Біз серуенге шығамыз



бет44/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ

28




Терек ағаштарының жапырақтарын бақылау


Тақпақ:
Отырғыз ағаш көктемде,
Жөн болар еңбек еткенің.
Келмесе шамаң егуге,
Сындырма жұрттын еккенін.
М.Қуанышбеков


Бақылау: Терек ағашынын жапырағын ақ қайыңнын жапырақтарымен салыстыру, айырмашылықтарын бақылау.


Қимылды ойын: «Допқа дейін жеткіз»
Қимыл түрлерін өзгертіп отыратын ойындарға қызықтыру.


Еңбек: Ағаш түптерін әктеу.
Ағаш түптерін әктесек одан құрт – құмырсқа аулақ болатынын ескерту. Балаларды табиғатты қорғауға, бұтақтарды сындырмауға тәрбиелеу.


Өз бетімен ойындар:
Ойнау барысында бір-бірімен татулықта, бірлікте болуға тәрбиелеу.





Ортаңғы топ

29




Ересек балалардың ойындарын бақылау


Тақпақ: «Балабақша»
Балабақша базарлы үй,
Қаладағы ажарлы үй.
Шаттығы бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты.


Бақылау: Балалардың киімдеріне назар аудару (куртка, шапка, бессаусақ т.б.), балалар қыста қалай киінгендерін естеріне түсіру. Балалардың далада бұрынғыдан көп серуенде болатындарын бақылау, себебі күн жылынды. Ауа райының қалай өзгергенін бақылау.


Қимылды ойындар: «Батыл балалар»
Жіпке тартып өрмелеу: балаларды батырлыққа, күштілікке, ептілікке тәрбиелеу.


Еңбек:
Ауладағы жұмыстар: арам шөптерді жұлып, ағаштардың түптерін
қопсыту.
Балалармен арам шөптерді жұлып, оны бір орынға жинау, бірге жұмыс жасауға үйрету. Таза, жинақы, тиянақтылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Өз бетімен ойындар
Барлығына ортақ тату, бірге топтасып ойындар ойнату.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет