Әдебиеттер
1.
Жансүгіров І.Мен қалай жаздым // Қазақ әдебиеті. – 1959. – 16 қазан.
2.
Қирабаев С. Өнер өрісі. Мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1971. − 272 б.
3.
Лейбсон В.И. Чему учат стихи? Детская поэзия и эстетическое воспитание. –
М.: Просвещение, 1964. – 104 с.
4.
Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. – Алматы: Өркениет, 2003. – 368 б.
5.
Әлімбаев М. Шығармалар жинағы. Екі томдық. Т. 2. – Алматы: Санат, 1997. – 704 б.
6.
Дүйсенбиев Ә.Жаңбырлы жаз. – Алматы, Жазушы, 1982. – 424 б.
7.
Ақыл кені. – Алматы: Көшпенділер, 2003. – 244 б.
8.
Жомартбаев Т. Жеміс. Өлеңдер. – Алматы, Жалын,1985. – 30 б.
Саткенова Ж.Б., Бисегалиева Н.К.
Язык поэтических произведений для детей
В статье раскрывается тема о роли языка поэтических произведений для
детей. Детская литература - одно из литературных течений необходимое для
общества. Ее рождение формирование историю развитие нельзя рассматривать
отдельно от казахской литературы Казахская детская поэзия берет свое начало
от фольклора куда вошли бесик - жыры считали скороговорки и.д. С рождением
ребенка народ связывает с ним большие надежды и мечты. Свои помыслы он
вкладывает в стихи и через слово пытается донести народные ценности и воспитать
свое поколение. И каждый ребенок уже с пеленок услышавший красоту песен и стиха
закладывает в себя основы человеческих отношений воспитывает эстетическое начало.
Исходя из вышесказанного легко утверждать что произведение детской литературы
играют большую роль в формирование ребенка как личности.
Ключевые слова: Детская литература, детская поэзия детское воспитание,
детский поэт, детский писатель, казахская детская литература.
Satkenova ZH.B., Bissegaliyeva N.K.
Language of poetic composition for children
The article reavels the theme about the role of language poetry for children.
Literature for children - one of the literary currents in society. It ‘ s birth the formation ,
the histpry of the development can njt be considered separatly from Kazakh Literature.
Kazakh children^s poetry originats from folklore, which included besik- zhyry though
patters and etc. With the child’s birth people connects hopes. dreams with it. Their pomisty
he puts into the poems and through the world trying to convey people’s values and to educate his
generation. And every kid from the cradle hears the beauty of the songs and poems, lays the
foundations of the human relations ,educates aethetic. Based on the forgiving , it can be argued that
the work of children’s literature play an important role in group of children’s as individuals.
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
219
Keywords: Children’s literature, children’s poetry, children’s education, children’s poet,
children’s writer of the Kazakh children’s Literature.
ӘОЖ: 31 (574)
Хасанов Ғ.Қ. – филология
ғылымдарының докторы, профессор,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Е-mail: hasan.gabit@mail.ru
Құрманиязова Р. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
Е-mail: rizok 06@mail.ru
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «КӨК» СӨЗ-СИМВОЛЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІГІ
Аңдатпа. Бұл мақаланың негізгі мәселесі – «көк» сөз символының
семантикалық және құрылымдық жағынан дамуы, сонымен бірге, «көк» сөз-
символының сөз тіркестерінде қолданылуы болып табылады. Аталған мәселелер, ең
алдымен, «көк» сөз символының семантикалық табиғатына қатысты туындағын
сұрақтарға өз шешімін таба алады.
Тірек сөздер: Сөз-символ, семантикалық ерекшелік, сөз тіркесі, грамматика, түр-түс атауы.
Түр-түс атаулары – қазақ тілінде, басқа тілдер сияқты, біршама зерттелген
категория. Олар қазақ тілі мамандары тарапынан негізінен сын есім категориясы
ретінде қаралып, сапалық сын есімге тән лексика-грамматикалық табиғаты мен
мағынасы, қолданылу аясы анықталған.
Түр-түс атауларының негізгі көпшілігі көне замандардан келе жатқан түркі
тілдеріне ортақ дүние болғандықтан, тіл біліміндегі оның зерттелу тарихында да
белгілі ортақтық болатыны сөзсіз. Осыған орай, түр-түс атаулары – сапалық сын есім
ретінде жиырмадан астам түркі тілдерінің бәрінде де лексика-грамматикалық және
этимологиялық тұрғыдан зерттелген, анықталған және белгілі дәрежеде жүйеге
түскен категория. Ол жөніндегі мағлұматтарды біз кез келген түркі тілдерінің
грамматикасынан (Терентьев, Мелиоранский, Катаринский, Боровков, Кононов,
Батманов, Дыренкова, Дмитриев, Баскаков, Наджип, Покровская, Тенишев т.б.)
табуымызға болады. Кейбір түр-түс атауларының шығу тарихы мен тілдік
табиғатын қарастыратын зерттеулерді көбінесе орхон-енисей және орта ғасырлық
жазба ескерткіштеріне арналған еңбектерден кездестіруге болады [1, 33 б.].
Көне дәуірлерден жеткен түркілік жазба әдеби мұралардан да көк түске
қатысты кейбір белгілерді VII-VIII ғасырлар мұрасы – Орхон жазба ескерткіштерінен
табуға болады. Бұл әдеби ескерткіштер түркі қағанатының тарихын, экономикалық-
әлеуметтік, саяси ахуалымен бірге, сол қағанат құрамындағы тайпалардың наным-
сенімімен, яғни түркілік мифологиядан хабар береді. Аталмыш жазбалардан
түркілердің табынған күші – Көк Тәңіріне ерекше құрмет танылады. Мысалы:
«...Биікте көк Тәңірі
Төменде қара жер жаралғанда
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
...әкем Елтеріс қағанды,
Шешем Елбіге қатынды
Тәңірім төбесіне ұстап,
Жоғары көтерген екен
...Тәңірі қуат берген соң,
Әкем қағанның әскері бөрідей болыпты,
...Тағдырды сені өлімші етті» [2, 26 б.].
Көне түркілер үшін жаратылыстың құдіретті иесі – Тәңірі. «Аспан –
шамандықтың ең құдіретті жаратылыстың жаратушысы. Көк Тәңірі – көк аспан деп
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
220
аталады. Қазақтар ұғымындағы бірінші аталатын сын есім «көк» - көріністі
бейнелейді және заттық түсінікті білдіреді, ал зат есім (тәңірі) «көк» атауының
баламасы (синонимі)...Тәңірі сөзін Шыңғыс хан заманында мұсылмандар «Алла» деп,
ал, еуропалықтар «deus» деп аударған», - деп көрсетеді Ш. Уәлиханов[3, 65 б.].
«Күлтегін» жазуындағы «Тағдырды Тәңірі жасар» деген тіркестің астарында
бүкіл адам баласының амандық-саулығы, тағдыры сол Тәңірінің қолында, ол өз
билігін көк биігінен іске асырып отырады деген сенім жатыр.
Қазақтардың ата-тегі түріктердің басты құдайы – Көк Тәңірі. Сейіт
Қасқабасовша айтсақ: «Көне замандағы, түркі қағанаты дәуіріндегі аспанды — еркек,
жерді — әйел деп түсінетін мифтік ұғым қазақтың мифі мен діни нанымында ғана
сақталып қоймаған. Ол ұлтымыздың көркем фольклоры мен классикалық
әдебиетінде поэзиялық символға, көркем әдіске, метафораға айналған»[4, 87 б.].
Көк түстің де көп мағына беретіндігін көреміз. Оның негізгі бір себебі –
жалпы түркі халықтары көпке дейін көк пен жасылды ажыратпай келгендігінде.
Дегенмен қазақ және басқа түркі халықтары үшін көк табиғаттағы бір түс бола тұрса
да, іс жүзінде бір-біріне жақын бірнеше реңктерге жіктелетіндігін көреміз. Оны
«көк» деп аталатын заттар мен құбылыстардың нақтылы реңкіне қарай отырып
берілген орыс тіліндегі аудармасынан да көруге болады. Мәселен, А. Н. Кононов
түркі тілдеріндегі «көк» түстің мынадай орысша аудармаларын келтіреді: «синий»,
«голубой», «лазурный», «светло-зеленый», «сизый», «небесного цвета», «цвет
молодой зелени», «серый», «небо», «молодая трава», «зелень», «луг» [5, 69 б.].
Қазақ тілінің өз фактісіне жүгінсек, көк атауы өзінің негізгі («синий»,
«голубой») мағынасынан басқа мынадай ауыс мағыналарда қолданылады екен:
Көк – аспан, аспан әлемі; аспан әлемін жайлайтын тәңірі. Мысалы, төбесі
көкке жету («ерекше қуану», «мақтану»); көктен тілегені (іздегені) жерден табылу
(«жерден жеті қоян тапқандай қуану», «аяқ астынан мол табысқа кенеліп, қарық
болу»); көк соқыр! (қарғау: космогониялық сенім-наным бойынша көктегі тәңірінің
қаһарына душар болуы тілеу); көкке көтерілу т.б.
Көк – шөп, көгеріп тұрған өсімдік, көкөніс. Мысалы, көк майса, көк шөп, көк орай
шалғын, көк балауса, көкке аузы ілігу; осыдан: көгеру, көктеу, көк ату, көктем, көкпек т.б.
Осы тұрғыдан келгенде Ғ. Мүсірепов «Заман және әдебиет» атты еңбегіндегі
мына пікіріне зер салсақ: «Өсімдік көгі мен аспан көгі бір түстес бола алмайды.
Тегінде термин комитеті зеңгір, көк, жасыл деген атаулардың аздығынан араласа
бермейтінін ескеріп, осы мәселені бір қарастырса болар еді. Орыс тілінде «шие
түсті», « бөтелке түсті», «кофе түсті» деген қосымшалар бар ғой. Мүмкін, біз де
осы маңынан бірдемелерді табармыз» [6, 94 б.].
Көк – әлі жас, піспеген шикі. Мысалы: көк түйнек, көк қауын, көк алма, көк өрім, көк сағал
(«шала піскен»), көк сабақ («толық піспеген, дүмбілез»), көк асық («шынықпаған»), көк өрік (кей
жерде: «көп өрік жеп іші кепкенше, көк өрік жеп өле қалған жақсы» деген де сөз бар).
Көк – арық, жасық, майсыз, дәмсіз. Мысалы: көк жасық («арық ет»); көк бақа қозы («арық, ет
алмаған қозы»); көк қарын («арық»); көк шалап («майсыз, дәмсіз, су араласқан сұйық айран, сусын»).
Көк – көнбіс, шыдамды, бірмойын; елеусіз, көптің бірі. Мысалы, ол жүрген
бір көк есек («ол айтқанға көніп, айдағанға жүре беретін көнбіс»); көк жұлын («шабысқа
шыдамды жылқы»); көлденең жүрген көк атты («елеусіз өз бетімен жүрген біреу») т.б.
Көк – қаһарлы, қайсар, айлалы, адуынды, ашушаң. Мысалы: көк айыл, көк
долы, көк бет, көк дауыл, көк жендет, көк шұлан, көкжал бөрі, көк мүйіз («іріп сүзіп,
басқаға күн көрсетпейтін»); көк азу («азуы алты қарыс, бетіне адам келтірмейтін
адуынды адам»); көк түйнек (ауру аты), көк шешек т.б.
Көк – езбе, мылжың, көп сөйлейтін. Мысалы: көк езу, көк малта (сын) езу, көк
мылжың (бұлардың бәрі де «көп сөйлейтін мылжың, өзеуреп, бір айтқанын қайта
айтып, өндіршектеп, елдің аузын аштырмайтындар») т.б.
Көк – сылдыр, жалқау, қалжыраған, топас. Мысалы: көк желке болу, көк
жұлын болу («титықтау, қалжырау»); көк тер болу («болдыру, шаршап-шалдығу»);
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
221
көк иық болу («болдыру»); көк жалқау («аяғын бір баспайтын еріншек»); көк ми («өз
бетінше ойлана алмайтын, айтқанға түсінбейтін топас, милау») т. б.
Көк – найзағай (нажағай, көктен түсетін от). Мысалы: Ат байлаған ақырды, көк
түскен жер тақырды...(Фольклор): төбесінен көк түскендей болу («аяқ астынан жағымсыз хабар
естігендей болу, қатты таңғалу, ғажаптану»). Көк бұл арада қазақ тіліндегі нажағай (найзағай,
жасыл, жай) сөздерінің қатарындағы синоним болып саналады [1, 69-70 бб.].
Көк түсі, о баста көк аспан мен жер бетінде көгеріп өскен өсімдік дүниесіне
қатысты ұғым болса, дами келе басқа да, негізгі мағынаға көп ұқсас, жақын, қатысты
ұғымдарды білдіре бастаған. Мағыналық дамудың бұл түрі, әрине, әрбір халықтың
өз өміріне, өз дүниетанымына байланысты болмақшы. Осыған орай, басқа тілдерден
мысал келтірейік. Мәселен, ағылшын тілінде: көк үй – «жылыжай» (теплица), көк
портфель – «өзі жас, тәжірибесіз адвокат», көк қол «тәжірибесіз адам», көк ат – «мінілмеген
асау ат»; орыс тілінде: көк («зеленый») – «әлі тәжірибесі жоқ уыздай жас адам»; француз
тілінде: көк хабар – «жағымсыз хабар, көңілсіз әңгіме»; монғол тілінде: көк түс бірде «қадір»,
«құрмет» білдірсе, бірде «ұнамсыз», «жағымсыз» мағынаны аңғартады; көк күлкі – «ажуа, ащы,
күлкі», көк дауыс – «жағымсыз, құлаққа түрпідей тиетін тарғыл дауыс» т.б.
«Көк түрк». Бүгінгі түркі халықтарының көне тарихына қатысты осы тіркестің
мән-мағынасын қалай түсінеміз? Бұл атаудың орхон-енисей ескерткіштерінің
табылуымен байланысты және олардың ішінде Күлтегін мен Білге қағанға арналған жазбалардың
оқылуынан кейін (1893-1895) ғалымдар назарын өзіне көбірек аударып келе жатқаны мәлім. Осы тіркестегі
түрк этнонимін анықтап тұрған көк сөзі әдеттегі аспан реңкіне ұқсас түсті білдіріп тұр ма, әлде онда басқа бір
сыр бар ма? Бұл сөзге ерекше мән беріп, әркімнің өзінше жорамал айтып, таласуының себебі – көне дәуірде
жасаған түркі тайпаларының этникалық құрамы, саяси-әлеуметтік, географиялық жағдайы, мемлекеттік
құрылысы, шығу тегі т.б. толып жатқан мәселелердің көк сөзінің мәніне барып тірелуінде.
Мәселен, кейбір ғалымдар көк түрк атауын «көк» сөзінің негізгі түр-түстік
мағынасына сәйкес «голубые тюрки» деп аударса (В.В. Радлов, П. М. Мелиоранский,
В.Банг т.б.), енді біреулері оларды аспанның өзіне, көк тәңіріне қатысты «небесные тюрки»
деп (З.Гомбац т.б.) аударып, оның мәнісін бұл тайпалардың, не этностар бірлігінің
«ерекше қасиетіне, тектілігіне, таза қандылығына» байланыстырғысы келеді. Осыған орай,
жерде туып, жер бетінде тіршілік ететін қарапайым халықты VІІ-VІІІ ғасырларда жасаған
бабаларымыз «қара бұдун» деп атаған болса, «тәңірі тектес» («небесные божественные
тюрки») немесе «көк (таза) қанды» («тюрки голубой крови») түркілерді «көктүрк» деп
атауы заңды деушілер де (мәселен, А.Н. Бернштам) бар.
Енді бір топ ғалымдар көк түрк этнонимі «еркін, ешкімге бағынбайтын түрктер» деген
мағынаны білдіреді десе, тағы біреулері (Ф.С. Фасеев) «жоқ, олай емес, көк сөзі «көк орай шалғын»,
«көк майса жайылым» деген ұғымға байланысты, сондықтан да ол «мал бағатындар», «көшіп-қонып
жүретіндер», яғни «көшпенді түркілер» деген ұғымды білдіретінін дәлелдегісі келеді. «Көк түрк» атауы
жайындағы дәстүрлі көзқарастың бірі – «көк» сөзінің бағыт-бағдар мағынасында қолданылуы.
Олардың өзі екі түрлі: біріншісі – «көк түрк» әлемнің төрт бұрышын түгел жайлаған Түрік
қағанатындағы тайпалардың жиынтығы десе, екіншісі – оның белгілі бір бөлшегі ғана деп қарау.
«Көк» сөзінің географиялық ұғым ретінде (бағыт-бағдар, орын-жай
мағынасында) қолданылуын құптайтындар көп. Солардың бірі – неміс ғалымы А.Фон
Габэн өз пікірін былай деп дәлелдейді: «552 жылы Орталық Азияда негізі қаланған
Түрік қағанаты о бастан-ақ екі бөлімнен тұрған еді. Бас қағанның («верховой каган»)
хан ордасы Монғолияның солтүстік-шығысына орналасты да, оның батысындағы
одақтасы Ыстықкөл маңында болды. Түрік қағанатының шығысынан табылған
(«Күлтегін», «Білге қаған» атты) үлкен ескерткіштер өз халқын «көк түрк» деп
атаған. Сол дәуірде Орталық Азияны мекендеген түркі тайпалары бүкіл сыртқы
әлемді және ішкі дүниені шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстіктен тұратын төрт
шаршы, төрт жақты дүние деп таныған (қазақтардың «дүниенің төрт бұрышы»,
«шартарап», «төрт құбыласы тең» деген сөздері осыдан қалған болса керек.)
сонымен қатар әрбір жақ сол кездің өзінде-ақ түр-түспен, немесе жан-жануарлар
атымен белгіленген екен. Сөз етіп отырған көк түс шығыс бағыттың символы болып
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
222
саналған. Демек, көк түрктер көне түркі мемлекетінің шығысын жайлаған «шығыс
түріктері» деген ұғымды берген». Осы пікір шындыққа жанасатын сияқты. Өйткені түр-
түс атауларының мұндай геосимволикалық мәні түркі халықтарының мәдени тарихынан,
топонимінен, антропонимінен, этнонимінен жиі кездеседі [1, 114-115 бб.].
Сонымен, түр-түс табиғатының біраз сыры жер-су және ру-тайпа аттарынан да
байқалады екен. Бұл, әрине, зерттеп отырған құбылыстың тамыры тым тереңде жатқандығын
білдіреді. Тұлға жағынан дамып, мағына жағынан толығып, кемелденіп отыратын кез келген сөз
сияқты түр-түс атаулары да әрбір тілдің ұзақ даму жолының жемісі болып саналады
Көк – символикалық жағынан тыныш теңізді, ұстамдылықты, ақшыл көк
немесе көгілдір – үлкен сезімді, нәзіктікті, бейбітшілікті білдіреді.
Қазақ ұғымындағы көк – тыныштық пен бірліктің, берекенің белгісі. Ол
аспанмен, тәңірмен қуатталады. Сондықтан да ол мықтылықты, жеңімпаздықты, рухы
жоғарылықты, үстемдікті, паңдықты білдіреді. Соған сай көк ту, көк бөрі, көк төбе, көк сауыт,
көк найза, көк сүңгі, көк болат, көк мылтық, көк қаршыға т.с.с. тіркестер бар.
«Көк» сөз-символының келесі бір білдіретін мағынасы – романтика, сезім,
нәзік үміт, махаббат, жақсылық, жылылық, тілек бірлігі. Мысалы, қазақ тіл білімінде көгілдір
сезім, көк теңіз, көк көгершін, көк сағым, көк терек, көк аспан т.с.с. тіркестер бар.
Бұдан басқа, «көк» сөз-символы салқындықты, қарапайымдылықты, ойлылық, ойсыздықты,
зиялылықты, тұрақтылықты, іскерлікті, ізгілікті, тереңдікті білдіреді. Мысалы, көк мылжың, көк айыл,
көк бет, көк долы, көк жалқау т.с.с. тіркестерді кездестіруге болады»,- дейді Ә. Қайдаров [7, 55 б].
Жалпы, фразеологизмдер өзінің бейнелілік, әсерлілік, экспрессивті-эмоциялық,
суреттеме қасиетімен көзге түседі. «Көк» сөз-символы фразеологизм жасауда да
белсенді орын алады. Атап айтсақ, 1988 жылы «Мектеп» баспасынан шыққан Х.Қ.
Қожахметова., Р.Е. Жайсақова., Ш.О. Қожахметова авторлығымен шыққан
«Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік» атты еңбекте «көк» түр-түсімен
байланысты төмендегідей фразеологиялық тіркестер берілген:
1.
Көк айыл (долы). Букв.: синяя истеричка. Вспыльчивая, раздражительная,
сварливая (о женщине.)
Бір-бір көк айыл қатындарын қосып алады да, қаланың ішіне қара өрт
шашады да жүреді (Ғ. Мүсірепов «Оянған өлке»).
Соберут они вокруг себя крикливых, вздорных женщин и бродят по городу, сея
среди населения распри и раздоры
2.
Көк ала қойдай қылу. Букв.: сделать подобным пёстрому барашку.
Сильно избить кого-л, - Живого места нет.
Көк ала қойдай ғып сабап-сабап қуып жіберді (С.О. Қайырлы жаз.).
Его прогнали, избив так, что на нем живого места не было.
3.
Көк ала (көкіме) мылжың; көк ауыз (езу). Букв.: пестрый болтун; синеротый.
Занимающийся пустыми разговорами; болтающий попусту. – Чесать языком.
Бұл бір ешкімге қиянаты жоқ, бірақ маңдытып іс тындырмайтын, мәнді сөз
айтпайтын көк ала мылжың еді («Қ.Ә.»).
Это безобидный малый, но он ничего толком не делает и любит чесать языком.
4.
Көк бақа. Букв.: синяя лягушка. 1. Очень худой, изможденный человек. – Живые мощи.
Көк бақа арық әйелдің қан-сөлсіз кескіні қара сұр тастай қатып қалыпты (Ә.Н. «Қан мен тер».).
Худая, изможденная женщина напоминала живые мощи.
2. Тощий (о скоте.)
Етке өткізетін малдары көк бақа деп сынайды (А.Т. «Өмір өлмейді».).
Они подвергли критике колхозы за то, что скот слишком истощен.
5.
Көк етікті кез келмей, көн етіктіні көзге ілмеу. Букв.: тому, что в синих
сапогах не встретиться, на того, что в грубых сапогах, не обращать внимания.
Говорится о девушке, долго выбирающей жениха. Ждать принца.
Сонымен көк етікті кез келмей, көн етіктіні көзге ілмей жүрген (Ғайша) (М.Ә.).
(Гайша) долго выбирала жениха, но ей не встретился достойный, все ждала принца.
6.
Көкжал бөрі. Букв.: волк с серой холкой. 1. Серый волк; 2. Смельчак.
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
223
Бұл ауылдың жігіттері шетінен кілең көк жал, сен тұр, мен атайын екен.
Джигиты этого аула все как на подбор – смельчаки, молодцы, спуску никому не дадут.
7.
Көк инені көзіне түрте білмеу. Букв.: не уметь даже видеть нитку в
ушко иголки. Не способная к рукаделию (о женщине.)
Рақия – көк инені көзге түрте білмейтін, ең аяғы, көйлек-көншектің үзілген
түймесін де қадап ала алмайтын жан (С.М.).
Рахия была одной из тех женщин, которые совершенно не умеют шить, она
даже не могла пришить пуговицу.
8.
Көк ми. Букв.: синий мозг. Глупый, бестолковый. – мякинная голова; дубовая голова.
-
Е, шырағым! Өзімнің көк милығым болмаса, тәуір-ақ орысша білетін
жерге жібердің ғой, - деді Базаралы (М.Ә.).
-
Дорогой мой! Там, куда ты меня отправлял, можно было овладеть русским
языком. Видно, мякинная башка у меня, что ничего не знаю! – воскликнул Базаралы.
9.
Көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен. Букв.: острием стальной
пики и силой руки. Силой подчинять, побеждать.
Одан да өз кегіңді өзің көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен тартып ал (І.Е. «Қаһар».).
Лучше отомсти силой оружия и руки
10.
Көк (соқыр) тиын /жоқ/. Букв.: медной копейки нет. Совсем нет денег.
Ни гроша (ни копейки, ни полушки).
-
Көк тиын да бергем жоқ, - деп айқайлап жібердім («Қ.Ә.»).
-
Да не дал я ему ни капейки! – вырвалось у меня [8, 106-107 бб.].
Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда халықаралық қатынастардың жанданып,
рухани, мәдени және экономикалық байланыстардың дами түскен кезеңінде жалпы
сөз байлығымен қатар түр-түс атаулары әлемін де жан-жақты терең білудің
практикалық маңызы зор. Соның ішінде, «көк» түр-түсі мен одан туындаған
тіркестердің табиғатын зерттеудің нәтижесі қазақ тілі лексикологиясы, оның
семасиология, этимология, фразеология т.б. салаларын оқытуға қажетті, жүйеге
келтірілген, анықталған бай әрі құнды материал болып саналады.
Әдебиеттер:
1.
Қайдаров Ә., Өмірбеков Б., Ахтамбердиева З. Түр-түстердің тілдегі
көрінісі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 160 б.
2.
Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 232 б.
3.
Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 5-том. – Алматы, 1984. – 480 б.
4.
Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 1984. – 324 б.
5.
Кононов А.Н. Семантика цветообозначений в тюрских языках //
Тюркологический сборник. – М., 1975. – С. 149.
6.
Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет. – Алматы, Жазушы, 1982. – 350 б.
7.
Қайдаров Ә. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. – Алматы: Рауан, 1993. – 105 б.
8.
Қожахметова Х. Қ., Жайсақова Р.Е., Қожахметова Ш. О. Қазақша-
орысша фразеологиялық сөздік. – Алматы: Мектеп, 1988. – 224 б.
Достарыңызбен бөлісу: |