Біз серуенге шығамыз


Алғашқы түскен қарды бақылау



бет16/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Алғашқы түскен қарды бақылау


Жұмбақ
Көктен түсіп көбейді,
Ұқсайды өзі шекерге.
Бірақ ешкім жемейді,
Жерде жатыр бекерге.
Ол не? (Қар)


Бақылау:
Бақылап қорытынды жасау; күшті аяздардың болмағанынан алғашқы қар ақ болады, тез ериді. Қысқы табиғаттың әдемілігі сүйсінуге тәрбиелеу.


Қимылды ойыны: «Сұр қоян жуынды»
Мәтінмен сәйкес қозғалысты орындай білуді бекіту. Алаңда бір-біріне соқтықпай орын ауыстыру дағдыларын дамыту.


Еңбек: «Бөлме өсімдіктерін күту»
Тәрбиешінің басқаруымен балалар пайдалы іспен оранжерияларда, қысқы бақтарда айналыса алады. Бөлме өсімдіктерін күтуге тәрбиелеу: өлшемді суару, гүл сауыттағы шартты белгіге қарау, жапырақтарды дұрыс сүрту.


Өз бетімен ойындар: Шашақтармен ойын
Таза ауадағы ойындарды мадақтау. Өзіне қызық ойындарға қатысуға тәрбиелеу.







Қыс

Ортаңғы топ


Ортаңғы топ
1
Ауа-райын бақылау.
Жаңылтпаш Қыс қыспаса қыс па, Құс ұшпаса құс па?
Өлең «Қыс» О.Иманәлиев.
Көкті бұлт тұмшалап, Жер ақ тонын киеді. Шұнақ аяз шымшылап, Ақ бетіңнен сүйеді.
Бақылау: Балаларға жансыз табиғаттағы қыс мезгіліндегі өзгеріс туралы түсінік беру.
Қимылды ойын: «Кегліні құлат»
Кегліні құлата отырып, клюшканың көмегімен нысанаға шайбаны лақтыра білуді бекіту. Белсенділікке тәрбиелеу.
Еңбек: Демалыс орнын қардан тазарту.
Өзінің іс-әрекетін жолдастарының іс-әрекетімен келістіру, ұжымда тапсырманы өз бетінше орындауға үйрету. Ынталы еңбек етуге тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Әр балаға қызықтыратын ісімен айналысуға мүмкіншілік беру.


Ортаңғы топ
2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет