ak.alma@ mail.ru
И Л А Н Д Ы Р У Д Ы Ң Ә М Б Е Б А П Ж Ә Н Е Ж А Ғ Д А Я Т Т Ы Қ Ә Д ІС Т Е Р І
Аңдатпа. Адамды иландыруга әсер ету әдістерінің щатарында дәйектілік
теориясы тәжірибеге, щагидаттарга, дәстүрге, интуицияга, талгамга т.б. негізделеді.
Иландыруды щалыттастырушы және өзгертуші тәсілдер түрліше болыт келеді. Олардың
жұмсалуы нащты білім аясына, аудиторияга, әлеуметтік топтарга, тұтастай щогамга,
оны щолданушы мәдениеттің өзіндік ерекшелігіне де байланысты.
Адам тіршілігінің тарихи сипаты бойынша адам өзінің өмірлік мәселелерін
әмбебеп дәйектерге емес, уащыт пен ортага байланысты жагдаяттыщ дәйектерге
щарай шешеді деп болжанады. Мораль, дін, щұщыщ және өзге де маңызды әлеуметтік
институттар айтылган жагдаяттыщ дәйектемелерге сүйенеді.
Тірек сөздер: Әмбебап, жагдаяттыщ әдістер; дәйектеме; дәстүр; бедел;
сергек ой; интуиция; сенім; талгам.
223
БҚМУ Х абарш ы № 4 - 2 0 1 6 ж .
Иландыруды калыптастырушы жэне өзгертуші тэсілдер түрліш е болып келеді.
Әмбебап эдістерге - үстірт жэне астырт (теориялык) дэйектер, ал жағдаяттык эдістер
катарына дэстүрге, дұрыс ойлауға, талғамға негізделген дэйектер жатады.
Теориялык дэйектілік тэсілдері эр түрлі жэне эр текті. Біз олардың кейбіреуін
ғана карастырамыз. Теориялык негіздемені растаудың аса маңызды тэсілдерінің бірі
кабылданған акикаттан шығатын дэлелдеу болып табылады.
Сэйкестік ш арты бойынша негізделген растама сол саладағы жалпы
ережелермен, кағидалармен, тұжырымдамалармен жэне т.б. сэйкестік табуы керек. Жаңа
білім бұрыннан айтылып келген теорияға баскаша карауға түрткі болуы немесе бұрынғы
білімді өзгертуте себепші болуы мүмкін. Қабылданған теориямен келісу ескі теорияның
беделін сактауға кызмет етпей, акикатты іздеуге ұмтылса, акылға конады.
Егер сэйкестік шартын ешбір өзгеріссіз тұракты деп карасак, онда ғылымның
каркынды даму мүмкіндігі болмас еді. Даму тек жаңа кұбылыстарға бастама болар
заңдардың ашылуы нэтижесінде ғана мүмкін болар еді. Ал бұндай жағдайда бұрын
калыптаскан ережелерді кайта карастыру мүмкіндігі шектеледі. Алайда бұндай бағыт
ғылымды дамуға бастайды деу киын.
Ж аңа ереже жаксы мансұкталған теориялармен ғана емес, белгілі бір жалпы
кағидалармен де үйлестік табуы кажет. Бұлардың катарында карапайымдык жэне
дағдылылык (консерватизм) теорияларын атауға болады.
Қарапайымдык кағидасы жаратылыстану ғылымының калыптасу тарихын
түгел камтиды. Барлык жаратылыстану зерттеулерінде бұл кағида жетекші рөл
аткарып келеді. И.Нью тон кұбылыстарды түсіндіруде олардың себептерін «шектен
тыс күрделендіріп алмау» деген ерекше талапты естен ш ығармауды ескерткен.
Бұндағы карапайымдыкты, мэселен, окытуды жеңіл жолмен үйретіп, түсіндіру деп
кабылдаған жөн.
Дағдылылык кағидасы өзін-өзі актай алмайтын жаңалыктардан аулак болып,
оның каншалыкты мүмкін екендігіне назар аудару, жаңа кұбылыстарды белгілі
заңдардың негізінде ғана түсіндіру болып табылады.
Теориялык дэйектеудің тағы бір тэсілі - растау, дэлелдеу. Растау мен
дэлелдеуге мойынсұнбайтын ереже сынауға да лайык емес, одан кейінгі зерттеулерге
де ж ол сілтей алмайды.
Кез-келген негіздеме жүйелілік сипатта болып келеді. Өзге ережелер жүйесіне жаңа
ереженің косылуы негіздемеге косылған тағы бір кадам деуге болады.
Түсіндіру мен түсіну адам ойлауына тэн эмбебап эрекет болып табылады.
Түсіндіру - бұл деректің немесе окиғаның негізінен шыккан акпаратты талдау.
Ғылыми түсіндірудің барынша дамыған формасы - теориялык заңдар негізінде
түсіндіру. Біздің күнделікті түсіндірулеріміз де заңдарға сүйенеді, алайда тым
карапайым болғандыктан, біз оған барлык уакытта мэн бере бермейміз. Әлденені
түсіндіру - бұл белгілі заңды корыту. Түсіндірудің тереңдігі сол теорияның
тереңдігімен аныкталады.
Ойлаудың келесі эрекеті - түсіну. Ол жаңа мазмұнды меңгерумен, оны
калыптаскан идеялардың жүйесіне енгізумен байланысты.
Бір кездері тек мэтінді ғана түсінуге болады, өйткені ол белгілі бір мазмұнға
кұрылған, түсіну деген мэтінге автор енгізген жайдың мэнісін түсіну деп кабылданып
келді. Бұл, эрине, тар аукымдағы түсінік. Түсіну тек ж азылған мен айтылғанды ғана
түсіну емес, адамның эрекет-кылыктарын, кобалжуын да түсінуге болады. Адамның
кылыктары түсінікті ж эне түсініксіз сипатта болады да, ойлануды, талкылауды кажет
етеді. Өлі табиғатты да түсінуге болады: оның кұбылыстарының катарында ғылымға
түсініксіз кұбылыстар да кездеседі. Сондыктан түсіну білімнен де артык.
Түсінік - эмбебап эрекет. Ол да түсіндіру тэрізді жаратылыстану һэм коғамдык
ғылымдардың барлығына тэн болып табылады. Табиғи жэне рухани дүниелерді
түсінудің адам үш ін кұны бірдей емес. Л.Н. Толстой «...адамға тэн басты сезім - өзге
224
БҚМУ Ноборшы № 4 - 2 0 1 6ж.
адамдардың өмірін түсіну. Бүны үйренбеген адам «жануарға», ж ай жануарға емес,
коркынышты айуанға айналады» деген [1, c. 120].
Түсінудің жаксы үлгісін, әсіресе адам ойы мен әрекетін калыптастыратын -
көркем әдебиет. Егер көркем ш ығарма авторы өз кейіпкерінің мш ез-к^лкын өз
киялындағы сызбаға сай түсіндіріп бере алса, онда кейіпкер автордың өзіне ғана
емес, окырмандарға да түсінікті болып шығады. Олай болса, түсінуді белгілі бір үлгі,
стандарт және ережелер негізінде берілген баға деп кабылдаған жөн.
Адамның кылығынан, жеке психологиялык калпынан бастап мәтіндерге, тіпті
өлі табиғатка тән күбылыстарға дейін бәрін түсінуге болады. Түсіндіруде әлденені
ж алпы акикаттан корытып шығарамыз, ал түсінуде әлденені кабылданған жалпы
күндылыктардан шығарамыз.
Тәжірибе мен кисынға негізделген иландырудың әмбебап тәсілдері кез-келген
аудиторияда кабылданады. Әмбебап дәйектеме иландырудың баска тәсілдерін жокка
шығармайды. Яғни әмбебап тәсілдермен катар әмбебап емес, жағдаяттык дәйектеме
де кеңінен колданылады. Дәйектеменің бүл түрі кейбір аудиторияда ғана тиімді.
Дәйектеудің әмбебап емес тәсілдеріне дәстүрге, беделге, интуицияға, дінге, акылға,
талғамға сүйенетін иландырулар жатады.
А талған тәсілдер жағдаяттык болып табылады: сол айтылғанға сенетін,
мәртебені немесе дәстүрді мойындайтындар үш ін нанымды, сенімді болып,
көпшілікті иландыруга кызмет етеді. Керісінше, бүл айтылгандардан баска күнд^іл^іктарға
сеніп, мәртебе мен дәстүрді колдамайтын, баска тәрбиедегі жандарды иландыра алмайды.
Бүл жағдайда иландыру тәсілдері тиімсіз болып табылады.
Интуицияға, бедел мен мәртебеге, сенімге т.б. бағытталған жағдаяттык
дәйектеме, бірінші, «тілегі бір», көзкарасы түйіскен аудиторияда, екінші, күнделікті
карым-катынаста кеңінен колданылады. Сонымен катар коғамдык ғылымдарда да
жағдаяттык дәйектеме колдау тауып жатады.
Адам кашанда накты жағдаяттан тыс бола алмайды. Ол белгілі бір уакытта,
белгілі бір елде өмір сүреді, өзі өмір сүріп жаткан коғамның калыптаскан
кағидаларымен санасып, соған иланады, көптің сенгеніне ол да сенеді. Адам
тірш ілігінің тарихи сипаты бойынша: «Адам өзінің өмірлік мәселелерін әмбебеп
дәйектерге емес, уакыт пен ортаға байланысты жағдаяттык дәйектерге карай
шешеді» деп болжанады. Мораль, дін, күкык және өзге де маңызды әлеуметтік
институттар айтылған жағдаяттык дәйектемелерге сүйенеді.
Дәстүр
Барлык жағдаяттык дәйектемелердің ішіндегі колданыска барынша икемдісі
әрі неғүрлым маңыздысы дәстүрге негізделген дәйек болып саналады. Ш ын
мәнісінде барлык жағдаяттык дәйектемелер астарлы түрде дәстүрге сүйенеді. Әлде
бір нәрсені мәртебе түту, интуиция, сенім, акыл, талғам т.б. тарихи дәстүрге сай
калыптасады әрі одан тыс бола алмайды.
Дәстүр екіжакты, сипаттамалы-бағалауыштык сипатка ие. Бір жағынан,
коғамның өткенін білдірсе, екінші жағынан, үрпактың келеш егін болжайды.
Дәстүрлер адамды үрпактар сабактастығындағы «көшке» жауапты етеді, адамның
тарихи уакыттағы орнын айкындап, оған өткен мен келешекті жалғастырушы
«бүгіннің иесі» ретінде жауапкерш ілік жүктейді. Мысалы:
Сонда Текебай сонадайдан аттан түсіп, Қабылбектің касына келіп:
-
Менің күшігім сазан қарап шәуілдесе керек, Қабылбай. Айыбын көтергелі
келдім алдыңа. Кешіремісің, сірә! - депті.
М ына сөзден Қабылбектің кабырғасы сөгіліп, калбалактап атынан аунап
түседі: -
О, текті би Текебай! Сенің балаңның айыбынан менің айыбым асып кетті
білем. Аза болсаң да, сені мен аттан түспей тыңдаппын-ау. Сен кешіремісің мені?
(Б. Момышүлы).
Дәстүршілдік пен дәстүрге карсылык - дәстүр туралы түсініктің екі түрлі
кағидасы. Дәстүрш ілдік иландырудан шығады. Ол мынаған нагізделеді: тәжірибелік
225
БҚМУ Набарш ы № 4 - 2 0 1 6 ж .
ақыл жазылған ережелерден емес, іс-әрекеттен байқалады, сол себепті дәстүр ақылдан да
жоғары қойылған. Яғни ақылдың өзі дәстүрді мойындайды.
Ал дэстүрге қарсылық керісшше, ақыдды ғана мойындац дэстүрге мойынсұнбайды
Дәстүр мен ақылдың қарама-қарсылығы мынадан туындайды: дәстүр ақылдан
тыс қалыптаспайды, ақылдың қатысуымен қалыптасады, ал ақылдың өзі адамға тән
рационалдық дәстүрдің ж алғасы әрі дамуы болып табылады.
Қандай да бір ережелерге қолдау табу үш ін дәстүрге сүйену - бұл дәстүрді
сыйлайтын, оны ақылмен қатар қабылдайтын қоғамда қалыптасқан тәсіл. Қоғам мен
қатаң құрылымдағы қауымдар үш ін дәстүрден дәйек келтіру барынша салмақты, әрі
иландырып, әлденеге көз жеткізуде өте тиімді.
Дәстүрге бағыну - мораль үш ін де дәйектеменің әдеттегі тәсілі. Біздің
үрдістеріміз бен әрекеттеріміз белгілі бір дәрежеде дәстүр арқылы анықталады.
Беделді дәйек ету -пайы мдаулары мен немесе қылықтарымен осы салада өзін
дәлелдеген тұлғаның пікіріне немесе әрекетіне сүйену.
Дәстүр авторсыз, стихиялы түрде қалыптасса, бедел-мәртебе нақты бір
адамдікі болып табылады. Әлдекімнің айтқанына сүйеніп, үлгі ету таным мен
қызметтің
барлық
салаларында
ұшырасады.
Зерттеушілер
пайдаланатын
кітапханалар - білімнің әр саласындағы бедел-мәртебелер пікірінің жиынтығы. Адам
қызметімен байланысты тарихты, этиканы, эстетиканы т.б. оқыту әрі белгілі бір
идеалдарды құрметтеуге тәрбиелеу болып саналады.
Әлдекімнің мәртебесін пір тұту ұжымдық ортада кеңінен тараған. Онда белгілі
бір дәстүрлерді ұстанып қана қоймай, сонымен қатар көбіне көпш ілік мойындаған
адамдардың пікіріне де құлақ асады.
Догматизмнің мәні өзгеріссіз, «қатып қалған» доктринадан нақты өмірге,
практикаға ұмтылуында, кері бағытты мойындамауында. Догматик өзінің қалыпты
идеясының нақты жағдаймен сәйкессіздігін түсінуге қабілетсіз болып келеді. Оның
үлкен қателігі - сонда. Ол қажет болған ж ағдайда алданышпен өмір сүруге де
икемделгісі келмейді.
Догматизмнің ж алғасы - беделді адамша ойлау. Ол догматизмді күшейтіп,
нақтылай түседі, мәртебелі адамдардың айтқанын одан әрі таңа береді. Сөйте-сөйте
олар ешқашан қателеспейтін «кумирлерге» айналады.
Өзінен бұрынғыларға сүйенбей, тек өз айтқанымен ойлау мүлде болмайды.
Қандай да бір ойлау белгілі, айқын немесе айқын емес, талданған не талдаусыз-ақ
қабылданатын болжамдардан туады не болмаса бұрынғы тәжірибеге сүйенеді. Бірақ
теориялық ойлау мен мәртебеге сүйеніп ойлау бір емес. Соңғысы жанкешті зерттеу
мен сан мәрте ойланудың орнына қиналмай, оны «әлдекімнің айтқанымен»
оңайлатып шешу болып шығады.
Егер ең негізгі деген ой «беделді» адамға тиесілі болса, оны жалғастыруш ының
үлесіне тек талдау мен түсіндіру ғана тиеді. Біреудің айтқанына сүйенген ойлау
ешбір ш ығармаш ылық импульссіз болуымен қатар жаңалық та аша алмайды.
Беделге,
біреудің
айтқанына,
жазғанына
сүйену
негіздеудің
әмбебап
тәсілдеріне жатпайды. М әртебе мен беделдің керегі де бар, әсіресе, теориялық салаға
аса қажет. Өйткені жеке адамның мүмкіндігі шектеулі, барлық айтылғанды талдап,
тексеріп ш ыға алмайды. Сондай ж ағдайда адам біреудің пікірі мен пайымдауына
сүйенуге мәжбүр болады. Ал сүйенудегі мақсат не? «Оны мына автор айтқан» деу
үш ін емес, айтылған пікір дұрыс болғандықтан керек. Әлдебір беделдінің айтқаны
әрқаш ан дұрыс деген «соқыр сенім» сыни ойлауды қажет ететін ақиқат шындықпен
сәйкес келмейді. Б.Паскаль айтқандай: «Ничто так не согласно с разумом, как его
недоверие к себе».
Адам жалғыз өмір сүре алмайтыны сияқты, ж алғы з ойлай да алмайды. Ол
ойлау кеңістігінде де қоғамдық тірш ілік иесі болып табылады. Әрбір тұлғаның ой-
пікірі - ол әлдекімдердің ашқан жаңалығы не тәжірибесі. Олардың қайсысы сыни
226
БҚМУ Х абарш ы № 4 - 2 0 1 6 ж .
ойлаудан туғанын, ал кайсысы біреудің айтып, жазғанына сенуден шыкканын
ажырату киынға соғады.
Американдык кэсіпкер эрі өндіріс ұйымдастыруш ысы Г. Ф орд мынаны
аңғарыпты: «Көптеген адамдар үш ін ойланудың кажеттілігі жазаның бір түрі болып
табылады». Әрине, бұнымен барлығы келіспес, дегенмен, өз бетінше шешім
кабылдап киналғаннан гөрі біреудің айтканына арка сүйеуді оңай көретіндер де бар.
Ағыска карсы ескек ескеннен гөрі ағыспен жүзген элдекайда оңай. Оған өзгерпей, өз
түпнұскасында мына мысалды келтіруге болады:
«Некий дофин Франции никак не мог понять из объяснений своего
преподавателя, почему сумма углов треугольника равна двум прямым углам. Наконец
преподаватель воскликнул: «Я клянусь Вам, Ваше высочество, что она им равна!» - «Почему
же Вы мне сразу не объяснили столь убедительно?» - спросил дофин» [2, c. 35].
Бір акын айтыпты: «Біз бэріміз де жалкаумыз, немкұрайлымыз». Оның
астарында өз бетінше ойлағысы келмеу де жаткан секілді. Г еометриялык дэлелдеуге
емес, антка сеніп, иланған дофиннің жағдайы сол айтылған «жалкаулык пен
немкұрайлылыктың» дэлелі, екінші жағынан беделге сүйену.
Ак-карасына карамай, басылым бетінде жазылған сөзге сену де бедел мен
мэртебені пір тұтудан шығады. Бұл - көпшілікке тэн сипат. Басылды ма, демек, рас
болғаны. Ж арнамадағы тауарларды көпш ілік көбіне осылай тұтынып жүр. Баспасөзге
үнемі илана бермеу үшін де сын кажет.
Бедел мен мэртебе - өте күрделі мэселе, оның кырлары көп. Біз оның бір
жағын ғана камтыдык: барынша беделді болып саналатын пікірлерге сүйеніп, оларды
ж аңа ережелерді негіздеу максаты үшін пайдалану.
Сергек ой
Адам эрекеттеріне жетекш і болып табылатын тэж ірибелік білім - білімнің өз
бетінше, ерекше бір типі; ол накты жағдаятка бағытталған. Өмір белгілі бір
теориялык бастаулар мен жалпы кағидаттарға кұрылмайды, ол накты жэне оған
сергек оймен бағаланатын накты білім ғана жетекші болады.
Сергек ой негізінде
білім
болып саналмайды.
Ол,
дұрысы,
білімді
жинактаудың тэсілі. Ол адамға ғылымның, философияның немесе кандай да бір
ж алпы принциптердің эсерімен сіңбейді, сергек ойдың эсерімен калыптасады. Сол
себепті ол адамны ң моральдік ж эне тарихи калыптасуын зерттеумен айналысатын
коғамдык ғылымдар саласындағы ғалымдарға кажет.
Сергек ой жалпы, тэжірибелік істерге косымша бола алады. О ның көмегімен
адамды сендіре алатын үлгілерге карап талдау жасауға болады. Сондыктан ол үш ін
өмір тарихы мен тэжірибе аса маңызды. Сергек ойға үйретіп шығару мүмкін емес, оны
дамыту үшін тек жаттығу кажет. Ол екіжакты, сипаттамалык-багалауыштык сипатка ие: бір
жағынан, бұрынғыға сүйенсе, екінші жағынан, келешекгің жобасы бола алады.
Қоғамдык өмір өзгерсе, сергек ой да өзгереді. М эселен, көне дэуірде түс
эдеттегі адамға оның жанының маңызды бір көрінісі, болашакты болжаудың
материалы болған. Ағарту дэуірінде түс рас болуы да мүмкін деген идея күлкілі
болып калды. Кейінірек адам мінезі мен түс көру арасында тығыз байланыс бар деп
айтыла бастады: себебі түсте мінез байкалады, өңінде ашылмайтын кырлар мэлім
болады; түсте адам эрекеттерінің ж асырын уэждері мойындалады, сондыктан түсті
жору аркылы адамның болашағын аныктауға болады.
Сергек ой ең алдымен элеуметтік өмірге катысты болғанмен, табиғаты
жағынан эмбебап. Себебі кез-келген кызмет, оның нэтижелері туралы талкылауға
бейім, оған теориялык деректер мен тұжырымдарды коса талдайды. Алайда накты
теориялык салада дана акылш ы бола алмайтыны рас. Өйткені ол өмірлік тэжірибеге
сүйенеді. Сергек ойға сүйену коғамдык ғылымдарда жиі ұшырасады, тарихи
дэстүрмен,
оны
түсінумен,
жалғастырумен
сабактасып
жатады.
Керісінше
жаратылыстану ғылымдарына тэн емес.
227
БҚМУ Ноборшы № 4 - 2 0 1 6ж.
Интуиция
Интуиция ешбір пайымдау мен дәлелдеуді кажет етпейтін, акикатпен тығыз
байланысты үғым. Кездейсоктык, адам сенгісіз жағдай, оған карай бастайтын
жолдың түсініксіздігі - интуицияның басты ерекшеліктері.
Интуиция
танымда
ерекше
рөл
аткарады.
Ғылым
мен
көркем
шығармаш ылыктың және әлемді танудың үдерісі ашык түрде жүзеге аса бермейді.
Көбіне адам кандай да бір күрделі жағдаятты оның үсак-түйек детальдарымен
кабылдамайды, тіпті оған көңіл аудармауы да мүмкін. Әсіресе бүл әскери
шайкастарда, диагноз коюда, кінәлы не кінәсыз деп шешім кабылдауда жиі
үшырасады.
Алайда интуиция «акикатты тікелей тану» ретінде акылсыздык немесе шектен
тыс акылдылык болып табылмайды. Ол сезім мен ойды бакыламайды да, танымның
ерекше тәсілі де бола алмайды. Оның ерекшелігі мынада: ойлау үдерісінің жеке
бөліктері санадан тыс жүреді, соңында ойдың корытындысы кездейсок ашылған
акикат түрінде байкалады.
Ежелден бергі үрдіс бойынша интуицияны логикаға карсы кою калыптаскан.
Тіпті катаң дәлелдеу үстемдік күрған математиканың өзінде интуиция логикадан
жоғары
койылады.
Философ
А.
Ш опенгауэрдің
айтуы
бойынша:
«Чтобы
усовершенствовать метод в математике, необходимо прежде всего решительно
отказаться от предрассудка - веры в то, будто доказанная истина превыше
интуитивного знания». Демек, оның айтуы бойынша, интуитивті білім дәлелденген
акикаттан да артык. Б. Паскаль «геометриялык рух» пен «байкампаздык рухының»
айырмаш ылығын былай түсіндіреді: алғаш кысы акылдың күші мен туралығын
білдіріп, темірдей катты логикадан байкалса, екіншісі тереңірек көруге кабілетті,
даналыкка жакын, акылдың кеңдігін білдіреді. Паскаль үш ін тіпті ғылымдағы
«байкампаздык рухы» логикаға тәуелсіз әрі сөзсіз одан жоғары түрады. Ертеректе
кейбір математиктер интуитивті иландыру логикадан да асып түседі, мәселен, күннің
көз аштырмайтын ж арығы ай сәулесін көмкеріп алатыны секілді деген.
Осы айтылғандарды електен өткізсек, әрине, катаң дәлелдеу интуициядан
озып, алға түседі. Акикатка жакыны - А. Пуанкаренің пікірі. Яғни, логика мен
интуицияның екеуін де жокка ш ығара алмаймыз. Алғашкысы - дәйек, дәлелдеудің
күралы болса, кейінгісі өнерпаздыктың күралы болып табылады. Түсімкгі болу үшш
автордың өз сөзін өзгертпей беруді жөн көрдік: «Логика и интуиция играют каждая свою
необходимую роль. Обе они неизбежны. Логика, которая одна может дать достоверность,
есть орудие доказательства; интуиция есть орудие изобретательства» [2, с. 337].
Сенім
Сенім - бүл әлдебір ереженің немесе түжырымдаманың әділдігіне көз жеткізу
үш ін терең, шынайы, эмоцияға канык етіп иландыру.
Интуиция секілді сенім де субъективті. Бір кездерде жамағаттың түгелдей
сенгені уакыт өте келе аңғал түсінік болып кала берді. Сенім акылды ғана емес,
эмоцияны да козғайды; жаныңды баурап алады; интеллектуалды иландыруды ғана
емес, психологиялык бейімділікті де білдіреді.
Сенім күмәнға карама-карсы және білімнен жоғары. Егер адам кандай да бір
растауға сенсе, ол оны акикаттай көреді, оны талкылағысы да келмейді.
Сенімге дәйек - өз ережесінің әділ екеніне сенімді болып, соған иек арту.
Кезінде діни сенімді акылға карсы кою аркылы сенімге түсінік берілген. Логикаға
сыйымсыз, кисынсыз нәрсені сенім ғана кабылдай алады, яғни, логикаға сыймаған
нәрсе сенімнің аясына сыяды.
Талзам
Талғамға дәйек келтіру - бүл аудиторияға тән талғамға иек арту, соның
көмегімен кандай да бір ережені түсінуге жол ашу.
228
БҚМУ Набарш ы № 4 - 2 0 1 6 ж .
Талғам туралы түсінікгің сергек ой туралы түсінікпен салыстырғанда ауқымы тар
келеді. Талғам қандай да бір заттың кемелдігіне қатысты әрі пайымдауға емес, тікелей сезімге
негізделеді. И. Кант талғамнан иландыру қабілетінің негіздерін байқаған.
Ж ақсы талғам өзіне сенімді, ол қабылдайды не қабылдамайды, өзгелерге
жалтақтамайды, негіздемені қажет етпейді. Ж ақсы талғамға қарама-қарсылық - бұл
талғамсыздық. Ж ақсы талғамды талғамсыздар түсінбейді.
«Талғамға талас жоқ» деген пікір кеңінен таралған. Канттың айтуы бойынша,
талғам саласында айтыс емес, талас болуы мүмкін. Эстетика мен көркем сын
осындай таластардан тұрады.
Талғамның пайымы бағалау болып табылады, оның кемелдену дәрежесін
білдіреді.
Баға жөнінде талас тууы мүмкін. Алайда ол жеңіске ғана негізделіп,
анығында дәйексіз болып та жатады.
Талғамның қоғамдық мәні сәнге келіп тіреледі. Сән заттардың тез өзгеруімен
байланысты, талғамның шегінен асып, мінез-құлықтық сипат алады. Қоғамдық
қызметтің пішіні бола отырып, сән қоғамдық тәуелділікке ұласады. Канттың
айтуынша, сәнге қарсы болғаннан гөрі сәнқой кеңкелес болған дұрыс екен. Алайда
сәнді тым жақын қабылдау дұрыс емес.
Талғам ережеге, түсінікке қарай бастамайды және үлгілердің жиынтығы болып
та есептелмейді. Талғам дәлелдеуді қажет етпейді, оны сезу керек.
Қорыта келгенде, илануды өзгерту тәсілдерін зерттеудің маңыздылығы бәрінен
бұрын адамның өз бойындағы сеніммен байланысты. Ал илануды өзгерту алдымен
адамның мшез-құлқының өзгеруіне байланысты болып келеді. Сенімді өзгерту тәсілдері
іштей әрбір адамға белгілі. Кез-келген қарым-қатынас үдерісі осындай тәсілдерді қолданудың
негізінде құрылады, бұнсыз ол тиімді бола алмайды.
Иландыруды өзгерту тәсілдерін зерттеумен дәйектілік теориясы айналысады.
Ол ғылымдар қатарынан құралған кешенді пән болып табылады. Бұл ғылымдардың
қатарында философия мен логика, бұқаралық коммуникация теориясы, әлеуметтану,
тіл білімі, психология т.б. бар.
Ә дебиеттер:
1. Об ораторском искусстве. - М., 1973. - 230 с.
2. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. - М.: Искусство, 1986. - 502 с.
***
А л т а е в а А.К.
Универсальные и контекстуальные методы убеждения
Среди способов воздействия на убеждения людей теория аргументации
выделяет ссылки на опыт, на более общие и кажущиеся достоверными принципы, на
традицию или интуицию, на здравый смысл или вкус и т.д. Приемы, с помощью
которых
могут
формироваться
и
изменяться
убеждения,
чрезвычайно
разнообразны и разнородны. Их применение зависит от конкретной области знания,
от аудитории, от социальных групп и общества в целом, от своеобразия той
культуры, в рамках которой они применяются.
Исторический характер человеческого существования предполагает, что свои
основные жизненные проблемы
человек решает, опираясь не столько на
универсальные, сколько на контекстуальные, зависящие от времени и от среды
доводы. На контекстуальной аргументации держатся в конечном счете мораль,
религия, право и другие важные социальные институты.
Ключевые слова: Универсальные, контекстуальные методы; аргументация;
традиция; авторитет; здравый смысл; интуиция; вера; вкус.
229
БҚМУ Набарш ы № 4 - 2 0 1 6 ж .
A ltayeva A.K.
Universal and contextual methods o f persuasion
Among the ways o f influencing people’s persuasions theory o f argumentation
provides references to the experience, the more common and seemingly valid principles on
tradition or intuition, common sense or taste, etc. The techniques by which to form and
change beliefs, is extremely diverse and heterogeneous. Their application depends on the
specific field o f knowledge from the classroom, social groups and society as a whole, the
uniqueness o f the culture in which they are applied.
The historical character o f human existence suggests that their major problems in
life a person decides, based not only on universal, how much fo r contextual, depending on
time and environment arguments. On a contextual argument, hold ultimately morality,
religion, law and other important social institutions.
Keywords: Universal, contextual methods; argument; tradition; authority; common
sense; intuition; faith; taste.
***
УДК 821.512.122.32.09
К р ы л о в а Л.А. - доктор педагогических наук, профессор,
Северо-Казахстанский государственный университет им. М .Козыбаева
К ад ы р о в Ж .Т . - кандидат филологических наук, и.о. профессора,
Северо-Казахстанский государственный университет им. М .Козыбаева
E-mail:
Достарыңызбен бөлісу: |