Ортаңғы топ № 9 Терезедегі қырауды бақылау. Жұмбақ. Өнері жоқ, қолы жоқ, Сурет салуды біледі. (терезедегі қырау).
Ырым. Егер терезелердің екі әйнегі де буланса аяз күшейе түседі.
Бақылау: Шыныдағы өрнектердің пайда болуы туралы түсінік беру. Жылы сулы булар салқын терезелер шынысына буланып бір-бірімен біріктіріледі, мұзды кристалға айналады да керемет гүлдері бар мұзды бау-бақша пайда болады. Табиғаттың қысқы құбылыстарын байқауға және құбылыстарды атауға әрі қарай үйрету.
Қимылды ойын: «Қасқұлақ» (Волк) (қазақтың халық ойыны) «Қасқұлақтан» тығылып алаңда бағдарлай білуді бекіту. Ойын ережесін сақтау («қасқұлақ» сөзді атаса сол адам өз орнында қалу керек), «күзетші» тобынан «қасқұлақты» қуу міндетті. Ойынды өз және әріптес әрекетімен келістіре білуін дамыту.
Еңбек: Мұз жолын жасау. Тәрбиешімен бірге жауапкершілікпен жолға су құйып мұз айдынын жасауға үйрету. Еңбек етуге тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Ойында өз әрекетін жолдастарының әрекетімен келістіре білуге ынталандыру.
Ортаңғы топ № 10 Бұрқасынды бақылау. Мақал. Бұрқасын мен қарлы боран ақпанға келіп қонды.
Ырым. Қыста бұрқасын болса-жазда жауын-шашын болады.
Бақылау: Бұрқасын туралы түсініктерін қалыптастыру. Қатты жел, бұрқасын болған кезде аязды ауа соғады да, жүру қиындайды, бұлт күнді жауып, әрбір жерде қарлы бұрқасын соғады. Егер қар үрлеп құйындатса – бұл табиғат құбылысы бұрқасын деп аталады.
Қимылды ойын: «Әткеншек»Берілген қарқында қолдарынан ұстап шеңбер бойынша жүре білуін бекіту (жылдам, баяу, басқа бағытта және т.б.). Жинақылық пен ұқыптлыққа тәрбиелеу.
Еңбек: Балаларды бала-бақша ауласындағы жолдарды сыпыруға және тазалауға үйрету.Еңбексүгіштікке тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Ойын тақырыбын бір-бірімен ақылдасып таңдап алуға,ойыншықтармен бөлісіп тату-тәтті ойнауға тәрбиелеу.