Блисов Тілеубай Матайұлы, экология кафедрасының доценті, а ш.ғ. к



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата06.03.2017
өлшемі0,75 Mb.
#8167
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

     11.  3  Қазақстан  Республикасының  аумағында  орналасқан  жер 

учаскелерi  жерге  меншiк  нысанына,  жер  учаскелерiнiң  мақсатты 

тағайындауына  және  оларды  пайдаланудың  рұқсат  етiлген  сипатына 

қарамастан, кадастрлық есепке алуға жатады. 

        Жер  учаскелерiн  кадастрлық  есепке  алу  олардың  орналасқан 

жерiнде бiрыңғай әдiстеме бойынша жүргiзiледi. 

        Жердi  сандық  және  сапалық  есепке  алу  олардың  нақты  жағдайы 

және пайдаланылуы бойынша жүргiзiледi. Барлық өзгерiстер олар жергiлiктi 

жерде  болғаннан  кейiн  тiркеледi.  Жердi  есепке  алудың  деректерi  әрбiр  жер 

учаскесi  бойынша  жер-кадастрлық  кiтапқа  және  бiрыңғай  мемлекеттiк  жер 

тiзiлiмiне енгiзiледi.  

               Есептiк деректер жер учаскелерi, елдi мекендер, аудандар (облыстық 

маңызы  бар  қалалар),  облыстар,  астана,  республикалық  маңызы  бар  қала 

бойынша  қалыптастырылады.  Бұл  peттe  ерекше  қорғалатын  табиғи  және 

тарихи-мәдени объектiлер орналасқан учаскелер бөлек көрсетiледi. 

        Барлық  санаттағы  жерлер  есепке  алуға  жатады  және  ол  жер 

алқаптарының түрлерi бойынша жүргiзiледi. 

         Жердiң мөлшерi, орналасқан жерi, саны мен сапасы туралы қажеттi 

мәлiметтер  оларды  бастапқы  есепке  алу  кезiнде  тiркелер,  ал  жердiң 

құрамында, олардың сапасы мен пайдалану түрiнде болған өзгерiстер жердiң 

ағымдағы есебiн жүргiзу процесiнде анықталады. 

    Кадастрлық деректердi нақтылау және жаңарту мақсатында:  

         1)  жер  учаскелерiнiң  иелерi  мен  жер  пайдаланушылар,  уәкiлеттi 

лауазымды  тұлғалар  мен  тиiстi  әкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiктердегi  жергiлiктi 

атқарушы  органдар  eceптi  жылдың  1  қарашасындағы  жағдай  бойынша  жыл 

сайын жер  қатынастары  жөнiндегi  уәкiлеттi  органына  тиiсiнше  жердiң  жай-



 

82 


күйi  мен  пайдаланылуы,  меншiктегi  және  пайдаланудағы,  сондай-ақ  тиiстi 

әкiмшiлiк-аумақ  бiрлiктердiң  қарауындағы  жерлердiң  құрамында  болып 

жатқан өзгерiстер туралы белгiленген нысан бойынша есептер ұсынады; 

    2)  Аумақтық  жер  қатынастары  жөнiндегi  уәкiлеттi  органдары 

жерлердiң  бар-жоғы  және  олардың  санаттар,  жер  учаскелерiнiң  меншiк 

иелерi, жер пайдаланушылар мен алқаптардың бөлiнуi туралы жыл сайынғы 

есептердi (жер балансын), сондай-ақ есептi жылдың 1 қарашасындағы жағдай 

бойынша мемлекеттiң жер учаскелерiн меншiкке сатуы туралы мәлiметтердi 

жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейтiн және 

мемлекеттiк  статистика  саласындағы  орталық  уәкiлеттi  орган  бекiтетiн 

нысандар бойынша жасайды. 

    Жер  ресурстарын  басқару  жөнiндегi  орталық  уәкiлеттi  орган 

облыстардың  (республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың)  жер 

балансының  деректерi  негiзiнде  Қазақстан  Республикасының  жер  балансын 

жасайды.  

               Кадастрды  жүргiзетiн  мамандандырылған  кәсiпорындар  5  жылда  бiр 

рет жерлердiң сапалық жағдайы туралы есептер жасайды. 

     Жердiң сапасын есепке алу және кадастрлық бағалау:  

мақсатты  тағайындауын  ескерiп,  жер  учаскесiн  пайдалану  тиiмдiлiгiн 

анықтау;  

                 жер  учаскесiн  жеке  меншiкке  сатқан  кезде  оның  бағасын  (жер 

учаскесiн жалдау құқығын сату төлемiн) анықтау; 

         салық салу;  

         жер  учаскесiн  мемлекеттiк  мұқтаждықтар  үшiн  ерiксiз  алу  кезiнде 

және  иелiктен  айыру  жағдайында  сатып  алу  бағасы  мен  төлем  мөлшерiн 

сотпен анықтау мақсатында жүргiзiледi. 

         Жердiң  сапасы  және  оның  кадастрлық  бағасы  туралы  мәлiметтер 

әрбiр жер учаскесi бойынша жер-кадастрлық кiтапта көрсетiледi. 

        Жердiң  бар-жоғы,  олардың  санаттар,  жер  учаскелерiнiң  меншiк 

иелерi,  жердi  пайдаланушылар  және  алқаптар  бойынша  бөлiнуi  туралы 

есептердi  (жер  балансын)  осы  Ереженiң  24-тармағына  сәйкес  мыналар 

жасайды:  

             аудан және облыстық маңызы бар қала бойынша - аудандардың және 

облыстық  маңызы  бар  қалалардың  жер  қатынастары  жөнiндегi  уәкiлеттi 

органы  және  есептi  жылдың  1  қарашасынан  кешiктiрмей  жер  қатынастары 

жөнiндегi облыстық уәкiлеттi органға ұсынады; 

     облыс,  республикалық  маңызы  бар  қала  және  астана  бойынша  - 

аудандардың  және  облыстық  маңызы  бар  қалалардың  деректерi  негiзiнде 

облыстың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  жер 

қатынастары  жөнiндегi  уәкiлеттi  органы  және  есептi  жылдың  20 

қарашасынан  кешiктiрмей  жер  ресурстарын  басқару  жөнiндегi  орталық 

уәкiлеттi органға ұсынады. 

    Жер  ресурстарын  басқару  жөнiндегi  орталық  уәкiлеттi  орган  есептi 

жылдан  кейiнгi  20 қаңтардан  кешiктiрмей,  Қазақстан  Республикасы  жерiнiң 



 

83 


бар-жоғы,  олардың  сапалық  жағдайы  және  пайдаланылуы  туралы  есептi 

алқада қарайды. 

      Жер  ресурстарын  басқару  жөнiндегi  орталық  уәкiлеттi  орган 

жиынтық  талдамалы  есептiң  көшiрмесiн  Қазақстан  Республикасының 

Экономика  және  бюджеттiк  жоспарлау  министрлiгiне,  Ауыл  шаруашылығы 

министрлiгiне,  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлiгiне  және  Қазақстан 

Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiне жолдайды. 

  

            11.  4  Тiркеу  мақсаты  үшiн  жер  учаскелерiн  және  олардағы 



жылжымайтын мүлiктi есепке алу меншiк құқығы мен басқа да құқықтарды, 

сондай-ақ  жылжымайтын  мүлiкке  ауыртпалықты  мемлекеттiк  тiркеудi 

қамтамасыз ететiн қажеттi шарт болып табылады.  

       Жер учаскелерiн есепке алу кезiнде мына деректердi тiркеу мiндеттi 

болып табылады: 

       жер учаскесi иесiнiң немесе оны пайдаланушының аты-жөнi; 

       жер учаскесiнiң алаңы; 

       жер учаскесiне меншiктiң нысаны; 

       жер учаскесiнiң мақсатты тағайындалуы; 

       жер учаскесiн пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар; 

       жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгi немесе бөлiнбейтiндiгi; 

       жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi. 

      Жер  кадастрын  жүргiзгенде  әрбiр  жер  учаскесiне  жер  учаскесiнiң 

орналасқан  жерiн  анықтау  (сәйкестендiру)  мақсатында  жеке,  Қазақстан 

Республикасының  аумағында  қайталанбайтын,  учаске  бiртұтас  болып 

тұрғанша  сақталатын,  кадастрлық  нөмiр  берiледi.  Жер-кадастрлық  iс  те 

осындай нөмiрге сәйкестендiрiледi. 

       Жеке және заңды тұлғалар жер учаскесiне кадастрлық нөмiрдi беру 

үшiн Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорынға өтiнiш жасайды, 

ал  жер  учаскесiне  сәйкестендiретiн  ескi  үлгiдегi  құжатты  жаңаға  ауыстыру 

үшiн жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жер қатынастары жөнiндегi 

уәкiлеттi  органына  жүгiнедi.  Өтiнiшке  жер  учаскесiне  сәйкестендiретiн 

құжаттың түпнұсқасы қоса берiледi. 

     Жер  учаскесiн  сәйкестендiру  оны  жер-кадастрлық  картада  көрсету 

жөнiндегi  жұмыстарды  жүргiзу  бұл  учаскенiң  нақты  шекараларын, 

шектеулер  мен  ауыртпалықтардың  бар-жоғын  айқындаудан,  басқа  тұлғалар 

құқықтарының  сипатын,  сондай-ақ  мақсатты  пайдаланылуын  анықтаудан 

басталады.  Жер  учаскесiнiң  шекарасын  белгiлеу  және  оларды  ресiмдеу 

рәсiмдерi  жер  ресурстарын  басқару  жөнiндегi  орталық  уәкiлеттi  органның 

бұйрықтарына сәйкес жүргiзiледi. 

       Жер  учаскесiн  сәйкестендiру  жөнiндегi  жұмыстардың  нәтижелерi 

бойынша  мамандандырылған  кәсiпорын  жер  учаскесiне  кадастрлық  нөмiр 

бередi, ескi үлгiдегi құжатқа тиiстi белгi жасайды және оны өтiнiш берушiге 

бередi.  Жер  учаскесiне  кадастрлық  нөмiрдi  бергенi  туралы  ақпарат  жер 



 

84 


учаскесiнiң  орналасқан  жерi  бойынша  жер  қатынастары  жөнiндегi  тиiстi 

уәкiлеттi органға ұсынылады. 

        Жер  учаскесiне  құқығы  туралы  ескi  үлгiдегi  құжатты  жер 

қатынастары  жөнiндегi  уәкiлеттi  органы  өзiнiң  құзыретiне  сәйкес  өтiнiш 

берушiге беретiн сәйкестендiретiн жаңа құжатқа ауыстыру өтiнiш берушiнiң 

қалауы бойынша жүзеге асырылады. 

        Жер-кадастрлық  кiтапқа,  кадастрлық  iске  және  мемлекеттiк  жер 

тiзiлiмiне тиiстi жазба жасалады. 

         Кадастрлық нөмiрдi құру: 

      облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың 

коды мен; 

     ауданның  немесе  облыстық  (аудандық)  маңызы  бар  қаланың 

кодымен;  

     есептi кварталдың кодымен; 

      жер учаскесiнiң есептi кварталдағы реттiк нөмiрiмен айқындалады. 

      Елдi  мекеннiң  кварталы,  жұмыс  кенттерi  және  ауылдық  елдi 

мекендер,  бағбандық  және  саяжайлық  қоғамдар,  желiлiк  объектiлер:  темiр 

жол, автомобиль жолдары, жердегi, жер үстi және жер асты құбыр желiлерi 

бөлу  жолақтарымен,  суаттар  және  басқалар  есептi  кварталдар  болып 

табылады.  

              Ескерту.  Жер  учаскесi  кадастрлық  нөмiрiнiң  екi  алғашқы  саны 

облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кодын, 

одан  кейiнгi  үшеуi  -  ауданның  немесе  облыстық  (аудандық)  маңызы  бар 

қаланың, одан кейiнгi тағы үшеуi - есептi кварталдың кодын және соңғы үш 

сан - есептi кварталдың iшiндегi жер учаскесiнiң реттiк нөмiрiн бiлдiредi.  

           Есептi квартал iшiнде жер учаскелерiнiң саны 999-дан асқан  жағдайда, 

осы  есептi  квартал  iшiнде  қалыптасатын  келесi  жер  учаскелерiне  төрт 

таңбалы реттiк нөмiр берiледi. 

        Есептi  кварталдардың  және  /немесе  аудандардың,  облыстық 

(аудандық)  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  iшiндегi  есептi 

кварталдардың  кодтары  мен  жер  учаскелерiнiң  кадастрлық  нөмiрлерiн 

Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындар бередi. 

      Егер  осы  Ережеге  сәйкес  есептi  кварталға  код  беру  объективтi 

себептер  бойынша  мүмкiн  болмаса,  онда  осы  кварталдың  iшiндегi  жер 

учаскелерiне уақытша (шартты) кадастрлық нөмiрлер берiледi. Бұл жағдайда 

мұндай  кварталдың  коды  нақты  есептi  кварталдағы  кадастрлық  нөмiрдiң 

шартты  белгiсiн  көрсетуге  тиiс  "9"  санынан  басталады.  Есептi  кварталдың 

заңды  мәртебесiн  кейiннен  анықтау  кезiнде  бұрын  берiлген  шартты  нөмiрдi 

көрсете отырып оған нағыз код берiледi.  

     Жер учаскесiн бiрнеше бөлiкке бөлу немесе бiрнеше жер учаскелерiн 

бiреуге  бiрiктiру  кезiнде  ескi  нөмiрлер  жойылады  және  жаңа  кадастрлық 

нөмiрлер берiледi.  



 

85 


      Бүтiн жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жердi пайдалану құқығы 

басқа  меншiк  иесiне  немесе  жердi  пайдаланушыға  ауысқан  кезде  жер 

учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi ауыстырылмайды. 

       Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорын жер учаскесiне 

кадастрлық  нөмiр  берiлгендiгi  және  бұл  учаскенiң  жер-кадастрлық  есепке 

қойылғандығы  туралы  өтiнiш  берушi  мен  тiркеушi  органға  хабарлайды. 

Өтiнiш  игерушiге  жер  учаскесiнiң  жаңа  кадастрлық  нөмiрi  бар  және  жер-

кадастрлық  картадағы  (схемадағы)  өзгерiстер  көрсетiлген  жер-кадастрлық 

картаның (схеманың) тиiстi бөлiгiнiң расталған көшiрмесi берiледi.  

       Кадастрды  жүргiзудiң  деңгейiне  қарай  жер-кадастрлық  карталар 

(схемалар):  

           Қазақстан  Республикасының  жер-кадастрлық  картасы  (схемасы) 

облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың  және  астананың 

шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып; 

      облыстың  жер-кадастрлық  картасы  (схемасы)  аудандардың  және 

облыстық  (аудандық)  маңызы  бар  қалалардың  шекаралары  мен  кодтары 

көрсетiле отырып; 

      республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың  жер-кадастрлық 

картасы  қаланың  iшiндегi  аудандардың  шекаралары  мен  кодтары  көрсетiле 

отырып;  

            ауданның, облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың жер-кадастрлық 

картасы (схемасы) eceптi кварталдардың шекаралары мен кодтары көрсетiле 

отырып;  

               есептi  кварталдың  жер-кадастрлық  картасы  (схемасы)  жер 

учаскелерiнiң  шекаралары  мен  кадастрлық  нөмiрлерi  көрсетiле  отырып 

бақылау жағдайында құрылады және ұсталады. 

        Жер-кадастрлық  картада  (схемада)  жер  учаскелерiнiң  шекаралары 

жер  учаскелерiне  сәйкестендiру  құжаттарына  және  картаның  (схеманың) 

масштабындағы жердi пайдалану жоспарларына сәйкес көрсетiледi.  

              Қажет  болған  кезде  жер-кадастрлық  карталар  (схемалар)  бiрнеше 

бөлiкте дайындалуы мүмкiн. 

  

           11.  5  Мыналар  Кадастрдың  мәлiметтерiн  пайдаланушылар  болып 



табылады:  

             аумақтарды  дамытуды  жоспарлау,  жердi  аймақтарға  бөлу,  табиғат 

ресурстарын  ұтымды  пайдалану  жөнiндегi  бағдарламаларды  әзiрлеу 

мәселелерi,  жер  ресурстарын  басқаруға  байланысты  басқа  да  мәселелер 

бойынша - мемлекеттiк басқару органдары; 

     жылжымайтын  мүлiкке  құқықтарды  және  олармен  жасалатын 

мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi органдар; 

     мемлекеттiк статистика саласындағы органдар; 

     құрылыс  салуға  жер  учаскелерiн  таңдау  және  беру  (сату)  мәселелерi 

бойынша - құрылыс және басқа объектiлерге тапсырыс берушiлер; 



 

86 


     жобалау-iздестiру  және  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  орындау  үшiн 

бастапқы  деректер  алу  мәселелерi  бойынша  -  жобалау,  iздестiру,  ғылыми-

зерттеу ұйымдары; 

     мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу, қала құрылысы және 

басқа  да  құжаттаманы  әзiрлеу  мәселелерi  бойынша  -  сәулет-қала  құрылысы 

қызметi саласындағы уәкiлеттi органдар; 

    табиғи  ресурстардың  пайдаланылуын  және  қоршаған  ортаның  жай-

күйiн  бақылауды  жүргiзу,  табиғат  қорғау  iс-шараларын  әзiрлеу  мәселелерi 

бойынша - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар; 

    жер  салығын  есептеу  мәселелерi  бойынша  -  салық  қызметiнiң 

органдары; 

   өзге де жеке және заңды тұлғалар.  

    Белгiлi  бiр  жер  учаскесi  туралы  кадастрдың  мәлiметтерi  қағаз  немесе 

магниттiк жеткiзгiштерде, сондай-ақ техникалық және телекоммуникациялық 

байланыс  құралдары  қолданыла  отырып,  Кадастр  деректерi  банкiне  тiкелей 

санкцияландырылған рұқсат түрiнде жер учаскесiн есепке алу орны бойынша 

заңнамада белгiленген тәртiппен берiледi. 

      Кадастрдың  жер  учаскелерi  туралы  мәлiметтерi  жер-кадастрлық 

карталармен (жоспарлармен) ара қатынаста болады. 

     Кадастрдың  мемлекеттiк  құпияларды  және  өзге  де  шектеулердi 

қамтымайтын  мәлiметтерi  жалпыға  қол  жетiмдi  болып  табылады  және 

мүдделi жеке және заңды тұлғаларға ақылы негiзде берiледi. 

     Кадастрдың 

мәлiметтерiн  мемлекеттiк  органдарға  беру  осы 

мақсаттарға  көзделген  бюджет  қаражаты  есебiнен  тегiн  негiзде  жүзеге 

асырылады.  

           Жер  учаскелерi  жөнiндегi  жер-кадастрлық  iстер,  жер-кадастрлық 

кiтаптар,  бiрыңғай  мемлекеттiк  жер  тiзiлiмi  Кадастрды  жүргiзетiн 

мамандандырылған  кәсiпорынның  мұрағатында  тұрақты  түрде  сақталуға 

тиiс.  


           Кадастрдың  мәлiметтерiн  алу  режимiн  бұзу  немесе  анық  емес 

ақпараттарды ұсыну заңнамалық кесiмдерде көзделген жауапкершiлiкке әкеп 

соқтырады. 

 

 



 

      Бақылау сұрақтары 

              1 ҚР бойынша жер кадастрын жүргізу тәртібін кім белгілейді

              2  ҚР  жер  кадастрын  қандай  атқарушы  орган  және  оның  өндірістік 



бөлімшелері жүргізеді? 

              3  Мемлекеттік  жер  кадастрының  мәліметтері  қандай  мақсаттарда 

пайдаланылады? 

                   4  Жер кадастрының картографиялық негізі. 

                   5  Жер-кадастр істері дегеніміз не? 

                   6  Жердің бірыңғай мемлекеттік тізіәлімі дегенімізх не? 



 

87 


                   7  Жер-кадастр кітабы және оның мазмұны. 

              8 Не үшін жер сапасын есепке алады және жерді кадастрлық бағалау, 

оның мақсаты.   

              9  Жер  учаскелеріне  кадастрлық  нөмір  беру  жүйесі  және  кадастрылқ 

нөмір құрылымы. 

               

10  ҚР  жер  кадастрын  жүргізуде  заманға  сай  және  өнімділігі  жоғары  

компьютерлік технологияны пайдалану және ол жүйе қалай аталады? 

 

     Әдебиет 



2, с.233-234; 40, 

389-құжат

.   

 

12 Тақырып Шетелдік жер-кадастр жүйелері  



  Мақсаты: Шетелдік жер-кадастр жүйелерін оқып зерттеу. 

  Жоспар: 

12. 1 Шетелдік жер-кадастрлары және оны жіктеу 

12.2  Шетелдік жер-кадастрлар жүйелерінің сипаттамасы 

 

12.1  Жерді  жалпы  қабылданған  мағынасы  бойынша  кеңістік  ресурсы 

(аумақ)  деп  қарастырады,  ал  заң  түрінде  шетелдерде  жылжымайтын  мүлік 

атрибуты немесе белгісі (жеке мекшік институты болған жағдайда). Сонымен 

қатар бұл мағынаны жеке меншіктегі жер, табиғат ресурстары, ғимарат және 

құрылыстар деп түсініледі. 

    Жылжымайтын  мүліктің  құқықтық  жағынан  ерекшеліктері:  иеленудің 

жариялығы  және  заң  жүзінде  жерді  пайдалану  тәсілі  мен  басқа  да 

жылжымайтын мүлікке бекітілген қоғамдық бақылау.  

    Көптеген  шетелдерде  иелену  жариялығы  арнаулы  тіркеу  жүйесімен    – 

жер  кадастрымен  қамтамасыз  етіледі,  сонымен  қатар  жерге  деген  меншік 

құқығын мемлекеттік тіркеу жүйесі қолдайды.  

   Европа  елдерінің  жер  кодекстерінде  жер  учаскелерін  келесі  құқықтық 

ережелер бойынша айырады: меншік, құрылыс салуға мұрагерлік құқығы бар 

жалға  беру,    жалға  беру  мезгілін  ұзарту  құқығы  бар,  белгілі  бір  мезгілге 

жалға беру. 

   Сонымен  қатар  көптеген  елдердің  жер  кодекстерін  салық  салу 

жүйелеріндегі  құқығына  және  жылжымайтын  мүлік  нарығында  меншіктік 

құқық алу және беру заңды шарттарына байланысты айрықшаланады.    

   Көптеген елдерде келесі меншік түрлері болады: 

   мемлекет; муниципалиттер, қауымдар, қалалық және ауылдық кеңестер 

және  коммуналар;  діни  немесе  қоғамдық  табысы  жоқ  ұйымдар; 

кооперативтер,  серіктестіктер,  акционерлік  қоғамдар,  фирмалар;  жеке 

тұлғалар; 

  шетел мемлекеттері, шетел ұйымдары немесе шетелдік жеке тұлғалар. 

  Кадастрлар әртүрлі жіктеледі: 

  бірінші  кезектегі  қызметтеріне  қарай  (мысалы,  жылжымайтын  мүлікке 

деге  құқықты  беруді  рәсімдеуде  құжаттарды  құруда  салық  салуды  қолдау, 

жерді бөлу немесе көпмақсатты жер пайдалануды басқару шаралары); 


 

88 


  жазылған құқық түрлері бойынша  (мысалы, меншік, пайдалану құқығы, 

материалдарды дайындау үшін тау ашымдары); 

  мәліметтердің  дәлділігі  мен  дұрыстығына  мемлекеттің  жауапкершілік 

дәрежесіне  қарай  (мысалы,  мемлекеттің  толық  мандаты,  жауапкершілікті 

қоғам мен жеке тұлға арасында бөлу); 

  орналасуына  және  заң  құзыретіне  қарй  (мысалы,  қалалық  және  ауыл 

қадастры, орталыққа бағынған және бағынбаған); 

   жер  учаскелері  туралы  ақпараты  жию  әдістерін  байланысты  (оның 

ішінде  жер  бетінде  түсіру,  аэрофототүсіру,  мәліметтерді  санды  түрге 

айналдыру және т.с.с.). 

  Көптеген  шетелдерде  кадастрлық  ақпараттарды  басқару  жауапкершілігі 

тарихы  жүзінде  бірнеше  мемлекеттік  үкімет  органдары  мен  мамандар 

арасында  бөлінген.    Мысалы,  жерді  тіркеу  сот  органдары  мен  заң 

қызметкерлері;  картографиялау,  жер  учаскелері  шекараларын  белгілеу  және 

қаржы  мақсаттары  үшін  жер  учаскелерін  құжаттау  -  түсіру  жұмыстарын 

жүргізушілерге жүктелген.   

   Батысевропалық  кадастрлар  жүйелері  жалпы  сипаттары  бойынша 

бірдей:  учаскелер  регистрі,  кадастрлық  карталар  және  құқықтық  жазуды  

жүргізу.  Иеленулерді  есепке  алу  техникасы  –  Жер  бойынша  регистр  (Жер 

кітабы)  немесе  оның  құрамдыөқ  бөлігі.  Кадастр  (немесе  кадастрлық 

түсірулер  нәтижелерін  жиынтығы)  және  Жер  бойынша  регистр,  әдетте 

бірыңғай ұйымдастыру қызметі жүргізеді, бұл қызеттердің әртүрлілігі сирек 

келеді,  олар  бірімен-бірі  бірігіп  жұмыс  жасайды  және  өзара  бақылайды  да 

көпмақсатты кадастр құрайды. 

    Батысевропалық  кадастрлық  ақпараттар  жүйесінің  жалпы  сипаты 

мынада:  олар  барлық  аумақты  қамтиды  және  мәліметтерді  үздіксіз 

жаңғыртып отырады. 

    Сонымен  қатар  тағы  бір  жалпы  сипатына  регистрлерда  ақпараттарды 

жүргізу  техникасын  (жар  пайдалану  типі,  ауданы,  құрылыстардың 

орналасуы,  орналасуы,  иелері  туралы  ақпараттар  және  басқа  да  регистрлер 

мен ақпарат жүйелеріне сілтемелер) жатқызуға болады. 

    Жалпы  ережелерден  ерекше  болып  англиялық  кадастр  саналады,  онда 

тек картографиялық ақпарат болады, негізінен жер учаскелерінің шекаралары 

мен жылжымайтын мүлік құрамы туралы.   

    Батыс  Европа  кадастрлары  тарихи  себептерге  байланысты  ұқсас 

сипаттамалары  бар  және  негізінен  франциялық  кадастр  принциптерін 

ұстайды, оны 19 ғ. басында I  Наполеон белгілеген болатын. Басты принципі 

екі бөлімнің болуы: сөзбен жазу және карта, олар барлық жер учаскелерінің 

орналасуы мен шекарасын бейнелеген.  

   Континенттік  Европада  қазіргі  түсініктеме  бойынша  кадастр  деп 

топографиялық негізде жерді жіктеу және бағалау, меншіктердің шекарасын 

көрсету және учаскелер мен иеленушілер реестрін жүргізу.    

   В 1985 ж. Жерге орналастыру және жер пайдалану бойынша ақпараттық 

жүйе  бойынша  халықаралық  эксперттер  тобы  келесі  анықтаманы  бекітті: 

«Кадастр –бұл ел аумағы немесе өңірі бойынша меншік учаскелер шекарасын 


 

89 


топографиялық  түсірумен  анықталған  жүйелі  қолданылатын  және  үлкен 

масштабта бейнеленген мәліметтердің жариямалы реестрі». 

   Шетелдердегі жер кадастрының негізгі принциптері:  

1  Кадастр,  егер  анықталатын  аумақта  толық  жүргізілмесе  оны  пайдасы 

шамалы. 

2 Жұмысты қомақты іргетаста жүргізу керек.  

3 Шығындар шамасы кадастрды жүргізуден түсетін орташа пайдадан кем 

болуы тиіс емес.  

4 Жазулар бірнеше мақсатқа қызмет етуі керек.  

5  Кадастрлық  бірлік  бірыңғай  жер  бірлігі  болуы  керек  және  заңмен 

сенімді қорғалуы керек.  

6 Жазуларға кететін шығындарды үкімет бекітуі керек. 

7  Жер-есеп  жүргізу  жүйелерін  жобалау  келешекке  бағытталған  болуы 

керек.  


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет