Ортаңғы топ
№ 26
Топырақты бақылау
Тақпақ: «Күз келді»
Қыр мен сайда
Орман, тоғайда
Ағаштар мен гүлдер
Байқайсың ба,
Кеуіп солды ғой.
Күн суыды,
Гүл семді.
Бізді тастап
Сезесің бе,
Құстар да кетті.
Бақылау:
Ауа райына байланысты топырақтың касиетін көруге үйрету. Топырақ жылы, күнге жылынған: қурап қалған; қара, тып-тығыз, ылғалды. Ауа райының суытуына байланысты жер де суыйды, оны күрекпен қазуға болмайды, өсімдікті де жұлып алуға келмейді құрғақ болғасын, үзіліп қалады.
Қимылды ойыны: «Тауық пен балапандар»
Екі тіреуіштің аралығына байлаған арқанның астына өтуді бекіту; әр түрлі қимыл-қозғалыстарды орындай отырып алаң бойынша (отырды, ізде жем және т.б.) орын ауыстыруға қадағалау, сигнал бойынша әрекет жасап, өз орындарын табуға, икемді болуға үйрету.
Еңбек:
Ұжымдық тапсырмаларды орындау. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Ө з бетімен ойындар:
Әртүрлі ойындарға және ойнай білу қызығушылығын дамыту.
Ортаңғы топ
№ 27
Жапырақтардың толық түсуін бақылау
Жұмбақ
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл,
Түссе сары. (Жапырақ)
Бақылау: Өсімдіктер дүниесінің маусымды өзгерістері туралы түсініктерін жалғастыру: жалаңаш ағаштар. Жапырақтардың қайдан түскенін, қайда түскенін, түсі қандай болғанын естеріне түсіру. Әдемі жапырақтарға сүйсіне қарап, табиғатты білуді және тбиғатпен қарым-қатынастан қуаныш алуға тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Соқыр теке» ойыны» (орыс ұлттық ойыны)
Ойын ережесін сақтай отырып, балалардың ойынға қатысуын қадағалау.
Еңбек:
Ауладағы жұмыс. Жапырақтарды тырмауышпен жинау.
Өз бетімен ойындар:
Түскен жапырақтардан оюлар,заттар құрастыру, шығармашылықтарын,фантазияларын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |