Бақылау сұрақтары
1 Мемлекеттік жер кадастры объектісі ретінде жер ұғымына түсініктеме
беріңіз.
2 Жер кадастрын жүргізу қажеттілігі қашан пайда болды?
3 Жер ұғымының мағынасы және негізгі функциялары.
4 Кадастр деген сөз нені түсіндіреді?
5 Жерді басқа да өндіріс құралдарынан, жылжымайтын мүліктерден
қандай қасиеттері айырады?
6 Мемлекеттік жер кадастры қандай жұмыстардан тұрады?
3-бөлім. Қазақстан Республикасының жер қоры - мемлекеттiк жер
кадастрының объектесi
3. 1 ҚР жер қоры
3.1 Қазақстан орасан зор жер қорымен қамтамасыз етілген және әлемде
тоғызыншы орын алады. Ақырғы деректер бойынша республикада адам
басына 15 га ауыл шаруашылығы жерлері келеді, бұл көрсеткіш бойынша
20
әлемде екінші орын аламыз, тек Австралияны алға жібереміз.
Жер қорының жалпы ауданы 272490,2 мың га немесе б. ССРО жерлерінің
12,2 %. Ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі 222491,8 мың га (81,6%),
оның іщінде егістік 21791,6 мың га, шабындықтар 5021,6 мың гажайылымдар
185187,8 мың га, көпжылдық екпелер 138,6 мың га.
Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес
мынадай санаттарға бөлінеді және аудандары 2006 жылғы есеп бойынша
мынандай:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 85,0 млн га;
2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер және ауылдық елді
мекендердің) жері – 21,2 млн га;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл
шаруашылығы мақсатына арналмаған жер – 2,5 млн га;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру
мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер –
3,3 млн га;
5) орман қорының жері – 23,4 млн га;
6) су қорының жері – 3,7 млн га;
7) босалқы жер – 122,0 млн га.
Жер қорын табиғи-ауыл шаруашылығы аймақтары бойынша былай
бөлінеді: орманды дала - 0,8 млн. га (0,3 %); дала аймағы - 26,5 млн.га (9,7
%); қуаң дала аймағы - 62,4 млн. га (22,9%); шөлейтті - 37,2 млн.га (13,7%);
шөлді аймағы - 112,1 млн.га (41,1%); тау етегі-шөлді-далалық - 12,3 млн.га
(4,5%); субтропикалық шөлді - 4,4 млн.га (1,6%); субтропикалық-тау етегі-
шөлді - 3,5 млн.га (1,3%); орта азиялық таулы - 10,1 млн.га (3,7%); оңтүстік-
сібір таулы аймақтар - 3,2 млн.га (1,2%).
I Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер. Ауыл шаруашылығының
қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы
алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі
шаруашылық
жолдары,
коммуникациялар,
тұйық
су
айдындары,
мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-
ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы
алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады.
Ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға тиіс. Бұл жерді
ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға
ерекше жағдайларда жол беріледі.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер:
1) жеке меншікке – Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік
қосалқы шаруашылығы, бағбандықты, саяжай құрылысын дамыту үшін;
2) жеке меншікке немесе пайдалануға – Қазақстан Республикасының
жеке және заңды тұлғаларына шаруа (фермер) қожалығын жүргізуге, тауарлы
ауыл шаруашылығы өндірісі, орман өсіру, ғылыми-зерттеу, тәжірибе жүргізу
және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал
21
шаруашылығын жүргізу үшін;
3) шетелдіктер мен азаматтағы жоқ адамдарға 10 жылға дейінгі
мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі.
Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер пайдалануға немесе меншікке
берілетін ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мемлекеттік бақылау
мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен топырақты зерттеу,
топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен топырақты бағалау
материалдары деректерінің негізінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер
учаскелерінің паспорты жасалады.
II Елді мекендер жері. Қалаларды, кенттерді, ауылдарды, селолар мен
басқа да қоныстарды дамыту үшін берілген жер учаскелері елді мекендер
жерінің санатына жатады. Елді мекендердің жері өзге әкімшілік-аумақтық
құрылымдардың жерінен қаланың шегі, кенттің шегі, ауылдық (селолық) елді
мекеннің шегі арқылы шектеледі.
Елді мекендер жерінің құрамына:
1) тұрғын жай салатын жер;
2) қоғамдық іскерлік құрылыс салатын жер;
3) өндірістік құрылыс салатын жер;
4) көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар жері;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және
тарихи-мәдени мақсатындағы жер;
6) су айдындары мен акваториялар жері;
7) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер;
8) ортақ пайдаланудағы жер;
9) қала құрылысы қызметіне тартылмаған, елді мекенді аумақтық
тұрғыдан дамытуға және өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын
дамытуға арналған резервтегі және өзгеде жер;
10) арнайы мақсаттағы жер;
11) қорғаныс қажеттері және өзге де пайдалану режиміндегі жер.
III Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері. Жер Кодексі және
Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне белгіленген тәртіппен
тиісті нысаналы мақсат үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға берілген жер
өнеркәсіп, көлік, байланыс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсаттқа
арналған жер деп танылады.
Өнеркәсіп жеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру мен пайдалану
үшін берілген жер, оның ішінде олардың сангитарлық-қорғау және өзге де
аумақтар жатады.
Автомобиль, теңіз, ішкі су, темір жол, әуе және өзге де көлік түрі
объектілерінің қызметін қамтамасыз ету және (немесе) оларды пайдалану
үшін берілген жер көлік жері болып танылады.
Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қажеттеріне
арналған жерге тиісті инфрақұрылымдардың объектілерін орналастыру,
байланыстың кабель, радиореле және әуе желілері, соның ішінде жер
астындағы желілер үшін бөлініп берілген жер, сондай-ақ олардың күзет
аумақтары жатады.
22
Энергетика жеріне:
1) су электр станцияларын, атом станцияларын, жылу станциялары мен
олардың құрылыстары мен объектілеріне қызмет көрсетенін басқа да электр
станцияларын орналастыру;
2) электр тарату әуе желілерін, электр таратудың кабель желілерінің
жер бетіндегі құрылыстарын, шағын станцияларды, тарату пункттерін,
энергетиканың басқа да құрылыстары мен объектілерін орналастыру үшін
бөлініп берілген жер учаскелері жатады.
Қарулы Күштердің әскери бөлімдерін, әскери полигондарын, әскери-
оқу орындары мен өзге де ұйымдарын және қорғаныс пен қауіпсіздік
саласындағы міндеттерді атқаратын басқа да әскердің объектілері мен
ғимараттарын орналастыру және олардың тұрақты қызметі үшін Қазақстан
Республикасының Үкіметі берген жер учаскелері қорғаныс қажеттеріне
арналған жер деп танылады.
IV Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру,
рекреацяилық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жеріне биосфералық,
мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың,
мемлекеттік табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи ескерткіштерінің,
мемлекеттік қорық аймақтарының, мемлекеттік табиғи қорықшалардың,
мемлекеттік зоологиялық парктердің, мемлекеттік ботаникалық бақтардың,
мемлекеттік дендрологиялық парктердің, мемлекеттік табиғи қорық-
сепортерлердің жерін қосқанда, мемлекеттік табиғи қорықтардың жері
жатады.
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жері мемлекеттік меншігінде
болады және жекешелендіруге жатпайды.
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жерін өзге қажеттерге алып
қоюға жол берілмейді.
Сауықтыру мақсатындағы жерге табиғи шипалы факторлары бар
курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеуді ұйымдастыру үшін
қолайлы жер учаскелері жатады.
Халықтың ұйымдасқан түрдегі жаппай демаласы мен туризміне
арналған және сол үшін пайдаланылатын жер рекреациялық жер деп
танылады.
Тарихи-мәдени
қорықтар,
мемориалдық
парктер,
қорымдар,
археологиялық парктер (қорғандар, қала орындары, тұрақтар), сәулет-
ландшафт кешендері, жартастағы бейнелер, ғибадат құрылыстары, шайқас
және ұрыс алаңдары болған жер учаскелері тарихи-мәдени мақсаттағы жер
деп танылады.
VОрман қорының жері. Орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бірақ
орман шаруашылығының қажеттеріне берілген жер учаскелері орман
қорының жері деп танылады. Орман қорының жері мемлекеттік және жекеше
орман қоры жерінен тұрады.
Табиғи өскен орманы бар және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
отырғызылған жасанды орманы бар жер, сондай-ақ орман шаруашылығын
23
жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген
ормансыз жер мемлекеттік орман қорының жеріне жатады.
Жекеше орман қоры жеріне жеке және мемлекеттік емес заңды
тұлғалар қаражаты есебінен отырғызылған және олардың жеке меншігіне
берілген жасанды орманы бар жер жатады.
VI Су қорының жері.Су айдындары (өзендер және олармен
теңдестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да ішкі су
айдындары, аумақтық сулар), мұздақтар, батпақтар, су көздерінде
орналасқан, ағысты реттейтін су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан
жер, сондай-ақ осы құрылыстардың су күзет аймақтары мен белдеулеріне
және ауыз сумен қамтамасыз етудің бас саға жүйелерін санитарлық күзет
аймақтарына бөлінген жер су қорының жері деп танылады. Бұл жерлер
мемлекеттік меншігінде болады.
Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық)
маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (суару және кәріз жүйелері)
алып жатқан су қорының жерінің құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ
шаруашылық жүргізуші бір субъектінің жер учаскесіне қызмет ететін
ирригациялық құрылыстары, аталған құрылыстар жекешеліндірілген
жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес
заңды тұлғаларының жеке меншігінде болуы мүмкін. Бұл жер учаскелері,
жер учаскелерінің екі немесе одан көп меншік иелері мен жер
пайдалаушыларға қызмет көрсететін су шаруашылығы құрылыстарының жер
учаскелері оларға ортақ меншік немесе ортақ жер пайдалану құқығымен
беріледі.
VII Босалқы жер. Меншікке немесе жер пайдалануға берілмеген,
аудандық атқарушы органдардың қарамағындағы барлық жер босалқы жер
болып табылады.
Берілген мерзіміне қарай жер пайдалану құқығы тұрақты және уақытша
болып бөлінеді. Тұрақты жер пайдаланушылыр – жер пайдалану құқығының
мерзімі шектеусіз сипатта болатын тұлғалар. Уақытша жер пайдаланушылар
– жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген тұлғалар. Уақытша
өтеусіз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейінгі мерзімге табысталады.
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және
ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін.
Жер пайдалану құқығын алу ретіне қарай бастапқы және кейінгі жер
пайдалану болып бөлінеді. Бастапқы жер пайдаланушылар – жер пайдалану
құқығын тікелей мемлекеттен не осы құқықтан айыру тәртібімен басқа да
бастапқы жер пайдаланушылардан алған тұлғалар. Кейінгі жер
пайдаланушылар - өзінің бастапқы жер пайдаланушы мәртебесін сақтап
қалатын жер пайдаланушыдан кейінгі жер пайдалану туралы шарт негізінде
уақытша жер пайдалану құқығын, алған тұлғалар.
Қостанай облысы жерінің аумағы 2008 жылғы есеп бойынша 19600,1
мың. га, онда 230961 жер учаскесін иеленгендер мен жер пайдаланушылар
шаруашылықпен айналысады.
Ауыл шаруашылығына арналған жерлер 162,4 мың га артты және ауданы
24
8645,9 мың га немесе Қостанай облысының жалпы ауданынан 44,1 %.
Елді мекендердің жерлері - 1620,8 мың га; өнеркәсіп, көлік, байланыс,
қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған
жерлер - 194,5 мың га; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері -
103,8 мың га; орман қорының жерлері - 523,7 мың га; су қорының жерлері -
66,7 мыңга; босалқы жер - 8444,7 мың га.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы - 18127,6 мың га, оның
ішінде егістік - 5659,3 мың га, шабындықтар – 351,6 мың га, жайылымдар –
12072,2 мың га, көпжылдық екпелер – 11,4 мың га, тыңайған жер – 28,3 мың
га және бақшалар мен қызметтік жер үлестерәі - 4,8 мың га.
3. 2 Жер учаскесі – негізгі жер-кадастрлық бірлік
3. 2 Жер учаскелері құнарлығы, нақты жай-күйі және пайдалану
жағдайларына қарай бірдей емес. Осыған орай олар нақтылы шаруашылықта
пайдалану объектілері – жер алқаптарына бөлінеді.
Жер алқаптары деп – нақты шаруашылық мақсаты үшін
пайдаланылатын және белгілі бір табиғи-тарихи қасиеттеріне ие болған
аумақтар саналады.
Жер алқаптары екі үлкен топтарға бөлінеді: ауыл шаруашылығы
мақсатындағы және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер
алқаптары.
Ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған алқаптарға ормандар,
бұталар, батпақтар, жыралар және т.б. жатады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптарға жатады: егістік,
тыңайған жер, көп жылдық екпелер егілген жер, шабындықтар және
жайылымдар.
Егістік – жүйелі түрде өңделетін және көп жылдық шөптердің егістігін
қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне пайдаланылатын
жер учаскелері, сондай-ақ сүрі жер. Алдын ала егілетін дақылдардың егістігі
орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлі жақсарту
мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелері,
сондай-ақ бақтардың егіске пайдаланылатын қатар аралығы егістікке
жатпайды.
Тыңайған жер – бұрын егістік құрамында болған және күзден бастап
бір жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайданылмайтын
және пар айдауға әзірленбеген жер учаскесі.
Көп жылдық екпелер – жеміс-жидек, техникалық және дәрі-дәрмек
өнімдерінің өнімдерінің түсімін алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендіруге
арналып қолдан отырғызылған көп жылыдқ ағаш, бұта екпелеріне
пайдаланылатын жер учаскелері.
Табиғи шабындықтар мен жайылымдар – шөп шабуға және
жануарларды жаюға жүйелі түрде пайдаланылатын жер учаскелері.
Түбегейлі жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар – шөп егу
арқылы жаңадан отайған шабындық және жайылым учаскелері.
Суландырылған жайылымдар – тиісті мал басын сапасы ойдағыдай
25
сумен қамтамасыз ете алатын су көздері (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар,
суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегенді құдықтар) бар
жайылымдар.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер:
1) жеке меншікке – Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік
қосалқы шаруашылығын, бағбандықты, саяжай құрылысын дамыту үшін;
2) жеке меншікке немесе жер пайдалануға - Қазақстан
Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа (фермер) қожалығын
жүргізуге, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі, орман өсіру, ғылыми-
зерттеу, тәжірибе жүргізу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл
шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргізу үшін;
3) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейінгі мерзімге
жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі.
Жер қорын жер санаттары және жерге жеке меншік, иелену және
пайдалануына қарай топтастырылуы белгілі бір жүйедегі жер-кадастрлық
бірлігіне - жер учаскесі негізделеді. Осыған орай белгілі бір жер учаскесіне
жеке меншікте, иеленуде, пайдалану немесе жалға беру жағдайында болуына
заңды жүзде құқық беріледі.
Әдетте статистикада есепке алу және бақылауда алынатын бірлік болып,
еспке алу операциясы барысындағы топтастырудың бірлігі қызметін
атқаратын элемент түсініледі. Бұндай шаруашылық есепке алу ретінде
бәрінен бұрын бөлек кәсіпорындар шығады.
Есепке алу бірлігінің өзі халық шаруашылығының даму процесінде және
сонымен қатар жер қатынастарында да өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезде жер
кадастрын пайдаланудың экономикалық мәні мен сипатын жер учаскесі
жақсы айқындайды.
Сонымен қатар жер учаскесінің субъектік құқығы бар, үйткені ол белгілі
бір субъекттің пайдалану және иеленушінің құқықтық объектісі ретінде
есептеледі.
Атап айтқанда, ол мемлекетіміздегі жер қорының пайдалануына
сипаттамалық экономикалық мән береді.
Сондықтан жер учаскесі жер кадастрының негізгі бірлігі болп саналады.
Жер учаскесі белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне
бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі.
Кадастрлық бірліктерге жер учаскелерінен басқа аумақтық зоналар
(аймақтар) жатады, олар мыналар:
- әкімшіліктік-аумақтық бірліктер (құрылымдар) – мемлекеттік өкіметтің
нақтылы атқарушы немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының өкілеттігі
жүретін аумақтар (жалпы республика бойынша, облыс өқұрамындағы қала,
аудандар, елді мекендер);
- ерекше пайдалану режимі бар аймақтар – ҚР заңы негізінде мемлекеттік
өкімет органдары мен өзін-өзі басқару органдарының белгілеуімен
құрамында шектелетін жер учасклері бар аумақтар (қалақұрылыстары мен
рекреациялық аймақтар, маггистралдар, өзендер, су қоймалары және б.
қорғау аймақтары-зоналары);
26
- жер санаттары мен құрамындағы жерлер аймақтары – ҚР Жер кодексі
ережелеріне сәйкесті мемлекеттік жерлерден бөлінетін аумақтар (ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жерлер, елді мекендер, орман қоры, су қоры,
ерекше қорғалатын аумақтар, босалқы, өндіріс, көлік және басқада
мақсаттағы жерлер);
- бұзылған жерлер аймақтары – ҚР заңдары бойынша шаруашылық
айналымнан шыққан аумақтар (радиациялық және химиялық жұқтырылған
аймақтар, экологиялық зардап шеккене аймақтар және б.);
- әлеуметтік-экономикалық аймақтар – сәйкесті мемлекеттік өкімет
органдарымен белгіленген салық ставкалары мен жалға беру мөлшерлері,
жердің нормативті құны бекітілген әкімшілік-аумақтық бірліктер
құрамындағы аумақтар.
Жер кадастрында қажетті жағдайда басқа да қосымша бірліктер
қолданылады. Мысалы: өндіріс бөлімшелері, ауыспалы егіс массивтері.
3. 3 Алқап – жер кадастрының негізгі элементі
3.3 Жер учаскелері құнарлығы, нақты жай-күйі және пайдалану
жағдайларына қарай бірдей емес. Осыған орай олар нақтылы шаруашылықта
пайдалану объектілері – жер алқаптарына бөлінеді. Сондықтан жер алқабы
жер кадастрының негізгі элементі болып саналады
Жер алқаптары деп – нақты шаруашылық мақсаты үшін
пайдаланылатын және белгілі бір табиғи-тарихи қасиеттеріне ие болған
аумақтар саналады.
Жер алқаптары екі үлкен топтарға бөлінеді: ауыл шаруашылығы
мақсатындағы және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер
алқаптары.
Ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған алқаптарға ормандар,
бұталар, батпақтар, жыралар және т.б. жатады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптарға жатады: егістік,
тыңайған жер, көп жылдық екпелер егілген жер, шабындықтар және
жайылымдар.
Егістік – жүйелі түрде өңделетін және көп жылдық шөптердің егістігін
қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне пайдаланылатын
жер учаскелері, сондай-ақ сүрі жер. Алдын ала егілетін дақылдардың егістігі
орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлі жақсарту
мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелері,
сондай-ақ бақтардың егіске пайдаланылатын қатар аралығы егістікке
жатпайды.
Тыңайған жер – бұрын егістік құрамында болған және күзден бастап
бір жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайданылмайтын
және пар айдауға әзірленбеген жер учаскесі.
Көп жылдық екпелер – жеміс-жидек, техникалық және дәрі-дәрмек
өнімдерінің өнімдерінің түсімін алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендіруге
арналып қолдан отырғызылған көп жылыдқ ағаш, бұта екпелеріне
пайдаланылатын жер учаскелері.
27
Табиғи шабындықтар мен жайылымдар – шөп шабуға және
жануарларды жаюға жүйелі түрде пайдаланылатын жер учаскелері.
Шабындықтар су жайылатын, құрғақ аңғар және батпақталған
шабындықтар болып бөлінеді.
Су жайылатын шабындықтар – бұл аралас шөпті өсімдіктерден
тұратын көп мезгілге сумен басылатын және өсімдіктер сипатына әсер ететін
шабындықтар. Олар көбінесе өзен бойында, ойпаң жерлерде кездеседі.
Құрғақ аңғар шабындықтар – жыра сайлар, су айрығы бойында, егістік
жерлер арасындағы ойпаңдарда, орман алқаптарында кездеседі және
негізінен жаңбыр суымен ылғалданатын шабындықтар.
Батпақты шабындықтар – бұл мөлшерден тыс ылғалданған
шабындықтар, жер бедерінің ойлы элементтерінде, су жайылмалы бойында,
батпақтардың шет жағында кездеседі және негізінен ылғал сүйгіш
өсімдіктерден тұрады.
Шабындықтың түрі мен жағдайын анықгау барысында ескерілетін
маңызды көрсеткіштердің бірі - ондағы өсімдіктердің өсіп жетілуінің сапасы
мен өзгешелігі болады. Шабындықтың құрамы: мәдени, түбегейлі
жақсартылған, таза, томарланған және орман аралас (сырты), зиянды
ластанған (қоқым-соқым басқан), желінбейтін (непоедаемыми) және улы
өсімдікті болып бөлінеді.
Мәдени шабындыққа - жүйелі түрде тыңайтқыш берілетін және күтім
жасалатын, жақсы жер оты құрылған, түпкілікті немесе жер беті жақсартуы
жүргізілетін шабындық жатады.
Таза шабындыққа - бұта, түбір, ағаш және тас сияқтылар жоқгың қасы,
оларға учаске ауданының 10 % аз бөлігін жабатын учаскелер жатады.
Томарланған, бұталанған және орман аралас шабындыктар күшті және
күшсіз болып бөлінеді. Күшсіз томарланған шабындық деп, егер оның
ауданын 10%-тен 20%-ке дейін, ал күшті томарланған деп, егер томарлар
20%-тен көп жапқан болса айтылады. Күшсіз бүталанған немесе әлсіз орман
аралас шабындықгарға учаске ауданының 10%-тен 30%-ке дейін бұталар
немесе ағаш өсімдіктері жапқан, ал күшті бұталанған немесе күшті орман
араласқанда - ауданның 30%-тен 70%-ке дейін аумағын алып жатады.
Ал жайылымдар құрғақ аңғар және батпақты болып бөлінеді.
Біріншілер – жыра сайлар, су айрығы, беткейлерде кездеседі және негізінен
жаңбыр суларымен ылғалданады. Екіншілер – мөлшерден тыс ылғалданған
жерлердің ойпаң элементерінде, сонымен қатар батпақтардың шет жағында
орын алады және негізінен ылғал сүйгіш өсімдіктерден тұрады.
Жайылымдар: түбегейлі жақсартылған жайылым, мәдени жайылым,
отарлық жайылым, суландырылған жайылым болып бөлінеді.
Түбегейлі жақсартылған жайылым - шаруа малдары жайылатын жер
оттарын көбейту мақсатында шөп тұқымдары себілген және сексеуіл мен
бұталар пайда болған жер учаскелері.
Мәдени жайылым - түпкілікті немесе жер беті жақсартылған, жүйелі
түрде тыңайтқыш берілетін, жер отының өсуі жақсарған және уакты-
уактымен жайылымға мал айдайтын жайылымдар.
28
Жайылымды жақсартудьщ екі түрі бар: жердің үстіңгі қабатын жақсарту
және түпкілікті жақсарту. Біріншісіне, құрғату, бұталардан және ағаштардан
тазарту, томарларды құлату, табиғи шымнан бөлмей шөптерді егу бойынша
жүргізілген шаралар нәтижесінде олардың өнімділігі нәтижелерімен
салыстырғанда жоғарылаған жерлер жатады.
Түпкілікті жақсартылған жайылым - түпкілікті жақсарту бойынша
жүргізілген шаралар нәтижесінде жаңа мерзімдік жаңартылатын жер оты
құрылған жер учаскелері.
Отарлық жайылым - шалғайдағы мал жайылымы, яғни малдар бүкіл
маусым бойы жайылымға айдалатын маусымдық пайдалануына, пайдалану
мерзіміне байланысты жаздық, көктемгі-күзгі, қысқы және жыл бойғы болып
бөлінеді.
Қазақстанда жайылымдарды есепке алу барысында суарылатын
жайылымдарды да қарастырады. Суарылатын жайылымға мал басын сумен
қамтамасыз ете алатын, су көздеріне ие болған жайылымдарды айтамыз.
Бұған өзен, көл және каналдар жанында орналасқан жайылымдар жатады.
Түбегейлі жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар – шөп егу
арқылы жаңадан отайған шабындық және жайылым учаскелері.
Суландырылған жайылымдар – тиісті мал басын сапасы ойдағыдай
сумен қамтамасыз ете алатын су көздері (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар,
суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегенді құдықтар) бар
жайылымдар.
Орман аудандарына жататын жерлерге орманмен жабылған, егіс
қорғайтын, су реттейтін, жыра-батпақ маңындағы орман жолақгары,
жыралар мен сайлар бойындағы көшеттер, өзен бойыңдағы,суаттар, құмдар,
қолайсыз жерлердегі орман парктері, орман питомниктері және кесіліп
қалған ағаштар, ағаш кесетін жерлер мен құраған, күйген кешеттер, аландар
(тоғай арасындағы ашық жер).
Орман белдеулеріне ауыл шаруашылық алқаптарын эрозиядан,
құрғақтану, желден қорғау мақсатымен және құрғату немесе суару
тармақтарын қорғау үшін құрылған белдеу түріндегі орман көшеттері
жатады.
Егіс қорғайтын ағаш алқаптарына суарылатын және құрғататын
жүйелерді және ауыспалы егістер танаптарын қорғау үшін қатар-қатар
егілген орман алқаптары жатады.
Бақтарды, жүзімдіктерді, питомниктерді, плантацияларды айналдыра
егілген орман алқаптары және бақ қорғайтын ағаш алқаптары оларды желден
сақгайды және климаттасуына ықпал етеді деп есептелінеді.
Құм қорғайтын орман көшеттері кұмдарды бекіту және эрозиядан қорғау
мақсатымен жол-жол,ыктырмалар отырғызу арқылы топырақгы тозудан және
қорғаудан сақгау алқаптары түріңде пайда етіледі. Барлық орман аудандары
жабық және жабық емес орман аудандары деп бөлек есептелінеді.
Бұталы алқап түрлері сияқгы, жер ауданының 70%-тен көбісін бұталы
өсімдіктер жапқан жерлер. Бұталар құрамы да қорғау және су сактау
міндеттерін атқаратын учаскелер аудандары есептелінеді және бөлінеді.
29
Оған: қорғау аймағында, өзен жағасы мен су магистралдарын жағалай және
эрозияға қарсы маңызы бар тік беткейлерде орналасқан бұталар жатады.
Батпақтар - жер асты суларының көтерілуі және атмосфералық жауын-
шашын нәтижесінде жер бетінің үстіңгі қабатының ылғалданып, суланып,
шіріп кеткен, шымтезек түріндегі жерлерді батпақгар деп атайды. Олар
өсімдігіне, су режиміне және шымтезек қатпары түріне байланысты ойпатты,
төбелі және өтпелі болып бөлінеді.
Су асты жерлеріне жалпы су астындағы және өзендер мен жылғалар,
көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да жасанды суаттар астындағы,
каналдар, коллекторлар мен арықтар астындағы бөлек аудандар жатады.
Мал айдайтын жолдар, құрылыстар мен аулалар, көшелер мен алаңдар,
құмдар, жарлар, мұздықтар, иеленген жерлер бөлек есептелінеді. Пайдалы
қазбаларды өндіру барысында бұзылған жерлер, шөгінділер, ұсақ малта
тастар, қиыршық тастар, саз балшықтар, ауыл шаруашылығында
пайдаланылмайтын басқа иеленген жерлер де есепке алынады.
Суарылатын және құрғатылатын жерлер маңызды шаруашылықтық
бағалы алқаптарға жатады. Бәрінен бұрын суарылатын жүйедегі жалпы
аудандар есепке алынады. Оларға барлық суармалы жерлер және суару
көздерінен су қамтасыз етілмеген, бірақ суару жүйесіне жарамды болған
жерлер жатады. Суармалы жерлер жүйелі суармалы және шектеулі суармалы
болып бөлінеді. Жайылмалы суландырылатын жерлерді бөлек есептейді және
шығарады. Оған: құрылыстары, дуалдар, бөгеттер немесе басқа да көктемгі
су ағындарын тоқтату үшін, немесе арнайы құрылғылар жәрдемімен
суландыру жүйесінен суландырылатын гидротехникалық құрылыстары бар
жерлер жатады.
Құрғатылатын жерлерге - кұрғату жүйелері бар, онда ауыл шаруашылық
дақылдарын, көшеттерді және басқа өсімдектерді өсіру үшін, әдеттегі су-ауа
режимі мен қамтамасыз етілетін жерлер жатады. Құрғатылатын жерлер
күрамында жабық дренаждар және су режимдерін екі жақгы реттейтін
жерлер бөлек есептелінеді. Жабық дренаждалған жерлерге материалдық
дренаждар салынған жерлер жатады. Жер алқаптарының аудандары, олардан
тұратын контурлар аудандарын қосу жолымен аныкталады.
Сонымен қатар әрбір алқаптар бөлек контурлардан тұрады. Контур деп
әдетте, бір текті алқаптан тұратын және бекітілген сыртқы шекаралары бар
аумақты айтады. Контурдың көрсеткіш ретінде белгілі бір мәні бар және
өлшемімен сипатталады. Бөлек контурлардың ауданын жинақтау алқаптар
аудандарын анықтауға мүмкіншілік жасайды.
Сонымен қатар алқаптар ішінде топырақ контурлары да бөлінуі
мүмкін, олар топырақ жағдайларына қарай айырылады.
Сондықтан дәлірек контурлар бастапқы есепке алу элементі ретінде
қарастырылады және жер есебінде есеп бірлігі болады.
Ауданы бойынша неғұрлым контур үлкен болса, соғұрлым техниканы
пайдалану ыңғайлы болады. Сондықтан жер пайдалануды толық сипаттау
үшін оның контурлылығы туралы мәліметтер қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |