Жұмбақ Тырсылдап түседі
Жер бетіне жетеді,
Жер бетіне жеткен соң,
Ғайып болып кетеді. (Бұршақты жаңбыр)
Тақпақ «Жаз келеді»
Үйін тіккен жасылдан,
Үсті-басы асыл дән.
Жаз келеді жайраңдап,
Жарық жүзі-сайран бақ
Бақылау: Ауа райының құбылмалы сәттерін бақылауға, салыстыруға үйрету ( күн шықты – ыстық болды, жаңбырдан кейін шөптер көтеріліп өсіп қалды, ашық аспан, жылы жел) бір бағыт бойынша бақылап отыру.
Қимылды ойын: «Құлыншақтар» Қимыл түрлерін өзгертіп отыратын ойынға қызығушылықтарын арттыру.
Еңбек: Жеке және ұжымдық тапсырмаларды орындауға үйрету.
Өз бетімен ойындар: Балаларды арақашықтықты сақтай отырып, допты көздеген жерге лақтырып тигізуге жаттықтыру.
Ортаңғы топ
№ 2
Күннің көзін бақылаймыз
Жұмбақ Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (Күннің көзі)
Бақылау: Күннің көзін бақылауды жалғастырамыз, күн неғұрлым жоғары тұрса соғұрлым жылуды аз береді. Далада күн бұлтты болса жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
Тәжірибе: қара және ашық түсті заттарды қолмен ұстап көру, салыстыру. Шешімін жасау.
Қимылды ойын: «Күн мен түн» Рөлдерде ойнау барысында өзін-өзі ұстаудың мәдени дағдылары мен адамгершілік, мейірімділік, қамқорлық қасиеттерін көрсетуге ынталандыру.
Еңбек: Серуеннің соңында балалар құмның жан-жағын жинап, құмсалғыштың шетін сыпырып, қопсыту, жоғарлатып жинау.Ойын орнын тазалықта ұстауға тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Ойын ережелерін сақтап, жауапты ролдерді орындай білуге үйрету.