8. 3 Топырақты бонитеттеудің нәтижелері объективті болу үшін
диагностикалық немесе анықтау белгілерін дұрыс таңдап алудың мәні зор.
Негізгі анықтау белгілеріне жататындар: гумус қабатының қалыңдығы, гумус
мөлшері (%), топырақ құрамындағы гумус, азот, фосфор және калийдің
жалпы қоры, механикалық құрамы, сіңірілген негіздердің қосындысы және б.
Диагностикалық белгілерді топырақ жамылғысын, ауыл шаруашылық
дақылдарының өнімділігі туралы мәліметтерді және оларға топырақтың
жекеленген қасиеттерінің әсерін жан-жақты зерттеу негізінде әр жер-бағалау
ауданында жүргізіледі.
Жер-бағалау ауданы деп агрохимиялық, топырақ-мелиоративтік, табиғи-
технологиялық шарттары, мамандыру мен ауыл шаруашылығын
қарқындату деңгейіне әсері жағынан салыстырғанда бір текті облыс,
республика аумағының бір бөлігін айтады (кем дегенде 30 шаруашылық).
Сонымен қатар топырақты бонитеттеудің негізгі проблемасы оның
қасиеттерінің биологиялық өнімдерді қалыптастыруда әртүрлі климаттық,
геохимиялық және гидрологиялық жағдайларда рөлінің бірдей болмауымен
анықталады. Осыған орай топырақ бонитетін анықтау үшін оның қасиеттер
қатарлары да өте үлкен болуы тиіс. Бірақ, диагностикалық белгілерін
сұрыптауда ең алдымен олардың дақылдар өнімдерімен корреляциялық
байланысы түбегейлі зерттеу негізінде жүргізілуі керек.
Жалпы ең тығыз байдланыс (г = 0,88 ± 0,08) дақылдар өнімі мен гумус
шамасы аралығында байқалады.
Топырақты бонитеттеудегі көрсеткіштерді келесі топтарға біріктіруге
64
болады (Н. Ф. Тюменцев, 1975):
Экологиялық:
- табиғи, құрамында гидротермиялық режим мен жер бетін сипаттайтын
параметрлер;
- антропогендік, құрамында игеру, мелиорация және жерді пайдалану
сипатымен (мәдениеттенуі, жыртылуы, суару, эрозияға шалдығуы, химиялық
ластануы, террастануы және т.с.с.).
Топырақ ішіндегі:
- морфологиялық, құрамында топырақ және жекеленген қабаттардың
қалыңдығы, гумусты қабаттың қалыңдығы, төсеніш тау жыныстарының
тереңдігі немесе сутірегі;
- негізгілер; былайша айтқанда топырақ қасиеттер кешенін анықтайтын
негізгі сипаты; литогендік, немесе топырақтың гранулометриялық және
минералогиялық құрамыческий состав почвы; биогендік немесе гумус
мөлшері және қоры, сонымен қатар оның сапалық ерекшеліктері;
- негізгілерден туындылар: физикалық, сулық, химиялық, физикалық-
химиялық, биологиялық, агрохимиялық;
-
автономиялық, құрамында груттық сулар тереңділігі және
минералдануы, батпақтану дәрежесі, тастылығы, тұздануы, гипстенуі,
карбонаттылығы.
Айта кету керек, топырақ қасиеттерінң көптеген көрсеткіштері бір-
бірімен тығыз байланысты. Осыған орай әр нақтылы жайдайда топырақ
бонитетіне анықтаушы әсер ететін қасиеті таңдап алу керек.
8. 4 Қазіргі уақытта қолданатын әдістемелік ұсыныстарға сәйкес
топырақтарды
бонитеттеу
деп
салыстыруға
келетін
егіншілік
қарқындылығында және агротехника деңгейінде топырақтарды олардың
құнарлылығы бойынша сапасын салыстырмалы түрде бағалау түсініледі.
Көрсеткіштер ретінде дақылдардың шығымдылығы және өнімділікпен тығыз
байланыстағы топырақгың ең орнықгы қасиеттерін пайдалану ұсынылады.
Топырактардың табиғи қасиеттері бойынша құрылған шкала көрсеткіштеріне
(балл) өнімділік бойынша баллдарды ескеріп, түземелер енгізіледі.
Бағалау объектісі ретінде топырақ түрлері алынады. Бонитеттеу
шкаласын құру үшін топырақ, мелиоративтік және басқа зерттеулердің
сапалы деректері пайдаланылады.
Топырақтарды бонитеттеу жер бағалау жұмыстарының бірінші сатысы
ретінде жерді экономикалық бағалау үшін топырақ топтары (кластары)
түрінде бастапқы негіз беру керек. Бонитеттеу барысында анықталған,
белгілі жаратылыс нышандарымен сан жүзінде сипатталатын топырақ
топтары кейін экономикалық көрсеткіштер бойынша бағаланады.
Топырактарды бонитеттеу мәліметтерінің жерді, оның жаратылыс
сипаттамаларын ескере отыра, тиімді пайдалану мәселелерін шешуде көп
маңызы бар.
Топырақ түрлерінің жеке қабаттары бойынша есептелінген барлық
көрсеткіштер қосылып, топырақ аймағы немесе әкімшілік аудандар шегінде
65
әр топырақ түрі бойынша орта көрсеткіштер шығарылады. Егер әкімшілік
аудан шегінде топырақ түрі 20-30 талдаудан кем қамтылмаса, онда топырақ
касиеттерінің орта арифметикалық көрсеткіштері осы аумақгық бірліктер
шегінде есептелінеді, ал бақылау саны одан кем болса, есеп топырақ аймақша
шегінде жүргізіледі.
Топырақгардың, облыстың әр шаруашылығының жыртылған жерлерінен
бонитет
баллдарын
анықгағаннан
соң,
олардың
көп
жылдық
шығымдылыкден байланыс тығыздығын тексеру үшін бонитет баллдарын
негізгі ауыл шаруашылық дакылдардың (бидай, арпа, көп жылдык шөптер
және т.б.) көп жылдық шығымдылығымен салыстырады. Өнімділік
шамалары 8-10 жылдықтан кем болмау керек. Бұл жағдайда өнімділіктің өсу
тенденциясын және бонитет баллдары мен өнімділік арасындағы уақытша
тәуелділікті айқындауға болады. Шығымдылық және топырақгардың бонитет
баллдары арасындағы байланыс тығыздығының өлшемі ретінде екі немесе
одан көп нормалылы үлестірілетін кездейсоқ шамалардың сызыктық
байланысының көрсеткіші болатын корреляция коэффициентін пайдалану
керек.
Жоғарыда келтірілген топырақты бонитеттеу әдістемелерінде бонитет
баллдары былайша есептеледі. Ең алдымен топырақтың сұрыпталып алынған
n белгілерінен әрқайсысының баллдары мына формуламен анықталады:
Б = ( З
ф
: З
м
) х 100
мұнда Зф – белгінің осы топырақтағы орташа мағынасы немесе мөлшері
(гумус, азот, фосфор, калий және т.с.с. қоры); Зм – топырақтағы сол белгінің
100 деп қабылданатын мағынасы немесе мөлшері.
Бонитет баллын есептеуде және шкала құруда 2 жүйені қолданады:
тұйықты және ащық. Біріншіде жүйеде үлгі-нұсқа ретінде ең жақсы
қасиеттері бар топырақ немесе ауыл шаруашылығы дақылдарының ең
жоғарғы өнімі алынады да көрсеткіштеріне 100 балл беріледі. Ал басқа
топырақтардың қасиеттері немесе ауыл шаруашылығы дақыылдарының
өнімдері тікелей пропорция арқылы формуламен анықталады. Екінші жүйеде
үлгі-нұсқа ретінде осы аймақта ең көп тараған, жер-бағалау ауданында
топырақ жамылғысы ішінде үлесі үлкен топырақ және ондағы өнім алынады.
Содан кейін қарапайым орташа арифметикалық шамасы немесе
топырақтың орташа баллы анықталады, ол үшін әр белгінің баллдары
қосындысы алынған белгілер санына бөлінеді. Кей жағдайларда орташа
арифметикалық шама өлшенген түрде анықталады немесе әр белгінің өнімді
қалыптастырудағы үлесіне қарай есептеледі.
Есептеудің үшінші сатысында алынған орташа балл шектеуші
факторларды есепке алатын түзету коэффициеттеріне көбейтіледі (мысалы
өнімге теріс әсер ететін топырақтың теріс қасиеттері: тұздануы, тастылығы,
сортаңдылығы, кебірлігі, эрозияға шалдығуы және т.с.с.
Топырақты бонитеттеу барысында көптеген есептер жүргізу қажеттілігі
туындалады, сондықтан қазіргі кезде компьютерлік технология кеңінен
пайдаланылады.
66
Бақылау сұрақтары
1
Топырақ құнарлылығы және онын мәні.
2 Топырақты бонитеттеу және оның міндеттері.
3 Ресейде топырақтарды бонитеттеу әдістемесінің негізін кім қалады
және оның мазмұны.
4 ҚР топырақты бонитеттеу ерекшеліктері.
5 Топырақты бонитеттеудің жер бағалау жүйесіндегі рөлі.
6 Бонитеттеу негізіне топырақтардың қандай қасиеттері алынады?
7 Бонитеттеу шкаласын құруда қай көрсеткіш ең басты болып
саналады?
8 Жер-бағалау ауданы және оның мазмұны.
Әдебиет
3, с. 204-213; 4, с. 84-90; 6, с. 149-156; 11, 124 с.; 27, с. 5-11 30, с.17-18; 31, с.
430-435; 32, с. 313-320; 37, с. 410-419; 38, с. 458-463: 41, 144-168 б.
9 Тақырып Жерді экономикалық тұрғыдан бағалау
Мақсаты: Жерді экономикалық тұрғыдан бағалауды оқып зерттеу.
Жоспар:
9. 1 Жерді экономикалық тұрғыдан бағалау түсінігі және міндеттері
9.2 Жерді экономикалық бағалау үшін көрсеткіштерді анықтау және
шкала құру
9.1 Мемлекеттік жер кадастрының қорытындылаушы бөлігі болып жерді
экономикалық тұрғыдан бағалау саналады, ол топырақтың объективті
қалыптасқан құнарлылығына экономикалық көрстекіштер бойынша санды
сипаттама береді.
Экономикалық бағалау деп табиғи қор және ауыл шаруашылық
өндірістің негізгі құралы ретінде жер сапасын экономикалық көрсеткіштер
арқылы бағалауды айтады. Бұл салыстырмалы бағалауға жатады және
әртүрлі сападағы жерлерді пайдалану тиімділін анықтаумен сипатталады.
Сонымен қатар бұл көрсеткіш егіншіліктің қалыптасқан қарқындылығында
және ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбек өнімділігіне сай
бағаланумен анықталады.
Бірдей өндірістік шығындарға келетін өнім немесе өнім бірлігіне келетін
шығындар мөлшері экономикалық тұрғыдан жер сапасын көрсетеді. Былай
айтқанда, жер сапасының айырмашылығы әртүрлі сапалы жерлерге келетін
бірдей шығындардың орнын толтырумен, тиімділігімен себептелінеді. Осы
жай жерді экономикалық бағалау әдістемесінің негізін қалаушы болып
табылады. Бұл жай бойынша, бірдей шығында қай жерде өнім көбірек
алынса, сол жердің сапасы жоғары деп саналады. Алынған өнімдердің
айырымы сан түрінде жерлер сапасының айырмашылығын көрсетеді.
Жерді бағалау және жердің пайдаланылуын бағалау дегендер бір ұғым
емес. Сапасы бірдей жерлерді әртүрлі пайдалануға болады, сондықтан оларда
өнім мелшерлері де әртүрлі болады. Егер қосымша қаражат жұмсалып,
67
егіншілік мәдениетін нашар жерлерде дұрыс, қарқынды пайдаланса, жақсы
жерлерге қарағанда, жоғары өнім көлем бірлігін алуға болады. Сондықтан,
тек қана өнім шығыны арқылы шығындарды, агротехниканы, былай айткаңда
өндірісті жүргізу деңгейін ескермей, жер сапасын шын мәнінде бағалауға
болмайды. Өндіріс шығындары әртүрлі мөлшерде болатыңдықтан, жерлерді
қай деңгейде бағалауға болады деген сұрақ туады. Шығындардың нормалық
деңгейі, әрине, жердің тиісті өнделуін себептейді. Сондыктан жерді
экономикалық бағалау үшін шығындардың нормалық деңгейіне сүйену
керек.
Топырақты бонитеттеу және жерді экономикалық бағалау бірімен-бірі
ортақтық мақсаттармен тығыз байланысқан және жерді пайдалануды тіркеу,
оның саны мен сапасын есепке алу, тексеру және бағаланатын жерлердің
өндірістік көрсеткіштері туралы статистикалық ақпараттардың бірыңғай
нәтижелеріне сүйенеді.
Топырақты бонитеттеу және жерді экономикалық тұрғыдан бағалау
жердің өндірістік қабілетін анықтаудың бірыңғай процесі болып
қарастырылады. Үйткені топырақтың табиғи және иеленген қасиеттері,
жердің
технологиялық
ерекшеліктері
мен
орналасуы,
өндірістің
қарқындылығы бір мезгілде және өзара байланыста болып егіншіліктік
еңбектің өнімділігіне әсер етеді.
Жерді экономикалық тұрғыдан бағалаудың топырақты бонитеттеуден
негізгі айырмашылығы, бонитеттеу топырақты ауыл шаруашылығы
өндірісінің экономикалық жағдайларын ескермей табиғи дене ретінде
қарастырады. Ол олардың табиғи құнарлылығының негізгі факторлары
бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіп-өндіруге салыстырмалы
жарамдылығын анықтайды. Сонымен қатар экономикалық бағалау үшін
топырақ топтарын бөлуді қамтамасыз етеді.
Ол жерді экономикалық тұрғыдан бағалауда ауыл шаруашылығы
өндірісінің негізгі құралы ретінде қаралады. Осыған орай жерді
экономикалық тұрғыдан бағалау қол жеткізген қарқынды егіншілік
деңгейінде жер сапасындағы айырмашылық экономикалық құнарлылылық
көз қарасында жеткілікті дәлдікпен бейнелеуі тиіс. Бұл бағалау өндірістің
жергілікті табиғи және экономикалық жағдайлары, учаскелердің орналасуы,
ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін кеткен еңбек шығындарын есептеу
арқылы жүргізіледі. Бірақ осымен экономикалық бағалаудың мағынасы
таусылмайды, үйткені ол ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің
тиімділігін есептеумен қатар, жалпы бүкіл мемлекекеттік жер қорының
тиімдігін есептеуі керек.
Жерді экономикалық тұрғыдан бағалау материалдарын пайдалану
жиектемелері жер қорларын болжау және жоспарлау жұмыстарын
ұйымдастырумен кеңейе бастады. Бұл жұмыстарды орындау барысында
жерді экономикалық тұрғыдан бағалау материалдары оның әртүрлі
санаттары, жер пайдалану мен алқаптар топтары ара қатынасын белгілеу,
халық шаруашылығының барлық салаларын жоспарлы дамыту негіздері
болып саналады.
68
Жерді экономикалық бағалау материалдары шаруашылық аралық жерге
орналастыру жұмыстарында жобалау шешімдерін қабылдауда негіз балады.
Әсіресе экономикалық бағалау материалдары шаруашылық ішкі жерге
орналастыру жобаларын негіздеуде маңыздылығы өте зор.
Жерді экономикалық бағалау оның мақсаттары мен міндеттеріне қарай
жалпы және жеке бағалау болып бөлінеді. Жалпы бағалау құнарлылықтың
объективті көрсеткіштері мен егіншіліктің қол жеткен қарқындылында жерді
пайдалану тиімділігінің сипаттайтын көрсеткіштерін белгілеуді қарастырады.
Ол барлық өсіп-өндірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының шығындарын
және нәтижелерін есепке алу негізінде жүргізіледі. Жалпы бағалау
нәтижелері жер ресурстарын тиімді пайдалануды жоспарлау және
ұйымдастырудағы жалпы экономикалық міндеттерді шешуде пайдалынады.
Жерді жеке бағалау әртүрлі топырақтарда нақтылы ауыл шаруашылық
дақылдарының өсіру тиімділік дәрежесін анықтауды қарастырады. Жеке
экономикалық бағалау материалдарында әртүрлі дақылдарды өндіру үшін
жердің жарамдылығы туралы мәліметтер болады және олар қосымша күрделі
қаржы енгізбей белгілі бір экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді.
Жерді экономикалық бағалау объектісі болып жалпы жер кадастрындағы
сияқты еліміздің бірыңғай мемлкеттік қоры саналады. Ол әртүрлі жер
санаттары мен жер алқаптарынан тұрады және әртүрлі топырақ
жамылғысымен сипатталады. Топырақ жер кадастрында құнарлылық
тасымалдаушы және бағалау заты ретінде бір мағынада қарастырылады.
Үйткені алғашқыда топырақты бонитеттеуде оның табиғи құнарлығы, ал
содан кейін экономикалық бағалауда экономикалық құнарлығы анықталады
және объективті экономикалық факторлар (шаруашылық жүргізу деңгейі,
егіс құрылымы, шаруашылықты мамандандыру және б.) есептеледі.
Сондықтан топырақты бонитеттеу мен жерді экономикалық бағалауда бір
жер-бағалау бірлігі қабылданады. Жер-бағалау жұмыстарының әртүрлі
кезеңдерінде
бірлік
ретінде
топырақ
түршесі,
топырақтардың
агророөндірістік топтары, жерлердің ауыл шаруашылық типтері, жерлердің
кадастрылқ типтері.
Қазақстанда жер-бағалау жұмыстарында бірлік ретінде жерді сапасына
қарай жіктеуіне қарай топырақ топтары саналады.
Жерді экономикалық бағалауда бағалау көрсеткіштерін дұрыс
таңдаудың маңызы өте зор және олар экономикалық бағалаудың нақтылы
мақсаты мен міндеттерінен туындалады.
Жерді жалпы бағалауда қолданатын негізгі бағалау көрсеткіштері:
1 Жалпы өнім құны - ЖӨ (тенге/га);
2 Шығындар қайтымдылығы немесе толтырылуы – ШТ (1 теңге
шығынға келетін өнім құны);
3 Дифференциалдық пайда - ДП (жақсы сапалы және нашар жағдайда
орналасқан жерлерден алынатын таза пайданың қосымша бөлігі.
Жерді жеке бағалауда қолданатын негізгі бағалау көрсеткіштері:
1 Ауыл шаруашылық дақылдары шығымдылығы - ШД;
2 Белгілі ауыл шаруашылық дақыл бойынша шығындар қайтымдылығы
69
немесе толтырылуы - ШТ;
3 Белгілі ауыл шаруашылық дақыл бойынша дифференциалдық пайда -
ДП.
Экономикалық жағынан өндірістің негізгі құралы ретінде жердің сапасы
топырақ құнарлығымен анықталады, ал оның әртүрлілігі ауыл шаруашылық
дақылдары өнімінің әртүрлі болуына әкеліп соғады. Олай болса жерді
экономикалық бағалаудың бастапқы көрсеткіші болып өнім саналады.
Жерді экономикалық бағалауға сұрыптап алынған ауыл шаруашылық
дақылдарының құрамы жер-бағалау ауданы аумақтарына сәйкесті болуы
керек. Мысалы, Солтүстік Қазақстан өңірінде астықты дақылдар (жаздық
бидай, арпа, сұлы және т.б.).
Әдетте жерді экономикалық бағалау жер-бағалау аудандарында
жүргізіледі.
Әртүрлі ауыл шаруашылық дақылдары өнімдерін салыстырудың дәл
өлшемісі ретінде олардың бағалы сипатын алуға болады, оны жалпы өнім
құны мен дифференциалдық пайдасы арқылы анықтайды.
Жалпы өнім құны барлық дақылдар бойынша егіс ауданы, өнімділігі
және бағасы арқылы анықталады.
Жерді экономикалық бағалауда сапасы әртүрлі жерлердегі жалпы өнім
шығымдылығын өндіріс шығындарымен үйлестіру керек.
Жалпы өнім мен оның шығынын үйлестіріп отырып анықтаудың ең
негізгі қиындығы әртүрлі өнімдер бағаларының (сатып алу) көп ауытқуында
болады. Сонымен қатар олар оның құнынан да біршама құбылады.
Сондықтан жерді бағалауда кадастрлық бағаны қолданған дұрыс.
Әдетте кадастрлық баға ауыл шаруашылық өндірісінде қажетті (керекті)
нормалды шығындарды бейнелейді және келесілерден тұрады: нашар
жағдайлардағы өндіріс өнімінің бір мөлшерінің өзіндік құны мен бағасына
арнаулы норматив бойынша анықталған қосымша өнім (нормалы
табыстылық-рентабельность, пайда) қосылған.
Шығындар қайтымдылығы – шығындар бірлігіне келетін жалпы өнімнің
құны, немесе жалпы өнім құнының өндіріс шығындарға қатынасы, ол келесі
формула бойынша анықталады:
ШТ=ЖӨ/Ш, мұнда ШТ - шығындар қайтымдылығы немесе
коэффициенті; ЖӨ – жалпы өнім құны; Ш – ақшамен көрсетілген жалпы
өндірістік шығындар.
Сапалылығы әртүрлі жерлердегі ауыл шаруашылық өндірісінің
экономикалық тиімділігін таза пайда арқылы жақсы сипатталады, ол 1 га
жалпы өнімнің құны және оны өндіруге жұмсалған шығындар арасындағы
айырым ретінде анықталады:
ТП = ЖӨ – Ш
Сапалылығы әртүрлі жерлерді бағалауда өнім шығымындағы
айрықшылығын бейнелейтін ең интегралды жинақтау көрсеткіші ретінде
дифференциалдық пайда қабылданады. Ол мағынасына қарай ренттік пайда
болып саналады.
Дифференциалдық пайда сапалығы жақсы жерлерде өнімділігі жоғары
70
еңбекпен алынатын таза пайданың нашар жерлерге қарағандағы қосымша
бөлігі және ол келесі формудамен анықталады:
ДП = ЖӨ-Ш-ТП
Н
немесе ДП= ТП – ТП
Н
, мұнда ТП
Н
– қажетті қосымша
өнім (нормалды таза пайда немесе минималды пайда).
Дифференциалды пайданы есептеу үшін нашар жерлерде алынатын
нормативтік қосымша өнім (ең төмен қоғамдық қажет таза пайда - ТП
Н
)
келесі формуламен анықталады:
ТП
Н
=К (Ф
Н
+Ф
А
)
мұнда К – барлық (негізгі және айналмалы) өндірістік қорлардың
тиімділік коэффициенті (К=0,15), олай болса ТП
Н
=0,15 (Ф
Н
+Ф
А
)
мұнда Ф
Н
– негізгі өндіріс қорларының құны, тенге/га; Ф
А
– айналмалы
өндіріс қорларының құны, тенге/га.
Негізгі қорлар: соңғы өніммен байланысты машиналар құралдар, өнімді
малдары, көп жылдық екпелер, ғимараттар мен құрылыстар; айналмалы
қорлар: жемшөп, тұқым, жанармай, төл мал, тыңайтқыш.
ТП
Н
– нормалды немесе минималды қажетті таза табыс мөлшері
белгіленген жер бағалау ауданының шаруашылықтарына бірдей қойылады.
Сонымен қатар дифференциалды табыс немесе рентаны – ДР былай
анықтауға болады:
ДР=ЖӨ - ШТх Ш
Мысалы, белгілі бір топырақта бағаланатын өнім – 20 ц/га, сату бағасы
2000 тенге/ц, 1 га бағаланған нормалы шығындары – 15 000 тенге, астық
өндірісінің нормалы рентабелділігі – 60%. Олай болса ДР немесе ДП= 20
х2000 -1,6 х15000= 16000
Дифференциалды пайда жердің салыстырмалы құнарлығын сипаттайтын
өлшем, ол бағаланатын жердің шығындар мөлшерін құнарлылығы төмен
жермен салыстырғандағы тиімділігін бейнелейді. Сондықтан оң мөлшерлі
дифференциалдық пайда орташа және жақсы жерлерде, ал теріс нашарлау
жерлерді сипаттайды, оларда егіншілік ШТ алғашқы деңгейден төмен
болады.
Сонымен жерді бағалау мәліметтері, әсіресе нарықтық қатынастарда
кеңінен пайдаланылады. Олар жер нарығын дамыту үшін, ауыл шаруашылық
кәсіпорындарын жекешелендіруде, қожалықтарды дамытуда, салық салуда
және бағалық саясатты жетілдіруде өте қажет. келеді. Осының нәтижесінде
нарықтық баға есептелінеді. Сөйтіп алдағы уақытта сауда-саттықгарды
салыстыруға негізделінген дамыған батыс елдерінде кеңінен қолданылып
жүрген бағалау әдісін бізде де қолдануға мүмкіндік туындайды.
Жерлерді бағалау аудандары (ЖБА) топырақгарының топтары бойынша
орта
нормативтік
шығымдылық
егіс
көлемдердің
қалыптасқан
құрылымын, өсірілетін дақылдардың үлестік салмағын ескере немесе негізгі
дақыл бойынша есептелінеді.
Жерлерді бағалық аудандастыру мемлекет жүргізетін салық, баға
саясатын жүргізу, жерлерді қорғау және тиімді пайдалану бойынша
шараларды жасау, жер мониторингі, кадастрі, қорларын басқару бойынша
бірыңғай ақпараттық-есептеу жүйесін құру үшін жерлердің сапасын, бағасын
71
білуге қажет дұрыс материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар бағалық аудандастыру ауьш шаруашылық жерлерінің
нормативтік бағасын аныктау бойынша есептерді азайтуға және жеңілдетуге
мүмкіндік береді.
9.2
Жерді экономикалық бағалау көрсеткіштері жер-бағалау
ауданындағы шаруашылықтар іс-әрекетін бағалау нәтижелері арқылы
анықталады. Бағаланатын топырақ топтарында көрсеткіштерді анықтау үшін
алғашқы деректерді жинау және талдауда жаппай немесе іріктеу әдісі
қолданылады. Жаппай әдісін пайдаланып жерді бағалау шкаласын құру
негізіне барлық ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мәліметтері алынады.
Ал әіріктеп алу әдісінде экономикалық жағдайы жағынан бір-біріне жақын
кейбір шаруашылықтардың бір бөлігінен мәліметтер алынады.
Жер-бағалау жұмысында ең жауапты кезең – бағаланатын топырақ
топтарында өндірілетін дақылдар өнімі мен шығындарын анықтау, үйткені
басқа көрсеткіштер осылардың туындылары. Сонымен қатар олардың
дұрыстығы осыларға тығыз байланысты келеді.
Ең дұрыс ақпараттарды алудың әдісі сол бағаланатын жерлердегі
шаруашылықтарда тікелей өнімді және шығындарды есептеу.
Қазіргі кезде жерді экономикалық бағалау үшін мәліметтерді алудың
негізгі көзі ауылшаруашылық кәсіпорындарында жүргізілетін есеп алу және
есеп беру жүйесі. Олар кәсіпорындардың жылдық есеп беру құжаттары,
оларды шаруашылықтың орташа өнімі туралы мәліметтер болады. Сонымен
қатар ауыл шаруашылық дақылдарының өнімдері туралы мәліметтерді
статистикалық құжаттардан алады.
Қазіргі кезде жер-бағалау жұмыстарында компьютерлңк технолгия
кеңінен қолданылады.
Жерді бағалау жұмыстарында алғашқы ақпарат ретінде ақырғы бес
немесе
жеті
жылдардағы
ауыл
шаруашылық
кәсіпорындарының
статистикалық және бухгалтерлік есеп беру құжаттары, топырақ,
геоботаникалық,
агрохимиялық
және
мелиоративтік
тексерулер
материалдары қолданылады.
Көп жылдық орташа өнімді анықтау үшін әртүрлі әдістер қолданылады.
Оларға жататындар: әртүрлі топырақтарда тікелей өнімді есептеу, іріктеу
әдісі (ұқсас шаруашылықтарды іріктеу), шаруашылықтардың көп жылдық
мәліметтерін корреляциялы-регрессиялық талдау, сынама алаңдарды және
бақылау
мөлдектерде
экспертиза
жүргізу,
аналог
әдісі
және
шаруашылықтардағы мамандар мен қызметкерлер пікірлерін сұрау.
Әрине ең сенімді әдіс - әртүрлі топырақ түрлерінде өнімді белгілі бір
мерзім бойы тікелей анықтау (кем дегенді ауыспалы егіс ротациясында).
Әртүрлі әдістермен алынған мәліметтер арасындағы ауытқулар
шаруашылықтар бойынша алғашқы көрсеткіштердің барлық жиынтығы
вариация коэффициентінен аспауы тиіс, ол 10... 15% шамасында болады. .
Бағаланатын топырақ топтары бойынша теңестірілген көрсеткіштер
бағаланатын ауданның жерді экономикалық бағалу шкаласын құруға
72
алғашқы мәліметтер ретінде қолданылады.
Бағалау шкаласы кесте түрінде болады, онда абсолюттік (тенге, ц/га)
және салыстырмалық (баллдар) көрсеткіштер түрінде топырақтың
құнарлылық деңгейі, өнімділігі және жер алқаптарын бағалайтын барлық
бағалау бірліктерінің табыстылығы бейнеленеді. Шкала жердің сапасын
сипаттайтын әртүрлі көрсеткіштер бойынша құрылады. Өндіріс деңгейі
жалпы өнім мөлшері, өндіріс тиімділігі (эффективность производства) –
шығын қайтымдылығы, табыстылығы – дифференциалдық табыс немесе
пайда мөлшері бойынша анықталады. Топырақ топтары бойынша бағалау
шкаласын құру бағалау көрсеткіштерін салыстырмалы (баллдар, шартты
гектарлар) шамаларға есептеу арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге 100 балл
ретінде (бір шартты гектар) облыстағы сапасы ең жақсы жерлердің
көрсеткіштері алынады немесе бағалу көрсеткішінің ең жоғарғы мағынасы.
Жерді бағалау шкаласы дұрыс деп саналады егер шаруашылық бойынша
нақтылы орташа көрсеткіштері мен бағалау шкала арасындағы ауытқу 5 %
аспаса.
Аумақты аудандастыру, топырақтарды топтастыру және бағалау
шкаласын құру жұмыстарының нәтижелері ҒӨО
ЖЕР
және олардың
филиалдарының техникалық кеңестерінде талқыланады. Қорытынды
нәтижелері облыстық, республикалық бағалау комиссияларында қаралады
және бекітіледі
Достарыңызбен бөлісу: |