Бөж тақырып. Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі стандарттарын енгізу



бет14/31
Дата09.05.2022
өлшемі79,92 Kb.
#33350
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
БӨЖ 1

13. Құрастыру сызбасы.

 

Құрастыру сызбасы

Құрастырушы сызбалардың саны минималды болуы керек, бiрақ бұйым (құрастыру және бақылау) өндірісін тиiмдi ұйымдастыру үшiн жеткiлiктi болуы шарт . Құрастыру сызбаларында қажеттілікке байланысты бұйым жұмысы және оның құраушы бөліктерінің өзара әрекеттесу туралы мәлiметтер келтіруге болады.

Құрастыру сызбасында болуы керек:

а) құраушы бөліктердің және олардың өзара байланысы мен орналасуын және құрастыру біліктерін көрсететін , сонымен қатар бақылау мен құрастыруды жүргізуге мүмкіндік беретін құрастыру бірліктерінің кескіні. Құрастыру сызбаларда бұйымның құраушы бөлшектерінің орналасуын және қосылуын кескіндейтін қосымша схемалық кескіндерді салуға рұқсат етiледi;

б) өлшемдер, тағы басқа параметрлер құрастыру сызба мәлiметі бойынша орындалуы және  тексерілуi керек;

в) бұйымға кiретiн құраушы бөлшектердің позициялық нөмiрi;

г) бұйымның габариттi өлшемдерi;

д) орнататын, қосатын және тағы басқада қажетті анықтамалық өлшемдерi;

е) (керек болса ) бұйымдар техникалық мiнездемесi;

з) (керек болса ) масса центрiнiң координаталары.

Бұйымдардың құрастыру сызбасында (көршi ) шекаралық бұйымды және олардың өзара орналастырылуын анықтайтын өлшемдерін сыйғызып салуға рұқсат етiледi.

Құрастыру сызбасын ЕСКД стандарттарының талаптарына сәйкес жеңілдетілген түрде орындау қажет.

Құрастыру сызбалардағы келесілерді қарастырмауға рұқсат етiледi:

а) фаскалар, дөңгелектену, бунақ, қуыс, шошақтар, жаншу, керту, шырмау және тағы басқада майда элементтерді;

б) сырықпен тесік аралығында саңылаулар;

в) егер бұйымның құрама бөлiгiнiң жабулы көрсетуге керек болса, қақпақтар, қалқандар, қаптар, қалқа  тағы сол сияқтылар.

г ) бұйымдардың көрнектi құрама бөлiктерi немесе олардың тор артында  орналасқан  элементтерi, сонымен бiрге жартылай жабулы алда орналасқан элементтер;



Габарит сызбасы:

Габариттi сызбалар бұйымдарды жасау үшiн тағайындалмаған және бұйымды жасау мен құрастыруы үшiн мәлiметтері болмауы керек. Габаритті сызбада бұйым кескіні максималді жеңілдетілген түрде орындалады.

Габаритті сызбада көріністер мүмкіндігінше минималды болуы қажет, бірақ бұйымның негізгі пішіні мен түйіндері туралы маліметтер жеткілікті болуы тиіс.

Габаритті сызбада бұйым кескіні толық сызықпен, ал қозғалмалы бөлігі құраушылары мен екі нүктелі штрихпунктир сызықтармен орындалады.

Габаритті сызбада бұйымның габаритті өлшемдері, орнататын және қосатын өлшемдері келтіріледі.

Бұйымның техникалық жазбасында, техникалық шартында және басқада конструкторлық құжаттарында келтірілмесе габаритті сызбада қолдану, сақтау, тасымалдау, эксплуатациялау көрсетуге болады.

 Габариттi сызбаның ресiмдеуiне мысал 4-ші суретте көрсетiлген.

Монтаждау сызбасы:

Монтаждау сызбасында қарастырылуы керек:

монтаждалатын бұйымның кескіні;

монтаждауда қолданылатын бұйымдардың суретi сонымен бiрге бұйымға бекiнетiн (конструкция, iрге) құрылымның толық немесе жартылай суретi;

шектi ауытқулармен орнататын және бiрiктiретін өлшемдері;

бұйымды монтаждау үшiн қажеттi құрама бөліктерінің тізімі;

            бұйымды монтаждауға техникалық талаптар.

Монтаждық  сызбаларды келесілерге шығарылады:

бiр нақтылы (құрылым, объект, iрге) орында құрастырылатын бұйымдарға;

бiрнеше (құрылымдар, объекттер) әр түрлi орындарда құрастырылатын бұйымдарға.

 

Бақылау сұрақтары



 

1 Құрастыру сызбасы, оларға қойылатын талаптар

2 Габарит сызбасы, оларға қойылатын талаптар

3 Монтаждау сызбасы, оларға қойылатын талаптар

4 Құрастыру сызбасын жеңілдетіп орындау қажеттілігі

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет