Бақылау: Табиғат өзгерістерін бақылауды жалғастыру, қар ерігенде төбеден су тамшылап, аязбен ол сүңгіге айналды. Сүңгінің түр-түсіне назар аудару. Көшеде жүру ережелерін пысықтау (сүңгілері бар үйлердің жанында жүрме).
Тәжірибе: Сүңгіні қолда ұстау, бақылау, түрін, түсін анықтау.
Қорытынды: Сүңгі-бұл қатқан су, жылыда ол ериді.
Қимылды ойын: «Қоймадағы тышқандар» Өрмелеу тәсілдерін орындау білімін бекіту. Ойынның ережесін сақтау. Белгі бойынша ұйымдасқан түрде ойнау.
Еңбек: Ауладағы еңбек.
Қоқысты балаларға жинауды үйрету және оларды белгіленген жерге апарту. Тазалыққа тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Сүйікті ойыншықтармен ойын Балаларды өзінің сүйікті ойыншықтарымен көңілді ойнауын қадағалау. Ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу.
Бақылау: Көктем құбылысы – тамшыға назар аударып бақылау. Балалардың сөздік қорларын байыту. Табиғат құбылысының «күн қыздырады» - «төбеде қар ериді» деген түсініктермен таныстыру.
Қимылды ойын:«Кім жоғары секіреді» Бір орында секіру, қимыл – қозғалысын шапшаңдықтарын арттыру. Жолдастық сезімдерін арттыру.
Еңбек: Табиғат бұрышындағы жұмыс Аквариумдағы балықтарды тамақтандыру.Өздігінен балықтарды тамақтандыруды қалыптастыру. Еңбекке деген сүиіспеншілігін дамыту.
Өз бетімен ойындар:«Көпіршік сабын буларды үрлеу» Балалар арасында қалыпты қарым-қатынасты орнату, көпіршіктермен ойнау. Достарының пікірімен санасуға тәрбиелеу.