Біз серуенге шығамыз



бет33/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ

6




Бірінші будақ бұлттарды бақылау


Жұмбақ
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді,
Ауызы жоқ ұлиды. (Жел)


Бақылау:
Балаларға бұлтты бақылауды үйрету: олардың өте әдемі, бірегей негізді, күмбез тәрізді аппақ көлемнен түрлі болатынын; таңертен пайда болып кешке жоқ болтынын ескеру. Өлі табиғат құбылыстарына қызығушылығын, байқағыштығын дамыту.


Қимылды ойын: «Түзу шеңбермен»
Балаларға жаттығуларды шеңбер бойынша бірге орындауға үйрету. Қозғалыс келісімділігін жетілдіру.


Еңбек:
Өсімдіктердің топырағын қопсыту
Аулада айналысады. Балаларды өсімдіктерді күтуге үйрету.


Өз бетімен ойындар: Әткеншек тебу
Балалар арасында жақсы қарым-қатынасты қалыптастыру: достық қалып, өзара көмек.



Ортаңғы топ

7




Қарды, қар түсуін бақылау


Жұмбақ
Әкетей аппақ,
Аспаннан ұшқан.
Қыс бойы жатып,
Жерге қашқан. (Қар)


Өлең
Көктен тартып күн нұрын,
Жерден тартып жылылық.
Әнің тындап бұлбұлдың,
Қызғалдақтар тұр күліп.
Бақылау:
Қарды бақылауды жалғастыру, көктемгі қардың қасиеті туралы түсініктерін нақтылау. Қыста болған қармен көктемдегі қардың түстерін салыстыру (сұр, боз, лас). Балалардың назарын үстінде мұз қабаты пайда болып, оның астында боз қар болатынына; қар бірінен соң бірі еріп, суға айналады, сондықтан қардың шөгуіне назар аудару.
Қимылды ойын: «Таспаны ұстап ал»
Балаларды (белбеуге артынан байланған) таспаны сақтай отырып жүргізушіден қашуға үйрету.


Еңбек:
Аулада өз беттерімен міндеттерін орындауға үйрету (ыдысына жем шашу). Табиғат мекендеушілеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.


Өз бетімен ойындар: Спорт алаңындағы ойындар
Қозғалыс белсенділігін, шапшаңдығын дамыту. Алаңда өз бетімен ойынды таңдауға үйрету.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет