Біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның атасы



бет5/9
Дата01.12.2022
өлшемі45,27 Kb.
#54149
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
БАЙТҰРСЫНҰЛЫ нақылдары

(Жазығым не?)

Ұлттық езгі ұлттық сезім туғызбай тұра алмайды.


(В.И.Ленин жолдасқа)

Өздерін интернационалист-коммунистер деп атаумен ғана орыстар патша үкіметінің айла-шарғылы саясатымен ғасырлар бойы таныс орыс емес ұлттардың сенімін оята алмайды.


(В.И.Ленин жолдасқа)

Мəселе мынада: қазақтар арасында халқы толық сенетін жəне жаза болып жаңылса да жеке басының игіліктері мен пайдасын көздеп, өз халқын ешқашанда саналы түрде сатып кетпейтін зиялылардың белгілі бір бөлігі бар.


(В.И.Ленин жолдасқа)

Қазаққа қатысты барлық қиындық кешегі қазақтардың өзін езушілерге сенім білдіре алмайтынында, ал кеңес үкіметі тиісінше, кешегі қарсыластарына əлі де сенім білдіре алмай отыр.


(В.И.Ленин жолдасқа)

...Қазіргі уақытта кез келген адам өзін коммунист деп атайды. Оларға үңіліп қарамайынша, кереметтің күшімен бəрі коммунистерге айналған екен деп ойлайсың. Бірақ керемет тек ертегілерде болады, ал шын дүниеде ондай болмайды.


(В.И.Ленин жолдасқа)

Қазақ қалам қайраткерлері орыстың қорлық көрген, тайақ жеген, орыстың табанында езілген жұрттан туған. Қазақ қалам қайраткерлері қазақ басына қиын-қыстау зар заман түсіп, үстін торлап, қайғы бұлты қаптаған шақта шыққан.


(Қалам қайраткерлері жайынан)

Құл болған халықтан туып, құлдықтың қорлық, зорлығын көріп отырып, қазақ қалам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын жеңілту, ауырын азайту жолына жұмсамасқа мүмкін емес; кемшілік көрген жұрттан туып, кемшіліктен құтқаруды мақсат етіп, ылғи сол жолда жұмыс қылған қазақ қалам қайраткерлері жұртшыл, ұлтшыл, йағни, халқына жаны ашитын, халқының жаны ауырғанда жаны бірге күйзелетін, бауырмал болмасқа тағы мүмкін емес. Олай болмаған болмаса, онда табиғат заңының тысқары, адамнан шошқа, шошқадан күшік туған сықылды болып шығады.


(Қалам қайраткерлері жайынан)

Қалам қайраткері – жолын тастап, көрінген жолаушыға ере беретін бұралқы ит емес. Бауырмал болып қалған қазақ қалам қайраткерлері, йа бойаумен түсін өзгертіп, йа түленмен түгін өзгертіп бейбауырмал болмаса, нақ ішін өзгертіп бейбауырмал бола алмайды.


(Қалам қайраткерлері жайынан)

Мәдениет алға басуы тірнек ісі шеберленуімен, сана-саңылау күшейуімен болады. Тірнек ісінен шыққан шеберлікті өнер дейміз, сана-саңылау күшінен шыққан білімді ғылым дейміз. Бұл екеуі де іштен адаммен бірге туатын нәрсе емес, үйренумен табылатын нәрсе. Үйрену дегеніміз – оқу.


(Қалам қайраткерлері жайынан)

Қазақ жем болудан түбінде декірет қуатымен құтылмайды, мәдениет қуатымен құтылады.


(Қалам қайраткерлері жайынан)

Мәдениет күшейеді өнер-білім күшімен, өнер-білім күшейеді оқумен. Оқу ісі сабақтас әдебиетпен. Оқу әдебиетті күшейтеді, әдебиет оқуды күшейтеді. Оқу мен әдебиет бірін-бірі қолдап, бірін-бірі көтермелеп, бірін-бірін сүйрейді.


(Қалам қайраткерлері жайынан)

Қалам қайраткерлерінің жұмысы – әдебиет, әдебиетсіз оқу қуаттану жоқ, оқусыз мәдениет қуаттану жоқ, мәдениет қуаттанбай қазақ қорлықтан, зорлықтан құтылу жоқ. Орыстан қазақтың көріп отырған отаршылығы, омыраулығы қазақ мәдениеті орыс мәдениетінен төмен болғандықтан. Азаттық асылы мәдениетте, мәдениет күшейуінің тетігі – оқу мен әдебиетте.


(Қалам қайраткерлері жайынан)

Аштық ақылын алмаса, адам аң дәрежесіне жетіп, хайуандықтан да асып, бірін бірі жер ме еді? Анасы балысын жеуге келгенде, ол анада ақылдан түк қалды деуге болар ма?


(Тəні саудың – жаны сау)

Ең əуелі, бəрінен бұрын тазалықтың қадірін біл! Тəн саулығының тамыры тазалықта, жан сұлулығының тамыры тəн саулықта.


(Тəні саудың – жаны сау)
Əдіссіз тек мəніс білімі – өлі білім. Тіршілік – тірлік шарасы. Тірлік шарасына үйрететін білім тірі білім болу керек. Ондай білімді адам мəніс білімі мен əдіс білімін қатар үйренгенде білмек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет