-да  40  миллиондай  адам  құғын-сүргінге  ұшыраған.
Өзге  зерттеушілердің  пікіріне  сайсақ,  Бұл  статистика  одан  да  сумдық,
дегенмен,  саны  турліне  қубылғанмен,  құғын-сургіннің  дəл  мұншалықты
ауқымын  адамзат  тарихы  бурын-соңды  білген  емес  жəне  бұдан  былай
ешқашан білмес деген умітім бар.
Проблема  осы  касіреттің  орасан  зор  этностық  зардабына  ғана  емес,
оның  аса  бір  келеңсіз  əлеуметтік  салдарына  тіреледі.  Əңгіме  тұтас  таптар
мен
əлеуметтік
топтардың
жойылуы
жəне
тепе-тен
əлеуметтік
құрылымның  орнына  еңбек  пен  адам  өмірінің  мүлде  бұрмаланған
өлшемдеріне негізделген барынша қисық- қыңыр коғамдык жүйенің пайда
болғанында.
Сыртында
миллиондардың
касіреті
тұрғанымен,
қоркыныштысы  сандар  ғана  емес.  Қоркынышты  нəрсе  басқада  -  тұтас
алғанда тоталитаризмнің дерттілігін түсінбеуде.
Екінші  сабақ.  Біз  тоталитарлык  режимнің  кандай  тарихи  таңдауды
тыксырып  тастағанын,  егер  тарих  көшіне  аса  аукымды  əрі  катыгез
əлеуметтік утопия араласпағаңда, кандай жолмен дамуымыз мүмкін екенін
пайымдауға тиіспіз.
Таяуда ғана Қазақстан азаматтары өз мемлекетіміздің тəуелсіздігінің
бес  жылдық  мерейтойын  атап  өтті.  Бұл  -  халықтың  бостандық  пен  дербес
даму  жолындағы  сан  ғасырлык  күрес  тарихынын  нəтижесі  ғана  емес,
мұның  өзі  ұлттық  зиялы  тектілеріміздің  ешқашан  да  толастамаған
қызметінін  корытындысы.  Ғасырымыздың  басында  Əлихан  Бөкейханов,
Ахмет  Байтұрсынов,  Міржакып  Дулатов  жəне  олардың  серіктері  «Алаш»
партиясын  құрды,  оның  бағдарламасы  біздің  бүгінгі  күні  жүзеге  асырған
ісіміздің  көбісін  көздеген  еді.  Осыдан  92  жыл  бұрын  Оралда  бес  облыс
88

делегаттарынын  съезі  болып  өтті,  онда  Коңституциялық-демократиялық
партия  Кұрылған  болатын.  Іс  жузінде  ол  сонымен  бір  мезгілде  өзін  Ресей
Конституциялық-демократиялық  партиясының  Қазақстандағы  филиалы
деп  сариялады,  ал  оның  басшысы  Əлихан  Бөкейханов  осы  партияның
Орталық комитетінің мүшесі болып сайланды.
Қазақ конституциялық демократтары - кадеттер өз бағдарламасында
заң  шығару  билігін  Дума  аркылы  жүзеге  асыруды  жəне  елде  президенттік
институт  енгізуді  ұсынғанын  білгендерідіз  сіздерге,  сірə,  артық  болмас.
Сайлауға  қатысу  Құқығы  тегіне,  ұлтына,  діни  қанымына  жəне  жынысына
Карамастан  барлык  азаматтарға  беріледі.  Делегаттарды  сайлау  төте,  тең
жəне жабық дауыс беру аркылы жүргізілуге тиіс еді.
Ғажайып көрегендік! Бірақ, кай жағынан алғанда да осынау ардақты
адамдарға  кеңес  тарихнамасынан  бар  бұйырғаны  -  «ұлтшылдар»  деген
айдар ғана.
Осы  фактінің  сырына  тереңірек  ұңілейікші.  Тарихи  тұргыдан
алғанда  Қазақстан  аумағында  жиырмасыншы  ғасырдың  бірінші  ширегінде
демократиялық мемлекет құру мүмкіндігі бар еді. Ресейдің де даму бағдары
қалыпты  эволюциялық  дамудың  осы  жолымен  келе  жатты.  Əртүрлі
себептердін  салдарынан  осы  қалыпты  əрі  өркениетті  жол  кесіліп  калды.
Демократиялық  өзгерістер  бағытына  бұдан  сексен-тоқсан  жыл  бұрын
түссек, біз бүгін ең болмағанда Оңтүстік-Шығыс «жолбарыстары » немесе
«аждаһалары»  аталатындардың  соңынан  еріп,  қуып  жетушілердің  күйін
кешер ме едік? Бұл үлкен сұрақ.
Осы  проблеманың  келесі  бір  қырының  маңызы.  да  будан  кем  емес.
Егер Ресейде сол кезде қалыпты зволюциялық процестер бел алғанда, онда
Еуразия
кеңестігінің
барлық
елдерінде
ұлттық
мемлекеттіліктің
қалыптасуы жарты ғасыр ертерек басталатын еді. Өзіміз тап болған тарихи
артта калушылык кезеңі - уысымыздан шығып кеткен ұлттық мүмкіндіктін
тікелей  салдары  екенін  біздін  айқын  түсінуіміз  керек.  Режимнің  кесірінен
колымыздан  шығып  кеткен  мүмкіндік.  Бұған  кəсіпкой  тарихшылар  жақсы
қанық. Бірақ, осы карапайым акиқаттын байынты бағамы бұкара саяасына
сіңірілуге тиіс.
Қазақтар  да,  орыстар  да,  украиндар  да,  өзбектер  де,  кай  жағынан
болсын, анау индонезиялықтардан немесе филипиндіктерден кем түспейді.
Олай  болса,  күллі  Оңтүстік-Шығыс  Азияда  немесе  сонау  Мексикада  орын
алған  соңы  жылдардын  ғажап  жетістіктерін  немен  түсіндіруге  болады?
Ұлттық  психологияның  тылсым  сырына  сілтейміз  бе?  Жоқ  тіпті  де  олай
емес,  ақылды  немесе  ақымақ  халық  болмайды.  Біздің  артта  қалуымызды
89

жалғыз  ғана  коммунистік  идеологиясы  бар  тоталитарлық  режимнің  саяси
жəне əлеуметтік-экономикалық сипаттамасымен түсіндіруге болады.
Ендеше,  екінші  сабактын  айтары  -  өткендегі  тоталитарлық  режим
бізді  бүгінгі  күні  өміріміздің  барлық  салаларын  жедел  каркынмен
реформалауға мəжбүр етті. Бұл реформаларды неге мүмкіндігінше шапшаң
жүргізу  қажет  болып  отыр?  Өйткені  өзге  елдер  ілгері  ұмтылуға  арнаған
уақытты  тоталитаризм  тоғышарлықпен  қолдан  шығарып  алды.  Мұны
бартаның түсінетін кезі жетті.
Үшінші сабақ. Өткенді естен шығармау бізге режим кұрбандарынын
алдындағы  парызымызды  өтеу  үшін  жəне  жеделдетілген  реформа
жүргізудің  неліктен  соншама  күрделі  екенін  түсіну  үшін  ғана  қажет  емес.
Мұның өзі қателіктерді кайталамау үшін де кажет.
«Ақиқат  мандайыңа  тимей,  санана  сіңбейді»  деген  сөз  бар.  Ал  бұл
ақиқат  маңдайымызға  тиді.  Бүгінде  саяси  баскарудың  қатаң  өдістеріне
қайтып  оралуға  үндеген  сөздер  де  естіліп  жатады.  Сонда  тертіп  мықты
болады  деседі.  Оған  мүлде  қарсымын.  Ондай  көзқарас  жеке  басымның
түсінігіне  сай  келмегеңдіктен  ғана  емес,  жуан  жұдырықтың  ығытымен
тəртіп  орнату  тарихи  тұрғыдан  мүлде  кері  нəтижелер  беретіндіктен  де
карсымын. Оның үстіне халық əрең жеткен өз бостандығын колдан бермек
емес жəне ешкімге сыйлай салмайды.
Қарабайыр  шешімдердің  жаңсақ  келетін  кездері  жиі.  Бір  партия,  бір
идеология,  бір  ойлау  жүйесі  тəн  тоталитарлык  саяси  машинаның
қарапайымдығы жалған болып шықты, өйткені соның арқасында «жарқын
болашаққа»  жетіп  бару  əрекетінің  арты  күйреп  түсу  болды.  Бұл
қарабайырлық,  əсіресе,  ұлттық  катынастар  саласында  айрықша  зұлматты
болып
шықты.
Зорлық-зомбылық
пен
идеологиялық
жылмитуды
астастыруға  негізделген  кеңес  кезеңінің  ұлттық  саясаты  адамдардың
санасы мен рухани дүниесінің адам айтқысыз жұтаңдануына əкеліп тіреді.
Өлі күнге дейін кеңестен кейінгі кеңістіктің əртүрлі аймақтарында бықсып
жатқан  ұлтаралық  қақтығыстар  мен  ағайынаралық  қантөгістердің  бастау-
кайнарларын  жекелеген  халықтардың  бойындағы  туа  біткен  егес
кұмарлықтан  емес,  нақ  сол  қарабайырлықтың  соқтықпалы  зардантарынан
іздеу қажет.
Бір  ғана  қарапайым  мəселе  төңірегінде:  неліктен  тоталитарлық  жүе
алдымен зиялылардың көзін жойды? деген сауалдың айналасьында ойлану
артық болмас еді. Мұның да қисыны қарапайым: халықты ұлттық намысы
мен  ұлттық  қадір-қасиетінен  айыру  үшін  оны  зердесінен  айырып,
мəдениетін,  парасатын  жою  керек.  Нақ  сол  Ресейдің  өзінде  алдымен
90

орыстың  зиялылық  дəстүрінің  даңқын  шығарған  жəне  халықтың
мақтанышы  болып  табылатын  философтар,  əдебиетшілер,  ойшылдар
қуылғаны  кездейсоқ  емес  қой.  Ал  елде  қалғандардың  тағдыры  талқыға
түсті. Осы жүйенің өмірінің соңғы сағатына дейін Əлихан Бөкейханов пен
оның серіктерінің ізіне түсуі де кездейсоқ емес, тіпті жуйенің өзі қолдап, өзі
өсірген  С.Сейфуллиннің,  О.Жандосовтың,  Қ.Сəтбаевтың,  М.Əуезовтің
жəне еуропаша білімдар əрі демократиялық бағдар ұстанған ондаған өзге де
қазақ зиялыларының тағдыр тақ сүретін тартуы да кездейсоқ емес.
Бүгінде  бұрынғы  Одақта  ұлттық  мəселенің  шешілгендігі  жайлы
айтылған  кезде,  белгілі  бір  мағынада  оның  шешілгендігімен  келісуге
болады.  Бірақ  бұл  шешімнің  мəнісі,  ұлттық  болмыстын  жүйенің  саяси
мүддесі  үшін  кұрбандықка  шалынуында  жатыр.  Мұның  өзі  неден  көрініс
тапты?  Бұл  -  біреулердің  тыныштығы  өзгелерді  езгіге  салу,  туысқан
республикаларды  əбден  ресми  түрде  «үлкен»,  «кіші»  деп  бөлу,  тұтас  бір
халыкты бір түн ішінде қарудың күшімен мал таситын вагондарға тоғытып,
туған жерінен жыраққа айдап əкету аркылы көрініс тапты. Əрине, бұл əдіс
билеушілер үшін оп-оңай, ал халык үшін сұмдык кайғы-касірет.
Нақ  сондықтан  да,  ұлттық  татулық  жайын  айтқанда,  біз  ұлттык
мəселені  «шешудін»  өткеннен  өзімізге  мəлім  жолын  кайталауға  ешбір
жағдайда  жол  беруге  болмайтыны  жөнінде  өзімізге  өзіміз  есеп  беруге
тиіспіз. Ал бұл үшін шындыктын бетіне тура карау керек.
Ең маныздысы сол, табиғатта осынау проблемаларды шешудің даяр
нұскалары  жоқ,  ор  ел  ұлтаралык  қатынастар  саласын  өзінше  дамытады.
Мұның өте күрделі проблема екеніне кемелденген демократиялцық жүйесі
мен қолайлы экономикалық ахуалы бар елдердің өзінің тəжірибесі айғақ.
Сонымен,  тоталитаризмнің  бізге  берген  үшінші  тағылымы  -  ұлт
мəселесін  шешудін  тұйыққа  тірейтін  жəне  мүлде  келешегі  жоқ  амалы.
Осынау ескі негізде қазіргі заманғы Қазақстанда ұлтаралық татулыққа қол
жеткізу мүмкін емес.
III.
« СОЦИАЛИСТІК СЫРҚАТ СЫЗЫН»
ЕҢСЕРУ: ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСТАР
Осы  сессияда  біз  тарихи  зерде  мəселелерін  егжей-тегжейлі
карастырып  отырғандықтан,  төтен  құбылыстын  психологиялык  жағын  да
қарастырған  жөн,  мен  оны  «социалистік  сырқат  сызы»  дер  едім.  Бір
жақсысы,  өлі  алыста  қала  қоймаған  өткеніміздін  тағылымы  талдап-
саралауға  мол  материал  береді.  Мұнын  өзі  халық  өмірі  үшін  қайсысы
калаулырақ  -  тоталитарлық  социализм  бе,  əлде  нарыктық  демократия  ма
91

деген  сұрақ  бүгінде  күнделікті  тіршілік  күйбеңі  барысында  кызу
талқыланып жүргендіктен маңызды.
Осыдан  бірнеше  жыл  бұрын  қақырал  кеткен  кеңестік  жүйе  жетпіс
жылдан
астам
уақыт
каланғанын
еске
түсірейікші.
Ал
біздің
тəуелсіздігімізге  бар  болғаны  алтыншы  жыл.  Бірақ  мұнын  өзі,  былайша
айтканда,  «зан  жүзінде».  Ал  істің  мəн-жайына  объективті  тұрғыда
карайтын  болсақ,  шын  мəніндегі  дербес  саясатты  біз  тек  1993  жылдың
соңынан бастап кана жүргізе бастадық.
Жоғарыда елдегі тоталитарлық, жоспарлы жуйенің оңдаган миллион
адамдардың азап шегуі, біздің əкелеріміз бен бабаларымыздың төккен қаны
мен  тері  арқылы  құрылғаны  айтылып  өтті.  «Төнкерістін  жалынды
жаршысы»  Владимир  Маяковский  сталиндік  казармалық  құрылыстын
іргесі  қалана  бастаған  кезде  өз  ұрпағынын  поəтикалық  арманын  -
«шайкаста құрылған социализмді» көру арманын паш етті.
Бұл шайқастар аймактың, бір демде өтетін шайқастардай көрінген-ді.
Бірақ  олар  жетпіс  жылға  созылған  ұдайы,  бірде-бір  минутка  толастамаған
күреске  айналды.  Осы  уақыт  ішінде  Кеңес  Одағында  бірнеше  ұрпақ
алмасты, бірақ олардың бірде-біріне тоқжарау молшылықта да өмір сүрудің
реті  ақыры  келмеді.  Мен  билеуші  топ  удайы  жариялап  келген,  бірақ
миллиондаған  қарапайым  адамдар  үшін  қол  жетпес  арман  болып  қала
берген  құт-береке  жайында,  тіпті,  сөз  етпей-ақ  қояйын.  30-жылдары
тұрмыс  қиын  болды,  ол  кезде  Қазақстанның  өзінде  ғана  ашаршылықтан
халықтың жартысы қырылып қалды, кейінгі - соғыс жəне соғыстан кейінгі
жылдарда  да,  дужен  сөрелері  қаңырап  бос  қалган,  рухани  жутаңдық
билеген  «кемелденген  социализм»  делінетін  дəуірде  де  солай  болды.
Орасан  зор  былыққа  батып,  жуйенің  тупкілікті  күйреуіне  əкеліп  соққан
горбачевтік  «қайта  құру»  жылдарында  да  молшылықтың  ауылы  алыс
болды.  Шын  мəнісінде,  кенестік  дəуірдің  күллі  тарихының  өзі  -  бұл
халыктардың  орасан  əрі  шексіз  кезегі  болып  табылады.  Концентрациялық
лагерьлерге  жəне  шетелге  коныс  аударуға,  азык-тулік  пен  пəтерлерге,
машиналар  мен  басқа  да  ұдайы  жəне  еш  таптырмайтын  тапшы  заттарға
кезек.
Көпшілігіміздін  есімізде  жүрген  сол  жылдар  аужайында  коғам,
бəрінен  бұрын,  рухани  бостандыкка  ұмтылды.  Бұл  жайында  ас  үйлер  мен
«шылым  шегетін  жерлерде»,  ең  жақын  достар  арасында  біз  бүгін
«электорат» деген сəнді сөзбен атайтын адамдардын баршасы дерлік ұдайы,
бұкпалап  болса  да,  сөз  ететін.  Олар  «колбаспа»  қолжазбаларын  кұныға
окып,  цензуранын  барлык  түрлерімен  тыйым  салынған  магнитофон
92

жазбаларын тыңдайтын, шынайы ақпаратты шетелдік «радиодауыстардын»
түнгі хабарларынан алатын.
Сонғы  он  жылдықта  шыкпа  жаным-шыкпамен  өрең  жан  сактап
келген əкімшілдік-еміршілдік жүйе күйреді де, аңсаған бостандық былайша
айтқанда, барлык арна атаулыдан саулап коя берді, ал жариялылық барлык
мүмкін болған жəне сатикалы шектердің бəрін кемерінен аса тез толтырды.
Бірақ  бостандыктын  алғашкы  селіне  шомып  масаттану  өткен  кезде,
белгісіздіктің кыска кезеңі артта калған шакта ғана біз болашаққа ұмтылыс
жасау  сөресіне  қадам  баса  алдық.  Нақ  сол  кезде  жаңа  қоғам  кұрылысы,
казіргі  заманғы  нарықтың  экономикасы  бар  тəуелсіз  мемлекет  кұру  ісі
басталды.
Əуел  бастан-ақ  жəне  казіргі  кездің  өзінде  бізге  саясаттың,
экономиканың,
қорғаныстың,
əлеуметтік
саланың,
ішкі
өмірдін,
халыкаралык  қатынастардың  барша  кырларында  түбегейлі  жаңа  міндеттер
мен  проблемалардың  орасан  зор  аукымын  кешенді  түрде  шеше  отырып,
бəрін де бір мезгілде игеруге тура келіп отыр.
Бұл - біз ойлап тапқан жол емес, бүгінгі таңға барлық жаңа тəуелсіз
мемлекеттер осы жолмен жүріп келеді. Өрі олардың бірде-бірі өткен жүйені
сақтап калуға немесе бұрынғы «социализмді» калпына келтіруге талпынып
отырған жоқ. Өйткені тарих тегершігін ешкім кері бұра алмак емес. Біз осы
жолға  түскенде,  алдымызда  тосып  тұрған  күйзелістердін  қаншалықты
күшті  боларын,  қаншалыкты  терең  экономикалық  жəне  əлеуметтік
сынактың иыққа түсерін ғана елестете алдық.
Адам зердесі əрдайым аса талғампаз жəне белгілі бір  дəрежеде тіпті
өзімшіл  категория  болатын-ды.  Əлбетте,  əркімнін  де  тегін  білім  алу  мен
денсаулык  сақтауды,  тұрақты  жалақы  алып,  зейнеткерлікке  дейін  отыруға
болатын  орныкты  жəне  жайлы  жұмысы  болғанын  есте  тұтқысы  келеді.
Бірақ осы ретте, неліктен екенін қайдам, мына жəйт еске түспейді: егер сіз
жоғары  білікті  маман  болсаңыз,  сіздің  білім-білігіңіз  бен  қабілетіңіз  сол
тұста қаншалықты əділ бағаланатын еді? Немесе, керісінше, мынадай сұрақ
неге туындамайды: сіздің еңбегіңіз, тіпті, өзіңіз жұмыс істейтін ұиымыңыз
жалпы біреуге керек пе еді?
Иə,  бұрынғы  жалған  социализмнің  көптеген  елестері  сөйілді.  Бірақ
əлі  де  өткенді  марапаттауға,  тедгермешілікті  əлеуметтік  əділеттіліктің
жоғары  көрінісі  ретінде  аңсауға  бейіл  адамдар  бар.  Психологиялық
тұрғыдан мұңың өзі ұғыныкты да түсінікті: уақыт кері қайтып келер болса,
шіркін! Бірақ оларға іргетасы қираған үйдің қабырғасын сақтаудың мүмкін
еместігі  беймəлім.  Сол  сияқты  күйреп  кеткен,  жұлым-жұлымы  шықан
93

экономика тұсында да бұрынғы бүкіл əлеуметтік қондырманы сактап қалу
мумкін емес.
Негізгі  тауарларды  бөлудің  атышулы  карточкалық-талондық
жуйесін еске түсірейікші. Сурапыл соғыс жылдары емес, берекелі делінетін
алпысыншы,  жетпісінші  жəне  сексенінші  жылдары  ел,  түптеп  келгенде,
барлық  заттың  тапшылыгын  басынан  кешті.  Сатуда  ең  қарапайым  заттар,
тіпті,  сабын,  сірінке,  электр  лампочкалары,  тұз,  қант,  кір  жуатын  ұнтақ
жəне  күнделікті  тұтынылатын  көптеген  басқа  заттар  болған  жоқ.  Адамдар
жартылай  бос  тұрған  сөрелерде  ілуде  бір  көрінген  нəрсенін  бəрінен  кор
жинайтын. Казақстан астанасында 1988 жылдын маусым айы күндерінде ас
тұзының  жарты  жылдық  қоры  сатылып  кетті.  Республика  үкіметі  орасан
зор күш-жігер жұмсай отырып, егін орағына катысатын комбайншылар мен
механизаторларды  тамақ  жəне  темекі  өнімдерімен  қамтамасыз  ету
мақсатында  қор  құру  үшін  Мəскеудің  қисапсыз  кабинеттеріне  алакан
жаятын.
Осының  бəрін  -  жаппай  тенгермешілік  пен  бəрібір  көрініп  тұратын
кедейшілік,  диктатураның  шексіз  билігі  мен  жеке  басымыздын,
кажетсіздігі,  насихаттың  аярлығы  мен  өз  өмірімізді  жаксы  жағына  қарай
сөзгерту мүмкін еместігі жайын еске түсірейікші. Еске түсірейік те өзімізге
сауал қояиыкшы: өзінін күллі «сенімен» социализмнің құрдымға кеткеніне
өкіну қажет пе?
Ашығын айтайық: Қазақстан бұрынғы «КСРО халық шаруашылығы
кешенінің»  ықпалынан  айырыла  алмай  əлектенген  тəуелсіздігіміздің
алғашқы жылдары да басымыздан көп қиындықтарды ескеруге тура келді.
Мұның
үстіне
əңгіме
біздің
толық
экономикалық
дербестігіміз,
қалыптасқан  əрі  салиқалы,  экономикалық  жағынан  тиімді  шаруашылық
байланыстарды тупкілікті үзу жайында болған жоқ еді ғой.
Қазақстан  мəселені  ешқашан  бұлай  қойған  емес  жəне  мұндай
бастамалар жасаған емес. Керісінше, сол кездің өзінде-ақ біз экономикалық
интеграцияның  қажеттігі  туралы  бар  дауыспен  жар  салдық.  Кейіннен
өмірдің  өзі  біздің  сол  айқындамамызды  дұрыстығы.  мен  көшелілігін
толығымен қуаттады.
Бірақ  біз  Мəскеу  жүргізіп  отырған,  елсін-əлсін  дағдарыстың  кезекті
құрдымына итермелеген саясаттың аласапыран толқынында қалт-құлт етіп
кете  бардық.  Баға  бірден  босатылып,  барлық  бұрынғы  кеңестік
республикалар есеңгірерлік соққы алып, орны толмас куйзеліске ұшыраған
1992 жылдың қаңтарына дейін солай болып келді.
Тек өзіміздің ұлттық валютамызды енгізгеннен кейін ғана біз осы бір
94

қауіпті  кеселді  өз  бетімізбен  емдеуді  қолға  алып,  тəуелсіз  экономикалық;
бағыт  жургізе  бастадық.  Сондықтан  инфляцияны  ауыздықтауга  бізге  екі
жылдан  астам  уақьыт  керек  болды.  Тек  өткен  жылы  гана  бізге  оның
деңгейін қауіпсіз шекке дейін төмендетудіңсөті туст і.
Бүіінгі танда еліміздщ коғамдьщ жəне əкономикалык өміріне барған
сайын  сенімдірек  қадам  басқан  мектеп  оқушылары,  өлбетте,  біздің  жеті-
сегіз  жыл  бұрынгы  болмысымыздьщ  салты  мен  психологиясын  білмейді.
Бірақ бұл олардың ата-анасының есінде жақсы сақталган. Олар балаларыма
сол  уакыт  туралы  шындықты  айтып  берсін.  Жастар,  ертеңгі  басшылар,
менед-  жерлер,  бизнесмендер,  мемлекеттік  қызметшілер,  бір  сөзбен
аитканда,  еліміздің  экономикалық  жəне  қоғамдык-саяси  өмірінің  белсенді
қдтысушылары  болып  шығатын,  оньщ  өндірістік  жəне  РУхани  əлуетін
дамытатын  адамдар  өз  халқының  мешеу  күй  кешуінің  қайталануына  жол
бермеу үшін тарихтың ешбір боямасы жок күллі шындыгын білуге тиіс.
Маған:  адамдардың  бүгінгі  өмірінін  кешегі  немесе  арғы  күнгіден
несі  артық  деп  дау  айтылуы  мүмкін.  Иə,  бізде,  əсіресе,  елеуметтік  салада
проблемалардың  өлі  көп  екенін  мен  білемін.  Үстеміздегі  жылдың  бірінші
токсаны бойы менің мейлінше көкейкесті жəне толғағы жеткен мəселелерді
шешумен  тікелей  айналысқаным  өздерінізге  жаксы  мəлім.  Жалакы,
зейнетақы  мен  жəрдемақы  төлеуге  байланысты  берешекті  жою,
жекешелендіру, шағын жəне орташа бизнесті дамыту мəселенінбасты түйіні
болғанын естеріңізге сала кетейін.
Барлық  деңгейдегі  атқарушы  органдардың  қызметі  жайындағы
менің  тұжырымдарым  мен  оларға  берген  бағам  туралы,  сондай-ақ,
қолданылған  шаралар  мен  алгашқы  оңды  ілгерілеушіліктер  туралы  да
білесіздер.  Үкімет  пен  өкімдердің,  министрліктер  мен  комитеттер
басшыларының  қызметіне  қатаң  талаптар  қойылды.  Олардың  алдына
экономиканың  барлық  бағыттарында  жұмысты  жақсарту,  реформалардың
тиімділігін  арттыру,  осы  істе  тəртіп  орнату  жəне  əлеуметтік  ағаттықтарды
азайту жөнінде нақты міндеттер қойылды,
Президенттің  кысымымен  жасалған  іс  барлық  деңгейдегі  басшылар
үшін  күнделікті  нормаға  айналуға  тиіс.  Мен  мұны  қатан  кадағалап
отырмын.  Бұрынырақ  бұл  жайында  айтқан  болатынмын,  ал  қазір  əдейі
кайталайын: егер үкімет қойылған міндеттерді белгіленген мерзімде толық
кəлемінде  аткара  алмаса,  əрі  халық  реформалардың  өз  игілігі  үшін  іске
асырылып  жатканын  накты  сезінбейтін  болса,  менің  тарапымнан  баска
шаралар  колданылатын  болады.  Бірақ  койылған  мақсатқа  калайда  кол
жеткізілуге тиіс.
95

Ал  бүгінгі  танда  біздің  бəрімізге  күш  косу,  елде  берекесіздікке,
коғамның  қарама-қарсы  блоктар  мен  қозғалыстарға  бөлшектелуіне  жол
бермеу, киындықтарды еңсеру үшін күш-жігерімізді топтастыру қажет. Кей
сəтте, дегенмен, төзу де керек.
Уақыт  өте  келе  біздің  барлык  кателіктеріміз  бен  кемшіліктеріміз
айқын көрініп келеді. Таяудағы өткенімізге талдау жасай отырып, олардың
көпшілігінен  айналып  өтудің  кяык  болғанын,  алайда  алдын  алуға
болатындары  да  орын  алғанын  түсінеміз.  Сондықтан  да  кемістіктерімізді
түзей  отырып,  баршамызға  жұмыс  істеп,  реформаларды  ілгері  карай
жылжыту  қажет.  Қайткенде  де  саяси  еркімізді  сақтап  калу,  өзіміз  таңдап
алғая стратегиялық желіні жүзеге асыруда іркілістер мен бұраландарға жол
бермеу  қажет.  Сонда  кешелергі  өткеніміз  халықтың  бір  бөлігіне  тек
мамыражай заман сияқты болып көрінбейді.
IV.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет