БүлдірШін жастаҒы балалардЫҢ физикалЫқ ЖәНе ПсихикалЫқ- әлеуметтік дамуЫ (0-5 Жас) (Оқу-әдістемелік құрал) астана, 2014


БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ



Pdf көрінісі
бет41/51
Дата16.06.2022
өлшемі13,03 Mb.
#36959
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51
51
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ 

Жаңа сабақты сынақтан өткізіп жатқан кезде тәрбиешіге тәлімгерлік етеді; тәрбиешінің 
баланың сигналдарын сезімталдықпен қабылдауына және сабақ өткізген кезде оларға 
тиісінше жауап қайтаруына көмектеседі. 

Тәрбиешілер үйде балаларға қамқорлық жасаған кезінде кезігетін қиындықтарды шешуге 
көмектеседі. 
5.2. стаЦИОНардаҒЫ сЫрқат БаламеН ӨЗара 
қарЫм-қатЫНас Жасау ерекШеліктері
Отбасылар ойын баланы шаршатады әрі мазасын алады деп ойлап, сырқат баламен ойнама-
уы мүмкін. Алайда сырқат балаларға мейлінше қамқорлық таныта отырып, олармен ойнауға 
және қарым-қатынас жасауға болады. Зерттеу көрсеткеніндей, ынталандыру болған жағдайда 
стационардағы балалар басқа балаларға қарағанда тезірек жазылады. Бұған қоса, стационарда 
ынталандырусыз қалған балалар уақыт жоғалтып, бұл кезең олардың дамуын тежейді. Сырқат 
баламен дұрыс қарым-қатынас жасауға байланысты кейбір ұсынымдарды қарастырайық. 
1. сырқат баланың қасына бару. 
Кереуетте жатқан сырқат баланы қорқытып алмай, қасына жақындау керек. Аурухана 
қызметкерлерінің балаға екпе жасап, оған басқа да қолайсыздықтар туғызатынын ескеріңіз. Бала 
өзіне жақындаған кез келген таныс емес адамдардан қорқуы мүмкін. Міне, бірнеше ұсынымдар: 
Баяу қозғалып, баланың сізді көріп жатқанына көзіңізді жеткізіңіз. Баланың қандай жағдайда 
жатқанына қараңыз: енжар ма, қызығушылық танытып жатыр ма немесе үрейленіп жатыр ма? 
Егер бала үрейленіп жатпаса, оның жанына отырыңыз. Сіздің зиян келтірмейтініңізге баланың 
көзі жеткенше шыдамдылық танытып, күтіңіз. Егер бала сізге қарап қолын созса, сіз де оған 
ұмтылыңыз. Бала сізге бірінші болып қолын тигізгенше күтіңіз. Балаға қарай тым тез қозғалып, 
белсенділік танытпаңыз. 
2. Баланың назарын аудару. 
Балаға жасына сәйкес келетін қандай да бір қызықты затты көрсетіңіз. Бұл затты баланың алдында 
жайлап қозғалтыңыз. Бала оған шап беріп, жармаспай ма, қараңыз. Оны баланың қолына беріңіз. 
Егер бала ұйқылы-ояу болса немесе оған назар аудармаса, онда оған бала сезіне алатын зат-
ты (мысалы, жұмсақ матаны, құрғақ ысқышты) тигізіңіз. Егер қажет болса, баланы сақтандыру 
және назарын аудару үшін жеңіл «қорқытушы әсерді» пайдаланыңыз. Баланың жасы мен жай-
күйіне сәйкес келетін ойыншықты пайдаланыңыз. Мысалы, егер бала мүлдем кішкентай болса, 
сылдырмақты жай, қысқа ғана сылдырлатыңыз. Егер баланың жасы үлкен болса, металл ыдысқа 
қасықты ақырын ұрыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет