Бөж тақырып. Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі стандарттарын енгізу


 Конструкторлық құжаттардың түрлері



бет4/31
Дата09.05.2022
өлшемі79,92 Kb.
#33350
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
3. Конструкторлық құжаттардың түрлері.

 

Конструкторлық құжаттарға  бұйымның құрамы мен қасиетін анықтайтын оны жобалау, дайындау, пайдалану және жөндеу барысындағы қажетті мәліметтерді қамтитын графикалық және мәтіндік құжаттар жатады :



1)             Бөлшек сызбасы – бұл бөлшекті дайындау мен бақылауға қажетті мәліметтерді қамтитын кескін, яғни құжат.

2)             Құрастыру сызбасы – бұл құрастыру бірліктері мен басқа да мәліметтерді қамтитын құжат, сондай-ақ құрастыру сызбасына гидромонтаждау мен пневмомонтаждау әрекеттерін орындайтын сызбалар  да жатады.

3)             Жалпы көрініс сызбасы – бұйымның конструкторлық ерекшелігін оның құрамдас бөліктермен өзара іс-әрекетін сондай-ақ  жұмыс істеу принципін айқындайтын құжат.

4)             Теориялы сызба – бұйымның геометриялық формасын оның құрамдас бөліктерінің координаталар орналасуын айқындайтын құжат.

5)             Габаритті сызба - /пішінді/ - бұйымның жалпы нобайын және орнатылатын қосылатын өлшемдерін көрсететін құжат.

6)             Монтаждау сызбасы – бұйымның қолданылу орнына орналастыру үшін мәліметтері бар құжат. Сондай –ақ монтаждау сызбасына бұйымды орнату  үшін арнайы әзірленген іргетастық сызбалар да кіреді.

7)   Қораптау сызбасы – бұйымды қораптау үшін қажетті мәліметі бар құжат.

8)  Схема /сұлба/- шартты белгі түрінде немесе бұйымның құрамдас бөлігінің өзара қатынасын белгілейтін сызба түрінде келтірілген құжат.

9)    Спецификация – құрастыру бірлігінің құрамын, комплекстілігін, комплектілігін айқындайтын құжат.

10)  Спецификация тізбесі -  бұйымның құрамдас бөлігінің саны мен сыйымдылығын көрсететін барлық спецификация жиынтығын құрайтын құжат.

11)         Сілтемелік құжаттар тізбесі – бұйымның конструкторлық құжаттарына сілтеме көрсетілген құжаттар жиыны бар құжат.

12)         Бұйымды сатып алу тізбесі – бұйымды әзірлеуде пайдаланылатын сатып алу тізбесін құрайтын құжат.

13)         Сатып алынған бұйымды қолдануы рұқсат тізбесі – ГОСТ 2.124 сәйкес сатып алынған бұйымдарға қолдану үшін рұқсат мәліметтерін қамтитын құжат.

14)         Техникалық ұсыныс тізбесі – техникалық ұсынысқа кіретін құжаттар жиынынан құралған құжат.

15)         Эскиздік жоба тізбесі – эскиздік жобаға кіретін құжаттар тізбесінен құралған құжат.

16)         Техникалық жоба тізбесі – бұйымның техникалық жобасына кіретін құжаттар тізбесінен құралған құжат.

17)         Түсіндірме жазба – әзірленген бұйымның әсер ету принципін жазбалайтын құжат, сондай-ақ мұнда оның техникалық әзірлеу, техника-экономикалық шешімі келтіріледі.

18)         Техникалық шарт – бұйымды әзірлеу, бақылау, қабылдау, жеткізу талаптарынан құралған құжат.

19)         Сынау әдістемесі және бағдарламасы – бұйымды сынауды сондай-ақ соны бақылауды әдістері  мен реті барысындағы техникалық мәліметтерді қамтитын құжат.

20)         Есеп – параметрлер, шамалар есептеулерінен құралған құжат.

21)         Пайдалану құжаттары – пайдалану барысындағы бұйымды пайдалану, қызмет көрсету, жөндеу мәліметтерін қамтитын құжат.

22)         Жөндеу құжаттары – арнайы кәсіпорындарда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мәліметтерді қамтитын құжат.

Конструкторлық құжаттарды әзірлеу кезеңіне байланысты келесідегідей бөлеміз:

1.      Техникалық ұсыныс

2.      Эскиздік жоба

3.      Техникалық жоба

Аталынған құжаттар топтамасын негізінен жобалық құжаттар деп атайды.

4.      Жұмысшы құжаттар

Конструкторлық құжаттарды әзірлеу тәсілдеріне байланысты келесідегідей бөлеміз:

1.    Түпнұсқа – кез келген материалда әзірленген екінші түпнұсқалы дайындау үшін тағайындалған құжат.

2.    Екінші түпнұсқа  - орнатылған тәртіпте екінші түпнұсқа ретінде кез келген интервалда рәсімделінген көп қайтара көшірме алуға мүмкіндік беретін құжат.

Екінші түпнұсқа ретінде алғашқы түпнұсқаны немесе типографиялық тәсілмен басылған екінші түпнұсқаны пайдалануға болады.

3.    Қайталау құжаты – кез келген материалда әзірленген көшірме алуға мүмкіндік беретін екінші түпнұсқаның көшірмесі.

4.    Көшірме – бұйымды жобалау, пайдалану, жөндеу барысында тікелей қолдануға тағайындалған екінші түпнұсқаның немесе қайталау құжатының көшірмесі.



Конструкторлық құжаттардың комплектілігі

Конструкторлық құжаттардың комплектілігін анықтауда келесілерді анықтап алу керек:

1.      Негізгі конструкторлық құжатты

2.      Конструкторлық құжаттың негізгі комплектілігін

3.      Конструкторлық құжаттың толық комплектілігін

Бұйымның негізгі конструкторлық құжаты бұйымның немесе оның құрамының толық және біртекті жазбаларымен ерекшеленеді.

Конструкторлық құжаттың негізгісі : болып келесілер қабылдануы мүмкін, мысалы, бөлшек үшін оның жалпы сызбасы, құрастырма бірлік үшін спецификациядағы көрсетілетін бірліктер жиынтығы.

Конструкторлық құжаттың бірыңғай жүйесі стандартына сәйкес әзірленген конструкторлық құжаттарды қолдануда бұйымның барлық параметрлерін айқындайтын мәліметтер қарастырылады. Осындай жағдайда ғана бұйымға негізгі конструкторлық құжат толық қарастырылған деп саналады.

Конструкторлық құжаттың негізгі комплектісі деп бұйымның барлық құраушыларының қамтитын / құрастыру сызбасы, принциптік сызбасы, техникалық шарты, пайдалану құжаттары және т.б./ құраушы бөлік қарастырылған конструкторлық құжаттың жиынтығын айтамыз. Құраушы бөліктердің конструкторлық құжаттары бұйымның негізгі құжаттар комплектісіне кірмейді.

Бұйымның конструкторлық құжаттарының толық комплектісі келесілерді қамтитын құжаттар: берілген бұйымның конструкторлық құжаттарының негізгі комплектісін берілген бұйымның және  оның құраушы бөліктерінің  конструкторлық құжаттарының негізгі комплектісі.

Конструкторлық құжаттардың негізгі комплектісіне конструкторлық құжат кіруі мүмкін, егерде бұл құжаттар берілген бұйымға қатысты болса.

Конструкторлық құжаттардың номенклатурасы бұйымды әзірлеу кезеңдеріне байланысты анықталынады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет