Жұмбақ Тісі жоқ, ауызы бар,
Атқарар ісі бар.
(Ара)
Тақпақ Дастарқанды аралады,
Ет пен майды жағалады.
Өмір сүре берсінші деп,
Өлтіргем жоқ бал араны.
Бақылау: Күн жылына жәндіктер пайда бола бастайды. Жәндіктерді танып аттарын атау. Қоңыз, маса, көбелектер және оларды салыстыру. Жәндіктерді аялауға тәрбиелеу.
Қимылды ойын:«Көбелектер, көлбақалар, тырналар» Жәндіктердің өмірінен балалар достық қатынас тілектерін қолдануға тәрбиелеу.
Еңбек: Гүлзарды суару Өздігінен өсімдіктерді суаруға үйрету. Гүлдер мен құралдарға ұқыпты қарап, жұмыстан кейін орындарын жинауға тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Сумен ойнау Балалар арасында достық қарым- қатынастарын дамыту және оларға көмектесу.
Бақылау: Бақбақ гүлінің сары басты екенін бақылай отырып, көп күлтелі күндіз жарылып ашылып, кешке жақын күлтелерінің жабылып тұратының балаларға түсіндіру.
Қимылды ойындар:«Түсті автокөліктер» Өз бетімен атрибуттар мен көмекші-заттарды таңдай білуін, шартты ойын әрекетін орындауға талаптануын мадақтау.