Қар басуын бақылау Жұмбақ. Ұстай қалсаң еріп кетер, Әуре болма теріп бекер. (қар)
Болжау Қар түссе- күн жылынады
Бақылау: Балаларға қар түсер жөнінде түсінік беру. Қыста күн бұлттанса қар жауатына туралы ауту. Аспаннан жапалақтап қар жауғанын бақылау (ұлпа, ақ, жеңіл). Қар, жүн көрпе секілді, жерді қымтайды.
Қимылды ойын: «Қармен ойнау »Балаларды қармен ойнауға үйрету. Нысанаға қарды ата білуге жаттықтыру. Ойын ережесін орындауға дағдыландыру.
Еңбек: Күректі қолдануды үйрету, ауланы қардан тазарту. Қоғамдық жұмыс уақытында бір-біріне кедергі келтірмеу. Қиыншылықтарды жеңе білу.
Өз бетімен ойындар: Тыныш қуанышты жағдайды қолдауға және ұйымдастыруға талаптандыру; дербестілігін және бастамашылығын көтермелеу.
Ортаңғы топ № 3 Желді бақылау. Жұмбақ Бір нәрсе көрінбейді бар ғой өзі, Адамзат ол нәрсені көрмес көзі. Жансызды қимылдатып жанды қылар, Ызылдап, ызың қағар айтқан сөзі. (жел)
Бақылау: Балаларға қыста желдің суық өткір екенін түсіндіру.
Флюгердің айналуы, ағаш бұтағының қозғалысынан желдің күштілігін анықтауға болатынын үйрету.
Қысқы желдің жазғы желден ерекше белгілерін ажырата білуге үйрету.
Қимылды ойын: «Екі аяз»Икемділігін дамыту, қозғалыстағы ойынға қызығушылығын арттыру және оны ойнай білуге үйрету. Өз бетінше рөлдерді бөлуге тәрбиелеу.
Еңбек: Жолды қардан тазартуБалаларды бала-бақша ауласындағы жолдарды қардан тазартуға және сыпыруға үйрету; Еңбек құралдарын дұрыс пайдалана білуін, оларды тазалықта және ретімен пайдалануға үйрету.
Өз бетімен ойындар: Балалардың ойында бір-бірімен араласа білуін, өз әрекеті мен қылықтарын білдіре білуін, өз пікірінде тұруын жетілдіру.
Ортаңғы топ № 4 Аспанды бақылау. Жұмбақ Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын, Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын. Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін, Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (аспан)
Бақылау: Балалардың көк аспан жөніндегі ой-пікірлерін байыту. Аспан қыс басында ашық бұлттармен жамылғанын атап өту. Қыс аяғында аспан айқын-көк, өте әдемі таза болады.
Қимылды ойын: «Ұйымдастырушылар» Бір-бірінің қолдарын алып, шеңбер бойынша қозғала білуге үйрету; спорттық ойын түрлерін көрсетудегі қозғалыс түрін білу және оны атау. Ойынға қатысуға ынталы болуға тәрбиелеу.
Еңбек: Ағаштардың жиектерін қармен жабу.Өсімдікке құрметпен қарауға және нақты қызығушылыққа тәрбиелеу, еңбек мәнділігін түсіндіру (тұқымның үсіп кетпеуін) . Еңбек ету дағдыларын дамыту.
Өз бетімен ойындар: Табиғат жағдайын есепке ала, іс әрекет және ойын үшін жағдай жасау. Жағымды тәртіпті қалыптастыру.