Біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның атасы



бет9/9
Дата01.12.2022
өлшемі45,27 Kb.
#54149
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
БАЙТҰРСЫНҰЛЫ нақылдары

(Ана тілінің әдісі)

Сауаттану – мылқауға тіл, саңырауға құлақ, соқырға көз бітіргенмен бірдей нәрсе. Баяғыдан бері адам баласы жиған білім қазынасының есігі оқу арқылы, сауаттану арқылы ашылады.


(Ана тілінің әдісі)

Тіл – тіршілік құралы. Тіл үйрету (оқу, жазу, сөйлеу, үйренту мағынада) сол тіршілік құралын жұмсауды үйрету. Олай болса, тіл үйрету өнері тұрмыс өнері болмақ. Тұрмыс өнері өзінің тұрмыстағы байласқан нәрсесінің түріне қарай тұрмыспен бірге өзгермек.


(Ана тілінің әдісі)

Біздің коммунистер Мәскеу коммунистері секілді жартыкеш емес, нағыз «96 пробалы».
(Қадірлі Әли)

Әдеби еңбекті ешкім мақтаныш үшін жазбайды, ол мінезден туады.


(1929-шы жылдың маусымындағы мәлімдеме)

Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.
Ахмет Байтұрсынұлы


Ел бағатындар – ел бағуларын жақсы білулері керек.
Ахмет Байтұрсынұлы


Қазақ керегінің көбі әркімге-ақ мәлім ғой: біз кейін қалған халық – алға басып, жұрт қатарына кіру керек.
Ахмет Байтұрсынұлы


Білімді болуға – оқу, бай болуға кәсіп, күшті болуға – бірлік керек.
Ахмет Байтұрсынұлы


Ұлт намысы дегенді қазақтың көбі – екі ауылдың, екі топтың я екі рудың намысы деп ұғады: басқадан кемшілік көрсе – намыстанбайды, кектемейді; бір-бірінен кемшілік көрсе – кегін жібермейді.
Ахмет Байтұрсынұлы
Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе – ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы.
Ахмет Байтұрсынұлы


Балам деген жұрт болмаса – жұртым деген бала қайдан шықсын.
Ахмет Байтұрсынұлы


Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!
Ахмет Байтұрсынұлы


Оқусыз халық қанша бай болса да – біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді.
Ахмет Байтұрсынұлы


Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс: Үлкен жұмысқа көп жұмыскер керек.
Ахмет Байтұрсынұлы


Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе – ұлы жұмысы ұлғайып толықпақшы.
Ахмет Байтұрсынұлы


Қазақтың бас адамдары! Әуелі сіздер адаспаңыздар: адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақпен іс етіңдер.
Ахмет Байтұрсынұлы


Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай түзу істеңдер! Сендер адассаңдар – арттарыңнан алаш адасады: арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар.
Ахмет Байтұрсынұлы


Оянған ерге,
Ұмтылған жерде
Еруші аз да, серік кем,
Қас білген досты,
Дос білген қасты;
Мұндай елді көріп пе ең?
Қыс ішінде бірер қаз
Келгенменен қайда жаз?
Ахмет Байтұрсынұлы


Қазақ жері қазақтан кетпес еді – қазақ жері кетпесіне іс қылсақ.
Ахмет Байтұрсынұлы


Ғылым мен өнер елсізді – елдіге, жоқты барға теңгереді.
Ахмет Байтұрсынұлы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет