Блисов Тілеубай Матайұлы, экология кафедрасының доценті, а ш.ғ. к



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата06.03.2017
өлшемі0,75 Mb.
#8167
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

Бақылау сұрақтары 

1 Жер учаскелерін тіркеу және оның мазмұны. 

2 Жер учаскелерін тіркеудің негізі. 

3 Жерді тіркеу алдында қандай жұмыстар жүргізіледі?  

2 Жерді иелену меншік иесі мен жер пайдалану түрлерін атаңыз. 

3 Мерзімсіз және уақытша пайдалану дегеніміз не? 

4 Жерді иелену дегеніміз не? 

5 Жер учаскесіне меншік иесінің кұқығы кандай? 

6 Жер учаскелерін тіркеу түрлері. 

7 Негізгі тіркеу құжаттарын атаңыз. 

8 Жерді есепке алудың мақсаттары және мазмұны. 

9 Жерді есепке алу ерекшеліктері мен өзгешеліктері. 

10 Негізгі есепке алу міндеттері. 

11 Ағымдағы есепке алу міндеттері. 

12 Жер сапасы топырақтың қандай қасиеттеріне қарай жіктеледі?  

 

 

Әдебиет 

3, с. 149-179; 4, с. 67-74; 6, 130-155б.; 41, 97-116.      



 

7 Тақырып ҚР топырақтарын агроөндірістік топтастыру 

Мақсаты:  ҚР  топырақтарының  агроөндірістік  сипаттамасын  оқып 

зерттеу. 



Жоспар: 

7.1 Топырақты агроөндірістік сипаттау негіздері 

7.2  Топырақты  агрономиялық  және  мелиоративтіктопқа  бірлестіру 

принциптері 

7.3 Топырақты сапасына қарай жіктеу  

 

7.1  Аграрлық  секторда  реформаны  игеру,  нарықтық  қатынастар  мен  


 

56 


өндірісті  ұйымдастырудың  жаңа  түрлерінің  дамуына  байланысты  жер 

пайдалану  барысында  жер  учаскелерін  сапалық  жағын  бағалауда  басқа 

әдістерді қолдану қажеттілігі туды.  

    Қазақстанның  кең  байтақ  аумағы  өзінің  әртүрлі  төтенше  табиғи 

жағдайлары,  топырақ  жамылғысының  әр  түрлілігі  және  топырақтық-

географиялық  аймақтарының  түрлері  мен  түршелеріне  қарай  олардың 

морфологиялық белгілері  мен қасиеттерінің  заңды өзгеруімен өзгешеленеді. 

Осыған  орай,  биоклиматтық  факторлардың  өзгеруіне  тәуелді  болатын 

дақылдардың өнімділігі де құбылады.  

Топырақтарды  агроөндірістік  топтастыру  –  бұл  оларды  агрономиялық 

қасиеттері,  ауыл  шаруашылығында  пайдалану  ерекшеліктері  жағынан  ұқсас 

түр және түршелерін үлкен топтарға біріктіру саналады. 

Қазіргі  топырақты  агроөндірістік  топтастыру  әдістемесі  бойынша  жер 

қорлары  мелиоративтік  шаралардың  сипаты  мен  олардың  белгілі  бір  жер 

алқаптарына  жарамдылығына  қарай  айрықшаланады,  ал  бұндай  топтастыру 

тек жерді сапалық сипаттау мен бағалаудан кейін жүргізіледі. Сонымен бірге 

бұндай  топтастыру  әр  аймаққа,  аймақшаға  жекелеп  жүргізілуі  тиіс,  үйткені 

бөлінетін  жер  тобы  талап  ететін  шаралардың  бір  типті  болуына  қарамай, 

сапалы әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан әртүрлі аймақтарда қолданылатын 

бір  текті  шаралар  сол  нақтылы  аймақшаның  жергілікті  ерекшеліктерін 

ескеруі керек.        

Сонымен  қатар  бөлінген  топ  оның  әртүрлі  ауыл  шаруашылығы 

алқаптарына жарамдылығын анықтайтын нақтылы сапалық сипаттамасы (өте 

жақсы, жақсы және т.с.с.) болуы керек.  

Соңынан,  әр  аймақта,  аймақшада  ондағы  барлық  топырақтар  түрлерін 

салыстырмалы сапалық бағалау үшін үлгі-нұсқа (эталон) топырақ және өнім 

анықталуы тиіс.  

Ұсынылатын агроөндірістік топтастыру мыналарға мүмкіндік туғызады: 

-  агрономиялық    сапасы  жағынан  жақын  және  ұқсас  жерлерді 

топтастыру, олардың жарамдылық қабілеттеріне қарай қолдану тәсілдері мен 

агроөндірістік шараларын қамтамасыз ету; 

-  алқаптарды  трансформациялау  немесе  ауыстыру  үшін  сапалығын 

сипаттайтын мәліметтермен қамтамасыз ету; 

-  жақсы  жерлерді  нысаналы  міндетіне  қарай  пайдалану  және  ескерту 

шараларын қолдану; 

- жер пайдаланушылар бойынша жерді сапасына қарай түгендеу; 

- жерді саны мен сапасы жағынан есепке алу үшін автоматтандырылған 

жүйелердің ақпараттық базасын құру; 

-  жердің  сапалық  жағдайын  және  болашақта  ауыл  шаруашылығы 

өндірісінде пайдалану мүмкіншілігін әрдайым бақылау; 

- нақтылы жер учаскелері мен жер пайдаланушыларға деген жер салығы 

мен жал төлемін анықтау. 

 

7.2  Топырақтарды  немесе  олардың  тіркестерін  сапалық  топтар  мен 

топшаларға  біріктіру  статистикалық  есеп  беру  үлгісі  "Алқаптарды  олардың 



 

57 


құнарлылығын  анықтайтын  сапасы  бойынша  сипаттама"  бойынша  жүргізу 

ұсынылады  (Мемлекеттік  статистикалық  комитеттің  қаулысы,  1994  жылғы 

16  мамыр  №  24).    Жерді  тиімді  пайдалану  технологиялық  шарттарының 

белгілеріне қарай 10 топ бөлінеді: 

I – мелиорацияны қажет етпейтін жерлер; 

II – қиыршық-тасты; 

III - тұзданған; 

IV - кебірленген; 

V - шайылған; 

VI – желден бүлінген; 

VII – комплексті немесе кешенді мелиорацияны қажет ететін жерлер; 

VIII – батпақтанған жерлер; 

IX  - техногендік (ластанған) жерлер; 

Х – басқа да жерлер. 

Сонымен  қатар  жоғарыда  көрсетілген  топтар  топырақтың  түзілу 

процесінің  кескініне,  олардың  пайдалану  және  жақсарту  жолдарына 

байланысты 30 топшаларға бөлінеді. 

 I агрономиялық топ. Бұған кіретіндер сапасы жағынан ең жақсы, жақсы 

және  орташа,  мелиорацияны  қажет  етпейтін,  тек  аймақтық  агротехникалық 

шаралардың жүргізуін талап ететін жерлер. 

II  мелиоративті  топ  құрамында  қиыршық-тасты  және  тасты  жерлер. 

Қиыршық-тастылығына  қарай  олар  3  градацияға  бөлінеді:  шамалы  (слабо), 

орташа  және  өте  қиыршық-тасты  (тасты).  Шамалы  қиыршық-тасты  аса 

күрделі емес мелиорацияны қажет етпейтін жерлерге  барлық аймақтың және 

аймақшаның  қиыршық-тасты  емес  келесі  тәркестер  (қиыршық-тасты 

дәрежелері, шамалы дамыған және тау жыныстардың шығуы) 10%-дан 50%-

ға дейінгі топырақ топтары жатады.  

Орташа  қиырқық-тасты  күрделі  мелиорацияны  қажет  ететін  жерлерге 

барлық  есепке  алынатын  бірнеше  тіркестер  (қиыршық-тасты  дәрежелері, 

шамалы дамыған және тау жыныстардың шығуы) 30-50-ден 100%-ге дейінгі 

топырақ топтары жатады.  

Күшті  қиыршық-тасты  түбірлі  мелиорацияны  қажет  ететін,  ал  қажетті 

болғанда тастарды жинайтын жерлерге есепке алынатын барлық топырақтар 

топтары (сол сияқты құрауыштардың бірнеше тіркестерінде 30-50-ден 100%-

ға дейінгі ) жатады.  

III    мелиоративті  топ  құрамына  тұздалған  жерлер  және  олардың  үш 

категорияға  бөлінетін:  шамалы,  орташа  және  күшті  тұздалған  кешендері 

кіреді, олар сәйкесті күрделі емес, күрделі және түбірлі мелиорацияны қажет 

етеді.  Сонымен  берге  олардың  кешендері  қанша  пайыз  сор  және  олардың 

түрлері мен дәрежелері және тұдардан айыру шараларына қарай да бөлінеді. 

IV  мелиоративті топ құрамына сортаңданған жерлер және олардың үш 

категорияға  бөлінетін:  шамалы,  орташа  және  күшті  кешендері  кіреді,  олар 

сәйкесті  күрделі  емес,  күрделі  және  түбірлі  сортаңдарға  қарсы  шараларды 

қажет  етеді.  Сонымен  бірге  олардың  кешендері  қанша  пайыз  сортаңдар 

түрлері  бар  (қабыршақты,  жұқа  қабатты,  қалың  қабатты  және  т.б.)  және 


 

58 


қандай тіркестерде соған байланысты да бөлінеді.  

V  мелиоративті  топ  құрамына  шайылған  жерлер  және  олар  үш  топқа 

бөлінетін:  шамалы,  орташа  және  күшті  шайылған  жерлер  кіреді,  олар 

сәйкесті  күрделі  емес,  күрделі  және  түбірлі  эрозияғма  қарсы  шараларды 

қажет  етеді.  Сонымен  бірге  олар  шайылу  дәрежесіне,  олардың  тіркестеріне 

және қандай аймақта кездесуіне қарай да бөлінеді.  

VII  мелиоративті  топ  құрамына  екіден  көп  теріс  қасиеттері  (шамалы, 

орташа)  бар  және  олар  өте  күшті  дәрежеде  байқалатын  жерлер  кіреді. 

Мысалы,  өте  сортаңды  кешендерде  өте  тұздалған  жерлердің  болуы.  Сол 

сияқты шайылуы және қиыршық-тастылығы бірдей байқалатын топтар.  

Сонымен  қатар  оларды  қай  теріс  қасиеттері  басым  және  оларды  қалай 

тез жоюға болады соған қарай топтастырады, атайды.   

VIII  мелиоративті  топ  құрамына  батпақталған  (шамадан  тыс 

ылғалданған) жерлер кіреді, олар шамалы, орташа және күшті батпақталған 

болып  бөлінеді.  Бірінші  топқа  арнаулы  (күрделі  емес)  агротехникалық 

шараларды  қажет  етеді,  екіншілер  күрделі  мелиоративті  шараларды  қажет 

етеді, ал үшінші топ түбірлі мелиорацияны талап етеді.  

Күріш  өсіп-өндірілетін  жерлер  суарылатын  егістік  қатарында  бөлек 

есептеледі  және  сәйкесті  белгілерге  қарай,  мысалы  тұздалған,  батпақталға 

және т.с.с.  

IX      техногенді  топ  –  бұл  пестицидтер  және  гербицидтер,  ауыр 

металлдар, мұнайөнімдері және радионуклидтермен ластанған және арнаулы 

мелиоративті-тазарту жұмыстарын талап ететін жерлер.    

X      группа  –  басқа  да  жерлер  (прочие  земли).  Олар  ауыл 

шаруашылығында  пайдалануға  жарамсыз  топырақтар.  Олар:  тақырлар, 

батпақтар,  қиыршық-тастар  жиындылары,  сонымен  қатар  бұзылған  жерлер: 

карьерлер, тау-кен шығарындылары, үйінділер. 

 

7.3  Жерді  топтастырудан  кейін  топшалардың орташа өлшенген бонитет 

баллдары арқылы олардың сапалық дәрежесін анықтайды (Кесте). 

Сапасы өте жақсы жерлер  – потенциалды құнарлылығы және бонитет 

баллы (81-100) жоғары деңгейде, өсімдіктерге қолайсыз теріс қасиеттері жоқ 

және  барлық  ауыл  шаруашылығы  дақылдарының  өніп-өсуіне  қолайлы 

жерлер.  

     


Кесте – Топырақтарды сапасына қарай жіктеу 

 

 



Сыныптар 

Жердің сапасы 

Бонитет баллдары 

 



өте жақсы 

100-91 


 

II 


 

90-81 


 

III 


жақсы 

80-71 


 

IV 


 

70-61 


 

орташа 



60-51 

 

VI 



 

50-41 


 

VII 


төмен 

40-31 


 

59 


 

VIII 


 

30-21 


 

IX 


нашар 

20-11 


 

 



10-1 

 

Сапасы  жақсы  жерлер  -  өте  жақсы  жерлерден  аздаған  айырмашылығы 



бар,  бонитет  баллы  61-80  шамасында,  ауыл  шаруашылығында  пайдалануы 

шектелмеген.  

Сапасы  орташа  жерлер  –  бонитет  баллы  (41-60)  орташа  деңгейде, 

шамалы  деңгейде  теріс  қасиеттері  байқалады,  ауыл  шаруашылығында 

пайдалануы  аймақтық  немесе  арнаулы  агротехниканы  талап  етеді  немесе 

күрделі емес мелиоративті шараларды қолдануға болады. 

Сапасы төмен жерлер – бұлар баллдары төмен (21-40), орташа дәрежеде 

байқалатын  теріс  қасиеттері  бар  және  пайдалану  кезінде  күрделі 

мелиоративті шараларды талап етеді.   

Сапасы  нашар  жерлер  –  бонитет  баллы  өте  төмен  (1-10),  мелиоративті 

жағынан  өте  қолайсыз,  жақсарту  үшін  түбегейлі  мелиоративті  шараларды 

талап етеді.  

Бұл  жерлерді  пайдалану  тиімді  емес,  оларды  басқа  да  алқаптарға 

ауыстыру  ұсынылады.  Сол  сияқты  сапасы  төмен  жерлерді  де  таңдап 

трансформациялауға ұсынуға болады.  

Жерді  сапа  жағынан  бағалау  нәтижелерін  Республикалық  бір  жіктеу  

негізіне  келтіру  үшін  салыстырмалы    сапа  көрсеткіші  керек  екені 

туындалады.  Бұл  көрсеткішті  бағаланатын  топшаның  орташа  өлшенген 

бонитет  баллын  эталондық  (үлгі-нұсқа)  топырақтың  балына  бөлу  арқылы 

анықтайды.  Мысалы,  2  мелиоративті  топ,  1  топшасының  бонитет  баллы  23 

болса,  ал  үлгі-нұсқа  топырақ  баллы  50  десек,  онда  салыстырмалы  сапа 

көрсеткіші - Б

ОТ

  мынаны құрайды: 



Б

ОТ 


=  23/50  х100=46,  мұнда  жоғарыда  келтірілгендей  50  –  үлгі-нұсқа 

(шарт  бойынша  шалғынды-қара  қоңыр  топырақтардың  ең  жоғарғы  балл 

бонитеті). 

Топырақтарды  сапасына  қарай  жіктеу  бойынша  бұл  топша  жерлерінің 

сапасы осы аймақша бойынша орташа болып бағаланады.  

Сонымен  қатар,  бұл  арқылы  бағаланатын  топырақ,  үлгі-нұсқа 

топырақтан сапасы қаншаға жоғары немесе төмен екенін анықтауға болады, 

ол үшін жоғарыдағы шартты көрсеткіштерді пайдаланып салыстырмалы сапа 

коэффициентін (К

К

) теңдік бойынша анықтауға болады:  



Кк = 23/50 = 0,46 

Бұл  коэффициент  кез  келген  топырақ  түрінде  немесе  сол  аймақшадағы 

топырақ  топшасынындағы  нормативті  өнімді  анықтау  үшін  қолдануға 

болады.   

Мысалы,  қою  қара  қоңыр  топырақтар  аймақшасындағы  үлгі-нұсқа 

топырақтың нормативті өнімі  14,8 ц/га, олай болса орташа бонитет баллы 23 

бағаланатын топырақ топшасында нормативті өнім – Ну былай анықталады:     

Ну = Ну (эталон) х Кк=14,8 х 0,46 = 6,8 ц/га. 

Табылған нормативті өнім жердің табиғи өндірістік қабілетінің сапалық 


 

60 


көрсеткіші болып саналады және оны жердің нормативті құнын, жер салығы 

мен жалдау төлемақысын анықтауда қолдануға болады.   

 

Бақылау сұрақтары 

     1 Топырақтарды агроөндірістік топтастыру және оның міндеттері. 

     2  Жердің сапасы топырақтың қандай қасиеттері арқылы жіктеледі? 

     3  МемҒӨО

ЖЕР

  ұсынған  агроөндірістік  топтастырудың  негізгі  мақсатары 



қандай

 



     4  Агрономиялық  және  мелиоративтік  топырақ  топтары  және  олардың 

сипаттамалары.   

     5 Топырақтарды сапасына қарай жіктеу және олардың сипаттамалары. 

     6 Салыстырмалы сапа көрсеткіші және коэффициенті дегеніміз не?  



 

Әдебиет 

3, с. 210-213; 15, с. 61-76; 37, с. 403-404; 38, с. 456-458. 



 

 

8 Тақырып Топырақты бонитеттеу 

Мақсаты: Топырақты бонитеттеу және оның әдістемесін оқып зерттеу.  

Жоспар: 

8. 1 Негізгі ұғымдар және олардың түсінігі 

8. 2 Топырақты бонитеттеудің даму тарихы және әдістемесі 

8. 3 Топырақтың диагностикалық белгілерін таңдау    

8. 4 Бонитет баллын есептеу және шкала құру 

 

8.  1  Қазіргі  кезде  топырақтың  сапасын  бағалау,  оны  бонитеттеу  және 

экономикалық 

тұрғыдан 

бағалау 

проблемасы 

топырақтанушылар, 

агрономдар,  экономистер,  жерге  орналастырушылар,  географтар  және басқа 

да  өзінің  іс-әрекеттерінде  топырақпен  айналысатын  барлық  мамандарды 

қызықтырады. 

Жерді есепке алғанда оны табиғи қор және өндіріс құралы ретінде оның 

тек  санды  сипаттамасын  ғана  емес,  сапалық  көрсеткіштерін  де  анықтайды. 

Бірақ,  топырақтың  кейбір  табиғи  қасиеттерінің  шаруашылық  мәні  әртүрлі 

және  оның  өнімділіне  әртүрлі  әсер  етеді.  Сондықтан  топырақты 

салыстырмалы бағалау немесе  бонитетттеу қажеттілігі туындалады. 

Бонитет  деген  сөз  латынның  bonitas  деген  сөзінен  шыққан,  орысшаға 

аударғанда  "сапалылық"  немесе  топырақтың  сапасын  бағалау  дегенді 

білдіреді.  Топырақгың  бонитеті  -  оның  сапасының  көрсеткіші.  Әдетте 

бонитеттеуді  бір  белгілі  мақсаттар  және  талаптар  үшін  топырақтарды 

топтастыру  мен  бағалау  деп  түсінеді.  Көбінесе  бонитеттеу  негізіне 

топырақтардың табиғи нышандары және қасиеттері алынады. 

Олай болса топырақты бонитеттеу онда өсіп-өнетін өсімдіктердің өнімі 

және  оның  сапасымен  байланысты  топырақтың  қасиеттерімен  қалыптасқан  

потенциалды  құнарлылығына  қарай  арнаулы  жіктелуі  деп  қарастыруға 

болады. 


 

61 


Сонымен қатар ол топырақтың табиғи құнарлылық факторларына қарай 

ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіп-өндіру жарамдылығын салыстырмалы 

сипаттайды  және  осыған  орай  экономикалық  бағалауға  топырақтардың 

агроөндірістік топтарға бөлуін қамтамасыз етеді.       

  Топырақты  бонитеттеудің  негізгі  мақсаты  құнарлылығына  қарай 

топырақты  құндау  немесе  бір  топырақ  басқа  бір  топырақтан  өзінің  табиғи 

және  иеленген  қасиеттеріне  қарай  қанша  есе  жақсы  немесе  нашар  екенін 

анықтау болып саналады.  

  Топырақ сапасының  көрсеткіші  болып, жоғарыда  айтылғандай, бонитет 

саналады,  әдетте  ол  ең  жақсы  топыраққа  қарасты  100-ге  тең  баллмен 

көрсетіледі. 

 Топырақты  бонитеттеу  жер  кадастрының  құрамдық  бөлігі  болып 

саналады.  

 Топырақтарды  агроөндірістік  топтастыру  –  бұл  оларды  агрономиялық 

қасиеттері,  ауыл  шаруашылығында  пайдалану  ерекшеліктері  жағынан  ұқсас 

түр және түршелерін үлкен топтарға біріктіру саналады. 

 Агроөндірістік  топтастыру  мәселесі  осының  алдындағы  дәрісте  жеке 

қарастырылды  және  әдістемесі  жайында  да  толық  мәліметтер  берілген 

болатын. 

   Сонымен  қатар  топырақты  бонитеттеу  және  агроөндірістік  топтастыру 

жерді экономикалық тұрғыдан бағалау негізі болп саналады. 

  

8.  2    Жерді  бағалау  жұмыстары  туралы  алғашқы  мәліметтер  бізге  Көне 

Мысыр  елінен  келген  болатын,  онда  жерге  жеке  меншік  құлдар  еңбегі 

негізінде дамыды және жерді бағалау салық салу үшін жүргізілді.  Сонымен 

қатар жер кадастры онымен бірге жерді бағалау ирригация немесе суландыру 

егіншілігімен  әрі қарай дамыды. 

Ресейде топырақты бонитеттеу даму тарихында екі кезең бар: 

1 Докучаевке дейінгі; 

2 Докучаев дәуірі. 

Ресейдің  аумағында  ертеде  өмір  сүріп  егіншілкпен  айналысқан  халық 

топырақты  алғашқы  бонитеттеуші  болып  саналады.  Олардың  қолында 

ғылыми  белгілер  болмаса  да,  топырақтың  негізгі  қасиеттеріне  қарап  (түсі, 

жайласуы,  өңделуі)  топырақтың  құнарлылығы  туралы  тұжырым  жасай 

білген. Қара, қою түсті топырақтар олар ең құнарлы топырақ деп саналған, ал 

ашық  сұр,  ақшыл  топырақты  құнарлығы  шамалы  деп  жіктеген.  «Күлгін бар 

жерде  –  жоқшылық  бар»,  «Қара  жер  –  ақ  нан»,  «Ақ  жер  тез  ариды»  дер 

тұжырымдаған. Ал топыраққа халықтың берген аттары аударылмай ағылшын 

және  басқа  тілдерге  енген:  чернозем,  подзол,  глей,  солончак,  солонец  және 

т.б. 

Жер  қорларын  есепке  алу  үшін  Иван  IV  (Грозный)  Поместный  приказ 



немесе Жергілікті үкім деген жоғары мемлекеттік мекеме құрған. Бұлар жер 

туралы белгілерді кітаптарға жазып отырған. 

Феодалдық  дәуірде  жер  бөлінгенде  топырақтың  сапасына  назар 

аударылған. Мысалы, егер жердің сапасы орташа болса – оның алаңы 25%, ал 



 

62 


нашар болса алаңы - 50 % көбейтіліп берілген. 

1877-1891  жылдары  В.В.Докучаев  Ресей  қара  топырақтарын  (чернозем) 

зерттейді және өзінің әйгілі еңбегі «Русский чернозем» жарық көреді.  

Бонитеттеудің де ғылыми негіздері осы уақытта салынған. 

Сондықтан  Ресейде  топырақтарды  бонитеттеу  әдістемесінің  және 

теориясының  дамуын  қалаушы  профессор  В.В.Докучаев  болып  саналады.  

Бұл  ғалымның  жасаған  табиғи-тарихы  жерді  бағалау  әдісі  1882-1987  жж. 

Нижегород  губерниясында  жүргізілген  бағалау  жұмыстарында  іс  жүзінде 

қолданылған. 

Ол топырақтарды бағалауда ең алдымен топырақгы табиғи дене ретінде 

бағалады. Мұнда адамның іс-әрекеті және уақыт жағдайлары ескерілмеді. Ол 

сол  үшін  топырақ  құрамын  зерттеп,  оның  физикалық  қасиеттерін  топырақ 

астындағы 

қабаттармен 

байланысын 

біліп 


алып, 

топырақгардың 

салыстырмалы құндылығын анықтауды ұсынған. 

Бұл  теориялық  жайларды  оның  шәкірті  Н.М.Сибирцев  және  басқа 

ғалымдар әрі қарай дамытты. Бұл теориялардың негізгі мәні: 

1  Топырақта  жетіспейтін  заттарды  тыңайтқыштар  түрінде  толықтырып, 

оның сапасын жоғарылату; 

2  Өсімдіктердің  өсіп-өнуі  топырақгағы  зиянды  заттардың  мөлшеріне 

тәуелді; 

3 Қажетті заттар көп болса, топырақ сапасы жоғары; 

4  Топырактың  физикалық  қасиеттері  оптималдық  жайына  жақындаған 

сайын, оның сапасы жоғары болады және т.б.  

Сонымен қатар техникалық тұрғыдан мағыналары мынандай болды: 

1 Топырақгарды табиғи топтастыру; 

2  Олардың  геологиялық  қасиеттерін  аныктау  (қалыңдыдығы,  гумус 

мөлшері, топырақтың астыңғы қабатының сипаты; 

3 Химиялық құрамын анықтау; 

4 Топырақтың физикалық қасиеттерін аныктау.                     

Бағалау  жұмысын  жүргізуде  далада  топырақ  құрылымы,  қалыңдығы, 

жер  бедері,  өсімдіктер  зерттеліп,  топырақ  түрлері  (топтары)  анықталып,   

карталарда    және    жергілікті  жерлерде  олардың  шекаралары  белгіленеді, 

жиналған мәліметтер лабораторияда өңделеді. 

Топырақтың  әр  тобы  бойынша  гумус  мөлшері,  азот,  су  мөлшері, 

механикалық  құрамы,  сіңіру  қабілеті  анықгалып,  топырақтың  су  сүзіндісі 

талданады. Мұндайда, В.В.Докучаев айтқандай, топырақтар абсолютті емес, 

салыстырмалы  түрде  бағаланады.  Орта  бағалау  сызығының  дұрыстығын 

дәлелдеу  үшін  ол  топырақтардың  табиғи  қасиеттерінің  салыстырмалы 

көрсеткіштерін Нижегород губерниясында ең кең тараған дақылдардың (қара 

бидай,  сұлы)  өнімділігімен  байланыстырылды.  Топырақгардың  табиғи 

қасиеттері  бойынша  анықгалған  көрсеткіштерінің  және  дақылдардың 

статистикалық-экономикалық  жолмен  алынған  өнімділік  көрсеткіштерінің 

қатынастары өте тығыз болған. 

Сонымен, топырактарды бағалау негізіне В.В.Докучаев олардың табиғи 

қасиеттерін  және  нышандарын  алған,  ал  дақылдардың  шығымдылығы 



 

63 


топырақтарды  топтарға  бөлудің  дұрыстығын  дәлелдеу  үшін  пайдаланған. 

Кейін  бұл  әдістің  топырақтанудың  негізгі  жайларын  Совет  ғалымдары 

дамытып,  Ресей  Федерациясында,  Казақстанда  таралған  топырақтарды 

бонитеттеу әдістемесі негізін салған. 

ВАСХНИЛ  академигі  С.С.Соболев  топырақтарды  бонитеттеу  -  оларды 

өзінің  объективтік  қасиеттерінде  құрылған  және  орта  көп  жылдық 

шығымдылығымен тығыз  байланыстағы  өнімділік  бойынша  топтастыру  деп 

санаған  және  топырақты  бонитеттеудің  бірінші  вариантын  1958  жылы 

ұсынған. 

Таксономиялық бірлік ретінде ол топырақ түрін ұсынып, екі параллельді 

шкаланы  құруды  талап  еткен:  топырақтардың  қасиеттері  бойынша  және 

шығымдылығы бойынша.                              

Қазақстан  жағдайында  топырактың  құнарлылығын  төмендететін  негізгі 

қолайсыз  қасиеттері  болып  сортандану  және  тұздану  табылады. 

Сортаңданудың  объективтік  көрсеткіші  ретінде  топырақтың  сіңіру 

кешеніндегі  сіңірілген  натрий  және  магний  мөлшері  (%  сіңіру 

сыйымдылығынан) алынады. Сосын  0-50 см қабатындағы сіңірілген натрий, 

магнийдің орта салыстырмалы мөлшері есептелінеді. 

Тұздану  көрсеткіші  ретінде  0-50  см  қабатындағы  тұздардың  орта 

мөлшері  алынады.  Тұздардың  топырақ  горизонтындағы  орта  мөлшерін 

есептеу гумус мөлшерін есептеумен бірдей.  

    



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет