Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ тақырыбымен танысу. Оқушылармен бірге оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін айқындау. Терминологиялық сөздікті талдау
(W) Қайталау. QQT-quiz quiz trade.
(G) Жұптық жұмыс «Астономиядағы қашықтықты анықтау әдістері»
Дескрипторлары:
Радиолокациялық әдіс арқылы Марсқа дейінгі аралықты анықтайды;
Жаңа материалмен танысу Оқушылардың сыни ойлау дағдысын жетілдіру 1. Аспандағы жұлдыздарға қарап, қай жұлдыздар бізге жақын екенін анықтаңыздар. 2. Неліктен жауап беру мүмкін емес? Жұлдызға дейінгі қашықтықты анықтау үшін жұлдыздың жарқырауының абсолют жарықтылығын білуіміз қажет деген түсініктің пайда болуы қажет.
Оқушылардың ойы тыңдалғаннан кейін Көрінерлік және Абсолюттік жұлдыздық шамалар ұғымын енгізу.
(D) бейнебаянды демонстрациялау Космологияның дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдардың бірі Эдвин Хаббл. Арақашықтықты анықтау үшін Хаббл Цефеидаларды қолданды. Қалай ойлайсыздар – Цефеида дегеніміз не?
(D) бейнебаянды демонстрациялау «Вычисление расстояния до галактик». Қорытындылау
Кері байланыс. ( оқушылардың жауаптарын талқылау және ұсыныс айту)
Жаңа білім 1908 жылы Гарвард обсерваториясының (АҚШ) қызметкері Ливит Кіші Магелан бұлттарының (КМБ) айнымалы жұлдыздары туралы бірінші қорытынды жасау барысында16 жұлдызға қатысты олардың жарқырауының периодының өзгеруінің бір ортақ заңдылыққа бағынатындығын айтты: айнымалы жұлдыз жарығырақ болған сайын оның жарықтылығының өзгеру периоды соғұрлым ұзағырақ болады. Төрт жылдан кейін ол осы ойын бақылаулар нәтижесінде басқада 25 жұлдыз цефеидалар үшін дәлелдеді.
Сол кездің өзінде КМБ жұлдыздық топтары бір-бірінен изоляцияланғаны (барлық жұлдыздары бізден бірдей қашықтықта орналасқаны) жөнінде белгілі болғандықтан, олардың көрінерлік жарықтығы m мен периоды Р арасындағы қатынас абсолюттік жарқырауы М мен периоды Р арсындағы қатынаспен шамалас болғанын көрсетті. Бұл қатынас «Период – жарықтылық қатынасы» деген атауға ие болды. Оны қазіргі күнде
= a٠lg P + b, (1)
Түрінде жазамыз. Мұндағы - цефеиданың орташа жұлдыздық шамасы, ал а және b – сйкесінше көлбеулігі мен ноль-пункт тәуелділігі.
а және b коэффиценттерінің мәндері спектрлік диапазонына тәуелді, мысалы, спектрдің көрінетін аймағында a = -2.87 и b = -1.01.
анықтамаға сәйкес абсолюттік жұлдыздық шама келесі түрде жазылады:
M = m + 5 – 5 lg R,
Бұдан цефеидаға дейінгі қашықтықты анықтауға болады.
lg R = 0.2 ( – + 5), (2)
мұндағы - орташа көрінетін жарқырау; - абсолюттік көрінетін жарқырау. Ол (1) формуласы арқылы анықталады.
Кез келген цефеидаға дейінгі қашықтықты анықтау үшін бақылаулар нәтижесінде алынған көрінерлік жарқырау мен Р периодыты білу қажет.
Цефеидаға дейінгі қашықтықты анықтау қандай принципке негізделген?