Біз серуенге шығамыз



бет18/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ
5
Күннің көзін бақылау.
Жұмбақ.
Ақ сандығым ашылды Ішінен жібек шашылды. (күннің көзі)
Бақылау: Қысқы мезгілінде күннің көзін бақылауды жалғастыру.
Қыс басында күннің көзі сирек қонақ екенін атап өткен жөн (бұлыңғыр, бұлтпен жабылған, жоғары көтерілмейді, жылытпайды). Қыстың ортасында күннің көзі айқын, жоғары көтеріледі, бірақ жылытпайды. Күннің жоғары тұрғанына көңіл бөлу керек.
Қимылды ойын: «Жоғары лақтыр»
Қимыл қозғалысты ойынды өз бетінше ұйымдастыруға бейімдеу, топқа бөліну, ойын тәртібін сақтау. Балалардың бір-бірімен араласа білуін жетілдіру.
Еңбек: Құстарды тамақтандыру.
Қыстап қалған құстарды қоректендіруге көңілін бөлу. Құстарды тамақтандыруға арналған жәшіктер әзірлеу,оларды ағаш басына ата-аналармен бірге ілу.
Өз бетімен ойындар:
Бір бірімен тіл табысып тату ойнауға тәрбиелеу.



Ортаңғы топ
6
Қардың тереңдігін бақылау.
Жұмбақ
Көктен түсіп көбейді, Ұқсайды өзі шекерге, Бірақ ешкім жемейді, Жерде жатыр бекерге. Ол не? (Қар).
Бақылау:
Балалардың көңілін ауланың қай жерлерінде қалың қар жатқанына аудару, қардың қаншалықты терең екенін білуді ұсыну. Балаларға метрді көрсету және әр жерде қар қалыңдығын өлшеу; қалың қарды күрекпен қазып, қардың қалыңдығына назар аудару.
Қимылды ойын: «Ақшақарды ізде »
Ептілікті, шапшандықты дамытатын, кеңістікті бағдарлауды қажет ететін, қимыл түрлерін өзгертіп отыратын ойындарға қызықтыру.
Еңбек: Гүлзарың орнына жинастыруды ұйымдастыру.
Қар тоқтату жөніндегі пікірді қалыптастыру (қарды тоқтатады, жел соққанда), қардан кедергілер жасау, тәрбиешіге көмектесу. Тапсырманы орындау, бірлесіп атқаруда кішігірім тәсілдерін қалыптастыру.
Өз бетімен ойындар:
Өз құрдастарымен, 2-3 рөлден тұратын ойын ойнағанда, бірлесуге талаптандыру, рөлді бөлу, ойын тәртібін орындау, жалпы ойын шартына сәйкес әрекет ету.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет