Ортаңғы топ № 29 Көпірді бақылау Жұмбақ Өзеннің қос жағасын, Жалғастырып жол жатыр. Тура өтіп шығасың, Су кештірмес қол шатыр. (көпір)
Бақылау: Көпірмен таныстыру.Көпірдің құрылысы жайында түсіндіру (тіреуіші, жан-жақты құрылымы) бар; жүру белгісі (автокөлікке, жаяу жүргіншілерге, бәріне ортақ).
Қимылды ойын: «Нысанаға тигіз»Балалардың ойын ережелеріне бағынуын, жауапты ролдерді орындай алуға ұмтылдыру .
Еңбек:Жолға құм себу Берілген тапсырманы : жолға құм себуді өз беттерінше орындауға үйрету. Білу және еңбек ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Өз бетімен ойындар: Ойын ойнау барысында белсенділіктерін арттыру.
Ортаңғы топ № 30 Қыс соңында баған түбінде орналасқан шеңберді бақылау Көркем сөз Аппақ қар жауа бер, Риза ғой саған ел. Боратты ау бораным, Қайратын қарай гөр. Біз батыл баламыз. Жылы үй қорамыз. Ақ ұлпа қарыңнан. Аққала саламыз.
Бақылау: Балалардың назарын қыс соңында ағаш жанында пайда болған қарлы шұңқырға аудару. Балаларға баған түбінде орналасқан қарға күннің көзі түскен кезде қардың еритінін , баған түбінде шеңбердің бар екендігін түсіндіру. Бұл көктем мезгілі жақындады деген алғашқы белгі. Өз зерттеулері бойынша тәрбиешінің берген сұрағына жауап таба білу дағдыларын арттыру. Қимылды ойын: «Кім шапшаң?»Белгіленген жерден шаңғымен жүре білуді қалыптастыру. Жарыстарға қатысуға деген талаптарын арттыру; достық сезімдерін ояту, топтағы жолдастарына көмек беруге тәрбиелеу. Еңбек: Табиғат бұрышына жуа отырғызу.Балаларға табиғат бұрышына, жәшікке жуа отырғызып үйрету,жуаның құрамында ағзаға пайдалы дәрумендердің барын айту. Өсімдіктерді табиғи-іс-әрекет қатынасы ретінде қарауға тәрбиелеу. Өз бетімен ойындар: Қарым-қатынасжәнеойын барысында балаларға талаптар мен ережені (тәртіп мәдениетін, достық, ұжымдық қарым-қатынасты) меңгерту.