(Орысша оқушылар)
Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын. Бала деп бағып оқытып, адам қылғаннан кейін жұртым деп танымаса, сонда өкпелеу жөн ғой.
(Орысша оқушылар)
Баланы ұлша тəрбиелесең ұл болмақшы. Құлша тəрбиелесең құл болмақшы.
(Орысша оқушылар)
Мойындағы борышты білу – білім ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.
(Орысша оқушылар)
Халықтың есі енуі баланың есі енуі сиақты: бірте-бірте, ақырындап болмақшы.
(Оқыту жайынан)
Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тіреледі; бірі ақшаға, бірі құралға, бірі мұғалімге. Осы үш тіреуі бірдей тең болса, оқу қисаңдамай, ауытқымай, түзу жүреді.
(Оқыту жайынан)
Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді.
(Оқыту жайынан)
Қазақ өзі теңеліп ақысын ауыстырмайтын дәрежеге жеткенше қазаққа қай жағынан да болса теңдік жоқ. Жұрт қолы теңдікке теңелсе жетеді.
(Жауап хат Құрметті Жанша Жаһанша Мырза!)
Ноқталанғанша һәм ноқталанғаннан кейінгі істелетін істер басқа-басқа.
(Жауап хат Құрметті Жанша Жаһанша Мыра!)
Қазақ – жоқшы, жоғын іздеген қуғыншы. Қуғыншы қандай болса, мал қайтпақшы?
(Жауап хат Құрметті Жанша Жаһанша Мыра!)
Шашқан тұқым жас бала, малдың жас төлі сияқты, орны жайлы, тамағы тоқ болса, жақсы өседі.
(Егін егу)
Мал бағу қазақтың көптен істеп келе жатқан ісі, ата кәсіп.
(Шаруа жайынан)
Өткен – өтті, іздегенмен таптырмайды, қуғанмен жеткізбейді. Өткенді қуғанды қойып, осы күйіңді түзеуге жөн іздеу тиіс.
(Шаруа жайынан)
Жұрт істеп отырған ісін қисық я түзу деп айту ғана қолымыздан келеді, істеткізбей, тоқтату қолымыздан келе ме?
(Жер жалдау жайынан)
Əркім жалғыз өзім демей, өзгелер жайында ойлап, пейілін кеңге салып іс етпесе, жұрт жұмысы түзелмейді. Жұрт пайдасын аяғына басып, бетімен жайылатындарын қайырып, үйірге кіргізіп отырмаса, бір қойдың қотыры мың қойға жұққан сияқты, бір адамның кесірі мың адамға тимекші.
(Жер жалдау жайынан)
Законның асыл түбі, әуелі, күкімет пен халық арасына салатын, екінші күкіметке қараған адамдардың араларына салатын жол.
(Орынбор. 13-нші Октиабр)
Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан басқа бұрынғы-соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.
(Қазақтың бас ақыны)
Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды.
(Қазақтың бас ақыны)
Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек.
(Қазақтың бас ақыны)
Абай сөздері дүнияда қалғаны – қазаққа зор бақ.
(Қазақтың бас ақыны)
Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек.
(Қазақтың бас ақыны)
Адам да, ақша да бірдей сай болса, іс сайлы күйінде жақсы жүрмекші. Бір жағының кемшілігі істің барша жағына кемшілік келтіреді.
(Алаш азаматтарына)
Қазіргі қазақ мәселелерінің ең зоры – жер мәселесі. Бұл – қазақтың тірі иа өлі болу мәселесі.
(«Аңдаспаған мәселе» турасында)
Елу-алпыс балаға ғана арнап берген сабақтан алты міллійон қазақты алаламай істеп отырған ісімді артығырақ көремін.
(Губернатор өзгерілуі)
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қанадай болса, мектебі һəм сондай болмақшы.
(Мектеп керектері)
Бұл күнде аянбай жатып қалған жұрт, кетіп бара жатқан жұрттардың аяғының астыда қалмақ. Қазақ халқы болып жасаймын десе, ілгері ұмтылып талпынатын кезі осы.
(Шекіспей бекіспейді)
Газет қызметі – халыққа бас, көз, құлақ, тіл болып ұлтының ар-абыройын күзетіп, жұртын жақсылыққа бастау, жаманшылықтан сақтандыру.
(Орынбор, 2 февраль)
Тәннің күшті болуы да, елдің күшті болуы да – екеуі де тәрбиемен. Тәрбиесіз тән қандай азса, тәрбиесіз ел де сондай азбақ.
Достарыңызбен бөлісу: |