Біз серуенге шығамыз



бет28/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ
№ 25
Бұлт пен тұманды бақылау
Көркем сөз Ақ киімді, денелі, ақ сақалды Соқыр, мылқау танымас тірі жанды, Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Жұмбақтар Көшіп жүріп желменен, Сеуіп шықты тамшысын. Қыраттарға шөлдеген. (бұлт) Аспан түйді қабағын, Сұр пердесін керді де, Жапты жердің табанын. (тұман)
Бақылау: Қыс кезіндегі табиғат көріністері туралы білімдерін кеңейту; қыс мезгілінде аспанды жиі бұлт басады; ақырын қар жауа бастайды. Байқампаздықты арттыру.
Қимылды ойын: «Бірінші болу» Бір бірін қуалау арқылы жүгіруді бекіту (көкпарға дейін жүгіріп, мәреге келу); ойын ережесін сақтау (киімнен ұстауға, итеруге, дөрекілікке рұқсат жоқ). Батырлыққа, күштілікке, икемділікке тәрбиелеу.
Еңбек: Ойын үшін қардан жасалған құрылыс (ұшақ, қалашық, машина) Біріккен іс-әрекет арқылы жақсы көңіл-күй сыйлау; құрастыру қабілетін дамыту.
Өз бетімен ойындар: Ойынға керекті құралдармен жабдықтандыру үйрету; ойын барысында табиғи заттарды қолдануға үйрету.


Ортаңғы топ
26
Қар тазалайтын машинаны бақылау
Жұмбақ Ол бензинді сүтше ішеді, Тез арада сыпыра алады, Қарды жолдан тазартып, Жолдарға топырақ себеді. (Қар тазалаушы көлік)
Мақал-мәтелдер Еңбек түбі –береке. Көптің түбі –мереке.
Бақылау: Адамдардың еңбегін жеңілдету үшін түрлі техниканы қолданады; адамдарға оның тиімді екенін көрсету. Қар жауғаннан кейін қардың көп болатынына назар аудару. Қолмен қарды тазалау өте қиын және көп уақыт кетеді. Сол себепті адамдар қар тазалайтын машина ойлап тапты, олар жұмысты тез істейді, машиналар да қарды тиеуге үлгермей кешігіп келіп жатады. Қарды машинамен қала шетіндегі арнайы орынға апарады. Ол көктемде еріп, өсімдіктің өсуіне ылғалы көп болады.
Қимылды ойын: «Таяқпен сыпыру» (қалмақ ұлттық ойыны) Көрсетілген бағыт бойынша таяқпен сыпыру қабілеттерін бекіту (сырғанақ тебетін жерге, сырғанақ тебетін жерден соңына дейін) Топтағы жолдастарының жетістіктері мен істей алмаған істерін қобалжымай, қолдай білуге тәрбиелеу.
Еңбек: Түрлі түсті мұз айдынын жасау Судың қасиетін бекіту: ыдысқа су құйып бояу араластырып аязға қатыру. Өз беттерімен берілген тапсырманы орындау (суды керек түске бояу, пішінін келтіру);бастаған істі соңына дейін жеткізу (жұмыс орнын жинау- столды сүртіп, шашылғанды жинау және т.б.)
Өз бетімен ойындар: Таңдалған тақырыпқа сай ойын барысында ойыншықтарды айырбастап, ойын көмегімен құрастырып, түрлілігін анықтай білуге үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет