Блисов Тілеубай Матайұлы, экология кафедрасының доценті, а ш.ғ. к


 Европалық кадастрлар, жоғарыда айтылғандай, тура немесе жанама  француздық кадастрдың үлгісі болып саналады



Pdf көрінісі
бет11/11
Дата06.03.2017
өлшемі0,75 Mb.
#8167
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

12.2 Европалық кадастрлар, жоғарыда айтылғандай, тура немесе жанама 

француздық кадастрдың үлгісі болып саналады. Француз кадастрының басты 

мақсаты жерге салық  салуды қамтамасыз ету.  

    Қазіргі  француз  кадастрының  негізгі  міндеттері  3  топқа  жүгінеді: 

техникалық  (кадастрлық  жопарларды  құрастыру);  жер  (сәйкестендіру  және 

жер  учаскелерін  жазу  -  парцелл,  олардың  жер  иелерін  анықтау);  салықтық 

(жерді бағалау және жер салығының нормасын негіздеу және анықтау).  

     Қазір  Францияда  жүргізіледі:  кадастрлық  бюроларда  сақталған 

қолжазбалық  кадастрлық  жоспарларды  фотоматериалдың  айқын  негізіне 

ауыстыру;  стандартты  кадастрлық  жоспарларды  көптеп  өндіру  немесе 

шығару;  кейбір  үлкен  коммуналардың  жоспарларын  сәйкестендіру 

(идентификация);  аймақтардағы  сапасы  төмен  заманғы  кадастрларды  қайта 

өңдеу;  кадастрлық  жоспарлардың  микрофильмдерін  жасау;  кадастрлық 

құжаттарды 

микрофишаларды 

шығару; 


жер 

туралы 


файлдарды 

тұтынушыларға тапсыру. 



    Германиядағы  кадастрлық  жүйе  салық  кадастрынан  дамып,  заң 

жүйесінің  бір  бөлігі  болып  рәсімделген  және  иеленушілер  мен  иелік  ету 

мәліметтерінен  тұрады,  сонымен  қатар  жер  пайдалау  функциялары  туралы 

толық  мәліметтер  және  топографиялық  түсірулер  деректері.  1970-шы 

жылдардан  бастап  жерлер,  округтар  және  үлкен  қалаларда  жылжымайтын 

мүліктер  туралы  деректердің  (Жер  туралы  кітап,  жылжымайтын  мүлік 

кадастры,  картографиялық  материалдар)  автоматтандырылған  банктері 

құрылған.  Осыған  орай  қазіргі  кезде  Германияда  әртүрлі  ақпараттық 

қызметтермен  байланыстар  арқылы  жер  және  жылжымайтын  мүліктер 

туралы деректердің көпмақсатты автоматтандырылған банкі құрылуда. 

 Австриядағы  кадастрдың  ерекшелігі  Жер  регистрында  теміржол 

учаскелерінің  арнаулы  кітабы  және  тау  кітабын  жүргізу.    Қазіргі  кезде 

Австрияда  автоматтандырылған  жүйе  құрылуда,  онда  Жер  регистры  және 

жылжымайтын мүлік кадастры жалпы жер және жылжымайтын мүлік туралы 

банкке біріктірілген.   


 

90 


   Конфедерация  құрушы  Швейцария  кантондары,  әдетте  жер  саясатына 

байланысты  емес,  сондықтан  жерге  және  жылжымайтын  мүлікке  деген 

салықтар  толық  жергілікті  кантондық  бюджетке  түседі.  Кадастрлық 

қызметтер  көп  жағдайларда  өздігінен  ұйымдастырылған,  тек  Жер  регистры 

кітабының  формасы  мен  мазмұнын  мемлекет  белгілеген,  ал  регистр 

жүргізуші  ведомствоны  кантон  анықтайды  (бірінде  сот  бөлімдері,  бірінде 

арнаулы қызмет).    

   Швейцарияда  жер-кадастрлық  құжаттар  кадастрлық  деректер  базасына 

кіреді, олар жер учаскелері туралы мемлекекттік ақпараттық жүйеде болады 

және ол алғашқы деректер негізінде құрылады.  

   1975  ж.  Нидерландтардың    кадастрлық  қызметі  үлкен  масштабты 

базистік карта жасау жұмыстарын бастады, соңынан санды картографиялауға 

автоматтандырылған  жүйе  құрылды.  Осылардың  негізінде  жер  туралы 

ақпараттық  жүйелер  пайда  болды,  олар  негізгі  5  элементтерден  тұрады: 

мемлекеттік  жер  салықтары;  жерді  қорғау  туралы  заң  мәліметтері;  жер 

пайдалануды  бақылау  органдарына  арнаулы  деректер;  жер  пайдалану 

объектісі; жоспарлау үшін қажетті ақпарат.  

    Данияда  кадастр  Кадатрлық  коллегияның  басқаруымен  жүргізіледі. 

Онда  автоматтандырылған  кадастрлық  жүйе  жұмыс  істейді  және  деректер 

қатты  дискілерде  болады.  Кадастрлық  жүйедегі  ақпарат  учаскелер 

жайындағы мәліметтерден тұрады және олардың әрқайсысының өзінің нөмірі 

бар.    Бұл деректерге учаске файлінің  нөмірі, ақырғы өзгерістер енгізілген 

мезгіл  және  басқа  да  мәліметтер  кіреді.  Мәліметтердің  маңыздылығын 

кадастрлық  коллегия  анықтайды.  Сонымен  қатар  мәліметтер  базасына 

геодезистерден түсетін ақпарат кіреді, олар: әр меншіктегі жол учаскелері, су 

қоймасы және т.с.с. ауданы. Сонымен бірге барлық міндеттемелер жайында  

мәліметтер болады және кадастрлық карталар кіреді. 



Швеция  кадастры  көпмақсатты  болып  саналады,  сондықтан  1976 

жылдан  бастап  жер  және  жылжымайтын  мүлік  туралы  көпмақсатты 

ақпараттық  жүйеге  қайта  жаңарған.  Ол  үшін  жылжымайтын  мүлік  туралы 

автоматтандырылған  банк  пен  тұрғындар,  экономикалық  статистика,  салық 

салу  және  түгендеу  деректер  банкі  қосылады.    Жер  кадастрының  өзі  екі 

регистрдан тұрады: жер және жылжымайтын меншіктерден тұрады. 



Норвегия  кадастры  швециялық  жүйеге  ұқсас  келеді  және  оларда 

кадастрлық  жүйені  біріктіретін  GAB  жүйесі  жұмыс  істейді.  Ол  3  реестрдан 

тұрады: жер учаскелері, адрестер және құрылыстар.  

Финляндияда жер кадастры туралы деректер банкі 1995 жылы құрылған 

және  санды  кадастрлық  карта  жұмыс  істейді.  Сонымен  қатар  жер  кадастры 

туралы деректер банкі мен санды кадастрлық карта біртұтас болып саналады.  

Италиялық  кадастр  орталық  Европада  таралған  жүйеге  ұқсас  келеді 

және  учаскелер  регистры  мен  иелер  туралы  деректер  регистрынан  тұрады, 

олар автоматтандырылған деректер банк базасына кіреді 

Испанияда  кадастрды  құру  учаскелер  аумағының  жоспарлары, 

фотограмметриясын    жасау,  оның  мөлшері  мен  шекарасын,  иелер  санын  

анықтаудан  тұрады.  Жалпы  жер-кадастрлық  мәліметтер  базасында 


 

91 


машинаоқитын тасымалдаушылар жоқ.      

Грекияда  қазіргі  заманға  сәйкес  бірыңғай  ұлттық  кадастр  жүйесін  құру 

жұмыстары жүргізіліп жатыр.  



Ұлыбритания  –  карта  жасауда  компьютер  әдістерін  қолдануда  әлемде 

көшбасшы болып саналады және ол үшін деректер санды түрде болуы әдетте 

белгілі  жай.  Осыған  орай  топографиялық  карталардың  көп  болуына 

байланысты бұл процесс ұзаққа (онжылдарға) созылады.  



АҚШ  жер  ресурстарымен  байланысқан  ақпараттық  жүйелерін  екіге 

бөлуге  болады:  кеңістікпен  байланыспаған  (мысалы  есеп  жүргізу)  және 

кеңістіктегі,  оның  ішінде  географиялық  ақпараттық  жүйелер,  жерді  қоса 

және  басқалар  (мысалы,  әлеуметтік-экономикалық).  Бір  қатар  жер 

ақпараттық  жүйелерде  есептеу  біріліг  ретінде  парцелла  (кадастрлық 

учаскелер)  қарастырылады.        учетной  единицы  рассматриваются  парцеллы 

(кадастровые участки). 

АҚШ-та  жер  меншіктілігінде  негізгі  бірлік  –  жекеленген  жер  учаскесі, 

оларда  қызықтыратын  жергілікті  объектер  орналасқан.  Жер  учаскесі  үш 

белгімен  сипатталады:  мекен  жайы  (адрес),  геодезиялық  мәліметтер  және 

бағалау  индексі.  Картада  жекеленген  жер  учаскелерімен  қатар  көлік  және 

темір жол торабтары, гидрография көрсетіледі.  

   АҚШ-та  аэрофототүсірулер  негізінде  жалпы  ақпараттық  жүйені  (ЗИС) 

құрауды болжау әрекеттері қабылданған болатын.   



 Канада да жер ресурстарына қатысты бірнеше ақпараттық жүйе жұмыс 

істейді,  бірақ  арасында  кешендік  жоқ.  Бірақ,  әлемде  бұл  бағытта  жұмыс 

істейтін  кешенді  ақпараттық  географиялық  жүйелер  жасалған,  олар  арқылы 

жер кадастрына қатысты көптеген жұмыстарды орындауға болады.    



Жапонияда  кадастрлық  жұмыстар  Ұлттық  жерді  түсіру  Заңына  сәйкес 

жүргізіледі  және  оны  Ұлттық  жер  агентствосы  ұстайды.  Бұл  жұмыстарды 

жергілікті  үкімет  органдары,  ал  геодезиялық  негіздерін  геогрфиялық  түсіру 

Институты құрайды.   

  Кадастрлық карталар әртүрлі масштабтарда жасалады. Мысалы, қалалық 

жерлерде  -  1:  250  немесе1  :  500,  фермерлерде  -  1  :500  немесе  1  :1000,  ал 

орман және  жайылым  алқаптарында  - 1  : 2500  немесе  1 : 5000.  Кадастрлық 

карталармен қатар кадастрлық кітап жүргізіледі.  

Сонымен,  бір  елде  жер  кадастры  салық  салу  үшін  жүргізіледі,  осыған 

орай  жылжымайтын  мүліктің  сипаттамалары  болады  (салық  мөлшерін 

анықтау  үшін).  Сондықтан  оны  салықтық  (фискальный)  кадастр  жүйесі  деп 

атайды.  

Басқа  бір  елдерде  жер  кадастрының  негізгі  мағынасы  жерге  деген 

құқықты тіркеу арқылы қорғау, басқаша айтқанда «мәмілені немесе келісімді  

тіркеу».  Осыған орай оны заңды (құқықтық) кадастр жүйесі деп атайды.  

 Бұл  кадастрлар  жүйесінің  арақатынасы  әртүрлі  елдерде  уақытқа 

байланысты  өзгеріп  отырады.  Олар  бірді  бөлінеді,  кейде  керісінше 

қиылысады, ал кейде бір көпмақсатты жүйеге бірігеді. 

Көпмақсатты 

кадастрлар 

жүйесін 

пайдалану 

қоғамдық 

және 


экономикалық    тұрмыстың  әртүрлі  салаларда  проблемаларды  шешуге 

 

92 


мүмкіншілік  жасайды.  Мысалы:  жылжымайтын  мүлікті  тіркеу;  несие 

берушілерді  қамтамасыз  ету;  демографиялық  жағдайды  талдау;  дамуды 

басқару,  жылжымайтын  мүлікпен  келісімдер  жасау,  жер  нарығын  талдау; 

жерге  және  жылжымайтын  мүлікке  салық  салу;  жер  ресурстарының 

пайдалануын  бақылау;  аумақтық-кеңістіктік  жоспарлау  және  халыққа  жерді 

тиімді пайдалану мен қорғау туралы ақпарат беру.  

Сонымен қатар көпмақсатты кадастрлар жүйесі әкімшілік басқару үшін 

де  өте  қолайлы  келеді,  үйткені  жылжымайтын  мүліктерді  тіркеу  әкімшілік 

мақсаттарды қалыптастыру үшін базалық ақпараттармен қамтамасыз етеді.  

 

Бақылау сұрақтар 

1  Шетелдік  жер-кадастр  жүйелерінің  қалыптасуына  әсер  етенін 

факторлар.  

2  Жер-кадастрлық жүйелер қалай жіктеледі? 

3  Шетелдік жер-кадастр жүйелерінің қандай сипаттары бар? 

4 Батыс-европалық жер-кадастр жүйелеріне сипаттама беріңіз.  

5 Құқықтық (заңды) жер кадастры. 

6 Фискалдық (салықтық) жер кадастры дегеніміз не? 

7 Көпмақсатты жер кадастры және оның мазмұны.  



 

Әдебиет 

35, с. 350-378. 



 

93 


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

         

Негізгі: 

        1 Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1993 жыл, 23 қаңтар.  

        2  Қазақстан  Республикасының  Жер  кодексі.  -  Алматы:  Жеті  жарғы, 

2003.- 256 б. 

3 Дегтярев Н.В. Земельный кадастр – М., «Колос», 1979, 464 с. 

4  Магазинщиков  Т.П.  Земельный  кадастр  –  Львов,  «Высшая  школа», 

1987, 424 с. 

5 Кадастровая оценка земель – А-А, «Кайнар», 1983, 144 с. 

6 Сейфуллин Ж.Т. Жер кадастры. - Алматы, 2001, 234б. 

Қосымша: 

7  Абишев  А.  Земли  Казахстана  и  их  использование  –  А-А,  «Кайнар», 

1969. 

8  Земельный  кадастр  СССР.  Под  ред.  С.Д.Черемушкина  –  М. 



«Экономика», 1967, 360 с. 

9  Спектор  М.Д.  Прогнозирование  и  планирование  использования 

земельных ресурсов. Учебное пособие – Акмола, 1995. 112 с. 

10  Гендельман  М.А.  и  др.  Научные  основы  землеустройства  –  Акмола, 

1995, 115 с. 

11  Оценка  земли  и  использование  ее  результатов.  Под  ред. 

М.А.Гендельмана – А-А, «Кайнар», 1979, 124 с. 

12  Лакин  Г.Ф.  Биометрия.  Учебное  пособие  –  М.,  «Высшая  школа», 

1973, 344.с. 

13  Помогалова  В.М.  Государственный  контроль  за  использованием  и 

охраной земель. Уч.пособие, - Астана, 1998, 122 с. 

14  Научно-методические  указания  по  мониторингу  земель  Республики 

Казахстан – Алматы, 1994, 108 с. 

15 Дюсенбеков З.Д., Орынбеков М.К. К вопросу о качественной оценке и 

агропроизводственной группировке земель – Вестник с.-х. науки Казахстана, 

Алматы, 1998, II, с.61-76. 

16  Оспанов  Б.С.  и  др.  Развитие  земельной  реформы  в  Республике 

Казахстан – Вестник с.-х. науки, Алматы, 1998, II, с.76-89. 

17  Методические  указания  по  выполнению  лабораторных  работ  по 

практическому  применению  материалов  оценки  земель  –  Целиноград,  1989, 

с.16. 

18  Методические  указания  к  лабораторно-практическим  занятиям  по 



землеустройству – Костанай, 1192, 12 с. 

19  Дюсенбеков  З.Д.  Проблемы  и  концептуальные  основы  создания  и 

функционирования земельного кадастра РК – Земельные ресурсы Казахстана, 

Алматы, 2000, I, с.9-11. 

20  Оспанов  Б.С.  Земельная  реформа  в  Республике  Казахстан  – 

Земельные ресурсы Казахстана, Алматы, 2000, I, с.6-8. 

21  Земельный  фонд  РК.  Информация  –  Земельные  ресурсы  Казахстана, 

Алматы, 2000, I, с. 27-28. 



 

94 


22  Сейфуллин  Ж.Т.  Теоретические  и  методологические  основы 

современного 

земельного 

кадастра 

РК, 

проблемы 



подготовки 

землеустроителей  и  кадастровиков  высшей  квалификации  -  Земельные 

ресурсы Казахстана, Алматы, 2000, I I, с. 20-23. 

23  Дюсенбеков  З.Д.,  Михалев  В.В.  Проблемы  организации  и  ведения 

мониторинга земель в Казахстане - Земельные ресурсы Казахстана, 2001, II, 

с. 17-20. 

24 

Временная  методика  по  определению  нормативной  цены 



сельскохозяйственных угодий – Алматы, 1995, 29 с. 

25  Основные  показатели  3  тура  оценки  земель  сельхозпредприятий 

Кустанайской области – Кустанай, 1989, 63 с. 

26  Гнаткович  Д.К.  Земельный  кадастр:  экономика  землепользования  – 

Львов «Высшая школа», 1986, 136 с. 

       27 Блисов Т.М.  Жер кадастры және жерді бағалау/ Әдістемелік құрал. – 

Костанай, 2003. – 41 б. 

28  Сулин  М.А.  Землеустройство  сельскохозяйственных  предприятий.  – 

Санкт-Петербург, 2002. – 222 с. 

29 


Чешев  А.С.,  Вальков  В.Ф.  Основы  землепользования  и 

землеустройства. – Ростов-на-Дону: Март, 2002. – 543 с. 

30  Дубенок  Н.Н.,  Шуляк  А.С.  Землеустройство  с  основами  геодезии.  – 

М., КолосС, 2007, 309 с. 

31  Муха  В.Д.,  Картамышев  Н.И.,  Муха  Д.В.  Агропочвоведение.  –М., 

КолосС, 2003. – 528 с. 

32  Почвоведение:  Учебник  в  2  частях//  Под  ред.  В.  А.Ковды,  Б.  Г. 

Розанова. Ч. 2. – М.: Высшая школа, 1988. – 368 с. 

       33  Добровольский  В.В.  География  почв  с  основами  почвоведения.–  М.: 

Владос, 2001. – 348 с. 

       34 Земельное законодательство / Сборник нормативных актов. – Алматы, 

2004. – 116 с. 

35 Варламов А.А. Земельный кадастр: В 6 т. Т.1. Теоретические основы 

земельного кадастра. – М.: КолосС, 2003, 383 с. 

36 Земельный кадастр. Учебник для вузов/ Чешев А.С., Фесенко И.П.. – 

М.: Изд-во ПРИОР, 2000, 356 с. 

       37  Ковриго  В.П.,  Кауричев  И.С.,  Бурлакова  Л.М.  Почвоведение  с 

основами геологии: Учебник. – М.:КолосС, 2008. – 439с. 

       38  Вальков В.Ф., Казеев К.Ш., Колесников С.И. Почвоведение: Учебник 

для вузов. – М.: ИКЦ «МарТ», 2006. – 496с. 

       39  Апарин  Б.Ф.,  Русаков  А.В.,  Булгаков  Д.С.  Бонитировка  почв  основы 

земельного  кадастра:  Учебное  пособие.  –  СПб.:  Изд-во  С.-Петерб.  Ун-та, 

2002, 88с. 

       40 САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 38, ст.389 

       41 Сейфуллин Ж.Т., Сейтхамзина Г.Ж., Игембаева С.К. Мемлекеттік жер 

кадаст  рының  жаңа  технологиясы.  Оқу  құралы.  -    Алматы:  ҚазҰАУ,  2008, 



247б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет