Біз серуенге шығамыз



бет46/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ

2




Күннің көзін бақылаймыз
Жұмбақ
Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (Күннің көзі)


Бақылау: Күннің көзін бақылауды жалғастырамыз, күн неғұрлым жоғары тұрса соғұрлым жылуды көп береді. Далада күн бұлтты болса жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.


Тәжірибе: қара және ашық түсті заттарды қолмен ұстап көру. Шешім қабылдау.


Қимылды ойын: «Күн мен түн»
Ойын әрекетінде орындауға талаптануын мадақтау.


Еңбек: Аулада жұмыс. Балалар ойнайтын құмның жан-жағын жинап, жоғары көтеру.


Өз бетімен ойындар:
Балаларға ойнауға жағдай жасау. Ертегіден көріністер көрсету, бағыт – бағдар беру.

Ортаңғы топ

3




Желді бақылау


Жұмбақ
Келсе де даусы құлаққа,
Өзін ешкім көрмейді. (Жел)


Бақылау: Жел қай жақтан болып тұрғанын бақылау. Салқын жел, жылы жел,самал жел, қатты жел.
Тәжірибе: жапырақтарды жел қалай ұшырып әкететінің аңықтау.


Қимылды ойын: «Кім ұшты?»
Сөздің мағынасына қарай ойынды ойнау, мұқият тыңдау.


Еңбек:
Тоты құстың клеткасын жуамыз, балаларды өз бетінше торды жуып, сүртіп тазалауға үйрету. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.


Өз бетімен ойындар:
Балалардың ойлау қабілетін кеңейту. Бір жағдайға байланысты ойынды жандандырып, ұжыммен жұмыс жасау.





Ортаңғы топ

4




Аспанды бақылаймыз.


Жұмбақ
Бір түкті кілем
Бір түксіз кілем (Аспан)


Бақылау: Аспанды бақылай отырып бұлт жоқ, аспан ашық ,ақша бұлт, көгілдір екенін бақылаймыз. Аспанның өзгерістерін, күннің ашық болып, жылу шашып тұрғанын, бұлттың жоқтығын бақылау.


Кимылды ойын: «Ұшқыштар»
Балалардың біліктілігін бекіте отырып, бір-бірін итермей, орынға таласпай, сөздерді анық, мәнерлеп айтқызу. Мәтінге сай сөздерді қайталату.


Еңбек:
Алаңда ойын бұрышындағы құмдарға су құямыз.


Өз бетімен ойындар:
Әр түрлі көлемді ыдыстарды қолданып ойыншықтар жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет