Біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның атасы



бет8/9
Дата01.12.2022
өлшемі45,27 Kb.
#54149
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
БАЙТҰРСЫНҰЛЫ нақылдары

(Әдебиеттанытқыш)

Адам тұрмысының тағдырын күн сайын құбылып, қайта-қайта келіп тұрған ұсақ уақиғалар шешеді. Бір рет өтірік айтсаң, ол зор бәле: өтірікші, сырғиға, сенімсіз болсаң, онан тіршілігіңе келетін кесапат көп.


(Әдебиеттанытқыш)

Адам бірден өтірікші, бұзық, ұры-қары болмайды, бірден түзік, әділ, адал, ізгі де болмайды; бір істегенін қайта істеп қалыптанумен бірте-бірте барып болады.


(Әдебиеттанытқыш)

Биік мақсат, зор үміт, ұлы пікір жоқ өмір хайуан өміріне ұқсас, бірақ ұсақ істердің ішінде ұсақсынып байқамай өтсең опық жегізіп, өкіндіретіндері де көп болады. Тіршілік жолында жүзеге шығарайын деген ісіңе бөгет болатын көбінесе үлкен істер емес, ұсақ істер, ұсақ нәрселер; олардың бөгетшілік күші үлкендігінде емес, көптігінде. Олардың бөгетшілігін бұзуға көп күш, үлкен іс керек емес, ұсақ ғамал, жиі жеделдік керек.


(Әдебиеттанытқыш)

Тіршілік ғамалы – заманның заңын, тұрмыстың сарынын тану ғылымы, адамның іздеген, көздеген мақсаттарын білу, мақсаттарына жетуге жүретін жолдарымен танысу.


(Әдебиеттанытқыш)

Адамның мінезі ойының түрінен, көңілінің күйінен, істеген ісінен білінеді.


(Әдебиеттанытқыш)

Ақынға дүниенің әдемілігі көрік пен махаббат екеуінде ғана. Өмірдің көрік пен махаббатқа дұрыс келетін істері сүйіндіреді, теріс келетін істері күйіндіреді.


(Әдебиеттанытқыш)

Ұсақ адамның мақсаты да ұсақ болады.


(Әдебиеттанытқыш)

Аз болсын, көп болсын әркімнің мұраты бар. Ұлы болсын, ұсақ болсын әркімнің мұраты бар. Тілеусіз, мақсатсыз адам болмаған соң талассыз, тартыссыз да адам жоқ. Әркім әліне қарай таласады, тартысады. Талас, тартыс табиғаттың негізгі заңының бірі.


(Әдебиеттанытқыш)

Адам қанша дана, білімді болса да, қанша қаһарман, қайратты болса да әлеумет оның мақсатын ұқпайтын болса, қайраткер қамалға жалғыз шапқан батырдай әлек болмақ.


(Әдебиеттанытқыш)

Қайраткер басын бәйгеге тігіп іс қылуын айып көрмейді, адамдық деп біледі. Басын қорғап, мақсатын іздемей қалу – оған өлім.


(Әдебиеттанытқыш)

Аш адам астың бабы мен дəміне қарамайды. Қазақ оқу жағынан қандай ашығып отырғанын топырлап мекеме алдын тоздырып, оқитын орын таба алмай жүрген қазақ балалары көрсетіп отыр. Сол ашығып отырған қазаққа бабын-дəмін келтіріп соңыра беретін асыңнан, бабы, дəмі кем болса да əзір берген асың артық. Тамақты қарны тойыңқырап, қанағаттанған кезде талғайды.


(Əліб-бій Жаңа құрал Қазағыстан білім ордасы мектебте қолдануға ұйғарған БайтұрсынұлыА. Жаңа əліппе суреттермен. Қазақ басылымы Қызылорда – 1926 г).

Көңіліміз тілегенмен қолымыз жетпейді. Іске жалғыз көңіл емес, қол да керек.


(Әліб-бій жаңа құрал. Қазағыстан білім ордасы мектебте қолдануға ұйғарған. Жаңа əліппе суреттермен. Қазақ басылымы Қызылорда – 1926 г.)

Бала білімді тəжірибе арқылы өздігінен алу керек.


(Тіл жұмсар. Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тəжірибесі арқылы танытатын 1-інші кітап. Қызылорда – 1928)

Əліп-би деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы.


(Байтұрсынұлы Ахметтің араб əліп-биін жақтаған баяндамасы)

Қазақ алдақашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған, əр дыбысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуымызға тағы жақсы, үйрету жағынан орыстыкінен, немістікінен, француздыкінен, ағылшындыкінен оңай, оңтайлы.


(Байтұрсынұлы Ахметтің араб əліп-биін жақтаған баяндамасы)
Ана тілінің үйретуі əліб-биден басталады.
(Ана тілінің әдісі)

Үйрету деген – өнер. Өнердің шені-шегіне ешкім жете алмайды. Өнер артыла береді, жетіле береді. Оны осы күнгі өнерлі жұрттардың істері көрсетіп отыр.


(Ана тілінің әдісі)

Үйрету өнер болған соң ана тілін үйрету бұл да өнер. Олай болса, басқа өнерлерде болған сындар мұнда да болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет