Жұмбақ Жатты да жатты,
Жылғаға жаратты. (Қардың еруі)
Бақылау: Қар қалындығының өзгеруіне назар аудару. Күннің қыздыруымен қардың жұқа жері еріп, қар суына айналады. Қар суы күннің ұзақ жарығында және қыздырған жерінде пайда болады. Қар астынан пайда болған бірінші шөпке назар аудару, көктемнің сұлулығына қызығушылығын арттыру.
Қимылды ойын: Горелки (орыс халқының ойыны)
Жолдастарымен келісіп алаңда жүгіруге (және орындарына тұруды) үйрету. Қимыл түрлерін өзгертіп отыратын ойындарға қызықтыру.
Өз бетімен ойындар: Асфальтқа бормен сурет салу Балаларды асфальтқа бормен сурет салуға тарту, қызығушылықтарын артыру. Өзіндік талабын мадақтау.
Ортаңғы топ
№ 9
Жылғаны бақылау
Жұмбақ Жылт-жылт еткен
Жырадан өткен. (су)
Бақылау: Көктемдегі құбылыстар туралы білімдерін қалыптастыру. Жылғалардың пайда болуына назар аудару: неліктен су бір жерде ғана ағады, ал бір жерде ақпайтынын түсіндіру. Жинақталған тәжірибе арқылы табиғат құбылысының байланысын анықтау.
Қимылды ойын:«Қармақ» Балалар шеңбер бойымен тұрады. Ортада тәрбиеші. Оның қолында «қармақ» (скакалка) қармақты төменнен айналдырады, ал балалар «қармаққа» түсіп қалмау үшін орында тұрып жоғары секіреді. Кімге қармақ тиіп кетсе, сол ойыннан шығады.
Еңбек: Аула маңын қоқыстан тазарту Ұжымда еңбектене білуді қалыптастыру, жұмысты жоспарлау, бақылауды іске асыру.Ұқыптылық пен белсенділікке тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар:«Қайық станциясы» Қайықшалар жіберуге ұсыныс жасау. Өз еріктерімен пайда болған ойын тобын мадақтау.