БҚму хабаршысы жылына 4 рет шығады



Pdf көрінісі
бет16/31
Дата27.03.2017
өлшемі7,32 Mb.
#10433
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
частью 
профессиональной  подготовки  будущих  специалистов  в  области  бухгалтерского 
учета  являются  новые  компьютерные  технологии.  Появление  и  развитие  пакетов 
прикладных  программ  создают  огромные  возможности  для  их  использования  в 
бухгалтерском  учете.  Умение  эффективно  использовать  новые  информационные 
технологии  при  подготовке  квалифицированных  специалистов  -   одно  из  важнейших 
требований,  предъявляемых к преподавателям современного вуза.
Информационные  технологии  выполняют  одновременно  несколько  функций: 
визуализируют 
учебный 
материал, 
экономят 
учебное 
время, 
обеспечивают 
доступность  и  прочность  знаний,  способствуют  выработке  умений  и  навыков, 
позволяют  быстро  и  своевременно  контролировать  процесс  обучения,  делая  тем 
самым выпускника вуза конкурентоспособным на рынке труда  [3].
Необходимо  чтобы  студенты  изучали  наиболее  распространенные  на  рынке 
программных 
продуктов 
автоматизированные 
бухгалтерские 
системы. 
Использование 
пакета 
прикладных 
программ 
«1С-Бухгалтерия» 

удачный 
методический  прием.  К  несомненным  достоинствам  указанного  пакета  можно 
отнести:  простоту  освоения и приемлемую  мощность  (средств  пакета достаточно для 
большинства,  практически встречающихся задач).
Следовательно,  при  изучении  бухгалтерского  учета  особую  актуальность 
приобретает  использование  современных  компьютерных  технологий.  В  результате 
обучения студенты приобретают умения:

открывать аналитические счета к синтетическим;

формировать  первичные  кассовые  документы  и  соответствующие  им 
проводки;

формировать  платежные  документы,  регистрировать  выписки  банка  из 
расчетного  счета с разноской сумм  по  счетам  и занесением  проводок в  единую  книгу 
хозяйственных операций;
187

БҚМУ  Набарш ы  № 4 - 2 0 1 6 ж .

заполнять  карточки  персонального  учета,  формировать  и  корректировать 
лицевые счета сотрудников;

составлять  всевозможные  ведомости,  осуществлять  расчет  заработной 
платы и отчислений  в  фонды;

получать  оборотные  ведомости по  счетам,  синтетические  и аналитические 
отчеты,  кассовую  книгу,  баланс,  отчет  о  финансовых  результатах  и  другие  формы 
отчетности.
Таким  образом,  информационно-технические  средства  обучения  являются 
неотъемлемой  составной  частью  учебного  процесса  вуза,  в  особенности при заочной 
форме  обучения  и  позволяют  четко  и  оперативно  решать  задачи  бухгалтерского  и 
налогового учета.
Обобщая  изложенный  материал,  отметим,  что  преподавание  дисциплины 
«Бухгалтерский  учет»  предусматривает  формирование  основных  педагогических 
целей,  которые определяют направленность педагогического процесса.
В  результате  выполнения  педагогических  целей  достигается  конечная  цель 
преподавания учетных  дисциплин-  формирование  у  будущих  специалистов  твердых 
теоретических знаний и практических навыков:  по  организации бухгалтерского учета 
предпринимательской  деятельности;  подготовке  и  представлению  финансовой 
информации  различными  пользователями  для  выработки,  обоснования  и  принятия 
управленческих решений  [4].
Л и тер ату р а:
1  Смирнов  С.Д. 
Педагогика  и  психология  высшего  образования: 
от 
деятельности к личности.  -  М.,  1995.  196 с.
2  Профессиональная педагогика /Под ред.  С.Я. Батышева. -  М.,  1997. -  512 с.
3  Специфика  организации  учебного  процесса  в  заочном  вузе  (из  опыта 
подготовки  специалистов  экономического  профиля)  /   Под  ред.  к.ф.н.,  проф.
В.П. 
Матвеева, 
к.и.н. 
В.В. 
Востриковой, 
к.п.н. 
С.Н. 
Леоновой, 
к.ф.-м.н. 
Е.С.  Филоновой.  -  Орел: Издатель Александр Воробьев,  2008.  -  304 с.
4  Якушин  В.А.  Психология учебно-познавательной  деятельности  студентов.
-  М.,  1994.  -  365 с.
М у ст аф и н а А.С.
Бухгалтерлік есеп пәндерін оқыту әдістемесі
Есеп  пәндерін  оцыган  кезде,  студенттер  бухгалтер мамандыгы,  бухгалтерлік 
есеп  қызметі, 
бухгалтерлік  есептің  мақсаттары, 
бухгалтерлік  қызметтің 
қорытындыларын  көрсету және  бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың 
жалпы теоралық және  әдістемелік жолдары туралы  ақпаратты  білу қажет.  Бұл 
мақалада  студенттерге  осы  ақпаратты  білуге  көмектесетін  және  есеп  пәндерін 
оқытуда педагогикалық процестің мақсаттарының негізгі міндеттері көрсетілген.
Тірек  сөздер:  Есеп  пәндері,  білімді  қалыптастыру,  педагогикалық  процесті 
ұйымдастыру қагидалары,  есеп пәндерін оқыту.
M u sta fin a A.S.
Method o f  teaching o f  the accounting disciplines
In  studying  the  accounting  disciplines  the  student  must  be formed  ideas  about  the 
accountant as  a profession,  about accounting  as  an  activity, fo r  accounting purposes,  the 
concrete  expression  o f the  results  o f financial  activity  and about general  theoretical  and 
methodological  approaches  to  the  organization  and  conducting  an  account.  The  article 
reveals  the  main  problem,  before  teachers  accounting  disciplines,  to  help  students  to 
develop these ideas,  as well as the target orientation o f the pedagogical process in teaching 
accounting disciplines.
Keywords:  Accounting  discipline,  creation  o f  knowledge,  the  principles  to  the 
organization o f the pedagogical process,  the target orientation  of the pedagogical process.
188

БҚМУ  Х абарш ы   № 4 - 2 0 1 6 ж .
***
ӘОЖ  373.016:  811.512.122'  36
Т екесб аева Г.М . -  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің PhD докторанты 
E -m ail:  guljantal@ mail.ru
С И Н Т А К С И С Т І О Қ Ы Т У Д А  И Н Т Е Р Б Е Л С Е Н Д І Ә Д ІС Т Е Р Д І Қ О Л Д А Н У  
Ж О Л Д А Р Ы
Аңдатпа.  Мақалада  автор  синтаксисті  меңгерту  барысында  интербелсенді 
әдістерді қолданудың жолдарына тоқталады.  Синтаксисті оқытуда интербелсенді 
әдістерді  тиімді  цолданган  жагдайда  күтілетін  нәтиже  ретінде  оқушылардың 
коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасады деп тұжырымдайды.
Тірек  сөздер:  Синтаксис,  сөз  тіркесі,  құрамалас  сөйлем,  интербелсенді 
әдістер,  ауызша,  жазбаша,  әдістеме,  оқыту.
Қазіргі  уақытта  елімізде  болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер 
мен  заман  талабы  адам  тағдырына  жаңа  көзқараспен  қарауды,  осыған  сәйкес 
оқушылардың  таным  қажеттілігі  мен  пәнге  қызығуш ылығына  көңіл  аударуды, 
психологиялық  және  тұлғалық  қасиеттерін,  оның  ерекш еліктерін  дамытуды,  оның 
қабілеттерін  толық  ашуға  мүмкіндік  болатын  жағдайды  жасауды  талап  етіп  отыр. 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасында  ж алпы 
білім 
беретін 
мектептерде 
Қазақстан 
Республикасының 
зияткерлік, 
дене 
бітімі 
мен 
рухани 
дамыған 
азаматын 
қалыптастыру,  оның  тез  өзгеретін  құбылмалы  әлемге  әлеуметтік  бейімделуін 
қамтамасыз 
ететін 
білім 
алудағы 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыру 
болып 
табылатындығын  атап  өтеді  [1].  Білім  берудің  мазмұнын  жетілдіре  отырып,  үздіксіз 
білім  беру  арқылы  оқушыларды  жан-жақты  жетілдіру  мәселесі  бүгінгі  күн  тәртібіне 
қойылып  отырғанын  көріп  отырмыз.  М ұндай  әлеуметтік  сұраныстан  педагогикалық 
тұрғыдан  қамтамасыз  ету  мәселесінен  ж алпы  білім  беретін  мектептің  төменгі 
сыныбынан бастап озық әдіс-тәсілдермен оқыту қажеттілігі туындайды.
«Білім  -   тұл,  тілден  ш ығып  есілмесе»,-  дейді  Ж үсіп  Баласағұн.  Тілдік  білімді 
оқушының  саналы  әрекетін  дамытатын,  өмірлік  қажеттілігін  анықтайтын  тегеурінді 
тетікке  айналдыру  үш ін  сол  білімнің  өзегінде,  біріншіден,  өзіндік  көзқарас, 
дүниетаным  мен  сенім  қалыптастыратын,  екіншіден,  ортаға  тез  бейімделу,  жаңа 
ақпаратты түсіну,  кабылдау,  өзгелермен қарым-катынас жасай алу қабілеттерін дамытатын 
компоненттердің катар камтылуына назар аударыла бастады.  Сондыктан тәуелсіздік алған 
алғашкы жылдардан бастап-ак Қазакстанның білім жүйесін реформалауда окушының дара 
тұлғалык кабілеттерін дамыту мәселесі күн тәртібіне койылды.
Академик  И.Я.  Лернер  пікірі  бойынша  білім  мәліметтер  мен  деректер, 
икемділіктер  мен  дағдылар,  шығармашылык  іс-әрекеттер,  көңіл  күй  кұндылыктары 
бағдарларынан тұрады  [2,  89  б.].  Осы пікірді ескерсек,  окытудың озык,  белсенді әдіс- 
тәсілдеріне  негізделген  сабактарда  осы  аталған  бағдарлардың  іске  асып,  нәтижесін 
беретіндігіне күмән болмайды.
Қазіргі  таңда  ғалымдар  интербелсенді  әдістерді  мазмұндык,  колдану  жағынан, 
технологиялык сипаттары бойынша түрліш е жіктеуде.
Педагогикалык  әдебиеттерде  белсенділік  2  түрлі  мәнде  колданылады:
1)  оку әрекетіндегі тұлға касиеті;  2)  әрекетті орындау жағдайы (калпы).  Тұлға касиеті 
ретінде  карастырған  ғалымдар,  окушы  белсенділігін  көтеруді  үш  деңгейге  жіктейді:
1
)  кабылдау белсенділігі -  білімді кабылдау,  ес-жадыда берік ұстау; 
2
) интерпретациялык 
белсенділік -  білімді іс жүзінде колдану;  3) шығармашылык белсенділік -  өзіндік ізденісі, 
танымдык кызығушылығы.
189

БҚМУ  Ноборшы  № 4 - 2 0 1 6ж.
А.Вербицкий  белсенді  оқытуды  таңбалы-контекстілік  немесе  контекстілік 
әдістер  дей  келе,  оған  проблемалық  ситуация,  тренажер,  ситуациялық жағдаят,  рөлдік, 
іскери ойындарды жатқызады [3,  118 б.]. Ал М.Е. Вайндорф-Сысоева мен Л.П.  Крившенко 
оқытудың  белсенді  әдістері  үйренуш інің  өнімді  шығармашылық,  ізденушілік 
әрекетімен  сипатталады дей  келе,  оған  дидактикалық  ойындар,  нақты жағдаяттарды 
талдау,  проблемалық  тапсырмалар  шешу,  алгоритмдік  және  миға  шабуыл  әдістерін 
жатқызады.  [4,  99 б.].
Психолог  ғалым  Б.Ц.  Бадмаев  программалық  оқыту,  проблемалық  оқыту, 
интерактив  әдістер  деп  топтаса  [5,  122  б.],  Г.К.  Селевко  ойын,  проблемалық,  оқу 
материалын  сызба  және  таңбалық  модельдеу  деп  [
6
,  78  б.],  ал  М.В.  Буланова- 
Топоркова 
проблемалық  дәріс,  нақты  жағдаяттарды  талдау  (case-study),  ойын, 
дөңгелек  үстел,  ми  шабуылы  деп 
топтайды  [7,  145  б.].  Е.Дайрабаев  оқытудың 
белсенді  әдістеріне  дидактикалық  ойындар,  нақты  ситуацияны  талдау  (case-stady), 
пікірсайыс,  айтарыңды айтып  сал  (мозговой  штурм,  мозговая  атака,  брейнсторминг), 
синектикалық  әдістерді  жатқызады  [
8
,  71  б.].  Д.В.  Чернилевский  дидактикалық 
ойындар,  модульдік,  модульді-рейтингілік,  проблемалық деп топтайды  [9,  176 б.].
Қазақ  тілі  сабақтарында  синтаксисті  меңгертуде  интербелсенді  әдістерді 
қолданудың  маңызы  зор.  «Интерактив»  сөзі  бізге  ағылшын  тілінің  «interact»  деген 
сөзінен  келген.  «Inter»-  бұл  «өзара»,  «act»  -  әрекет  ету  дегенді  білдіреді.  Яғни, 
интерактивті  оқыту -  бұл,  ең алдымен,  сұхбаттасып  оқыту,  оның барысында мұғалім 
мен  оқушының  өзара  әрекет  етуі  жүзеге  асырылады.  Интерактивті  оқытудың  басты 
мақсаты  -   оқушыларды  өз  бетінше  ой  қорытып,  жауап  табуға  үйрету.  Әсіресе 
табиғатынан  тұйық,  өз  ойын  жеткізе  алмайтын,  өздеріне  сенімсіздеу  оқушыларға 
пайдасы  зор.  Ал  мұғалімнің  міндеті  -   оқушының  неғұрлым  белсенділік  танытуына 
жағдай  жасау,  қажет  кезде  ж ол  көрсету  болып  табылады.  М ұнда  мұғалімнің 
шығармашылықпен жұмыс істеуі үлкен рөл атқарады.
Интербелсенді әдістің ерекшелігі - оқушыға жаттанды білім беру емес,  керісінше әр 
оқушының  танымдық  қабілеттерін  және  танымдық  үдерістерді,  яғни  қойылған  сұраққа 
бірнеше  нұсқалы  жауап  беру,  ойлау,  ынта,  қабылдауларын,  коммуникативтік  қабілеттері 
мен сөздің қорларын белсенді түрде дамыту болып табылады.
Қолданып жатқан әдістің нәтижесінде оқу үдерісі барысында оқушылар:
-  мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);
-  оқушылармен (жұптасып жұмыс істеу барысында);
-  шағын топтармен (3-4  оқушымен);
-  оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас/дебат барысында,  сынып 
болып әлдебір мәселені талқылау кезінде);
-  техниканың кейбір түрлерімен (мысалға,  компьютермен,  интербелсенді 
тақтада жұмыс істеуде)  белсенді қарым-қатынасқа түседі.
Интербелсенді оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:
-  барлық  үйренушілерге  бірлескен  таным  процесіне  белсенді  араласуға 
мүмкіндік жасау;
-  әрбір  үйренушінің  өзінің үйренгені  мен  өз  білімі  туралы  түсініктерін  ортаға 
салып,  бірлесе талқылап,  олар туралы ой толғануына мүмкіндік жасау;
- үйренушілер білімді  өздігімен құрастыратын орта құру;
- терең ойлану,  жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
-  өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
- оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, 
белсенді  өмірлік бағытын (көзқарас, дүниетаным) ұстану;
-  пікірталастарға  қатысып,  өз  ойы  мен  пікірін  дәлелдеу.  Бұл  тұлғаның  тұрақты 
қасиеттеріне  айналып,  тек  студенттердің  аудиториясында  ғана  орын  алып  қана  қоймай, 
сонымен бірге өмірдің басқа да жақтарынан тиянақты түрде көрінеді [10, 63-64 бб.].
Синтаксисті оқыту барысында келесі интербелсенді әдістер  қолданылады:
190

БҚМУ  Набарш ы  № 4 - 2 0 1 6 ж .
Кейс-стади  (саse-study)  -   таңдау  жасау  мен  ш еш ім  қабылдау  дағдыларын 
қалыптастыратын  тиімді  әдіс.  Ол  нақты  жағдаяттарды  (ситуацияларды)  практикалық 
тұрғыдан  талдау  мен  оларды  өмірде  кезігетін  түрінде  қайталауға,  «ойнап»  шығуға 
негізделеді.  Сол себепті кейс-стадиді кейде «нақты оқу ситуациялар әдісі» деп те атайды.
«М иға  шабуыл»  әдісі  -   қойылған  мәселені  оқушылардың  шығармашылық 
белсенділігіне  сүйене  отырып  шешуге  бағытталған,  оқушыларға  мәселені  шешуде 
жауап  нұсқасын  таңдауға  еркіндік  беріліп,  оны  шешудің  неғұрлым  көп  жолдарын 
көрсетуге  негізделген.  Кейін  ең  ж ақсы   идеялар,  шешімдер  таңдалынып  алынады. 
Бұл  әдісті  кейінгі  кезде  «ойтүрткі»,  «ойшақыру»  деп  те  атап  жүр.  Бұл  әдісті  тіл 
білімінің  синтаксис  саласының  кез  келген  тақырыбын  өткен  кезде  қолдануға  болады. 
Әсіресе,  жаңа  тақырыпты  түсіндірер  алдыңда  қолданған  тиімді. 
Мәселен,  «Сөйлем» 
тақырыбын  өтерде  «Сөйлем  дегетм із  не?»,  «Сөйлем  түрлері  туралы  не  білесің?»  деген 
тәрізді сұрақтар қойып, жауап алуға болады.
Кубизм -  ойын арқылы оқытатын әдіс.  Кубиктің алты ж ағы на жазылған сөздер 
бойынша  жұмыс  жасалады.  Қандай  да  бір  тақырып  бойынша  жан-жақты  талдау, 
талқылау  жұмыстары  орындалып,  сол  арқылы  оқушылар  білімдерін  тиянақтап, 
қайталайды, жаңа білім қосады.
1. 
Дәлелдеңіз.  Берілген  сөйлемдегі  сөз  тіркестерін  тауып,  олардың  сөз 
тіркесі екенін дәлелдеңіз.
Баянауыл  -   Ертістің  сол  ж ақ  жағалауында  орналасқан  Павлодар  өлкесінің  ең 
ірі ауданы.
2. 
Анықтаңыз.  Берілген  сөйлемдегі  сөздерді  бір-бірімен  байланыстырып 
тұрған тұлғаларды  тауып,  олардың қандай тұлға екенін анықтаңыз.
Баянауыл -  жаратылыстың қазақ халқына берген қастерлі бір мекені.
3. 
Талдаңыз.  Берілген  сөйлемдегі  сөз  тіркестерін  тауып,  оларды  сөз 
тіркестерінің айырықша белгілеріне қарай талдаңыз.
Сабындыкөл,  Жасыбай,  Торайғыр көлдерінің сұлулығына сөз жетпейді.
4. 
Астын 
сызыңыз. 
Берілген 
сөйлемдегі 
сөздерді 
бір-бірімен 
байланыстырып тұрған тұлғалардың астын сызыңыз.
Сол  байлықты  қорғау  үш ін  республика  үкіметінің ш еш імі  бойынша  Баянауыл 
ауданының аймағы қорық болып жарияланды.
5. 
Ажыратыңыз.  Берілген  сөйлемдегі  сөз  тіркестерін  тауып,  оларды 
байланысу түріне қарай ажыратыңыз.
Тау қойнаулары қалың ж ынысты орман-тоғайларға бай.
6

Зерттеңіз.  Берілген  сөйлемді  оқып  шығып,  сөз  тіркестерін  тауып,  олар 
қандай  синтаксистік  қатынаста  жұмсалып  тұрғанын 
анықтап,  сөз  тіркесінің 
түрлеріне,  байланысу тәсіліне қарай талдаңыз.
Бұл аймақта туризм жақсы дамып келеді.
«Атаулар  кестесі».  Сабақ  басында  тақтаға  сөз  тіркесі  бойынша  негізгі 
атауларды (терминдерді) жазып,  оқушыларға  төмендегідей кесте түрін ұсынамыз:
Қиысу
М атасу
Меңгеру
Жанасу
Қабысу
Әр  атаудың  астына  атау  туралы  білімдері,  мағлұмат,  түсініктері  жазу 
тапсырылады.
Оқушылар  бұл  тапсырманы  алдымен  жеке  (2-4  минут)  орындап,  одан  кейін 
кестелерін топ (немесе жұп)  ішінде  оқып,  талқылап,  толықтырады (3-5  минут).  Содан 
кейін мұғалім тақтадағы кестені оқушылардың жауаптары бойынша толтырады.
Сабақ  соңында  бұл  кестеге  қайта  оралып,  келтірілген  мәліметтердің  дұрыс 
немесе бұрыстығы анықталады,  қажет жағдайда толықтырылады.
«Атаулар  туралы үш   сұрақ»  әдісі.  М ұғалім  сабақ  басында жаңа тақырып,  яғни 
сөз тіркесі  бойынша  2-3  терминді тақтаға жазып,  оқушыларға осы атауларға  қатысты 
мынандай сұрақтарға жауап беруді тапсырады:
1. 
Қайда? Бұл терминді сіз бұрын кайда және кандай мағьшада кездестіріп едіңіз?
191

БҚМУ  Х абарш ы   № 4 - 2 0 1 6 ж .
2. 
Қалай? Өз тәжірибеңізде осы атауларды колданудың мысалдарын келііре аласыз ба?
3. 
Қандай? Осы сабакта бұл атаулар кандай колданыста болады деп ойлайсыз?
Қос  жазба  күнделігі  -   такырып  мазмұнына  білім  алушылардың  зейінін
аударып,өз  көзкарасын,  кабылдауы  мен  түсінігін  жазатын  кесте.  Өтілген  такырып 
бойынша  жұмыс  жасағанда  окушы  кағазды  екіге  бөліп,  сол  жағын  «М ысалдар»  деп 
атап,  оған мысалдар жазады.
Қағаздың  оң  жағы  «Түсіндірме»  деп  аталады.  М ұнда  білім  алушы  сол  жакта 
келтірілген  жазбаларының  түсіндірмесін  келтіреді:  неліктен  бұлай  ойлайды?  Оның 
себебі кандай? Өз  ойларын,  түсінігін,  пайымдаулары мен уәждерін,  дәлелдерін жария 
етеді.  Бұл  баған  сол  жактағыға  карағанда  маңыздырак  болғандыктан,  көлемді  түрде 
тұтас сөйлемдерден тұруы тиіс.
Сөз тіркесін өткенде «Қос ж азба күнделігін»  былайша колдануға болады: 
берілген мәтіннен сөз тіркестері мен күрделі сөздерді теріп жазып,  олардың сөз 
тіркесі,  күрделі сөз болу себептерін түсіндіріп жазу тапсырылады.
Окушыларға ұсынылатын мәтін үлгісі:
Қаныш   Имантайұлы  Сәтбаев  ғұлама,  энциклопедиялык  білімді  ғалым  болды. 
Ол  шығыс  ұлттары  өкілдерінен  шыккан  алғашкы  академик  еді.  Қаныш   Сәтбаев 
барлык жиған білімі мен кайратын, бүкіл өмірін бір ғана жолға жұмсады. Ол -  өмір талабына 
жауап  берерлік  көп  салалы  ғылыми  Орталык  -   Қазакстан  ғылым  академиясының  негізін 
калап, нығайту мен геология ғылымының мамандарын тәрбиелеу еді.
Мысалдар
Түсіндірме
Сұрак  кою,  кайтадан  сұрак  кою  -   сынып  окушыларының  өтілген  такырып 
бойынша  бір-біріне  немесе  топ  мүшелеріне  белгілі  бір жүйемен  сұрак  кою  тәсілі.  Әр 
окушы  өз  жұбына  немесе  баска топка  коятын  сұрактарын  кағазға жазып алуы  керек. 
М ұнда  басты  назарды  жауаптарға  емес,  сұрактарға  аударылады.  Окушылардың  бір- 
біріне  койған  сұрактары  олардың  такырыпты  кандай  дәрежеде  меңгергенінің  дәлелі 
болады.  Сол  себепті  мұғалім  сұрактар  жазылған  парактарды  сабактың  соңында 
жинап алады,  окушы білімі койылған сұрактар мазмұнына сәйкес бағаланады.
Үш   кадамды  сұхбат  -   такырып  бойынша  окушылардың  бір-бірінен  кезектесіп 
интервью  алу  тәсілі.  Бұл  тәсіл  «Сұрак  кою,  кайтадан  сұрак  кою»  тәсіліне  ұксас, 
алайда мұнда басты назарды жауапка аудару керек.
Ш ағын  топ  (3-4  адам)  ішінде  шәкірттер  такырып  бойынша  бір-бірінен 
интервьюді келесі кезекпен алуы мүмкін:
Үш  окушыдан тұратын топта:
1. 
А окушы В-дан интервью алады, ал С олардың сұрак-жауаптарын жазып отырады;
2. 
В окушы С-дан интервью алады, ал А олардың сұрак-жауаптарын жазып отырады;
3. 
С окушы А-дан интервью алады, ал В олардың ср к -ж у ап тар ы н  жазып отырады.
Төрт окушңдан тұратын топта:
1. А окушы В-дан интервью алады, ал С окушы Д-дан интервью алады;
2. В окушы С-дан интервью алады, ал Д окушы А-дан интервью алады;
3. Төртеуі де жауапгарды бірге талкылайды.
Сөз тіркесі бойынша окушылар мынадай сұрактар койып,  бір-бірінен интервью 
алуына болады:
1. 
Сөз тіркесі дегеніміз не?
2. 
Сөз тіркесінің айырыкша белгілері кандай?
3. 
Сөздердің сабактаса байланысуы дегенді калай түсінесіз?
4. 
Сөз тіркесінің басыңкы жэне бағыныңкы сыңарларының ерекшелііі кандай?
5. 
Сөз тіркесін кұраута тірек болатын сыңары кайсысы?
6

Сөз тіркесінің күрделі сөздер мен тұракты тіркестерден айырмашылығы неде?
7. 
Сөз тіркесінің түрлерін атаңыз, т.б.
Үш  кадамды сұхбатты жазбаш а орындауға болады.
192

БҚМУ  Ноборшы  № 4 - 2 0 1 6ж.
Бұл тәсілді  қолданғанда да  мұғалімнің жұмыс  ретін  ш ығармаш ылық тұрғыдан 
өзгертіп тұруына болады.
«Ойлан.  Жұптас.  Пікірлес» -  оқуш ыларға қандай да болмасын сұрақ,  тапсырма 
берілгеннен кейін оларды орындауға бағытталған әдіс.
Тақтаға  сұрақ,  тапсырма  жазылғаннан  кейін  әрбір  оқуш ы  жеке  өз  ойлары  мен 
пікірлерін берілген уақыт (2-3  минут)  ішінде қағазға түсіреді.
Мысалы: 
Сөз 
тіркестері 
мен 
тұрақты 
тіркестердің 
ұқсастығы 
мен 
айырмаш ылығы  қандай?  деген  сұрақ  қойып,  осы  сұрақ  туралы  өз  ойларын  жазу 
тапсырылады.
Содан  кейін  оқушылар  жұптасып  жазғандарын  талқылайды,  пікірлеседі. 
М ұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл ұжымға жариялауын сұрауына болады.
«Ж асырынған  тұлға»  -   берілген  сөздер  мен  сөз  тіркестері  бойынша  қандай 
тұлғалардың жасырылғанын табуды қажет етеді.
Тақтаға  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  жазып,  қай  тұлғаның  жасырынып  тұрғаны 
табу  тапсырылады  немесе  сынып  оқушыларын  бірнеше  топқа  бөліп,  әр  топқа  жеке 
парақтарға жазылған сөздер мен сөз тіркестерін беруге болады.  Мысалы:
1-топқа.  Құсмұрын  бекеті,  тұңғыш   ғалым,  саяхатшы,  Кадет  корпусы,  зерттеу 
экспедицияларына қатысты.  (Ш оқан Уәлиханов)
2-топқа.  Затобол  ауданы,  «Қазақ  хрестоматиясы»  тұңғыш   оқулық,  мектеп 
ашты,  балалар әдебиетінің атасы.  (Ыбырай Алтынсарин)
3-топқа.  Бұрынғы  Семей  облысы,  ауыл  молдасынан  сауат  ашқан,  қазақ  жазба 
әдебиетінің негізін қалаушы,  өз бетімен ізденген.  (Абай Құнанбаев)
«Синквейн»  тәсілі.  М ұны  бес  жолдан  тұратын  өлең  деп  те  атайды.  М ұнда 
оқушы  берілген  тапсырма,  мәтін  бойынша  өлең  құрастырады.  Бұл  тәсіл  ой  толғау 
кезеңінде қолданылады.  Синквейн жазу ережесі:
1) Бірінші  қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде);
2)  Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі  (екі сын есім түрінде);
3)  Үшінш і  қатарға  үш   сөзбен  осы  тақырып  төңірегіндегі  іс-әрекет  жазылады 
(етістік);
4)  Төртінші  қатарға  төрт  сөзден  тұратын  осы  тақырыпқа  қатысты  сөйлем 
немесе сөз тіркесі;
5)  Соңғы  қатарға  тақырып  мәнін  сипаттайтын  бір  сөзден  тұратын  синоним 
(метафора) жазылады.
Кім? Ұстаз
Қандай? Парасатты,  білікті
Не істейді? Оқытады,  тәрбиелейді,  бағалайды
Сөйлем  (түйін):  Ұстазы жақсының -  ұстамы жақсы
Синоним -  Оқытушы
Бұл  тәсілді  оқытушы  ш ығармашылықпен  дамытып,  1-қатардағы  сөз  бен  2- 
қатардағы  сөзді,  1-қатар  мен  3-қатардағы  сөздерді  тіркестіріп,  сөз  тіркесін  құратып, 
олардың  өзара ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын  тапқызуға  болады  (парасатты 
ұстаз,  білікті ұстаз -  есімді тіркес,  ұстаз оқытады,  ұстаз тәрбиелейді,  ұстаз бағалайды
-   етістікті  тіркес).  4-қатардағы  сөйлемның  құрамынан  сөз  тіркестерін  тауып,  оларды 
байланысу  тәсілі  мен  түріне  қарай  талдату  да  оқушылардың  білімдерін  тиянақтап, 
пысықтауға септігін тигізіп, білімін тексеруге мүмкіндік береді.
«Ж ұпта  талқылау»  -   оқушылардың  сөйлеу  мәдениеті, 
бір-бірімен  қарым- 
қатынас  жасау  дағдылары  дамиды,  ойлау  қабілеттері  артады.  Берілген  сөз 
тіркестерінің  құрамындағы  күрделі  сөздер  мен  тұрақты  тіркестердің  бағыныңқы  не 
басыңқы болып тұрғанын анықтау тапсырылады.
Баласы зықысын шығарды;  сөзіне құлақ аспады;  күзге қарай оралады;  жүз отыз 
бес бала;  ақ боз ат;  сәби құлап қала жаздады; жыл бойы еңбектенді.
«Ойтолғау»  -   оқуш ының  сабақта  қарастырылған  тақырып  жөнінде  өз  ойлары 
мен түсініктерін келтіретін бағалау тәсілі.
193

БҚМУ  Набарш ы  № 4 - 2 0 1 6 ж .
Сөз  тіркестері,  күрделі  сөз,  тұрақты  тіркестерді  қатыстырып  «М ейірімділік» 
тақырыбы бойынша шағын ойтолғау жаздыру.
«Топтастыру»  немесе  кластер»  әдісі  болып  табылады.  Бұл  -   идеялар  мен 
ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер.
Негізгі  тақырып  немесе  тірек  сөз  парақтың  ортасына  ж азылады  да,  одан 
туындайтын  тақырыпш алар  оның  ж ан-жағына  жазылады.  Оқушылар  оларды  бір- 
біріне 
сызықтармен 
қосып, 
өзара 
байланыстары 
туралы 
әңгімелейді. 
Тақырыпш алардың  байланыстары  туралы  сұрақтар  құрастырылып,  оларға  жауап 
іздеген  де  тиімді.  Әдетте,  кластер  оқушының  жеке  орындауынан  басталып,  одан 
кейін  жұмыс  жұпта  немесе  ш ағын  топта  (4-6  адам)  жалғасады.  М ысалы,  «Құрмалас 
сөйлем» тақырыбы бойынша мынандай кластер құрастыруға болады:
«Білемін.  Үйрендім.  Білгім  келеді»  немесе  маркировка.  Бұл  кесте  үш   бөліктен 
тұрады.  Бұл әдісті төмендегі тәртіп бойынша қолдануға болады:
1.  Сыныпты бірнеше топқа бөлесіз.
2.  «Сөз тіркесі туралы не  білесіз?»,  «Ол  туралы тағы не  білгіңіз  келеді?»  деген 
сұрақтар  арқылы  оқушыларға  кестенің  бірінші  және  екінші  бағандарын  толтыртып, 
оны өзара топта талқылатыңыз.
3.  Әр топ ең озық деген ойларын ортаға салады.
4.  Сөз  тіркесі  туралы  мәліметті  әр  оқушыға  таратып  бересіз.  М әліметпен 
танысып  болғаннан  кейін,  оны  өз  топтарында  талқылқылайды.  Кестенің  үшінші 
бағанын сабақтың соңында толтырады._____________________________________________
Б ілем ін
Ү йрендім
Білгім  келеді
Интербелсенді 
әдістің 
ерекш еліктерін 
ескерсек, 
құрастырылған 
тапсырмаларды  орындау  оқушыларға  оқытылып  отырған  тілдік  материалдың 
практикалық тұрғыдан қолдану нәтижесін,  жемісін көруге мүмкіндік береді.
Қазіргі әлем бойынша индустриялық қоғамнан интербелсенді  қатынас жасауға, 
оны  жүзеге  асыратын  ақпараттық  қоғамға  көшу  үдерісі  жүріп  жатқанда, 
интербелсенді  әдістерді  тиімді  қолдана  білсек,  оқуш ыларымызды  жаңа  ғасырдың 
бәсекеге қабілетті,  білімді,  ақыл-ойы дамыған азаматы етіп даярлай аламыз.
Қорыта  айтқанда,  синтаксисті  оқытуда  интербелсенді  әдістерді  тиімді 
қолданғанда күтілетін  нәтиже ретінде  оқуш ылардың коммуникативтік құзыреттілігін 
қалыптастыруға  мүмкіндік  туады.  Сондай-ақ,  оқушылардың  сабақтағы  түрлі
194

БҚМУ  Ноборшы  № 4 - 2 0 1 6ж.
мәселелерді  шешуге  жаппай  жұмылуын  қамтамасыз  ете  отырып,  оларды  болашақта 
қоғамдық-саяси мәселелерді шешуге қатысатын белсенді тұлға етіп тәрбиелейді.
Ә дебиеттер:
1.  Қазақстан Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 жылдарга 
арнсшан  мемлекеттік  багдарламасы  /   Қазақстан  Республикасы  Президентінщ  2010 
жылғы 7 желтоцсандагы №  1118 Жарлығы. -Астана,  2010.
2.  Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. -  М.,  1981. -1 8 6  с.
3.  Вербицкий А.А.  Активное  обучение  в  высшей  школе:  контекстный  подход. 
Метод.пособие.  -  М.,  Высшая школа,  1991.  -  207 с.
4.  Вайндорф-Сысоева  М.Е.,  Крившенко  Л.П.  Педагогика.  -   М.:  Юрайт  -  
Издат,  2005.  -  239 с.
5.  Бадмаев  Б.Ц.  Методика  преподавания  психологии.  -   М.:  Гуманит.  изд. 
центр ВЛАДОС,  1999.  -   304 с.
6.  Селевко  Г.К.  Современные  образовательные  технологии.  -  М.:  Народное 
образование,  1998.  -  256 с.
7.  Буланова М.В.  Педагогические технологии.  -  М., МарТ,  2004.  -  336 с.
8.  Дайрабаев Е., Дайрабаева А.  Педагогика пәнінің негіздері.  -  Алматы: Қазақ 
университеті,  2005.  -  223 с.
9.  Чернилевский  Д.В.  Дидактические  технологии  в  высшей  школе.  -   М., 
ЮНИТИ,  2002.  -  437 с.
10. Әлімов  А.  Интербелсенді  әдістемені  ЖОО-да  қолдану  мәселелелері.  -  
Алматы,  2013.  -  448 б.
***
Т екесб аева Г.М .
Пути использования интерактивных методов в обучении синтаксиса
В  статье  автор  говорит  о  путях  использования  интерактивных  методов  в 
процессе  обучения  синтаксиса.  Ожидаемым  результатом  при  эффективном 
использовании 
интерактивных  методов 
в  обучении 
синтаксиса  является 
формирование коммуникативной компетенции учащихся.
Ключевые  слова: 
Синтаксис, 
словосочетание, 
сложное  предложение, 
интерактивные методы, устно,  письменно, методика,  обучение.
T ekesbayeva G.M .
Ways to use interactive methods in the sdudy o f syntax
The  author  suggests  ways  o f using  interactive  methods  in  teaching  syntax.  The 
expected  result  o f the  effective  use  o f interactive  methods  o f learning  the  syntax  is  the 
formation o f the communicative competence o f students.
Keywords:  Syntax,  word-combination,  complex  sentence,  interactive  methods,  oral, 
written,  method,  teaching.
" k f t i t
195

БҚМУ  Набарш ы  № 4 - 2 0 1 6 ж .
ӘОЖ  78.071.2
А л и м б аев а Г .Б . -  аға оқытушы,  М .Өтемісов атындағы БҚМ У
E -m ail:  Gulzadabak@ mail.ru
Б О Л А Ш А Қ  Д И Р И Ж Е Р Л Е Р Д ІҢ  Ө З ІН Д ІК  Ж Ұ М Ы С Ы Н  Ұ Й Ы М Д А С Т Ы Р У
Аңдатпа.  Мақалада  студент  жастардың  дирижерлік техниканы меңгерудің 
мәселелері 
қарастырылады. 
Болашақ 
дирижерлердің 
өзіндік 
жұмысын 
ұйымдастырудың әдістемесі талданган.
Тірек  сөздер:  Жогары  оқу  орны,  студент  жастар,  оқыту  үдерісі,  дирижер, 
дирижерлік  техника,  өзіндік жұмыс.
Оркестрдің  музыкалық  ш ығарманы  сәтті  орындауында дирижердің үлкен рөлі 
бар.Дирижерлау  (франц.  diriger  -   бағыттау,  басқару)  -   музыкалық-орындаушылық 
өнердің  ең  бір  күрделі  түрі;  музыканттар  ұжымын  (оркестр)  музыкалық  шығарманы 
үйренужәнеолардың 
көпш ілік 
алдында 
орындау 
үдерісінде 
басқару. 
Дирижерорындаушылықтың  ансамбльдік  үндестілігін  және  техникалық  жетілуін 
қамтамасыз  етеді,  орындаушылар  ұжымына  өзіндік  көркемдік  ниетін,  шығарманың 
өзіндік түсінігін беруге ұмтылады.
Диржерлық  өнер  ең  алдымен  дене  мүш елерінің  қимылын  дұрыс  сақтап,  оны 
дұрыс  пайдаланудан  басталады.  Дирижердың  тұрғысы  сыпайы,  сырт  тұлғасы 
сымбатты  болуы  тиіс.  Ол  оркестр  алдында  тұрғанда,  оған  тек  орындаушылар  ғана 
емес,  сондай-ақ  тыңдаушылар  да  назар  аударады.  М ұндай  жағдайда  кеуде  сәл 
көтеріңкі,  бас тік ұсталып,  көз  қиығы бір ж аққа аударылады,  қол бос  ұсталып,  төмен 
түсірілуі  керек.  Кеуденің  қозғалысы  да  дирижердың  еркін  қимылдауына  ешқандай 
кедергі жасамауы тиіс.
Дайындық  немесе  концерт  кезінде  оркестр  алдында  дирижер  бетін  ұжымға 
қаратып  тұрады.Оның  аяғының  астында  арнайы  жасалған  тұғыр  (подмост)  болуы 
қажет.  Дирижердың  осылайша  орналасуы  оның  оркестрмен  өзара  тығыз  қарым- 
қатынаста  болуы  үш ін  өте  маңызды.  Дирижер  шығармаға  жетекш ілік  етер  алдында 
орындаушылардың  әзірлігін  шолып,  тексереді.  Осыдан  кейін  барып,  дирижер 
дирижерлық негізгі қалыпқа көшіп,  қолын көтереді.
Дирижерлау  үдерісінде  оның  екі  қолы  мен  бет  қимылдарының  (мимика)  ролі 
өте  зор.  Дирижеросы  екі  қолы  мен  бет  қимылдары  арқылы  оркестр  мүшелерінің 
назарын  аударып,  шығарманың  мазмұны  мен  қуатын  орындаушыларға  ұғындырады. 
Қол  қимылдары  арқылы  дирижер  негізгі  практикалық  әдістерін  жүзеге  асырады. 
Дирижердың  екі  қолы 
-   музыкалық  шығармалардың  ішкі  астарын,  мазмұнын 
кеңінен  талдап,  баяндап  беретін  құралы.Қол  негізінде  қоспа,буын  (кисть),  білек, 
шынтақ  және  иық  бөлімдерінен  тұрады.  Сонымен  бірге  дирижер  әр  уақытта 
оркестрге  музыканың  қандай  сипатта  орындалатынын  және  іш кі  сезімін  өзінің  бет 
бейнесімен  білдіреді.Ендеше,терең  мағыналы  философиялық  үлкен  ойды  білдіретін 
күй  немесе шығармаларды дирижерлық жасағанда дирижер терең ойлы көзқараста болуы 
тиіс.Керісінше,  көңілді,  шабытты  күйлерді  о ^ а т а а ^ а   соған  сәйкес  көңіл  күйде  болады, 
яғни  орындалатын  шыгарманыщ  характері  мен  дирижердың  мимикасы  қабысып  жатса, 
онда ол тыңдаушыға да, оркестрге де жақсы әсер қалд^ірад^і.
Дирижер  көзқарасымен  оркестрді  өзіне  қаратады.  Сөйтіп,  «негізгі  қалып» 
немесе 
«байқаңыздар» 
қимылымен 
ойнаушыларды 
келесі 
әрекетке 
әзірлеп, 
да^ш дайды .  Бірақ,  «байқаңыздар»  -  қимылы тым ұзаққа созылмауы керек,  тәжірибесі аз 
жас  жетекшілер  мұны әр уақ^гтта  есіне  сақтаулары  керек.  Себебі,  бұл  қимыл тым  ұзаққа 
созылса,  ол  м ағы тсы н   жоғалтады,  ұжым  назарын  еріксіз  басқа  жаққа  аударады. 
Сондыщтан ол аз болса да уақыт т^ры сы нан ұтымды, айқын, анық берілуі тиіс.
196

БҚМУ  Х абарш ы   № 4 - 2 0 1 6 ж .
Дирижерлык өнер музыкалык орындаушылыктың дербес түрі ретінде шамамен 
19  ғ.  калыптасты,  бірак  оны  тарихы  ежелгі  уакыттан  басталғанын  археологиялык 
казбалардан алынған жәдігерлер көрсетіп отыр.
Дирижерлык  өнерде  өзінің  тарихи  даму  шағында,  оның  казіргідей  үлгісі 
калыптасканынша бірнеше кезеңдер  өтті.  Солардың біркатары:
а)  орындаушылыктағы 
дыбыс  ырғағын  колдың  немесе  аяктың  көмегімен 
соғып санау аркылы баскару;
б) дыбыстың биіктігін және ұзактығын дене кимылдары  аркылы көрсету;
в) аспапта ойнау аркылы баскару және т.б.
Қазіргі  кезде  дирижерларды  даярлау  кәсіптік  деңгейге  койылып  отыр.  Қазіргі 
дирижерлык 
дирижердан  музыкалык-теориялык  даярлыкты,  музыкалык  әдебиет 
аясында  кең,  әрі  терең  білімді,жоғарымузыкалык  кабілеттілікті,  яғни  арнайы 
жаттыктырылған  есту,  ж аксы  музыкалык  есте  сактауды,  ырғак,  ритм  сезімдерін, 
жинакы зейінді талап етеді.
Дирижерда белсенді максатты бағытталған ерік кажетті ш арт болып табылады. 
Дирижер  психолог,  әрі  белгілі  бір  ұйымдастыруш ылык  кабілетке  ие  педагог- 
тәрбиеші болу керек.
Болаш ак  дирижер  маман  дирижерлык  техниканы  меңгеруге  тиісті  -  бұл 
орындаушының  санасына  әсер  етудің  маңызды  кұралы  болып  табылады.  Осыдан 
келіп  дирижерлык 
техниканы  меңгерудің  киындығы  және  ол  үшін  кажетті 
кабілеттердіңболуын  талап  етіледі.  Дирижерлык  техника  орындаушының  санасына 
эсер ету кұралы ретінде тілдің функциясын орындайды.
Дирижерлык  әрекетке  профессор  А.В.  Петровскийдің  мынадай  пікірінің 
тікелей  катысы  бар:  «  Қол  сермеу,  мимика,  тұрысты,  көздің  бағытын  және  сонымен 
бірге  ара  кашыктыкты  да  пайдалану  аркылы  байланысорнатып,  карым-катынаска 
сөзсіз-ак  түсуге  болады.  М ұндай  мәндік  карым-катынас  эмоционалдык  күйді, 
сезімді,  көңіл-күйді бергенде жүзеге асырылады»  [1,  27 б.].
М әселен  көп жыл  бойы дирижерлык  міндетті  аткарған Г.Вуд  [2]  дирижерлык 
техниканың төмендегідей деңгейлерін аныктаған:
-  бірінші деңгей - орындау ансамбліне жетекшілік;
-  екінші деңгей - орындаудың ырғак,ритм жағына жетекшілік;
-  үшінші деңгей - айтылуының (интинирования)сипатын аныктау;
-  төртінші деңгей - музыка өрнегінің динамикалык дамуын беру;
-  бесінші деңгей-музыкалык козғалыстың образдылығын көрсету;
-  алтыншы  деңгей  -  музыкалык  бейненің  сипатын  және  оның  эмоционалдык- 
мәндік мазмұнын көрсету;
-  жетінш і деңгей - орындаушыларға эсер.
Дирижер  өнері  -   киын,  әрі  жауапты  өнер.  Демек,  осы  өнермен  шұғылданушы 
жастар  өздерінің максатына жету үш ін ұдайы еңбек етіп,  өз  бетімен ізденулері  керек. 
Олар  бұл  өнерді  тек  кана  окытушылар  басшылығымен  меңгеріп  коймай,  сонымен 
бірге  өзіндік  жұмыс  аркылы  да  меңгереді.  Себебі  дирижерлык  өнерді  ойдағыдай 
жаксы  меңгеру  үшін,  ең алдымен  соған  сәйкес  кабілеттері  мен  дарындылығы  болуы 
керек,  сол таңдаған  өнердің мазмұн-мағынасы,  кұрылымы және  әдістері туралы анык 
түсінігі  болуы кажет;  өнерді игерудегі талапка сай әдістемелік окыту жүйесі болу керек;  өз 
бетімен  дайындык  оку  жұмысының  кезеңі  кәсіби  дағдыны  игеруге  және  белгілі  бір 
кабілеттерді  дамытуға жағдай жасауы  керек.  Осылардың  бәрі  бірінен  кейін  бірі  орналасып 
және  өзара тығыз  байланыста  болады.  Осы  жүйенің  бір  буыны  болмаған жағдайда  немесе 
әлсіздігі байкалса, талаптанушының кәсіби деңгейінде өз көрінісін табады.
Сонымен  катар  дирижарғаоның  негізгі  міндеттерін  аткаруда  бірден-бір 
көмекшісі  болып,  үздіксіз  жұмыс  жасайтын  дене  кұрылысы  (дирижерлык  аппарат) 
жағынан  да  көп  талап  койылады.  М ысалы,  дирижерлык  техниканың  сәйкесті 
тәсілдерін орындау үшін әртүрлі козғалыстарды жеңіл орындайтын жаксы жаттыккан 
колдың  кажеттігі  бар. 
Дирижер  әрдайым  спортпен,  гимнастикамен  жүйелі
197

БҚМУ  Ноборшы  № 4 - 2 0 1 6ж.
айналысып,  денелік жаттығуларды орындап отыру қажет,  себебі бұл мамандық үлкен 
шыдамдылықты,дененің және қолдың  жақсы жаттыққандығын талап етеді.
Оркестрдің  жетекш ілері  бастапқы  кездеөздерін  қолайсыз  жағдайда  ұстаулары 
мүмкін.  М ұның  себебі:  біріншіден,  қол  буындарын  бос  ұстамағандықтан  болса, 
екіншіден,  басқару  үдерісіне  қатысы  жоқ  дене  мүш елерін  орынсыз  қолданудан 
болады.  Міне,  осындай  ұсақ,  бірақ  жас  дирижерға  біраз  қиыншылық  тудыратын 
кемістіктерден сақтандыру үш ін келесідей бірнеше жаттығуларды меңгеруге болады:
-  бірінші  жаттығу  -  бір  қалыпта,  түрегеліп  тік  тұрғаннан  кейін,  қолды  жоғары 
көтеріп,  кеуде тұсында ұстау керек;  иықтың бұлшық еттері бос,  еркін болсын;  қолды сағат 
тілінің бағытымен төмен сермегенде, ол өз салмағымен еркін түсетін болуы керек;
-  екінші  жаттығу-бұл  жаттығуды  орындау  үш ін  үстіне  кітап  қойылған  стол 
жанына  келіңіз;  столдың  биіктігі  белден  аспауы  керек;  қолды  кеуденің тұсына дейін 
көтеріп,  одан кейін  өзінің салмағымен кітап үстіне түсіру  керек;  қолдың басы аз  ғана 
жұмылады;  қол кітап үстіне түскенде дыбыс шығады;
осы 
жаттығудан 
біз 
денемізді 
қаншалықты 
еркін 
ұстайтынымызды 
байқаймыз;егер қолдың бұлшық еттері бос болса, дыбыс анық және ашық шығады,  ал 
қатты болса онда,  керісінше,  дыбыс әлсіз болады;
-  үш інш і  жаттығу  -  бұл  да  екінші  жаттығуда  берілген  қимылдар  арқылы 
көрсетіледі;  бірақ  стол  үстінде  енді  кітап  болмайды;  ол  қимыл  -   қозғалыстар 
бейнелеу арқылы жүзеге асады.
-  төртінші  жаттығу-екі  қол  алға  қарай  созылып,  шынтақ  жартылай  иіледі; 
саусақтар  еркін  ашылады;  бұдан  кейін  қолдың  қоспасын  ж айлап  иіп,  саусақтарды 
жоғары-төмен қимылдату керек және т.б.
Бұл жаттығулардың мақсаты  -  қолдарды емін-еркін бос  ұстау,  кеудеден белге 
дейінгі  қол  қимылын  игеру  болып  табылады.  Тәжірибе  жүзінде  студент  әртүрлі 
орындау белгілерін және т.б.  жағдайларды көрсету үш ін  үлкен немесе кіш ірек көлем 
қол 
қимылдарын  қолданады. 
Оқыту  үдересіндегі 
дирижерлауды 
(аспаптың 
көмегімен)  жүйелі  бір  іс-әрекет  деп  атауға  болатын  болса,  студенттің  үйдегі 
дирижерлау  дайындығын  тек  қимыл  ретінде  қарастыруға  болады.  Елес-ойдағы 
орындаушылықты  дирижерлауды  нақты  қимыл  іс-әрекет  етіп  жасау  үш ін  ерекше 
оқыту  әдісі  керек,олар  музыкалық  ойлау  қабілетінің  белсенділігі,  музыкалық  ой- 
сезімі  негізінің  динамикалық  түрде  күшею  әсерін  сезіну  және  басқа  да  дирижерлық 
маңызды қасиеттердің дамуына үлес қосқан болар еді.
Дирижерлық өнерді жаңа бастаған үйренушіге дирижерлық нұсқаның түрлерін 
меңгеруіне  тура  келеді.  Әр  өлшемдегі  дирижерлық  көрсеткіш  белгілерін  жеңіл 
түсініп,  тез  игеру  үш ін  ең  алдымен  оның  жай,  қарапайым  үлгісімен  танысып  алған 
жөн.  Одан кейін  барып музыкалық ш ығарманың мазмұны мен сипатына байланысты 
түрлі  өлшемде  жүретін  пластикалық  дирижерлық  көрсеткіштерге  көшуге  болады. 
Шығарманы  сапалы,  жоғары  дәрежеде  орындау  үшін  техникалық  әдістерге  қоса  әртүрлі 
бейнелеу қимылдарын да пайдалану керек.
Дирижерлық  ету  кезінде  дыбыс  шығарудың үш  түрлі  көрсету  әдістері  болады, 
атап  айтқанда:  легато  (байланыстыра),  нонлегато  (байланыстырмай,  үзіп),  стаккато 
(секірте,қысқа).  Бұл  айтылғандардың  әрқайсысы  жеке-жеке  ерекше  музыкалық 
белгілермен көрсетіледі.
Қазіргі  жоғары  оқу  орындарында  оқыту  үдерісін  ұйымдастыруда  кредиттік 
жүйе  студенттердің  өзіндік  жұмысын  жаңаш а  жүргізуді  талап  етеді,  өйткені  жаңа 
оқыту  жүйесінде  өзіндік  жұмыстың  алатын  орны  ерекше.  Елімізде  білікті  мамандар 
даярлайтын  жоғары  оқу  орындарының  барлығы  кредиттік  оқыту  жүйеге  енгенін 
ескеріп,  өздігінен  білім  алып,  оны  үзбей  жетілдіруді  қажет  ететін  талаптың  пайда 
болғанын,  яғни  жаңа  кезеңге  икемделген  студенттің  өздік  жұмысын  ғылыми- 
педагогикалық  тұрғыдан  зерттеу  міндеті  пайда  болып  отыр.  Ж аңа  талаптарға  сай 
жоғары оқу  орындарының  оқу жоспарына енгізілген пәндерді  игерудегі уақыттың 70 
пайызы  студенттің  өзіндк  жұмысына  беріледі.  Оның  50  пайызы  оқытушының
198

БҚМУ  Х абарш ы   № 4 - 2 0 1 6 ж .
катысуымен  және  жетекш ілігімен  жүргізілетін  өзіндік  жұмыска  бөлінген.Кредиттік 
оку  жүйесінің  2/3  бөлігі  студенттің  өздігінен  жасайтын  жұмысынан  тұрады,  яғни 
білімнің негізін  студент  өз  бетінше  іздену,  білуге  деген  кызығушылыкка,  танымдык 
белсенділікке  сүйене  отырып  калыптастырады.  М ысалы  «Ж алпы  дирижерлау» 
пәнінің оку жұмыс бағдарламасынатокталуға болады.
М емлекеттік  ж алпыға  міндетті  стандартына  сәйкесті  карастырылып  жаткан 
таңдау курсының оку жұмыс бағдарламасы мынадай бөлімдерден тұрады:  пәннің оку 
жұмыс  бағдарламасының  максаты  мен  міндеттері;  студенттің  пәнді  меңгеруінің 
бағдарламасы;  пән  бойынша  тапсырмаларды  орындаудың және  оны тапсыру  кестесі; 
жеке  дәрістер  мен  практикалык  сабактардың жоспары;  пәнді  меңгеруге  байланысты 
әдістемелік  ұсынбалар;  практикалык  сабактарды  орындауға  байланысты  пәндік 
түсініктемелер  және  әдістемелік  ұсынбалар;  студенттің  өзіндік  жұмысының 
жадығаттары: 
үй  тапсырмаларының  мәтіндерінің  жиынтығы,  әрбір  такырып 
бойынша  өзін-өзі  кадағалаудың  жадығаттары,  жұмыстың  түрлерін  орындауға 
байланысты  тапсырмалар,  аннотация  және  үй  тапсырмаларын  орындауға  кажетті 
әдебиеттердің  тізімі, 
пән  бойынша  алған  білімдерін  практикада  колдануға 
байланысты  әдістемелік  ұсынбалар,  студенттің  білімін  кадағалауға  және  бағалауға 
кажетті жадығаттар (жазбаша тексеру тапсырмалары).
«Ж алпы  дирижерлау»  пәнінің  оку  жұмыс  бағдарламасының  максаты  -  
дирижерлык  білімді  меңгерту  және  дирижерлык  орындаушылык  әрекеттің  кажетті 
дағдылары мен іскерліктерін калыптастыру және кәсіби кабілеттерін дамыту.
Студенттердің 
өздік 
жұмысы 
тапсырмаларын 
орындауда 
музыкалык 
ш ығармаларды талдаудың келесідей кестесі ұсынылады:
1.  Талдаудың  басы  -   өнер  ш ығармасы  туралы  мәлеметтерді  негізгі  ретімен 
орналастыру:  жасалған  уакыты,  аты,  авторлығы,  шығарманың  стилі. 
М узыкалык 
шығарманың  сырткы  сипаттамасының  берілуі:  сюжеті,  композициялык  типі, 
композиция ритмі;
2.  Талдау,  кұрылымды  аныктау-ш ығарманың  жаркындык  және  бейнелеу 
ерекшеліктерін сипаттау;
3.  Синтез,  аракатынасты  аныктау  -   ш ығарманың  негізгі  эмоционалдык  түсін 
аныктау және талдау.
4.  Д еңгейі-ш ығарманы ң  көркемдік  образының  сипаттары  зерттеледі,өнер 
ш ығармасындағы  өзара  әрекеттің  деңгейлері,  өзара  әсердің  күші  және  типтері 
талданады.  Өзіндік  жұмыс  әрбір  дирижер  музыкант  орындаушының  әрекетіндегі 
шешуші  буын  болып  табылады.  Бірак  дирижерды  даярлау  үдерісінде,  ол  ерекше 
маңызды  мәнге  ие.  Көп  жылдык  практика  дирижерлык  бойынша  студенттердің 
өзіндік  жұмысы  киыншылыктармен  жүретінін  байкатып  отыр.  Әдетте,  себепті 
дирижер  өзінің «аспабынсыз»  жұмыс  істеуімен түсіндіреді.  Ш ынында да,  музыкалык 
ш ығарманың  орындалу  барысында  дириж ер-ж етекш і  кол  сермеу  «тілін»  пайдалана 
отырып, 
орындаушылармен 
карым-катынаска 
түсіп, 
олардың 
музыкалык 
түсініктеріне эсер етеді.  Егерде баскаруға келетін студенттің алдында орындаушылар 
болмаса,онда  күрделі,  әрі  ерекше  карым-катынас  кұралдарын тиімді  калай дамытуға 
болады?  Әрине,  дирижердың  өзіндік  жұмыс  кезінде  жағдайы  колайсыз,  бірак 
шеберлікке  жетуге  «аспаптың»  болмауы  басты  себеп  болмайды.Сонымен  бірге 
студент  сәйкесті  кабілетке  және  сапаларға  ие  бола  отырып,  дирижерлык  өнердің 
ерекшеліктерін  жаксы  білуі  шарт.  Сондыктан  окытушының  көмегімен  және  жеке 
өзіндік жұмыспен  студент  өнердің бұл түрінің мазмұны,  кұрылымы және  кұралдары, 
максатын  жаксы  білуі  керек.  Студент  окытушымен  бірге  өзіндік  жұмыста  меңгеріп 
жаткан  өнердің талаптарына  сай  окыту  әдістемесін  колдану  кажет.  Бұл  негіздемелер 
бір-бірімен  бірізділікті  байланыста.  Бұл  тізбекте  кандай  да  бір  буынның  болмауы 
немесе әлсіздігі студенттің кәсіптік деңгейіне теріс эсер етеді  [3,  49 б.].
Студенттің  дирижерлыкка  үйренудегі  өзіндік  жұмысының  сипаты  және 
бағытталғандығы  дирижерлык  өнердің  ерекш елігімен  шартталады.  Дирижерлык
199

БҚМУ  Набарш ы  № 4 - 2 0 1 6 ж .
мамандық  көп  жақты  болып  келеді,  сондықтан  оқытушы  мен  студент  дирижерлық 
өнерді  меңгеру  үшін  әртүрлі  формалар  мен  әдістерді  қолдану  керек.  Олардың  мазмұны 
дирижерлыққа оқытудың әртүрлі әдістемелерін қолдануды меңзейді.
Партитурамен  (оркестрге  арналған  ноталық  жазба)  өзіндік  жұмыс  үдерісінде 
студент тек қана  нота  мәтінін  оқып  біліп және  талдап  қоймай,  сонымен  бірге  алдағы 
репетициялық  жұмыстың  формаларын  және  әдістерін  ойластырып,  қажет  болған 
жағдайда  оларды  өзгертуге  даяр  болу  керек.  Сонымен  бірге  студент  оқытушымен 
кеңесе  отырып 
қол  сермеу  бағытында  партитураны  меңгеру  қажет.  М узыкалық 
образды  көрсету  үш ін  қол  сермеу  формаларын  іздестіріп,  шығарманың  күрделі 
түрлерін  техникалық  басқарудың тәсілдерін  табуы  тиіс.  Студенттердің  дирижерлық 
орындаушылыққа деген  ынтасы  оның  мәнін  әртүрлі  түсінуі  өздік жұмыстың  әртүрлі 
формалары  мен  әдістерін  тиімді  қолдануға  итермелейді.  Студент  оқытушымен 
бірлесе  отырып дирижерлық техниканы,  яғни  қол  сермеудіңсипаттамалық  формасын 
және  оларды  орындаудың  тәсілін,  қолды  сермеудің  әртүрлі  жағдайда  болуын, 
дирижерлық мәнерін және т.б.  дирижерлықорындаудың ш еберлігін  меңгереді.
Біздің  пікірімізше,  өзіндік  жұмыста  орындаушылықты  басқарудың  барлық 
формаларын,  қол  сермеудің  бүкіл  түрлерін  қолдануға  болады.  М ұның  бәрі 
дирижердың  техникасын  байытады,  өзінің  орындаушылыққа  қатысты  ойларын 
орындаушыларға 
жарқын 
түрде 
жеткізуге 
көмектеседі. 
Студент 
ең 
алдыменкөркемдік  -   мәнерлі  дирижерлық  жасағанда  орындаушыларға  өзінің 
ұмтылыстарын  сенімді  түрде  бере  алады.  Орындаушылар  құрғақ  тактілік  қол 
сермеуге  қарағаңда  дирижердың  мәнерлі  қол  сермеуінен,  оның  ұмтылысын  жақсырақ 
түсінеді.  Жас  дирижер  өзінің техникасының мүмкіндігін  барынша  дамытып  қана  қоймай, 
сонымен  бірге  өзінің қабілеттерін  де  дамытып  отыруы  қажет.  Ол  үшін  барынша  мәнерлі 
дирижерлық әрекет жасауға ұмтылыс жасаганы абзал.
Ең  алдымен  оқыту  мақсаттарын  көздейтін  өзіндік  жұмыста  сараң  қол  сермеу 
ұсынылмайды,  керісінше  дирижерлық  ш еберліктің  қыр-сырын  меңгеріп  жатқан 
студент  орындаудың бүкіл  детальдарын және  нәзіктігін қол  сермеу  арқылы барынша 
толық көрсетуге тырысуы тиіс.
Өзіндік  жұмыста  орындаушылық  және  ерекше  дирижерлық  дағдыларды  жан- 
ж ақты   дамытуда,  студент  міндеттерді  барынша  күрделендіре  түсу  керек.  Студент 
музыкалық  фразаның  бүкіл  элементтерін  жарқын  беру  үш інмануалдық  құралдарды 
іздесе,  сонда  ол  оның  мазмұнын  терең  түсініп,  оған  тән  ерекшеліктерді  байқайтын 
болады.  М узыкалық  материалға  осындай  қарым-қатынас  жасағанда  ғана  дирижер 
орындауды әсерлі қыла алады  [4, 
8
 б.].
Өзіндік жұмыстың  бастапқы  кезеңінде  студент  дирижерлық  өнерді  меңгеруде 
қол сермеудің барынша жарқындығына,  орындылығына назар аударып,  оның қиялын 
ш ектейтін және  орындаушылық ұсыныстарын жеткізуге  кесел келтіретін шарттармен 
өзін шектемеу қажет.
Практикалық  жеке  сабақтағы  студенттің  өзіндік  жұмысы  -  бұл  оқыту 
үдерісіндегі  жекелік,  өздігінен  білімді  меңгеру  түрі  болып  табылады.  Кредиттік 
оқыту  жүйесінде  дәріс  беруді  ұйымдастыруда  зерттеу  мынадай  қорытынды  жасауға 
мұмкіндік  берді:  оқыту  үдерісінде  қолданатын  дәрістің  кез  келген  түрінде 
оқытушылар  мен  студенттердің  арасында  өзара  белсенді  қарым  -  қатынас  әдісін 
қолданса,  өзіндік жұмыстың тиімділігі  арта түседі;  әртүрлі дәріс кезіндегі студенттің 
өзіндік  жұмысының  тұқ  етері  -  аз  уақыт  ішінде  жаңа  тақырыпты  студентке  сапалы 
меңгерту  болып  табылады.  Ол  үш ін  дәріс  оқитын  оқытушы  бірінші  курстан  бастап 
сабақтарда  дәріс  жадығаттарын  тез  меңгертуге  көмектесетін  әдіс-тәсілдердің  жүйесіне 
үйретеді:  тірек-сызба  жасау,  кілт  сөздерді  бөліп  шығару,  қысқаша  аннотация  немесе 
тұжырымдама  жазу,  жадығаттардың  тезисін  даярлау.  Қорыта  келгенде,  әртүрлі  дәрістің 
сипаты  оқытушылар  мен  студенттерді  өзара  белсенді  қарым  -қат^інасқа  қоятын  тиімді 
әдіс  - тәсілдерді қолданып,  іске асыру деп айтуға болады.
200

БҚМУ  Ноборшы  № 4 - 2 0 1 6ж.
Дәстүрлі  музыкалық  өнер  мамандықтарына  арналған  пәндер  бойынша 
студенттердің  оқыту  үдерісі  кезіндегі  өзіндік  жұмыс  түрлерінің  мақсаты,  міндеті, 
қызметі,  қолданылатын  әдіс-тәсілдері  теориялық  тұрғыдан талданып,  оны  әртүрлі  окыту 
формаларында  жүзеге  асыру  ұсынылды.  Теориялык  талдау  арқылы  студенттің  өзіндік 
жұмысының  бағыттары  анықталып,  кредиттік  окыту  жүйесіне  негізделген  аудиториялық 
және аудиториядан тыс өзіндік жұмыс түрлерінің мазмұны айқындалды.
Дәріс  барысындағы  студенттің  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыру  арқылы 
қалыптасатын  білімі,  іскерлігіне  және  дағдысына  талдау  жасалынып,  дәрістегі 
оқытушы  мен  студенттің,  студент  пен  студенттің  субъект-субъектілік  өзара  қарым- 
қатынасын  жүзеге  асыратын  белсенді  оқыту  түрлері  қолданылды;  практикалық 
сабақта 
студенттің  жүзеге 
асыратын 
өзіндік  жұмыс 
түрлері 
айқындалды; 
Студенттердің  өзіндік жұмыс  тапсырмаларын  орындауда  оқу  жадығаттарымен жұмыс 
жасаудағы  өзіндік  жұмыстарға  негізделген  әдіс-тәсілдері  таңдалынады.  Педагогикалык 
әдебиеттерді  карастыру  аркылы  «студенттің  өзіндік жұмысы»,  «дәрістегі  өзіндік жұмыс», 
«аудиториядан  тыс  орындалатын  өзіндік  жұмыс»  ұғымдары  дирижерлік  мамандыкка 
байланысты толыктырылды.
Болаш ак  дирижердың  әрекетінің  ерекшелігіне  карай  өзіндік  жұмысын 
ұйымдастырудың 
мотивациялык, 
мазмұндык, 
іс-әрекеттік, 
бағалаушылык 
компоненттер  негізінде  өлшемдері  мен  көрсеткіштері,  деңгейлерін  арнайы  карастырудың 
кажеттілігі бар.Жоғары оку орындарыньщ студенттеріне өзіндік жұмысты ұйымдастыруда 
окытушы  мен  студеңIтердің  өзара  белсенді  окыту  әдістері  тиімді  нәтиже  береді  деп 
танылып,  барлык окыту формаларында  колдану кажеттігі айкындалды.
Ж оғары оку орнында колданылатын кредиттік окыту жүйесінде дирижерларды 
дайындау  ерекшелігіне  сәйкесті  өзіндік  жұмыстарды  ұйымдастыру,  оны  әртүрлі 
окыту  формаларында  тиімді  колдану  аркылы  болашак  дирижерларды  дайындаудың 
сапасын арттыруға болатындығын практикалык жұмыстыңнәтижесі көрсетті.
Әдебиеттер:
1.Петровский А.В.  Общая психология.  -  М.,  2007.  -  300 с.
2.Вуд Г.  О дирижировании.  -  М.,  1998.  -  88 с.
3.Мусин И.  О воспитании дирижера.  -  М.: Музыка,  1987.  -  247 с.
4.Гевич  С.Н.  Некоторые  вопросы  самостоятельной  работы  студентов  по 
хоровомудирижированию.  -  Алма-Ата: Кітап,  1990.  -  80 с.
5.Хамиди  Л.,  Тастанов  Х.,  Дирижерлық  негіздері.  -   Алма-Ата:  «Өнер» 
баспасы,  1980.  -  231  б.
А л и м б аев а Г .Б .
Организация самостоятельной работы будущих дирижеров
В 
статье 
рассматривается 
теория 
и 
методика 
организации 
самостоятельной работы будущих дирижеров в учебном процессе высшего учебного 
заведения.
Ключевые  слова:  Высшее  учебное  заведение,  студенты,  учебный  процесс, 
дирижер,  техника дирижирования,  самостоятельная работа.
A lim bayeva G.B.
Organisation o f  independent work offuture dirizhers
This article reviews theory and methodic o f independent work organization offuture 
dirizhers in studying process o f acdemy.
Key  words:  Academy,  students,  study  process,  dirizher,  technic  o f  dirizher, 
independent work.
201


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет